Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері. Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері.
Орындаған: Құрманғажы Е. Н.
Тексерген: Шаяхметұлы Қинаят.
Топ: ҚЯ - 413
Семей 2015
Жоспар:
1. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері.
2. Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері.
Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері.
Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері - 7-9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н. М. Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өз-нің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В. Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, акад. В. В. Радлов1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық - тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғ-дың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8-10 ғ-лар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С. Е. Малов, Х. Н. Оркун, А. М. Щербак, т. б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді.
Есік жазба ескерткіш - сақ дәуірінен қалган жазба ескерткіш (б. з. д. 5-4 г. ) . 1970 ж. Ӏле өңірінін тау бөктеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Саө заманынан калған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және онын түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылған. Онын сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. Ескерткіштің құндылығы - біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін, екіншіден, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді.
Могoилян жазба ескерткіш - Орхон езені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғ. соңы) . Ескерткіш Кұтлұғ (Қапаған) кағаннын баласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапқан Н. М. Ядринцев, алғаш рет оқыған В. В. Радлов. Жазуда Могилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктін жорықтары баяндалған.
Мойунчур ескерткіші - Орхон-Енисей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Моңңғолияда 1909 ж. тапқан Г. И. Рамстедт. Ол - ескерткіш мәтінін немісше аударып, 1913 ж. жариялаған. Бұл еңбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенга тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі үйғыр мемлекетінің ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халық (ұйғыр, оғыз, тоғыз, татар, қырғыз, түркеш, түрік, соғды, қыпшақ т. б. ) атаулары кездеседі. Ескерткіште әнгіме оғыз тайпасынын өкілі атынан баяндалады.
Орхон ойма жазулары - Монголияның Орхон, Селенга өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінін құлпытастары, 7-8 ғғ. жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады. Иран Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун-чур т. б. ескерткіштер жатады. Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерді ашып жариялаған - Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.
Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А. Н. Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар - Томсен, Радлов, П. М. Мелиоранский, В. Банг, Г. И. Рамстед, А. Габэн, С. Е. Малов, В. М. Насилов, И. А. Батманов, А. Н. Кононов, Дж. Клоусон, Т. Текин, т. б.
Түріктану саласына ерен еңбектері сіңіп, артына мол мұра қалдырған түркітанушы қазақ ғалымдар қатарында Қ. Өмірәлиев, М. Томанов, Б. Көмеков, Ғ. Айдаров, Н. Келімбетов, М. Жолдасбеков, М. Мағауин, А. Қыраубаева сияқты ғалымдар аз емес. Солардың кейібірінің өмірбаяны мен еңбектеріне біраз шолу жасап өтсек.
Алтай Аманжолұлы - Ұлан ауданының шыққан атақты қазақ тілі танушы тюрколог Сәрсен Аманжоловтың ұлы, 1934 жылы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы (1903-1958) филология ғылымының докторы, профессор, қазақ және түрік тілінің атақты маманы болған. 1952 жылы Алматы қаласының №33 орыс орта мектебінің алтын белгімен бітіргеннен кейін филология факультетінің шығыстану бөліміне түседі. А. Аманжолов жылы Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің (ММУ-нің шығыс тілдері институттың) түрік филология мамандығы бойынша бітіріп, осы жерге аспирантураға түседі. 1963 жылы Ежелгі түрік жазбаларының ескерткіштеріндегі баяндауыштың басқаруы тақырыбы бойынша кандидатық диссертация қорғады. 1957-1960 жылдары және 1964 жылы Қазақстан ССР-нің ғылыми академиясында кіші ғылыми қызметші болып жұмыс істеді. 1966 жылдың маусымында Қазақстан ССР-нің жоғары және орта арнаулы білім Министрлігі Қазақстандық мемлекеттік әйелдер институтының қазақ тілі кафедрасына жіберіледі. Осы институтта аға оқутышысы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі болып 1979 жылға дейін қызмет атқарады. А. Аманжолов - Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетінің профессоры, 1979-1995 жылдары жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, 1995 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры. А. Аманжолов ірі тілші, түрік тілдерінің салыстармалы тарихи грамматикасының, ежелгі түрік жазбасы тарихының маңайындағы білгір маман. Түрік филологиясы және тіл білімі бойынша екі жүзден астам еңбектері жарияланған. Соның ішінде, 5 монография орыс және қазақ тілінде, бірнеше еңбектері шетелде ағылшын және түрік тілінде жарияланған. Негізгі еңбектер: Ежелгі түрік жазбаларының ескерткіштеріндегі баяндауыштың басқаруы. 1969 жылы Ежелгі түрік жазбаларының ескерткіштеріндегі баяндауыштың басқаруыатты монографиясын мамандар өте жоғары бағалаған. А. Аманжоловтың 1975 жылы қорғаған "Ежелгі түрік жазбаларының зерттеулері мен материалдары" атты докторлық диссертациясы іргелі ғылыми еңбек, көп жылғы ізденесінің нәтижесі. 1980 жылы Лениградтық мемлекеттік университетінде жалпы тіл білімі мамандығы бойынша ФПК-сын бітіреді. Қытай мемлекетінің Пекин университетінде ғылыми сынақтан өтеді. 1988 жылы Пекинде басылып шыққан "Бабалар сөзі" атты кітабы (қазақ тілінде) ежелгі түрік жазбасын зерттеуге арналған. 1993-1994 оқу жылдарында ғылыми іс сапарымен Түркияға Трабзон қаласындағы Черномор техникалық университетінде қазіргі қазақ тілі және түрік тілінің салыстырмалы грамматикасы бойынша дәріс оқиды. 1994 жылы Трабзон қаласында түрік және қазақ тілінде Жалпы асыл мұраатты кітабы басылып шықты. Халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама оқыған, 17 филология ғылымының кандидаттарын дайындаған. 1978 жылынан бастап профессор, 1990 жылынан бастап Қазақстанның мәдени және тарихи ескерткештерді қорғау қоғамының құрметті мүшесі, 1995 жылдан бастап ғылыми академиясының нақты мүшесі (академик) . 1988 жылы Еңбек ардагері медалімен, 1999 жылы Құрмет орденімен, 2000 жылы Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының халықаралық премиясымен марапатталған.
Немат Келімбетов 1937 жылы туған. 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес өңіріндегі Абай селосында орта мектеп бітірген соң алдымен Ташкент қаржы-экономика институтын (1959), одан кейін Қазақ ұлттық университетін (1966) аяқтаған. Еңбек жолын өзінің әуелгі мамандығы бойынша бастаған Н. Келімбетов кейіннен журналистика, әдебиет саласына ауысады. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, одан кейін республика Министрлер Кеңесінде референт, Әдебиет, өнер және сәулетшілік салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі ко-миссияның жауапты хатшысы, «Қазақстан» баспасында редактор қызметтерін атқарған. Филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Келімбетов көптеген жылдар бойы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ тілі кафедрасында ұстаздық еткен. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі жайында жазылған бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Орда бұзар отызында омыртқадан ауыр дертке ұшырап, ұзақ жылдар бойы төсекке таңылған Немат Келімбетовтің өмірге құштарлықтың өнегесіндей, тағдырмен тартыстың тағылымындай «Үміт үзгім келмейді» атты монолог-хикаяты оның қаламгерлік қуатын да, күрескерлік күшін де келісті көрсетеді. Кітапты арқау етіп жазылған пьеса бойынша қойылған спектакль М. Әуезов атындағы академиялық театрсахнасында табыспен жүрді. Кейінгі жылдарда жарық көрген «Ұлыма хат», «Қариялар», «Күншілдік» сияқты эсселері Немат Келімбетовті ойшыл суреткер ретінде де танытты. «Үміт үзгім келмейді» кітабы қазақ әдебиетінің абыройын асырып, жақында ғана оның авторына ЮНЕСКО аясындағы ең мерейлі марапаттардың бірі - Еуропаның Франц Кафка қоғамының наградасын алып берген еді.
Немат Келімбетовтің қазақ әдебиетінің байырғы бастау-бұлақтарын зерттеудегі еңбегі де ересен. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1986), «Ежелгі дәуір әдебиеті» (1991), «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы» (1998), «Қазақ әдебиеті бастаулары» (1998), «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» (2005) сияқты көптеген кітаптары ұлттық сөз өнерінің түп-тамыры тереңде жатқандығын даусыз дәлелдеді. Ғалымның бұл бағыттағы ізденістері оны Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты атандырды, осы тақырыптағы кітаптары бірнеше шетел тілдеріне аударылды.
Л. Гурунцтың «Шіркін біздің Шушикент», В. Козаченконың «Найзағай», С. Ахмадтың «Көкжиек», П. Қадыровтың «Жұлдызды түндер» романдарын төгілте тәржімалаған Немат Келімбетовтің көркем аударма саласына қосқан үлесі де үлкен.
Әуелбек Қоңыратбаев
Бүгінде көпшілік қауымға жол тауып отырған сол мұралар ғылыми оралымға еніп, ел, халық игілігіне айналып келеді. Ғалымның мұрасы әлі де зерттеліп, зерделене береді деген сенімдеміз. Себебі, оның ғылыми ізденістері мен қаламгерлік, ағартушылық қызметі ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ тарихымен тікелей қабысып жатады. Небәрі 16 жасар Әуелбектің қаламынан туған өлеңдер поэзия өнерінің биік табысы бола қоймас. Бірақ олардан болашақ қаламгердің жаңа өмірге деген талпынысы мен өзіндік ой-өрісін, шығармашылық қарымын байқауға әбден болады. Оқу-білімге деген құлшыныс, көкіректі кернеген алып-ұшпа талап жиырмасыншы жылдары жастарды жайбарақат қалдыра алмаған. Үлкен шығармашылық ізденіске бой ұрған Әуелбек Қоңыратбаев та көп оқып, көп ізденіп, көп жазған. Ұстаздары - В. Бартольд, Ә. Диваев, Ж. Аймауытов және Х. Досмұхамедовтерден әдебиет тарихы мен теориясының мәселелеріне жетіле түссе, М. Жұмабаев пен Б. Күлеев поэзияларының әсерімен жастық кезеңді терең сезім, көркем сөз арқылы бейнелеуге ұмтылған. 1925 жылы Ташкент Халық ағарту институтын аяқтаған бойда Ә. Қоңыратбаев республикамыздың сол жылдағы орталығы Қызылордаға оралып, Қарақалпақ автономиялық облысында совпартшкол лекторы, ауыл шаруашылық техникумында оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1927 жылы Қызылордаға келіп, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің мұғалімі, «Қосшы» одағының Қызылорда округтік атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарады. Бірнеше рет уездік кеңеске депутат, президиум мүшесі болып сайланады. 1927-1930 жылдары Ә. Қоңыратбаев тағы да поэзияға бет бұрады. Қаламгердің «Әйел теңдігі» журналында жарияланған «Болады сәуле, Күләндә», «Сырласу», «Теңдік жолы» сияқты лирикалық өлеңдері жастық шақ сезімдеріне толы.
Әуелбек Қоңыратбаевтың шығармашылық жолы мен әдебиеттану ғылымындағы табыстарын бірнеше кезеңге бөлуге болады: алғашқы кезең 1920-1935 жылдар аралығын қамтыса керек. Бұл жылдар ішінде Ә. Қоңыратбаевтың жаңа, социалистік қоғамға деген көзқарасы қалыптасып, қазақ халқының ауыз әдебиетіне деген құштарлығы мен сүйіспеншілігі арта түседі. Екінші кезең - 1935-1955 жылдар табысы болмақ. Бұл жиырма жылдық мерзімде Ә. Қоңыратбаев 100-ге тарта үлкенді-кішілі еңбектер жариялап, ғылым кандидаты деген атаққа ие болды. Әсіресе, оның Ғылым академиясының тіл-әдебиет институты бастырған «Абай шығармаларының басылымына түсініктемелерін», М. Әуезовпен бірігіп жазған «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының фольклор бөлімін, «Қазақ совет әдебиетінің библиографиясын», сол сияқты «Орта Азияның ұлы ақындары» деген мақалаларын атап өтуге де болар еді.
Ғалым шығармашылығының үшінші кезеңін 1955-1965 жылдар арасында жазып, жариялаған еңбектері құрайды. Бұл он жылдық кезең Ә. Қоңыратбаев үшін аса жемісті болған. Осы кезеңде «Шолпанның ақындығы», «Қазақтың Қозы Көрпеш жыры туралы» монографияларын, «Әдебиетті оқыту методикасын», «Әдебиетті оқыту методикасының очерктерін» жариялайды. «Қозы Көрпеш жыры туралы» монографиясы ғалымдар тарапынан жақсы баға алған болатын. Автордың методикалық еңбектері күні бүгінге дейін өздерінің ғылыми-тәжірибелік мәнін жойған жоқ.
Әуелбек Қоңыратбаевтың білікті әдебиет сыншысы ретінде танылған тұсы да осы кезеңде болатын. Қазақ әдебиетінің бүгінгі күн талаптарынан туындайтын өзекті мәселелері мен сын теориясына арнап жазған 300-ге тарта мақалалары, атап айтқанда, «Шебердің қолы ортақ», «Даралау және психологиялық талдау», «Типтендіру проблемасы жөнінде бірер сөз», «Ақындық мәдениет туралы», «Көпсөзділік пен ықшамдылық», «Лирика жанры туралы», Сәкен, Бейімбет, Мұхтар, Әбділдә шығармашылығына реализм, романтизм ағымдарына байланысты жазылған дүниелері қазақ әдеби сынының өсіп-өркендеуіне үлес болып қосылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz