Стенобионттық және эврибионттық организмдер туралы мәлімет


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т. с. с. экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың экологиялық мәні.

Орындаған: Турарова Н. Қ

Тобы: ВС-403

Тексерген: Мурзалимова А. К

Семей, 2015 жыл

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Стенобионттық және эврибионттық организмдер.

2. 2 Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т. с. с. экологиялық мәні

2. 3 Абиотикалық факторлардың экологиялық мәні.

ІІІ. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Абиотикалық факторлар (гр. ‘a’ - теріс және bіotіkos - тірішілік, өмір) - бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.

Абиотикалық факторлар - өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне және таралуына әсер ететін ортаның барлық неорганикалық факторларының жиынтығы. Солардың ішінен физикалық, химиялық және эдафикалық (топырақты) түрлерін бөліп қарастырады. Абиотикалық факторлардың ішінен, сондай-ақ климаттық (температура, ауа ылғалы, жел және т. б. ) және сулы ортаның гидрографикалық факторлар (су, ағыс, тұздылығы және т. б. )

Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т. б. ), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т. б. ), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т. б. ) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т. б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.

Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды

2. 1 Стенобионттық және эврибионттық организмдер.

Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В. Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік) . Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар) . Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.

2. 2 Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т. с. с. экологиялық мәні

Негізгі абиотикалық факторлардың ағзалар өміріндегі экологиялық мәні.

Ортаның абиотикалық факторлары. Жердегі тіршіліктің тұрақтылық шегін анықтайды, олардың табиғаты физикалық-химиялыққа жатады. Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады.

  • Жарық

Жарық өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне тікелей қатысты, әртүрлі рөл атқаратын экологиялық маңызды фактор. Жер шарындағы барлық тірі материяның пайда болуы мен тіршілігі осы космостан келетін күн жарығына байланысты. Физикалық тұрғыдан қарайтың болсақ жарық энергия түрі, толқынды түрде сәулеленетін электомагниттік табиғаты бар фактор.

Қөрінетін жарық ағзаларға әр түрлі әсер етеді: қызыл сәулелер -жылулық, көк және күлгін - биохимиялық реакциялардың жылдамдығы мен бағытын өзгертеді. Жалпы алғанда жарық өсімдіктердің даму жылдамдығына, белседілігіне, қоршаған ортаның ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне әсер етеді, тәуліктік және маусымдық циклдерді қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Әрбір мекен ету ортасы жарық күшімен, мөлшерімен және сапасымен анықталатың белгілі бір жарық режимімен сипатталады.

Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын бөліп көрсетуге болады: гелиофиттер (грек тілінен аударғанда helios - күн, phyton - өсімдік), сциофиттер (грек тілінен аударғанда skia - көлеңке), және көлеңкеге төзімді өсімдіктер - факультативті гелиофиттер (латың тілінен аударғанда facultatis - мумкіндіғі бар) .

Жарық сүйгіш түрлер (гелиофиттер ) -жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі (бидай, қарағай (сосна), майқарағай (……), күнбағыс-(подсолнух), итошаған (череда), қойжелкен (……. ) ) .

Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) - күшті жарықты көтере алмайды, үнемі (всегда, постоянно) көлеңкеде, орманның көлеңкесінде өседі (орманда өсетін шөптесін өсімдіктер, папортниктер, мүктер) . Кесілген орманның орнындағы шөптер тіршілігін сақтай алмайды.

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) - жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көтереді (орманның көптеген өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталары) .

Жануарлар күндізгі, түнгі және қас қарайғанда (сумерки) тіршілік ететін жануарлар болып бөлінеді. Сонымен қатар жарық күнді қөтере алмайтын, тек қараңғыда тіршілік ететін (топырақ жануарлары, ұнгірлер (роющие норы көртышқкан -крот) мен терең жерлерде мекендейтін) жануарлар, жануарлар мен өсімдіктердің ішкі паразиттері де бар.

4. 2. Температура.

Организмдегі зат алмасу процестерінің интенсивтлігіне әсер ететін аса маңызды экологиялық факторлардың бірі - температура. Ол тірі организмдердің биосферада таралуына үнемі әсер етуші фактор. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады. Өсімдіктердің денесінің өзіндік температурасы болмайды. Олардың жылу реттунің анатомо- морфологиялық және физиологиялық механизмдері ағзаны қолайсыз температуралардан қорғауға бағытталған. Ылғалдылық жетіспейтін жоғары температуралы белдеулерде тарихи даму барысында жапырақ бетінің ауданы кіші немесе жапырақтары болмайтың өсімдіктердің морфологиялық типі қалыптасқан. Көптеген шөл өсімдіктерінде ақшыл-түкті (белесый- волосяной) жабыны болады. Бұл бейіделушілік күн сәулелерін шағылыстырып, өсімдікті шектен тыс қызып кетуден қорғайды (құм қарағайы) (………. . ) .

Пойкилотермді ағзалардың (грек. тілінен аударғанда poikilos - алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температурасы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жок. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасына тәуелді болады. Пойкилотермді жануарларға омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер жатады.

Гомойотермді ағзаларға (грек. тілінен аударғанда homoios -бірдей) -зат алмасу денгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады. Мұның өзі олардың денесінің температурасының салыстырмалы түрде турақты болуын қамтамасыз етеді.

Салқынқынды жануарлардың зат алмасуының жылдамдылығы сыртқы ортаның температурасына тура пропорционал, ал жылықанды жануарларда керісінше, температура төмендегенде жылу бөліну артады, яғни зат алмасу процестерінің жылдамдығының артуы жылу өндірудің артуына әкеледі

Пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура аутқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді және температураның айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге болады. Пойкилотермді жануарлар температура бірден төмендеп кеткен жағдайда анабиоз жағдайына өтеді. Анабиоз вирустарда, бактерияларда, омыртқасыздарда, қөсмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, қыналарда, мүктерде байқалады.

Гомойотермді ағзаларда жылу реттеулінің механизмдері химиялық және физикалық болып бөлінеді. Химиялық механизмді ағзадағы реакциялардың интенсивтілігі қамтамасыз етеді де, рефлекторлық жолмен жүзеге асады. Жылу реттеулінің физикалық механизімін жылу сақтау жабыны (қаурсындар (перья), жүн, май қабаты), тері бездерінің қызметі, тыныс алу кезіндегі ылғалдың булануы, қан айналудың қан тамырлық реттелуі қамтамасыз етеді.

Пойкилотермді және гомойотермді жануарлар арасында аралық жағдайда гетеротермді жануарлардың орналасады. Оларда белсенді жағдайда дене температурасы салыстырмалы түрде жоғары және тұрақты болса, ал тыныштық қүйінде дене температурасының сыртқы орта температурасынан айырмашылығы болмайды. Бұл жануарларда ұйқыға кеткен кезде зат алмасу деңгейі төмендейді де, денесінің температурасы қоршаған орта температурасынан аздап қана жоғары болады. Гетеротермді жануарлардың өқілдері (представители) ретінде -сарышұнақ (грызуны), кіріп (ежик), жарғанат (летучая мышь), аю, үйректұмсық (утконос), кенгурулар мысал бола алады.

  • Ылғалдылық.

Су тірі ағзалардың өмірдегі маңызды экологиялық фактор және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады. Қоршаған ортаның ылғалдалығы ағзалардың жер шарында таралуы мен санын шектейтін маңызды фактордың бірі. Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындарының өткізгіштігі маңызды рөл атқарады. Су режиміне баланысты өсімдіктер мен жануарлардың мынадай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйгіш және орташа ылғалдылықты сүйгіш деп бөліп қөрсетуге болады.

Ылғалды қажеттілгіне қарай өсімдіктер төмендегіндей топтарға бөлінеді:

  1. Гидатофиттер(грек тілінен аударғанда hydrator-су) - су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе тлығынан суға батып тұрады(элодея, тұңғиықгүл (. . ) т. б. ) .
  2. Гидрофиттер(грек тілінен аударғанда hydor -су) -құрлық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ (стрелолист) ) .
  3. Гигрофиттер(грек тілінен аударғанда hydros - ылғалды) - ылғалдығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда - батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.
  4. Мезофиттер(грек тілінен аударғанда mesos - орташа, аралық) - қоныржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапыпақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арам-шөптер жатады.
  5. Ксерофиттер(грек тілінен аударғанда xeros - құрғақ) - құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.

а) суккуленттер (латын тілінен аударғанда succulentus - шырынды) - ұлпаларында суды көп мөлшерде қоға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава) .

б) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros - құрғақ, қатты) - құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ (верблюжья колючка), жусан (полынь), боз селеу (серебристый ковыль) ) . Бұл өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа (чешуя) айналған.

Қурлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі:

1. Гидрофилдер ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері (моллюски) мен амфибиялар) .

  1. Мезофилдер-орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер (насекомые), құстар, сүтқоректілер) .
  2. Ксерлофилдер - жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырмен жорғалаушылары) . Бұл жануарлардың өзіндік бейімделушіліктері пайда болған. Мысалы, шөл тасбақалары суды қуығында қорға жинайды. Кейбір сұтқорктілер май қабатының тотығ - нәтижесінде пайда болған метаблиттік суды пайдалануға бейімделген. Метаболиттікуы судың есебінен қөптеген бунақденелілер, түйе, құйрықты қой, тышқандар тіршілік етеді.

2. 3 Абиотикалық факторлардың экологиялық мәні.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні жайлы ақпарат
Абиотикалық факторлар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлар туралы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz