Орман шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Орман шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру

Дайындаған: Сатмұхамбетов Ә. Б.

ЛД-211

Тексерген: доцент Тойкин С. Х

Семей

2015

Жоспар

Кіріспе

1. Орман қорларының өнімділігін арттыру

2. Еңбек өнімділігін арттыру

3. Қазақстандағы ормандардың экологиялық ахуалы


Қортынды

Пайдаланган әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан ТМД елдері ішінде территориясы жағынан екінші орынды, халқы жағынан төртінші орын, ал орман қоры жағынан әрбір шаршы шақырымға шаққанда ең соңғы орындардың бірін алады.

Қазақстанда орман жердің 26, 2 млн. га бөлігін алып жатыр, оның ішінде ағашты алқап - 12, 4 млн. га. Орманнан жылына 2, 0-2, 4 млн. м 3 -ге дейін ағаш дайындалады. Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. га м 3 -ге жуық ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.

Қазақстан орман қорына бай болмағандықтан ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шет елдерден (негізінен Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.

Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын қайтадан қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман және ауыл шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің тікелей міндеті. Орманның өскен жерінде ауа райын өзгертіп, өзен-көл суларын толықтырып отыратындығын, оны қорғаудың қажеттілігін арттырудың маңызы зор. Бұған қарамастан ағашты пайдаланбай тағы да отыра алмаймыз. Себебі қоғамға қажетті өндірістің көпшілігінің ағашсыз күні жоқ.

Осыған байланысты адам баласының алдында орманның табиғатқа жасайтын жағымды ықпалын бұзбайтындай етіп пайдалану міндеті тұр.

Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы болғандықтан оны өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылады.

Орман алқаптарының тіршілікте алатын орны айрықша. Құнарлы топырақ қабаты мен сапалы су көздерін қорғауда қамтамасыз ететін де, қолайлы климаттың қалыптасуына игі ықпал жасайтын да, тыныс алатын таза ауаны оттегімен жабдықтайтын да, экологиялық апаттардың зардабын бәсеңдететін де қалың орман.

Қазір жалпы республика аумағының 4, 6 %-ын орман алқаптары алып жатыр. Оларда 384 млн. м 3 ағаш қоры шоғырланған. Орман шаруашылығын негізінен, сапасы төмен ағаштар мен ағаш қалдықтары, тағамдық жабайы жеміс-жидектер мен саңырауқұлақтарды жинау және ертеректе ағаш өнімдерін өндіру мақсатында жаппай ұйымдастырылған шағын цехтар құраған. Төлем қабілеті төмендеген кәсіпорындар көбейіп, көлікпен тасымалдау, электр қуаты және басқа да шығындарды өтей алмай тығырыққа тірелген шаруашылық жаңа ғана нарық талабына бейімделіп келеді.

1. Орман қорларының өнімділігін арттыру

Орман шаруашылығы - экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданадыҚазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан көлем небары 4, 2%-ды құрайды. Оңтүстігінде көпшілік бөлігін сексеуіл алып жатыр. Ал оңтүстік-шығысындағы орман таулы орманға жатады (20%) . Осы аймақтағы ормандарда орман жемістері мен жаңғақтары айтарлықтай көлемде дайындалады. Еліміздің батысы мен орталық бөлігінде ауа-райы құрғақ болғандықтан, орман жоқтың қасы. Сондықтан орман қорының 80%-ға жуығы солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, оның тең жартысы Шығыс Қазақстан облысындағы қарағайлы және майқарағайлы орманға жатады. Мұнда негізінен орман ағаштарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан аумағының орман шаруашылығы геогрографилық ерекшеліктеріне қарай үлкен 4 өңірге бөлінеді:

  1. шығыстағы Алтай таулы ормандары (бағалы қылқан жапырақты орман) ;
  2. солт-тегі орманды дала (қайың, көктеректен тұратын шоқ ормандар және қарағайлы орман жолағы) ;
  3. оңтүстік-шығыстағы Тянь-Шань тауындағы және Іле Алатауындағы шыршалы орман;
  4. оңтүстіктің шөлейтті жеріндегі сексеуілді орман. Сонымен қатар ірі өзендер бойына орналасқан өзен жағалауы ормандары бар. Олар Батыс Қазақстандағы жалғыз орман типі болып саналады және суды реттеуде маңызды рөл атқарады. Егістікті қорғау үшін қолдан отырғызылған орман жолақтарының ауыл шаруашылығында атқаратын рөлі зор.

Қазақстанда Орман шаруашылығы жұмыстарын Ауыл шаруашылығы министірініңнің Орман және аңшылық шаруа комитеті басқарады. Оның құрылымында 9 мемлекеттік табиғи қорық; 6 мемлекеттік ұлттық саябақ; орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық басқарма бар. Олардың қарамағында орман және жеке жабайы табиғатты қорғау жөніндегі 138 мемлекеттік ұйым, “Қызыл жиде” республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі, Орман шаруашылығын жобалау жөніндегі Қазақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (“Казгипролесхоз”), “Қазақ орман орналастыру кәсіпорны” , Қазақ орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі авиацилық база, Алматы орман шаруашылығы селекциясының орталығы, “Көкшетау орман шаруашылығы селекциялық орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақ орман шаруашылығы басшылары мен мамандарының біліктілігін көтеру институты, Қазақ республикалық орман тұқымы мекемесі, “Аңшылық зоокәсіпшілік” ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс істейді. Бұлардан басқа Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі әкімшілігіне қарасты Бурабай ұлттық саябағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің меншігіндеорман шаруашылығы тәжірибе стансасы бар.

2. Еңбек өнімділігін арттыру

Орманды алқаптарда ауру тудыратын микробтар аз болады. Қаланың ауасымен салыстырғанда мұндай бактериялар 300 есеге кем болады. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесiндегi тазалықпен бiрдей болады. Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды. Жердiң тозуын болдырмайды. Орман су көздерiн қорғау қызметiн де атқарады. Ауылшаруашылық жерлерiн жолдарды құм, шаң басудан қорғайды. Орман халық шаруашылығына қажеттi құнды материал ағаш бередi. Ормандар дәрiлiк, тағамдық, техникалық өсiмдiктер жемiс-жидектер, саңырауқұлақтар өседi. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Қазақстандағы орман қорының жерi 21, 2 млн. гектар, оның iшiнде ағашты алқап 9, 1 млн. гектарға жетедi. Орманнан жылына 2-2, 4 млн метр³ ағаш даярланады. Қазақстан Республикасы жылына шамамен 11 млн метр³ дейiн ағаш өнiмдерiн тұтынушыларға жеткiзедi. Қазақстан ормандары негiзiнен табиғатты қорғау қызметiн атқарады. Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнiмдерiнiң басым көпшiлiгi шетелдерде (Ресейде) сондықтан елiмiзде орманды қорғау, молайту және тиiмдi пайдалану өте өзектi экологиялық әлеуметтiк-экономикалық мәселелердiң бiрi болып табылады. Орман қорын қорғаудың және тиiмдi пайдаланудың басты мәселесi - оны ұдайы, үдемелi жаңғыртып отыру. Әсiресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзiмде қалпына келетiн табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсiру, қорғау ұзақ мерзiмдi бағдарламалар мен жоспар жүзеге асырылуы тиiс. Орманда әр жылдық ағаштар өседi. Яғни, ағашты өсiруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнiмдерiн пайдалану процестерi үздiксiз қайталанып отырады. Ағашты даярлау, кесу, тасу жұмыстарын ұкыпты жүргiзу керек. Бұл жұмыстар ағаштың өсуiне нұқсан келтiрмеу тиiс. Ағаш кесу жұмыстары, орман ағаштарының құрамына, жасына байланысты белгiленедi.

Ағаш қоры кешендi түрде пайдалану тиiс, яғни тек ағаш даярлау үшiн ғана емес оның басқа да қызметтер мен үлесiмдi пайдаланылуы тиiс. Ағаш қорын кешендi пайдалану деп - ағаштың өзiн ғана емес, басқа бөлiктерiн (бұтақтарын), түбiрiн, қабығын пайдалана бiлу керек. Орман қорын тиiмдi пайдалану қорғау экономикасы орманды өсiру құнын қорғау шығындарының тиiмдiлiгiн талап етедi. Орман қорын бағалау мынандай қажеттiлiктерден туындайды:

Орман қоры ұлттық байлық болып табылады. Орман шаруашылығы материалдық өндiрiстiң жеке саласы.

Орман жерiнiң сапасына орналасу аймағына байланысты оның өнiмдерiнiң әр түрлі болуында.

Орман шаруашылығының шығындары соның нәтижесiнде алынған өнiмдер арқылы толығымен қайтарылуы тиiс.

Орман қорын өсiрудi, қорғауды және тиiмдi пайдалануды экономикалық ынталандыру қажет және орман қорын бүлдiрушiлер және оған зиян келтiрушiлер материалдық жауапкершiлiкке тартылады.

Орманды жерлерде дем алған адамда күш-қуаты еңбекке қабілеті жылдам қалпына келеді, көңіл-күйі жақсарып, эстетикалық талғамы күшейеді.

3. Қазақстандағы ормандардың экологиялық ахуалы


Қазақстан бойынша орман қоры республика жерiнiң 9, 7 пайызын құрайды. 1989-2000 жылдардағы цифрларға жүгiнсек, бұл аралықта жылына орта есеппен кем дегенде, 647 орман өртi болып, әрбiр өрттiң зардап шектiрген жерiнiң ауқымы 18, 9 гектар болып келедi. Осы екi жыл iшiнде болған орман өртiнен кем дегенде үш жүз мың гектар орман алқаптары бүлiнген. Бүгiнгi күнге Қазақстан бойынша сексеуiл орман қорының көлемi 5, 4 млн гектар болып отыр. Кейiнгi он жылда сексеуiл өспе ағаштарының жалпы ауданы 591, 2 мың гектарға көбейдi. Бұл негiзiнен сексеуiл ормандары аумағында ағашы кесiлген жерлерде, сексеуiлдiң табиғи ұрықтануына көмектесу шаралары мен табиғи өздiгiнен жетiлу барысында тұрақты тексеру, бақылау. Ормандану дәрежесiнiң төмендеуiне жол бермеу мақсатында, орман қоры жерлерiне сексеуiл тұқымдарын себу арқылы оның көлемiн арттыру iске асады. Сексеуiл ормандарының молаюына Қазақстан Үкiметiнiң 1999 жылғы 29-шы сәуiрдегi «сексеуiл ормандарын сақтау» туралы қаулысы да әсер етуде, қаулы бойынша 1999-2000 жылдары сексеуiл ормандарын кесуге тыйым салынған. Және осы қаулыға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында орман орналастыру жұмыстары жүргiзiлген.

1997-1999 жылдардағы Семей өңiрi мен Павлодардағы, Ертiс жағасындағы болған орман өрттерi салдарынан Ертiс жағасындағы қарағайлы ормандардың 230 мыңнан астам гектары құрып кеттi.

Ғарыштық және жер бетi зерттеулерiнiң нәтижесiнде, бұл ормандардың 40-50 пайызы өрттен, орман зиянкестерiмен аурулары және заңсыз ағаш кесу салдарынан зиян шеккен.

Ендi осы аймақтарда ағаштарды ерекше бағалы ормандар қатарына жатқызуға Үкiмет қаулысы дайындалып жатыр, ол жағдайда орман күзету ерекше режим бойынша жүргiзiледi.

Оған қоса 2001-2005 жылдары Семей өңiрi мен Павлодар облыстарында толық түрде орналастыру жұмыстары жүргiзiлдi. Жоғарыда атап өткендей орман өрттерiнің көбеюiне байланысты ағашты рұқсатсыз кесу де белең алды.

Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар, біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі.

Екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен сипатталатын ағаш, детрит, гумус түрінде зат шоғырланған ең қуатты жүйе.

Үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор.

Төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы.

Бесіншіден, орман - шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гигеналық тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор.

Орманды ел арасында тоғай деп те атайды. Орман биологиялық тұрғыдан қарағанда өте күрделі организм. Онда өздерінің өсу заңдылықтары мен ерекшеліктері бар - ағаштар, бұталар, шөптер, аңдар мен құстар, жәндіктер мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Орманның негізі - ағаштар мен бұталардан құралады. Бірақ кез келген ағаштар мен бұталар орман бола бермейді. Тек бір-біріне жақын орналасқан, бір-біріне әсер етіп, өсіп тұрған ортасына ықпал жасайтын, соның арқасында өздері де өзгеріп тұратын ағаштар мен бұталар тобы орман болып есептеледі.

Орман пайда болған жерлерде шөптің құрамы өзгеріп, сирейді. Далалық шөптер орман ішінде өсуге бейімделген шөптерге орын береді. Ағаш ішінде түскен жапырақтар, сынған бұтақтар, қабықтар, өсімдік дәндері, өлген жәндіктер мен басқа қалдықтар бірте-бірте көбейе келе қордаға айналып, орман топырағының құнарлуына әсерін тигізеді.

Орман көлеңкелі, көбіне, тымық, жазда салқын, қыста салқын болады. Ағаш ішінің жарықтығы да өзгеше. Оның құрамына, тығыздығына, биіктігіне байланысты жерге жететін жарық мөлшері 5-10 пайыздан 50 пайызға дейін өзгереді. Ағаш жапырақтары көмір қышқылын жұтып, оттегін бөліп шығарады. 1 гектар жердегі орман сағатына 2 кг. дейін көмір қышқылын жұтады. Бұл 200 адамның 1 сағатына бөліп шығаратын көмір қышқыл газына тең.

Денсаулық үшін қарағайлы орманның пайдасы ерекше. Қарағайдың қылқанды жапырақтары мен діңі нерв, тыныс жолы мен өкпе, жүрек пен қантамырларының аурулары сияқты көптеген науқастарға шипалы заттар бөліп шығарады.

ҚОРТЫНДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығының экономикалық тиімділіктері
Орман және саябақ шаруашылығын басқару
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері
Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалар
Жер салығының мәні мен маңызы
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржы-несиелік реттеу мәселелері
Шағын кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік қолдау қағидаттары
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қысқаша бағдарламасы
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржы-несиелік реттеу мәселелерінің теориялық - әдістемелік негіздері
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz