Биопрепараттар жайлы ақпарат


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Биопрепараттар.

Тобы: ВС - 403

Орындаған : Жағыпар. Г. Н

Тексерген : Зайнетдинова Д. Б

2015 жыл

Жоспар:

1) Биопрепараттарға анықтама.

2) Биопрепараттардың түрлері.

Қолданылған әдебиеттер.

Биотехнология ғылымының дамуы адам тірщілігіне біршама өзгеріс енгіздірді. Қазіргі биологиялық технологияларды пайдалану арқылы халық шаруашылығына пайдалы, сапасы жоғары өнім алынуда. Қазіргі кезеңде көптеген дамыған елдердің ғалымдары жаңа биотехнологиялық әдістерді шығарып оны ары қарай игеріп, өнім мөлшерін молайтып, сапасын жақсыртуда.

Ауыл шаруашылық биотехнологиясында, фармацевтикалық, тағам және химия өндірістерде, амин қышқылдарын, ақуыздарды, ферменттерді, медикаменттерді препараттарын синтездеуде көптеген тәжірибелік мәліметтер жинақталынды.

Қазақстан Республикасы биотехнологияның түрлі саласында жаңа техникалар мен технологияларды игерген, негізгі және қолданбалы зерттеулерді белсенді жүргізетін, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарына кіреді. Ген инженериясының жаңа технологиялары дәстүрлі биотехнологиялық процестердің деңгейлерін жоғарлатуға және бұрын қол жеткізбейтін бағалы өнімдерді алуға жол ашады.

Қазіргі заман талаптарына сәйкес биотехнологиялық өндірістері қалыптастыру, Қазақстандық биоөнімдерді әлемдік экономикалық кеңістікте бәсекелестіруге және экспортқа шығарудың негізгі жолы болып отыр.

Биологиялық препараттар жұқпалы және инвазиялық аурулардың алдын алуға (вакцина, анатоксин), емдеуге (спецификалық гипериммунделген сарысу және гамма-глобулин), диагностикасына (антиген, аллерген, бактериофаг, диагностикалық сарысу) және жануарларды емдеу, олардың өнімділігін жағарылату (жануар қан сарысуы (ЖҚС), В12 препараты және т. б. ) үшін арналған биологиялық зат. Биологиялық препараттар зардапсыз, биологиялық белсенді және стерильді болуы тиіс. Биопрепараттар технологиясында залалсыздандыру жұмыстары қатаң бақыланады, себебі олардың биоматериалы адам ушін қауіп туғызады

Адамзат тұрмысына қажетті бағыттардың бәрінде биотехнологиялық процестерді дамытудың көзделуінің негізгі себебі, мұндай өндірістер бір жағынан ықшамды болса, екінші жағынан үлкен масштабты, процестердің негізгілері заманға сәйкес , еңбектің өнімділігі жоғары болатындығы анық. Биотехнологиялық процестерді бақылауға, реттеуге және автоматтандыруға болады. Бұл процестердің химиялық процестермен салыстырғанда, жүргізу жағдайлары «жұмсақтау», қысымдық көрсеткіштері қалыпты, реакциялардың белсенділіктері жоғары температураларды қажет етпейді және бұл процестер сыртқы ортаны қалдықтарымен және қосымша өнімдерімен көп ластамайды. Өндірісте қолданылатын ыдыстарды стерильдеу алдында тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Тазарту жұмысы механикалық жолмен жүреді. Тазартып болғаннан кейін стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау жүргізіледі. Медициналық аспаптарды, шприцтерді, инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен анықтайды

Биологиялық препараттар , биопрепараттар - адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар.

Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т. б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.

Ал құрамында фосфор бактериялары бар - фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды. Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы - ферменттер.

Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липазаферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады.

Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.

Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі - мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, микроорганизмдерден алынатын фитобактериомицин биологиялық препараттары өсімдіктердің бактериялық ауруларына қарсы қолданылады. Гризин препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады. Ал триходермин биологиялық препараттарн Қазақстанғалымдары алды. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін пайдаланылады. Микробтардан алынатын көптеген биологиялық препараттар (биовит, кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т. б. ) малдың салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт, ет, т. б. ) сапасын жақсартады. Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар (энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, инсектин, боверин) алынады. Биологиялық препараттардың құндылығы - олар химиялық препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.

Антибиотиктер (гр. autі - қарсы және гр. bіos - тіршілік) - микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.

Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А. Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т. б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әртүрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а. ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан, актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу.

Ферменттер - барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакциялардьі жеделдетеді. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді:[1]

  1. оксидоредуктазалар,
  2. трансферазалар,
  3. гидролазалар,
  4. лиазалар,
  5. изомеразалар,
  6. лигазалар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобаларды басқарудың ұйымдық құрылымдары
Bacillus туысының бактeрияларының мeтаболизм экзоөнімдeрі бар инактивтeлгeн дақылдық сұйықтығының биологиялық бeлсeнділігін зeрттeу
Биопрепараттардың ауыл шаруашылығында маңызы
Биопестицидтер, олардың артықшылықтары
Биологиялық күрес тәсілінде қолданылатын биопрепараттар тобы
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Актиномикоз, аспергиллез ауруларында қолданылатын биопрепараттар. Пастереллез, колибактериоз ауруларында қолданылатын биопрепараттар
Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері жайлы
Биопрепараттар - пробиотик, пребиотик, синбиотик
Биопрепараттар. Олардың түрлеріне сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz