Саясат тарихы жайлы
1.Ортағасырлық және қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар мен саясаттың дамуы.
2.Марксистік саяси идеялар.
3. Қазақ даласындағы саяси ой.пікірлер.
4.ХХ ғасырдағы саяси ілімдер
2.Марксистік саяси идеялар.
3. Қазақ даласындағы саяси ой.пікірлер.
4.ХХ ғасырдағы саяси ілімдер
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалыктың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақ-сүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354—) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Саясат тарихы
Орындаған: Омарбекова Е. Е.
Тексерген: Мамырбеков А.М.
Семей қаласы, 2015 жыл
1.Ортағасырлық және қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар мен саясаттың дамуы.
2.Марксистік саяси идеялар.
3. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.
4.ХХ ғасырдағы саяси ілімдер
Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріңдегі саяси ұғымдар.
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V -- XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалыктың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақ-сүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354 -- ) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225 -- 1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты -- "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалык билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс. Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те пайғамбардың қолында болу керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасарлары -- халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де құдайдікі деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсуйек-сұлтандарға ауысты. XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атанды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс -- реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында қарама-қайшылықтар тудырды. Мұны біз олардың еңбектерінен де көреміз. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469 -- ) болды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы". Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан карады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ peт қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсілді ақтайды" деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді. Жаңа замаңдағы саяси ой XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588 -- ) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың кұқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты. Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689 -- ) әр халыктың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық -- заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төнкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді. Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712 -- 1778) ұсак, буржуазияның, шаруалардың мүлдесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі тендік, ал тендік саясатға ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек. Руссо тікелей халык билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті. Жаңа заманды сөз еткенде ең алдымен Америка Құрама Штаттарындағы тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі саяси ілімнің алатын орны зор. XVII-XVIII ғасырларда Солтустік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды. Колониялар метрополиялардан толық тәуелді болатын. 1775 -- жылдары Америка халқының ағылшындарға қарсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғысы болды. Бұл соғыс демократиялық идеялардың дамуына қуатты түрткі болды. АҚШ-тағы қиян-кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т. Джефферсон, Т. Пейн жақтаса, ірі буржуазияның саяси көзқарасын А. Гамильтон қорғады. Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743 -- ) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат -- Америка Құрама Штаттарының "Тәуелсіздік Декларациясын" жазды. Мемлекеттік өкіметті құрап, оны бақылау құқынан еш адамды шеттетуге болмайды. Егер өкімет халык құқын қорласа, ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болады. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халык егемендігін жақтады. Бұл дуниежүзілік прогрестің рөлі АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясында одан өрі дамытылды. Онда тендік, бостандық, көтеріліс жасауға құқы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи құқы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары туруы керек. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандықка, бақытка тырысуына құқы бар делінген. Джефферсон үкімет тарапынан жеке адамның құқын бұзу қаупі тумауы үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсақ өндірушілердің мақсатын көздеп, фермерлердің демократиялық республикасын аңсады. Тәуелсіздік үшін курес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737 -- ) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, тендікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б. жатқызды. Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады. Үкіметтің мақсаты -- қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты -- жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика. Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шакырды. Бейбітшілікті сақтамайтын үкімет қулатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады. Т. Джефферсон мен Т. Пейннің қажырлы еңбегінің арқасында жазылып, 1776 жылы 4 шілдеде бекітілген Америка Құрама Штатғарының Тәуелсіздік Декларациясының негізгі қағидалары мынадай: барлық адамдардың жаратылысынан өмір сүруге, бостаңдыққа, меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке кұқы бар; халық -- өкіметтің қайнар көзі және егемендік соған тән, үкімет -- халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына жұмыс істеуі керек, егер олай болмаса, халық өзіне ұнамсыз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот өкіметі болып бөлінуі керек және т.б. Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724 -- ). Оның саяси пікірлері "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектерінде баяндалған. Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар-намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алуы керек. Кант мұны "категориялык императив" деп айтады. Оның мәні -- әрбір адамның іс-әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс. Кант басып алушы, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерелейді. Ол әр турлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы халыкаралық сауда мен өзара қарым-қатынасты, бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп біледі. XVIII ғ. аяғы -- XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Оның біріншісі -- капиталистік катынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі -- алдымен Англияда, сосын Франция және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп езгерістері (ірі машиналы иңдустрияның мануфактуралық өндірісті алмастыруы) капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм (ерікті, азат деген латын сөзінен шыққан) болды. Сонымен қатар капиталистер мен пролетариаттың арасындағы таптық курестің удеуіне байланысты кер-тартпалық пікірлер де туа бастады. Пролетариат куресінің алғашқы кезеңінде өз үмітін Сен-Симон, Фурье, Оуэн сияқты утопялық социалистердіқ іліміне артты. Олар буржуазия орнатқан тәртіптерді қатты сынады. Жұмысшы табының өмірі қаншалықты ауыр екенін сипаттады. Сен-Симон бірінші болып әркім қабілетіне қарай жұмыс істейтінін және еңбегіне қарай ақы алатын қоғамдық құрылымның болу мүмкіндігі туралы пікір айтты. Фурьеге дейін еңбекті адамға жіберілген қарғыс, жаза деп санайтын. Ал Фурье еңбекті адам үшін рақатқа айнала алатыны және айналуға тиіс екеш жайында мәселе көтерді. Ол еңбек ету құқын бірінші орынға қойды. Оуэн өнеркәсіп революциясының маңызын жоғары бағалады. Утопист-социалистер қала мен деревня арасындағы, дене еңбегі мен ой еңбегі арасындағы қарама-қарсылықты жоюдың қажеттілігін ұсынды. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды. Утопист-социалистердің озық ойларынен катар кемшіліктері де болды. Олар қоғамдық дамудың заңдылықтарын түсінбеді, қоғамдық өмірді қайта құрудың шынайы жолдарын көрмеді, жұмысшы табына тек жапа шегуші тап деп қарады. Марксистік саяси идеялар XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды. Карл Маркс (1818 -- ) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі -- тарихты материалистік турғыдан тусіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырың, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы терең келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және коғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы -- капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш -- жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат -- буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы. Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролетариаттың өзінің меншікті саяси партиясы -- коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы козғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді. Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Ленин (1870 -- ) болды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының заңдылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды. Ленин, Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады (бұған дейін марксистер социализмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігінде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын). Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту турлерінің сан алуан болатындығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты. Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті. Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фәлсафасының негізің салушылардың бірі -- біздің қандас бабамыз ойшыл әл-Фараби. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби 870 -- жылдары өмір кешті. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) кала-сында туды. Жасында сонда оқу-тәрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды. Оны әріптестері көзі тірісінде-ақ "екінші Аристотель" деп атаған болатын. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты "Рақымды қала тұрғындарынын көзқарасғары туралы", "Азаматтық саясат", "Бақытқа жету жолдары". "Саясат туралы" деген еңбектері бар. Ұлы ойшыл "Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы" деген саяси трактатында мемлекетті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ыкпал етеді. Сондықтан адамдарды бір-біріне көмектестіріп, барлық жұрттың жақсы тұрмысына қам жеп, қамқорлық жасаған мемлекет қана өз міндетін атқара алады. Әл Фарабидың ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін -- ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек. Әл-Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бакытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, кайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды. Әл-Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтатты. Оның айтуында, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс-әрекетінің, жұмысының, тынымсыз ізденуі мен оқу-үйрену нәтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деді. Ұлы дана халықтар достығын иасихаттады. "Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады" деген сөздері тап бүгінгі күнге сәйкес келіп тұрғандай ғой (Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. А., 1972, 305-6). Бабамыздың "Ғылымды топтастыру және анықтау туралы кітап" деген еңбегін дүние жүзі ғалымдары жоғары бағалады. XI -- XII ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz