Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі жайлы ақпарат



I. Кіріспе
1.1.Елбасы жолдауынан...
II.Негізгі бөлім
2.1. Басқа елдердің мемлекеттік реттеу тәжірибесі...

2.2.Инновациялық экономика жағдайындағы технопарктерді мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі...
III.Қорытынды
3.1.Қолданылған әдебиеттер
Елбасымыздың биылғы Жолдауының ерекшелігі – стратегиялық даму жолымыз 2050 жылға дейін анықталды. Жолдауда көрсетілген біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру делінген. «Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай ұлт бар», - деді Қазақстан Республикасының Президенті.
Ең бастысы егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинадық, әл-әуқатымыз жақсарды. Әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдық, халықтар достығы мен саяси тұрақтылығы берік ел атандық. Ендігі жол – өсу жолы, алдымызға айқын мақсаттар қойып, болашаққа сеніммен қарау, экономикасы дамыған, жаһандану кезеңінде кез-келген қауіп-қатерге төтеп бере алатын, алпауыт мемлекеттердің қатарына ену. Дамуға бет алған мемлекет ешқашан өзінің жеткен жетістігімен тоқталмайды деп, ендігі қойылған талап дамыған 30 елдің қатарына ену болып отыр.
Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны бiздiң әлеуметтiк–экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:
1) республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк – демографиялық, этно - мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;
2) қазiргi Қазақстан жағдайында бiз ұлттық экономиканы құру процесiндемiз және де әлемдiк экономикалық тарихта әкiмшiлiк–жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бiзге ұқсас ешбiр ел жоқ;
3) басқару жүйесi мен шаруашылықта негiзгi өзгерiстер белгiлi бiр себептерге байланысты тиiстi негiздеусiз жүргiзiледi және «революциялық» көрiнiс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу шаралары олардың эвалюциялық даму «нәтижесi» болып табылады.
1. Назарбаев Н.Ә. Дағдарыстан жаңару мен дамуға. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҚУ баспасы, 2009. -37-52 б.
2. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов /Отв. Ред. Абалкин Л.И., пер. с англ., в 2-х т. – Т.1. – М.: Наука, 1993. – С. 11-106.
3. Дзекунов В., Пердебаева Р. Формирование технопарков и технологических бизнес-инкубаторов.// Промышленность Казахстана. 2003 г., №11- С. 40-50.
4. Есилов.А Основные направления использования инновационных проектов в системе малого бизнеса в Казахстане // Транзитная экономика. 2006, №3 - С. 15-17.
5. «Егемен Казақстан» журналы, 2012ж. №8.
6. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014ж.
7. А.С.Жарқынбаева «Привлечение иностранных инвестиций в экономику Казахстана: современное состояние и перспективы» // ҚазЭУ Хабаршысы №4. 2005г.
8. С.Сагандыкова «Инвестиции и сотрудничество». Казахстан: экономика и жизнь, №1, 2009г

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі

Орындаған:Қадашев Б.Н.
Тобы:ТО-207
Тексерген:Нуралина Қ.Т.

Семей - 2015ж.
Жоспар:

I. Кіріспе
1.1.Елбасы жолдауынан...
II.Негізгі бөлім
2.1. Басқа елдердің мемлекеттік реттеу тәжірибесі...

2.2.Инновациялық экономика жағдайындағы технопарктерді мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі...
III.Қорытынды
3.1.Қолданылған әдебиеттер

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУДIҢ ШЕТЕЛДIК ТӘЖIРИБЕСI
Елбасымыздың биылғы Жолдауының ерекшелігі - стратегиялық даму жолымыз 2050 жылға дейін анықталды. Жолдауда көрсетілген біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру делінген. Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай ұлт бар, - деді Қазақстан Республикасының Президенті.
Ең бастысы егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинадық, әл-әуқатымыз жақсарды. Әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдық, халықтар достығы мен саяси тұрақтылығы берік ел атандық. Ендігі жол - өсу жолы, алдымызға айқын мақсаттар қойып, болашаққа сеніммен қарау, экономикасы дамыған, жаһандану кезеңінде кез-келген қауіп-қатерге төтеп бере алатын, алпауыт мемлекеттердің қатарына ену. Дамуға бет алған мемлекет ешқашан өзінің жеткен жетістігімен тоқталмайды деп, ендігі қойылған талап дамыған 30 елдің қатарына ену болып отыр.
Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны бiздiң әлеуметтiк - экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:
1) республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк - демографиялық, этно - мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;
2) қазiргi Қазақстан жағдайында бiз ұлттық экономиканы құру процесiндемiз және де әлемдiк экономикалық тарихта әкiмшiлiк - жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бiзге ұқсас ешбiр ел жоқ;
3) басқару жүйесi мен шаруашылықта негiзгi өзгерiстер белгiлi бiр себептерге байланысты тиiстi негiздеусiз жүргiзiледi және революциялық көрiнiс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу шаралары олардың эвалюциялық даму нәтижесi болып табылады.
Бiрақ та шет елдер тәжiрибесiн ғылыми қорытындылау қажеттiгi келесi жағдайлар бойынша түсiндiрiледi: бiрiншiден, экономиканы мемлекеттiк реттеудiң қағидалары мен жүйесiнiң тұжырымдамалы негiзiн, түбiрiн анықтауға мүмкiндiк туады, екiншiден аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкiндiгi туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттiк реттеудiң механизмдерiн түйiстiруге мүмкiндiк жасайды, үшiншiден, мұндай толықтыру мемлекеттiк реттеудiң нәтижелерiн салыстырып талдауға мүмкiндiк бередi және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдiк шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерiн ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Әлеуметтiк - экономикалық процестерге мемлекеттiң араласу тәжiрибесiн үйренуден шығатын қорытынды - көптеген алдынғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi құралдары ретiнде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады.
Бiрiншi топтағы тауар туралы сөз болса, онда оларға деген бағаны реттеу ең алдымен өндiруге кеткен шикiзат материал ресурсының бағасы төмендеу фактiсi ескерiледi, ал егер екiншi топтағы болса, онда ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiмдi елге өткiзу кезiнде қолданылатын баж салығын төмендету фактiлерi ескерiледi. Мемлекеттiң осындай бақылау жасау функцияларын күшейту, әсiресе экономикалық дағдарыстан шығу кезiнде қолдану пайдалы екенi тәжiрибе жүзiнде дәлелденген. Бiздiң жағдайымызда француз үкiметiнiң шағын және орта бизнестi жеңiлдетiлген несие, салық салу механизмдерi арқылы және бағаны құруда арнайы құқықтар бойынша басқару iсiн жүргiзу тәжiрибесi пайдалы болар едi. Мемлекеттiк баға реттеудiң басты объектiсi ауыл шаруашылық өндiрiсi болып табылатынын бүкiл дүнижүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Ғылыми талдау шаруашылық өндiрiсiнiң бiрқатар ерекшелiктерiн бөлiп көрсетедi.
Бiрiншiден, ол табиғи-климаттық жағдайға байланысты. Бұл тәуелдiлiк фермердiң және аграрлы сектор субъектiсiнiң табиғи-климаттық фактордың қолайсыз жағдайға да табыс пен пайда табуын объективтi және өзектi проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық өнiмдерiне бағаны мемлекеттiк реттеуi және сол механизмдер арқылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерiнiң еңбегiн ынталандыру. Яғни, көптеген елдерде қарастырылып отырған саладағы өнiмге баға деңгейiн анықтау шығын қосылған табыс қағидасы қолданылады. Демек, фермер әр түрлi шығындар кезiнде немесе өндiрiске әсер ететiн табиғи-климаттық факторлардың қарама-қарсы жойылуына байланысты болғанда табысқа қол жеткiзе алады. Әлеуметтiк бағыттағы баға құруда ауыл еңбеккерлерiнiң тұрақтылығы, олардың шеберлiгi өседi және де ұйымдастыру мен өндiрiстiк технологияның сабақтастығы қамтамасыз етiледi.
Екiншiден, тұрғындардың тамақ өнiмдерiне қажеттiлiгiн уақытында қамтамасыз етiлуiнде (сондай-ақ өндiрiс тауарларына) ауыл шаруашылық өнiмдерiн табиғи өңделген түрлерiне негiзгi көңiл бөлiнедi. Әлеуметтiк түрдегi мiндеттердi шешуде және тұрғындардың өмiрiн қамтамасыз етуден ауыл шаруашылық өнiмдерiне баға құру процесiнде негiзгi мемлекеттiк басқару органдары шеттеп тұра алмайды. Осындай объективтi араласу әр түрлi басымды механизмдерде әкiмшiлiк, экономикалық, тiкелей, жанама, құқықтық және аймақтық реттеуде орын алады.Олар көбiнесе әр елдiң әлеуметтiк - шаруашылық, құрылымдық, институционалдық ерекшелiктерiне байланысты.
Үшiншiден, аграрлы сектор қандай да болмасын жүйеде мемлекеттiң қолдауына мұқтаж, әсiресе ғылыми-техникалық қызмет көрсету бағыты мен нақты инновациялық - инвестициялық шараларды iске асыруда. Мысалы, АҚШ-та мемлекеттiк дотацияның үлес салмағы төрттен бiрге жетедi, ал Еуропалық экономикалық одақта (ЕЭО) жартысына жуық, Жапонияда фермерлердiң барлық табыстарының төрттен үшiн құрайды. Канадада бүл көрсеткiш деңгейi шамамен 40 % жетедi. Мемлекеттiң ауыл шаруашылығын дамытуын қолдауда баға құру механизмiн жеке, кәсiпкерлiк және жалпы мемлекеттiк мүдделерiн байланыстыруда қолданады. ЕЭО елдерiнде ауыл шаруашылығы министрлерiнiң Кеңесiнiң шешiмiмен сала өнiмдерiнiң бағасы 95 % дейiн реттеледi және бұл жерде назар аударарлық нәрсе ол сатып алу бағасының минималды деңгейi базар деңгейiнiң бағасының өзгеру деңгейiне байланысты негiзделедi. Негiзгi ауыл шаруашылығы өнiмдерiне (ет,сүт, астық) баға құру саясаты қолданылады, онымен арнайы органдар айналысады. Баға құру басылымдық болған жағдайда сиқырлы төртбұрышта (тұрақты өсу қарқыны, жұмысбастылық, баға тұрақтылығы мен төлем балансы) олардың мiндетi кеңейедi.
Шетелдерден инвестиция тартуды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар трансферттеу үшін пайдалану керек. Шетелдік компаниялармен бірлесіп, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру қажет. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн. Мен кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігін білемін. Үкімет осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасағаны жөн. Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ.
Ең алдымен біздің жүктерімізді тасымалдау үшін Кеден одағы аумағын барынша пайдалану туралы сөз болып отыр. Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізінің құрылысы да аяқталуға таяу, Парсы шығанағына шығу үшін Түрікменстан мен Иранға теміржол тартылды. Келешекте Қазақстан теңізге шығатын жолдары бар елдерде логистика орталықтарын құруға инвестиция салуға тиіс. Жүктерді кедендік өңдеу мерзімдерін қысқартып, шекара өткелдерінің өткізу мүмкіндігін арттырып, Ақтау портының қуаттылығын күшейтіп, экспорт-импорт операцияларының ресімдерін жеңілдету керек.
Қытай Компартиясы бесжылдық экономикалық реформалардың қорытындысын жасай отырып және көрсетiлген төртбұрыштың нақты бұрыштары басымдылықтарын анықтай отырып, өздерiнiң шешiмдерiне бүкiл экономикалық жүйелердегi реформа баға жүйесiн реформалауға байланысты, деп ерекше көңiл аударған. Бұл шешiмдердiң нәтижесiн жүзеге асыруда екi жылдың iшiнде бағаның төрт түрi құралды бiрыңғай жоспарлы баға, шартты баға, еркiн нарық бағасы жүзетiн жоспарлы баға. Жүзетiн және нарық бағасының жұмыс iстеу аясының кеңеюi тауарлар номенклатурасының қысқаруымен, бiрыңғай жоспарлы бағамен қызмет ету бағытын алған. Бұл толығынан ауыл шаруашылық өнiмдер бағасына қатысты, яғни жоспарланған түрде белгiленген сатып алу бағасын қабылдамау өзара шартты (жоспарлы мемлекеттiк сатып алу үшiн ) және нарықты (сатып алу өзара шарттың үстiнен) бағаны қабаттас енгiзу. Ауыл шаруашылық қызметкерлерiнiң өндiрiс қызметтерiн ынталандыруда еркiн баға үлкен рөл атқарады.
Дамыған елдердiң шаруашылық тәжiрибесi көрсеткендей, iшкi нарықтағы тауар өндiрушiлердiң ықыласын қорғауда және сыртқы экономикалық қатынастардың тиiмдiлiгiн арттыруда лицензиялық, кедендiк кiрiстер және тарифтiк реттеу механизмдерiн қолдану әр елдiң геосаясатының, табиғи - тарихтық, табиғи-экономикалық және әлеуметтiк - мәдени ерекшелiктерiне байланысты. Сонымен қатар әлемдiк нарық пен әлем шаруашылық интеграциясына кiру ықыласы ескерiледi. Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу Көптеген Шығыс Еуропа елдерi бұрыннан Экономикалық өзара көмек Кеңесiнiң құрамында болып, қоғамның тұрмыстық экономикалық негiзi мен саяси құрылымы бiркелкi болуына қарамастан орталықтандырылған шаруашылық жүйесiнен нарықтық экономикалық өте бастады.
Экономикалық жағынан қарайтын болсақ, олардың айырмашылығы меншiк түрлерiнiң өндiрiс құралдарымен қатынасына, өнеркәсiптiң мамандану түрлерi, халық шаруашылығының ұйымдастыру мен басқару құрылымына байланысты болуда.
Сондықтан экономикалық реформаны әр түрлi басымды механизмдердi қолдану арқылы, яғни үдемелi қарқындық пен мерзiмдiлiк арқылы, әр түрлi жүйелер мен ресурстарды сақтау қағидаларын қолдана отырып жүргiзу керек.
Мемлекетіміз бен қоғамымыз алдында тұрған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы нақты міндеттер осындай. Біздің алдымызда оларды заң жүзіне және нақты шешімдерге айналдыру міндеті тұр.

Инновациялық экономика жағдайындағы технопарктерді мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
ХХІ ғасырда инновация үдерістің синониміне айналды, сондықтан өзгерістерге, жаңашылдыққа тез бейімделетіндер табысқа қол жеткізеді. Қазақстанның әр өңірі, экономиканың әр саласы жан-жақты жұмыс жүргізушілері әрі ең перспективалы және іске асырылатын жобаларды ұсынулары тиіс. Өткен жылдарда болмаған, бірақ енді 20 жылдан кейін болатын дүниелердің бәрін бағамдау керек, яғни енді 20 жылдан кейін қандай салалар болатынын жоспарлау қажет. Біз күш-жігерімізді үдемелі инновацияға жұмсаймыз.
Н.Назарбаев.
Президент Н.Назарбаев өзінің 2050 Стратегиясында бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс деуі де тегін емес.
Әрине,біз-жас ұлтпыз және инновацияны игеру біздің қолымыздан келеді. Біз ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына әбден-ақ белсене қатыса аламыз. Бұл бізге ғалымдарымыздың күш-жігерін шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз - жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу.
Қазіргі жағдайда бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторы - ғылыми зерттеулер және солардың негізінде жаңа технологиялардың пайда болуы, жаңа ұйымдастыру-басқару шешімдерінің жүзеге асуы. Дегенмен, бұлардың барлығы жеке компаниялар үшін едәуір көп болып саналатын уақыт пен қаражатты қажет етеді.
Бұл жағдай түрлі компаниялар мен ұйымдардың кооперациясын ынталандырады және қанағаттандырады. Ғылым, технология және білім беру саласындағы біріккен жобалардың жүзеге асу формасының бірі технопарктер болып табылады.
Технопарктер әлемде инновациялық саясаттың құралы ретінде бірқатар факторлар негізінде пайда болды. Біріншіден, 1980-шы жылдардағы дамыған елдердің университеттеріндегі ғылымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика пәнінен дәрістер
Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұнын сипаттау арқылы тиімді мемлекеттік реттеу механизмдерін ұсыну
Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары
Бұланды ауданы салық комитетінің мысалында экономиканы мемлекеттік реттеу
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мәні мен оның обьектілері
Шетел инвесторының толық иелігіндегі кәсіпорынды құру
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Қазақстан жағдайына шетелдік тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктері
Пәндер