Пестицидтердің топырақтағы қасиеттері жайлы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БАӨЖ
Тақырыбы: Пестицидтердің топырақтағы қасиеттері
Орындаған: Жақанова Н. М.
Тексерген: Есенгулова Н. Ж.
Тобы: АГ-313
Семей 2015ж
Жоспар:
1. Пестицидтердің топырақта қозғалуы.
2. Пестицидтердің топырақтағы инактивациясындағы физикалық факторлардың рөлі.
3. Пестицидтердің топырақты микрофлора активтілігіне және фаунаға әсері.
4. Пайдаланған әдебиет
Пестицидтерді топыраққа, топырақта мекендейтін зиянкестерді, нематодты, арамшөптерді, бактериалды және саңырауқұлақты қоздырғыштарды жою үшін енгізеді. Олар, сондай-ақ топыраққа өсімдіктердің жер беті мүшелерін өңдегеннен кейін де түседі: жауған жаңбырлармен шайылады және желмен әкетіледі. Пестицидтер топыраққа өсімдік жапырақтарымен, тамыры- мен және т. б заттардың қалдықтары ретінде де түсуі мүмкін. Олар топырақ бетінде өзгеріссіз күйінде болуы мүмкін және біраз уақыт аралығында өзінің улылығын сақтап қалуы шарттарына тәуелді. Пестицидтердің физикалық, химиялық және биологиялық процестерінің (биохимиялық және микробиологиялық) ыдыратқыш әсеріне қарсы тұратын қасиеті олардың тұрақтылығын (персистенттілік) сипаттайды. Бірдей жағдайда зерттегенде (немесе бір қосылысты әртүрлі топырақта) әртүрлі қосылыстардың персистенттілігін Т~0, 5 көрсеткішімен (жартылай жоғалу периоды) сипаттау қабылданған, бұл көрсеткіш бастапқымен салыстырғанда топырақтағы пестицид мөлшерінің екі есеге төмендейтін уақыт аралығын білдіреді. Осы көрсеткішті есептеу үшін топырақ үлгілерін логарифмді еселік интервалдар динамикасы арқылы алады және анализдейді. Түрдік өсімдіктердегі пестицидтердің қалдық мөлшері динамикасының осы мерзімдерін анықтай отырып, Т~0, 5 көрсеткішін және күту уақытын есептеуге болады. Топыраққа түскен препарат метаболиттер қатарына дейін 66 ыдырауы мүмкін, олардың топырақтағы тұрақтылығын, фито- улылығын, өзгерісінің ерекшеліктерін бастапқы зат сияқты нақты зерттеу керек. Пестицидтердің топырақта сақталу ұзақтығы химиялық және физикалық қасиеттеріне, мөлшеріне, препараттың формасына (ұнтақ, сұйық), топырақ типіне, оның ылғалдылығына, температурасы мен физикалық қасиеттеріне, топырақты микрофлора құрамына, өніп шыққан өсімдіктің түріне - тұқымдық құрамына, топырақты өңдеу ерекшеліктеріне тәуелді. Көп жағдайда, топырақтың, әсіресе оның микрофлорасының типі негізінен көптеген пестицидтердің ыдырау ұзақтығын анықтайды. Тіпті, ең персистентті заттар кейбір микроорганизмдер әсерінен молекуланың толықтай деструкциясымен тез ыдырап кетуі мүмкін. Топыраққа түйіршік түрінде енгізілген заттар ұнтақ немесе сұйық түрлерге қарағанда топырақта ұзақ уақыт сақталады. Ереже бойынша, құрамында көп мөлшерде органикалық заттар мен лайлы фракция болса, препараттар топырақта тұрақтырақ болып келеді.
Пестицидтердің топырақта қозғалуы.
Пестицидтер мен олардың метаболиттері топырақта оның барлық үш фазасымен бірге тұрақсыз күйде болады және осыған байланысты топырақ профиль бойынша көлденең және тік бағыттарда орын ауыс- тырады. Бұл процесс капиллярлы ылғалмен бірге молекулалық диффузия әсерінен, гравитациялық судың бәсеңдейтін тоғының әсерінен, өсімдіктің тамырлық жүйесінің әсерінен және топы- рақ өңдеу кезіндегі араластыру нәтижесінде болады. Айтар- лықтай қашықтыққа пестицидтер жаңбыр жауғанда немесе суару кезінде туатын су ағысымен бірге орын ауыстырады. Тік араласудың жылдамдығы мен тереңдігі препараттың судағы ерігіштігіне, оның адсорбциясы мен десорбциясының ерекшеліктеріне, ұшқыштығына, сондай-ақ топырақты ылғалдың булануының қарқындылығына тәуелді. Жаңбырдың және суландырудың жалғасымдылығы кезінде әлсіз адсорбцияланатын гидрофильді заттар сумен бірге топы- рақ профилі бойынша төменге қозғалады. Құрғақ ауа райының басталуымен жоғары булану кезінде пестицид ерітіндісі капиллярмен топырақ бетіне көтеріледі. Булану мен шайылу теңескен кезде, суда жақсы еритін пестицидтер төменге қарай қозғалады, ал нашар еритіндері топырақтың жоғарғы қаба- тында ұсталып қалады. Егер топырақты ерітіндіндідегі заттардың концентрациясы ыдыраудан, шаю немесе буланудан төмендейтін болса, онда оның топырақты коллоидпен адсорб- цияланған бір бөлігі десорбция салдарынан қайтадан топы- рақты ерітіндіге түсуі мүмкін. Зерттеулер нәтижесінде гексахлоранның топырақта болмашы ғана қозғалатындығы анықталды. Негізінен препарат топырақта оның механикалық өңделуі кезінде таралады. Қара топырақты, боз орман, шымды-күлгiн топырақтарда севин 50-70 см тереңдікке енген, бұл оның топырақты коллоид- пен өте әлсіз адсорбциялануымен байланысты. Гербицидтердің ішінен ароматты карбон қышқылдарының туындылары қозғал- ғыш болып келсе, толуидин туындылары аз жылжитындар қатарына жатады. Топырақпен күшті адсорбцияланатын дипи- ридилді гербицидтер топырақты профиль бойынша мүлдем қозғалмайды. Тіпті құмда реглон 8 см-ден әрі тереңге енбейді. Топырақпен әлсіз адсорбцияланатын және суда жақсы еритін фенилсірке және бензой қышқылы туындылары 3 м тереңдікке дейін қозғала алады. Гербицидтер - 2, 4-Д, 2М-4Х туындылары топырақтан әлсіз шайылады, өйткені топырақты коллоидпен байланысып жатыр. Сонымен қатар, 2, 4-Д эфирлері тұздарына қарағанда топырақтан айтарлықтай тез шайылады. Сондай-ақ мочевина туындылары да топырақта әлсіз қозғалады. Триазинді гербицидтер (симазин, атразин, прометрин, пропазин) суда әлсіз ерігіштігі мен топырақпен күшті адсорбциялануы арқасында онда шекті жылжиды. Пестицидтердің топырақта ыдырауы. Пестицидтер физикалық-химиялық процесс нәтижесінде, микробиологиялық ыды- рау, жоғары өсімдіктер мен топырақты фаунамен жұтылу нәтижесінде топырақта толығымен немесе түрін өзгертіп ыды- райды. Көптеген пестицидтердің детоксикациясы қарашірікпен немесе басқа да коллоидтармен адсорбциясы салдарынан немесе тұрақты кешендердің түзілуі нәтижесінде болады. Препараттарды топырақтан буға айналдыру, су буымен буландыру, қабаттай шектерiнде орын ауыстырулар тамырда өмiр сүретiн қабат шектерінде қозғалуы нәтижелерінде, жаңбыр, еріген, суару жүйесінің, жер асты және топырақты сулармен шайылуы салдарынан жоғалтылады. Пестицидтердің топырақтағы детоксикациясының негізгі критериі - олардың улы емес компоненттерге ыдырау жылдам- дығы мен толықтығы. Препараттардың инактивациясында жекеше процестердің анықтаушы рөлі олардың физикалық- химиялық қасиеттеріне ғана емес, сондай-ақ топырақтың ерекшеліктеріне, климаттық және экологиялық факторларға да тәуелді.
Пестицидтердің топырақтағы инактивациясындағы физикалық факторлардың рөлі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz