Адам даму индексі және оның негізгі көрсеткіштері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Адам даму индексі және оның негізгі көрсеткіштері.

Орындаған: Ілиясова Ж. Д

Тексерген: Кушуков Г. С.

Тобы: ГУ - 307

Семей, 2015

Жоспар:

1. Адам даму индексі.

2. Адам дамуының көрсеткіштері.

3. Адам дамуының базалық көрсеткіштері.

а) Білімділікті сипаттайтын көрсеткіштер.

ә) Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер.

б) Тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер.

4. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Адам даму индексі.

Адам Даму Индексу ( АДИ ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттерді салыстыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму дамымағандығы өлшенеді. Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді дамыған, дамушы

және дамымаған болып бөледі.

АДИ адамның өмір ұзақтығын, білімін, әріп тану және адам басына шаққандағы ЖІӨ өлшемдерін біріктіреді. Индекс адамның жалпы даму деңгейін көрсетеді. БҰҰ Даму Бағдарламасы АДИ-дың даму деңгейін адамдардың таңдау қыбілеті, білім алу мүмкіншіліктері, денсаулық сақтауға арналған, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке алатын үрдіс деп атайды.

АДИ үш басты қағидалардан тұрады:

  • Өмір ұзақтығы - Халық денсаулығы мен ұзқтығын өлшейді
  • Білім деңгейі мен білім бері жүйесі
  • Өмір сүру стандарты, адам басына шаққандағы ЖІӨ өлшенеді.

2. Адам дамуының көрсеткіштері.

Адам өмірінің барлық құбылыстарында адамдарды анағұрлым кең таңдаумен қамтамасыздандыру үдерісі ретінде адам дамуына анықтама беру статистикалық көрсеткіштердің жан-жақты және көп тармақты жүйесін белгілейді, жүйе сол үдерісті бағалау мен талдауға мүмкіндік туғызады.

Адам дамуын көрсететін статистикалық көрсеткіштердің жалпы жіктелімі үш топ арқылы ұсынылуы мүмкін.

Адам дамуының көрсеткіштері

Адам дамуына интегралды баға беретіндер: Адам дамуына интегралды баға беретіндер
адам дамуы индексі (АДИ)гендерлік факторды есептегендегі даму индексі (ГФДИ)әйел мүмкіндіктерін кеңейту (ұлғайту) көрсеткіші (ӘМКК)халықтың жоқшылық индексі (ХЖИ-1 және ХЖИ-2):
  • адам дамуы индексі (АДИ)
  • гендерлік факторды есептегендегі даму индексі (ГФДИ)
  • әйел мүмкіндіктерін кеңейту (ұлғайту) көрсеткіші (ӘМКК)
  • халықтың жоқшылық индексі (ХЖИ-1 және ХЖИ-2)
Адам дамуына интегралды баға беретіндер: Адам дамуына интегралды баға берудің негізгі құраушыларын сипаттайтындар
адам дамуы индексі (АДИ)гендерлік факторды есептегендегі даму индексі (ГФДИ)әйел мүмкіндіктерін кеңейту (ұлғайту) көрсеткіші (ӘМКК)халықтың жоқшылық индексі (ХЖИ-1 және ХЖИ-2):
  • туған кездегі болжалды өмір ұзақтығын; халықтың өлім-жітімін; халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесін сипаттайтындар;
  • халықтың білім деңгейі мен білім жүйесіне сипаттама беретіндер;
  • өндірісті, халықтың жан басына шаққандағы табыстарды бөлу мен пайдалануды, табыстардағы теңсіздіктерді, табыстар бойынша кедейлікті сипаттайтындар.
Адам дамуына интегралды баға беретіндер: Адам дамуының өзге аспекттерін сипаттайтындар
адам дамуы индексі (АДИ)гендерлік факторды есептегендегі даму индексі (ГФДИ)әйел мүмкіндіктерін кеңейту (ұлғайту) көрсеткіші (ӘМКК)халықтың жоқшылық индексі (ХЖИ-1 және ХЖИ-2):
  • демографиялық дамуды;
  • ебек ресурстарын, жұмыспен қамтылуды, жұмыссыздықты, әлеуметтік көмекті;
  • әлеуметтік инфрақұрылымның ахуалын (жай-күйін) ;
  • тұрғын үй мен коммуникацияларды сипаттайтын;
  • қоғамдық еркіндіктерді: сөз, іс-әрекеттер, саяси үдерістерге қатысу бостандығын;
  • кенттендіру, табиғи ресурстарды пайдаланумен энергия тұтыну үдерістерін;
  • қоршаған ортаны пайдалануды, оның ықпалы мен қорғалуын;
  • әлеуметтік саладағы инвестицияларды, көмек ағындарын, ресурстардың түсімдерін, сәйкессіздіктерді;
  • адам дамуы көзқарасы тұрғысынан ұлттық шоттарды.

Гендерлік факторды (ГФДИ) ескере отырып АДИ

Гендерлік факторды (ГФДИ) ескере отырып адам дамуының индексінде АДИ-дегідей көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың арасындағы айырмашылық мынада, ГФДИ шеңберінде әрбір ел үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы, білім алу мен табыстың қол жеткізілген деңгейі саласындағы көрсеткіштердің орташа мәні ерлер мен әйелдердің жетістіктерінің деңгейі арасындағы алшақтық шамасына сәйкес түзетіледі. Жыныстардың жағдайындағы айырмашылыққа осы түзетуді жүзеге асыру үшін, мән аз болған сайын соншалықты мән аз қабылдайтын байыпты орташа функция қасиетіне негізделген безбендеу (орташаның мажорлылық ережесі) формуласы пайдаланылады.

Гендерлік бөліктегі табыс индексінің есебі неғұрлым күрделі сипатта болады. Елде өндірілген табыс ерлер мен әйелдердің арасында олардың алатын жалақысының үлесіне үйлесімді бөлінетіні алдын ала ескеріледі. Табылған табыстағы әйелдер мен ерлердің үлесін есептеу кезінде деректердің екі түрі: әйелдердің орташа жалақысының ерлердің орташа жалақысына қатынасы мен экономикалық белсенді халықтың 15 және ересек жастағы әйелдер мен ерлердің пайыздық үлесі пайдаланылады. Әйелдердің орташа жалақысының ерлердің орташа жалақысына қатынасы туралы деректер болмаған жағдайларда, барлық елдер үшін жалақы туралы мәліметтер бар жалақы көрсеткіштерінің безбенделген орташа қатынасы 75 пайыз мөлшерінде пайдаланылады.

Гендерлік теңсіздік индексін есепке алумен АДИ (ГТАДИ)

ГФДИ (оның үш индексінің орташа арифметикалық құрамдаушысы) есебі мынаны көрсетеді, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өндірісінің және туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығының көлемі бойынша гендерлік теңсіздік Қазақстанның АДИ-ін соңғы жылдары бар-жоғы төрт-алты мың пунктке төмендетуге алып келеді, бұл басқа елдердің арасында еліміздің адам дамуының деңгейі бойынша бір-екі орынға төмен жылжуымен салыстыруға келеді.

Тұрғындардың қайыршылық (кедейлік) индексі (ТҚИ, ТКИ)

Жекелеген елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты халықтың кедейлігінің

көрсеткішінің индексінде әртүрлі іріктелуі жүзеге асырылуы мүмкін. Дамушы елдерге (ТҚИ-1) ұсынылған 1997 жылғы Адамның дамуы туралы дүниежүзілік баяндамада ТҚИ-да адам өмірінің

барлық үш аспектісі көрсетілген, олар қазірдіңөзінде АДИ-де көрініс тапқан - ұзақ өмір сүру, білім,

өмірдің баламалы деңгейі.

3. Адам дамуының базалық көрсеткіштері.

Адам дамуының базалық көрсеткіштері адам дамуының үш негізгі компонентіне - көп жасау, білімділік және тұрмыс деңгейіне сәйкес келеді. Тұтас алғанда адам дамуының осы компоненттерінің әрқайсысы адамның бірнеше маңызды мүмкіндіктерін қамтиды. Мәселен, көп жасау - ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін білдіреді, білімділік - білім алуды, араласуды, қоғам өміріне қатысуды, тұрмыс деңгейі - лайықты тұрмыс құрып, салауатты өмір сүруге, аумақтық және әлеуметтік икемділік үшін жағдайдың болуына, қоғамөміріне және т. б. қатысу үшін қажетті ресурстарға қол жеткізуді білдіреді.

Адам дамуының осы үш компоненті үшін іс жүзінде әлемнің барлық елдеріне арналған тұрақты есептелетін және салыстырмалы көрсеткіштердің жүйесі ұсынылды. Бұл ретте базалық көрсеткіштердің сандық мәндері адам дамуының белгілі бір аспектісінде таңдау мүмкіндігін кеңейту туралы айтады. Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер. Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіш қызметін атқарады. Ықшамдық үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы туралы жиі айтады. Бұл көрсеткіш халықаралық статистиканың ең көп тараған көрсеткіштерінің бірі болып табылады және «өлім кестесі» деп аталатын шеңберде есептеу барысында анықталады. Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы - ұрпақтың бүкіл өмірінің бойында әрбір жастағы өлім деңгейі оның туған жылындағыдай болып қалатын жағдайдағы ұрпақтың бір адамының алда тұрған орташа өмір сүретін жасының саны.

Көрсеткіш тұтас алғанда екі жыныс үшін де, еркек пен әйел үшін жеке-жеке де есептеледі. Тұрғындардың қайыршылық индексін есептеу кезінде пайдаланылатын және ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндіктерін айыру дәрежесін сипаттайтын белгілі бір жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесінің көрсеткіші осы көрсеткішті толықтырушы болып табылады. Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші даму деңгейі орташа елдер үшін балалардың 5 жасқа дейінгі өлім-жітімі көрсеткішімен, ал жоғары дамыған елдер үшін - ананың өлім-жітімі коэффициентімен толықтырылуы мүмкін.

Білімділікті сипаттайтын көрсеткіштер

Білімділік 15 жастағы және одан жоғары сауатты халықтың үлесімен, сондай-ақ халықтың оқытумен қамтылу көрсеткішімен бағаланады. Сауаттылық - адамның күнделікті өміріне қатысты шағын мәтінді оқу, түсіну және жазу қабілеттілігі. Сауаттылық дамушы елдер үшін білімділіктің ең маңызды көрсеткіші болып табылады, сондықтан АДИ-ді есептеу кезінде оған оқытумен қамту көрсеткішіне қарағанда екі есе көп салмақ қосылады. 1995 жылға дейін адамның дамуы туралы дүниежүзілік баяндамаларда оқыту мен қамту көрсеткішінің орнына 25 жастағы және одан жоғары адамдар үшін есептелетін оқудың орташа ұзақтығы көрсеткіші пайдаланылды. Алайда бұдан былайғы 1995 жылғы адамның дамуы туралы баяндамада нөміріне және т. б. қатысу үшін қажетті ресурстарға қол жеткізуді білдіреді. Адам дамуының осы үш компоненті үшін іс жүзінде әлемнің барлық елдеріне арналған тұрақты есептелетін және салыстырмалы көрсеткіштердің жүйесі ұсынылды. Бұл ретте базалық көрсеткіштердің сандық мәндері адам дамуының белгілі бір аспектісінде таңдау мүмкіндігін кеңейту туралы айтады.

Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер

Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіш қызметін атқарады. Ықшамдық үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы туралы жиі айтады. Бұл көрсеткіш халықаралық статистиканың ең көп тараған көрсеткіштерінің бірі болып табылады және «өлім кестесі» деп аталатын шеңберде есептеу барысында анықталады. Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы - ұрпақтың бүкіл өмірінің бойында әрбір жастағы өлім деңгейі оның туған жылындағыдай болып қалатын жағдайдағы ұрпақтың бір адамының алда тұрған орташа өмір сүретін жасының саны. Көрсеткіш тұтас алғанда екі жыныс үшін де, еркек пен әйел үшін жеке-жеке де есептеледі. Тұрғындардың қайыршылық индексін есептеу кезінде пайдаланылатын және ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндіктерін айыру дәрежесін сипаттайтын белгілі бір жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесінің көрсеткіші осы көрсеткішті толықтырушы болып табылады. Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші даму деңгейі орташа елдер үшін балалардың 5 жасқа дейінгі өлім-жітімі көрсеткішімен, ал жоғары дамыған елдер үшін - ананың өлім-жітімі коэффициентімен толықтырылуы мүмкін.

Тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам даму индексі және оның негізгі көрсеткіштері. Адам потенциал индексінің көрсеткіштері
Адам даму индексі Алматы облысы мысалында
Адам дамуы тұжырымдамасының қалыптасуы және дамуы
Кедейшілік – әлеуметтік-экономикалық құбылыс
Адамзат дамуының Қазақстандағы ерекшеліктері
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талдау
Кәсіпорында еңбек өнімділігінің өсу резервтері
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Əлеуметтік статистика индикаторы
Кедейшілік пен қайырымдылық проблемасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz