1С Бухгалтерия бағдарламасы туралы ақпарат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Cемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: «1С: Бухгалтерия» бағдарламасы

Орындаған: Қайролла Е. Д.

Топ: ФН-305

Тексерген: Искакова М. С.

Семей 2015 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе;
  2. Негізгі бөлім:«1С: Бухгалтерия» бағдарлама құрылымы және жұмыс істеу принциптері«1С: Бухгалтерия» жүйесіндегі шоттарКонстанталарды енгізу
  3. Қорытынды.

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта бухгалтерлік есеп - бұл негізінен прогрессивтік құралдардың көмегімен және бухгалтерлік программалар негізінде жұзеге асатын компьютерлік есеп. Бухгалтерлік программа адамзат қызметі саласының кәсіби функцияларын автоматтандыру үшін жеткілікті күрделі құрал болып табылады.

Кез-келген кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті автоматтандыру ондағы бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді құруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезеңде бухгалтерлік ақпараттық жүйелер кәсіпорынның ішінде жазылмай, көбінесе сырттай сатып алынады. Бірақ дайын бухгалтерлік программалар кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін ескеруі мүмкін емес.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің құрылымы иілгіш және ашық болуы тиіс, яғни, жүйелердегі қажетті тұзетулерді енгізу мүмкіндігі жоғары болуы керек. Бухгалтерлік ақпараттық жүйені таңдау көп факторларға байланысты: меншік формасына, кәсіпорынның көлеміне және т. б Есеп мәліметтерін өңдеудің аса тиімді формасы- автоматтандырылған жұмыс орнын Ұйымдастыру. Олар иілгіш және сенімді бухгалтерлік жүйелерді құрып, ақпараттық ресурстарға деген қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Автоматтандырылған бухгалтерлік есепті жүргізуде арналған ақпараттық жүйелерді шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болады:

1. Мини жүйелер;

2. Кіші және орта кәсіпорындарға арналған әмбебап жүйелері;

3. Ірі кәсіпорындарға арналған кешенді жүйелер.

Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде енгізе алады.

Жүйенің негізгі мүмкіндіктері

− банк және касса есебі

− негізгі құралдар және материалдық емес активтердің есебі

− тауарлар есебі, өнімді өндіру және қызмет көрсету

− валюталық операциялар есебі

− ұйымдар мен алашақтармен, берешектермен, есеп беруші тұлғалармен өзара есеп айырысу есебі

− еңбекақы бойынша есеп айырысу

− бюджетпен есеп айырысу

− есептің басқа бөлігі.

2. 1 «1С: Бухгалтерия» программа құрылымы және жұмыс істеу принциптері

1С: Бухгалтерия бухгалтерлік есепті автоматты тұрде жүргізу үшін әмбебап жүйе болып табылады. Бұл программа тұрлі есеп жүйелерін, әр тұрлі әдістемелік есепті жұргізе алады. Сонымен бірге тұрлі кәсіпорындарда қолданылады.

1С: бухгалтерияның иілгіштігі және ыңғайлығы оның қарапайым бухгалтердің құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге 1С: Бухгалтерия бастапқы құжаттарды енгізуден бастап, есеп беруді Ұйымдастыруға дейін толығымен есепті автоматтандырады. 1С: бухгалтерия жүйесі бухгалтерлік есептің кез-келген бөлімін жүргізу үшін қолдануы мүмкін:

  • кассалық және банк операциялары бойынша есебі;
  • негізгі құралдармен материалдық емес активтердің есебі;
  • ТМІ
  • өндірілген өнім, қызметтермен тауарлардың есебі;
  • валюталық операциялардың есебі;
  • Ұйымдармен, дебиторлармен кредиторлар және тұлғалармен өзара есеп айырысу есебі;
  • еңбек ақы бойынша есеп айырысу;
  • бюджетпен есеп айырысу;
  • есептің басқада бөлімдері.

1С:Бухгалтериясына ақпаратты енгізу, әр түрлі дәрежеде ұйымдастырылып, автоматтандырылуы мүмкін:

  • операцияларды енгізу режимі;
  • типтік операциялар режимі;
  • құжаттар бойынша операцияларды автоматты тұрде енгізу режимі.

1С:Бухгалтерия жүйесінің негізгі ерекшелігі оның (конфигурациясы) түрлендіруі болып табылады. 1С: Бухгалтерия жүйесі әр тұрлі обьектер үшін арналған механизммен сәйкес жүргізіледі. Нақтылай алынған обьектілерді, ақпарат жиынтығының құрылымы, ақпаратты өңдеу алгоритмнің барлығын конфигурация анықтайды.

Конфигурациямен бірге 1С: Бухгалтерия жүйесі есептер класымен тұрлі кәсіпорынды анықтауына бағыт беретін қолдануға дайыни программа болып табылады. Конфигурация штаттық құралдар жүйесімен беріліп және “1С:” фирмасымен жабдықталады.

1С:Бухгалтерия жүйесінің жинақталған құрылымы бар. Есепті шығару автоматизациясы үшін бұл жүйе базалық болып табылады.

Компоненттер -мүмкіндігінше қызмет жүйесін анықтайды.

1С:Бухгалтерия жүйесінің үш негізгі компоненттері бар: “Бухгалтерлік есеп”, ”Оперативті есеп”, ”Есеп айырысу”. Әрбір компонент өзінің мүмкіндік жүйесі арқылы ақпаратты өңдеу механизммен кеңейтеді .

Кәсіпорынның есебінде болып жатқан шаруашылық операцияларын “Бухгалтерлік есеп” компонентіне көрсетеді. “Бухгалтерлік есеп” компоненті, көп тұрлі және көп дењгейлі аналитикалық есеп, сандық есеп және валюталық есепті, бірнеше шот жоспарды, бір мезгілде қатарласып шаруашылық операцияларын жұргізеді. “ Оперативті есеп” компоненті ақшалай қаржылардың қозғалысының оперативті есепті автоматтандыру үшін арналған. “Оперативті есеп“ компоненты кәсіпорынныњ тауарларының, материалдардың, ақшалай және басқада құралдардың қалдықтары туралы ақпаратының қозғалысы мен нақтылығын тіркеуге мүмкіндік береді.

Көрсетілген компоненттің ең бастысы - сауда және қоймадағы операцияларды автоматтандыруы үшін қолданады.

“Есеп айырысу“ компоненті күрделі кезекте есеп айырысуын автоматтандыруы үшін арналған.

1С: бухгалтерия жүйесінің қызмет барысы екіге бөлінеді:

  • конфигурациялау
  • есеп айырысуды орындау.

Конфигуратор тәртібі, өңдеушіге автоматтандыру жүйесінің жиынтығын қалпына келтіріп, және оларды арнайы мәліметтер базасында есте сақтайды.

Программа кәсіптік және көмекші қызметтерін іске асырады. Керекті қызметті таңдау үшін, керекті мәзір нүктесін таңдау жолы арқылы іске асырады. 1С Бухгалтерия программасындағы мәзір көп деңгейлі болып табылады.

Бірінші деңгей -“Басты мәзір” бұл топтың аталу тәртібінің тізімін көрсетеді:”Операциялар”, “Сервис”, “Есеп беру, ” “Терезелер”, “Көмек алу”.

Басты мәзірден таңдап алынған режимнен кейін экранға тәуелді мәзір шығады. Программа мен жұмыс істеудің түрлі кезеңдерінде операциялар жиынтығы тұрлі болуы мүмкін. Жұмыс тұріне байланысты, тәуелді мәзір әртүрлі мүмкін болатын іс әрекеттерді қамтуы мүмкін. Тәуелді мәзір қатары көмескі шрифтпен жазылуы мүмкін - бұл деген орындалып жатқан іс шаралары қазіргі уақытта мәнсіз болып табылады.

Мәзір жұмыс тәртібін қарастыра отырып, (F1) көмек арқылы, журнал операциясын, шот жоспарын, валюталық және сандық есебі туралы түсініктер алуға болады .

“Құжаттар мен есеп айырысулар “ нүктесінде тәуелді мәзір тәртібінен “Операциялар” бойынша журнал операциясы пайда болатын бастапқы құжаттар тізімі жүргізіледі. Мысалы: ”Төлем тапсырысың” “шығыс кассалық ордер“ және т. б. Операцияларды алып тастау тәртібін журналды ретке келтіру үшін қолдануға болады.

Бас мәзірдегі “Есеп беру” нұктесін тексеру және құжаттарды бекітілген тірінде басып шығаруына, құжаттарды ретке келтіруге, журнал ордерді және шоттар бойынша ведомості құру қызметін атқарады.

Бас мәзірдегі “Сервис“ пункті параметрлерді бекітуіне, жалпы пароль бекітуге дискетке сақтауға және т. б. мәмлесін шешеді.

Калькуляторды шақыру CtrІ +F2 тетігін басу арқылы іске асырылады.

Жұмыс барысында ең көп қолданылатын тетіктер:

F1 көмек жүйесін шақыру.

ESC- ағымдағы операцияларды жою.

CtrІ +F4 ағымдағы терезені жабу.

AІt+F4 программадан шығу.

CtrІ +F6 басқа терезеге өту.

Ұйымның бастапқы мәліметін констант тізіміне енгізу қажет. Сол арқылы бас мәзірдегі “операция-константы“ мәзірін шақыруға болады.

2. 2 «1С: Бухгалтерия» жүйесіндегі шоттар

Бухгалтерлік есеп жүргізу үшін, шаруашылық операцияларды есепке алмас бұрын, алдымен шот жоспарды анықтау қажет.

Кәсіпорында бухгалтерлік есптің бас шот жоспары қолданылады.

Шоттар жүйесі кәсіпорынның есеп саясатына тәуелді болады. Шот жоспарды бас мәзірдегі “Шоттар операциясы ” командасы арқылы шақыруға болады. Шот жоспар келесі бағаналардан тұрады:

Шот- код (нөмер) шоттар және субшоттар;

Аталуы- шоттың немесе субшоттың аталуы;

Субконто түрлері -обьект тұрлерінің аналитикалық есебінің (субконта) аталуы, егерде берілген шоттар немесе субшоттарда аналитикалық есеп жүргізілетін болса.

К- Бұл графада “+” белгісі тұрады, егерде берілген шоттар немесе субшоттар бойынша сандық есеп жұргізілсе (сандық есеп, аналитикалық есепті жүргізуді тұжырымдайды) .

В- Бұл графада символ “+” егерде берілген шоттар немесе субшоттар валюталық есеп жүргізілсе.

Ан- Бұл графада символ”+”, егерде берілген шоттар немесе субшоттар да туынды түрдегі есептілікте, аналитикалық есепті әрбір обьект бойынша, басқа шоттар мен айналымдарына талдау жасау міндетті тұрде жүргізуі шарт. Берілген шоттар аналитикалық есепті жүргізуі үшін тұжырымдайды.

Шоттар мен субшоттардың код Ұзындығы диалог терезесінде бекітіледі. Ол бас мәзірдегі “Сервис - жалпы параметрлер” және 2 немесе 3 символдар командасы арқылы шақырады.

Шоттардың және субшоттардың коды сандар және әріптер мазмұнымен болады. Берілген шоттар бойынша аналитикалық есепті жүргізу үшін, тышқанмен “Субконто тұрлері” торкөзіне келіп тышқанды екі рет басу қажет.

Шот жоспарды көру барысында, шоттың коды бойынша іздеуге болады. Ол үшін келесі нұсқауларды орындауға болады:

  1. Пернелерден қажетті шот кодын теруіңіз қажет. Сонда шот жоспар тізіміндегі қажетті кодқа курсор келіп тоқталады;
  2. Құралдар панелінде “Іздеу” тетігін басуы қажет (бинокль түріндегі тетік)
  3. CtrІ+F3 қос пернесін басуы шарт;
  4. “Әрекет”-“Іздеу” командасын орындауы керек.

Соңғы үш жағдайларда, экранға диалогтық терезе шығады, оған іздеу және іздеу бағыт шартын көрсетуі қажет.

Қайта іздеу үшін мына пернелер қолданылады:

  • F3 - қайта іздеу, дәл сол бағытта.
  • Shіft+F3 - тізімнің бастан аяғына дейін қайта іздеу.
  • AІt+F3 - тізімнің аяғынан басына шейін қайта іздеу.

Шот жоспарды баспаға басып шығару үшін, шот жоспар

терезесіндегі төменгі жағында “Баспаға шығару” тетігін басуы қажет.

Аспаптар тақтасында “Баспаға шығару” және “Көріп шығу” тетігі ењ мањызды орын алады. “Көріп шығу” тетігін басу арқылы, шот жоспардыњ қағазда қалай орналасқанын біле аламыз. “Баспаға шығару” тетігін немесе “CtrІ+P” клавишасын басу арқылы шот жоспарды баспаға шығаруға болады.

Типтік конфигурациядағы шот жоспар толығымен Іазақстан Республикасындағы кәсіпорынныњ қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтнрлік есептің шот жоспармен сәйкес келеді.

Сондықтан кез-келген кәсіпорынға толығымен сәйкес келеді . Немесе азын-аулақ тұрлендіруді қажет етеді.

Бірақ, шот жоспарын толығымен өзгертуге болады . Осы жағдайда есеп беру формалары мен типтік проводкалар стандартты шот жоспарына бағытталатынын ескеру қажет.

Қолданушымен конфигуратордағы шоттар параметрлерініњ өзгеруі құжаттарда автоматты тұрде қалыптастыру алгоритмдеріне елеулі өзгерістерді талап етуі мүмкін. Шоттар жоспарын өзгертудіњ кейбір әрекеттерін конфигураторсыз да орындауға болады. Мысалы: жаңа шоттарды немесе тізімде бар шоттар бойынша субшоттарды енгізуге болады.

Енгізілген шот нумерация тәртібі бойынша тізімге енгізіліп, орын алады. Программа кестедегі бар шот және субшоттарға сәйкес келетін жаңа шотты, немесе субшотты енгізуге мүмкіндік бермейді. Шоттарды енгізген кезде бірінші кезекте шотты, сонан соњ оған қатысты субшотты енгізу қажет.

Шотты немесе субшотты жою үшін немесе іс-әрекеттерді орындау қажет:

1. ”Операциялар” “Шот жоспары” командасын орыдау. Экранға шот жоспарын шығару .

2. Жойылатын шот жолына курсорды қою.

3. DeІ пернесін басу.

Шот жоспарын тұзету үшін редакциялау режиміне өту керек. Ол үшін редакцияланатын бағанасына курсорды қойып екі рет тышқанмен басу керек.

“Бухгалтерлік есеп” компонентасында 1С:Бухгалтерия жүйесінде тек қана синтетикалық емес, аналитикалық есепті жүргізуге мүмкіндігі бар. 1С:Бухгалтерия жүйесінде аналитикалық есеп жүргізу үшін субконта механизмі қолданылады.

Кез-келген аналитикалық есеп обьектісін субконта деп атайды: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, Ұйымдар, есеп беруші тұлғалар және т. б. Бір текті обьектілердіњ аналитикалық есепті субконта тұрі деп аталады. Мысалы: 1С:Бухгалтерия жүйесінде сатып алушы мен тапсырыс берушініњ тізімі “Ұйымныњ” “субконто тұрі” деп атайды. Кез-келген Ұйымдарда бұл тізім “субконта” деп аталауы қажет.

Нақты шот бойынша аналитикалық есепті жүргізу шот жоспарында берілген субконта сипаттамаларымен анықталынады.

Бір шот үшін, аналитикалық есеп бірнеше субконта тұрлері бойынша жұргізіліу мүмкін. Бірнеше тұрдегі субконтада негіздлген аналитикалық есептіњ көп өлшемдері деп аталады. Бір жағынан аналитикалық есеп көп дењгейлі де болуы мүмкін, егер субконто шоттарыныњ бірі көп дењгейлі анықтамалылық болса. Мысалы: Кәсіпорын тауарды есепке алу барысында жекеленген тауарлар сонымен бірге топтың тауарлар бойынша ақпарат қажет етеді. Бұл жағдайда “Тауарлар” анықтамалығы көп дењгейлі құрылым болып табылады. Шоттар бойынша сандық есеп жұргізілуі мүмкін. Сандық есептіњ өзі конфигурация кезеңінде беріледі.

Нақты шот бойынша сандық есеп жүргізіледі, егер оған шот жоспардан сәйкес жағдайға байланысты тапсырма берілсе. Сандық шоттар үшін, жиналған нәтижелік ақпарат сандық (нақтылай) өлшеммен көрсетіледі. Сандық есеп жүргізу аналитикалық есеппен сәйкес қолданылады. Бұл жағдайда обьектілеріњ аналитикалық есебі бойынша, толығымен ақпараталуға болады. Мысалы: қоймадағы тауарлардың саны, негізгі құралдардыњ саны, бір бөлімшеге бекітілген және т. б.

Шот жоспардағы тұрлендірілген конфигурациясы, ”+” қойылымның “В” бағанасындағы, ұш шоттар бойынша бекітілген валюталық есеп енгізіледі. Валюталардың тізімін жәнеде олардың Ұлттық валютаға байланысты бағамдарын жүргізу үшін “Валюталар” анықтамасы қолданады. Валюта тізімін редакциялау жәнеде бағамдарды енгізу үшін, бас мәзірдегі “Анықтамалық” мәзірінен “Валюты” анықтамасын ашу қажет. Валюта бағамының өзгеру тарихын көру үшін, валюта тізім қалпындағы “Тарихы” режимін қолдану қажет. Валюта суммасының шоттары бойынша бекітілген бухгалтерлік жазуды енгізгенде валюта түрін “Валюта” анықтамасынан таңдауға болады. Ұлттық валютадағы жазулардың соммасын программа автоматты тұрде валюта сомасының валютаның ағымдағы бағамына көбейтіндісі ретінде есептейді. Валюта есебінің қалдығы және айналым шоттарыныњ стандартты есептілікті Ұйымдастыру кезінде, әрбір валюта бойынша және Ұлттық валюта тұрінде көресетуі қажет. Валюта бағамыныњ өзгеруі кезінде, шоттардағы теңгелей қалдығы бекітіліп, валюта есебі қайта есептеледі. Пайда болған бағамдық айырмашылық, есеп саясатына байланысты сәйкес шоттарға жазылады.

2. 3 Константаларды енгізу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Семей – Шпалы» ЖШС-де «1С: Бухгалтерия 8.2» бағдарламасымен жұмыс
1С: бухгалтериядағы банк операциялар есебі
1С бухгалтерия бағдарламасы
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1С бухгалтерия бағдарламасының қолданылуымен еңбек көрсеткіштерінің есебі
Ақпараттық жүйенің құрылымы
“1-с бухгалтерия” бағдарламасы
Жоспарлы төлем тәртібі және есеп айрысудың синтетикалық есебі
Құжаттармен танысу
Кәсіпорынның қаржы бөлімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz