Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері



І Кіріспе
1.1 Көркем әдебиет
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Көркем әдебиеттің табиғаты
2.1.1.Көркем әдебиеттің ерекшелігі
2.1.2. Көркем әдебиеттің мәндері
2.2. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма
2.2.1. Әдеби орта
2.2.2. Автор мәселесі
2.3. Әдеби туынды
2.3.1. Әдеби туындының мазмұны
2.3.2.Әдеби туындының құрылымы
ІІІ Қорытынды
Көркем әдебиет искусствоның бір саласы. Көркемөнер беске бөлінеді: архитектура (сәулет өнері), скульптура (мүсін өнері), живопись (сурет өнері), музыка және әдебиет (сөз өнері). Теоретиктердің айтуынша, әдебиет көркем өнердің ең негізгі саласы болып есептеледі. Көркемөнердің басқа түрлері бірінің жұмысын бірі атқара алмайды. Сөз өнері арқылы сәулетті сарайдың көрінісін де, құйып қойғандай адамның кескінін де, табиғаттың көрікті суретін де жасауға болады. Көркем әдебиетте кездесетін талай сұлу портрет, талай тамаша табиғат суреттері өмір құбылысын дәл, шындық бейнеде бере алумен қатар, оны оқушылары сол құбылыстың қыбы мен қимылын сезінгендей дәрежеде жанды, жайнақы түрде суреттей алады. Бұған скульптура, живопись не басқаларының мүмкіншілігі жоқ. Сөз өнерінің құдіретті күшімен ақын, жазушылар оқушыларын қуанта да, қайғырта да, күлдіре де, жылата да алады.
«Әдебиет» — араб сөзі, көркем сөз, сөз асылы деген мағынада. Орысша «литература» дейді (littera латынша — әріп). Көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшелігі — өмірдің, өмір құбылысының бейнесін көркем сөз арқылы суреттеу, сөз арқылы адам образын жасау. Көркем әдебиеттің алғашқы түрі — халық ауыз әдебиеті (фольклор). Ол адам баласының ой-санасы сәби кезеңінде туса да, ауыз әдебритінің, жақсы үлгілерінен біз айтайын деген ой-сезімін сурет (образ) арқылы береді. Жазудың шығуымен байланысты ауыз әдебиетінің орнын жазба әдебиет алады да, оны біртіндеп ескі заманның мұрасына айналдырады, бірақ ол аз уақыттың ішінде бола қоймайды. Мәдениеттен кенже қалған кейбір халықтың жазба әдебиеті мен ауыз әдебиеті алғашқы кезде қатар дамуы да мүмкін.
1.З.Қабдолов « Сөз өнері» Алматы 1986ж
2.Б.Кенжебаев «Әдебиет теориясы» А 1982ж
3.Б.Кенжебаев «Әдебиет тарихы» А 1986ж
4.Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.23-42 б.
5. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 45—69 б.
6. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері; Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері; Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы;

ОРЫНДАҒАН: САКЕН Б.Қ.
ТЕКСЕРГЕН: ҚҰРМАМБАЕВА Қ.С.

СЕМЕЙ 2015
І Кіріспе
1.1 Көркем әдебиет
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Көркем әдебиеттің табиғаты
2.1.1.Көркем әдебиеттің ерекшелігі
2.1.2. Көркем әдебиеттің мәндері
2.2. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма
2.2.1. Әдеби орта
2.2.2. Автор мәселесі
2.3. Әдеби туынды
2.3.1. Әдеби туындының мазмұны
2.3.2.Әдеби туындының құрылымы
ІІІ Қорытынды
Көркем әдебиет искусствоның бір саласы. Көркемөнер беске бөлінеді: архитектура (сәулет өнері), скульптура (мүсін өнері), живопись (сурет өнері), музыка және әдебиет (сөз өнері). Теоретиктердің айтуынша, әдебиет көркем өнердің ең негізгі саласы болып есептеледі. Көркемөнердің басқа түрлері бірінің жұмысын бірі атқара алмайды. Сөз өнері арқылы сәулетті сарайдың көрінісін де, құйып қойғандай адамның кескінін де, табиғаттың көрікті суретін де жасауға болады. Көркем әдебиетте кездесетін талай сұлу портрет, талай тамаша табиғат суреттері өмір құбылысын дәл, шындық бейнеде бере алумен қатар, оны оқушылары сол құбылыстың қыбы мен қимылын сезінгендей дәрежеде жанды, жайнақы түрде суреттей алады. Бұған скульптура, живопись не басқаларының мүмкіншілігі жоқ. Сөз өнерінің құдіретті күшімен ақын, жазушылар оқушыларын қуанта да, қайғырта да, күлдіре де, жылата да алады.
Әдебиет -- араб сөзі, көркем сөз, сөз асылы деген мағынада. Орысша литература дейді (littera латынша -- әріп). Көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшелігі -- өмірдің, өмір құбылысының бейнесін көркем сөз арқылы суреттеу, сөз арқылы адам образын жасау. Көркем әдебиеттің алғашқы түрі -- халық ауыз әдебиеті (фольклор). Ол адам баласының ой-санасы сәби кезеңінде туса да, ауыз әдебритінің, жақсы үлгілерінен біз айтайын деген ой-сезімін сурет (образ) арқылы береді. Жазудың шығуымен байланысты ауыз әдебиетінің орнын жазба әдебиет алады да, оны біртіндеп ескі заманның мұрасына айналдырады, бірақ ол аз уақыттың ішінде бола қоймайды. Мәдениеттен кенже қалған кейбір халықтың жазба әдебиеті мен ауыз әдебиеті алғашқы кезде қатар дамуы да мүмкін. Мәдениеттің өсуі, хат білмейтіндердің біртіндеп жойылуы, ауызша шығаратын ақындардың өз өлең-жырларын қағазға түсіру мүмкіншілігі бірте-бірте екеуінің арасындағы шекті де жойғынға ұқсайды. Көркем әдебиеттің образ жасаудағы құралы -- сөз. Тіл қорынан сөздердің ең керектісін таңдап, талғап ала білудің және оларды сөйлемнің құрамында шебер қиюластырудың арқасында жазушылар адам ойының түюі мен сезім түйсігінің әр алуан құбылысын суреттеп бере алады. Бұл -- оны көркем өнердің ішінде өмірді әрі толық, әрі кең суреттейтін сегіз қырлы және халыққа көп тарайтын түрі ететін шарттың бірі.
Суреттілік (образдылық). Жазушы шындық болмыстың картинасын көрсеткенде, оны жанды етіп суреттеу арқылы, ол суреттеген нәрсесіне өзінің қалай қарайтынын да көрсетеді: бұл суреттерге ол қуана ма, ызалана ма, болмаса аяй ма, қайғыра ма, жек коре ме, т.б., қысқасы, осылар туралы өзінің сезімін және көзқарасын анық көрсетеді. Көркем әдебиет шындық болмыстың жай-жапсарын сурет арқылы көрсетеді. Өмір шындығын сурет (образ) арқылы көрсету -- деп (әңгіме адам турасында ма, олардың қатынасы жөнінде ме, олардың сезімі жөнінде ме, жаратылыс туралы ма, айналамыздағы басқа нәрсе жөнінде ме, бәрі бір) шындық болмысты өзіміз қалай сезінеміз, қайткенде өз басымыздан өткізгендей етіп түсіне аламыз. Міне, тап солай етіп суреттеуді айтады.
Типтік бейне. Көрсетейін деген болмысты суреттеу үшін, оның кескінін беруге лайықты, ең керекті мінез-құлықтарды жинақтап көрсету біздің өмірді, адамды тануымызды терендетеді, өмірді түсінуімізге көмектеседі. Сөйтіп тып дегеніміз -- бүкіл бір топ адамдарға тән қасиеттерді бір адамның басына жинақтап, нанымды етіп көрсету деген сөз. Жазушы бар нәрсені көркем образ арқылы суреттеп, басқаларға жеткізу үшін, ол творчестволық қиялға сүйенеді. Әр адамда болатын ерекшеліктерді жазушылардың бір образда көрсетушіліктері -- сол творчестволық қиалдың атқаратын жұмысы. Евгений Онегин, Манилов, Обломов, Собакевич, т.б. шынында тап сол қалпында кәдімгідей болған адамдар емес. Бұл образдар -жазушылардың көркем қиялдары арқылы жасалған образдар, бірақ бұл образдардың негізінде шындық жатқандығына, олардың қалай жасалғандығының тарихын тексерсек, оп-оңай сенеміз.
Шындық және суреттілік. Әдебиет шығармаларындағы көркемдіктің шегі әртүрлі. Қоғам өмірінің ең маңызды жақтарын алып, оны өте ашық образбен кең түрде суреттеген шығарманы ең көркем шығарма деп есептейді. Дүние жүзі әдебиетінің тарихында үлкен, ашық суретті образдар берген және өмір кұбылыстарын кеңірек қамтып, суретті үлкен қорытулар жасаған талай дана жазушылар болған. Шекспирдің Гамлеті, Сервантестің Дон-Кихоты, Гетенің Фаусы, Әуезовтің Абайы, т.т. -- қоғам өмірінің зор суреті, дәуір өзгерістерінің белгісі, солардың қорытындысы. Суреттеудің ашық, айқын болуы, суреттеген нәрсесіне лайық болуы, соның өмірдегі шындығына жұрт нанғандай болуы, шығарманың кейбір кейіпкерлері қатынасқан үлкен көріністерде де, оның мінезін суреттегенде де колданылады. Оқиғаны барлық жағынан алып көрсету үшін оның мәні зор. Дон-Кихоттың жел диірменмен соғыс ашқан жері суреттілік жағынан өте күшті. Бұл көріністе Дон-Кихоттың ісін оның аттаныстарының ішкі сыры өте толық және айнаға түскендей айқын көрінеді. Дон-Кихот деген ат бізге қандай күлкілі болып көрінсе, осы жердегі Жел диірменмен соғысу деген сөйлем де сондай күлкілі болып естіледі. Бірақ образдың көркемдігі тек қана автордың таланттылығына байланысты емес. Өз табының пайдасына дәл келтіремін деп, өмірді теріс көрсетіп, шындығы жоқ кескін беретін жазушылар әдебиетте аз кездеспейді.
Кейде бір шығарманың өзінде де бір образдың сәтті, екіншісі сәтсіз шығуы мүмкін. Мысалы, Гончаровтың Обломов атты романын алсақ, Обломов образы өз ортасының шындығына дәл, маңызы терең, тамаша үздік көркем образ. Ал сол романда оған қарсы қойылатын Штольцтің образы Обломовтан анағұрлым әлсіз, анағұрлым солғын. Романды оқып шыққанда Обломов өзінің мінез-құлық, іс-әрекеті, бойкүйез жалқаулығымен нақтылы тірі адамдай көз алдыңда тұрады. Штольц олай емес, өйткені жазушы Штольц образын жасауда аяғын шалыс басып алған. Ол Штольцті жаңа туып келе жатқан капиталистердің өкілі етіп көрсетті, сондықтан оны ағартушы, епті, өмірге икемді, қысқасы, жақсы, ұнамды образ етіп көрсетуге күш салады. Автор капиталистердің сол кездегі шындығына тән көп жайттарды терең суреттемей, қарпи шаншып қана өте шығады. Жаңа туып келе жатқан капиталистердің өкілдеріне тән дүниеқоңыздық, жұмыртқадан жүн қырыққан пайдакүнемдік, жемқорлық, арынан айырылған дүние қорлықтар Штольцте жоқ. Сондықтан Штольцтің образы өз ортасының шындығына тән образ емес, жасанды образ болып шыққан.
Әдебиеттің тарихилығы. Қандай әдеби мұраны алсақ та, одан сол халықтың өмір тіршілігінің бір көрінісін аңғаруга болады. Сыншы В.Г.Белинский: Халықтардың сәбилік дәуіріндегі ой-санасы ең алдымен олардың поэзиясында көрінеді, өйткені мәдениеттің және білімнің қандай сатысында тұрса да, әрбір халықтың, әрбір тайпаның өзіндік поэзиясы болады. Халық немесе бір тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес, -- дейді. Қазақ халқының ауыз әдебиеті де әріден келе жатқаны және онда халықтың ой-санасы, күрес-тартысы, тіршілік әрекеттері айқын көрініп отыратындығы ұлы сыншының жоғарғы айтқан пікірінің дұрыстығын дәлелдеді. Сонымен қатар ауыз әдебиеті сол елдің тарихи-әлеуметтік жағдайларымен байланысты туатындығын көрсетеді. Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні. Көркем әдебиет өмір құбылыстарының әр алуан жақтарын суреттеу арқылы көз алдымызға елестетіп, ой, сезімімізге әсер етеді. Әлеумет өмірінде адамдарда болатын әртүрлі құбылыстарды, мінез-құлықтарды жинақтап ұнамды, ұнамсыз образдар жасайды. Оқушыны жаманшылықтан қашырып, жақсылыққа жетектейді, тәлім-тәрбріе береді, таптар арасындағы қайшылықтарды суреттеп, шындықтың бетін ашады, күреске шақырады.
Көркем әдебиет оқушыларының эстетикалық сезімін оятып, әдемілікті сезінуге, мінез-құлықтарын жақсартуға көмектеседі. Көркем әдебиет қоғамның даму процесінде, тап күресінде туады да және сол күрестің дамуына әсерін тигізеді. Мысалы, М.Горькийдің Ана романы Россиядағы реакциялық жылдарында дүниеге келді. Роман жұмысшыларды революциялық жігерлі күреске, жеңіске шақырды. П.Власов, ана, т.б. революционерлердің қаһармандық, ерліктерін суреттеу арқылы жазушы жұмысшы табының жеңіп шығатындығына оқушыларын нық сендірді. 1905 жылғы жеңілуден кейін, орыстың дворян-буржуазия жазушылары, декаденттер оқушы жұртшылығын әлеумет өміріндегі күрес-тартыстан аулақтатуға тырысты. Әдебиет, искусство әдемілікті жырлауы керек деді, революцияшылдық идеяны жыр еткен жазушыларды шенеп, оларға барынша қарсы шықты. Өздерінің реакцияшылдық идеясы арқылы оқушыларын теріс бағытқа жетектеді. Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармапарда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлықбаяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде апатын орнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр. Стилистердің бір тобы (Л. Н. Максимов, Н. М. Шанский, Н. А. Мещерский, К. А. Панфилов т. б.) көркем әдебиет тілін функциональдық стильдерден тыс, мүлдем бөлек тілдік құралдар жүйесі деп қараса, P. А. Будагов, А. И. Ефимов, И. Р. Гальперин, Э. Г. Ризель, М. Н. Кожина, Б. Н. Головин, A. Н. Васильева, Д. Э. Розенталь, A. Н. Гвоздев сияқты ғалымдар Көркем әдебиет стилін басқа стильдермен "терезесі тең", себебі көркем әдебиет те тіл қолданудың аясы болып табылады әрі әлеуметтік қызмет атқаруға қатынасады, ал эстетикалық қызметі сол әлеуметтік қызметтің бірі деп санайды
Әдебиет теориясы-әдебиеттану ғылымының ең негізгі саласының бірі. Әдебиет теориясының зерттеу обьектісі-сөз өнері, негізгі міндеті-әдебиет сүйгіш қауымға сөз өнерінің эстетикалық табиғатын таныту. Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиетттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып-білуге болады. Әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатысын білу, әдебиеттің өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, керек десеңіз, күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатты тану мүмкін емес. Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары-ойдан туа салған нәрсе емес, kәдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең талдау, байыптау нәтижесінде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар. Әдебиет теориясының толғамдары әдебиеттің тарихын негізге алумен бірге, әдебиеттің сынымен тығыз байланысып жатады. Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің әлеуметтік мәнін, өзіне тән ерекшеліктерін, әдеби құрылыстардың қоғамдық негізін, әдебиеттің даму заңдарын, әдеби әдіс, ағым (бағыт), олардың туу себептерін, дамуын және бір-бірімен байланысын қамтиды. Әдебиет зерттеушілері көркем шығарманы, ол туралы ой-пікірлерді, әр ақын-жазушының шығармашылық жолын, көркем әдіс пен бағыттың, әр алуан жанрлардың туу, қалыптасу және даму тарихы мен ерекшеліктерін зерттеуде. Егер әдебиет теориясы әдебиет тарихының көркем нұсқаларды зерттеу арқылы тапқан деректеріне негізделсе, әдебиет тарихы сондай-ақ өз ізденістерін жүргізуде теориялық принциптер мен тәсілдерді пайдаланады. Әдебиет теориясы-әдебиеттану ғылымының ең негізгі саласының бірі. Әдебиеттің теориясын жақсы білу-әдеби шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін жете түсіну үшін керекті шарт. Әдебиет теориясының предметі-сөз өнері, өмір шындығын бейнелеудің ерекше түрі ретінде танылады және шығармашылықтың ең ірі заңдарын зерттейді. Ірі поэтикалық заңдар арқылы творчестволық ағыстың ерекшеліктері белгіленеді және әдебиеттің атқаратын эстетикалық, көркемдік ролі анықталады. Демек әр суреткердің шығармашылығы халықтың өмірі мен және белгілі бір қоғамдағы таптың идеологиялық күресімен байланысты екені даусы сөзсіз. Сондықтан сөз өнері тек эстетикалық роль ғана атқармайды, оның әлеуметтік функциясы да бар, яғни белгілі бір қоғамның тарихи шындығын бейнелеу, бірақ, әдебиет теориясы-әдебиетті қоғам санасы көрінісінің бір түрі ретінде де қарастыратын ғылымның бірі, яғни әдебиеттің халықтығы, партиялығы осы түсініктен шығады. Әдебиеттануға кіріспе әдеби-теориялық мәселелердің, поэтикалық заңдардың, әдеби түсініктер мен категориялардың алғашқы түсініктерін беріп әдебиеттану ғылымымен таныстырса, ал Әдебиет теориясы сол білімдерді нығайтып тереңдетеді. Әдебиет теориясы үш тараудан құрылады: 1) әдебиет теориясының жалпы түсініктері (категориялары); көркем шығарма талдау; 3) әдеби ағыс. Қорыта айтқанда, әдебиет теориясының мақсаты-тарихи-әдеби ағысты, дүниетанудың түрлерін, олармен байланысты творчесволық түрлерді типологиялық тұрғыда зерттеу. Әдебиет теориясының жолы ұзақ та күрделі. Оның дамуы шығармашылық тәжірибелілікпен және адамдардың өмір мен өнер туралы көзқарастарының өзгерістерімен байланысты болатындығын атап көрсетеді әдебиеттанушы ғалым М.Қадралинова. Әдебиет теориясы туралы ой-пікір мен көзқарастар ерте заманнан бері айтылып келеді. Әдебиеттің теориясынан ең алғашқы еңбектердің бірі-көне грек елінің философы-Аристотельдің Поэтикасы Аристотель өзінен бұрынғы философтар мен теоретиктерден гөрі әдебиет мәселелерін басқаша қарастырады.Әдебиет теориясының басы аталған бұл кітап 26 тараудан тұрады, поэзия туралы еңбек.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода - баллада - эпиграмма - памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, Жанр, Түр, Тек, Әр түрлілік терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII - XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда жанр ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді [41,121].
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің Эстетика еңбегінде [11,67], А.Н. Веселовскидің Исторической поэтике шығармасында [10,35] және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер бұзды. Олар шығармашылық бостандығын тәртіптерден жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм дәуірінде орын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері жайлы
Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы. Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы туралы ақпарат
Көркем әдебиеттегі ұлттық сипат мәселесі
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы жайлы мәлімет
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Пәндер