Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі жайлы мәлімет


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетті

ПӘН:Психогенетика

СӨЖ

Тақырыбы: Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі

Орындаған:Дуйсенова Е. Х

Группа:ПХ-415

Тексерген: Абдуллина Г. К

СЕМЕЙ 2015

Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі

Жоспар:

1. Егіздер әдісі- . . .

2. Психогенетика- . . .

3. Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі немесе әдісі

4. Қорытынды:

«Әрбір адамзат баласын туғанынан бастап қоршаған орта табиғаты қоршап тұрады, сол табиғаттан, оның сұлулығынан және әуенінен әрбір адамда өзіндік сезімі мен ойлары қалыптасады . . . Табиғаттың құпия сырларының өзі қанша- ма». Осындай табиғаттың құпия сырларының бірі - егіздер.
Егіз балаларды зерттеу жұмыстары ерте заманнан бері бар, оларға барлық уақытта да қызығушылықпен, таң қалушылықпен қараған. Ең алдымен халық ауыз әдебиеттерінде әр түрлі жанрда- миф, ертегі, қиса-жырға, ән, балладаларға қосып айтқан. Бұдан әрі салт-дәстүрде, өнерде, әдеби кітаптардан, поэзиядан көрініс тапты. Шешімін таппаған сұрақтар төңірегінде ғалымдар жұмыс жүр-
гізу нәтижесінде егіздер туралы ғылым біртіндеп жақындай берді.
Ортамызда ерекше адамдар бар. Олар егіздер, үшемдер, төртемдер, тағы басқалар . . . Бізге бәрі де қызық. Өйткені өмірде мұндай оқиғалар ара-тұра кездесіп тұрады. Өмірге бірден екі, үш, төрт нәрестені өмірге алып келген аналарға бас иеміз. Оны жаратушы иеміздің құдіреті дейміз. Қашаннан бір қозы туса қуанышқа бөленетін қазақ емеспіз бе?Жарық дүниенің есігін ашқан әрбір шаранаға қуанамыз. «Әр баланың өз несібесі бар» деп шүкіршілік ететін де біздің қазақ. Қуаныштысы, соңғы жылдарда елімізде егіздер мен үшемдер саны көбейіп келеді. Кезінде саны кеміп қалған ұлтымыздың санын арттыруда оның маңызы ерекше. Дегенмен осы тұрғыда бір сәт ойланып көрдік пе? Айталық, елімізде егіздер саны қанша? Үшемдер, төртемдер санын да дөп басып айта алмаймыз. Ол туралы нақты деректер жоқтың қасы. Еліміздегі егіздер туралы деректерді ақпарат құралдары арқылы іздестіріп көрдік, қолға нақты мәліметтер іліге қоймады. Сосын жаһандық желі арқылы жұмыр жердегі егіздер мен үшем, төртемдер мәселесін қарастырдық. Біраз бар екен. Ал қазақша мүлдем жоқ. Ұлан байтақ далада бар-жоғы 16 млн халық тұратын Қазақстан үшін демография мәселесіне селқос қарағандық байқалады.
Соңғы деректер бойынша әлемде 70-80 млн егіз жұптары бар Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде алғашқы елулікке енеді екен.
Соңғы деректерде 28 орынды иеленеді делінген. Көш басында Африка құрлығындағы Нигерия тұр. Онда әрбір 22 адамға бір егізден келеді екен. Жер шарындағы жұрттың төрттен бір бөлігін құрайтын Қытай соңғы орындарды місе тұтады. Онда 250 қытайға бір егізден келеді. Бір-біріне 100 пайыз ұқсас егіздерді қазіргі заманның дамыған ғылыми-техникалық жетістіктерге көшуінде дүниеге әкелу мүмкін емес. 60 жылдармен салыстырғанда қазір егіздердің туылуы 2, 5 есеге артқан. Төменгі сызбада әртүрлі ұлт өкілдерінің аналар тобы мен егіздердің туу жиілігі көрсетілгенАдам генетикасы адам популяциясындағы өзгерістер мен тұқым қуалаушылықта кездесетін жағдайларды, қалыпты және қолайсыз жағдайлардың тұқым қуалау ерекшеліктерін, бірқатар аурулардың тұқым қуалаушылықпен байланыстылығын және қоршаған орта жағдайларын зерт-тейді. Дәрігерлік генетиканың міндеті тұқым қулайтын ауруларды анықтау және олардың алдын алу.

11111111.jpg 000000000.jpg

Адам генетикасы қазіргі медицинаның маңызды теориялық негізіне жатады. Дәрігерлік генетиканың негізін қалаушының бірі, атақты Украин невропотологы С. Н. Давиденков (1880-1961), бірінші болып клиникада бірнеше тұқым қуалайтын ауруларды генетика идеяларына сүйене отырып зерттеген және медикалық-генетикалық консультацияны іс жүзінде қолдануды ұсынған. Адам генетикасын зерттеу бірқатар қиындықтармен байланысты, Мысалы: адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы, ұрпақтардың алмасу мерзімінің ұзақтығы, әр туғанда бір ғана баланың туылумен әр ұрпақтағы балалар санының аздығы, адам кариотипінің күрделілігі және тіркесімді топтар санының көптігі. Дегенмен, адам генетикасы ойдағыдай жақсы дамуда. Адам генетикасын зерттеуде

қолданылатын әдістерге: генеологиялық (жанұялық), егіздік, популяциялық-статистикалық, дерматоглификалық, биохимиялық, цитогенетикалық, соматикалық жасуша-ларды будандастыру және модельдеу жатады.

Егіздер эдісі Равич-Щербоның пікірі бойынша психогенетика ғылымының негізі болып табылады. XX ғасырдың басында Э. Трондайк 15 жұп егіздерді салыстырған. Ал 1924 жылы П. Мерриман егіздер жайлы өзінің психогенетикалық зерттеулерінде жариялаған. Ол 5-9 жасқа дейінгі және 10-16 жастағы егіздер де (0, 87) әр жыныстыларға қарағанда (0, 50) ұқсастықтар жоғары екенің анықтаған. Бір жынысты «дупликатты» (монозиго-талы) егіздерді физикалық ұқсастықтары жоғары және орташа деп екіге бөлген. ¥қсастықтары, жоғары үйлесімдігі 0, 99-ға тең. Г. Сименс монозиготалы және дизиготалы егіздерді зерттеуді алғаш ұсынған.

0000000001.jpg

Әлем ғалымдарының санағына қарағанда, соңғы ғасырларда егіздердің өмірге келуі тым сиреп кеткен. Есеп бойынша өмір есігін ашып жатқан барлық балалардың тек бір пайызы ғана егіздер санатына жатады екен. Ал үш немесе одан да көп бала туу одан да сирек кездесетін құбылысқа айналған. 1930 жылы Грейлих деген дәрігер ғалым дүние жүзі бойынша бірден көп бала тапқан әйелдерді есепке ала бастайды. Оның есебі бойынша бірінші орынды Да­ния, одан кейін Швеция, Голландия, Польша иемденген. Ал ең соңғы орында Бразилия, Прагавай, Колумбия елдері. Сол заманның өзінде бірден көп баланы өмірге әкелу жөніндегі құбылысты ғалымдар ерекше назарда ұстап отырған. Зерттеуші ғалымдардың пікірінше егіз баланың өмірге келуі көбіне тұқым қуалаушылықгың әсерінен болады. Өмірге келген егіздердің барлығының арғы аталарының бірі егіздің сыңары болғандығы анықталған. Ал енді көп баланы бір жолда өмірге әкелудің құпиясын ғалымдар осы күнге дейін дөп басып айта алмай келеді. Атақты Аристотельдің өзі ғылыми еңбектерінде 4 рет 5 баладан тауып, 20 баланың анасы атанған бір әйелді мысалға келтіреді.

Егіздер деп бір мезгілде екі немесе екіден көп туылған балаларды айтады. Егіздер әдісі ертеден қолданылып келеді. Алғаш рет бұл әдісті адам генетикасында қолданған ағылшын антропологі Ф. Гальтон болды және егіздерді екі топқа бөлді: бір жұмыртқадан (МЗ - монозиготалы) және екі жұмыртқадан (ДЗ-дизиготалы) дамыған егіздер. Егіздерді пайда болуына қарай екі топқа бөледі. Бір жұмыртқалы егіздер (БЕ) және әртүрлі жұмыртқалы егіздер (ӘЕ) . Бір жұмыртқалы егіздер бір сперматозоид ұрықтандырған жұмыртқа жасушасының (бластуланың) теңдей екі бөлікке бөлінуінен дамиды. Әртүрлі жұмыртқалы егіздер бір уақытта пісіп-жетілген екі жұмыртқа жасушасының екі сперматозоидтен ұрықтануынан пайда бо-лады. Сондықтан бір жұмыртқалы егіздердің генотипі біркелкі, барлық белгілері ұқсас, міндетті түрде бір жынысты (не ұл, не қыз) болады. Әртүрлі жұмыртқалы егіздердің генотипі әр түрлі, бір жынысты немесе екі жынысты болуы мүмкін. Адамдарда егіздердің туудың жиілігі орташа есеппен алғанда, 1% шамасында болады, олардың 1/3 бір жұмыртқалы егіздер. Әртүрлі жұмыртқалы егіздер бір қатар белгілері бойынша бір-біріне ұқсас болмайды (мысалы, қан топтары, бетте секпілдің болуы.

Қазір бұл әдісті көптеген генетикалық зерттеулерде кеңінен қолданады. Егіздер әдісін адамның тұқым қуалаушылық қасиеті мен сыртқы орта жағдайын, белгілердің дамуындағы айырмашылықтарды зерттеу үшін пайдаланады. Организмдердің барлық белгілері мен қасиеттері екі фактордың (генотип пен ортаның) әсерінен қалыптасады. Мұны мына үлгіден көруге бо­лады. Бір жұмыртқалы егіздер арасында пайда болған айырмашылықтарға генотиптің әртүрлілігі емес, ортаның физикалық және химиялық факторларымен қатар, әлеуметтік жағдайлардың да әсері болады. Осыған байланысты егіздер арасында өте сирек кездесетін «сиам егіздері» деген атпен кемтар егіздер туады, 65-85 мың жаңа туған нәрестеге біреуі кездеседі.

Егіздер мәселесі әртүрлі елдерде тәрбиеленген егіздердің ішкі жұптық сәйкестерін бағалауға негізделген. Ең көп бағаланатын егіздер жұбы өмірлерінің алғашқы айларында немесе жылдарында бір-бірінен айырылған, екі генетикалық бірдей адамдар әр түрлі жағдайдағы ортада өседі. Сол кезде олардың ұқсастықтары тұрақталса ортаның ұқсастығымен түсіндіріледі; ал алынған түзетулер тұқымқуалаушылықтың белгілері болып саналады.

Ең бірінші бір-бірінен бөлек тәрбиеленген әйел жұптарын П. Попенье мен Х. Мюлер зерттелген. Зерттеуге алынған әйелдердің орта білім алуында айырмашылықтар болған және интеллект бойынша бағалары жақын болған (бір балл айырмашылығымен) . Х. Мюлер осы эксприменттік моделдің мәнін бірінші бағалаған. Бөлек тәрбиеленген егіздерді бақылау арқылы ақыл-ойдың ерекшелік белгілері тұқым қуалаушылыққа тәуелденбейді және ортаның ықпалын мойындаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі жайлы
Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі жайында
Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі
Тұкым қуалаушылық. Генетика
Эмперикалық әдістер
Психогенетиканың қалыптасып дамуы туралы ақпарат
Психогенетика
Жас мәселесі және психикалық дамудың заңдылықтары
Психология ғылымы туралы
Адамдағы доминантты және рецесивті белгілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz