Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы мәлімет


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Бөж
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары.
Орындаған: Даулет Н
Тексерген: Билялов Е. Е
Топ; ВС-203
2015 жыл
Жоспар.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Токсиндер туралы түсінік және олардың жіктелуі
2. Органикалық улы зат- пестицидтер
3. Токсиндік заттардың ағзаға ену жолдары
II. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Қазіргі таңда жануарлардың улануына, сонымен қатар, ауыл шаруашылық дақылдарының өніміне улы өсімдіктердің келтіретін зияны әсерлері де жоқ емес. Яғни ветеринариялық-санитариялық дәрігерлер әртүрлі уланулардың алдын алу шаралары жөнінен кең көлемді жұмыстар жүргізулері тиіс.
Кәзіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) - LІM ac, ЛМо (LDо), ЛМ50 (LD50) және ЛМ100 (LD100) деген халықаралық көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мг/кг) . Егер заттың улылығы 1-2 мг/кг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық мөлшері 1000мг/кг (1гр/кг) болса, улылығы аз зат болып есептелінеді.
Негізгі бөлім.
1. Токсиндер туралы түсінік және олардың жіктелуі
Токсикология- герктің toxicon- жебе уы және logos- ілім деген сөзінен шыққан. «У» дегеніміз - тірі ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат блып табылады. Мысалы, ас тұзының көп мөлшері құстар, иттер, мысықтар және шошқа үшін улы, ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.
Улану- жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай немесе у - себеп, улану- салдары. Улы заттар ағзаға ас қорыту, тыныс алу жолдары, тері беті, кілегей қабығы арқылы түседі. Малдардың улануы көбінесе сырттан келген, яғни ағзаға бөтен заттардың (ксенобиотик, xenos-бөтен) әсерінен болады.
Кәзіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор. Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы, яғни жыл сайын жаңа химиялық қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы заттардың жіктелуінің қажеттілігі бұрыннан белгілі еді. Алайда фармакология және токсикология мамандары кәзіргі кезге дейін улы заттарды бірыңғай жіктей алмай отыр. Себебі, оларды әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай топтастыру көбінесе, шартты мағынада ғана жүзеге асырылады. Улы заттарды химиялық принциппен жіктеу өте қиын. Себебі, химиялық құрылымы өте ұқсас заттардың токсикологиялық әсері әртүрлі болуы мүмкін . Жалпы барлық уытты заттар үлкен 2 топқа бөлінеді:
- Эндогендік
- Экзогенді
Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т. б. ) .
Экзогенді улар - ағзаға сыртқы ортадан келетін уытты заттар . Экзогендік улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді;
- Минерал тектес
- Өсімдік тектес
- Органикалық
- Жануар тектес
Әдетте эндогендік улардың токсикологияға жанама ғана қатысы бар, сондықтан, экзогенді улар негізгі зерттеу нысандары болып табылады. Мұнан басқа мал дәрігерлігі саласында - токсикологияға тікелей қатысы жоқ ерекше улар тобы - бактериалық улар деп аталатын улар болады.
2. Органикалық улы зат- пестицидтер
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis - жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) - мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады ;
- Хлорорганикалық қосылыстар - гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т. б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
- Фосфорорганикалық инсектицидтер - карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т. б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
- Карбаматты инсектицидтер - карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин) . Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар зияны жоқ.
- Хлорфеноксиқышқыл туындыллары - дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
- Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер - транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
Пестицидтердің ыдырау механизмі. Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі - фотохимиялық, тотығу - тотықсыздандыру реакциясының және гидролиздің көмегімен жүзеге асса, екіншісі - ферменттердің әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалыққа қарағанда тезірек жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына байланысты.
3. Токсиндік заттардың ағзаға ену жолдары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz