Сүтке арналған құбырлы жане пластиналы қыздырғыштар



I. Кіріспе
1.1Сүтөнімі
II.Негізгі бөлім
2.1. Сүтке арналған құбырлықыздырғыштар
2.2. Пластиналы қыздырғыштар
III.Қорытынды
3.1.Қолданылған әдебиеттер
Сүт – барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едеуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұ-рады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұз- дары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.

Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз – биенің сауылған сүті – саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын. Сүт Сауын малдан, яғни жылқыда—биеден, түйеде— інгеннен, сиырда—сауын сиырдан, қой, ешкіде— саулықтан алынатын сүтті және оның қымыз, шұбат, айран, қатық сияқты өнімдерін бір сөзбен "ақ" деп атайтынын жоғарыда айттық. Сүт және одан жасалатын тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де өте жоғары болады. Сондықтан да қазақ халқы ақтың орнын басқамен айырбастамайды. "Аузы аққа тиді", "уызында жарыған" немесе "уызында жарымаған" деген сөздер арқылы адам өмірі мен денсаулығы үшін сүттің орны зор екенін көрсетеді. "Ақты төкле", "ақты аттама", "ақты ысыраптама, малдың желіні қетеді" деген қағида қалыптасқан ел ішінде. Көш алдынан ақ алып шығу, ұшынған өртке қарсы ақ төгу, үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығару, кісіге ақтан ауыз тигізу халық дәстүрінде бұлжымас заң, белгіленген жол-жоралғы болған. Ел ішінде, ауылда бұл әдет әлі де сақталған. Балаларға сүт, басқа да ақ ішкізу, дімкәс, науқас адамдарды сүт, қымыз, шұбат, тосаппен емдеу сүттің қазақ өмірі мен тұрмыс-салтында, емшілік өнеріңде ертеден келе жатқан тәжірибе қазір де бар. Мыңдаған жылдар мал өсірумен және оның қыр-сырын терең меңгерген қазақ елі оның сүтін тағам ретіңде ұтымды әрі сәтті пайдалана білді. Мысалы, бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат, сиыр, қой-ешкі сүтінен май, қаймақ, құрт, ірімшік, ежігей тағы басқа алуан түрлі тамаша тағамдар жасап даланың даркан дастарканын барынша байыпты. Бұлардың бәрі де жеңсік, дару әрі зәру тамаққа айналды. Бір сөзбен айтқанда кәдімгі сүттің өзі де дәмді тағам. Оны кайнатып ішеді, шайға катады. Сөйтіп сүт және оның өнімдері аты да, заты да халық мәдениеті мен тұрмысындағы айтуға тұрарлық және мақтанарлық дастарқан мәзірі. Демек, сүт қазақгың тағам байлығының бірі жөне оның қайнар көзі.
1. Әлімжанова Л.В.Сүт өнімі. Оқулық.-Астана, 1998. -175 бет.
2. Барақбаев Б. Сүт және сүт тағамдары.- Алматы: Қайнар, 1989.- 168 бет.
3. Елеуов Б., Жамалов Б., Мендебаев Х., Нурушев М. Сағындықов Қ. Зоотехниктің анықтамалығы. Алматы, «Қайнар», 1970ж. 242 б.
4. Ивашура А.И. Сүт тіршілік тірегі. Алматы, «Қайнар», 1979ж. 115б.
5. Ысқақбаев Б. Сүт және сүт өнімдері. «Қайнар», 1977ж. 85б.
6. Тілемісов Х. Қазақтың ұлттық тағамдары. Алматы, «Қайнар», 1995ж. 211б.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Сүтке арналған құбырлы жане пластиналы қыздырғыштар

Орындаған:Құрманов М.Т.
Тобы:ТО-207
Тексерген: Джилкишева А.Г.

Семей - 2015ж.
Жоспар:

I. Кіріспе
1.1 Сүт өнімі
II.Негізгі бөлім
2.1. Сүтке арналған құбырлы қыздырғыштар
2.2. Пластиналы қыздырғыштар
III.Қорытынды
3.1.Қолданылған әдебиеттер

Сүт - барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едеуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұ-рады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұз- дары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.

Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз - биенің сауылған сүті - саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын. Сүт Сауын малдан, яғни жылқыда -- биеден, түйеде -- інгеннен, сиырда -- сауын сиырдан, қой, ешкіде -- саулықтан алынатын сүтті және оның қымыз, шұбат, айран, қатық сияқты өнімдерін бір сөзбен "ақ" деп атайтынын жоғарыда айттық. Сүт және одан жасалатын тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де өте жоғары болады. Сондықтан да қазақ халқы ақтың орнын басқамен айырбастамайды. "Аузы аққа тиді", "уызында жарыған" немесе "уызында жарымаған" деген сөздер арқылы адам өмірі мен денсаулығы үшін сүттің орны зор екенін көрсетеді. "Ақты төкле", "ақты аттама", "ақты ысыраптама, малдың желіні қетеді" деген қағида қалыптасқан ел ішінде. Көш алдынан ақ алып шығу, ұшынған өртке қарсы ақ төгу, үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығару, кісіге ақтан ауыз тигізу халық дәстүрінде бұлжымас заң, белгіленген жол-жоралғы болған. Ел ішінде, ауылда бұл әдет әлі де сақталған. Балаларға сүт, басқа да ақ ішкізу, дімкәс, науқас адамдарды сүт, қымыз, шұбат, тосаппен емдеу сүттің қазақ өмірі мен тұрмыс-салтында, емшілік өнеріңде ертеден келе жатқан тәжірибе қазір де бар. Мыңдаған жылдар мал өсірумен және оның қыр-сырын терең меңгерген қазақ елі оның сүтін тағам ретіңде ұтымды әрі сәтті пайдалана білді. Мысалы, бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат, сиыр, қой-ешкі сүтінен май, қаймақ, құрт, ірімшік, ежігей тағы басқа алуан түрлі тамаша тағамдар жасап даланың даркан дастарканын барынша байыпты. Бұлардың бәрі де жеңсік, дару әрі зәру тамаққа айналды. Бір сөзбен айтқанда кәдімгі сүттің өзі де дәмді тағам. Оны кайнатып ішеді, шайға катады. Сөйтіп сүт және оның өнімдері аты да, заты да халық мәдениеті мен тұрмысындағы айтуға тұрарлық және мақтанарлық дастарқан мәзірі. Демек, сүт қазақгың тағам байлығының бірі жөне оның қайнар көзі.
Сүт - адам мен сүтқоректі жануарлардың сүт безінде лактация кезеңінде түзілетін сұйық зат. Сүт - сапалы, қоректік қасиеті жоғары, бірақ тез бұзылатын өнім екенін жоғарыда атап кеттік. Оның түсі - ақ немесе аздап сарғылт, дәмі - тәтті, құрамында су, май, белок, сүт қанты, минералдық заттар, витаминдер, ферменттер, гормондар бар. Адам ағзасы оның құрамындағы қоректік заттарының 98-99%-ін пайдаланады.
Сүт технологиялық ұқсатудың нысаны ретінде мынадай негізгі көрсеткіштермен сипатталады: құрамы, тазалық дәрежесі, органо-лептикалық, биохимиялық, физико-механикалық қасиеттеріне, сонымен қатар ішінде улағыш және нейтраль ( залалсыздандырылған) заттардың болуымен. Сүттің органолептикалық қасиеттеріне - сыртқы көрінісі, дәмі, иісі, түрі; биохимиялық қасиеттеріне - бактерцидтік активтігі (белсенділігі) және қышқылдылығы; физико-механикалық - темпера-турасы, жылу өткізгіштігі, осматкалық қысымы, электр өткізгіштігі және тағы басқалары жатады. Уландырғыш қоспаларға - сүт құрамында мүмкін болатын ауыр металдар, антибиотиктер, гормоналдық препарат-тар, пестицидтер, микротоксиндер (В1 және М1 афтолотоксиндері), ал нейтрализациялаушы заттарға - тұз, аммиак жатады.
Сүттің құрамы. Сүт судан және оның құрамында қоректік заттар - майлар, белоктар, көміртекті сулар, ферменттер, витаминдер, минерал заттар, газдар бар (9-кесте). Осы заттар су мен газды шығарған соң, сүттің құрғақ қалдығы (СҚҚ) деп аталады.
Сүт құрамын және сапасын бағалағанда ондағы май мен сүт плазмасы мөлшерін айтады. Сүт құрамы тұрақты емес. Жоғарыда аталған заттардың біреуінің болмауы, немесе олардың мөлшерінің нормадан (қалыпты) ауытқуы малдың ауруына немесе тәуліктік рациондағы қоректік заттардың жеткіліксіздігін көрсетеді. Сүт өңдеудің (ұқсатудың) технологиялық параметрлері оның құрамындағы заттар мөлшерінің өзгеруіне әсерін қарастырайық.
Су. Сүттің міндетті түрде болатын бөлігі және оның физикалық күйін анықтайды. Сүт құрамында орташа есеппен 87% су облады.
Сүт майы. Сүт майның негізін гилцирин мен май қышқылдарының үш атомдық спиртінің күрделі эфирі құрайды. Басқа компоненттермен салыстырғанда сүт майы оны өңдеу үрдісіне көбірек әсер етеді. Сиыр сүтіндегі майдың массалық үлесі 3,6-3,9%. Ол сүт ішінде майад түйіршіктер (шарик) түрінде: салқындатылған сүтте - суупензия түрінде, ал салқындатылмаған сүтте эмиульсия түрінде болады. Май шариктерінің саын, өлшемі және қасиеттері малдың тұқымына, сүттену мерзіміне, азығына, бағу жағдайыан, сауылуына, денсаулыығна, жыл мерзіміне және басқа факторларға байланысты. Май шариктерінің диаметрі 0,1-20 мкм (орташа 3-5 мкм). Механикалық және жылумен әсер ету нәтижесінде сүт құрамында болған өзгерістер, оның ашуына және күюіне әкеп соғуы мүмкін.
Сүт тасымалдауға арналған қондырғылар
Қабылдау кезiнде сүт өлшенедi. Заводтарда сүт өлшеуге арналған автоматты СМИ-250 және СМИ-500 маркалы таразылар кеңiнен қолданылады.
СМИ-250 таразысы (2-сурет):
- екi тiреу колонкасынан 1; өлшегiш механизмнен 2;
- циферблатты головкадан 3; сүт құйылатын екi жүк қабылдағыш сиымдылықтан 4;

- тiректi тiреуiштен 5; тор 6; клапанмен басқаратын механ-измнен 7 тұрады.

Автоматты өлшегiш СМИ-250

Стационарлы таразылар. Тiректi колонкалары шойыннан жасалған. Колонкалардың үстiне өлшегiш маханизмi тұрыққа бекiтiлген.
Өлшегiш механизмi үлкен және кiшi рычагтан тұрады. Рычагтарда призмлар және демпферлер қатары, тара өлшегiштер, қарама-қарсы таразылар және рычагтардың тiреуiшi орнатылған.
Бұдан басқа рычагтарға призмада жүк қабылдағыш сиымдылықтар iлiнген. Тяга арқылы өлшегiш механизм циферблатты головкамен байланысқан. Жүк қабылдағыш сиымдылық өнiм шығатын клапанға қарай көлбеу тұрады.
Сиымдылық ұзындығы - 1600 мм, енi - 400 мм, ең үлкен биiктiгi - 280 мм, ең төмен биiктiгi - 220 мм. Сиымдылық түбiнде өнiм шығатын клапанға арналған диаметрi 142 мм тесiк бар.
Әрбiр сиымдылыққа сүтке арналған тор орнатылған. Олардың жан-жағына құбырдан жасалған тiреулер қойылады. Өнiм қабылдағыш сиымдылықтар сүтпен толтырылған кезде өлшегiш механизм iске қосылады. Бұл механизм циферблатты головка тягасына қысым бередi. Нәтижесiнде циферблатты голов-каның шкаласы бойынша автоматты түрде сүттiң салмағы анықталады. Содан кейiн клапанмен басқарылатын механизм көмегiмен сүттi өнiм қабылдағыш сиымдылықтан ағызады.
Заводқа сүттi жеткiзгеннен кейiн оны сақтау сыйымдылықтарына құяды. Бұндай сиымдылықтарды сүтке арналған танктер дейдi. Орналасуына байланысты сақтау танктерi тiк және көлбеу болады. Олардың құрлысы цистерналарға ұқсас.
Олар келесi конструкциялық құрылымға тән:
- сиымдылық цилиндр тәрiздi;
- сиымдылық сыртынан жылу изоляциялық қабатпен қапталған;
- сиымдылыққа қысым әсер етпеу үшiн ағаш каркаспен қапталады;
- сүттi араластыру үшiн сиымдылыққа пропеллер немесе шнек тәрiздi араластырғыш орнатылады;
- көп сиятын (70000 л және одан көп) сиымдылықтар үшiн араластыру ауа арқылы жүргiзiледi.
- бұл жағдайда ауа резервуарларға берiлер алдында, висциндi маймен лабиринттi сүзгiштiң бетiндегi шаңдарын тазалайды.
- сүт салқын болу үшiн сиымдылықтың iшiне салқындатқыш құрлығы, немесе сыртына пластинкалы суытқыш орнатылады;
- сиымдылықты тазалап жуу үшiн люк бар;
- сүт деңгейiн анықтау үшiн сиымдылық сүт өлшегiш труб-камен, бақылағыш тереземен және сол сияқты дыбысты немесе жарық сигналды белгi беретiн қалқымалы қондырғылармен қамтамасыз етiледi.
Сүттiң құрамына аз әсер ететiн материалдардан тасымалдайтын, қабылдайтын және сақтайтын қондырғылар жасалады:
- көп жағдайда тот баспайтын болаттан Х18Н9Т;
- алюминийден;
- пластикадан (әзiрше сирек).
Үзақ мерзiмде сүттi сақтайтын қондырғылар сүттi араластыру үшiн араластырғыштармен қамтамасыз етiледi.
Сақтау ұзақтығы - белгiлi жағдай. Сүттi өсiмдiк, сары май сияқты т.б. ұзақ мерзiмде сақтауға болатын тамақ өнiмдерiмен салыстыруға болмайды.
Негiзiнен сүт бiр тәулiктен артық сақталмайды. Араластыру эф-фектiгiсi резервуардағы сүттiң әр қабаттарындағы май құрамына байланысты анықталады.
Европалық стандарт бойынша (ФРГ, Дания т.б.) араластырғышты қосқаннан соң 5-10 минуттан кейiн резервуардағы 24 сағат бойы сақталған сүт майының құнарлығы 0,1-0,5-тен артық болмау керек. 12 сағат сақталған өнiмнiң температурсының жоғарылауы 1-2 С.
Сүттi тасымалдау және сақтау қондырғысының экономикалық тиiмдiлiгiн келесi қатынас арқылы есептеуге болады:

;
мұндағы:
- бет, бiр көлемге сәйкес резервуар қондырғысының меншiктi бетi, м2м3;
- геометриялық өлшемдер бойынша анықталатын, қондыр-ғының бетi, м2;
- геометриялық өлшем бойынша анықталатын, қондырғының көлемi, м3;
- қондырғы массасы, бiр көлемге сәйкес қондырғының меншiктi массасы, кгм3
- аз болған сайын, өнiмнiң температурасының өзгеруi тасымалдау және сақтау уақытында аз болады.
- аз болған сайын, қондырғының материалдық сиымдылығы аз болады.
Резервуардың бетi көбiнесе оның өлшемiмен, пiшiнiне тәуелдi болады.
Резервуарлардың бетiнiң және өлшемдерiнiң пiшiнiн арасында мынадай қатынастар бар. Цилиндрлi сиымдылықтарға:
-автоцистерналарда - диаметрдiң ұзындыққа қатынасы
DH = 0,7-0,8;
- темiр жол цистерналарында - DH = 0,5,-0,7;
- су көлiктерiнiң цистерналарында - (жуық) DH 1,0
Сақтайтын сиымдылықтар үшiн:
-тiк танктерде - ұзындықтың диаметрге қатынасы НD 1,0-1,2;
-көлбеу танктерде - биiктiктiң диаметрге қатынасы НD 1,0-1,6, ал кейде үлкен резервуарлар үшiн 3-5.
Көп жағдайда тиiмдi тiк бұрышты резервуарларда ең аз қабатты куб болып табылады. Материалды максималды экономдау үшiн резервуарлардың биiктiгiн енiне теңестiрiп жасайды.
Бiрақ тiк бұрышты резервуарлар аса кең қолданылмайды. Себебi, берiктiк жағынан олар цилиндр тәрiздi резервуарлардан төмен.
Сүтте барлық белгілі суда еритін және майда еритін витаминдер бар. Витаминдер сүтке жем арқылы түседі, ал кейбіреуі жануар организмінде синтезделеді. Бірақ сауда орындарына түсетін, сүттің витаминділігі оны өңдеу жағдайларына тәуелді. Кейбір витаминдер жоғары температура әсерінен, тотығу кезінде, әсіресе жарық әсерінен және әртүрлі химиялық заттар әсерінен тотығу кезінде және сүт өнімдерін ұзақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтке арналған пастеризациялы-суытқыш қондырғылар
Ауа қыздырғыш
Сұйық қоректік орталарды залалсыздандыру арналған жабдықтар
Қышқыл сүт өнімдеріне арналған пастеризациялы-суытқыш қондырғылар
Жылу аппараттарының негізгі құрылымдық элементтері
Сүт өндірісінің түсінігі
Сыр қақтарын өндірудің технологиялық схемасы
Сүтті өңдеуден өткізу машиналары мен қондырғылары
Балмұздақ қоспаларын дайындау
Сүт өндірісіндегі құбырлы жылу алмастырғыштар қондырғылар
Пәндер