Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы



1. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
2. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
3. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық.түлік мәселесі.
Табиғатта әр-түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге біргіп ірі бірлестіктер құрады.Оларды ғылым тілінде «бірлестіктер» немесе «биоценоздар» деп атайды.Биоценоз –табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады.Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877 ж) Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотикалық тұрғыда қарастыру қажет.Өйткені,кез-келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды.Ол әр-қашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы –биотоптардан тұрады.Яғни,биотоп –тірі организмдердің жиынтығы,тіршілік ететін орта.Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп- биогеоценозды құрайды.Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940жылы В.Н.Сукачев енгізген.Сонымен биогеоценоз дегеніміз- биотоптың диалектикалық бірлестігі.Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден : өндірушілер ,талап етушілер,ыдыратушылар және өлі табиғат компоненттері.Міне,осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы –биоценология деп аталады.Ал,биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес ,ол табиғатта біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жұйе.Сондықтан табиғаттағы биологиялық бірлестіктер –кез келген популяциялар мен биотоптардан тұратын кішігірім жәндік інінен бастап ,мұхиттардың биомассасын қамтитын табиғи бірлестіктер.Ең үлкен биологиялық жүйе –биосфера немесе экосфера.Ол жер шарының барлық тірі организмдер мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды. Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде «экожүйе» термині жиі қолданылады.
1 Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра
2 Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экологиядан оку –әдістемелік қүрал.
Алматы. Экономика. 2002 ж.

Қазақстан Республикасының Білім мен Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану . Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.

Орындаған:Алин.А
Тобы: ВМ-401
Тексерген: Мурзалимова.А.К

Семей 2015

Жоспар:
1. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
2. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
3. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық-түлік мәселесі.

1.1.Бірлестіктер экологиясы.
Табиғатта әр-түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге біргіп ірі бірлестіктер құрады.Оларды ғылым тілінде бірлестіктер немесе биоценоздар деп атайды.Биоценоз - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады.Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877 ж) Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотикалық тұрғыда қарастыру қажет.Өйткені,кез-келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды.Ол әр-қашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы - биотоптардан тұрады.Яғни,биотоп - тірі организмдердің жиынтығы,тіршілік ететін орта.Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп- биогеоценозды құрайды.Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940жылы В.Н.Сукачев енгізген.Сонымен биогеоценоз дегеніміз- биотоптың диалектикалық бірлестігі.Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден : өндірушілер ,талап етушілер,ыдыратушылар және өлі табиғат компоненттері.Міне,осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы - биоценология деп аталады.Ал,биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес ,ол табиғатта біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жұйе.Сондықтан табиғаттағы биологиялық бірлестіктер - кез келген популяциялар мен биотоптардан тұратын кішігірім жәндік інінен бастап ,мұхиттардың биомассасын қамтитын табиғи бірлестіктер.Ең үлкен биологиялық жүйе - биосфера немесе экосфера.Ол жер шарының барлық тірі организмдер мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды. Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде экожүйе термині жиі қолданылады.Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген.Шын мәнінде,екі ұғымда бірдей мағынаны білдіріеді,әрі бірін-бірі толықтыра түседі.Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақытпен кеңістікке байланысты-автотрофты және гетеротрофты органзмдерге жіктеледі. Егерде биогеоценоз ұғымы көбінесе зерттелетін объектінің құрамына сипаттама берумен шектелсе,ал экожүйе ондағы атқаратын функциясын көбірек сипаттайды.Мәселен,экожүйелер : 1)энергия ағымына,2)қоректік тізбектер,3) кеңістік пен уақытқа байланысты көптүрлілік құрылым,4)биогенді элементтер айналымы 5)эволюция және даму, 6)басқару ,7)компоненттердің қарым-қатынастарын толық қарастырады.
Сондықтан экожүйе- экологияның функциялды бірлік өлшемі.Оның ең басты қызметі - ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал етуі.Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар.Қоректік қарым-қатынастарды ғылымда - биотикалық факторлар деп атайды.Яғни,биотикалық фактор дегеніміз- тіршілік барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері немесе ықпалы.Аталған факторлар біртүрлі сипат ала отырып,бір ортада тіршілік ететін организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады.Мәселен,өсімдік-өсімдік қоректі организм үшін ең қажет роль атқарғанымен ,кезегінде фитофагтар да өсімдіктің өнімділігін азайтып ,қолайсыз жағдай туғызады. Сол сияқты гүлді өсімдіктер үшін оны тозаңдататын аралар,т.б жәндіктер үлкен роль атқарады.Осының бәрі биоценоз құрылмының күрделілігін және ондағы тіршілік иелерінің бір-біріне тәуелді,пайдалы немесе кері әсер ете отырып үнемі даму үстінде екендігін көрсетеді.
Биотикалық қарым-қатынастардың типтері
Биоценозда әр-түрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-қатынастар қалыптасады.Оның негізгі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі.Десе де,организмдер арасындағы кеңістік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады. Бәсекелестік.Бәсекелестік дегеніміз-бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек тұрағы,т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастардың көрінісі.Кезінде Ч.Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғары формасы ретінде бағалаған.Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады.Мәселен,кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу популяциясын реттеуі жатады.
Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады.Ол бірде айқын білінсе,бірде пассивті көрінеді.Сондықтан эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды.Оның біреуі активті түр ретінде басымдылық көрсетіп,екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді.Бұл, әрине, қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады.Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да факторлардың жетіспейтінінен де болады.
Паразитизм- бір түрдің өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету.
Симбиоз- екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі.
Жыртқыштық. Жыртқыштық түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы. Ол кейде қорек, территория, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді.
Мутуализм. Әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуде. Мәселен, отшельник шаяны мен актиния арасындағы қарым-қатынас немесе кұмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының жарқын мысалы.
Зоохария. Жануарлардың орын ауыстыруы арқылы тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохария -- өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсмдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер, қылшықтар пайда болып олар құстар, сүт қоректілердің, басқа да жәндіктердің денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алыс кеңістіктерге тарап отырған. Өсімдік тұқымдарының бұл жол мен таралуын-эктозоохария дейді. Ал, кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың нәжістері арқылы таралады. Оларды - эндозоохариялық таралу жолы деп атайды.
Комменсализм.Немесе арамтамақтық құбылыс.Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі.Яғни,бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмейді.
1.2 Экожүйедегі энергия
Әрбір жеке организмнің тек өзіне тән қолайлы тіршілік ететін орны болады.Ол көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше функциясымен сипатталады.Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австрияда немесе Еуропада болсын олардың экологиялық орны мен атқаратын қызметі ұқсас болып келеді.Экологиялық орынның тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты.Ал,бір систематикалық түрде жататын туыс түрлер тіптен қоректік тұрғыда өте тиімді жіктелген.Мәселен,суда кездесетін ескек аяқты су кандаларының екі түрі бір жерде тіршілік ете береді.Себебі,бірі жыртқыш болса,екіншісі қалдық коректі.Мұндай жағдайда,организмдердің экологиялық орны тұрақты келеді.Өсімдіктерде де экологиялық орын жақсы жіктелген. Мәселен ,өсімдіктің гүлінің шырынымен қоректенетін аралар,оның жапырағында сабағында немесе тамырында тіршілік е ететін түрлердің өкілдерімен ешбір бәсекелестікке бармайды.Сол сияқты ормандағы ағаш тектес немесе өсімдіктер ярустылыққа байланысты реттеліп орналасқан. Экожүйе қоршаған ортадан тек энергия емес,зат та келіп тұратын жағдайда ғана сақталына алады,яғни нақты жүйелер - энергетикасы және құрылымы бойынша ашық жүйелер болып табылады.
2.1.Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Табиғи қорлар - табиғи ортаның ,қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін , өндірісте пайдаланылатын бөлігі.Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр.Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға ,шикізаттың,отынның ,энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда.Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану.
Табиғи қорлар, олардың қолдану саласына қарай - өндірістік, денсаулық сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді. Табиғат қорлар сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі - су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 23 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыты кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлаған объектілер.Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады.
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері -- табиғи қорлар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де табиғи қорларға жатады. Табиғи қорларды пайдалану нәтижесінде, адамзат - азық-түлік, киім-кешек тұрмыс қажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар және өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар - топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғатты пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су, ауа, орман жер, тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады. Өндірістік қатынасқа қосылмаған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендемеуін қамтамасыз ету керек.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ЭКОЛОГИЯСЫ – СИНЭКОЛОГИЯ
Синэкология (бірлестіктер экологиясы)
Сүтқоректілер экологиясы
Пәндер