Жүгерінің өсіру технологиясымен танысу және зерттеу


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Жүгерінің өсіру технологиясымен танысу және зерттеу.
Орындаған: Амангелді Ш.
Тексерген: Татенов А. Б.
Топ: ТЖ-405
Семей 2015
ЖОСПАР:
Кіріспе бөлім
А. Жүгері туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім
А. Жүгері өсіру технологиясымен танысу
В. Жүгеріге тыңайтқыштардың рөлі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жүгері көп тараған дәнді дақылдарға жатады. Дүние жүзінде өндірілген жүгері дәнінің 60-65% мал азығына пайдаланады. Жүгері дәні бүтіндей, не болмаса ұсатылған күйінде құрама жемнің негізін құрады. Онымен малдың барлық түрлерін, әсіресе шошқа мен қүстарды азықтандырады. Жүгерінің мал азықтық құндылығы өте жоғары. Оның құрмында малға керекті организмде жеңіл сіңетін барлық қоректік заттар кездеседі. 100 кг жүгері дәнінде 16 млн гектарга жуық, ал оның 9 млн. гекгары бүрынғы Одақ колсміндс өсірілді. Қара бидай негізінен Россияның қаратопыракты аймақтарында, Украинада, Белоруссияда және Балтық теңізі жағалауындағы республикаларда себілді. Қазақстанда бидай негізінен солтүстік облыстарда өсіріледі. Оның көлемі республикада 50-60-шы жылдары өжептөуір болған. Соңғы уакыпа белгісіз себептермен оның егістігі азайып кетті.
Жүгері - дақылдардың бірі. Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х. Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры - собық. Тамыр жүйесі - шашақ, қосалқы тамырлары болады. В, Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот, фосфор тыңайтқыштары қажет.
Жүгері дөнінің негізін қуратын көмірсулары (65-70%), ақзат (9-12%) және май (4-8%) . Көмірсуларының қүрамында негізінен крахмал және қант болады. Клетчатка аз мөлшерде болуына байланысты дәннің мал азықтық сапасы жоғары.
Жүгері дәніндегі ақзатта ауыстырылмайтын аминқышқылдары - лизин және триптофан аз кездеседі, ал мал азықтық бағалығы төмен ақзат көбірек болады. Және де жүгері дәнінде В, Е, РР витаминдері бар. 1 кг сары түсті жүгері дәнінде 20 мг дейін каротин болады. Минерал заттарын (1, 3%) көбінесе фосфор және калий, содан кейін натрий, хлор, темір құрады. Мал азығына жүгерінің барлық өнімін пайдаланады. Яғни жүгері еш қалдықсыз пайдаланылады. Жүгері дәнінің өндірісіндегі оның: кебегі, дәні, қабыршағы, күнжарасы, төпі жақ- сы мал азығы. 100 кг жүгері күнжарасында 108-117 азықтық өлшем, 10-12 кг қорытылатын протеин, 40-50 г кальций және 300-330 г. фосфор бар.
Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында: углевод, белок, май, калий, фосфор, магний, кальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әр түрлі жарма, ал жүгері жармасынан - жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі, үлпек дәні және қытырлауық «таяқша » - қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компот, шырын, кисель, простокваша, айранмен т. б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді) . Құмшекер себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды. Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды
Мал азығына жүгері сабаны, құрғақ жапырақтары, собық орамдары және ұсақталған кіндіктері пайдаланылады. 100 кг жүгері сабанында 37 а. ө. бар. Жүгері сабанында 1-1, 3% қорытылатын протеин, 1, 7% қант, 0, 45% кальций, 0, 30% фосфор, 0, 26% магний қоры кездеседі.
Қазақстанда дәндік жүгерінің егіс көлемі 110 мың гектар шамасында (2008 ж), оның 60 мың гектардайы суармалы жерде өсіріледі. Жүгері дәнінің өнімі республика бойынша әр гектардан 30 центнерден 105-110 ц дейін ауытқиды. Орташа өнімі әр гектардан 41, 5 центнер (2008 ж. ) .
Қазақстанда жүгерінің 15 шақты буданы аудандастырылған. Солардың ішінен Казахстанский-43-ТН, Казахстанский-705-СН, Молдавский-456-МН, Южный-З-ТН, Алатау 107-ТН, Сары-Арқа 150 АСН, Днепропетровский-125-ТН, Каз-ЗП-125 т. б. атауға болады.
Қазақстанда жүгерінің 15 шақты буданы аудандастырылған. Солардың ішінен Казахстанский-43-ТН, Казахстанский-705-СН, Молдавский-456-МН, Южный-З-ТН, Алатау 107-ТН, Сары-Арқа 150 АСН, Днепропетровский-125-ТН, Каз-ЗП-125 т. б. атауға болады.
Жүгерінің жемісі - ақ, сары, қызыл, қызғылт, қоңыр, шие түсті, күлгін түсті ірі дән. Дәннің түстері мен пішіндеріне қарай жүгері топтарын мынадай түршелерге ажыратады: тістәріздес, кремнийлі, крахмалды, қантты, балауызды және қабықты. 1000 дәннің массасы будандары мен сорттарына қарай әртүрлі - ұсақ дәнділерінде - 100-150 г., ірі дәнділерінде - 300-400 г.
Буданына немесе сортына және өсіру технологиясына байла- нысты бір собықта 200-ден 1000-ға дейін дөн болады (орташа 500-600) .
Жүгерінің өсіп-дамуында мынадай кезеңдерді ажыратады: тұқымның өнуі-ұрықтық тамырша өсіп шығады, өскіні (көктеу) - 1-ші жапырақтың пайда болуы, 3-ші жапырақ кезеңі-өсімдіктің өздігінен қоректенуге көшуі, бұтақтануы - төменгі жапырақтардан бүйір өркендерінің шығуы, түтіктенуі-топырақ бетінде сабақ түйіндері (буындары) пайда болуы, 7, 9, 11 жапырақтар кезеңі, шашақтануы- жоғарғы жапырақ қолтығынан шашақтың (сіпсебас- тың) шығуы, шашақтың гүлденуі - тозандар шашыла бастауы, собықтың гүлденуі - орауыш астынан жіпті аналықтардың пайда болуы, дәннің қамырланып пісуі, дәннің балауызданып пісуі, дәннің толық пісуі-дәндер толықтай қатайып, өсімдік кеуіп сарғаяды.
Жүгерінің түқымының жер бетіне тегіс көктеп шығуы үшін топырактың сіңіру тереңдігінің температурасы +10-12°С дейін болуы керек. Жүгері тамырының өсуіне қолайлы температура +24°С, сабағынын алғашқы кезеңдерінің өсуіне қолайлы темпер атурасы +20°С.
Тұқым қалыптастыруы топырақ жылуы +28-32°С болғанда жақсы жүреді.
Жүгерінің ылғалға қатынасын анықтай келіп оның меофильді есімдіктерге жататынын аңғарамыз. Ол жоғары өнімді өсімдік болғасын суды көп керек етеді. Ылғалды көп қажет ететін кезі шашақбас жарғаннан дәнінің сүттену кезеңіне дейін. Бұл кезде барлық керекті су қорының 70%-ы қажет. Жүгері өсіп-өнуіне қолайлы топырақ ылғалдылығы 70-75% ТСС (толық су сиымды- лығы) . Бірақта жүгері суды тиімді пайдалануымен ерекшеленетін дақыл. Оның транспирациялық коэффициентті 280-350 тең.
Жүгері жарық сүйгіш, қысқа күннің өсімдігі. Оның қолайлы өсуіне күннің жарық мезгілінің ұзақтығы 12-14 сағат. Күннің I жарық мезгілі бұдан жоғары болса, жүгерінің вегетациялық кезеңі ұзарады.
Жүгері қара, қызыл-қоңыр, сұр топырақтарда жақсы өнім береді. Сонымен қатар, ол ылғалы және қоректік заттары мол құмдақ және құмайт топырақтарда да жақсы өсе алады. Жүгері топырақ желдетілуіне жоғары талаптар қояды. Ауыр және жеңіл тығызда- натын топырақтарда онша өсіп оңбайды.
Өсіру агротехникасы. Жүгеріден жоғары өнім алу үшін алғы дақылдың маңызы зор. Қазақстанның оңтсүтік және оңтүстік-шығыс аймақтарының суармалы танаптарында жүгеріге жақсы алғы егіс дәнді-бұршақты дақылдар, ерте пісетін астық, мақта және бақша дақылдары.
Топырақ өңдеу. Суармалы жерлерде жүгері үшін топырақты негізгі өңдеу жұмыстары күзде алғы егісті жинап алғасын жүргізеді. Алдымен танапты БДТ-7 (және басқа маркалы) ауыр тырмамен 10-12 см тереңдікте қопсытудан бастайды. Содан кейін ауыр және орташа топырақты жерді 27-30 см тереңцікте аудара жыртады. Көктемде топырақ қатты тығыздалып қалған жағдайда қайталап 20-22 см тереңдікте жыртады. Тырмаланып ылғал жабылады және тұқым сепкенше 2-3 рет қопсытылады (культивацияланады) . Бірінші қопсыту 10-12 см тереңдікте, екінші қоп- сыту тұқым себер алдында 8-10 см тереңдікте жүргізіледі. Қоп- сытудың негізгі мақсаты арамшөптерді жою. Ылғалы жетіспейтін жерлерде топырақты тығыздаудың маңызы зор.
Жүгерінің әр гектардан түсетін 60-70 ц дәнінің өнімі топы- рақтан 150-180 кг Ш 50-60 кг Р жөне 150 кг К алады екен. Сол себепті топырақта қоректік заттардың жеткілікті болуы жақсы өнім жинаудың кепілі болмақ. Ең алыдмен жүгері азотты көп қажет етеді. Әсіресе жүгері бастапқы даму кезеңінде және гүлдену мен дәннің пайда болу кезеңдерінде азотты мол жұмсайды. Және де жүгерінің алғашқы даму кезеңінде фосфор жеткілікті болғаны дүрыс. Жүгері сүттеніп - қамырланып пісу кезеңінде фосфорды екінші рет көп мөлшерде керек етеді. Калийді де елеулі мөлшерде пайдаланады.
Жүгеріден мол өнім алу үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану қажет.
Бұрынғы В. Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының көпжылдық зерттеу жұмыстарының мәліме- тіне қарағанда республиканың оңтүстік аймақтарының суармалы жерінде жүгері негізінен азот-фосфор тыңайтқыштарын көп қажет етеді екен. Әр гектарға 120 кг азот 180 кг фосфор және 60 кг калий сіңіргенде, жүгеріден 92, 8 центнер дән жиналған.
Тыңайтқыш беріліп, танапты егін себу алдында қопсытқанда және дақылды екі рет үстеп қоректендіргенде (N20-30^20-30) жүгеріден мол өнім алуға болатыны белгілі болды.
Органикалық (көң) тыңайтқыштарды минералдық тыңайтқыштармен ұштастырып қолданған өте тиімді екенін көрсетті. Әр гектарға 20-30 тонна органикалық тыңайтқыш қолдану қажет. Жүгері өсімдігін қоректік заттармен толықтай қамтамасыз ету үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштарды топыраққа жүгері себуге дейін сіңіру керек. Көңді танапқа күзде, топырақты негізгі өңдеу алдында шашады.
Себуге жүгерінің 1 -ші 2-ші класты (өнгіштігі 96, 92%) тұқы- мын пайдаланады. Жүгері тұқымы арнаулы зауыттарда өңцеліп, тұқым фракциясына іріктеліп, дәріленіп, қағаз қапшықтарға салынып дайындалады. Әр шаруашылық осындай тұқымды алып пайдапанған тиімді.
Жүгерінің себу мерзімі топырақтың түқым сіңіру қабатының жылуына байланысты, яғни бұл көрсеткіш +8-10°С кем болмауы керек.
Жүгеріні дәнге сепкенде негізгі себу төсілі нүктелеп, кең- қатарлап себу. Жүгеріні СПЧ-6 не болмаса СУПН-8 дөн сепкіш- терімен себеді. Қатараралығының кеңдігі 60 немесе 70 см бо- лады.
Дәндік жүгерінің өнімін арттыруда әр гектарға келетін өсімдіктер саны да маңызды роль атқарады. Республиканың оңтүстік аудандарында дәнге арналған жүгері үшін әр гектарда 60-65 мың, ал күзгі дән жинау алдында 45 мыңдай түп өсімдік болса жеткілікті.
Жүгері егістігін күтіп-баптау жұмыстары алдымен арамшөптермен күресуден басталады. Жүгері себілгеннен кейін арамшөп- тердің көгі өсіп шыққанға дейін құрту және топырақ бетінде пайда болған қабыршақ қабатын жою танапты ЗБСС-10 тырмасымен тырмалаудан басталады. Егістікті күтіп-баптаудың агротехникалық шарасы өсімдіктің қатараралығын арамшөптерден тазарту үшін топырақты қопсыту. Вегетация кезеңінде жүгері танабы екі, немесе үш рет культивацияланады (қопсытылады) : бірінші қопсыту-үш-бес жапырақ салғанда; екінші-үшінші қопсыту- арамшөптердің өсуіне және топырақтың тығыздалуына қарай жүргізіледі. Қатараралығын қопсыту тереңцігі 6-8 см-ден 12-14 см-ге дейін. Қатараралықтарын өңдеумен бір мезгілде өсімдікті үстеп қоректендіріп отыру қажет.
Жүгерінің өсіп-дамуының бастапқы сатыларында арам- шөптерге қарсы гербицидтер бүрку тиімді. Гербицидтердің ішінде Базагран 48 (2, 0-4, 0 кг/га), Баниел 480 (0, 4-0, 8 кг/га), 2, 4Д (ДМА-6), (0, 85-1, 4 кг/га) қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz