Күйіктер және көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министілігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Кафедра:Ветеринариялық медицина

БӨЖ

Тақырыбы : Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек

Орындаған: Мырзабекова Н. Т

Тобы: ВС-303

Тексерген: Ахметжанов О. Н

Семей 2015жыл

ЖОСПАР:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1) Күйік

2) Күйік дәрежелері

3) Алғашқы ветеринариялық көмек

III. Қортынды бөлім

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Күйік - жоғары температураның, химиялық заттардың, электр тоғы ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар мен радиактивті сәуленің әсерінен ағза мен ұлпалардың зақымдалуы. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады

Осыған сәйкес күйік

Электрлік

Термиялық

Сәулелік

Химиялық

Термикалық күйік - жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық суықтық пен газ, қызған және балқыған металлдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарғылығына, әсер етудің ұзақтылығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады.

Химиялық күйіктер - жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірке, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірімеген әк), фосфордың, магнийдың және ауыр металлдардың кейбір тұздарының (ляпис, хлорлы мырыш және т. б. ) әсерінен пайда болады.

Сәулелік күйік - ядролық жарылыстың жарық сәулесінен, рентген мен күн сәулесінен пайда болады. Сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді, зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.

C:\Users\Назерке\Desktop\скачанные файлы (1).jpg

C:\Users\Назерке\Desktop\ож2.png

Зақымдану тереңдігі бойынша күйік 4 дәрежеге бөлінеді:

1

3

4

2

1-ші дәрежедегі күйікте терінің беті күйеді мұнда тері қатты қызарып, домбығып ауырсынады, ашиды. 3-4 күннен соң тері қотырланып сауыға бастайды.

2-ші дәрежедегі күйікте қызарған тері күлдірейді, сары суға толған көпіршіктер пайда болады. Бұл дәрежеде терімен қоса май ұлпасы күйеді. Май ұлпасында тамырлар, жүйке талшықтары, жүн, талшықтары күйікке шалдығуы мүмкін. Егер зақымданған жерге микробтар түспесе, онда бір аптадан соң терінің қабаттары орнына келеді, тек күйген жерде тыртықша қалады. 2-ші дәрежелі күйікте жылқы және сиырдың күйген жерінің жүні эпидермис қабатымен қоса оңай жұлынады, күйген жер ылғалданып, су жиналады.

3-ші дәрежедегі күйікте бұлшық еттер, тереңгі ұлпалар зақымдалады, олар жансызданады, өліеттенеді (некроз) . Күйген терінің түсі қызыл-қоңыр немесе қара-қоңыр, сезгіштік қабілетінен айырылады. Мұндай күйіктер ұзаққа созылады. Тыртық қалады. Жылқылардың өлеттенген терісі 7 -15 күн аралығында жанданады.

4-ші дәрежедегі күйікте тек тері ғана емес, бұлшық ет, сіңір, сүйек зақымданады, олар күлге айналады. Күйіктің ауырлығы тек зақымдануының терендігі емес, сондай-ақ зақымдану алаңына да байланысты, ол дененің күйген бетінің алаңың пайызбен көрсетіледі.

Алғашқы Ветеринариялық көмек:

1) Малды күйіктен болған сресс пен шоктан емдеу;

2) күйген жерді ауырсынуды басу;

3) жергілікті ем жасау

Жалпы алғашқы ветеринариялық көмек. Күю процессы кезінде ең алдымен жоғарғы температураның әсерін тоқтату керек. Күйік шалған жерді байыппен күйген жүннен, шөптен, жерден тазартып жуамыз. Ауырсынуды басу мен қабыну процесстеріне жол бермеу мақсатында суық басып, спиртті заттар, натрий перманганатының қою қызыл (1-3% -дық) ерітіндісін, риванол ерітіндісін (1:500) қолданамыз. Ал шошқалар күйген кезде тек осы айтылған ерітінділермен ғана өңдеу керек, терісін механикалық жолмен тазарту ауырсынуды жоғарылатады.

C:\Users\Назерке\Desktop\картинка\скачанные файлы (3).jpg C:\Users\Назерке\Desktop\images (4).jpg

Алғашқы ветеринариялық жәрдем . Күйiктерде мүмкiн болғанынша жоғары температурадан шыққан ыстықты азайту керек. Ол үшiн күйген аумақтың үстiн күйrен жүн қалдығынан, шөп, жоңышқа, топырақ тағы басқа бөгде заттардан тазартып, алқын сумен жуған жө н . Ауырсынуды бәсендетiп асқынудан сақтау үшiн жарақаттанған аумаққа caлқындaтқыш зат басады немесе одеколон, спирт, марганец калий қышқылының судағы ерiтiндiсiн (1 - 2 пайыздык) , (1:500) ерiтiндiсiн дымқылданған дәкемен басады. Жалпы е м i - күйген кезде новокаинның 0, 5 пайыздық ерiтiндiсiн (0, 2 г новокаин 100 кг салмаққа) күре тамырдан жiберу керек . Зат алмасу процессiн жақсарту мақсатымен қан тамыры арқылы глюкозаның 40 пайыздық ерiтiндiсi (20 - 200 мл) жiберiледi . Күйгеннен кейін 6-10 сағатган соң өршiген улануды бәсеңдету үшiн ас содасының 4 пайыздық және натрий гипосульфатыньш 30 пайыздык ерiтiндiлерiн қан тамырлары аркылы жiберуге болады Жергiлiктi емi. Күйiктiң 1 - 2 дәрежелерiнде оның айналасындағы жүнiн кыркып, күйiктiң бетiн және төңірегiндегi терiсiн спиртпен сүртiп, өлiеттен тазалау керек . Тазалағаннан кейiн 5 пайыздық калий перманганат ерiтiндiсiмен өңдеп, газа спирт сiңiрiлген дәкемен таңылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ахметсадықов Н. Н және т. б. Ветеринария негіздері/ Алматы, 2010. -335 бет
  2. Бияшев Қ. Б. және т. б. Ветеринария ісін ұйымдастыру/ Алматы, 2000. -167 бет
  3. 1) Мүрәлінов К. Қ. Ветеринариялық терапия. - Алматы: Нур Принт. 2009. - 416 б.
  4. http://sheriazdanov. ucoz. kz/publ/medicina/syny_tar/6-1-0-389
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күйіктер, алғашқы ветеринариялық көмек туралы
Күйіктер және ветеринариялық алғашқы көмек
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы ақпарат
Электр мен сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы ақпарат
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы мәлімет
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz