Жасанды анизотропия


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: «Жасанды анизотропия»
Оқу пәні: «Физика»
Шифр, мамандық: 5В072000, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
Орындаған: Нұртасов Ш. Е, тобы: ХН - 401
Тексерген: Абдуахитова О. Т.
Семей қ, 2015 ж
Жоспар:
- Жасанды оптикалық анизотропия . . . 3
- Физикалық негізделуі . . . 4
- Керр эффектіті . . . 5
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 6
14. 1. Жасанды анизотропия. Электр өрісінің кристалдардағы жеке деформация тудыру
Жасанды оптикалық анизотропия - сыртқы әсерлер нәтижесінде сәуленің қосарланып сыну құбылысын алудың жолдары көп. Үлкен тәжірибелік мәні бар анизотропия тәсілі - ол электр өрісі нәтижесінде анизотропия алу, зат молекулалары полярлы болса, олардың орналасуы өріс әсерінде кейбір жағдайда реттелген болады. Полярлы емес молекулалар өріс әсері нәтижесінде поляризацияланады. Поляризация бағыты жарықтың таралу жылдамдығының анизотропиясын анықтайтын оске айналады
Анизотроптық (көне грекше: ἄνισος - тең емес и τρόπος - қасиет) - дененің барлық немесе бірқатар физикалық қасиеттерінің әр бағытта әр түрлі болуы. Бір текті қасиеті бар заттың бір бағыттағы барлық нүктелерінің физикалық қасиеттері бірдей болады. Мысалы, кристалдық денелердің жылулық ұлғаю коэффициенті, механикалық, электрлік және оптикалық қасиеттері әр бағытта әр түрлі болғанымен, белгілі бір осьтің бойында тұрақты келеді. Бір жақты пішінсіздену салдарынан (созу, сығу, ығыстыру т. б. ) заттың жеке бөліктерінде анизотроптық қасиет пайда болады. Кейде бір заттың өзі бір физикалық шамаға қатысты изотроптық, ал екіншісіне қатысты анизотроптық қасиет көрсетеді. Мысалы, кубтық жүйедегі кристалдардың барлық бағытындағы сыну көрсеткіші бірдей, ал қырларының өсу жылдамдығы әр түрлі болады. Кристалдардың бойлас бағыттарда ұқсас қасиеттерді, ал өзге бағыттарда мүлдем өзгеше қасиеттерді иемдену қабілеті. Анизотропия - таужыныстар мен минералдардың физикалық қасиеттерді әр түрлі бағытта түрліше иемденуі; бір өсімдіктің әртүрлі мүшелерінің сыртқы орта факторлары бірдей әсер еткенде олардың кеңістікте әрқилы бағытта болуы. Мысалы: өркеннің ұшы жарыққа бағытталып, ал жапырақтары сәуле бағытына перпендикуляр орналасады.
Қат-қабат тау жыныстардың немесе құрылымы әркелкі болып келетін таужыныстардың көршілес қабаттары не олардың минерал түйіршіктері әр түрлі физикалық қасиеттермен сипатталған жағдайда, мұндай таужыныстар анизотропия заңдылығына тәуелді. Бұл қасиет таужынысқұрушы минералдардың кристалдық торлары ерекшеліктерінен туындайды
Сәуленің қосарлана сынуын қолдан жасанды түрде алуға да болады. Шынында да, кристалдардағы қосарлана сыну себебі анизотропия болып табылады, сондықтан анизотроптық қасиеттері жасанды пайда болған кристалдық емес заттарда (сұйық және аморфты) да азды-көпті қосарлап сыну болуы тиіс деп күту керек.
Оптикалық біртекті денелердің көпшілігінің изотроптылығы статистикалық сипатта болады, яғни осындай денелердің изотропты болуы бұларды құрайтын молекулалардың бейберекет (хаостық) орналасуының орташалануы нәтижесінде алынады. Жеке молекулалар немесе молекулалардың топтары анизотропты болуы да мүмкін, бірақ осы микроскопиялық анизотропия орташа алғанда жеке топтардың өзара кездейсоқ орналасуы нәтижесінде білінбей кетеді де, макроскопиялық орта изотропты болып қалады. Бірақ егер осындай денеге қандай да бір сыртқы әсер бір басым бағыт беретін болса, онда анизотроптықтың макроскопиялық білінуіне әкелетін анизотропты элементтердің қайта топтасуы мүмкін.
Жеткілікті күшті сыртқы әсер басында изотропты болған элементтерді деформациялауы мүмкін, осының нәтижесінде алғашында болмаған макроскопиялық анизотропия пайда болады.
Жеткілікті сыртқы әсерлер, мысалы, сығу немесе созу туғызатын механикалық деформациялар кезінде білінуі немесе сыртқы электр және магнит өрістерімен іске асырылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда, мысалы сұйықтар немесе пластикалық денелер аққан кезде, жасанды анизотропия пайда болуы үшін өте әлсіз әсерлер де жеткілікті болатындығы белгілі.
Жасанды анизотропия мысалына сыртқы электр өрісі әсерінен затта пайда болатын анизотропия жатады. Анизотропияның осы түрін 1875ж. ағылшын физигі Дж. Керр (1824-1907) ашқан. Сондықтан бұл Керр эффекті деп аталады.
Сұйықтардағы Керр эффектіні айқастырылған П 1 және П 2 поляризаторлардың аралығына жазық конденсатор пластинкалары ендірілген кюветаны (Керр ұяшығы) орналастырып бақылауға болады (6. 42-сурет) . Егер П 1 және П 2 айқастырылған болса, ал конденсатор пластинкаларының аралығында электр өрісі жоқ болса, онда жүйе арқылы жарық өтпейді. Егер конденсатор зарядталып, электр өрісі пайда болса, жүйеден жарық өтеді де көру өрісі жарық тартады. өйткені электр өрісі әсерінен сұйықтық оптикалық қасиеттері бойынша оптикалық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz