Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы



І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталы
2. Кәсіпорынның негізгі қорлары
3. Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі қорлар өндіріс сферасында функциянирленеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндіріс темпінің өсуі байланысты.
1. Қазақстан Республиасы Агенттігінің статистика бойынша үкімі 28.05.1999 ж. №17: «Негізгі қорлардың бар болуы және қозғалысы және материалды емес активтердің статистикалық есептемелерді құру бойынша құсқайлар».
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.09.1999 ж. №1308 үкімі: «Негізгі қорлар бойынша жылдық тозу мөлшерін бекіту туралы».
3. Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 04.12.1995 ж. №13-5-3/10068 хаты: «Негізгі қорлар субъектін бағалау туралы».
4. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің үкімі 21.10.1994 ж. №1178: «Қазақстан Республикасында негізгі қорларды индекстеу туралы».
5. Грабового П.Г. және Цая Т.Н. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру – М. 1999 ж.
6. Русак Н.А. Қаржылық талдаудың негіздері, Мн: Меркаванне, 1995 ж.
7. Савицкая Г.В. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қазметін талдау. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық: 1996 ж.
8. Снитко Х.Ф. Өнеркәсіптік кәсіпорында негізгі қорлар есебі, конспект шолуы. – Минск: Экаунт, 1993 ж.
9. Құрылыс экономикасы. Под. ред. И.С. Степанова, - М., 1998 ж.
10. Кәсіпорынның 2000 жылғы негізгі қорлар амортизациясының журналы.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Кәсіпорынның өндірістік қорлары

Орындаған: Қабиева Т.Т.
Тексерген:Нуралина К.Т

Семей қ. 2014 ж

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталы
2. Кәсіпорынның негізгі қорлары
3. Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика - бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі қорлар өндіріс сферасында функциянирленеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндіріс темпінің өсуі байланысты.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ал негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.

1. Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталы
Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады.Өндірістік капиталдардың бұлай бөлінуі олардың айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты.
Кәсіпорындарда өндірістік құрал-жабдықтар өндіріс үдерісінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Рыноктық экономика жағдайларында өндірістік құрал-жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарын сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық-заттай элементтерін - еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржылық ресурстарды авансылау жолымен жетеді. Еңбек құралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құндық нысанда көрінетін өндіріс құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады.
Қазіргі жағдайда ұзақ пайдалану айналымынан тыс активтердің жаңа түрлерінің бірі - материалдық емес активтер. Материалдық емес активтер - жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер. Олардың кәсіпорын активтерінің құрамында пайда болуы рыноктық қатынастарға көшуге, шаруашылықты дүниежүзілік практикасына жақындастыру қажеттігіне байланысты.
Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын біртіндеп, бөліп-бөліп тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді. Көшу үдерісін амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизациялық норма, ал бұл үлестің ақшалай көрінісін амортизациялық аударымдар деп атайды.
Амортизациялық аударымдар өндіріс шығындарына кіріктіріледі және өнімді өткізуден түсетін табыстан (түсім-ақшадан) қалыптасады. Негізгі қорлардың қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін амортизациялық аударымдардың жинақталған сомасы сан жағынан қорлардың өздерінің құнына тең болады; бұл қаражаттар негізгі капиталдардың тозу және істен шығу мезетіне дейін, яғни толық айналымы аяқталғанға дейін оларды сатып алуға пайдаланылуы мүмкін және негізгі капиталдарды қаржыландырукөздерінің бірі болып қызмет етеді. Негізгі капиталдар амортизациясының нормалары кәсіпорын қызметінің экономикалық жағдайларына қарай ажыратылуы мүмкін: олар пайдаланудың барлық мерзімі ішіндегі негізгі капиталдардың баланстық (бастапқы) құнына біркелкі үлестер түрінде (желілік әдіс); амортизациялық кезеңінің басында неғұрлым жоғары үлестер (региссиялық әдіс) белгіленуі мүмкін. Қазақстан Республикасы салық заңнамасында тіркелген активтердің (негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің) ішкі топтарының құндық балансына есептеу және амортизация нормалары белгіленген. Шаруашылық жүргізу практикасында сонымен бірге өндірісте техникалық прогресті ынталандыру үшін жеделдетілген амортизациялық әдіс пайдаланылады. Амортизацияны есептеу әдісі өнімді өндіру мен оны өткізуге жұмсалатын шығындардың мөлшері арқылы және осыған сәйкес кәсіпорынның табысы (пайдасы) арқылы кәсіпорындар қызметінің нәтижелеріне әсер етеді; бұл салықтарды өндіріп алу және кәсіпорындардың қарамағында қалдырылатын табысты пайдалану кезінде бөлгіштік үдерістерде бейнеленеді.
Айналым қорлары айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорларын кіріктіреді, олар әр түрлі сфераларға - өндіріске және айналысқа қатыстылығына қарай ажыратылады.
Айналым өндірістік қорлары да өндірістің әр түрлі жақтарын көрсетеді. Олардың бір бөлігі - өндірістік босалқы қорлар еңбек заттарының (предметтерінің) құнын (шикізаттың, сатымдық шала фабрикаттардың, негізгі және қосалқы материалдардың, отынның, ыдыстың, босалқы бөлшектердің), сондай-ақ белгіленген ең аз немесе шектік мөлшерлердің шектерінде еңбек құралдарының бір бөлігін де (арзан бағалы және тез тозғыш заттар) кіріктіреді. Басқа бөлігі - аяқталмаган өндіріс ұксату, өнімді жасау үдерісіне тартылған заттардың кұнын сипаттайды. Үшінші бөлік - болашақ кезеңдердің шығыстары - ағымдағы кезеңде өндірілетін, бірақ кейінгі кезеңдерде өнімнің өзіндік құны есебінен өтелетін заттар.
Айналыс қорлары айналыс сферасымен байланысты; оларға қоймалардағы дайын өнім мен тұтынушыларға жөнелтілген өнім, кассадағы және банктерде шоттардагы ақшалай қаражаттар, есеп-қисаптардағы қаражаттар, дебиторлық берешек жатады. Айналыс қорлары өндіріс пен айналысты қауыштырады.
Екі элементте - айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорлары құндық нысандардың: ақшалай, тауар, өндірістік, үстелінген тауар, үстелінген ақшалай нысандардың дәйекті ауысымдары жолымен қаражаттардың тұрақты, үздіксіз толық айналымын қамтамасыз етеді.
Айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорларына авансыланған ақшалай қаражаттар шаруашылық жүргізуші субъектінің айналым қаражаттары ретінде болады. Айналым қаражаттарының құрамы, құрылымы өндірістің әр түрлі тұрпаттары мен түрлері кезінде айтарлықтай ажыратылады. Мәселен өндірістік-шаруашылық қызметі ұқсатуға арналған материалдық компоненттердің жеткізілімдеріне байланысты болатын шаруашылық жүргізуші субъектілерде, машина жасауда, жеңіл өнеркәсіпте көлікжәне кепілді босалқы қорларды кіріктіретін өндірістік босалқы қорларының үлес салмағы жоғары болады; бұл салаларға айналым қаражаттарында аяқталмаған өндірістің жоғары үлес салмағы сипатты болады; бұл құрылыс саласы, ауыл шаруашылығы үшін де сипатты; саудада айналыс қорларының үлесі айтарлықтай. Айналым қаражаттарының жекелеген элементтері айналымының әр түрлі жылдамдығы болатындықтан айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымының факторларыолардың жалпы мөлшерінде және сонымен бірге қаржыландыру мүмкіндіктерінде бейнеленеді.
Айналым қаражаттары авансыланған ақшалай шығындардың орнын толтыру өнімді, тауарларды және қызметтерді өткізгеннен кейін және шаруашылық жүргізуші субъектілердің шоттарына түсім-ақша түскеннен кейін жүзеге асырылады, мұның өзі келесі толық айналымға еңбек заттарының кезекті үлестерін сатып алуға жағдай жасайды.
Өндірістік қорлардың толық айналымының жоғары баяндалған үдерістері жұмыс істеп тұрған субъектілер үшін сипатты болады.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі және айналым капиталдарының орны өнімді (қызметтерді) сатқаннан кейін және тиісті табыс түскеннен кейін толтырылады. Бұл табыстан амортизациялық аударымдар нысанында тозған негізгі капиталдардың орнын толтыру үшін қаражаттар қалыптастырылады ал өнімді өткізуден алынған табыстың басқа бөлігі айналым капиталдарының құрамына кіретін тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға бағытталады. Жаңа шаруашылық жүргізуші субъектілерді құру немесе оларды кеңейту кезінде қаражаттардың едәуір бөлігі құрылтайшылардың жарналары, акцияларды сатудан түскен қаржылық қаражаттарды тарту есебінен қалыптасады; мемлекеттік кәсіпорындар үшін - бұл бюджеттік және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары. Қаражаттардың бір бөлігі басқарудың жоғарғы буындарының - бірлестіктің, ассоцияцияның, министрліктердің, ведомстволардың орталықтандырылған қаржылық ресурстары есебінен авансылануы мүмкін. Соңғы уақытта қаржыландырудың көзі ретінде шетелдік инвесторлардың қаражаттары кеңінен пайдаланылып келеді.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірістік капиталдардың өсімін қаржыландырудың көзі олардың кәсіпорынның қарамағында қалдырылатын және тікелей осы мақсатқа бағытталатын, сондай-ақ қаржылық қорлар - өндірісті дамыту қоры (қорлану қоры), өндірістік және әлеуметтік даму қоры, қаржылық резерв, басқа инвестициялық қорлар арқылы жұмсалынатын таза табыс (пайда) болып табылады. Осы мақсатқа сонымен бірге банк кредиттері, негізгі капиталдарды қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді, айналым капиталдарын қаржыландыру үшін қысқа мерзімді кредиттер пайдаланылады. Өндірістік капиталдарды көбейтудің көзі бұдан басқа, айналымнан тыс активтердің (негізгі капиталдың) қайта инвестицияланатын бөлігі, айналым актционерінің шашыратылатын бөлігі, кредиторлық берешек, борышқорлық бағалы қағаздардың (облигациялардың) эмиссиясы, лизинг болып табылады. Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасау мен оның өсімін қаржыландырудың көздерін меншікті, тартылған және қарыз қаражаттарына топтастыруға болады. Айналым қаражаттарының аса маңызды құрамды бөлігі меншікті айналым қаражаттары болып табылады, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа қаражаттармен ара салмағы нақтылы рыноктағы кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының дәрежесін анықтайды.
Өндірістік капиталды пайдаланудың сипаты арнаулы қаржылық көрсеткіштерден көрінеді және кәсіпорынның қаржылық менеджменттің нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс (түсім-ақша) мөлшерінде, кәсіпорынның шығынында айқындалады. Түсім ақшаның ауқымы кәсіпорынның (ұйымның), фирманың өнім өндіру мен оны өткізуге жұмсаған шығындарының (ақшалай жұмсалымдарының) көлеміне байланысты болады.
2. Кәсіпорынның негізгі қорлары
Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе оперативті басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның функционирленуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.
Негізгі қорлар - бұл өзінің құнын бөлектеп жоғалатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.
Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.
Өндірістің әр бір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
1. Еңбекке заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);
2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс процесінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек процесінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.
Негізгі қорлар - бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектен ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі қорлар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорларына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер учаскілері, ғимараттар, құрылыстар және т.б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем экспонаттары және т.б.).
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.
Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдер ішінде пайдаланады, олар жәй-жәй тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.
Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).
Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса - тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.
Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:
● өндірістік - бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;
● өндірістік емес - тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.
Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:
● меншікті - ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;
● арендаға алынған - ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық ресурстар жайлы түсінік
Кәсіпорынның ауыспалы айналымы және капитал айналымы
Өндірістік айналым қорлары
Кәсіпорын - нарықтық экономиканың субъектісі ретінде
Меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі және оның себептері
Айналымды активтердің жіктелуі
Тауарлық материалдық қорларды бағалау
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері
Айналым қорлары
Пәндер