Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Оңтүстік Қазақстан облысы агроландшафттарының дамуындағы
географиялық компоненттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
І.1 Геологиялық түзілуі және жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
І.2 Климат жағдайы және агроклиматтық ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... .7
І.3 Су ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
І.4 Топырақ.өсімдік жамылғысы мен жануарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

ІІ. Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ІІ.1 Агроландшафт туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ІІ.2 Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жерлердің
көлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІІ.3 Оңтүстік Қазақстан облысының егістік ландшафттары ... ... ... ... ... ... 27
ІІ.4 Оңтүстік Қазақстан облысының жайылым кешендері ... ... ... ... ... ... . 33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42

Әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
Кіріспе.
Қазіргі заман адамзат цивилизациясы даму барысында табиғат ресурстарын тұтынуы өте үлкен көлемге жетті. Адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға ықпалы географиялық компоненттің қуаттылығымен салыстырмалы болды. Табиғатқа мұндай ықпалдың нәтижесінде табиғи ландшафттар антропогендік факторлары ықпалында дамиды, яғни әр түрлі деңгейдегі антропогендік ландшафттар қалыптасады.
Антропогендік кешендер арасында ең көп таралған агроландшафттар. Қазіргі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысының 11 730 000 гектар жалпы жер көлемінен, 4 431 602 гектар жері (1.01.2001) ауыл шаруашылықта пайдалануда, ол жалпы облыстың жер көлемінен 37,8% құрайды. Осыдан, 1995 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша егістік жер көлемі 852 959 гектар болған, немесе облыстың ауыл шаруашылық жердің жалпы көлемінен 19,3 % құраған, ал 2005 жылдың 1 қаңтарына 758282 гектар, 17,1 %. Жалпы облыс территориясының жер көлемінен сәйкес 7,3 % және 6,5% құрайды.
Ұсынылған диплом жұмыстың негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттардың (ауыл шаруашылық ландшафттардың) пайда болуы, динамикасы мен дамуын қарастыру. Агроландшафттардың қасиеттерін жақсарту, жоғары өнім алудың және интенсификациялаудың маңызды бір жолы.
Диплом жұмысын орындауда, автор қазіргі конструктивтік географияда қолданылатын негізгі классикалық әдістерді пайдаланды, оның негізгілері: картографиялық, статистикалық, баяндама және салыстырма. Агроландшафттарға баяндама беруде жүйелі көз қарас қолданылды, яғни жасанды географиялық кешендері өзара байланысқан және өзара әрекеттегі элементтері жиынтығы түрінде қарастырылады.
Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысы зерттеуде статистикалық мәліметтерге жалпы талдау беру арқылы 5 кесте жұмыстың мазмұнына еңгізілді. Диплом жұмысын зерттеу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттар картасы жасалынды. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы Жер және су ресурстары пайдалану басқармасының, Оңтүстік Қазақстан облысының гидрометеорологиялық орталықтың фондттық мәліметтеріне негізденді, Ғылыми-техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады.
Диплом жұмысының өзектілігі: Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің техникалық дақылдарды өсірудің маңызды аймағының бірі, әсіресе мақта, темекі, дәнді дақылдардан күріш, күзгі бидай, бақшалық дақылдар, ашық жердегі көкөніс, сафлор т.б. Облыстың ауыл шаруашлығы басым суғармалы, сондықтан жоғары өнім алуға мұмкіндік береді. Облыстың ауыл шаруашылығын дамытуда ірі гидротехникалық құрылыстар салынған, Шардара су қоймасы, Арыс-Түркістан каналы тағы басқа үсақ суландыру жүйелері. Мақтаарал ауданында «Достық» (бұрыңғы С.М. Киров атындағы) каналы – ауданның басты су көзі Өзбекстан Республикасы территориясынан Сырдарья өзенінен басталады. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы Қазақстан Республикасын мақта, күріш, бақшалық дақылдар, ерте көкөніс және тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге мұмкіндігі өте жоғары.
Агроландшафттар туралы теориялық мәселелер ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми деңгейде дами бастады. Осы мәселелер бойынша көптеген ғалымдар зерттеу жұмысарын жүргізді, сондай-ақ Ресей ғалымдары Мильков Ф.Н., Николаев В.А., Исаченко А.Г., Куракина Л.Ю. т.б. Қазақстандық ғалымдардан, Джаналиева Г.М., Чигаркин А.В., Гельдыева Г.В., Шайық О.Ш., Алимаев И.И., Бельгибаев А.Н. т.б.
Әдебиет
1. Биғалиев А. т.б. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. Алматы. Санат. 1995. – 128 б.
2. 1995, 2002 – 2005 жылдарындағы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл, орман және балық шаруашылығы. Статистикалық жинақ. Шымкент. 2006.
3. Қазақстан Республикасының жер кодексі. Ресми мәтін. Астана, 2002. -36 бет.
4. Қазақстан Республикасы. Су кодексі: Ресми мәтін. 2002 жылдың 1 наурызына берілген. Астана. 2002. – 36 б.
5. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Ауыл шаруашылығы. Жалпы редактор А.Қ. Құсайынов. Алматы. Рауан. 2000 – 296 б.
6. Қорғасбаев Ж., Қасенов М. Шөл жайылымдарды суландыру және игеру. Алма-Ата. Қайнар. 1987. – 168 б.
7. Құсайынов С.А. Жалпы геоморфология. Алматы. 1998. 389 б.
8. Нұрғалиев К. Ауыл шаруашылығындағы ҒТП. Алма-Ата. Білім. 1978. – 40 б.
9. Оспанов Б. Қазақстан жер қорлары, оларды бағалау және тиімді пайдалану. Алматы. Қазақ университеті. 2005. – 112 б.
10. Омаров Т. Қазақстан өзендері мен көлдері. Алма-Ата. 1997. 234 б.
11. Сабиров М.С. т.б. Мал жайылымдарын суландыру. Алма-Ата. Қайнар. 1979. – 108 б.
12. Суармалы гектарлар. Алма-Ата, 1987. – 152 б.
13. Топырақтар географиясы. Жалпы редактор Т.Тазабеков. Алматы. Агроуниверситет. 2000. – 180 б.
14. Туяқбаев Н.Т. Жер асты суларын пайдалану. Алма-Ата. Қайнар. 1982. – 152 б.
15. Көшербаева Е. Мақта өндірісін көтерудің келелі мәселелері көп // Оңтүстік Қазақстан-№162-2005 -8 қараша-1 бет.
16. Кенжеғұлов Н. Мақта –облысымыздың басты байлығы // Оңтүстік Қазақстан -№132-2005-15 қыркүйек -2 бет.
17. Агроклиматические ресурсы Чимкентской области Казахской ССР. Ленинград. 1979. - 268 с.
18. Алимаев И.И. Улучшение и рациональное использование аридных пастбищ. Алма–Ата. 1985. - 185 с.
19. Антропогенные изменения и охрана природной среды. Сб. стат. Нижний Новгород. НГПИ. 1990. – 136 с.
20. Антропогенные ландшафты: структура, методы и прикладные аспекты изучения. Сб. стат. Воронеж. ВГУ. 1988. – 236 с.
21. Артезианские бассейны Южного Казахстана. У.А. Ахмедсафин и др. Алма-Ата. Наука. 1968. – 324 с.
22. Бабушкин Л.Н. Климатография Средней Азии. Ташкент. 1981. 91 с.
23. Бейсенова А.С. Исследование природы Казахстана. А. 1978. 248 с.
24. Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. Наука. Алма–Ата. 1992. - 173 с.
25. Геология СССР. Том 40. Южный Казахстан. Геологическое описание. Книга 1-ая. Гл. ред. А.В. Сидоренко. Москва. Недра. 1971. - 511 с.
26. Геология СССР. Том 40. Южный Казахстан. Полезные ископаемые. Под ред. Ш.Е. Есенова. Москва. Наука. 1977. - 403 с.
27. Гвоздецкий Н.А., Николаев В.А. Казахстан. Очерк природы. Москва. 1971. - 296 с.
28. Глазовская М.А. Принципы классификации природных геосистем по устойчивости к техногенезу и прогнозное ландшафтно-геохимическое районирование. // Устойчивость геосистем. М. Наука. 1983. 61 – 78 стр.
29. Джаналиева Г.М. Физическая география Казахстана. Алматы. 1998. – 364 с.
30. Жихарева П.А. Почвы Чимкентской области. М. Наука. 1969. – 412 с.
31. Исаченко А.Г. Основы ландшафтоведения и физико-географическое районирование. Москва. 1990 - 386 с.
32. Мильков Ф.Н. Человек и ландшафты. Москва. 1973. – 327 с.
33. Минц А.А. Экономическая оценка природных ресурсов. Москва. 1972. – 304 с.
34. Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. Ленинград. 1989.
35. Климат Казахстана. Под редакции А.С.Утешова. Ленинград. 1959. - 315 с
36. Методика проведения нормативного деления территории эколого-географического района по активности хозяйственной деятельности при проведении экологического районирования. Астана. 2004.
37. Равнины и горы Средней Азии и Казахстана. Москва. 1975. - 264 с.
38. Реймерс Ф.Н. Природопользование. Москва, 1990. - 637 с.
39. Поверхностные воды Южного Казахстана (Джамбульская, Чимкентская и Қызылординская области). Под ред. И.Б. Вольфмунца. Ленинград. Гидрометеоиздат. 1976. – 462 с.
40. Почвы Казахской ССР. Алма – Ата. 1973. – 345 с.
41. Пузырева А.А. Климатическое районирование Южного Казахстана. Алматы. Наука. 1975. - 226 с.
42. Сельское, лесное и рыбное хозяйство Южно-Казахстанской области за 1995, 2002 – 2005 г.г. Статистический сборник. Шымкент. Управление статистики ЮКО. 2006. – 332 с.
43. Сельское хозяйство Южно – Казахстанской области. Шымкент. 1998. - 140 с.
44. Сваричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азии. Ленинград. 1965. – 296 с.
45. Сочава В.Б. Введение в учение о геосистемах. Новосибирск. 1978. – 319 с.
46. Справочник Государственного фонда данных о состоянии природной среды. Алма – Ата. 1987. - 237 с.
47. Чигаркин А.В. Освоение пустынь Казахстана. Алма-Ата. Наука. 1984. – 286 с.
48. Чупахин В.М. Природные районирование Казахстан. Алма – Ата. 1970. -259 с.
49. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алма – Ата. 1970.
50. Шайык О.Ш. Орошаемые сероземы Южного Казахстана. Алматы. 2001. -190 с.
51. Шульц В.Л. Реки Средней Азии. Ленинград. 1965. - 691 с.
52. Южно-Казахстанская область и ее регионы. Шымкент. Управление статистики ЮКО. 2003. – 220 с.
53. Оңтүстік Қазақастан облысының жала географиялық картасы. Масштабы 1:1000000.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тарих факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

Дипломдық жұмыс

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОЛАНДШАФТТАРЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Оңтүстік Қазақстан облысы агроландшафттарының дамуындағы
географиялық
компоненттері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 5
І.1 Геологиялық түзілуі және жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..5
І.2 Климат жағдайы және агроклиматтық
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... 7
І.3 Су
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...12
І.4 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен
жануарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .14
ІІ. Оңтүстік Қазақстан облысының
агроландшафттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ІІ.1 Агроландшафт туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ІІ.2 Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жерлердің

көлемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ІІ.3 Оңтүстік Қазақстан облысының егістік
ландшафттары ... ... ... ... ... ... .27
ІІ.4 Оңтүстік Қазақстан облысының жайылым
кешендері ... ... ... ... ... ... . 33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
Әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

Кіріспе.
Қазіргі заман адамзат цивилизациясы даму барысында табиғат
ресурстарын тұтынуы өте үлкен көлемге жетті. Адамның іс-әрекетінің қоршаған
ортаға ықпалы географиялық компоненттің қуаттылығымен салыстырмалы болды.
Табиғатқа мұндай ықпалдың нәтижесінде табиғи ландшафттар антропогендік
факторлары ықпалында дамиды, яғни әр түрлі деңгейдегі антропогендік
ландшафттар қалыптасады.
Антропогендік кешендер арасында ең көп таралған агроландшафттар.
Қазіргі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысының 11 730 000 гектар жалпы жер
көлемінен, 4 431 602 гектар жері (1.01.2001) ауыл шаруашылықта пайдалануда,
ол жалпы облыстың жер көлемінен 37,8% құрайды. Осыдан, 1995 жылдың 1
қаңтарына облыс бойынша егістік жер көлемі 852 959 гектар болған, немесе
облыстың ауыл шаруашылық жердің жалпы көлемінен 19,3 % құраған, ал 2005
жылдың 1 қаңтарына 758282 гектар, 17,1 %. Жалпы облыс территориясының жер
көлемінен сәйкес 7,3 % және 6,5% құрайды.
Ұсынылған диплом жұмыстың негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан
облысының агроландшафттардың (ауыл шаруашылық ландшафттардың) пайда болуы,
динамикасы мен дамуын қарастыру. Агроландшафттардың қасиеттерін жақсарту,
жоғары өнім алудың және интенсификациялаудың маңызды бір жолы.
Диплом жұмысын орындауда, автор қазіргі конструктивтік географияда
қолданылатын негізгі классикалық әдістерді пайдаланды, оның негізгілері:
картографиялық, статистикалық, баяндама және салыстырма. Агроландшафттарға
баяндама беруде жүйелі көз қарас қолданылды, яғни жасанды географиялық
кешендері өзара байланысқан және өзара әрекеттегі элементтері жиынтығы
түрінде қарастырылады.
Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер
тізімінен тұрады. Диплом жұмысы зерттеуде статистикалық мәліметтерге жалпы
талдау беру арқылы 5 кесте жұмыстың мазмұнына еңгізілді. Диплом жұмысын
зерттеу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттар картасы
жасалынды. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы
Жер және су ресурстары пайдалану басқармасының, Оңтүстік Қазақстан
облысының гидрометеорологиялық орталықтың фондттық мәліметтеріне
негізденді, Ғылыми-техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан
тақырып бойынша әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе
кезінде осы мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады.
Диплом жұмысының өзектілігі: Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің
техникалық дақылдарды өсірудің маңызды аймағының бірі, әсіресе мақта,
темекі, дәнді дақылдардан күріш, күзгі бидай, бақшалық дақылдар, ашық
жердегі көкөніс, сафлор т.б. Облыстың ауыл шаруашлығы басым суғармалы,
сондықтан жоғары өнім алуға мұмкіндік береді. Облыстың ауыл шаруашылығын
дамытуда ірі гидротехникалық құрылыстар салынған, Шардара су қоймасы, Арыс-
Түркістан каналы тағы басқа үсақ суландыру жүйелері. Мақтаарал ауданында
Достық (бұрыңғы С.М. Киров атындағы) каналы – ауданның басты су көзі
Өзбекстан Республикасы территориясынан Сырдарья өзенінен басталады.
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы Қазақстан Республикасын
мақта, күріш, бақшалық дақылдар, ерте көкөніс және тағы басқа ауыл
шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге мұмкіндігі өте жоғары.
Агроландшафттар туралы теориялық мәселелер ХХ ғасырдың екінші
жартысында ғылыми деңгейде дами бастады. Осы мәселелер бойынша көптеген
ғалымдар зерттеу жұмысарын жүргізді, сондай-ақ Ресей ғалымдары Мильков
Ф.Н., Николаев В.А., Исаченко А.Г., Куракина Л.Ю. т.б. Қазақстандық
ғалымдардан, Джаналиева Г.М., Чигаркин А.В., Гельдыева Г.В., Шайық О.Ш.,
Алимаев И.И., Бельгибаев А.Н. т.б.

І. Оңтүстік Қазақстан облысы агроландшафттарының дамуындағы географиялық
компоненттері.

І.1 Геологиялық түзілуі және жер бедері.

Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының басым бөлігі Тұран
плитасында орналасқан, оңтүстік-шығыста Өгем жотасы арқылы Өзбекістанмен
шектеседі (облыстың ең қиыр оңтүстік-шығысында Қырғызстанмен аз ғана
қашықтықта шекараласады). Батыста, Қызылқұм бойы Өзбекістанмен шекара
жалғасады. Солтұстікте Бетпақдала арқылы Қарағанды облысымен шекаралас
болады, ал шығыста Қаратау мен Мойынқұм бойынша Жамбыл облысымен шекара
өтеді. Облыстың ортасын оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай Қаратау
жотасы кесіп өтеді. Өгем және Қаратау Батыс Тянь-Шань тауларының бөліктері.
Облыс шегіндегі Тұран ойпаты сазды Бетпақдала, құмды Мойынқұм мен Қызылқұм
шөлдеріне және Сырдария бойы тау алды шөлейт жазыққа бөлінеді.
Бетпақдала, борпылдақ қабат-қабат орналасқан мезозой және палеоген
тау жыныстарынан құрылған жазықтық, оның орташа биіктігі 300 м. Жазық
үстінде басым теңіздік және континенттік палеогендік шөгінділер – құм,
құмтас, саз, ұсақ жұмыр тас. Жазықтық кеңістіктер сор жерлерімен тұйық
ойыстармен және ағынсыз төмен жерлермен кезектеседі [25,26].
Мойынқұм құмды шөлі Шу синеклизаның басым бөлігін алып жатыр, ол Тянь-
Шань таул алды еңкіс жазықтар мен ойпаттың жазықтарына отпелі болып
табылады. Мойынқұм шөлінің жер бедері негізінен эолды – төбелі (ячеистые)
және тізбекті (грядовые) құм. Кейбір жерлерде эол жер бедері астынан аңғар
тәріздес және ежелгі террассалар сатыларының жар сияқты қия беттер
түріндегі су тектес ежелгі пішіндер көріністе болады.
Облыстың оңтүстік-батысын Қызылқұмның солтүстік-шығысы алып жатыр.
Мұнда эолды құм жер бедері басым. Құмның астында ежелгі аллювиалдық қабат,
ал Сырдария маңында аллювиалды-көлді қабат орналасқан. Аллювиалды және
аллювиалды-көлді шөгінділерді желмен електеу есебінен эолды құм пайда
болған. Құм басым бөлігінде өсімдіктермен бекітілген. Тізбекті және төбелі
жер бедері қалыптасқан, кейбір жерде барханды құм төбелер кездеседі.
Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейі мен Сырдария өзенінің арасындағы
облыстың территориясы, Сырдарияның аллювиалдық және оның оң салаларының
аллювиалдық пен пролювиалдық шөгінділерінен пайда болған. Бұл тау алды
жазықтық сайлармен тілімденген және сынық шөгінділерден құрылған. Мұнда
еспе сулары салыстырмалы тұщы, ал Сырдария өзеніне қарай жылжыған сайын
еспе сулар тұздалады.
Қаратау - орта биікті жотасы, оның ең биік шыңы Бессаз (Мыңжылқы)
шыңы – 2176 м. Негізінен ол кембрий алды және палеозойдың дислокацияланған
қабаттарынан құрылған, ал оның тау алды мезозой, палеоген және неоген
жастағы горизантыльдық орналасатын шөгінділерінен қалыптасқан. Қарату 5 – 6
балдық сейсмикалық зонада орналасқан. Қазіргі тектоникалық қозғалыстар өте
белсенді, мұндай белсенділік, +12 ммжылына, Шоқпақ асуда, (перевал
Чокпак) қайта геодезиялық нивелировка арқылы байқалды (Финько, 1965).
Қаратау жотасы басым жерінде ассиметриялық болып келеді. Оңтүстік тау
алдының үстіртті беті солтүстікке қарай жазық қырқаға айналады. Су айырық
беті бор және эоцен трансгрессиялар кезінде жемірілген денудациялық
жазықтық болып келеді. Қаратаудың оңтүстік жайпақ беткейдің әктасты-
доломитты қабаттар дамыған учаскелердегі көтерілген жазық бетте өзендер мен
жылғалардың кесіліп ойылған көлденең аңғарлары, тік беткейлі каньон
тәріздес болып келеді. Жоғарыдан қарағанда осы каньондардың кейбір
кесінділері тура және кескін бұрылыстар сипатты.
Облыстың оңтүстік-шығысында Батыс Тянь-Шань тауларының тізбектері
орналасқан. Ең биік Сай жоталар гранитті және гранодиоритті герцин
интрузияларымен тесіп шыққан палеозой шөгінді қабаттардан құрылған. Өгем
жотасының кейбір жазық суайырық беттері әктастардан құрылған, ол жерде
карст шұңқырлары көп кезедеседі. Қазығұрт таулары осындый тұзіліске және
жер бедеріне ие.

І.2 Климат жағдайы және агроклиматтық ресурстары.
Оңтүстік Қазақстан облысы қоңыржай белдеуінің оңтүстік бөлігінде
орналасқан. Облыстың жазықтықты аудандарының климат жағдайының ерекшелігі
кескін континенттігі. Л.Н. Бабушкиннің климаттық аудандастыруы бойынша
(Бабушкин, 1983) облыстың территориясы үш климаттық провинцияда орналасқан.
Облыстың солтүстігі Орталық Қазақстан провинцияның Бетпақдала округінде
орналасқан. А.А. Пузырева бойынша (Пузырева, 1975) облыстың бұл бөлігі
Балхаш-Арал облысының Орталық Қазақстан ауданында орналасқан. Облыстың
солтүстік ауданының климаттық шекаралары авторларда бір-біріне сәйкес
келеді. Бұл аудан ауа температурасының үлкен жылдық ауытқуымен сипатталады,
38º шамасында (қаңтар - -10,7ºС, шілде - +27ºС) (№ 1 кестеде), мұндай
ауытқу климаттың кескін континенттігіне байланысты.

№ 1. Ауаның орта айлық және жылдық температурасы (ºС).
(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. Ленинград.
1989. бойынша, 168 б.)
№ Станция I III V VII
1 Шымкент 30934 0,3 20443 66,1
2 Арыс 627440 5,3 313362 49,9
3 Кентау 52766 0,5 9867 18,7
4 Түркістан 744000 6,2 486583 51,9
5 Бәйдібек 721853 8,1 572689 79,3
6 Қазығүрт 409304 3,5 266505 65,11
7 Мақтаарал 176898 1,3 159542 90,2
8 Ордабасы 272627 2,2 233190 85,5
9 Отырар 1807043 14,9 751514 41,6
10 Сайрам 171156 1,2 134107 78,35
11 Сарыағаш 761329 6,2 437059 57,4
12 Созақ 4104940 34,8 516568 11,7
13 Төлебі 315069 2,4 141134 44,8
14 Түлкібас 233837 2 151028 64,6
15 Шарадара 1295725 11,1 238011 18,4
барлығы 11724921 100 4431602 37,8

Кесте бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық жерлердің
жалпы көлемі 4431602 га, облыстың жалпы жер көлемінің шамамен 37,79%
құрайды. Ұсынылған диплом жұмысы тақырыбының көз қарасынан облыстың
аудандарын ауыл шаруашылықта қолданатын жердің жалпы көлемі және ауданның
жалпы жер көлеміндегі ауыл шаруашылық жердің үлесі бойынша топтастыруға
болады.
Облыста ауыл шаруашылықта пайдаланатын жерлер, яғни агроландшафттар
(сонымен қоса басқада антропогендік кешендер – жол, канал, су қоймасы, елді
мекен т.б.) басым тау етегінде, жазықтық беткейлерінде, суайырықтарында,
өзендердің аңғарларында дамыған. Ауыл шаруашылық жерлердің көлемі ауданның
жалпы жер көлеміне тәуелді. Бұл көрсеткіш бойынша облыс аудандарын
төмендегідей топтар мен топшалараға бөлуге болады.
Бірінші топты, Отырар, Бәйдібек, Созақ және Сарыағаш аудандары
құрайды. Осы төрт аудан жалпы ауыл шаруашылық жер көлемі бойынша облыстың
ең ірі аудандары. Ең үлкен Отырар ауданы, жалпы ауыл шаруашылық жерлердің
көлемі 751514 га, ауданның жалпы жер көлемінің 41,6 % құрайды. Отырар
ауданы территориясының басым бөлігі Қызылқұм шөлінде орналасқан, мұнда қой
шаруашылығы дамыған. Егістік агроландшафттары Арыс бойы мен оның сағасында
және Сырдария маңында орналасқан. Бірақ егістік ландшафттары айтарлықтай
көп емес.
Бәйдібек ауданының территориясында өткен ғасырда ауыл шаруашылық
мақсатында көптеген жерлер игерілген. Әсіресе, тау беткейлерінде, жазықтық
келетін суайырықтарында суғарылмайтын егіс ландшафттары ұйымдастырылған.
Аудан территориясы Орталық Қаратаудың оңтүстік беткейінде орналасқан, ауыл
шаруашылық жерлердің жалпы көлемі 572689 га, ауданның жалпы жер көлемінің
79,3 % құрайды.
Қаратаудың беткейлерінен көптеген өзендер басталады. Өзен бойы кең
аңғарларында көптеген елді мекендер орналасқан, мұнда басым мал шаруашылығы
жақсы дамыған, суғарылмайтын егін шаруашылығанда астық дақылдарынан бидай,
ал шөптесін дақылдардан – жоңышқа, люцерна көп егеді.
Созақ ауданы территориясының басым бөлігі Бетпақдала мен Мойынқұмда,
тек оңтүстік шеті ғана Солтүстік Қаратаудың солтүстік беткейін алып жатыр.
Ауданның ауыл шаруашылық жер көлемі 516568 га, ауданның жалпы жер көлемінің
11,7 % құрайды.
Ауданның Қаратау беткейінде орналасқан бөлігінде ежелгі Жібек жолының
солтүстікке бағытталған тармағы өткен, сондықтан, ауданның оңтүстігінде
оналасқан жерлер көптеген ғасырлар бойы адам тарапынан ауыл шаруашылық
мақсатында игерілген. Бірақ ауданда ауыл шаруашылық ландшафттардың жайылым
кешендері дамыған. Қазіргі таңда, егістік ландшафттары тек ғана кіші-гірім
өзендер бойында орналасқан.
Сарыағаш ауданының ауыл шаруашылық жерлердің көлемі – 437059 га, ол
ауданның жалпы ауданының 57,4 % құрайды. Аудан территориясы Сырдарияның оң
жағасы бойы аллювиальды-пролювиальдық төбелі-қырқалы шөлді жазықтықта
орналасқан. Мұндай геоморфологиялық жағдайы егісітк ландшафттарын дамытуға
мүлдем мүмкіндік бермейді, ал су тапшылығы жерді жайылым ретінде
пайдалануды шектейді, яғни мал шаруашылықты кең дамытуға мүмкіндік жоқ.
Егін шаруашылығы басым Келес және Қүркелес өзендері аңғарларында және
өзендер арасындағы жазықты суайырықта жақсы дамыған. Сарыағаш аданы
агроклиматтық ресурстары жылу сүйігіш дақылдарға өте қолайлы, әсіресе
жүзімдік жақсы дамыған, облыстта жүзімдік көп таралған жер, оның көлемі –
1106 га.
Ауыл шаруашылық жер көлемі бойынша келесі аудандар тобын екі топшаға
бөлуге болады, бірінші, Түркістан және Арыс аудандары, екінші топша –
Қазығүрт, Шардара және Ордабасы аудандары. Бұл аудандардың ауыл шаруашылық
жерлер көлемі 200 000 га жоғары.
Түркістан ауданының территориясы мыңжылдық тарихымен белгілі, мұнда
табиғи кешендер ғасырлар бойы антропогендік ықпалында болған, мысалы,
егістік жерлер ғасырлар бойы ауыл шаруашылық айналымда болуына байланысты
зоналды сұр топырағы орнында осы топырақ түрінің антропогендік
модификациясы пайда болған, ал жер бедері жасанды жазықтыққа айналған.
Ауданның ауыл шаруашылық жердің жалпы жер көлемі 386583 га, ауданның жалпы
жер көлемінің 51,9 % құрайды. Аудан территориясы Солтүстік Қаратаудың
оңтүстік беткейінде және Сырдарияның оң жағасы бойы тау алды еңкейген
аллювиальды-пролювиальдық жазықтықта орналасқан. Ауданда егіншілік және мал
шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Егістік ландшафттары басым таудан
басталатын өзендер бойында және Арыс-Түркістан каналы есебінен шамамен 30
мыңдай га қосымша игерілген. Егістіктің басты дақылы мақта болып табылады.
Арыс ауданы егін шаруашылығы көз қарасынан жағымсыз, Сырдарияның
Сырдарияның оң жағасы бойы аллювиальды-пролювиальдық жазықтықта және
Сырдарияның сол жағасы бойы Қызылқұм шөлінде орналасқан.
Ауданның су ресурстары аз болуына байланысты жайылым кешендері
егістік кешендерінен салыстырмалы көбірек болады. Егін кешендері Арыс және
Сырдарья өзендері бойында орналасқан. Ауданның жалпы ауыл шаруашылық жер
көлемі 313362 га, ауданның жалпы жер көлемінің 49,9 % құрайды, егістік
агроландашфттары не бары 18030 га, ауданның жер көлемінің 2,9 % алып жатыр.
Қазығұрт ауданының территориясын шарты түрде Батыс және Шығыс
бөліктерге бөлуге болады. Батыс бөлігі Қазығұрт жотасынан солтүстік-батысқа
қарай Сырдария оң жағасы бойы аллювиальды-пролювиальдық төбелі-қырқалы
жазықтықты алып жатыр. Ауданның батыс бөлігі ауыл шаруашылығы көз қарасынан
қүны өте төмен. Шығыс бөлігі Қазығұрт және Қаржантау жоталары арасында
орналасқан Келес өзенінің аңғарында орналасқан. Келес өзенінің су
ресурстары айтарлықтай көп емес, сондықтан, егін шаруашылығының дамуы
шектелген. Бірақ, су тапшы жерлерінде суғармалы жерлер бар, ал тау
беткейлерінде жазықтық суайырықтарында суғарылмайтын агроландшафттар
дамыған. Ауданның ауыл шаруашылық жерлер көлемі 266505 га, аудан жер
көлемінен 65,11 % құрайды. Келес және оның салалары бойында агроландшафттар
ғасырлар бойы дамуда, яғни табиғат компоненттеріне жоғары деңгейде
өзгертілген агроландшаттар қалыптасқан.
Шардара ауданы облыстың қиыр оңтүстік-батысында, Сырдария өзенінің
сол жағасы бойы Қызылқұм шөлінің қиыр оңтүстік-шығысында орналасқан. Ауыл
шаруашылық жерлерінің жалпы ауданы 238011 га, ауданның жалпы жер көлемінің
18,4 % құрайды. Ауданның табиғат жағдайы егін шаруашылығын дамытуын
шектейді, бірақ, ХХ ғасырдың 70-ші жылдары Қызылқұм магистральдық каналы
құрылуы 25 мың га жерді суландыру арқылы суғармалы егіншілік
ұйымдастырылды. Гидротехникалық құрылыс дамуы нәтижесінде канал бойы күріш
егістік ландшафттары жақсы дамыған. Күріш егіуде табиғат кешеннің
географиялық компоненттері маңызды өзгеріске үшырады, әсіресе, жер бедері,
топырағы, жер асты суларының режимі, осыған тәуелді табиғи өсімдік
жамылғысы, яғни табиғи-техникалық геожүйелерге айналды.
Ауданның батыс үлкен бөлігі жайылым ретінде пайдалануға жарамды,
мұнда қысы жазы қой бағуға болады. Кеңес үкіметі кезінде Шардара ауданының
ауыл шаруашылығының басты салалары күріш егу және қаракөл қой шаруашылығы
еді. Қазіргі таңда, бүл бағыттар даму барысында.
Ордабасы ауданының ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі 233190 га,
ауданның жалпы жер көлемінің 85,5 % құрайды. Аудан территориясы Сырдария
өзенінің оң жағасы бойындағы аллювиальды-пролювиальды төбелі-қырқалы
жазықтықта орналасқан. Ауыл шаруашылық жерлер Арыс өзенінің және Арыс-
Түркістан каналы бойында дамыған, басым суғармалы егістік. Кеңес үкіметі
кезінде мұнда суғармалы егіншілік дамыған, негізгі салалардың бірі мақта
шаруашлығы.
Ауыл шаруашылық жер көлемі бойынша аудандардың үшінші тобы Мақтаарал
(159542), Түлкібас (151028), Төлеби (141134), Сайрам (134107) аудандары
және Шымкент пен Кентау қалаларының маслихаттарына қарасты территориялар.
Аудандардың территориясы Ұлы Жібек жолында жатыр, мұнда адам қоныстанғанына
бірнеше мың жыл болды.
Түлкібас, Төлеби және Сайрам аудандары таулы жер бедерімен
сипатталады, агроклиматтық ресурстары суғарылмайтын ауыл шаруашылық
дамытуға мүмкіндік береді. Бірақ, тегіс емес жер бедері егін шаруашылығының
көлемін шектейді.
Түлкібас ауданы Боралдай жотасының басым оңтүстік беткейі мен Талас
Алатау жотасының солтүстік беткейін қамтиды. Халықтың негізгі қоныстанған
жері Арыс озенінің аңғарында орналасқан. Антикалық кезеңінде және Орта
ғасырларда аудан территориясымен Ұлы Жібек жолы өткен. Сол кездегі
цивилизацияның әсерімен табиғат кешендері жоғары деңгейде өзгеріп, толық
антропогендік кешендерге ауналған. Әсіресе, өзен бойы террасалық
жазықтықтар, топырақтың қасиеттері, өсімдік жамылғысы.
Ауданның ауыл шаруашылық жерлер көлемі 151028 га, ауданның жалпы
территориясының 64,4 % құрайды. Ауданда егін және мал шаруашылығы жақсы
дамыған, таулы бөлігінде жайлау кешендері басымдау болады, ал өзендер бойы
көбінесе ашық грунттағы көкөніс, бай-бақша ландшафттары. Таудың жазықтықты
бөлігінде суғарылмайтын егін кешендері дамыған.
Төлеби ауданының агроландшафттары қалыптасуында басты рольді
геоморфологиялық факторлар атқарады. Таулы аудандарда термикалық ресурстары
жетіспейді, яғни жылу сүйігіш дақылдарды дамытуға мүмкіндік көп емес.
Төлеби ауданның ауыл шаруашылық жер көлемі 141134 га, ол ауданның
жалпы жер көлемінен 44,8 % құрайды. Ауданның шығысын биік таулы жоталар
алып жатыр, мұнда тек ғана мал шаруашылығымен шұғылданады. Қазіргі таңда,
табиғи кешендерді сақтап қалу мақсатында, ауданның таулы бөлігі мемлекет
тарапынан қорғалатын территорияларға айналдырылған, келешекте рекреациялық
орталықтар ұйымдастыруға мүмкіндік бар.
Сайрам ауданының территориясы Шымкент қаласының айналасында, тау алды
төбелі жазықтықта орналасқан. Жалпы жер көлемі бойынша, Шымкент пен
Кентауды есепке алмағанда ең кіші ауданы болып табылады, не бары 171156 га,
оның 134107 га, немесе 78,35 % ауыл шаруашылық жерлер құрайды.
Сайрам ауданының ауыл шаруашылығы мамандануында Шымкент қаласы халқын
көкөніспен қамтамасыз ету басты рол атқарады. Қазіргі таңда, ауданның
агроландшафттарының басым бөлігі егістік кешендер, әсіресе ашық грунттағы
көкөніс. Негізгі ауыл шаруашылық жерлері Ақсу, Қарасу, Бадам, Қызылсу
өзендері бойында орналасқан.
Осы аудандар тобында бірінші Мақтаарал ауданы, оның ауыл шаруашылық
жер көлемі 159542 га, яғни 90,2 % құрайды. Мақтаарал ауданының
агроландшафттары ерекше болып келеді, соңғы кездегі авторлар бойынша
мұндағы агроландшафттарды табиғи-техникалық геожүйе деген терминімен атауға
болады. Ауданның жалпы барлық территориясы тікелей антропогендік ықпалында
болады.
Шымкент және Кентау қалалық маслихаттарына қарасты ауыл шаруашылық
жерлер көп көлемді емес, жалпы облыстың жер көлемінен 0,3 % шамасында.
Кентау қаласы маслихатына қарасты жерле басым таулы болып келеді,
сондықтан ауыл шаруашылық жерлердің 84,1 % жайлау кешендері болып табылады.
Солтүстік Қаратаудың беткейілерінен басталатын өзендердің аңғарларында,
жазықтықты салыстырмалы енділеу болатын террасаларында егістік ландшафттар
дамыған. Ауыл шаруашылық жерлердің көлемі 9867 га, ол жалпы жер көлемінен
18,7 % құрайды.
Шымкент қаласы маслихатына қарасты ауыл шаруашылық жерлердің ауданы
20443 ге, жалпы жер көлемінің 66,1 % құрайды. Шымкент қаласы өте тез өсіп
бара жатыр, қала маңындағы бұрынғы мал бағатын, қала маңы егін шаруашылығы
дамыған жерлер тез арада түрғын үйлер, мекемелер, кәсіпорындар т.б. құрылыс
жүруде. Соңғы 2005 ж. мәліметтер бойынша ауыл шаруашылық жерлердің 57 %
егін шаруашылығы қалған жер басым жайылым және т.б. ауыл шаруашылық
кешендер мен жүйелер алып жатыр.

ІІ.3 Оңтүстік Қазақстан облысының егістік ландшафттары.
Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы егістік жер көлемі 852959 га (ОҚО
жер және су ресурстары басқармасы қорының материалдыр, 2005 ж), ал облыстың
статистикалық басқармасының мәліметтер бойынша 758282 га (1995, 2002 – 2005
жылдарындағы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл, орман және балық
шаруашылығы. Статистикалық жинақ. Шымкент 2006ж. 16 бет.). Диплом жұмысында
әрі статистикалық, әрі жер және су ресурстары басқармаларының мәліметтері
сәйкес пайдаландық. Егістік жерлердің көлемі облыстың жалпы жер көлемінің
7,2 %, ал ауыл шаруашылық жерлердің жалпы ауданының 19,2 % құрайды.
Облыстың агроклиматтық ресурстары жақсы болғанымен басқа табиғи
компоненттер облыстың жерлерін ауыл шаруашылықта пайдалануын шектейді.
Сонымен, егістік ландшафттарды аудандар кесіндісінде қарастырайық (№ 4
кесте).

№ 4 кесте. Оңтүстік Қазақстан облысының
егістік ландшафттарының көлемі.
(ОҚО жер және су ресурстаны пайдалану басқармасының
қорының материалдарынан, 2005)
Аудан аты Егістік Егістік Егістік
агроландшафттың агроландшафттардың агроландшафттардың
ауданы, га ауданның жалпы жер ауданның ауыл
көлеміндегі үлесі, % шаруашлық жер
көлеміндегі үлесі,
%
1 Шымкент 11665 37,7 57,06
2 Арыс 18030 2,9 5,75
3 Кентау 1572 0,03 15,9
4 Түркістан 46204 6,2 11,9
5 Байдібек 86142 11,9 15,04
6 Қазығұрт 102501 25,04 38,46
7 Мақтаарал 131345 74,2 82,3
8 Ордабасы 79997 29,3 34,3
9 Отырар 16673 0,9 2,22
10 Сайрам 90129 52,6 67,2
11 Сарыағаш 61930 8,1 14,2
12 Созақ 6703 0,15 1,3
13 Төлеби 76134 24,1 53,9
14 Түлкібас 64286 27,5 42,5
15 Шардара 59648 4,6 25,06
барлығы 852959 7,2 19,2

Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарын егістік кешендерінің жалпы жер
көлемі бойынша шартты түрде төрт топқа бөлуге болады: 1) егістік көлемі 100
мың га жоғары, өте ірі аудандар, 2) егістік көлемі 75 – 100 мың га
аралығында, үлкен аудандар, 3) егістік көлемі 30 – 75 мың га аралығында
орта көлемді аудандар және 4) 30 мың га аз, шағын аудандар.
Бірінші топқа, жалпы жер көлемі аз болғанымен, егістік жер көлемі көп
болатын Мақтаарал 131345 га және Қазығұрт 102501 га аудандары жатады.
Екінші топқа – Сайрам – 90129 га, Бәйдібек – 86142 га, Ордабасы – 79997 га
және Төлеби – 76134 га аудандары жатады.Үшінші топқа – Түлкібас – 64286 га,
Сарыағаш – 61930 га, Шарадара – 59648 га және Түркістан – 46204 га
аудандары жатады. Төртінші топқа – Арыс – 18030 га, Отырар – 16673 га,
Созақ – 6703 га және Шымкент қаласы маслихатына – 11665 га, Кентау қаласы
маслихатына – 1572 га қарасты жерлер.
Бірінші топтың аудандары – Мақтаарал және Қазығұрт аудандары біркелкі
емес географиялық жағдайда орналасқан және ауыл шаруашылығы дамуы әртүрлі
болып келеді. Қазығұрт ауданы таулы жерімен сипатталады және
агроландшафттары ертеде қалыптаса бастаған. Мақтаарал ауданы шөлді жазықтық
жер бетімен сипатталады, ауыл шаруашылығы ХХ ғасырдың 20-ші жылдарынан тың
жерлерді игеруден бьастады. Аудан ауыл шаруашылығының басты мақсаты Кеңес
үкіметін мақтамен қамтамасыз ету.
Мақтаарал ауданының егістік кешендері ауданның жалпы жер көлемінен
74,2 %, ал ауданның ауыл шаруашылық жерлерінен 82,3 % құрайды. Негізінде
Мақтаарал ауданында жаңадан ауыл шаруашылыққа игеретін жер қалмады, яғни
ауданның территориясы түгелдей антропогендік кешенге айналды десек болады.
Кейбір авторлар мұндай кешендерді табиғи-техникалық геожүйелер деп атайды.
Шын мәнісінде, суғару арқылы Мырзашөлдің шөлді ландшафттарын егістік
кешендерге айналдырылған, сондықтан су көзі тоқтаған жағдайда кешендердің
барлығы қысқа мерзімде табиғи шөл жағдайына келеді деген пікір бар. Демек,
агроландшафттар тікелей адамның іс-әрекетіне тәуелді.
Ауданның негізгі су көзі Өзбекстан Республикасы территориясынан
басталатын Достық (бүрыңғы аты С.М. Киров атындағы) магистральды каналы.
Агроландшафттар басым мақта егілетін жерлер, каналдар мен арықтар және
коллектрлі-дренажды желісі, одан басқа елді мекендер, мекемелер мен
кәсіпорндарының жерлері.
Қазығұрт ауданының егістік кешендері басым тау беткейлерінде, Келес
өзенінің кеңейген террасалы жазықтарында және таудың жазықты бөліктерінде
орналасқан. Ауданның егістік кешендері жалпы жер көлемінің ¼, ал ауыл
шаруашылық жер көлемінің 38,46 % алып жатыр. Аудан суғарылмайтын астық
тұқымдасты дақылдарды көп егеді, бидай, соңғы кезде егіле бастаған сафлор,
темекі. Суғармалы егістік кешендері өзен бойлай түседі, бірақ су ресурстары
тапшы болғандықтан суғармалы жердің көлемі көп емес.
Екінші топты бастайтын Сайрам ауданы, егістік ландшафттарының жер
көлемі 90129 га, жалпы ауданның жер көлемінің 52,6 %, ал ауыл шаруашылық
жерлердің 67,2 % құрайды. Сайрам ауданының агроландшафттары тау алды төбелі
еңкістеген жазықтықта орналасқан. Ауданның агроландашфттары қалыптасуында
Шымкент қаласы жақын орналасуының ықпалы өте маңызды. Мұнда басым
суғарылатын агрофитоценоздар, себебі Шымкент қаласы және ауданның өзінің
халқы көп болуына байланысты егістіктен ашық грунттағы көкөніс, жеміс-
жидек, суғарылмайтын бөліктерінде бидай, жоңышқа егеді. Жалпы ауыл
шаруашылықта пайдалануға мүмкіндігі бар жерлер таусылған есебі, ауыл
шаруашылық егістікте көбейту үшін қосымша су ресурстары қажет.
Бәйдібек ауданы, Орталық Қаратаудың оңтүстік және Боралдай жотасының
солтүстік беткейлері мен Боралдай өзенінің ағарында орналасқан. Егістік
агроландшафттарының жалпы көлемі 86142 га, ауданның жалпы жер көлемінің
11,9 %, ал ауыл шаруашылық жерлердің жалпы көлемінің 15,04 % құрайды. Аудан
территориясында жазықтық жер жоқтың қасы, сондықтан таудың жазықты келетін
бөліктеріндегі суғарылмайтын егістік кешендері басым болады. Ауыл
шаруашылық жерлердің басым бөлігі жайлау кешендері болып табылады.
Ордабасы ауданының егістік агроландшафттары 79997 га алып жатыр, ол
ауданның жалпы жер көлемінің 29,3 %, ал ауыл шаруашылық жерлердің 34,3 %
құрайды. Аудан территориясында жауын-шашынның жылдық мөлшері өте аз болуына
байланысты мұнда тек суғармалы егістік кешендері дамыған. Арыс-Түркістан
каналы ауданның егін шаруашылығында өте маңызды рол атқарады, оның басты
мақсаты аудан территориясында мақта аудандарын дамыту.
Төлеби ауданы егістік ландшафттарының жалпы жер көлемі 76134 га, ол
жалпы ауданның жер көлемінен 24,1%, ал ауыл шаруашылық жер көлемінен 53,9 %
құрайды. Таулы жер бедері егістік кешендердің жер көлемін шектейді.
Агроландшафттар басым суғарылмайтын егістіктер, бидай, жоңышқа. Тау
беткейлері жайылым кешендері ретінде пайдалануда.
Егістік кешендерінің жер көлемі бойынша үшінші топтың ең үлкен ауданы
Түлкібас ауданы, жалпы егістік көлемі 64204 га, аудан территориясының 27,5
%, ал ауылшаруашылық жер көлемінің 42,5 % құрайды. Түлкібас ауданының
физикалық-географиялық жағдайы Төлеби ауданның жағдайын үқсас болып келеді,
басым суғарылмайтын агроландшафттар. Таулы бөлігінде жайылым ландшафттары
дамыған.
Түлкібас және Төлеби аудандарының шығысы таулы болып келеді,
сондықтан, мұнда антропогендік қысым жоғары деңгейде емес. Бірақ, соңғы
жылдары аудандардың территорияларында стихиялық туризм күшті дамуда, мүндай
жағдай қоршаған ортаның түрлі қоқыстарымен ластануына алып келеді.
Сарыағаш ауданының егістік ландшафттары басым Келес және Күркелес
өзендері аңғарларында және өзендер арасындағы суайырық жазығында
орналасқан. Агроландшафттардың жалпы жер көлемі 61930 га, ол аудан
территориясының 8,1 %, ал ауыл шаруашылық жер көлемінің 14,2 % құрайды.
Агроландшафттар басым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Cu, Pb, Ni, Cr ауыр металдарының күріш алқаптарындағы топырақтардағы сандық және сапалық құбылымдары (Қызылорда облысы, Шиелі ауданының мысалында)
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Оқушылардың білімін бағалау
Сырдарияның төменгі ағысындағы және Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың өзгеру процестері
Географияны оқыту құралдарының міндеті
Қазақстан топонимиясы
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Пәндер