Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Оңтүстiк Қазақстан облысының табиғи жағдайы мен топырақ жамылғысы ... .6
1.1. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2 Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарының сапалық жағдайы және оны тиiмдi пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарының сапалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Жер ресурсын тиiмдi пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

3 Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын нарықтық экономика жағдайында пайдаланудың негізгі тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
3.1 Оңтүстік Қазақстан облысы жер ресурсының құрылымы және оны пайдалану ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
3.2 Жер айналымы дамуының мәселелерi және жер нарығының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
3.3 Жердi төлемді пайдалану формасына өту механизмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жер ең негiзгi табиғат байлығы. Ол барлық тiршiлiк көзi, өмiр сүру ортасы. Қазір адамдар өздерiне керек қоректiк заттардың 88%-н егiстiк жерлерден, 10%-н ормандар мен жайылымдардан, 2%-н теңiз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиiмдi пайдалану сондықтанда ең негiзгi, ешқашанда маңызын жоймайтын өзектi мәселе.
Өнеркәсiптiң дамуы, қалалардың, жолдардың, гидротехникалық құрылыстардың салынуы жердiң беткi қабатын бұзып, табиғи ландшафтардың өзгеруiне алып келедi. Өзгерген жерлер шаруашылық жағынан төмен бағаланып, қоршаған ортаны токсиндiк заттармен ластап, адам өмiрiнiң санитарлық-гигиеналық жағдайын төмендетедi.
Жер қорының құрылымдық және сапалық жағдайының өзгерiсiн қарастыра отырып байқайтынымыз, олардың, әсіресе ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң даму бағыты негативтi сипатта екендiгiн көре аламыз. Мұндай жағымсыз процестер жердiң ресурстық потенциалының қысқаруына, оның нәтижесiнде ауылшаруашылық өнiмдерiнiң төмендеуiне алып келiп, мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiне қауiп тудырады. Бұл процестi тез арада тоқтатудың ең негiзгi жолы жердi тиiмдi пайдалану. Әсiресе бұл қазіргi шаруашылық жағдайында, яғни, өнеркәсiптiк ресурстардың жетiспеушiлiгi мен топырақтың өнiмдiлiгi төмендеген уақытта маңызды.
Шаруашылықтың және жердi пайдаланудың экономикалық механизмiнiң жоқтығы жер ресурстарының тапшылығы мен деградациясына алып келедi. Осыған байланысты жердi пайдаланудың ақысыз түрiнен ақылы түрiне өту, жер ресурстарын тиiмдi пайдаланудың экономикалық негiзi жасалды.
Қорыта айтқанда, жер өндiрiс қорының көзi, әрi өндiрiстi орналастыру ортасы ретiнде өндiрiстiң барлық саласына қатысты. Өндiрiстiң даму қарқыны артқан сайын жер байлығын, жер қорын пайдалану мөлшерi де өсiп келедi. Соған байланысты, жер ресурсының тиiмдi қорының сапасының төмендеуi қоғамның өндiрiске жұмсалатын шығынының артуына керi әсер етуде. Жер қоры сапасының төмендеуiнен туындайтын өндiрiс тиiмдiлiгiне керi әсердi ғылыми техникалық жетiстiктер нәтижесi де жоя алмай отыр.
Сондықтан жер қорын үнемдi, тиiмдi пайдалану кезек күттiрмей шешiмiн табуы тиiс мәселеге айналып отыр. Оны шешу үшiн жердi тиiмдi пайдаланудың қазіргi экономикалық механизмге сай жаңа экономикалық жағдайларды ұйымдастыру керек және осындай комплекстi жолдардың iшiнен ең тиiмдiсiн, ең қолайлысын, нақтысын таңдап алуымыз керек.
Мiне, осының бәрi жұмыстың тақырыбын, мақсатын, мiндетiн айқындап бердi.
Жерге қатысты экономикалық мәселелердi көптеген авторлар зерттедi. Олардың iшiнде шетел және отандық ғалымдар: Б.Ж.Абдраимов, Т.В.Абраменко, В.В.Акимов, И.Г.Архипов, Т.М.Аршидинов, Ж.Н.Балғабаева, В.И.Беленький, К.М.Белiшбаев, М.А.Индельман, Б.Д.Даулетбаков, А.Н.Дебердеев, З.Д.Дюсембеков, В.В.Забусова, И.А.Ильин, Т.А.Калиев, С.Ж.Қасымов, М.Б.Кенжегузин, Н.Н.Комов, В.А.Крохмаль, О.Б.Леппкел, Я.Я.Мауль, В.В.Милосердов, Л.С.Николенко, Р.К.Ниязбекова, Т.А.Орузбаев, Л.О.Оспанов, Л.И.Подольский, Ж.А.Прокофьева, А.И.Сабидова, Ж.Т.Сейфуллин, М.Д.Спектр, Е.С.Строев, С.А.Ткачук, М.С.Тонкопий, Е.М.Упушев, А.В.Чаянов және тағы басқалар.
Қазіргi таңда жердi пайдалануда нарықтық қатынастарға өту жер кадастрының жүргiзiлуi, жердi экологиялық қорғау, жердi тиiмдi пайдалану, бағалауда жаңа әдiстердi қарастыру және тағы да басқа көптеген өзектi мәселелер туындап отыр.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті;
-Жердi тиiмдi пайдаланудың теориялық негiздерiн жасау.
Алға қойылған мақсат келесi мiндеттердi айқындады:
– жер ресурстарын тиiмдi пайдалану мен қорғаудың факторы мен шарттарын айқындау;
– Оңтүстік Қазақстан облысының жерiн пайдаланылу деңгейiне талдау жасау;
– жер ресурстарын тиiмдi пайдалану мен қорғаудың негізгі тенденцияларын айқындау.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылыми министрлігі

Тарих факультеті

Қазақстан тарих кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары

Мазмұны

беттер

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Оңтүстiк Қазақстан облысының табиғи жағдайы мен топырақ жамылғысы ... .6
1.1. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи
жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .6
1.2. Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ
жамылғысы ... ... ... ... ... ... .. ... ...9

2 Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарының сапалық жағдайы және
оны тиiмдi
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарының сапалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Жер ресурсын тиiмдi пайдалану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

3 Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын нарықтық экономика
жағдайында пайдаланудың негізгі тенденциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
3.1 Оңтүстік Қазақстан облысы жер ресурсының құрылымы және оны
пайдалану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...35
3.2 Жер айналымы дамуының мәселелерi және жер нарығының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.3 Жердi төлемді пайдалану формасына өту
механизмi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .55

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Жер ең негiзгi табиғат байлығы. Ол барлық
тiршiлiк көзi, өмiр сүру ортасы. Қазір адамдар өздерiне керек қоректiк
заттардың 88%-н егiстiк жерлерден, 10%-н ормандар мен жайылымдардан, 2%-н
теңiз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиiмдi пайдалану
сондықтанда ең негiзгi, ешқашанда маңызын жоймайтын өзектi мәселе.
Өнеркәсiптiң дамуы, қалалардың, жолдардың, гидротехникалық
құрылыстардың салынуы жердiң беткi қабатын бұзып, табиғи ландшафтардың
өзгеруiне алып келедi. Өзгерген жерлер шаруашылық жағынан төмен бағаланып,
қоршаған ортаны токсиндiк заттармен ластап, адам өмiрiнiң санитарлық-
гигиеналық жағдайын төмендетедi.
Жер қорының құрылымдық және сапалық жағдайының өзгерiсiн қарастыра
отырып байқайтынымыз, олардың, әсіресе ауылшаруашылық мақсатындағы
жерлердiң даму бағыты негативтi сипатта екендiгiн көре аламыз. Мұндай
жағымсыз процестер жердiң ресурстық потенциалының қысқаруына, оның
нәтижесiнде ауылшаруашылық өнiмдерiнiң төмендеуiне алып келiп, мемлекеттiң
ұлттық қауiпсiздiгiне қауiп тудырады. Бұл процестi тез арада тоқтатудың ең
негiзгi жолы жердi тиiмдi пайдалану. Әсiресе бұл қазіргi шаруашылық
жағдайында, яғни, өнеркәсiптiк ресурстардың жетiспеушiлiгi мен топырақтың
өнiмдiлiгi төмендеген уақытта маңызды.
Шаруашылықтың және жердi пайдаланудың экономикалық механизмiнiң жоқтығы
жер ресурстарының тапшылығы мен деградациясына алып келедi. Осыған
байланысты жердi пайдаланудың ақысыз түрiнен ақылы түрiне өту, жер
ресурстарын тиiмдi пайдаланудың экономикалық негiзi жасалды.
Қорыта айтқанда, жер өндiрiс қорының көзi, әрi өндiрiстi орналастыру
ортасы ретiнде өндiрiстiң барлық саласына қатысты. Өндiрiстiң даму қарқыны
артқан сайын жер байлығын, жер қорын пайдалану мөлшерi де өсiп келедi.
Соған байланысты, жер ресурсының тиiмдi қорының сапасының төмендеуi
қоғамның өндiрiске жұмсалатын шығынының артуына керi әсер етуде. Жер қоры
сапасының төмендеуiнен туындайтын өндiрiс тиiмдiлiгiне керi әсердi ғылыми
техникалық жетiстiктер нәтижесi де жоя алмай отыр.
Сондықтан жер қорын үнемдi, тиiмдi пайдалану кезек күттiрмей шешiмiн
табуы тиiс мәселеге айналып отыр. Оны шешу үшiн жердi тиiмдi пайдаланудың
қазіргi экономикалық механизмге сай жаңа экономикалық жағдайларды
ұйымдастыру керек және осындай комплекстi жолдардың iшiнен ең тиiмдiсiн, ең
қолайлысын, нақтысын таңдап алуымыз керек.
Мiне, осының бәрi жұмыстың тақырыбын, мақсатын, мiндетiн айқындап
бердi.
Жерге қатысты экономикалық мәселелердi көптеген авторлар зерттедi.
Олардың iшiнде шетел және отандық ғалымдар: Б.Ж.Абдраимов,
Т.В.Абраменко, В.В.Акимов, И.Г.Архипов, Т.М.Аршидинов, Ж.Н.Балғабаева,
В.И.Беленький, К.М.Белiшбаев, М.А.Индельман, Б.Д.Даулетбаков,
А.Н.Дебердеев, З.Д.Дюсембеков, В.В.Забусова, И.А.Ильин, Т.А.Калиев,
С.Ж.Қасымов, М.Б.Кенжегузин, Н.Н.Комов, В.А.Крохмаль, О.Б.Леппкел,
Я.Я.Мауль, В.В.Милосердов, Л.С.Николенко, Р.К.Ниязбекова, Т.А.Орузбаев,
Л.О.Оспанов, Л.И.Подольский, Ж.А.Прокофьева, А.И.Сабидова, Ж.Т.Сейфуллин,
М.Д.Спектр, Е.С.Строев, С.А.Ткачук, М.С.Тонкопий, Е.М.Упушев, А.В.Чаянов
және тағы басқалар.
Қазіргi таңда жердi пайдалануда нарықтық қатынастарға өту жер
кадастрының жүргiзiлуi, жердi экологиялық қорғау, жердi тиiмдi пайдалану,
бағалауда жаңа әдiстердi қарастыру және тағы да басқа көптеген өзектi
мәселелер туындап отыр.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті;
-Жердi тиiмдi пайдаланудың теориялық негiздерiн жасау.
Алға қойылған мақсат келесi мiндеттердi айқындады:
– жер ресурстарын тиiмдi пайдалану мен қорғаудың факторы мен шарттарын
айқындау;
– Оңтүстік Қазақстан облысының жерiн пайдаланылу деңгейiне талдау
жасау;
– жер ресурстарын тиiмдi пайдалану мен қорғаудың негізгі
тенденцияларын айқындау.

1 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайлары мен топырақ жамылғысы.

1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайлары.

Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауларының сiлемдерi мен Тұран
ойпатының шығысын ала, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның
солтүстiгiн Бетпақдала шөлi, оңтүстік қиыр шетiн Мырзашөл қуаң даласы алып
жатыр. Солтүстiк шетi мен оңтүстік шетiнiң ара қашықтығы 600 км.
Оңтүстік Қазақстан ежелгi кезден қолайлы географиялық аймақ саналған.
Бұл территориядан Батыс пен Шығысты – Жерорта теңiзi елдерiмен Азияны,
Қытай, Монғолияны жалғастыратын маңызды керуен жолдары өткен. Оңтүстік
Қазақстанның таулы аудандарынан өткен осы жолдар тарихта “Ұлы Жiбек жолы”
атымен белгiлi. Сырдария өзенi жағалауынан өтетiн Орта Азия арқылы
Үндiстанға, Хазарияға, кейiнiрек – Алтын Ордамен Мәскеуге алып баратын
жолдың да маңызы жоғары болатын.
Осы керуен жолдарының бойында VI-XII ғ.ғ. көптеген сауда орталықтары,
қалалар пайда болды. Әсiресе, Сырдария өзенi бассейнінде: Отырар, Испиджаб,
Сүткент, Сығанақ, Сауран сияқты iрi қолөнер және сауда орталықтары салынды.
Ресейге толығымен қосылған соң (XIXғ. 60 жылдар ортасы) Оңтүстік
Қазақстан Орта Азия оазистерiмен Ресейдiң Европалық бөлiгiндегi аудандарды
жалғастырушы ретiнде танылған. Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында
жолдардың жоқтығынан бөлiм аралық байланыс қиын болатын.
Кеңес Одағы заманында Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық
жағдайы түбiрiмен өзгердi. Түркiстан–Сiбiр темiр жолы салынды, Мойынты-Шу
линиясымен бiрге бiрнеше iрiлi ұсақты темiр жол жүйелерiнiң салынуымен
пайдалы қазбалар кен орындарының ашылуы басталды.

Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы маңызды және жақсы дамыған
экономикалық аудандардың бiрi. Ауылшаруашылығына мамандануы Оңтүстік
Қазақстанға шекаралас жатқан Орта Азияны еске түсiредi. Бұл – Қазақстанның
бағалы техникалық және дәндi дақылдар өсiретiн суғармалы аймағы.
Республикада бақша, жүзiм өсiру мен қой шаруашылығынан бiрiншi орынды
иемденедi.
Оңтүстік Қазақстан азық-түлiк және жеңiл өнеркәсiп дамыған орталық. Тау
кен өнеркәсiбi де жоғары деңгейде жолға қойылған (полиметалл, фосфорит,
қорғасын өндiрiсi).
Оңтүстік Қазақстан табиғат жағдайы Орта Азиядағы көршi мемлекеттермен
өте ұқсас. Мұнда Орта Азиядағы сияқты жазықтарда күн сәулесiнiң таралуы
жоғары. Оңтүстік Қазақстанның климаты шұғыл континенттi, әсiресе жазық
шөлдi аймақтарда. Континеттiлiк солтүстiкке қарай айқын байқалады. Оңтүстік
Қазақстанның барлық территориясына салыстырмалы суық, қары аз қыс тән,
жылы, жаңбырмен ұласқан көктем, содан соң – ыстық жаз тән. Күз кенеттен
кiредi де, ол температураның шұғыл тербелiсiмен, жаңбырмен ерекшеленiп,
аяздың соңы қармен жалғасады.
Басқа экономикалық аудандармен салыстырғанда мұнда вегетациялық кезең
ұзаққа созылады (220 күнге дейiн). Сәуiр мен қыркүйек аралығында түсетiн
энергияның мөлшерi тропиктегiмен бiрдей. Температураның жалпы мөлшерi 4000
градусқа жеттi. Оған қоса, Оңтүстік Қазақстанда бұлттылық республика
бойынша ең төмен (35-45% орташа жылдық), ал ауаның ылғалдылығы шiлдеде 18-
20%-ға дейiн төмендейдi. Мұндай табиғи үйлесiмдiлiк дәндi дақылдармен бiрге
жылу сүйгiш өсiмдiктердi өсiруге болады.
Оңтүстік Қазақстан климатының қолайсыз жақтары көктемнiң соңғы
айларындағы аяздар. Бұл аяз жас мақталар мен басқа да өсiмдiк түрлерiнiң
үсуiне алып келедi.
Оңтүстік Қазақстанның көп бөлiгiнде жауын-шашын өте аз. Жауын –шашынның
орташа жылдық көрсеткiшi солтүстiгiнде 150 мм-ге дейiн, Оңтүстік
Қазақстаның оңтүстiгiнде 500 мм-ге дейiн жетедi. Жылына 5-6 айдың
көлемiнде жауын-шашын жауады.

1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ жамылғысы.

Қазақстан- жер көлемі жағынан ірі ел, оның жер көлемі Англиядан 11
есе үлкен. Ұлан-байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км,
шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып
жатыр. Республика ТМД елдері ішіндегі Ресейден кейін 2-ші орында. Бейнелеп
айтқанда Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сиып кетеді.
Халқының саны жөнінен әлемде 80 орында болып, жер көлемі жөнінен кең байтақ
10 елдің қатарында. Әлем халқының 0,3 пайызын құрай отырып, Қазақстан жер
шарының 2 пайызын алып жатыр. Осындай кең байтақ өлкенің бір бөлігін
құрайтын оңтүстік өлке. Оңтүстік Қазақстан облысында жазықтар мен ойпатты
жерлер, құмды өлкелер, биіктігі әртүрлі таулар кездеседі. Бұл аймақтағы жер
бедерінің әртүрлілігі тек климатына әсер етіп қоймай топырағының
қалыптасуына да септігін тигізеді. Осыған орай Оңтүстіктегі топырақтардан
жазық аймақтың жазық аймақ топырақтары және таулы аймақтың топырақтары деп
жіктей аламыз. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы шөл зонасының
оңтүстігінде жатыр. Бұл зонада Оңтүстік Қазақстан облысымен бірге Батыс
Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары
түгелімен Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының
біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым
көпшілік жерлері орналасқан.
Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз, ылғалдану коэффициенті
0,1 – 0,05-ке дейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80 – 150 мм-
дей.
үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170 – 220 күнге жетеді. Күннің бұлтсыз, ыстық 10
градустан жоғары болатын температура қосындысы Түркістан маңында 4700
градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктеммен
күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан, өсімдік тіршілігінде 2
биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі
жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер табиғаттың осындай қысымшылдығына
бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір
сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек
шығатындықтан олардың топырақта қалдыратын қалдықтары мардымсыз. Сондықтан,
топырақта қарашірік аз. Оның мөлшері топырақтың беткі қабатында небары 1 –
1,5 % . Осының салдарынан топырақтың түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау
жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін
құба топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр – құба
топырақтар, орталық шөл. сонымен қатар, 2 зонашада да, әсіресе, соңғысында
тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үгілме құмдар және сорланған жерлерде
көптеп кездеседі.
Аймақ негізінен шөл жайылымына қолайлы. Мұнде тек суармалы егістіктен
ғана өнім алады. Өзен бойларында орналасқан тақыр түстес топырақтар күріш
егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлығы аз болғандықтан, суарған кезде азоттың
фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы
Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн.га, яғни
республика территориясының 44% - на жуық.
Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол алқаптарды
өнімсіз, құнарсыз деп айтуға әсте болмайды. Өйткені, осы жердің ыстығына
бейім сорланған топырақта өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде әсіресе
қаракөл қойлары, “шөл кемесі” атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда
қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін
ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып, мол өнімдер береді.
Дегенмен, осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау – бақшаға айналдыруға
болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі, қоғам үшін шөлдер қоғамға шөл
күйінде қажет. Табиғатта бір жер шөл болып, екінші жері көл болып бірін –
бірі толықтыратын, бірін – бірі теңгеретін заңдылық бар.
Оңтүстік Қазақстан территориясында жазықтық жерлер тауларға қарағанда
көп. Оңтүстік Қазақстан облысында ірі таулар Қаратау, Қазығұрт, Өгем
таулары.
Таулы алқаптарда ені әр жерде әртүрлі батыстан шығысқа қарай созылған
тау етегіндегі шөлді дала зонасы – белдеуі орын алған. Жазықтықтағы шөлді
дала зонасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан бұл аймақтың табиғи
жағдайы өзгеше келеді. Бұл беулік таулық белдеулік зонасының ең төменгі
сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.
Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан
аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау
бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырақтарға жалғасып, терістік және
терістік-батыс аймақтарындағы жазықтарды сұрқұба, ескі ал-лювиалды ойыс
жазықтарды тақыр және тақыртүстес топырақтар мен ірі құмды алаптар (Шығыс
Қызылқұм мен Батыс Мойынқұм) алып жатыр. ҚР Ғылым академиясының Ө. Оспанов
атындағы Топырақтану институтының көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының
нәтижесінде облыс аумағында 130-ға жуық топырақ түрлері мен олардың
комбинациялары кездесетіндігі анықталды. Жалпы облыс жерінің топырағы екі
топқа бөлінеді: 1. Тау топырақтары. 2. Тау аралығындағы аңғарлардың, тау
бөктеріндегі, т.б. биік және ойысты жазықтардың топырақтары.
1. Тау топырақтары. Таулы аймақтар облыстың біраз жерін алып жатыр. Осы
таулы аймақтың бір ерекшелігі биіктігі мұхит деңгейінен 4000 метрге
жақындайтындықтан топырақ-климаттық зоналардың таралуында биік белдеулік
зоналық заңы орын алады, яғни тау биіктеген сайын ылғал кө-бейіп, ауа райы
суыта түседі. Міне осыған байланысты таудың төменгі етегіндегі шөлді-дала
белдеуінен (теңіз деңгейінен 250 —350 м) таудың биік 3500 — 4000 м
деңгейіне дейін бірнеше таудың белдеулік белдемдері кездеседі, олардың
топырақ, өсімдік жамылғылары да, жануарлар дүниесі де әр алуан болып
келеді. Былайша айтқанда, табиғаттың көлденең белдемдік заңы байқалатын
сонау терістік тундрадан оңтүстіктегі шөл зоналарына дейін мыңдаған шақырым
қажет болса, облыс аумағындағы Батыс Тянь-Шань тау етегінен биік шыңдарына
дейінгі 3 — 4 шақырым қашықтықтағы биіктікте көпшілік белдемдердің кездесуі
ғажап дүние, табиғаттың осындай ерекше-лігін түсіне білген ғалым, Орта Азия
университетінің профессоры А. Л. Бродский 1920 жылдардың басында осы
аймақта Мемлекеттік қорық ұйымдастыру мәселесін алға қойған. Бұл ұсыныс сол
кезде Мәскеуде Ор-талық органдарда қызметке араласа бастаған Т. Рысқұловтан
қолдау тауып, 1926 жылы Казақстанда алғаш Ақсу — Жабағылы қорығы
ұйымдастырылды. Сонымен осы таулы белдеуде таудың шалғынды-далалы альпілік,
субальпілік, таулы-далалық альпілік, таулы альпілік, таулы шалғынды гид-
роморфты субальпілік және таудың күңгірт түсті субальпілік топырақтары
кездеседі. Бұл топырақтар 132 мың гектарды, яғни облыс жерінің 1,1 пайызын
алып жатыр. Орта таулы аумақтарда таулы-орманды, таулы-бұталы белдеулерде
күңгірт қоңыр, таудың ашық қоңыр, сұр қоңыр топырақтары 575 мың гектар,
облыс жерінің 4,7 пайызы болады. Ал аласа таулар мен оларға жалғас
етектерінде таудың сұр топырақтары түзілген. Олардың көлемі 186,8 мың
гектар, облыс жерінің 1,7 пайызы. Сонымен жалпы таулы аймақтағы топырақтар
көлемі 894,8 мың гектар жерді алып жатыр, ол облыс жерінің 7,5 пайызы.
2. Тау аралығындағы аңғарлардың, тағы басқа биік және ойысты
жазықтардың топырақтары. Таулы аймақтарға қарағанда бұл топырақтардың
түрлері мол. Бұл топтағы топырақтар ішінде осы аймақтарға тән зоналық
топырақтар кездеседі. Тау етектерінің биіктеу жазықтарының қара қоңыр,
қоңыр және сұр қоңыр топырақтарының көлемі 78,4 мың гектар, облыс жерінің
6,6 пайызы. Тау етектерінің орталық бөлігіндегі жа-зықтарының оңтүстік және
терістік сұр топырақтарының көлемі 1021,4 мың гектар, облыс жерінің 8,4
пайызы. Тау етегіндегі төменгі жазықтардың оңтүстік және терістік ашық сұр
топырақтары, көне аллювиалды жазықтар мен биік өзендер террасаларының
шалғынды-сұр топырақтары, биік шөл жазықтарының сұр құба топырақтары 2390,7
мың гектар — 19,5 пайызы, оның ішінде біршама ойпатты жерлерде тақырлар мен
тақыртүстес топырақтар және шалғынды, шалғынды-батпақты топырақтар
кездеседі. Біраз жерлерді белдемаралық топырақтар алып жатыр. Оның ішінде
сұр топырақ белдемдегі сортаң топырақтар көлемі 193,4 мың гектар, облыс
жерінің 1,6 пайызы: шөл зонасындағы сортаң топырақтар, көлемі 539,7 мың
гектар — 4,5 пайыз, ал екі белдемдегі сортаң топырақтар көлемі 457,3 мың
гектар — 3,8 пайыз. Өзен бойларының топырақтары 300,9 мың гектар — 2,7
пайыз, сұр топырақтар белдеміндегі құмды топырақтар 1047,1 мың гектар — 9,5
пайыз болса, шөл белдеміндегі құмды топырақты жерлер 2486,1 мың гек-тар —
20,6 пайыз. Сонымен жалпы екінші топтағы, яғни облыстың жазық
аумақтарындағы топырақтар көлемі 11108,7 гектар жерді қамтып, облыс жерінің
91,5 пайызын алып жатыр. Облыстың біршама жерлерін топырақ емес құрылымдар:
биік таудағы мәңгі қарлар мен тұздар, қатты тау жыныстары, көл мен өзендер
алып жатыр. Олардың жалпы көлемі 150 мың гектардай — 1,2 пайыз. Ал бұл
топырақгар орналасу жағдайларына, табиғи ылғалмен қамтамасыз етілуіне
немесе қолдан суару мүмкіншілігіне қарай ауып шаруашылығының салаларына
пайдаланылады. Мысалы таудың биік альпілік, субальпілік белдеулері малдың
жазғы жайлауы болса, орта және аласа таулы белдеулерде жер бедерлерінің
ыңғайына қарай жайылым, шабындық, жеміс ағаштар, тағы басқа дақылдар
өсіруге болады. Ал аласа таулы аумақтардың етектеріндегі ылғал жеткілікті
болғандықтан бұл белдеулер тәлімі (богара) егістерге пайдаланылады.
Таулардың төменгі етектеріндегі жазықтарда ылғал жеткіліксіз, негізінен
суармалы егістіктер үшін ыңғайлы. Бұл аймақтарда су көздері жеткілікті
болған жағдайларда мақта дақылы, бау-бақша жемістері, көкөніс, мал
азығындық шөптер, т.б. өсіріледі. Ал өзен бойларындағы көне аллювиалды шөл
белдеміндегі жазықтарда жоғарыда аталған дақылдарға қоса күріш егіледі.
Жалпы облыс көлеміндегі жартылай шөл, шөлді алқаптар негізінен жайылым
ретінде пайдаланылады.

2 Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурсының сапалық жағдайы және оны
тиімді пайдалану мәселелері.

2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурсының сапалық жағдайы.

Жер ресурстарының сапалық жағдайына тоқталсақ Оңтүстік Қазақстан
облысында агроклиматтық ықпал ерекше байқалады.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарын аридтік ландшафттар құрайды, мұндай
ландшафт антропогендік қысымдарға шыдамсыз, өзіндік қалыптасуға, қайта
қалпына келуге әлсіз икемделген. Суармалы егіншілік кезінде ландшафттың
кейбір компонентерінің түбірлі өзгерісі заттардың эволюциялық қалыртасқан
айналасымен бұзады.

Ирригациялық эрозия, яғни су эрозиясы үлкен шығынға алып келеді:
топырақтың беткі қабатының жуылуы гектарына ондаған, кейде жүздеген тоннаға
жетуі мүмкін. А.М.Иорганскийдің және т.б. анықтамасы бойынша қардың еруінен
пайда болған эрозияға қарағанда бұл эрозияның шығыны 40-42%- ға жоғары
болады, шығын болған су жер бетіне жақын орналасқан жер асты суының
деңгейінің көтерілуіне алып келеді. Бұл жағдай топырақтың тұздануына,
рельеф қабатарында тұзды көлдердің пайда болуына алып келеді. Топырақтың
тұздануы ладшафттың ландшафттық экологиялық тепе-теңдігін шұғыл
төмендетеді. Осының нәтижесінде өнімділігі жоғары жерлердің көлемінің
қысқарғанын байқауға болады.
1990 – 1999 ж. арасында Республикадағы ауылшаруашылық жерлерінің саны 2
есеге қысқарды. (223.1 млн. га-дан 139 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Жер ресурстары туралы түсінік
Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына табиғат компоненттерінің ықпалы
Атырау облысындағы аудандар
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи рекреациялық ресурстарының географиясы және оларды халықтың демалыс орындары ретінде пайдалану ерекшеліктері
Қызылорда облысының территориясы
Қызылорда облысының жер бедері
Пәндер