Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жайлы ақпарат



Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Қан алу
2.2 Қанның физикалық қасиеттерін анықтау
2.3 Қанның үлес салмағын анықтау
2.4 Эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.

Малдан қан алу. Малдан қан алу үшін қан алынатын жердің жүнін
қырқып, немесе қырып, теріні спиртпен тазалайды да, тамырды
стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда
малды онша күш жұмсамай ұстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал
мен құстан қанды тікелей жүрек қарыншасынан алады.

Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаған қанды
құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан
соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны
түтікшемен сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшыны құрғақ таза
мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылды, оны сорып
алу оңайлайды.
Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қимылдамайтындай
етіп байлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса
ұстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анық көрінеді. Арнайы
стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине шамамен 45º
бұрышпен қадалу керек). Қан аға бастаған инеге таза ыдысты тосып,
керекті мөлшерде қан алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап –
автоматтар пайдаланады.
1. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней
животных /И.М.Беляков. – М.: Колос, 1984. -336 с.
2. Бирих В.К. Возрастная морфология крупного рогатого скота
/В.К.Бирих, Г.М.Удовин. –Пермь, 1972. -249 с.
3.Ермахан Әмірбек «Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы» Алматы 2006 ж

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау

Орындаған:Темешов Д.А
Тексерген:Муратбаев Д.М
Тобы:ВС-303

2015 жыл

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Қан алу
2.2 Қанның физикалық қасиеттерін анықтау
2.3 Қанның үлес салмағын анықтау
2.4 Эритроциттердің тұну жылдамдығын (ЭТЖ)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis -- қан) -- ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.

Малдан қан алу. Малдан қан алу үшін қан алынатын жердің жүнін
қырқып, немесе қырып, теріні спиртпен тазалайды да, тамырды
стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда
малды онша күш жұмсамай ұстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал
мен құстан қанды тікелей жүрек қарыншасынан алады.

Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаған қанды
құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан
соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны
түтікшемен сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшыны құрғақ таза
мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылды, оны сорып
алу оңайлайды.
Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қимылдамайтындай
етіп байлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса
ұстайды. Қан тамырға жиналып, тамыр анық көрінеді. Арнайы
стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине шамамен 45º
бұрышпен қадалу керек). Қан аға бастаған инеге таза ыдысты тосып,
керекті мөлшерде қан алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап -
автоматтар пайдаланады.
Созылмалы тәжірибелерде терең орналасқан қан тамырларынан
(қақпалық, бауыр, артқы қолқа, мес қарын тамырлары және басқа
веналардан) ұзақ уақыт қан алу үшін қатетерлеу әдісі қолданады.
Иттен қан алу. Иттен (мысықтан) қанды аз мөлшерде
құлағының ұштарынан алады. Көп мөлшердегі қанды асық жіліктің сырт
жағын ала, тірсектен төмен орналасқан сирақ венасынан алады. Итті бір
бүйіріне жатқызып, немесе станокқа бекітіп, аяқтарын қолмен қыса ұстап,
тірсектің төменгі жағынан резеңке бұрау салады да, инемен алдымен
теріні, одан соң венаның қабырғасын тесіп, қанды шрицпен сорып алады.
Қояннан қан алу. Қояннан қанды аз мөлшерде құлағының ұшын
тіліп, немесе құлақ венасынан алады. Бұл кезде қоянды сүлгімен орайды,
немесе басы шығып тұратынарнаулы тесігі бар жәшікке отырғызады.
Құлақты ала жылы суға салып, немесе ксилолмен (спиртпен) сүрткен жөн.
Қанды көп мөлшерде кеуде венасынан алады. Ол үшін
операцияылық алаңды ( шынтақ төмпешігінің үшінші қабырғаға дейін)
дайындап болған соң, венаны саусақпен басып тұрып, инені қан ағысына
қарсы бағытқа көлбеу енгізеді.
Кейде қанды тікелей жүректің өзінен алады. Қаннан 15-20 мл-ге
дейін қан алуға болады.
Теңіз доңызынан қан алу. Теңіз доңызынан қанды аз мөлшерде
құлағының ұшын тіліп немесе табанын франк инесімен тесу арқылы
алады. Қанды көп мөлшерде ойыс венадан (теріні кесіп, қан тамырын
оқшаулағаннан кейін) немесе тікелей жүректен арнаулы инемен алады.
Инені төс сүйегінің сол жағын ала, жүрек қағысы анық сезіліп тұрған
жерден қадайды. Инені 1,5 - 2см тереңдікке енгізу керек. Бір алғанда 5 - 10
мл қан алуға болады.
Құстан қан алу. Тауықтан қанды аз мөлшерде оның айдарын тіліп, ал
қаз бен үйректен жұмсақ табанын тесіп алады. Құстан қанды көп
мөлшерде, қанаттарының астыңғы жағында орналасқан қанат асты венадан
алады. Ол үшін қауырсындарды жұлып тастап, топшы тұсынан венаны
саусақпен қыса ұстап, инені көлбей енгізеді.
Құстың қаны өте тез ұйитын болғандықтан, қан алатын жерді алдын
ала қан ұйытпайтын сұйықтықпен (антикоагулянтпен) сүртеді. Шыққан
қанды пипеткамен ішіндегі антикоагулянты бар приборкаға құяды.
Тауықтан, қаздан, түйетауықтан бір ретте 10 - 15 мл, көгершіннен - 1-1,5 мл қан алуға болады.
Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.Қанның физикалық қасиеттері ішінен клиникалық маңызы барлары оның үлес салмағы тығыздығы мен эритроциттердің шөгу жылдамдығын анықтау болып табылады.
Қанның үлес салмағын анықтау. Гаммершлагтың, Мухинның, Филиппстің ареометрлік әдістерімен немесе пикнометрлік әдіспен зерттейді. Филиппс әдісі (мыс сульфатының әртүрлі салыстырмалы тығыздықтағы ерітіндісін қолдану) оңай, әрі қарапайым болып есептеледі. Дені сау малдардың қанының салыстырмалы тығыздығы (гсм3) мүйізді ірі қараларда 1,047-1,055;қойларда 1,042-1,052; жылқыларда 1,045-1,055;түйелерде 1,048-1,055; шошқаларда 1,042-1,060; иттерде 1,044-1,056; ешкілерде 1,044-1,053 және тауықтарда 1,039-1,057 шамасында болады.Салыстырмалы тығыздықтың көтерілуі қан қойылғанда, қызбада, экссудат, транссудат түзілгенде,нефритте, күйіктерде байқалады. Ал салыстырмалы тығыздықтың тӛмендеуі анемияда, гемолиздік сары ауруда, кахексияда, гидремияда анықталады.Тотияйынның қаныққан ерітіндісін дайындайды, бұл үшін 900 г 5 -сулы тотияйынды ұсақ ұнтақ етіп үгітеді, 1250 мл дистилденген су құйып, шыны таяқшамен 5 минут уақыттай араластырады. Ерітіндінің температурасын 0,5°С дәлдікке дейін өлшеп, оны тез арада тұнбасынан бӛліп құйып алады, содан кейін қағаз немесе мақта арқылы сузеді. Алынған ерітіндіден тығыздығы 1,100 тең негізгі стандартты ерітіндіден 529 мл алып,оған дистилденген су құйып, 1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Денсаулық энцикполедиясы
Қан эритроцит осмостық резистенттілігіне төмен диапазонды сәулелердің әсерін зерттеу
Математикалық модель бойынша алынған нәтижелер
Сәйкестендіру тәсілдерінің түрлері. Сапа көрсеткіштері. Азық түлік емес тауарлардың фальсификациясы
Ультрадыбыстық зерттеу аппаратының түрлері,құрылысы,жұмыс істеу принциптері жайлы
Мейіргерлік үрдіс кезеңдері
Нейронды желілер медицинада
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу
Пәндер