Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби тұрғыда талдау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы
:
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби талдау.
Орындыған: Мұхаметжанова Гүлназ
Топ: Қ - 319 с
Тексерген: Сабырбаева Р. Қ
Семей 2015 ж
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби талдау.
Жоспар:
- Шерхан Мұртазаның өмірбаяны
- Кең құлашты, өзекті шығармасы - «Қызыл жебе»
- Жазушының шынайы үлкен талант екендігін айқындаған- «Жұлдыз көпір».
- «Қыл көпір», «Тамұқ» хамса - романындағы Тұрардың нар тұлғасы.
- Қорытынды
Шерхан Мұртаза - жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері.
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Әулиеата уезі, қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында дүниеге келген.
Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан 1941 жылы Талапты мектебінде бірінші кластың табалдырығын аттаған кезден бастап-ақ оқумен бірге еңбекке де араласты. Балалық шағы соғыстың қиямет, қиын-қыстау кезеңіне тұспа-тұс келді.
1950 жылы Жамбыл қаласында интернат үйінде жүріп, Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң әуелі Мәскеу полиграфия институтыңда, үшінші курстан бастап Мәскеудің мемлекеттік Ломоносов атындағы университетінде оқып, журналистика факультетін 1955 жылы бітіріп шығады. Сол жылдардың өзінде-ақ ол башқұрт жазушысы Мұстай Кәрімнің бір повесін, Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт» романын қазақшаға аударады.
Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. Оның бәрін бір мақалада қамтып шығу мүмкін де емес. Алдымен өзі әдебиетке келген аударма ісінен бастасақ. Шерағаң әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың негізгі шығармаларын қазақ тіліне аударыпты. Иә, Шыңғыстың сан-қилы пәлсапалық тұжырымдарға толы шығармаларын аудару кез келген қалам ұстаған адамға оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Осының өзінен жазушының көп ізденгендігі, әрі жазушының ойын терең түсіне білгені анық көрініс береді. Шерағаң Шыңғыс Айтматовтың «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты повесть, романдарын орысшадан аударды. Осы шығарманың кез-келгенін екі тілде алып оқып отырсаңыз, шығарманың шұрайлы тілмен өте көркем аударылғанын байқайсыз. Мен бұл жерде Шерағаңның тек жазушы, қоғам қайраткері ғана емес, үлкен аудармашы екенін де айтқым келеді.
Жазушының кең құлашты, өзекті шығармасы - бес кітаптық «Қызыл жебе» эпопеясы. Қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов туралы бұл көлемді туынды Тұрар тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстық ықыласына бөленген шығарма. Тағы бір айта кететін жай, «Қызыл жебе» романындағы Тұрар Рысқұловтың туған, жүрген жерін, әсем табиғатын аса бір шеберлікпен, керемет көркем оймен шынайы суреттеуі.
Әрбір адам дөңгеленген тарихта әртүрлі оқиғаларға куә болып қана қоймай, сол күрделі оқиғаларға тікелей қатысты және жасаушы болып тарихта қалатынын оқырманның алдына тартады. Тұрар Рысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы, тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырып айтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасы бола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сом туынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақ халқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыр кезеңін шынайы суреттей білді. Тарихи-революциялық тақырып аясында жазылған «Қызыл жебе» роман-эпопеясының бірінші кітабынан соң, араға жылдар салып келесі кітаптары да жарық көрді. «Тамұқ» аталған соңғы кітабы 1994 жылы оқырмандар қолына тиді. «Қызыл жебе» роман-эпопеясы қилы заман тудырған, сол аласапыранда халқым деп қабырғасы қайысқан Тұрар Рысқұловтай ұлы тұлғаның өмір жолын негізге ала отырып, халық басынан кешкен ауыр сәттерді бар шындығымен көрсетуге ұмтылады. Сол себепті, Тұрар Рысқұлов тағдыры - халық тағдыры. Оның өмір жолындағы басынан өткен шындықтар халық тағдырындағы, тарихындағы шындықтарды елестетер еді. Сөйтіп роман-эпопеяның соңғы кітаптары («Қыл көпір», «Тамұқ») бүкілхалықтық трагедияны суреттеп көрсеткен, азалы кезең келбетін көз алдымызға алып келген келісті туындылар болып шыққан.
Жалпы, Шерхан Мұртазаның көркем шығармаларында дәуір тынысын бейнелеуі жазушылық шеберлігіне ғана емес, өмірді қаншалықты терең зерттеп білуіне де тікелей байланысты. Жазушы асқақ рухты көркем шығармаларында суреткерлік шеберлікпен көрсете білді.
«Қызыл жебе» романының бірінші кітабында Бронников пен Наташаның көмегі арқылы хат танып, әр нәрсеге зер салып, жіті қарауды үйренген Тұрар, екінші кітапта қоғамдық-әлеуметтік іске бірте-бірте араласа келіп, Әулие-Атада уақытша үкіметті құлатушылардың алдыңғы шебінен көрінген еді.
Жазушының шынайы үлкен талант екендігін айқындаған келесі кітабы - «Жұлдыз көпір». Шерханның бұл романы композициясының шымырлығымен, уақиға желісінің нанымдылығымен, кейіпкерлерінің даралануымен құнды. Бұл кітаптың бірқатар кейіпкерлері шетінен мықты, шетінен парасатты, биік идеяның адамдары.
Тұрар Рысқұлов - марксизм-ленинизм ілімін жан-жақты жете меңгерген, принципшіл коммунист. Ол жігерсіз ұл болып тумады. Ол - рухты ер. Меркеде жұмысшы-шаруалардың революциялық қозғалысының басы-қасында болып, оларға белсене басшылық жасады. Уақытша үкіметті құлатуға бар күш-жігерін тартынбай, бай тәжірбиесін батыл жұмсап бақты. Жазушы Тұрар Рысқұлов бейнесін тек тарихи фактілермен шектеп, соның шырмауында ғана суреттемеген, оның пенделік пішінін, ішкі психологиясын анық та айқын суреттеген.
Ал жетім-жесір, кедей шаруаға деген оның жанашыр ілтипаты айрықша. Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романының үш кітабын да сәтті жазып шықты. Шығарманы оқығанда бірден көз алдымызға асқақ та айбынды Тұрар Рысқұлов бейнесі келеді. Біз Қазақстандағы революция күндерін, сол күндері бастан өткен қиындық пен қайшылықтарды Тұрардың өмір жолынан танып білсек, қазақ жанашырының жан дүниесін оның іс-әрекеттері арқылы шынайы сезінгендейміз. Автор баяндауында Тұрардың ағзасын сырқат етсе де, көңілін сырқат еткісі жоқ. Сонымен қатар Тұрардың әкесі Рысқұлдың да бейнесін әр сәтте әр түрлі қырынан көрсеткен. Ең алдымен біз Рысқұлды рухы күшті, намысы биік ұлт азаматы ретінде танимыз. Тұрар әкесінің батылдығы мен қайраттылығына сүйсінеді. Тұқымбайдың жүйрік аты Қызыл Жебеге мініп, көкпар тартқан әкесінің қимылына дән риза болады. Сол кезде-ақ жас бала өмірдің талас пен тартыстан тұратынын, кім батыл, қайсар болса, сол ғана өз үлесін алатынын ұққандай еді. Тумысынан зерек Тұрар өзін тегі асыл ең жүйрік, ең мықты Қызыл Жебеге теңегісі келеді. Балалардың арасында «Қызыл Жебе» атанып кетеді. Автор қанатты сөздерді қолдана отырып та, Тұрар образын шебер бейнелей білген. Әрбір қанатты сөз оған жаңа реңк беріп тұрғандай. Мысалы: «Жүгіріп келе жатқан көшең қисық болса да, жүрісің түзу болсын», «Ұлылықтан пенделікке дейін бір-ақ қадам», «Тиын-тебен қымбат емес, адамның ары қымбат», «Көңілді кірбің тұта берсе кір болады», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұқ жоқ» деген аталы сөздер Тұрар Рысқұлов бейнесіне жарық түсіріп, оның шыңдалуына зор үлес қосқан.
Жазушы Шерхан Мұртаза бұл шығармасында кейіпкерлердің жан дүниесін тартысты оқиғалар легімен ашуда алғырлық танытқан. Кейіпкерлерді суреттеуде де жазушының асқақ рухын танимыз. Ұлттық әдебиетіміздегі роман саласына елеулі еңбек сіңіріп, қазақ әдебиетін көркемдік деңгейі жоғары туындылармен байытуға үлес қосқан шығармашыл тұлға ретінде де Шерхан Мұртаза есімін ерекше атауға болады. Қазақ әдебиетіне жетпісінші жылдардың соңында келіп қосылған «Қызыл жебе» романын жазу барысында қаламгердің архив материалдарын мұқият зерттеп, орынды пайдалана білуі, табиғат суреттерін әсерлі өрнектеуі, қазақ халқының әдет-ғұрыптарын, географиясы мен этнографиясын еркін игеруі романның ұлттық құндылығын арттыра түскен.
Шерхан Мұртаза - ұлтымыздың рухани дамуына, әдебиетіміздің өркендеуіне өміршең шығармаларымен үлес қосқан көрнекті халық жазушысы. Оның шығармашылығынан заман үрдісін, уақыт тынысын, халық тағдырын, еліміз бастан кешірген қилы-қилы кезеңдер келбетін, белгілі тарихи тұлғалардың азаматтық бет-бейнесін терең тани түсеміз. Жазушы өзі өмір сүрген кезеңнің, өткен дәуір сипатын айшықты суреттермен көркем бейнелеп отырды. Сол арқылы әр дәуірдің өзіне лайық характерін жасап, кейіпкерлерін сомдады. Өмір өзегінен тамыр тарту, замана келбетін бедерлі бейнелеу жазушы шығармаларының табиғатына кіріккен қасиет болып табылады.
Қаламгердің «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» роман-хамсасының автор шығармашылығынан алатын орны айрықша. Бұл - ұлттың рухын түлеткен шығарма. «Оян, Тұрар!» деп басталатын «Қызыл жебе» жалынды үнмен «Оян, қоғам!» деп тұрғандай көрінеді. Бұл шығарма - ұзақ жылғы шығармашылық толғаныстан, ұдайы ізденіс, зерттеуден туған табанды еңбектің жемісі.
Бұл роман-трилогия Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатуға белсене ат салысқан аса ірі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен туған ортасын, революциялық қызметін көрсетуге арналған. Трилогияның алғашқы кітабында жазушы Тұрардың балалық шағы мен оның әкесі Рысқұлдың өміріне тоқталады. Рысқұл өмір сүрген кезең 1905 жылғы орыс революциясының «Қанды жексенбі» оқиғасымен тұстас еді. Бұл оқиғаның әсері ішкі Россиядан тысқары аймаққа да тие бастаған. Романға өзек болған сюжетке келсек, өткен ғасырдың соңында Түлкібас аймағының Ақсу-Жабағылы маңындағы Майлыкент болысында қоныстанған Шымырлардың бір атасы Шілмембеттерден шыққан кедей Сәліктердің бір тобын Рысқұл бастайды. Рысқұл Шығыс Талғар болысына көшіп келіп, онда Дулаттың бір баласы - Жаныстан шыққан Саймасай болысты паналайды. Батыр тұлғалы ер жігіт Рысқұлды түрлі сұмдыққа-ұрлыққа жұмсап, ақыры жаламен айдатып жібереді. Бұл қорлыққа қатты ызаланған Рысқұл түрмеден қашып шығып, Қараш шатқалында Саймасай болысты атып өлтіреді де, кейін жазаланып, Сібірге жер аударылады. Бұл кезде Рысқұлдың баласы Тұрар он жаста болатын.
Үміті, болашағы, тірегі жалғыз баласы Тұрарға басынан кешкен барлық жағдайды айтып, өзінің кім екенін түсіндіріп, санасына құйып кетеді. Байлардың зорлық-зомбылығын, әке жанының қиналысын көріп өскен жас Тұрар әділетсіздікке жаны қас, бірбеткей алғыр боп өседі. Автор негізгі оқиға желісін Тұрардың өскен ортасын, шыққан тегін, жазықсыз айдалып бара жатқан әке кегін суреттеуден бастайды.
Романда Рысқұл, Тұрардан басқа да бірнеше адам бар: Саймасай, Дауылбай, Ахат, Таубай, Сақан, Мақаш, Анарбай, Ізбайшалардың қай-қайсысы да кітаптың әр жерінен бір көрінгенімен, өзара айырмашылықтары, іс-әрекеттері, мақсат-мүдделері бар, дараланған, жанданған бейнелер. Біз мұны жазушы шеберлігі дер едік.
Кітапта ұлттар достығына ерекше көңіл бөлінген. Ғалым Дмитриев, саяси тұтқын Бронников, шаруа Иван және түрме бастығының қызы Наташа бейнелерінен жақсылыққа құштар, әділ, бауырмал жандарды көреміз. Орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы достық, ынтымақтастық байланыстың алғашқы нышандары осындай жандардың іс-әрекетімен, қарым-қатынасымен нанымды да шынайы суреттеледі.
Қоғам ешуақытта бір сыдырғы мамыражай ғұмыр кешкен емес. Оның формациядан екінші формацияға ауысып отырды көп жағдайда қиян-кескі. Ал өз еркіндігі өзінде жоқ, басқаның бодандығында жүрген халықтар үшін ол барып тұрған қиямет -қайым. Тағдырының осы бір жазмышынан біздің халқымыз да қашып құтыла - алған жоқ. Большивизмнің авантюризм мен иноцидінен онсыз да царизмнің құлақкесті құлдығында жүрген халқымыз қақпатас сияқты қақпақылға түсіп, қамкөбек ойнап кетті. Мұндай шақта Тұрарлардың тарих сахнасына шығуы -табиғи заңдылық. Тұрарлардың тарих сахмасына шығуы, бойында о баста күрескерлік рухы тірі халықтың қасиеттің дәлелі.
Тұрар бойындағы күрескерлігінен табиғи заңдылығын әкесі Рысқұлдан жалғастырып та кетуге болар, бірақ бұл аз, Тұрарлардағы тектіліктің түп -тамыры тым тереңде . Ол сонау Керей мен Жәнібек көтерген қара шаңырақтан, «Қасым ханың қасқа жолы», «Есім ханның еске жолы», Абайдың ақ туы Кенесарының ұлт - азаттың көтерілісің бастау алады.
Дала жұрағаты заманалар бойытас қараңғыда қара аспанның қалың, қабатыңдағы қаптаған жұлдыздарға қарап жол тапқан. Дүниені алай-дүлей басып, жер мен көктін арасын көрінбей түтеген кезде жұлдызын жоғалтып алып, жолынан адасты не болмаса «Құдай салды, біз көндікке» мойын сұнып, қаранғылықты қымтанып қыбыр етпей жатып алды.
Дүниедегі шексіз қаныпезер, шексіз жұмбақ Иосиф Джугаливали мұны жақсы білді. Сондықтан да ол шексіз биліктің құдіретімен қазақ аспанының ішінде Тұрар Рысқұлов бар ең жарың жұлдыздарын жұлып тастады. Ұлы апат! «Қызыл жебе» авторы осы ұлы апаттан, тарихына өкінім- наламен ғана көз салмайды, сол бір алмағайып заман адамдарының қайраткерінен қаратұяқтарына дейін саясат, ой-сана, іс-әрекет тұрмыс ақиқатын іздейді. Осыны бағамдай отырып, Тұрар Рысқұлов пен Шерхан Мұртазаның дүниеге, халыққа, болашаққа деген ниеті, ой мақсаты, жасайтын қорытынды мен қабылдайтын шешімі қатар өмір сүріп келе жатқандай әсерде боласыз.
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романның бастауы авторлақ баяндаудан басталуы. Романың көркемдік әлемнің күретамыры әке Рысқұлмен бала Тұрар. Бір қарағанда романның басталуы жай ғана хабарлау болып көрінгенмен, көп жайдан хабар беріп тұрғаның ғылыми тұрғыдан аңғаруға болар еді. Ен алдымен торға қамалған жай момын не айлакер не сотқа аң емес, тордағы даланың арыстаны мен жолбарысы.
Орыс пен қазақтың бір торға түсуі дегенің астарында не бар. Бұл заманның өз шындығы орыспен қазақ бір неше тапқан күреске түскен заманның шындығы. Яғни автор сөзінде әп дегенде замана шындығы қылан беріп, автордын арғы ойы, идеясы көрініс береді. Арыстан Рысқұлдың мінез құлқын бірден тану оңай емес. «Тіпті туған баласына мейірі түскен өзінде түрі ашулы сияқты көрінеді. Біреудің еркелеткенін көтеретіні де, көтермейтіне де білгісіз. Жалынан сипасаң күдірие түседі». (Ш. М. Рысқұл 9) Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романын оқи отырып, заманның шындығын, халық психологиясымен менталитетін танимыз. Әрі Рысқұл ой арқылы автордын өзінінде ішкі тыным иірімдері айқындалатын дауысыз. Сөйтіп жүргенде көрген Тұрар ғой, Тұрар деген атының өзіне әке байқұс бар үмітін артып еді. Енді соның өзін есейтіп, ес біліп қалғанда ажал құзғын айналдырып, тұзағын тамыла мойынға аяусыз таспап тұр. Намаз оқымас, ораза тұтпас Рысқұл енді сасып, амалсыз аллаға сыйынды. Ақ пайғамбардың сабилердің бірі Ұмай ананың есімдерін ішінен әлде неше рет атады. Бәйдыбек бабасына, домалақ атанған Нүрилә анасына сыйынды. Енді осыдан бала оңалып, құдай құат берсе, Түлкібас Жуалыдағы тұған жерге бір қайрылып, Қаратау қойнында, бала Бөген бойыда туған Бәйдыбек бабасы мен Домалақ анасының күмбезіне барып бас иіп, тәжім етуге ант берді. (Ш. М. Рысқұл 13 ) Бұл нағыз қазақ баласының ойы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz