Си тілінде құрылған программаның құрылымын сипаттау


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар факультеті

Автоматика және электроника кафедрасы

СӨЖ №2

Тақырыбы: Си тілінде құрылған программаның құрылымын сипаттау

Орындаған: Шакаримова Толганай АУ- 401

Тексерген: Жаксыгулова Д. Д.

Семей 2015

Жоспар

1 Кіріспе . . . 3

2 Негізгі бөлім . . . 4

2. 1 Си бағдарламалау тілі . . . 5

2. 2Си программалау жүйесі . . . 7

3 Қорытынды . . . 9

4 Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 10

1 Кіріспе

Си тiлi BCPL және B тiлдердiң негiзiнде құралған және Си тiлiнен дамыған. BCPL тiлi компилятордан жазуға және операциялық жүйенi бағдарламамен қамтамасыз етуге арналған. Бұл тiлдi 1967 жылы Мартин Ричард ойлап тапқан. Кен Томпсон В тiлiнiң көптеген мүмкiндiктерiн BCPL дубликатында және В тiлiн UNIX операциялық жүйелерiнiң алғашқы версияларын құру үшiн 1970 жылы Bell Laboratories-те DEC PDP-7 компьютерiнде қолданылды. BCPL және В тiлдерi қолдануға тиiмсiз болды. Онда мәлiметтiң әрбiр элементi жадыда бiр сөздiң орнын алады және мәлiмет элементтерiн өңдеуде бағдарламашыларға ауыртпалығын тигiздi.

Си тiлi В тiлiнiң негiзiнде дамыды. Си тiлiн Bell Laboratories-те 1972 жылы Деннис Ритчи DEC PDP-11 компьютерiнде жасады. Си BCPL және В тiлдерiнiң көптеген маңызды концепцияларын және мәлiмет типтерiн және басқа да қасиеттерiн қолданды. Си тiлi UNIX операциялық жүйесiн өңдеудегi тiл ретiнде кеңiнен танымал болды. Қазiргi таңда барлық операциялық жүйелер Си және Си тiлдерiнде жазылған. Соңғы он жылдықта Си тiлi көптеген компьютерлерде қолайлы болды.

Си Си тiлiнiң кеңейтiлген түрi. Оны 1980 жылдың басында Бъерн Строустроп Bell Laboratories-сында өңдеп шығарған. Си тiлi Си тiлiнiң бiрқатар қасиеттерiн реттеудi қамтамасыз етедi және ең маңыздысы объектi-бағдарланған бағдарламалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Бұл бағдарламамен қамтамасыздандыру әлемiндегi революциялық идея болып табылады.

Басқада бағдарламалық тiлдер көптеген қажеттi эффект бере алмағандықтан, Си алғашқыда ең жоғарғы деңгейдегi нақтылы оқиғалар үлгiлерiн өңдеу мақсаты үшiн құрылған тiл болды.

Си тiлiн құруда Си тiлiнiң сәйкестiгiн сақтап қалуға ерекше көңiл бөлiндi. Си тiлiнiң көмегiмен кең көлемдi бағдарламалық проектiлер құруға болады. Си тiлiнiң арқасында берiлген мәлiметтер типтерiне бақылауды күшейтуге және көптеген қосымша эффектiлердi жеңе алатын болдық. Си++ тiлiнiң ең маңызды табысы объектi-бағдарланған бағдарламалау болып табылады. Си-тiң барлық жеңiлдiктерiн пайдалану үшiн негiзгi объектiлердi және олармен байланысқан операцияларды анықтап алу керек.

2 Негізгі бөлім

2. 1 Си бағдарламалау тілі

Си тілі өткен ғасырдың 70-жылдары басында АҚШ-та Bell Telephon Laboratories компания-сының қызметкері Дэннис Ритчидің бастауы-мен дүниеге келді. Бұл тілдің негізі Алголдан басталып, Си және ПЛ/1 тілдерімен қатар пайда болды. Си тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесін-де программалаумен тығыз байланысты, өйт-кені бұл жүйе ассемлерде және осы Си тілінде жазылып шыққан болатын. Бұл тілде жазылған программаны компьютерде орындау кезінде ол алдымен трансляция сатысынан өтіп (машина тіліне аударылып), объектілік программа түріне ауысады да, сонан кейін барып орындалады. Осы сәтте компьютер-де программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі - Cи тіліндегі алғашқы нұсқасы, ал екіншісі - объектілік кодтағы машина тілінде жазылған программа. Есептің нәтижесін тек машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда оның алғашқы нұсқасы өңделіп, оны қайта түрлендіру сатысы жүзеге асырылады. Жалпы Си тілінің даму жолына қарасақ: Алгол-60 - 1960-ж. халықаралық комитет жасап шығарды CPL - (Combined Programming Language) Кембриджде және Лондон университетінде 1963 ж. қатарласа жасалды BCPL - (Basic Combined Programming Language) Кембриджде Мартин Ричардс 1967 ж. жасап шығарды B - Bell Labs қызметкері Кен Томпсон 1970 ж. жасады С - Bell Labs қызметкері Дэннис Ритчи 1972 ж. жасады Сонымен, 1983 ж. Си тілі стандартын жасау үшін (ANSI C) Америка ұлттық стандарттар институты (ANSI) құрылды. Кез келген Си-программа бір немесе бірнеше функция-лардан тұрады. Олар программа құруға керекті негізгі модульдер болып табылады. Келесі суретте Си программасының жалпы құрылымы көрсетілген. Си тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программа қатарларының алдындағы азат жол немесе бос орындар саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше командалар немесе операторлар орналаса алады, олар бір бірінен нүктелі үтір (; ) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, әрі түзетуге жеңіл, әрі ыңғайлы болып саналады.

2. 2Си программалау жүйесі

Қазіргі алгоритмдік тілдер ішінде Си программалық тілі өте көп ерекшеліктерге ие кең тараған тілдердің бірі есептеледі. Бұл тіл жүйелік программалық жасақ мәселелерін (трансляторларды өңдеу, операциялық жүйе, экрандық интерфейс, аспаптық құралдар т. б. ) шешуде қолданылатын тиімді универсал алгоритимдік тіл.

Си тілінің ерекшеліктерінің бірі әр түрлі операциялардан жүйелер аралық, компьютерлер аралық программаларды жоғары деңгейде орындай алады.

Си тілінде жазылған программаның архитиктуралары әр түрлі компьютерлердің бірінен бірін ауыстыруға бір операциялық системаның екінші операторлық системаға ауыстыруға жеңіл. Сонымен қатар Си тіліндегі программалардың орындалу жылдамдығы ассемблер тіліндегі программалардан кем емес. Си тілінің компиляторы қазіргі кездегі барлық операциялық жүйеде жұмыс істей береді. Unix, MSDOS, WINDOWS.

Бұл тіл жүйелік программалардың жасақшылары үшін ассемблер тілін ауыстырған тиімді.

Си тілінің кейбір ерекшеліктеріне тоқталайық.

  • Си тілі кейбір төменгі деңгейлік операцияларды (сонымен қатар биттер үстінде операцияларды) іске асырады. Бұл операциялардың кейбіреулері тікелей машина командасының талабына сай келеді.
  • Си тілі айнымалы және функциялық көрсеткіш механизмдерін сүеді. Көрсеткіштер кейбір айнымалы немесе функциялардың (1) машина жадысыдағы адрестеріне (сақталған) арналған айнымалы. Бұл программист үшін машина жад адрестерімен тікелей жұмыс істеу мүмкіндіктерін береді.
  • Си тілі енгізу-шығару операторлары, жадты динамикалық бөлу процессорды басқару операторларын, операциялық жүйелерге арналған программаларды басқару мүмкіндіктерін береді.

Си программалау тілі ең алғаш Б. Кернига және Д. Ритчи авторлығында 70 жылдар Bell Laboratories фирмасы жәрдемінде АқШ-та жасақталды. Бұл тіл сол кезде UNIX операциялық жүйенің пайдаланушылары үшін қолайлы тіл болды.

Си программалау тілі элементтері

Компьютер пайдаланушы жазған программаның құрылымдық базасын си тілі элементтері арқылы түсінеді.

Си тілі элементі төменгі бөліктерден тұрады.

-алфавит

-константалар

-идентификаторлар

-кілтті сөздер (ключевые слова )

-түсініктер (коментарий)

Си тілі компиляторы мәтіндік қатарлар тізбегі арқылы си тілінде жазған программаларды бастапқы файл ретінде түсінеді. әр бір қатар жаңа қатар басталысыменен аяқталады және ENTER клавишінің басылуы - қатар аяқталғанын білдіреді.

Си тілі компиляторы программаларды қатарлар тізбегі арқылы есептейді және лексема деп аталатын символдық топтар арқылы есептелген қатарларды дамытады. Лексема бұл си тілі компиляторлары үшін өз алдына мәнге ие программа мәтінінің бірлігі. () операция белгісі константалар, идентификаторлар және кілтті сөздер (бұл бөлімде айтылған ) лексемаларға мысал болады. Бөлушілер, мысалы, квадраттық жақша, фигуралық жақша, шеңберлі жақша ( ), бұрышты жақша және үтір де лексемаға мысал бола алады.

Әріптер мен цифрлар константа, идентификатор және кілтті сөздер құрастыруда қолданылады.

Си тілі компиляторы латын бас және кіші әріптерін әр түрлі символ деп есептейді.

Идентификаторлар. Тілдің ең негізгі түсіністерінің бірі- идентификатор. Ол объектінің атауы ретінде қолданылады. (функцияның, айнымалының, константалардың)

Идентифатор төмендегі ережеге сай таңдалуы қажет:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Си тілінде құрылған программаның құрылымын сипаттау жайлы
Си тілі. Программаны жобалау
СИ бағдарламалау тілі және жобалануы
STRUCT операторын қолдана отырып тестілеуші программа құру
Си бағдарламалау тілі
Программалау тілдері
Информатика ( лекциялар )
СИ бағдарламалау тілінде жадыны басқару
СИ бағдарламалау тілі және жобалануы туралы
Pascal және Си тілінде бағдарламалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz