Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы туралы мәлімет



1.Табиғатты қорғау мәселелері
2.Ерекше қорғалатын территориялар
3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
Экология ғалымының негізгі мақсаты – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәнежесінің жоғары болуына ықпал ету.
Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығымен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1]Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера ” атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.
1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселереі көтерілді.
1972 жылы Стокгольмге "Қоршаған ортаны қорғау” туралы білім беру, 1977т жылы Тбилиси қаласына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары "Экологиялық білім беру” туралы 40 астам шешімдер қабылданып оның ғаламдық, стратегиялық жоспаралар қабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), т.б. конференцияларымен жалғасады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы

Орындаған: БЖ-215 студенті Төлегенова А.
Тексерген: профессор міндетін атқарушы Сарсембенова О.Ж.

СЕМЕЙ 2015
Жоспар:

1.Табиғатты қорғау мәселелері
2.Ерекше қорғалатын территориялар
3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген
өсімдіктер.

Экология ғалымының негізгі мақсаты – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін
салауаттылығына, білім дәрежесіне  қарамастан барлық адамдардың
экологиялық  деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәнежесінің жоғары болуына
ықпал ету.
Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ,
болашақ ұрпақтардың да денсаулығыме н хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы
шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1]Табиғатты
қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды
және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық,
әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды
шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды
пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты
қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге
бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір
облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер
бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан
Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң
кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың
қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша
ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи
саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003
жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10,
табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн
гектар ауданға орналасқан.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек,
ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера  ”
атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде  биосфера 
ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы  бағдарлама қабылданып,
экологиялық сипат алды.
1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған
табиғи  орта, табиғат қорғау мәселереі көтерілді.
1972 жылы  Стокгольмге "Қоршаған ортаны қорғау” туралы білім беру, 1977т
жылы Тбилиси қаласына  БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары "Экологиялық
білім беру” туралы 40 астам шешімдер қабылданып оның ғаламдық, стратегиялық
жоспаралар қабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері
атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), т.б. конференцияларымен
жалғасады.
XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Ф. Натали, Н. М. Берзилин, В. М.
Корсунский, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен
байланыстыра отырып дамытуты ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке
экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен,
1947 жылы Беларуссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология
кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт –
Петербург, т.б.) Биосфера,  Экология, Табиғат қорғау, т.б. экологиялық
курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог
- ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н.
Захлебный, т.б. халықтық оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан -
қырлы теориялық практикалық негіздерін ұсынды.
Экологиялық білім беруде және жоғары білімді эколог мамандарды даярлауда
Абай атындағы Алматы педагогикалық университетінің орны ерекше. Университет
профессоры А. С. Бейсенованның жетекшілігімен Республика "Жоғары оқу
орындарында эколог мамандар дайындау” және  "Мектеп оқушыларына экологиялық
білім беру” тұжырымдамасы жасалынды. Ал, 1987 жылы География  - экология
факультеті ашылып, мамандар даярлай бастады. Қазір Әль – Фараби атындағы
университетте (ҚазМҰУ), Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Қарағанды, Атырау,
Түркістан қалаларындағы оқу орындарында химия - экология, география -
экология, т.б. мамандықтары бойынша бөлімдер ашылды. Соңғы жылдары
Республиканың академиялық ғылыми зерттеу инститтуттары биоресурстар бойынша
экологиялық іргелі жұмыстар жүогізсе, жоғары оқу орындары білікті эколог
мамандарын даярлауда. Осы бағытта егеменді Республикамыздың парламеннті мен
үкіметі "Айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау” Заңын (1997), "Қазақстан
Республикасының экологиялық қауіпсіздігі ”тұжырымдамасы (1996),
экономикалық білім бағдарламасын (1999), Қазақстан Республикасында қоршаған
ортаны қорғаудың ұлттық жоспарын (1996) т.б. маңызы зор құжаттар қабылдады.
Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол түралы пікір
таластар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымдарын біз белгілі экологтар
Ю. Одум, Н. П. Наумов, Г. А. Ноиков, Н. Ф. Реймерс, В. А. Радкевичтің
жіктеуі негізінде береміз.
2. Ерекше қорғауға алынған териториялар
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің
бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр.Тек адам
қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған
өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап,оларды болдырмауға
мүмкіндік туады.
Кез-келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды
құрып,дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі
тиіс:
1) оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен
өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;
2) жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты
енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді
сақтау.
Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру
болып табылады.
Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған
территориялар.Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар,
табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар,
биосфералық резерваттар.
Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық
территориялар Жер шарының шамамен 1,6-20%-ын құрайды.Дүние жүзінднгі ең ірі
ұлттық саябақ Гренландияда.Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы
Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн. га;Вуд-Буффало(Канада) – 4,5 млн. га;
Үлкен Гобий қорығы (Моғолстан) – шамамен 4 млн. га.
Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынеміл.
Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс
кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше
объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып
табылады.
Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен
қорықтардың орны ерекше.Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін
маңызды звено болып табылады. Бірақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында қорық -
өзгермеген табиғаттың эталоны деген принцип бұзылып отыр.Атмосфераның
өндірістік улы қосылыстармен,радиациялық ластану, олардың тасымалдануы –
біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.
Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар
жұмыс істейді.
Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас
Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы).
Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-
географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік
белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың – 130-дан астам
түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.
Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында
орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың 
хлорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп
емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110
түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар,
қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер
болып табылады.
Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында
орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің,
рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 8 түрі кездеседі.
Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан.
Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар
таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы
кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62,
амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.
Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының
Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық
аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми – зерттеу жұмыстары
жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго
популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су
құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.
Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71мың га территорияы алып жатыр, оның 44 мың
га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.
Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау
жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай
және алуан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы жайлы
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы туралы
Жергілікті деңгейдегі тұрақты даму саясаты мен стратегиясы
Қоршаған ортаның проблемалары
Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесі
«Актөбе Хром Қосындылар Зауыты»
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Туризм инфрақұрылымының тұрақты дамуы экологиялық аспектілері
Пәндер