Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні жайлы
1. Халықтық педагогика және оның тәрбиелік мәні.
2. Ұлт салт.дәстүрлердің тәлімдік мәні.
3. Қазақ халықтық педагогикасының құралдары.

Білім берудің ең негізгі кіндік мәселесі-адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру мен жетілдіре өсіріп өркендету. Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогиканың мәні, нарықтық қатынастарды тиімді жолға қоюды көздеген экономикалық өркендеуден де өзінің қиындығы мен маңызының тұлғаланып тұрғанын түсінуіміз керек. Облыстардағы педагогикалық институттар мен училищелер де, тіпті гимназиялар мен лицейлер де, колледждер, орта мектептерге дейін оқу бағдарламалары өзгертіліп жаңа оқулықтар мен әдістемелер, басқа да құрал-жабдықтары шығарылып жатқаны жайында аз айтылмайды. Оның үстіне осы айтылған білім ошақтарының барлығында да, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, тұрмыс-күйлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойған. Ендеше, «халық педагогикасы даму сатысында» деуге болады. Халқымыздың белгілі жазушысы,ғалым педагог С.Ғаббасов: «халық педагогикасы әлде қайда терең,көп қырлы және тұрақты негіздері бар ғылым» дейді.Халық тағлымы осы кезге дейін ғылыми жүйеленіп дамымағандықтан да,жұртымыздың жігері қажып, рухани сусындаудың көріністерін жиі ұшыратып жүрміз. Халқымыздың табиғатына жат осынша ма керағар қылықтар еріксіз ойсырата толғантады. Мысалы,ата-бабамыз өсиет еткен, «малым жанымның, жаным-арымның садағасы» дейтін тағылымымыз қайды? Бұрынғы өткен замандардың ауыр кездерінің өзінде үлкенге ұлағат, кішіге инабат жасайтын жастарымыз үйде де, түзде де басбұзақылыққа ойланбай бара салатын болды. Мінеки, осыншама қасіретке шара қолданар кез жетті. Ол үшін ең алдымен құр дақпыртқа бармай,шынайы «халық педагогикасын» ғылым ретінде дамытып, оның этнографиялық заттық жағына ғана тоқтала бермей, адамның жан-дүниесін жетілдіретін рухани көзіне көңіл аудару керек. Қазіргі жаппай айтып отырған әдет-ғұрыптар мен салт дәстүрлер, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар және тұрмыстық заттардың бәрі де негізінен тән-құрлыстарын қуаттандыратын этнографиялық сипаттар ғана. Тек бұл жағын ғана емес, адамның табиғи жаратылысын ескеріп, оны алдымен биологиялық индивид ретінде қарап,оны тәрбиелеудің әдістерін, методологиялық арна етіп алған жөн. С.Ғаббасов адам тәрбиесі физологиялық кезеңдерге бөлініп, халық педагогиканың жеті түрлі негіздерін ұсынды. Осы тұрғыдан алғанда адам тәрбиесі бірден семья құруға дайындық және ұрық тазалығынан басталады деп,оған ерекше мән берді. Қазақтың халық педагогикасы бұрын соңды еш уақытта ғылым ретінде байыпталып та, жинақталып та, жүйеленіп те көрген емес. Бірақ, жұртымыз нағыз халық педагогикасының орнына этнографиялық ілімнің жетістіктерін пайдаланып жатыр.
1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 56 б.
2. Жумадуллаева А. Халық педагогикасы – тәрбие өзегі.//Ұлт тағылымы-2001-№4-5-27-29б.
3. Мұқанов С. Қазақ қауымы. Ата мұраң - асыл қазынаң. Алматы, «Ана тілі», 1995 22 б.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні
Орындаған: Арнабек Н.А.
Тексерген: Оралбекова Б.С.
Тобы: Т-441
Семей 2015 жыл
Жоспары:
1. Халықтық педагогика және оның тәрбиелік мәні.
2. Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні.
3. Қазақ халықтық педагогикасының құралдары.
Халықтық педагогика және оның тәрбиелік мәні
Білім берудің ең негізгі кіндік мәселесі-адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру мен жетілдіре өсіріп өркендету. Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогиканың мәні, нарықтық қатынастарды тиімді жолға қоюды көздеген экономикалық өркендеуден де өзінің қиындығы мен маңызының тұлғаланып тұрғанын түсінуіміз керек. Облыстардағы педагогикалық институттар мен училищелер де, тіпті гимназиялар мен лицейлер де, колледждер, орта мектептерге дейін оқу бағдарламалары өзгертіліп жаңа оқулықтар мен әдістемелер, басқа да құрал-жабдықтары шығарылып жатқаны жайында аз айтылмайды. Оның үстіне осы айтылған білім ошақтарының барлығында да, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, тұрмыс-күйлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойған. Ендеше, халық педагогикасы даму сатысында деуге болады. Халқымыздың белгілі жазушысы,ғалым педагог С.Ғаббасов: халық педагогикасы әлде қайда терең,көп қырлы және тұрақты негіздері бар ғылым дейді.Халық тағлымы осы кезге дейін ғылыми жүйеленіп дамымағандықтан да,жұртымыздың жігері қажып, рухани сусындаудың көріністерін жиі ұшыратып жүрміз. Халқымыздың табиғатына жат осынша ма керағар қылықтар еріксіз ойсырата толғантады. Мысалы,ата-бабамыз өсиет еткен, малым жанымның, жаным-арымның садағасы дейтін тағылымымыз қайды? Бұрынғы өткен замандардың ауыр кездерінің өзінде үлкенге ұлағат, кішіге инабат жасайтын жастарымыз үйде де, түзде де басбұзақылыққа ойланбай бара салатын болды. Мінеки, осыншама қасіретке шара қолданар кез жетті. Ол үшін ең алдымен құр дақпыртқа бармай,шынайы халық педагогикасын ғылым ретінде дамытып, оның этнографиялық заттық жағына ғана тоқтала бермей, адамның жан-дүниесін жетілдіретін рухани көзіне көңіл аудару керек. Қазіргі жаппай айтып отырған әдет-ғұрыптар мен салт дәстүрлер, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар және тұрмыстық заттардың бәрі де негізінен тән-құрлыстарын қуаттандыратын этнографиялық сипаттар ғана. Тек бұл жағын ғана емес, адамның табиғи жаратылысын ескеріп, оны алдымен биологиялық индивид ретінде қарап,оны тәрбиелеудің әдістерін, методологиялық арна етіп алған жөн. С.Ғаббасов адам тәрбиесі физологиялық кезеңдерге бөлініп, халық педагогиканың жеті түрлі негіздерін ұсынды. Осы тұрғыдан алғанда адам тәрбиесі бірден семья құруға дайындық және ұрық тазалығынан басталады деп,оған ерекше мән берді. Қазақтың халық педагогикасы бұрын соңды еш уақытта ғылым ретінде байыпталып та, жинақталып та, жүйеленіп те көрген емес. Бірақ, жұртымыз нағыз халық педагогикасының орнына этнографиялық ілімнің жетістіктерін пайдаланып жатыр.
Ежелден белгілі этнографиялық ілімнің тарауларына үй тұрмысына қолданылатын заттар, ою-өрнек, өрімдер мен зергерлік бұйымдар,ұлттық киімдер мен тағамдар, музыкалық аспаптарды айтатынымыз белгілі.Әрине, бұлар да адам тәрбиесіне ерекше әсер ететін халық педагогикасының қолтаңбалы көріністері екендігін ашып айту керек. Адам баласында тән құрылысы мен жан дүниесі-деп аталатын екі жүйе бар. Тән құрылысының тәрбиесіне-этнографиялық ілімнің жетістіктері әсер етсе, адамның жан дүниесінің тәліміне халық педагогикасының негіздері мен жүйелері, ішкі сезімдер мен түсінікті оята алатын небір нәзік әдістері ықпал етпек.
Тән құбылыстарының дұрыс сақталуын өзіңді сақтау түсінігі арқылы, физиология заңдылықтарына бағындырса, ал бұрынғыдай емес өзгеше қалыпқа ауысқан жан дүниесін жетілдіруді өзі шыққан тіршілік әлеміндегі түсінік тәрбиеден-бүгінгі айтып жүрген халық педагогикасының бастауын алады екен.Бастапқы сәтте,халық педагогикасы мен физологиясы ұстап тұрған тек түсіністік ақыл екендігін ерекше дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Міне, сондықтан да, халық педагогикасының ғылыми негіздерін ізденсек, тек ғылыми физологиялық заңдылықтарынан ғана табуға болады. Өйткені, адам тәрбиесі тікелей адамның физологиялық әрбір кезең тәрбиесі халық педагогикасының негіздері болып қаланады. Оларды шартты түрде былай жіктеуге болады:
1. Халық педагогикасының І-ші кезең незгізі (немесе семья құруға дайындық және ұрық тазалығы). Бұнда қазіргі ұрпаққа дұрыс тәрбие беру мәселесі қозғалады. Яғни арақ ішу, шылым шегу, апиын тарту сияқты зымиян қылықтардан сақтандыру. Бұлардың одан тараған ұрпаққа келтірер зияны туралы сөз ету. Ұрық тазалығы-адам тәрбиесінің алғы шарты.
2. Халық педагогикасының ІІ-ші кезең негізгі (немесе ана құрсағындағы тоғыз ай). Бұл кезеңде жүрек тәрбиесінің әсерімен балада мінез-құлықтың және қабілеттің негіздері қалыптасатын айтады. Тәрбие тәсілдері бала дүниеге келместен, тіпті ана құрсағында пайда болмастан бұрын, болашақ ата-ана болар жастардың танысқан сәттерінен басталуын талап етеді.
3. Халық педагогикасының ІІІ кезең негізгі (немесе бесіктің тәрбиелік мәні). Бұл жүйе ақыл тәрбиесінің басталуын қалыптастырады. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі бірте-бірте бесік жырының әуенімен өзара үндесіп жетіле береді.
4. Халық педагогикасының ІV - ші кезең негізгі (немесе Байлібек кезеңі). Адамның бұл кезеңінде ақыл тәрбиесінің пәрменді ықпалымен, жүректе бірте-бірте марқая жетілетін оның қоғамдық тұлғасы қалыптаса бастайды.
5. Халық педагогикасының V-ші кезең негізі (немесе балабақша кезеңі).
6. Халық педагогикасының V-ші кезең негізгі (немесе Бастауыш мектеп кезеңі).
7. Халық педагогикасының VІІ-ші кезең негізі (немесе орта білім беру және әлеуметтік кезең).
Халықтық педагогика және оның тәрбиелік мәні туралы, халықтық педагогиканың V-ші кезең негізі-балабақшаға тоқталайық.
Халықтық педагогика ата-баба мұрасынан бастау алады. Ол болашақ азаматты жан-жақты жетілген, саналы, ізгілікті, мейрімді етіп тәрбиелеуде мектепке дейінгі педагогиканың негізгі көзі болып табылады. Балабақша Балбөбек атты төл бағдарламамен жұмыс жасады. Балбөбек-халықтық педагогиканың негізі. Бұл дегеніміз бала тәрбиесіндегі ұлтымыздың әдеп ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағыннан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Бұл туралы ойшыл Абай: Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші ата-анасынан, екінші-ұзтазынан, үшінші-құрбысынан деген екен.
Тәрбиешілер баланың ойлау, қиялдау, армандау қабілетін қалыптастыру үшін халық ауыз әдебиетін ұстанады. Ертегілерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды, ұлттық ойындарды, бесік жыры, санамақтар,мақал-мәтел, шешендік сөздер, сол сияқты тәрбиелік шара,баламен жеке жұмыста өтірік өлең мен төрт түлік жырлары көп қолданылуға тиіс. Бағдарламаның басты жаңалығы мен құндылығының бірі тақырыптық жүйеде таныстырылып баланың мінез-құлқын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрлерін үйлесімді қалыптастыру көзделген. Күнделікті сабақта тәрбиешілер қарапайым сабақтың өзін ұлттық бұйымдар мен ұлттық заттармен өткізу жүйелі түрде жүргізіледі. Мысалы: ІІші сәби Күншуақ тобындағы математика сабағын алсақ Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа тақырыбында ұлттық бұйымдарын (ағаш үй, сандық,көрпе-көпшік, ыдыс-аяқ) қолдану барысында жүреді. Балабақшаның 6 тобында да ұлттық бұрыш ұйымдастырылған. Онда әр баланың жас ерекшелігіне сай альбом, буклет, жылжымалы папка түрінде мақал-мәтел, жаңылтпаш, санамақ,жұмбақ, ұлттық ойындар жинақталған.
Күнделікті сабақтар мен шараларда жеке ата-анамен жұмыстың бір көзі ретінде ашық есік күндері ұйымдастырып баланың не біліп, не үйренгенін, күні кешегі Тіл мерекесіне арналып өтілген Тіл тағдыры-ел тағдыры атты апталықта орта топтағы өткен шара Туған тілім-бала тілім, өз тілім, Ана тілі отбасында атты ашық сабақтар өтті. Қуыршақ театрында таңданған ертегіміз Торай мен тышқан, Қарлығаш пен Дәуіт, Қарлығаштың құйрығы неге айыр? ертегілері. Ұлттық ойындар Арқан тартыс, Қыз қуу, Көкпар, Асық ату ойындары жиі ойналады. Қуыршақты киіндіреміз, Қуыршақты ұйықтатамыз түрінде өтетін дидактикалық ойындарда ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы. Баласының өнерінен, білімінен
ұлттық нышанда көрген ата-ана ұрпағының тәрбиелі де, Отанын, елін сүйетін азамат болып шығатынына педагогикалық ұжымға мыңда алғыс айтуда. Ананың әуенімен нәресте сезімін оятатын бесік жырлары, баланың балдай тіліне арналған даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылпташтар, қиял-ғажайып ертегілер балдәурен балалық шақтың құмарта қызығатын ойындар арқылы сәби санасын оятып, ойын кеңейту, халықтың нағыз азаматын баулап өсіру негізінде қалыптастыратын біздің ұлттық рухани байлығымыз ұлттық педагогика, халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүріміз болып табылады.
Тәрбие-баланың нәрестелік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сол себептен тәрбие мен білім беру саласындағы әрбір жаңалық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей әсер етіп, тәрбие мазмұнын жаңарту ісіне ықпал жасап отырады. ХХІ-ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру мемлекеттің ең маңызды стратегиясы болып отыр. Адам өмір бойы тәрбиеленеді, бірақ оның бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуы-мектепке дейінгі жастағы уақыт. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие мен білім берудің бастауы-мектепке дейінгі ұйымдардың міндетінде. Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл - өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім - тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.
Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел - жұрт, ауыл - аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім - тәрбиенің түрі. Ендеше, халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.
Халық педагогикасы - халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика - халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканың мақсаты - халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты тәрбиелеу. Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелермен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Этнопедагогика бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтиды. Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастырудың және оның ақыл-ойын дамытудың бастау кезі ретінде ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге Арманы жоқ жас- қанатсыз қарлығаш - дейді халық. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен жетілдіруге үндейтін терең және танымдық процестер жиынтығы екендігін дұрыс болжайды.
Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білімі өмір бойына игілікті қызмет ететіндігіне тәжірибеде көз жеткізді. Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мысалы: жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды.
Халық педагогикасының мақсаты: бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогикасының негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б. жатады. Демек, халық педагогикасы-ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілерт.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді.
Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: Ақ серек- көк серек, Айгөлек, Жаяу жарыс, Соқыр теке, Ақ боран, Төбетей, Бәйге, Орамал тастау т.б.
Мақал-мәтелдер - халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған.
Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.
Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келді. Осы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз деген мәлім.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында да Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.
Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні.
Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz