Түйе түрлері мен тұқымдары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Түйе түрлері мен тұқымдарын

Орындаған : Нұрдәуітов . Р. Қ

Тексерген: : Қорабаев. Ж. З

Семей 2015

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. Түйе түрлері мен тұқымдарын

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Түйе түрлері мен тұқымдарын

Түйелер (лат. Camelus) - сірітабандылар отряд тармағына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) - негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов жәнеЧита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), - Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері - Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.

Қос өркешті қазақ Түйелері дене бітімдерінің ерекшеліктері, ірілігі, өнімділігі бойынша 3 тұқымдық типке бөлінеді: оралбөкей, Қызылорда және оңтүстік Қазақстан Түйелері. Орал-бөкей типінің басқаларынан тірілей салмағы мен жүн өнімділігі 5 - 10%-ға жоғары болғандықтан, асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланылып келеді. Дара және қос өркешті Түйелерді бір-бірімен будандастырудан алынған будандар дене бітімінің беріктігі, ірілігі, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары мен ауыр жұмысқа төзімділігі бойынша таза тұқымды Түйеден айтарлықтай ерекшеленеді. Тірілей салмағы бойынша артықшылығы 20 - 25%-ға дейін жетеді. Будандардың үлектерін нар, інгендерін мая деп атайды. Нарлар тек жұмыс күші мен өнім алу үшін пайдаланылып, жұптастыруға жіберілмейді. Маялар әдетте қос өркешті үлектермен шағылыстырылып, аталық тұқымға ұқсас ұрпақ алынады. Түраралық будандастыру тек таза қанды дара және қос өркешті Түйелер пайдаланылғанда ғана жақсы нәтиже беретіндігі, будандардың асыл тұқымды мал ретінде маңыздылығы жоқ екендігі ескерілуі қажет. [2]

Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр, дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінің 85%-ы таза, өте бағалы түбіт.

түйе малының адам үшін қызметінің бағалы екенін таныту. Қазақ халқы - күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе малын ерекше бағалаған. Сондықтан түйе туралы мәліметтер мен оның емдік қасиеттерін жинақтауды мақсат еттім. Кіріспе. Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы - түйе. Көшіп-қону үшін жылқыдан да артық бағаланған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік түйе ғой», «Нары бардың малы бар», «Тамырыңнан түйе сұра, қорыққаннан бие берер», «Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтай түседі. Түйенің жүні мен терісі - киім, сүті - сусын, еті - ас. Әсіресе, түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсіресе шөлге, аштыққа шыдамды. Түйе алпыс күн аштыққа, отыз күн шөлге шыдайды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, «айт-шу» десең, атып тұратын «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады. Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған. Түйенің шығу тарихы. Түйелер - ірі табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Оның екі туысы бар: бірі - түйе, екіншісі - лама. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата береді. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмаңы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені - төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.

Түйе малы

Қазақстандағы түйе түрлері. Қазақстанда түйенің екі түрі бар: Жалғыз өркешті түйе (ғылыми тілде дромедар дейді) - Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Оның жалпы аты - «нар». Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Қос өркешті түйе (ғылыми тілде Бактрия түйесі дейді) немесе Айыр өркешті түйенің жабайы түрі «қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді. Қазақстанда қос өркешті түйенің Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, Монғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі. Ол құрғақ далалы, шөл-шөлейтті жерлердің табиғи жағдайларына жақсы бейімделген. Аңызақ ыстыққа, үскірік аязға төзімді келеді. Түйенің еті мол, жүні биязы болады. Түйе 30-35 жыл жасайды. Үй түйесінің екі түрі бар. Мұның біреуі қос өркешті, екіншісі сыңар өркешті. Қос өркешті түйенің таза қандысын - бактриан, сыңар өркешті түйенің таза қандысын дромедар деп атайды. Түйе ірі, күшті, төзімді жануар. Салмағы 700-800 кг, бактрианның биіктігі (өркешінің арасынан) 178 см, тұрқы 158 см, түсі қара қоңыр. Дромедарлардың биіктігі (шоқтығынан) 210 см, тұрқы 155 см, түсі қызыл сұр болып келеді. Түйенің күйіс қайыратын жануарлардан ерекшелігі - үстіңгі жақ сүйегінде екі күрек тісі болады, өт қабы жоқ. Жыныстық жағынан 2-3 жылда жетіледі, бірақ інгенін 3-4 жасында қайытады, бурасын келеге 5-6 жасында түсіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде төрт түлік малдың алатын орны
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Түйенің экстерьері және денесінің анатомиялық ерекшелігі
Жылқы және түйені азықтандыру
Зиянды және улы өсімдіктерге жалпы сипаттама
Қойдың жүн өнімділігі
Мал шаруашылығының түрлері
Түйе мен шошқа
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz