Қосмекенділер


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қосмекенділер
Орындаған: Советбаев Ә
Тобы: БЛ-209
Тексерген: Жылқыбаева С
Семей 2015жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Далалы жерде кездесетін қосмекенділер
б) Орманды дала жерінде кездесетін қосмекенділер
в) Шөл және шөлейтті жерлерде кездесетін қосмекенділер
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Қосмекенділер - алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі ортада: суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды. Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000-нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Құйрықсыз және құйрықты қосмекенділер отряды
Денесі бас, тұлға және көбінесе бес саусақты төрт аяқтардан тұрады. Кейбір түрлері аяқсыз және құйрықты болады. Дене тұрқы 2 - 3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін жетелі. Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болып келеді. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдан, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек олар терісі арқылы да тыныс алады.
Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді . Олар: бас-сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңкасынан құрал ады. Омыртқа жотасы мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады.
Құрлыққа шығуына байланысты, аяқтарының сүйектері бірімен-бірі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Алдыңғы аяқтары тікелей иық белдеуімен байланысады. Жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан. Жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен түрады. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болмайды. Аяқтарында жеке-жеке бұлшықеттер жақсы дамыған. Жақсүйектеріндегі ұсақ тістер мен тіл қоректі ұстауға көмектеседі. Бақа тілінің ұшы ойыс. Тілінің түбі аузының алдына бекіген, ұшы артқа қайрылып, бос жатады. Қорегін ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады. Аузы өте үлкен. Сілекей бездері ең алғаш қосмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына ашылады. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Аш ішекке бауырдан келетін өт және ұйқыбездің өзектері ашылады. Тоқ ішектің соңғы бөлігі тік ішек деп аталады да, ол кеңейіп келіп, клоакаға айналады.
Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан, терісі арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз-жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.
Құрлықта атмосфералық ауамен тынысалуына байланысты қантарату жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты ( 2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады ), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды. Денесіне аралас қан тарайды. Екі қанайналым шеңбері де қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер - оң құлақшаға, ал кіші шеңбер сол жақ қүлақшага келіп аяқталады. Қосмекенділер миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу. Алдыңғы миы екі ми сыңарларына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар дамыған. Ортаңғы миы жақсы дамыған.
Ауыз қуысына ашылатын жұп иіс сезу қапшықтарының болуына байланысты, иіс сезуі жақсы дамыған. Көзінің қасаң қабығы дөңес, көз бұршағы екі жақты дөңес шыны пішінді. Көзінің айналасында қозғалмалы, жұқа терілі қабақтары болады. Қосмекенділерде, ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Оның сырты дабыл жарғағымен қапталған. Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік арқылы ауыз-жұтқыншақ қуысымен де байланысады. Дәм сезуі, тері арқылы сезуі нашар дамыған.
Қосмекенділердің балықтарға ұқсас екі бүйрегі, екі несепағар түтігі және бір қуығы бар. Қуығы жақсы дамыған, ол клоакаға ашылады. Қажетсіз заттар клоакадан сыртқа шығарылады. Қосмекенділер - дара жынысты жануарлар . Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады. Дернәсілдері түрлент дамып, ересектеріне айналады. Дернәсілдерінің басы жалпақ болғандықтан, оларды шөмішбалық немесе иттабан; деп атайды. Қосмекенділердің көбеюі мен дернәсілдердің дамуы су ішінде жүреді. Ұрықтанғаннан кейін көл бақаларда (8-10 тәуліктен соң) дернәсілдері жұмыртқа қабығын жарып, сыртқа шығады. Алғашында оларда аяқ болмайды. Бастапқыда суда қүйрығының көмегімен жүзіп жүреді. Алдымен артқы аяқтары, содан кейін алдыңғы аяқтары пайда болады. Құйрығы бірте-бірте қысқарып, жойылады. Дернәсілдері желбезектері арқылы ғана тыныс алады. Олардың жүрегі екі қуысты, бір ғана қанайналым шеңбері болады. Дами келе жүтқыншақтың екі бүйірінен өкпе пайда болады.
Саламандра.
Қосмекенділердің тек суда ғана тіршілік ететін түрлері де бар. Бақалар мен құрбақалардың ересектері суда да, құрлықта да тіршілік етеді. Аздаған түрлері ағаш басында өрмелеп өмір сүруге бейімделген. Кейбір түрлері, яғни аяқсыз қосмекенділер тек жер астында ін қазып тіршілік етеді . Қосмекенділердің тіршілігі үшін температура, су айдындарының болуы және ылғалдылық маңызды рөл атқарады. Қосмекенділер зиянды жәндіктермен қоректенетіндіктен, пайдалы. Кейбір түрлері: бақалар, саламандралар тағам ретінде пайдаланылады. Көл бақалар тәжірибелік зерттеу жүмыстарында кеңінен қолданылады. Қосмекенділер ежелгі саусаққанатты балықтардан (стегоцефалдар) пайда болған. Олардың бас сүйегі түтасқан сүйекті сауытпен, денесі сүйекті қалқандармен қапталған. Стегоцефалдар су жағалауларында тіршілік еткен. Қосмекенділер құрылысына, тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді. Олар: аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер. Аяқсыз қосмекенділердің 170-тей түрі Африкада, Америкада, Үндістанда, Цейлон жерінде тіршілік етеді. Солардың бірі сыртқы бейнесі құртқа және жыланға ұқсас болғандықтан, сақиналы құртпойым деп аталады. Бұлар аяқтары жойылғандықтан, аяқсыз қосмекенділер деп аталған. Олар - жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген қосмекенділердің қарапайым тобы. Терісінде бездері өте мол. Аяқсыз қосмекенділерде көз де, дабыл жарғағы да болмайды. Бұлардың басқа қосмекенділерден ерекшелігі - іштей ұрықтанады. Құйрықтылар өтрядына жататын қосмекенділердің 350-дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандралар жатады. Дене пішіні созылыңқы әрі құйрығы айқын байқалады.
Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі - жетісулық бақатіс. Оны жергілікті тұрғындар «аяқты балық» деп те атайды. Дене тұрқы 20-25 см. Оның жартысы құйрығының үлесіне сәйкес келеді. Қүйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары бар. Басы - жалпақ, тұмсығы - доғал. Алдыңғы аяқтарында төрт, артқы аяқтарында 5 саусағы болады. Түнде белсенді тіршілік етеді. Сырттай ұрықтанады. Дернәсіл кезеңінде қыстал шығып, келесі жылы ересек түріне айналады. Қазақстанда мекендейтін жетісулық бақатіс өте сирек кездеседі. Ол Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде кездеседі. Жетісу лық бақатіс шағын аймақта таралғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1995) тіркелген. Қүйрықсыз қосмекенділер отряды. Бүлардың 3500-дай түрлері бар. Олардың ересектерінде құйрық болмайды. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын әрі жақсы дамыған. Секеңдеп қозғалады. Артқы саусақтарының арасындағы терілі жарғақтар жүзуге көмектеседі. Өзімізге таныс көлбақа, тоган бақасы, құрбақалар осы отрядқа жатады.
Құрбақалар тұқымдасы
Жасыл құрбақа
Қызылаяқ бақа
Құрбақалар тұқымдасынан жасыл құрбақа, кәдімгі құрбақа және даната құрбақасы Қазақстанда мекендейді. Жасыл құрбақа кеңінен таралған. Құрбақалардың түсі қоңырқай, тері бұдырлары айқын байқалады. Олар құрғақ далалық кейде шөлейтті жерлерде де кездеседі. Көбіне ертеңгілік, кешкілік уақыттарда, түнде белсенді тіршілік етеді. Зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына көп пайда келтіреді. Даната құрбақасы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Ол Зайсан, Балқаш, Алакөл өңірінде таралған, бірақ саны барлық жерде аз. Бақалар түқымдасының өкілдері дүние жүзінде кеңінен таралған. Қазақстанда бұл тұқымдастың 5 түрі мекендейді. Олар: көл бақа, сүйріктұмсық бақа, шөп бақа, сібірлік бақа, қызылаяқ бақа. Қызылаяқ бақаБалқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында ғана таралған. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Олар қорғауды қажет етеді.
Қосмекенділер - ең алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар . Бұлар екі ортала: суда және құрлықта өмір сүруге бейімделген. Дернәсілдері суда - желбезектері және терісі арқылы, ал ересектер! құрлықта терісі және өкпесі арқылы тыныс алады. Жүрегі - үш қуысты, қантарату жүйесі - тұйық, қанайналымы екі шеңберлі жолмен жүзеге асады.
Қосмекенділер - салқынқанды, төрт аяқты жануарлар . Олар үш отрядқа бөлінеді: құйрықты, құйрықсыз және аяқсыз қосмекенділер. Аяқтарымен жүреді және секіреді. Құйрықты қосмекенділер суда жүзеді. Олар - суда өмір сүруге екінші рет оралған жануарлар. Қосмекенділердің жұмыртқасы және дернәсілдері суда болатындықтан, көбеюі суда жүзеге асады. Аяқсыз қосмекенділер ылғалды және жұмсақ топырақта мекендейді. Олардың аяғы және жамбас белдеуі, сондай-ақ көзі, теңдестіру мүшесі және ортаңғы қүлағы жоқ. Иіс сезу және сипап сезу сезімдері жақсы дамыған. Іштей ұрықтанады, уылдырықтарын аналығы қорғайды.
Далалы жерде кездесетін қосмекенділер
Сүйіртұмсық бақа ( ағылш. Rana arvalіs) - бақа тұқымдасына жататын қосмекенді.
- Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі орманды, орманды-дала аймақтарында, Батыс және Орталық Қазақстан облыстарында кездеседі.
- Әдетте денесінің ұзындығы5 - 7, ең ірілері8 см-дей.
- Түсі қоңыр, терісінің сыртында қара қоңыр дақтары болады, көбейер кезде аталықтарының тері жабындысы көгілдір түске боялады. Бауыры ақ немесе сарғылт.
- Сүйір тұмсықты көзінен жонына дейін созылған қара дақ жіңішкеріп барып бітеді. Шұбар өрнекті алқымы ақшыл түсті.
- Аналығы1200 - 3500 жұмыртқасалады, тек суда ұрықтанады.
- Судағы және құрлықтағы жәндіктермен, моллюскалармен, өрмекшілер - мен, қоректенеді.
- Сүйіртұмсық бақаның шөмішбалықтарын (дернәсілдерін) жыртқыш қоңыздар, ал ересек бақаларды көлбақа, сарбас жылан, сұр жылан, кейбір құстар (қалбағай, әупілдек), сүтқоректілер (борсық, түлкі) жейді.
- Қысты шұңқырларда, тышқандардың інінде, томар, қураған ағаштардың жапырақ үйінділерінің астында жатып өткізеді. Қысқы ұйқысы 6 - 7 айға созылады.
- Омыртқасыздардың сан алуан түрімен қоректенетіндіктен, экологикалық және шаруашылық маңызы бар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz