Оңтүстік жарық транзит ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары



I.Кәсіпорындағы активтерді талдауы мен аудиттің теориялық.әдістемелік негізі.

1.1. Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық маңызы.
1.2. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС.нің экономикалық көрсеткіштерін талдау.
1.3. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС.ң есепті ұымдастыру мен есеп саясаты.

ІІ.«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС.нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары

2.1. Талдаудың маңызы мен активтердің құрамы мен құрылымын талдау
2.2 Активтердің айналымдылығын талдау
2.3 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау мен табыстылықты талдау.

ІІІ .«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС нің қаржылық жағдайын талдау мен аудиті
3.1. Қаржылық тұрақтылығын бағалау мен талдау.
3.2. Активтердің өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау.
3.3. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС.нің активтерінің аудиті.

Қорытынды
1.4. Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық маңызы.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңға, қаржылық есеп беру халықаралық стандарттқа сәйкес «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖЩС-нің активтерін қысқа және ұзақ мерзімді активтер деп жіктеледі. Баланстың I-ші бөлімінде қысқа мерзімді активтер және II-ші бөлімінде ұзақ мерзімді активтер орын алады. Осы уақытқа дейін баланстың I-ші бөлімінде ұзақ мерзімді актив,II-ші бөлімінде қысқа мерзімді активтер орналасқан еді. Қысқа мерзімді активтерге: ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер,қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектер, қорлар,ағымдағы салықтық активтер, сатуға арналған ұзық мерзімді активтер, өзгу қысқа мерзімді активтерден құралады. Ал ұзақ мерзімді активтеріне: ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер , өзге ұзақ мерзімді активтер.
«Щңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің акционерлік қоғамында Чалықаралық қаржылық есептілік стандарттқа сәйкес қысқа және ұзақ мерзімді активтерге төменде көрсетілген шоттарды есеп саясатына бекітілген.
Жалпы ақша қаражаттары «Қысқа мерзімді активтер» деген алғашқы бөлімнің бірінщі тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив, егер:
• Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынады;
• Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішінде күтілсе;
• Пайдалану шеек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі.
Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
Ақша қозғалысы жөнінде есепті дайындау кезінде пайданың көбую кездерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан кәсіпорынның таза табысы- тапқан табысы-егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар. Егер олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюына байланысты болады.
Дебиторлық берешектер- бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың щаруашылыққа берещек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы заңды тұлғалармен және жекен азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
«Инвестиция» ұғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің тетігін білдіреді. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қаржы институттары құралады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады.
Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарды тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттары әр тараптандыруды ескере отырып бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қатерді азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені, ол өз қолына түнкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылырдың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ, бұл қорлар инвесторлар үшін ақшалай қаражат салымшының көздері болып табылады.
Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т.б.
Инвестициялық қор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарды тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам формасында құрылады, кез-келген звңды және жеке тұлға оның акционері бола алады.
Бұл қорлардың барлық қызметі әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфелді қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.
Инвестициялық қор өз қызметінде нақты принциптерді басшылыққа алады;
• Инвестициялық салымдарды әр тараптандыру;
• Бағалы қағаздармен ас қатерлі операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;
• Бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;.
• Жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу;
Инвестициялық қор өндіріспен және сауда-саттықпен айналыспайды (бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардан өзге), кез-келген кепілдік түрін бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ, кастодианның, тіркеушінің және бірлескен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акцияларын сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банктерден қарыз қаражатын тартады,бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, қарызды кез-келген тәсілмен береді, сонымен бірге, опциондық және фьючерстік шарт бойынша мәмілелермен,маржа, «ықшамдап сату» бойынша мәмілелермен айналысады.
Инвестициялық қордың ұйымдық құрылымын былайша көрсетуге болады: акционерлердің жалпы жиналысы-басқарма-инвестициялық қордың басқарушысы.
Кез-келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынандай мәселелерді шешеді;
• Инвестициялық қордың тұрпатын қайта құру (өзгерту) туралы;
• Инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы;
• Бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ, тіркеушілерімен және ластодиандармен келісім шартқа отыру (бекіту) туралы.
Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда қарастырылған құзіреттілігінен өзге де өз құзіреттілігі болады, мысалы, ол бұқаралық ақпарат құралдарыпда басқарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отыру. Басқарманың мүшелері лауазымды тұлғалардың, осы қорды басқаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тиым салынған).
Инвестициялық қордың басқарушысы – бағалы қағаздардың портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті орындайтын әрі инвестициялық қормен бекітілген келісім шарттың негізінде әрект ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт – тиісті лицензияның болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөнінде келісім –шартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық декларацияның мазмұны әр түрлі болуы керек.
Инвестициянық қордың қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары жиі бұрмаланған жағдайда, басқарушының лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып алуға қабілетсіз болғанда тоқтатылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдарын сату үшін сатып алған тауарлары,сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсетілген қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдық сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түрінде ағымдағы актив болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылған өнімнің, атқарылған жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімде пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық қорларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ мерзімді активтер жатады.
Ұзақ мерзімді активтерді мынандай категорияларға жіктеуге болады;
• Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)
• Материалдық емес активтер.
Материалдық активтердің табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану меозімі шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелмейді. Ғимараттар, құрал-жаблықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп тарату үшін тозу есептеледі. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет.
Бухгалтерлік есептің 28 «Материалдық емес активтердің есебі» стандарттарына сәйкес материалдық емес актив осы анықтамаға және төмендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады (есепке алынады):
• Егер субъектінің келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдығы жоғары болса;
• Егер активтің құны дұрыс анықталса.
Егер де материалдық емес активтің келешек экономикалық табыстың көбеюіндегі рөлі-анықталған болса, активтің бұл түрін субъектінің пайдалану қабілеті және ниеті бар болса, сондай-ақ субъектіге келешек экономикалық табыс алуға мүмкіндік беретін техникалық, қаржы және басқа да ресурстары бар болса, ондай жағдайларда бұл материалдық емес активпен тікелей байланысты келешек экономикалық табыстар алынады.
Материалдық емес активтерге ғылыми, әдеби, көркем шығармаларға және шектес объектілеріне, электрондықесептеулерге машиналарының бағдарламаланһрына және тағы басқаларға авторлық басқа келісім-шарттардан туындайтын құқықтар, патенттер, өндірістік үлгілер, белгілер (таңбалары), лицензиялық келісімдер, ноу-хау, ұйымдастыру шығындары, гудвилл (фирма бағасы), жекелеген табиғи объектілерді (жер учаскелерін, табиғат ресурстарын, су, қазба байлықтар және т.б.) пайдалану құқықтары жатады.
Төменде материалдық емес активтерге:
• Авторлық куәлік (құқық) – ғылыми туындыны, әдеби, музыкалық шығарманы, көркем туындыны басуға, шығаруға, орындауға және басқадай пайдалануға құқық береді.
• Патент – оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде өнімдерді немесе процесстерді пайдалануға, өндіруге және сатып-өткізуге құқық береді. Патент авторларға не болмаса автордың көрсетуімен жеке немесе заңды тұлғаға беріледі. Өндіріс, сауда немесе кәсіп ету құқықтарына патент берілген кезде патенттік алым есептеледі.
• Өндірістік үлгілерге берілетін құқық өнімнің сыртқы түрін айқындайтын көркемдік және конструкторлық шешімдерді (дизайынды) қолдануға ерекше құқық беріледі.
• Тауар белгілері (таңбалары) – белгілі бір субъектінің өндірістік өнімдерін немесе көрсететін қызметтерін басқа субъектілердегі біртекті тауарлар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын белгілер. Тауар белгісі оны иемденуші кәсіпорынға өндіретін өнімдері мен көрсететін қызметтін сол таңбамен белгілеу үшін ерекше құқық беріледі. Әдетте, тауар белгісі өндірістік немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның атына тіркеледі.
• Лицензиялық келісімдер – патент иесінің өзінің контрагентіне патенрттік құқықтарының белгілі бір пайдалануға, қандай да бір өнімдерді сатып-өткізуге ерекше құқығы үшін лицензия беруіне байланысты жасалынатын келісім-шарт. Яғни, лицензиялық келісімдерге лицензиялық келісім-шартпен өндірістік меншік объектісінің өзі емес тек оны пайдалану құқығы беріледі.
Өндірістік меншік объектісін пайдалану құқығын лицензиясы белгілі бір мөлшерде төлем жасау арқылы сатып алады. Лицензиялық төлем – заңды немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға осы меншікті коммерциялық мақсаттарға пайдалану құқығы үшін жасайтын төлемі.
Бағдарламалық жабдықтауға электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға авторлық құқықтар жатады. Бағдарламаға авторлық құқықпен жеке тұлға болып табылатын авторлық шығармашылық қызметінің нәтижесі бекітіледі. Материалдық емес активтердің бұл тобына мүліктік құқығы авторлық келісім – шартпен рәсімделген бағдарламалық өнімдерді жатқызу керек. Бағдарламалардың сауда орындарынан немесе таратушылардан сатылып алынған шығындар және оларды орнатуға байланысты шығындар материалдық емес активтер құрамына есепке алынбайды, ондай шығындар кезеңдік шығындарға жатады.
Мүліктік авторлық құқық авторлық келісім – шарт жасау арқылы тапсырылады, сондықтан материалдық емес активтердің бұл түрін есепке алу келісім –шартпен расталуға тиісті.
Ноу-хау – субъектінің практикалық (тиәжірибелік) қызметінде пайдаланылатын, бірақ әлі жалпы игілікке айналмаған ғылыми, техникалық, өндірістік, коммерциялық немесе басқадай сипаттағы әртүрлі білімдердің жиынтығы. Көп жағдайда ноу-хауды субъектінің құрылтайшылары мен қатысушылары оның жарғылық капиталына қосқан үлес ретінде береді.
Гудвилл (фирма бағасы) – фирманың іскерлік репутациясы. Фирма бағасы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындв тұтасымен немесе оның құрылымдық бөлімшесін сатып алғанда пайда болады. Әдетте мұндай кәсіпорындар активтерінің баланстық құнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады. Нарықтық құн дйңгейі кәсіпорынның табыстылығымен,өндіретін өнімнің базардағы мәртебесімен, салық төлеудегі жеңілдіктермен, басқару персоналының және қатардығы мамандардың квалификациялық деңгейімен және басқа да факторлармен байланысты болады. Кәсіпорынның сатып алу бағасының оның барлық активтерімен баланстық құнымен асып түскен айырмасы фирма бағасы болып табылады.
Ұйымдастыру щығындары – субъектінің құрылуымен байланысты (мемлекеттік тіркеуден өту сәтіне дейінгі) шығындар. Ұйымдастыру щығындарына тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды дайындау шығындары, құжаттарды дайындау және тіркеуден өткізу процессіндегі кеңесші қызметінің төлемі бойынша шығындар; мемлекеттік тіркеуден өту үшін төленетін төлемдер; субъектінің шаруашылық қызметінің қандай болмасын түрлеріне әртүрлі рұқсаттар алу үшін төленетін алымдар; акциялар шығару бойынша шығындар; міндетті ұйымдастыру төлемдері (құжаттарды нотариалды растау, мөрлерді, штамптарды дайындау, банкте шот ашу, құрылтай құжаттарын көбейтіп алу және тағы басқалар ); басқадай шығындар жатады. Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, таурларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, уйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өдщеу және реттеу аспаптар мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құүралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға (есепке алынуға) тиісі:
• егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
• егер кәсіпорын үшін активтің ззіндік (бастапқы) құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық салаларында біріңғай болғаны жөн.
Осымен ұзақ мерзімді активтерді иммобильдік қор болып табылады. Және де қоғамның негізгі капиталы болғандықтан ұйымның қажетті көздерінің бірі деуге болады. Негізгі құралдары уақытында жөндеуден өткізіп немесе жаңа құралдарға ауыстырып ортырса құралдары сапалы өнім шығара алады. Және де қаражаттары уақытында айналысқа түскен жағдайда ақша қаражаттары мен өз міндеттемелерін уақытында қайтара алуы көп жетістік.
Қолданылған әдебиттер тізім

1. «Бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-ІІІ заңы
2. Аудиторлық қызмет туралы Заң. Алматы, 2006 жылғы 5 мамырдағы №139 - № ІІІ.
3. Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары, 2006 ж.
4. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының Ұлттық Комиссиясы. Алматы, 1996-2003 ж.
5. Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары. «Ішкі аудит қызметінің жұмыстарын қарастыруу» Т.1. Алматы, 2001 ж.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Алматы: «Бико», 2004ж.
7. Абленов Д.О. «Аудит негіздері». Алматы: Экономика, 2003 ж.
8. Абрютина М.С. «Финансовый анализ коммерческой деятельности» Финансовый менеджмент, Москва, «Фин пресс», 2002 г.
9. Аренс А., Лоббек Дж. «Аудит»: Қаржы және статистика, 1995 ж.
10. Әбдіманапов Ә.Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» - Алматы: АЙАН, 2001 ж.
11. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә. Жумагалиева Ж.Ғ., «Аудит». Алматы, 2006 ж.
12. Байдаулетов М. «Аудит», Алматы, 2004 ж.
13. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп, Маркет, Алматы, 2005 ж.
14. Баймұханова С.Б., Жумагалиева Ж.Ғ. Аудит, Алматы, 2006 ж.
15. Бочаров В.В. «Финансовый анализ», Питер, 2002 г.
16. Дүйсенбаев К.Ш., Егенбердиева С.К. «Анализ финансовой устойчивости предприятия» // Библиотека бухгалтера и предпринимателя – 2004-№ е21.
17. Дүйсенбаев К.Ш., Егенбердиева С.К., Дюсембаева З.К. «Аудит и анализ финансовой отчетности». Алматы: «Қаржы-қаражат», 1998 ж.
18. Жумагалиева Ж.Ғ. Жаппарханова М.С. «Басқару есебі» Алматы, 2006 ж.
19. Ержанов М.С. «Теория и практика аудита». Алматы, 2000 ж.
20. Ефимова О.В. «Финансовый анализ». Москва, 2002 г.
21. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері». Алматы: Экономика, 2006 ж.
22. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Қаржылық есеп». Алматы: Экономика, 2001 ж.
23. Қожамқұлов Т. «Еңбекті ұйымдастыру мен басқару тәсілдері». Алматы, Мектеп, 2002 ж.
24. Көкенов У.Ж., Көкенова Ф.У. «Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі», Алматы, Рауан, 1992 ж.
25. Міржақыпова С.Т. «Банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы: Экономика, 2006 ж.
26. Назарова В.О. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Алматы: Экономика, 2005 ж.
27. Сатмұрзаев А.А., Укашев Б.Е. «аудит теориясы», Алматы, 1999 ж.
28. Салина А.П. «Принципы бухгалтерского учета» - Алматы: Экономика, 2003 г.
29. Сержайтов К.А. «Как уменьшить налоги законными способами». Алматы, 1997 г.
30. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет: Учебное пособие». Алматы: Экономика, 2000 ж.
31. Таштанова Н.Н., Жумабекова Г.Ж. «Учет нематериальных активов». //Бюллетень бухгалтера – 1997-№5.
32. Тасмағанбетов Т.А. т.б. «Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп». Алматы, Экономика, 2002 ж.
33. Энтони Р.Дж.Рис. «Учет ситуаций и примеры» - М.: Финансы и статистика, 2003 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   
I-Кәсіпорындағы активтерді талдауы мен аудиттің теориялық-әдістемелік
негізі.

1. Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық маңызы.
2. Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-нің экономикалық

көрсеткіштерін талдау.
3. Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-ң есепті ұымдастыру мен есеп саясаты.

ІІ-Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен
оны жетілдіру жолдары

2.1. Талдаудың маңызы мен активтердің құрамы мен құрылымын талдау
2.2 Активтердің айналымдылығын талдау
2.3 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау мен табыстылықты талдау.
ІІІ –Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС нің қаржылық жағдайын талдау мен
аудиті
3.1. Қаржылық тұрақтылығын бағалау мен талдау.
3.2. Активтердің өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау.
3.3. Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-нің активтерінің аудиті.
Қорытынды

I-Кәсіпорындағы активтерді талдауы мен аудиттің теориялық-әдістемелік
негізі.

4. Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық маңызы.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы
Қазақстан Республикасының №234-III заңға, қаржылық есеп беру халықаралық
стандарттқа сәйкес Оңтүстік Жарық Транзит ЖЩС-нің активтерін қысқа және
ұзақ мерзімді активтер деп жіктеледі. Баланстың I-ші бөлімінде қысқа
мерзімді активтер және II-ші бөлімінде ұзақ мерзімді активтер орын алады.
Осы уақытқа дейін баланстың I-ші бөлімінде ұзақ мерзімді актив,II-ші
бөлімінде қысқа мерзімді активтер орналасқан еді. Қысқа мерзімді
активтерге: ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қысқа
мерзімді дебиторлық берешектер,қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық
берешектер, қорлар,ағымдағы салықтық активтер, сатуға арналған ұзық
мерзімді активтер, өзгу қысқа мерзімді активтерден құралады. Ал ұзақ
мерзімді активтеріне: ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді
дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар,
материалдық емес активтер , өзге ұзақ мерзімді активтер.
Щңтүстік Жарық Транзит ЖШС-нің акционерлік қоғамында Чалықаралық
қаржылық есептілік стандарттқа сәйкес қысқа және ұзақ мерзімді активтерге
төменде көрсетілген шоттарды есеп саясатына бекітілген.
Жалпы ақша қаражаттары Қысқа мерзімді активтер деген алғашқы
бөлімнің бірінщі тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде
жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив, егер:
• Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық
циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынады;
• Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске
асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішінде күтілсе;
• Пайдалану шеек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа
мерзімді актив ретінде жіктеледі.
Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
Ақша қозғалысы жөнінде есепті дайындау кезінде пайданың көбую кездерін
және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан
кәсіпорынның таза табысы- тапқан табысы-егер есепті кезеңде ақша нысанында
алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар. Егер олар есепті кезеңде
ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюына байланысты болады.
Дебиторлық берешектер- бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке
азаматтардың щаруашылыққа берещек қарыздары. Дебиторлық борыштар
шаруашылықтың ішінде және сыртқы заңды тұлғалармен және жекен азаматтармен
де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу
операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс
болып табылады.
Инвестиция ұғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен
қамтамасыз етудің тетігін білдіреді. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қаржы
институттары құралады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге
болады.
Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша
қаражаттарды тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттары әр тараптандыруды
ескере отырып бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қатерді
азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені, ол
өз қолына түнкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылырдың
қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ, бұл қорлар инвесторлар үшін ақшалай
қаражат салымшының көздері болып табылады.
Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады,
банк депозиттеріне салады және т.б.
Инвестициялық қор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру
жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық
портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарды тарту бойынша қызметті
жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам
формасында құрылады, кез-келген звңды және жеке тұлға оның акционері бола
алады.
Бұл қорлардың барлық қызметі әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық
салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфелді
қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен
айналыспайды.
Инвестициялық қор өз қызметінде нақты принциптерді басшылыққа алады;
• Инвестициялық салымдарды әр тараптандыру;
• Бағалы қағаздармен ас қатерлі операцияларды жүзеге асыруға тыйым
салу;
• Бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;.
• Жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу;
Инвестициялық қор өндіріспен және сауда-саттықпен айналыспайды (бағалы
қағаздар мен қаржылық құралдардан өзге), кез-келген кепілдік түрін
бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ, кастодианның,
тіркеушінің және бірлескен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын,
акцияларын сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банктерден қарыз
қаражатын тартады,бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды,
қарызды кез-келген тәсілмен береді, сонымен бірге, опциондық және
фьючерстік шарт бойынша мәмілелермен,маржа, ықшамдап сату бойынша
мәмілелермен айналысады.
Инвестициялық қордың ұйымдық құрылымын былайша көрсетуге болады:
акционерлердің жалпы жиналысы-басқарма-инвестициялық қордың басқарушысы.
Кез-келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі
негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынандай мәселелерді
шешеді;
• Инвестициялық қордың тұрпатын қайта құру (өзгерту) туралы;
• Инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу
туралы;
• Бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ,
тіркеушілерімен және ластодиандармен келісім шартқа отыру (бекіту)
туралы.
Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда
қарастырылған құзіреттілігінен өзге де өз құзіреттілігі болады, мысалы, ол
бұқаралық ақпарат құралдарыпда басқарушының қызмет нәтижесін және қордың
қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отыру.
Басқарманың мүшелері лауазымды тұлғалардың, осы қорды басқаратын
басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тиым салынған).
Инвестициялық қордың басқарушысы – бағалы қағаздардың портфелін басқару
бойынша кәсіби қызметті орындайтын әрі инвестициялық қормен бекітілген
келісім шарттың негізінде әрект ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт
– тиісті лицензияның болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару
жөнінде келісім –шартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық
декларацияның мазмұны әр түрлі болуы керек.
Инвестициянық қордың қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңдары жиі бұрмаланған жағдайда, басқарушының лицензиясы қайтарылып
алынған жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып алуға
қабілетсіз болғанда тоқтатылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет барысында өздерінің өндірген дайын
бұйымдарын сату үшін сатып алған тауарлары,сатып алған бірақ әзірге ұйымға
келіп түспеген тауарлары аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсетілген
қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету
барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және
ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдық сол
ұйымның тауарлы-материалдық қоры түрінде ағымдағы актив болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған
кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.
Шығарылған өнімнің, атқарылған жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек
заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор
болып табылады.
Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір
жылдан артық мерзімде пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын
құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге
арналған болса, оларды тауарлы-материалдық қорларға, яғни айналым
құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге; ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын
мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге
ұзақ мерзімді активтер жатады.
Ұзақ мерзімді активтерді мынандай категорияларға жіктеуге болады;
• Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)
• Материалдық емес активтер.
Материалдық активтердің табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға
жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану меозімі шексіз болғандықтан, оған
амортизация (тозу) есептелмейді. Ғимараттар, құрал-жаблықтар, құрылғылар
амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп
тарату үшін тозу есептеледі. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп
тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет.
Бухгалтерлік есептің 28 Материалдық емес активтердің есебі
стандарттарына сәйкес материалдық емес актив осы анықтамаға және төмендегі
талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады (есепке алынады):
• Егер субъектінің келешекте тікелей осы объектіге байланысты
экономикалық пайда табуының ықтималдығы жоғары болса;
• Егер активтің құны дұрыс анықталса.
Егер де материалдық емес активтің келешек экономикалық табыстың
көбеюіндегі рөлі-анықталған болса, активтің бұл түрін субъектінің пайдалану
қабілеті және ниеті бар болса, сондай-ақ субъектіге келешек экономикалық
табыс алуға мүмкіндік беретін техникалық, қаржы және басқа да ресурстары
бар болса, ондай жағдайларда бұл материалдық емес активпен тікелей
байланысты келешек экономикалық табыстар алынады.
Материалдық емес активтерге ғылыми, әдеби, көркем шығармаларға және
шектес объектілеріне, электрондықесептеулерге машиналарының
бағдарламаланһрына және тағы басқаларға авторлық басқа келісім-шарттардан
туындайтын құқықтар, патенттер, өндірістік үлгілер, белгілер (таңбалары),
лицензиялық келісімдер, ноу-хау, ұйымдастыру шығындары, гудвилл (фирма
бағасы), жекелеген табиғи объектілерді (жер учаскелерін, табиғат
ресурстарын, су, қазба байлықтар және т.б.) пайдалану құқықтары жатады.
Төменде материалдық емес активтерге:
• Авторлық куәлік (құқық) – ғылыми туындыны, әдеби, музыкалық
шығарманы, көркем туындыны басуға, шығаруға, орындауға және
басқадай пайдалануға құқық береді.
• Патент – оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде өнімдерді
немесе процесстерді пайдалануға, өндіруге және сатып-өткізуге құқық
береді. Патент авторларға не болмаса автордың көрсетуімен жеке
немесе заңды тұлғаға беріледі. Өндіріс, сауда немесе кәсіп ету
құқықтарына патент берілген кезде патенттік алым есептеледі.
• Өндірістік үлгілерге берілетін құқық өнімнің сыртқы түрін
айқындайтын көркемдік және конструкторлық шешімдерді (дизайынды)
қолдануға ерекше құқық беріледі.
• Тауар белгілері (таңбалары) – белгілі бір субъектінің өндірістік
өнімдерін немесе көрсететін қызметтерін басқа субъектілердегі
біртекті тауарлар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын
белгілер. Тауар белгісі оны иемденуші кәсіпорынға өндіретін
өнімдері мен көрсететін қызметтін сол таңбамен белгілеу үшін ерекше
құқық беріледі. Әдетте, тауар белгісі өндірістік немесе кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның атына тіркеледі.
• Лицензиялық келісімдер – патент иесінің өзінің контрагентіне
патенрттік құқықтарының белгілі бір пайдалануға, қандай да бір
өнімдерді сатып-өткізуге ерекше құқығы үшін лицензия беруіне
байланысты жасалынатын келісім-шарт. Яғни, лицензиялық келісімдерге
лицензиялық келісім-шартпен өндірістік меншік объектісінің өзі емес
тек оны пайдалану құқығы беріледі.
Өндірістік меншік объектісін пайдалану құқығын лицензиясы белгілі бір
мөлшерде төлем жасау арқылы сатып алады. Лицензиялық төлем – заңды немесе
жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға осы меншікті
коммерциялық мақсаттарға пайдалану құқығы үшін жасайтын төлемі.
Бағдарламалық жабдықтауға электрондық есептеу машиналарына арналған
бағдарламаларға авторлық құқықтар жатады. Бағдарламаға авторлық құқықпен
жеке тұлға болып табылатын авторлық шығармашылық қызметінің нәтижесі
бекітіледі. Материалдық емес активтердің бұл тобына мүліктік құқығы
авторлық келісім – шартпен рәсімделген бағдарламалық өнімдерді жатқызу
керек. Бағдарламалардың сауда орындарынан немесе таратушылардан сатылып
алынған шығындар және оларды орнатуға байланысты шығындар материалдық емес
активтер құрамына есепке алынбайды, ондай шығындар кезеңдік шығындарға
жатады.
Мүліктік авторлық құқық авторлық келісім – шарт жасау арқылы
тапсырылады, сондықтан материалдық емес активтердің бұл түрін есепке алу
келісім –шартпен расталуға тиісті.
Ноу-хау – субъектінің практикалық (тиәжірибелік) қызметінде
пайдаланылатын, бірақ әлі жалпы игілікке айналмаған ғылыми, техникалық,
өндірістік, коммерциялық немесе басқадай сипаттағы әртүрлі білімдердің
жиынтығы. Көп жағдайда ноу-хауды субъектінің құрылтайшылары мен
қатысушылары оның жарғылық капиталына қосқан үлес ретінде береді.
Гудвилл (фирма бағасы) – фирманың іскерлік репутациясы. Фирма бағасы
жұмыс істеп тұрған кәсіпорындв тұтасымен немесе оның құрылымдық бөлімшесін
сатып алғанда пайда болады. Әдетте мұндай кәсіпорындар активтерінің
баланстық құнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады. Нарықтық құн
дйңгейі кәсіпорынның табыстылығымен,өндіретін өнімнің базардағы
мәртебесімен, салық төлеудегі жеңілдіктермен, басқару персоналының және
қатардығы мамандардың квалификациялық деңгейімен және басқа да факторлармен
байланысты болады. Кәсіпорынның сатып алу бағасының оның барлық
активтерімен баланстық құнымен асып түскен айырмасы фирма бағасы болып
табылады.
Ұйымдастыру щығындары – субъектінің құрылуымен байланысты
(мемлекеттік тіркеуден өту сәтіне дейінгі) шығындар. Ұйымдастыру
щығындарына тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды дайындау шығындары,
құжаттарды дайындау және тіркеуден өткізу процессіндегі кеңесші қызметінің
төлемі бойынша шығындар; мемлекеттік тіркеуден өту үшін төленетін төлемдер;
субъектінің шаруашылық қызметінің қандай болмасын түрлеріне әртүрлі
рұқсаттар алу үшін төленетін алымдар; акциялар шығару бойынша шығындар;
міндетті ұйымдастыру төлемдері (құжаттарды нотариалды растау, мөрлерді,
штамптарды дайындау, банкте шот ашу, құрылтай құжаттарын көбейтіп алу және
тағы басқалар ); басқадай шығындар жатады. Бухгалтерлік есептің 16 Негізгі
құралдар деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар
дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, таурларды тасымалдау немесе қызмет
көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар
үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде
пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, уйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өдщеу және реттеу
аспаптар мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың
бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құүралдары, аспаптар, өндірістік
және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе
ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив
ретінде танылуға (есепке алынуға) тиісі:
• егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда
алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
• егер кәсіпорын үшін активтің ззіндік (бастапқы) құнын сенімді түрде
бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп
топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық
салаларында біріңғай болғаны жөн.
Осымен ұзақ мерзімді активтерді иммобильдік қор болып табылады. Және
де қоғамның негізгі капиталы болғандықтан ұйымның қажетті көздерінің
бірі деуге болады. Негізгі құралдары уақытында жөндеуден өткізіп
немесе жаңа құралдарға ауыстырып ортырса құралдары сапалы өнім шығара
алады. Және де қаражаттары уақытында айналысқа түскен жағдайда ақша
қаражаттары мен өз міндеттемелерін уақытында қайтара алуы көп
жетістік.

5. Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-нің экономикалық

көрсеткіштерін талдау.
Оңтүстік Жарық Транзит заңды тұлға ретінде ҚР ОҚО бойынша Әділет
Департаментінің 2005 жыл 27 шілдеде тіркелген.
Серіктестіктің жарғылық капиталының алғашқы жариялаған мөлшері 97100
теңгені құрады. 2006 жыл 15 мамыр айында Қазақстан Республикасының Әділет
Департаментінің 341617,5 теңгелік жарғылық капиталымен құрылып, мемлекеттік
тіркеуге дейін толық қалыптасты.
2006 жылдың 1 қаңтарында бекітілген және төленген капитал 97,1 мың
теңге болса, 01.10.06 жылғы ол 341617,2 мың теңге құрады.
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты – жарғылық қызметтен таза табыс
алу. Серіктестік қызметінің мәні:
- электр энергиясын беру және тарату:
- электр энергиясын беріп таратумен техрологиялық басқа да қызмет
түрлері:
- Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған қызметінің басқа
да түрлерінің тізімі заң актілерімен анықталатын қызметтің жеке
түрлерімен серіктестік лицензия негізінде ғана айналыса алады.
2005 жылдың 23 желтоқсан №345 Бұйрығымен Серіктестік электр
эксплуатациялауда электр энергиясын бөлу және тарату бойынша қызмет көрсету
жөніндегі табиғи монополиялардың субъектілерін мемлекеттік тіркеуден
Республикалық бөліміне енгізілген.
Жоғарыда аталған Заңның 15 бабына сәйкес табиғи монополия
субъектілерінің қызметін реттеу тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлерін
орнатумен жүзеге асырылады. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі
Агенттіктің орталық Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2006 жылы 13
ақпан №2 бұйрығымен 2006 жылы 1 наурызынан бастап әрекет ететін тарифтік
тағайындалады.
Тарифті бекіту кезіндегі өкілетті орган табиғи монополия субъектісінің
шығындары деңгейін шектейтін, тарифтік шығындар бөліміне кіретін, шығындар
тарифіне кіретін, шығындарды реттеуді қарастыратын, шығындарды
қалыптастырудың ерекше ережелерін қолданады.
Энергетика және ресурстар Министірлігінің электр энергетикасы және қатты
отын Департаментінің облыс бойынша 110-0,4 КВА желілерінде нормативті
шығындардың 21,8 % мөлшерін бекітті.
Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-нің берілген тарифтерде шығындар 25,6%
құрады, яғни 3,8% немесе 65,7 млн КВт сағатқа нормадағыдан асып түседі.
ЦОТ Энерго ЖШС-ң жүргізген сарапшылық бағалауы негізінде 2006 жыл
нормативті сан 3308 бірлікті құрады. Бекітілген тарифтік сметада санды 3126
бірлік көлемінде қабылданған кәсіпорынның 22 құрылымдық бөлімшесі бар.
Тарифтік сметада еңбек ақыға 2005 жылы 198400мың теңге көлеміндегі сома
қарастырылады. 2005 жыл үшін 166537,1 мың теңге, ал 2006 жыл 9 айы үшін
599789,0 мың теңге. Жоспар бойынша 2006 жыл 9 айы үшін еңбек ақы қоры
586120 мың теңгені құрады. 2005 жылы негізгі құралдардың күрделі жөндеу
жұмысына 12160,7 мың теңге көлемінде ақша жұмсалады. 2006 жылы қаңтар айы
мен қыркүйек ай бойынша 196819,1 мың теңге ақша көлемінде жөндеу жұмысы
жүргізілді, оның ішінде күрделі жөндеу жұмысына 10797,5 мың теңге
шығарылды.2005 жыл үшін 21629,9 мың теңге, 2006 жыл үшін 23574,3 мың теңге
белгіленген активтегі инвестициялау жұмыс бағдарламасына сәйкес болды.
Олардың ішінде 19979 мың теңге қаржыландыруға кетсе, қайта енгізілген
объектілер 591,6 мың теңгені құрады.
2005 жыл Кірістер мен шығыстар туралы есептілік №2 нысаны 010 жолында
өнімді өткізуден түскен түсім мөлшері 843619 мың теңге мөлшерінде болған.
2006 жыл 9 ай үшін өнімді өткізуден түскен түсім 2345052 мың теңге
мөлшерінде болды.
Серіктестіктің қаржылық есебін құруда өткізілген өнімнің өзіндік құны
2005 жыл үшін 563443 мың теңгені құрады. 2006 жыл 9 ай үшін өткізілген
өнімнің өзіндік құны 1 630464 мың теңге болды.
2005 жыл үшін Кірістер мен шығыстар туралы есептілік №2 нысан 040
жолында кезең шығындары 296390 мың теңге сомасында көрсетілген. Бұл сома
264146 мың теңге мөлшерінде өткізу шығындары, 2925 мың теңге сый ақы төлеу
шығындарынан тұрады.
№2 Кірістер мен шығыстар туралы есептілік нысанының 0740 жолында 2006
жыл 9 ай үшін кезең шығындары 1 022733 мың теңге көлемінде көрсетілген. Бұл
сомадағы жалпы әкімшілік шығындар көлемі 368763 мың теңге, өткізу шығындары
144360 мың теңге , сыйақылар төлеу шығындары 509610 мың теңге.
№2 Кірістер мен шығыстар туралы есептілік нысанында негізгі қызмет
нәтижелерін тексеру кезінде табыстың жалпы сомасы (кірістер мен шығыстар
туралы есептіліктің) 060 жолының мәліметтеріне сәйкес келді.
Қ.Р-ң Табиғи монополиялар туралы заңының 7 бабының 7 тармағына сәйкес
серіктестік реттелген қызметтің (тауар,жұмыс қызмет) әрбір түрі бойынша
активтердің, табыс, шығындардың жеке есебін жүргізуге міндетті.
Операциялық қызметтің ақша қозғалысы келесі көрсеткіштермен беріледі:
- Ақша түсімі 2005 жыл үшін 390018,0 мың теңге.
- Кеткен ақша 2613,0 мың теңге.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде ақшаның азаюы 2516,0 мың теңге.
Қаржылық қызметтің ақша қозғалысы келесі көрсеткіштермен берілген:
- Ақша түсімі 13389880,0 мың теңге
- Кеткен ақша 81447,0 мың теңге.
Қаржылық қызмет нәтижесінде ақшаның өсуі 13308433,0 мың теңге. Есеп жыл
басында ақша 0-ге тең, есепті кезең соңында 28343,0 мың теңге құрады.
Операциялық қызметтің 9 айлық ақша қозғалысы келесі көрсеткіштермен
берілген:
- Ақша түсімі 1 4484884,0 мың теңге.
- Кеткен ақша 2 254821,0 мың теңге.
Операциялық қызмет нәтижесінде ақшаның өсуі 12 230063,0 мың теңге.
Инвестициялық қызметтің ақша қозғалысы келесі түрде көрсетілген.
- Түскен ақша -0
- Кеткен ақша -4499 мың теңге.

Кесте-1
Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-ң экономикалық
көрсеткіштерінің сипаттамасы.

№ Көрсеткіштер 2005 жыл 2006 жыл ауытқу
сомасы %
1 Сатудан түскен табыс (843629 2345052 1501423 1,8
мың теңге)
2 Қысқа мерзімді 14209519 1195433 -13014086 -0,9
активтер(мың теңге)
3 Негізгі құралдардың 3985656 4196972 211316 0,05
орташа жылдық құны
(мың теңге)
4 Еңбек ақы мөлшері 166537,1 599789,0 433251,9 2,6
5 Ұзақ мерзімді 4225290 4168794 -38056496 -9,0
активтер( мың теңге)
6 Қор қайтарымдылығы 0,2 0,5 0,3 1,5
(13),теңге
7 Қор сыйымдылығы (31) 4,7 1,8 -2,9 -0,6
теңге
8 өндірігһлген өнімнің 563443 1630434 1067021 1,8
өзіндік құны, мың
теңге
9 Жалпы пайда 280176 714588 434412 1,5
10 Кезең шығындары, мың 296390 1022733 726343 2,4
теңге
11 Қорлар 294342 256332 -38010 0,1
12 Дебиторлық берешек 13886833 863282 -13023551 0,9

Оңтүстік Жарық Транзит жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің сатудан
түскен ттабысы жыл басында 843629 мың теңге, жыл соңында 2345052 мың теңге,
өткен жылмен салыстырғанда 1501423 мың теңге жоғарылады. Қысқа мерзімді
активтері жыл басында 14209519 мың теңге, жыл аяғында 1195433 мың теңге,
өткен жылмен салыстырғанда 13014086 мың теңгеге азайды. Негізгі құралдар
2005 жыл 3985656 мың теңге,2006 жыл 4196972 мың теңге өткен жылмен
салыстырғанда 211316 мың теңгеге көбейді. Осымен жалпы пайдаға келетін
болсақ 2005 жыл 280176 мың теңге,2006 жылы 714588 мың теңгеге ие болды.
Өткен жылмен салыстырғанда 434412 мың теңгеге жоғарлаған, кәсіпорын
қызметінің экономикалық тұрақтылығы бұл көрсеткіштердің тұрақты өсуін қажет
етеді.

Кесте-2
Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-ң мүлік және қаржы қорларының құрамы мен
құрылымын талдау.

№ Көрсеткіштер 2005 жыл 2006 жыл Ауытқуы
1 Мүлік құны 184 34809 5364227 -13070582
2 Иммобилдік қор 4225290 4168794 -56496
3 Мүлік құны% 0,2 0,7 0,5
4 Мобилдік қор 14209519 1195433 -13014086
5 Мүлік құны% 0,7 0,2 -0,5
2 Меншікті капитал 4355439 4057861 -297578
3 Қаржылық капитал% 0,2 0,3 -0,1
4 Тартылған капитал 14079370 1306367 -12773003
5 Қаржылық капитал% 0,7 0,2 -0,5

Кестеде көрсеткендей кәсінорынның мүлік құны 13070582 мың теңгеге
төмендеді. Берілген кәсіпорындарда мұндай төмендеу иммобильдік және
мобильдік қордың төмендеудің әсерінен пайда болады. Мобильдік қордың
төмендеуі серіктестің қызметіне кері әсерін тигізеді. Мобильдік қордың-
13014086 мың теңге үлес салмағы 0,5 пайызға төмендеді. Иммобильдік қордың
үлестік қатынасы 0,5 орынға төмендеуі қаржы нәтижесінде кері әсерін тигізуі
мүмкін. Бұл үшін жаңа құрал жабдықтарды енгізу шараларды қолға алу қажет.
Меншікті капиталдың үлес салмағы 0,1 пайызға төмендеді. Айтылып отырған
кәсіпорынның өзіндік капиталдың кемуі баәқалған. Тартылған капитал 12773003
мың теңгеге азайды. Үлес салмағы 0,5 пайызға төмендеді.

Кесте-3

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдау.
(Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-ң )

№ Көрсеткіштер 2005 жыл 2006 жыл Ауытқу
Σ % Σ % Σ %
1 Негізгі құралдардың4322400 100 4374837 100 52437 -
бастапқы құны
2 Негізгі құралдардың97219 0,3 206074 0,4 108855 0,1
тозуы
3 Негізгі құралдардың4225181 0,7 4168763 0,6 -56418 -0,1
қалдық құны
4 Тозу 0,02 0,04 0,02
коэффициенті(21)
5 Жарамдылық 0,97 0,95 -0,02
коэффициенті(31)
6 Нақты құн(3баланс) 0,2 0,7 0,5
7 баланс 18434809 5364227 -13070582

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын талдауда негізгі құралдардың нақты
коэффициентінің кәсіпорын үшін ұтымды мәні 0,5-тен кем емес, ал негізгі
құралдардың жарамдылық және тозу коэффициенті 0,5-тен кем емес болуы қажет.
Біздің талдау бойынша жарамдылық коэффициенті жыл басында 0,7 жыл аяғында
0,6 мәнді көрсетті. Ал тщзу кщэффициенті 2005 жылы 0,3-ке 2006 жылы 0,4-ке
ие болды.

6. Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-ң есепті ұымдастыру мен есеп саясаты.
Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-ң бухгалтерлік есебі Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан
Республикасының №234-III заңға және қаржылық есептілік халықаралық
стандарттқа сәйкес есеп саясаты мен шоттар жұмыс жоспары құрастырылды.
Есеп саясаты – деп ұйымдарда іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп
объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ішкі ережелер жүйесін
айтады.
Оңтүстік Жарық Транзит жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есеп
саясатын жүзеге асыру үшін:
a) құрылған ұйымдар мен кәсіпорындар активтері мен міндеттемелері меншік
иелері, қатысушылар мен инвесторлар, басқа да ұйымдардың активтері
мен міндеттемелері тізімі жеке көрсетіледі. Ресми тіркелген ұйымның
шаруашылық қызмет ешкімге де тәуелді емес және дербес
жүргізілетіндігін түсінген жөн.
b) Ұйымдар өз жұмысын ары қарай құрақты бағытта жалғастыра береді, бұлар
ұйымды жоймайды, немесе өз қызметін қысқартпайды
c) Таңдап алынып жасалған есеп саясатын бір жылдан бастап келесі
жылдарда сабақтастық түрде қолдана береді.
d) Ақшаның түсуі,немесе түспеуіне қарамастан шаруашылық қызметінің
фактілері орын алған осы есепті кезеңге жатқызылып есептелінеді.
Есеп саясатын мына төмендегі талаптарды қанағаттандыруы қажет;
a) Ұйымдардың шаруашылық өміріндегі орын алған барлық фактілерді
бухгалтерлік есепке толығымен тіркеу.
- Табыстар мен активтерге қарағанда пассивтерді көбейту жолдарын
қадағалау және орынсыз шығындарды болдырмау жолдарын
қадағалау(сақтық принципі)
- әрбір айдың бірінші жұлдызына жасалынатын синтетикалық және
аналитикалық шоттар бойынша айнылыс пен қалдық сомалардың сай
келушілігін, сондай-ақө бухгалтерлік қорытынды есеп көрсеткіштерінің
синтетикалық бас шоттардағы қалдық пен бірдей болуышылығын
қадағалау(сәйкестік принципі)
Есеп саясатын нақтылы іске асырып, мұның өзін тәжірибеде басшылыққа алу
үшін осы ұйымның орналасқан мекен-жайы бойынша қызмет атқаратын салық
органымен мүмкін болатын айырмашылықтарда, есеп жүйесіндегі аздаған
өзгерістерді және бұларды реттеудің жолдарын келістіруі қажет.
Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастыру үшін мына төмендегідей кезеңдік
шараларды орындау қажеттігін туындайды.(кезеңдік принципі)
- есеп саясатының мақсатын,міндетін,қажеттілігін, шешімін және
аналитикалық көрсеткіштер тізімін, бухгалтерлік есеп көрсету,есеп
саясаты өрісінде шешім қабылдауға қажетті құжаттарды дайындау
т.б.шараларды белгілеп іске асыру үшін арнайы комиссия құрылады.
Комиссияның құрамына тек бухгалтерлік қызмет атқарушылар ғана емес,
өндірістің технологиясын жақсы білетін, қаржыландыру мен қаржы
қызметін атқарушы тәжірибелі,мамандар құқықтық қызмет бөлімі және
басқада бөлімдердің кәсіби деңгейі жоғары мамандары
қатынастырылады. Қажет деп танылған жағдайда басқада мамандырылған
сыртқы ұйымдардың мамандары да шақырылды.
- Есеп сеясатына тән қажетті құжаттар, басқа да қабылданған шешімдер
мен нормативтік құжаттар, есеп саясаты өрісіндегі объектілер
тізімі, сондай-ақ шешілетін мәселелердің кезеңдік жолдары мен
сабақтастығы анықталады.
- Есеп жүргізудегі қолданылатын әдістер мен ережелер және таңдалып
алынған есеп саясатының әдістерін арнайы өкілетті органдармен
келісу және бұл органдарға ресми түрде хабарлаудың тәртібі
бекітіледі.
Есеп саясаты жөніндегі мәлімеььер мен ақпарат негізінен қаржы есебінің
маңыздылығын түсіну үшін Оңтүстік Жарық Транзит жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіне қажет. Ұймдардағы есеп саясатын қалыптастыру үрдісінің
негізгі мақсаты қаржы есебінің элементтері мен әдістерінің негізін ашып
көрсету және салық есебі мен басқарушы есеп көрсеткіштерінің қаржылық
қорытындыға әсер етушілігін тұжырымдау болып табылады. Іс-тәжірибеде
бухгалтерлік есеп жүргізу өрісінің құрамдас бөлігі болып табылатын есеп
саясатының негізгі элементтері төмендегі объектілер қалыптасады:
Негізгі құралдарды бағалау, қайта бағалау және тозу әдістері.
Мұнда бүтіндей тозып, жарамсыз болған негізгі құралдары қайта бағалау
мен есептен шығару жөнінде қолданылатын әдістер ішінен осы ұйымға тән
ыңғайлы әдісті таңдап, тәжірибеде қолдану жолы анықталады. Бухгалтерлік
есеп мәліметі бойынша бастапқы құнын түгелімен өндіріске, қызмет
көрсетуге жұмсап тауысқан, әйткеніменде әлі де пайдалану мүмкіндігі бар
негізгі құралдарды қайта бағалау, немесе бұларды айырбастау үшін
қолданылатын әдісті ашып көрсету қажет. Бағаланған негізгі құралдар
сомасы тозу соманы және салық салу базасының сомасына көбейтеді. Құны
жағынан түгелімен тозуға ұшыраған негізгі құралдарды бағалау мен қайта
бағалау ушін;
- Ағымдағы бағамен бағалау:
- Бұларды жою жөніндегі бағалау әдістерінің бірі көрсетіледі;
Негізгі құралдарды қайта бағалап, кіріске алу үшін индекстік және
тікелей бағалау әдістерінің бірі қолданылады. Қайта бағалаудың
нәтижесінде құны көбейген негізгі құралдардың сомасы баланстың актив
жағындағы соманы көбей тіп, мүліктер құны нақтылы мүмкіндікке қарай
жаңадан бағаланады. Осылайша құны жоғарылаған негізгі құралдар қайтадан
тозуға ұшырайды да, есепті кезеңдегі шығындар сомасы да көбейеді.
Негізгі құралдар объектінің құнын төмендетіп бағалаудың нәтижесінде
есепті кезеңдегі шығындар сомасы азайтылып валюта баланс сомасы да
азаяды. Мұның өзі салық салушылық базаға да әсер етеді.
Жалпы негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептеу әдістері:
- Бір қалыпты түзу сызықты
- өндірістік
- бастапқы құнын шапшаңдатып есептен шығару
- құнын төмендетіп қалдықтау және куммулятивті әдістерден
қалыптасады.
Негізгі құралдардың тозуын есептеуге арналған әдістердің қандай да
болмасын есепті кезең шығарғандарын көбейтуге арналған әдістердің
қандайы болмасын есепті кезең шығындарын көбейтуге(өндірістік және
кезеңдік шығындар) және табыс көлемін азайту үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу резервтерін жасау есебінің
әдісі,негізінен екі жолмен;
- жөндеу жұмысы аяқталғанға дейінгі жұмсалған шығындар болашақ
кезең шығындары шотында жинақталып,жөндеу жұмысы аяқталған соң,
жинақталған мұндай шығындар жалпы шығындар есебін жүргізуші
шоттарға аударылып жазылады, екінші әдәс бойынша негізгі
құралдарды жөндеуден өткізу шығындары өнімнің өзіндік құнына
(тауарлар,жұмыстар,қызметтер) және кезеңдік шығындар құрамына
тікелей жазылады.
Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындары резервінің қалдық
самасы,осы есепті кезеңнен келесі есепті кезеңге көшіру нәтижесінде
жалпы шығындар сомасын көбейтіп, осы жылдағы таза табыс сомасы, басқада
жылдардағы жасалған резерв сомасының есебінен азайатындығын білген жөн.

Материалдық емес активтер және бұлардың амортизациясы.
Метериалдық емес активтер және бұларды пайдалану мерзімі нақтылы
объектілер бойынша тиісті нормативтік құжаттар мен осы объектілер
мазмұнын жетік білетін мамандардың қатысуымен анықталады. Егер
материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін нақтылы анықтау
мүмкіндік болмаған жағдайда тиісті нормативтік құжаттарға сай 10 жыл
мерзім белгіленеді. Материалдық емес объектілер өрісін амортизация
есептеу екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады:
- түзу сызықты бір қалыпты
- өндірілген өнімдер көлеміне пропорционалды түрде амортизация
есептеу әдіс.
Инвестицияларды бағалау әдістері мен есебі.
Бұл тарау бойынша есеп саясатын жасау үшін инвестиіцияларды бағалау:
1. Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау үшін инвестицияларды
ағымды құнымен бағалау құнды қағаздар нарығының бағасына сай тұрақты
түрде инвестициялар құнын балансты реттеп отыруға негізделген.
Баланс бойынша қысқа мерзімді инвестициялар құнын реттеу кезеңінде
ұйымдардың табысы мен шығындар көлеміне әсер етеді. Инвестицияларды
сатып алу және ағымдағы құнынан ең төменгі бағамен бағалау зиянды
тіркеуге негізделген. Ал құнды қағаздар курсының жоғарылауы
нәтижесінде түскен табыс есепке алынбайды. Мұндай табыс инвестициялар
сату кезінде ағымдағы құнның сатып алу құнынан артық болған жағдайда
ғана шығындар мен табыстардың өзгеруіне әсер етеді.
2. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау әдісі, бұларды сатып
алу бағасымен және сату мен ағымдағы құнның ең төменгі дәрежесімен
бағаланады. Инвестицияларды қайта бағалау әдісі мен бағалау ксепте
тұрған инвестициялар құнын ағымдағы құнға келтіру мақөсатында әр
кезеңде құны өзгеріске түскен жекелеген инвестициялық объектілер
бойынша бағалау жүргізуге негізделген.
Тауарлы – материалдық қорларды бағалау әдістері
Іс-тәжірибеде қолданылып келе бухгалтерлік есеп ережелері мен
принциптеріне қарай ұцымдар, тауарлық-материалдық құндылыұтарды
бағалауына және қайта бағалауына екі әдістерді қолдануына болады.
Қорларды орташа өлшенген құнмен, ФИФО әдістерімен бағаланады.
Қорларды орташа өлшенген құнымен бағалау құндылықтардың орта
бағасын есептеу арқылы сатуға түскен немесе сатуға түсетін
құндылықтардың құны шығарылады. Орта құнмен бағалау барлық
құндылықтар құнын, бұлардың санына бөлу әдісімен шығарылады. Фифо
әдісі бойынша тауарлы-материалдық құндылықтардың бірінші тобының
түскені бірінші сатылады немесе бұрында түскен қорлар ерте сатылады.
Сонымен қатар тауарларды бөлшек саудада бағалау үшін есепке алынған
тауарларды,бұларды сатуға дейін нақтылы сатып алуға жұмсалган
шығындар сомасымен есептей тұрады.
Өндірістік шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау.
Өндірістік шығындар және өндірілген өнімдердің өзіндік
құнын калькуляциялау әдістерін таңдап қолдану ұйымдардың технологиялық және
ұйымдық құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Мұндағы әдістер өндірістік
өзіндік құнды қалыптастыру мен калькуляциялау жүйесіндегі сабақтастық
әрекеттерді және қолданбалы принциптерді сипаттауға арналған.
өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
әдістерінің көп тараған әдістеріне:
- Процесстік
- тапсырыстық
- нормативтік әдістер жатады.
өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау үшін төмендегі:
- тікелей есептеу
- коэффициенттік
- аралас
- нормативтік
- шығындарды сомалау әдістерін қолданады
Жанама шығындарды бөліп тарату әдістеріне
- еңбек шығындарына қарай пропорционалды бөлу
- тікелей шығындарға қарай пропорционалды бөлу
- өндірістік жұмысшылардың жұмсалған адам-сағатының санына қарай
пропорционалды бөлу
- бақа да әдістер жатады.
Аяқталмаған өндірісті бағалау әдістеріне
- шығындардың тікелей баптары боынша
- материалды шығындар құны бойынша
- өндірістік өзіндік құнының нормативтік сомасы бойынша
- шартты бірлік әдісі бойынша
- басқа да әдістерді қолдануға болады.
Процестік әдіс деп шығындарды бір текті өнімдерге таратып бөлу жүйесін
айтады. Көптеген өндірісті өңдеу процессінің бірнеше баптарына жатқызылған
шығындарды таратуда осы әдіске жатады.
Тапсырыстық әдіс деп технологиялық мақсатқа жұмсалған мтериалдар,
өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы және өндірістік шығындарды нақтылы
өндірілген өнімдер сомасы мен теңестіруді айтады.
Нормативтік әдіс деп жұмсалған шығындарды жіберілген материалдарды
жоспарлау және нормалау жұмыстарын айтады. Нормалар негізінде шығындар
жоспатлау ұйымдардың алға қойған мақсатын шешуге әсер етеді.
Жартылай фабрикатты әдіспен өндірілген өнімнің бір өлшемін калькуляциялау
арқылы аяқталмаған өнімдердің бағасы әрбір өнім өндіру баптар бойынша
шығарылады. Жартылай фабрикатты әдіс бойынша өнім өндіруге әрбір өңдеу
баптары бойынша жартылай фабрикаттардың сандық өлшемін щығаруға болады.
өндірілген өнімдердің бір өлшемін калькуляциялау әдістері өнімнің өзіндік
құнын есептеу әдістемесін қолдану арқылы ажыратылады. Әрбір калькуляциялау
әдісі өнімнің бір өлшемінің бағасын есептеп шығару жолының күрделігіне және
алынған нәтиженің нақтылық дәрежесіне байланысты.
Өндірілген өнімнің бір өлшемін тікелей есептец әдісі арқылы шығару үшін
жұмсалған шығындарды өндірілген өнімнің натурал санына бөледі.
Коэффициенттік әдіс бойынша өндірілген өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын
шығару үшін арнайы коэффициенттер мен бөліп тарту жөніндегі базалық
есмептеу қолданылады.
Аралас әдіс нормативтік калькуляция есептеу және нормадан ауытқудың
айырма есебін шығаруға негізделген.
Шығындарды сомалау әдісі арқылы өндірілген өнімншң өзіндік құнын шығару
үшін жекелеген калькуляциялық нәтижелердің сомаларын деталдау,узелдеу,
стадиялау бойынша анықтайды.
Жанама шығындар бөліп тарату әдісі есептелген калькуляциялардың нақтылығын
және бөлінетін жанама шығындардың калькуляциялау объектілеріне тікелей
жақын байланысыт екендігін қамтамасыз етуге арналған. Жанама шығындарды
нақты және дұрыс тарату үшін, бөліп таратудың алғашқы базасы қабылданады.
Сондай-ақ қабылданған тарату базасы өндірістік үрдістің типіне және
шығарылатын өнімдердің түрлеріне байланысты болаы.
Аяқталмаған өндіріс көлемін бағалау әдісін қолдану арқылы өндірістік типті,
есеп жүргізу әрекеттерінің жеңіл жолдарын, еңбек шығындарын қысқарту және
оперативтік жедел ақпараттар алуға, сондайөақ жалпы жұмсалған шығындар
көлеміндегі аяқталмаған өндірістің дәрежесі мен көлемін анықтауға болады.
Жоғарыда айтылған өндірістік шығындарды өз объектілеріне қарай бөліп тарату
және өндірілген өнімдердің бір өлшемінің калькуляциясын шығару жөніндегі
қолданбалы әр түрлі әдістер есеп саясатын қалыптастыру үрдісін жасау үшін
таңдалып анықталады.
Алашақтар мен берешектер қарыздарының есебі
Есептің осы объектілеріне төмендегі ерекше әдістер қолданылуы мүмкін:
- күмәнді қарыздар резервін қалыптасу әдісі;
- сату, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлеміне қарай есеп;
- шоттар төлеудің төлеу мерзімі бойынша есеп айырысудың пайыздық әдісі.
Сату, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлеміне қарай пайыздық әдіс,
негізінен берешекткердің өткен кезеңдеріндегі қарыздарын және сенімсіз
қарыздардың үлес салмағын анықтап, талдау арқылы шығарылады. Өткен жылдарда
орын алған жағдайлардан туындаған қарыздар сомасын талдаудың нәтижесінде
есепті осы бойынша күмәнді қарыздар резерві жасалынады. Шоттарды төлеудің
төлеу мерзімі бойынша есеп айырысу үшін күмәнді қарыздардың болашақтағы
болжамды пайызы есептелініп, қарыз сомаларының түрлерін топтастыруға
болады, классификациялық және жекелеген берешектер мен алашақтар
категорияларына жатқызып, қарыздарды төлеу дәрежесі анықталады.

Еңбек ақы төлекдің есебі.
Есептің осы объектісі бойынша еңбек ақы төлеудің түрлері мен жүйесі,
есептелген еңбек ақымен есеп айырысудың әдісі, еңбекті ұйымдастырудың
жолдары мен түрлері еңбек жағдайынан туындайтын ауытқушылық факторлары,
тоқтап қалу, және өндірістік ақау болдырмау шаралары, сыйақы төлеу, қосымша
еңбек ақы есептеудің тәртібі, жеңілдік сағаттар, еңбек демалысы бойынша
есеп айырысу, еңбек уақытынан артық кеткен уақытқа еңбек ақы есептеу,
жәрдем ақы т.б. факторлар көрсетіліп, есеп саясатының осы объектіге тән
әдістері таңдалады.
Сонымен қатар еңбек ақы есебін шоттар мне субшоттар жүргізу, қолданбалы
жұмысшы шоттар тізімі, еңбек демалысына ақы төлеу резервін жасау және еңбек
ақы бойынша есеп айырысу құжаттарын сақтау т.б. шаралар есеп саясатында
көрсетілуі керек.
Ақшаның есебі
Ақшаның есебін жүргізуді төмендегідей әдістері бойынша қолданылады:
- кассалық операцияларды жүргізудің тәртібі:
- шетелдік валюта түріндегі ақшалар еғсебін жүргізудің тәртібі:
- дүкендерге ақша есебін жүргізу:
- дербес баланс жасамайтын сату орындарындағы:
- филиалдардағы ақша қозғалысының есебін жүргізу тәртібі:
- кассадағы қалдық ақшаны түгендеу мерзімі,мұның әдістері есеп
саясатына жазылады.
Табыстар мен шығыстар
Бухгалтерлік есептің осы объектілері: алдағы кезеңде негізгі қызметтен
түсетін табыстар және негізгі қызметке жатпайтын қызметтен түсетін
табыстардың көлемі көрсетіледі. Шоттар жұмыс жоспарындағы табыстар мен
шығыстар есебін жүргізудің тәртібі, сондай-ақ жалпы және әкімшілік
шығындарының құрамы мен бұлардың жекелеген баптары, дайын өнімдерін сату
жөніндегі шығындардың құрамы мен баптарын қамтиды.
Оңтустік Жарық Транзит жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есеп
жүргізу саясатын қалыптастыру.
Есеп жүргізу саясатын қалыптастыру және пайдалану кезінде есеп
жүргізудің мынандай қағидаттарын ұстану керек:
1. Есептеу.
Кірістер мен шығыстар бухгалтерлік есепте қабылдаады және олардың
түсуіне немесе пайда болуына қарай (ақша қаражатының алынуы немесе
төленуі негізінде емес) қаржы есептерінде көрсетіледі.
2. Толассыз қызмет.
Субъект толассыз жұмыс істейтін, яғни таяу болашақта жұмыс істей
беретін субъек ретінде қарастырылады. Оның қызметін тоқтату немесе
оның көлемін едәуір мөлшерде қысқарту пиғылы да, оның қажеттігі де
жоқ деп болжам жасалады.
3. Түсініктілік.
Қаржы есептерінде беріліп отырған ақпарат оны пайдаланушыларға
түсінікті болуы тиіс.
4. Мәнділік,
Қаржы ақпараты оны пайдаланушылар шешімдер қабылдау барысында олардың
қажеттерін қанағаттандыру үшін елеулі болуы және шаруашылық
қызметінің оқиғаларына баға беруде оларға көмектесуі тиіс.
5. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның айналым капиталын жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару
Дистрибуциядағы қорларды басқару
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
МАҚТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ - АҚША АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстанның мен Қытай арасында халықаралық транзиттік тасымалдар мәселелерінің заңдылықтары
Мұнай мен газ өндіру саласында
Компанияның ақша айналымын басқару
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Пәндер