Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға байланысты жүргізілетін педагогикалық тәжірибе жұмыстары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... .6
1.1. «Дүниетаным», «дүниетанымдық көзқарас» ұғымының мәні ... ... ... ... ... .6
1.2. Дүниетанымды қалыптастырудың негізгі бөліктері, критерилері, көрсеткіштері және қалыптасудың деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Педагогикалық теория негізіндегі оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

II. Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға байланысты жүргізілетін педагогикалық тәжірибе жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1. Оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2. Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда пән аралық байланыстарын айқындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3. Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар барысында оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың іс.жүзіндегі жағдайы ... ... ... ... 30

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
КІРІСПЕ.
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – келешек ұрпақтың дүниетанымын дұрыс қалыптастыру және оны дамыту. Соған орай мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде бұл міндет ерекше назарда болып отыр. Дегенмен білімнің өзінің шынайы міндетіне жауап беруден қалғанына бүкіл дүние жүзінің педагогтары алаңдатушылық танытуда. Оқушыларды ғылым негіздері туралы білімдермен шектен тыс «жұмысбасты» етумен білімнің мақсаты айтарлықтай кеміп кетті.Үлгерімнің жоғары процентіне қол жеткізу бірінші кезектегі маңызды міндет болып санала бастады. Сол үшін де оқытудың барлық үрдісі әр түрлі тестер мен емтихандарды жаттап алуға және тапсыруға алып келді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алынғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы, білімді, жан-жақты дүниетанымдық көзқарасы қалыптасқан шәкіртті тәрбиелеуге болады.
Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім де сол, келешекте көзі ашық, көкірегі ояу, білімі жан-жақты, дүниетанымдық көзқарасы дұрыс жүйеде қалыптасқан нағыз Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Осы орайда негізінен алып отырған тақырыбымыздың аты «Орта мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру» болғандықтан жалпы «дүниетанымдық көзқарас» дегенді қалай түсінеміз, оның мәні неде, түрлері, типтері, қызметтері, құрылымы жайлы толық мағлұматтарды, анықтамаларды осы дипломдық жұмысымызда назарларыңызға ұсынамыз.
Ең алдымен «дүниетаным» туралы энциклопедиялық сөздік, педагогикалық, психологиялық сөздіктерде берілген педагогика саласында жазылған ғылыми еңбектердегі анықтамаларға тоқтала кетейік. Соның ішінде дүниетанымдық көзқарас деген не? Ол жайында энциклопедиялық сөздіктегі анықтамада мынадай тұжырымдама берілген: Дүниетанымдық көзқарас – оқушының әділ де шынайы қоғамға көзқарасын жинақтап қорыту жүйесі және сол қоғамда оның алатын орны, өз-өзіне және адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасына көзқарасы, сонымен қатар өздерінің сенімін, (идеалын) тілегін, білім принципін, әрекетін, осы көзқараспен келістіру, пара-пар қарау. Жаратылыс тану ғылымы негізінде тарихи-социалдық, техникалық, философиялық білім негізінде белгілі бір идеологиямен қоса қалыптасады. Оның қолдаушысы шындыққа көлеңкелей қарайтын – жеке адам, белгілі бір топ. Дүниетанымдық көзқарастың өзін-өзі ұстауына әсерін тигізе отырып, өмірлік алға ұмтылысына, қызығушылығына, еңбекте және тұрмыста практикалық үлкен мәні бар. Өзінің мазмұнына және бағытына қарай ғылыми немесе ғылыми емес материалистік және идеалистік көзқарас болып бөлінеді.
Ал, «Педагогикалық көзқарас» сөздігінде төмендегідей анықтама берілген:
Дүниеге көзқарас – адамдар, жеке адам іс-әрекетіне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар
жүйесі. Дүниетанымдық көзқарастың өзі тұтасынан алғанда қоғамның көп қырлы материалдық өмірі, қоғамдық болмыс болып табылады.
Психологиялық сөздіктен анықтама:
Дүниетаным – бұл адамның объективті дүниеге және оның сол дүниеде алатын орнына, оның қоршаған болмысына және адамның өз-өзіне деген қатынасына көзқарастар жүйесі.
Қазақтың атақты психолог ғалымы, психология ғылымының докторы, педагогика ғылымының докторы Қ.Б.Жарықбаев «Педагогикалық ойлардың антологиясы» сынды еңбегінде дүниетаным мен сенімді, мотивтер мен қажеттерді, бейімділік пен қызығуларды, мұрат пен талғамды жеке тұлғаның өмірлік бағытын көрсететін бөліктер екендігін атап өтеді. Ол дүниетанымға адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі деген анықтама береді.
Осындай анықтама, тұжырымдамалардан дүниетаным мен жеке тұлға дамуының өзара тығыз байланысы анық көрінеді. Оқушыны жеке тұлға дәрежесіне қарай дамыту – орта білім беретін мектептің ең маңызды міндеті. Орта мектептерде оқыту-тәрбиелеу кезеңіндегі оқушылардың жинаған, нақты көре білу қабілеті арқылы анықталған тәжірибесі – олардың кейінгі кезеңдерде беки түсетін, толығатын, кеңейтетін дүниетанымының көзі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. К.К.Шалғынбаева, Г.Т.Хайруллин, Н.Д.Хмель Педагогика. Алматы,2006,
2. Р.М.Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаев Педагогика. Алматы, 2002ж.,
3. Қ.Жарықбаев Психология. Алматы, 1993ж.,
4. Д.Кішібеков Философия. Алматы, 1991ж.,
5. Қазақстан мектебі – №5,6-2005ж., №8-2002ж., №5-1995ж., №1,2-2007ж.,
6. В.А.Титов Жалпы педагогика. Москва, 2007ж.
7. А.В.Миронов Методика изучения окружающего мира в начальных классах. Москва, 1985ж.,
8. И.А.Петрова, А.А.Вохмянина Настольная книга учителя начальной школы.Москва, 1999ж.,
9. А.В.Петровского Психология словарь, Алматы, 1998ж.,
10. Қ.Жарықбаев, Р.М.Қоянбаев, Н.Д.Хмель Педагогикалық көзқарас сөздік. Алматы, 1978ж.,
11. А.М.Виноградова, С.А.Козлова Воспитание положительного отношения к окружающему миру.Москва, 1989ж.,
12. Ж.Молдабеков, Адам және табиғат. Алматы, 1976ж.,
13. Қ.Жарықбаев, А.Құдиярова Жантану пәнін орта мектептерде оқытудың мәселелері. Алматы, 2004ж.,
14. Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, В.Ф.Шаталов, Е.Н.Ильин, құрастырушы И.Н.Баженова Педагогикалық ізденіс. Алматы, 1990ж.,
15. О.С.Богданова, Н.А.Баринова, А.Ю.Гордин. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. Жалпы білім беретін мектепте тәрбие жұмыстары жүйесін ұйымдастыру. Алматы, 1993ж.,
16. В.П.Кыркалов, П.Э.Шпитальник. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. Алматы, 1995ж.,
17Қ.Жарықбаев Қазақ ағартушылары жастар тәрбиесі туралы. Алматы, 1971ж.,

18. Б.Д.Жігітбекова Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекетінің мотивациялы-мағыналық компоненттерінің дамуы. Канд. дисс. авторефераты, Алматы, 2003ж.,
19. О.С.Сангилбаев Оқу материалын тиімді жоспарлау арқылы оқушылардың зейінінің қасиеттерін дамыту. Канд. дисс. авторефераты. Алматы, 1999ж.,
20. Қ.Шайжанова Оқушылардың жазбаша тілін дамыту арқылы ойлауын қалыптастыру.Канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2002ж.,
21. Н.Айғабылов Оқушыларының ақыл-ой әрекеті белсенділігін арттыру. Алматы, Мектеп, 1970ж.,
22. Балалар психологиясынан танымдық жаттығулар мен тапсырмалар. Алматы, Рауан, 1994ж.
23. М.М.Жанпейісова, Д.А.Қайшыбекова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық
көзқарасын қалыптастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... .6
1.1. Дүниетаным, дүниетанымдық көзқарас ұғымының
мәні ... ... ... ... ... .6
1.2. Дүниетанымды қалыптастырудың негізгі бөліктері, критерилері,
көрсеткіштері және қалыптасудың
деңгейлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Педагогикалық теория негізіндегі оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 13
II. Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушылардың
дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға байланысты жүргізілетін
педагогикалық тәжірибе
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..19
2.1. Оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың
педагогикалық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2. Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда пән аралық
байланыстарын
айқындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .21
2.3. Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар барысында оқушылардың дүниетанымдық
көзқарасын қалыптастырудың іс-жүзіндегі жағдайы ... ... ... ... 30
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .40

Құрметті Мемлекеттік емтихан комиссия төрағасы және құрметті комиссия
мүшелері сіздердің назарларыңызға Орта білім беретін мектептердің оқыту
процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру деген
тақырыпта дипломдық жұмысымызды ұсынамыз. Дипломдық жұмыстың ғылыми
жетекшісі: Бастауыш мектеп педагогикасы, бастапқы әскери дайындық және дене
тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ильясова Алмагүл Нагиевна. Баяндаушы студент: Досмагулова Торғын.

Құрметті комиссия мүшелері сіздердің алдарыңызға диплом жұмысымыздың
ғылыми аппараты жөнінде мағлұматтар даярланып берілген. Біздің дипломдық
жұмысымызды орындауда алдымызға мынандай міндеттер қойдық: Біріншіден,
Орта білім беретін мектептердің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық
көзқарасын қалыптастыру тақырыбын ашу, жалпы дүниетанымдық көзқарасқа
түсініктеме беру, ғылыми дүниетанымдық көзқарастың қалыптасу барысын
анықтау, критерилерін, көрсеткіштерін, атқаратын функцияларын, шарттарын
атап көрсету. Екіншіден, іс жүзінде нақты нәтижелерге жету үшін тәжірибелі
орта мектеп мұғалімдерінің сабақтарына, тәрбие сағаттарына қатысып біраз
тәжірибе жинақтадым. Осы міндеттерді орындау үшін педагогика саласында
жазылған ғылыми еңбектерді, оқулықтарды, баспасөз беттеріне шыққан
мақалдарды оқып, қажетті мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтірдік. Атап
айтар болсақ: психология ғылымының докторы, педагогика ғылымының докторы
Қ.Б.Жарықбаевтың (Педагогикалық ойлардың антологиясы), Р.М.Қоянбаевтың
(Педагогика),
К.К.ШалғынбаеваГ.Т.Хайруллиннің(Пед агогика),Ш.А.Амонашвилидің(Педагоги калық
ізденіс), В.П.Кыркалов, П.Э.Шпитальниктің (Оқушыларды сабақтан тыс уақытта
тәрбиелеу) еңбектерін жетік зерттей оқып, қажетті мәліметтерге тоқталдық.
Ал енді бірден дипломдық жұмысымыздың мазмұнын баяндауға руқсат
етіңіздер.

КІРІСПЕ.
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласының басты міндеттерінің бірі –
келешек ұрпақтың дүниетанымын дұрыс қалыптастыру және оны дамыту. Соған
орай мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде бұл міндет ерекше назарда болып отыр.
Дегенмен білімнің өзінің шынайы міндетіне жауап беруден қалғанына бүкіл
дүние жүзінің педагогтары алаңдатушылық танытуда. Оқушыларды ғылым
негіздері туралы білімдермен шектен тыс жұмысбасты етумен білімнің
мақсаты айтарлықтай кеміп кетті.Үлгерімнің жоғары процентіне қол жеткізу
бірінші кезектегі маңызды міндет болып санала бастады. Сол үшін де оқытудың
барлық үрдісі әр түрлі тестер мен емтихандарды жаттап алуға және тапсыруға
алып келді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік,
қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы
қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір
тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-
дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына
адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол
рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып,
білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алынғаны жөн. Сонда ғана өзінің
міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы, білімді, жан-
жақты дүниетанымдық көзқарасы қалыптасқан шәкіртті тәрбиелеуге болады.
Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім де сол, келешекте көзі ашық,
көкірегі ояу, білімі жан-жақты, дүниетанымдық көзқарасы дұрыс жүйеде
қалыптасқан нағыз Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Осы орайда негізінен алып
отырған тақырыбымыздың аты Орта мектептің оқыту процесінде оқушылардың
дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру болғандықтан жалпы дүниетанымдық
көзқарас дегенді қалай түсінеміз, оның мәні неде, түрлері, типтері,
қызметтері, құрылымы жайлы толық мағлұматтарды, анықтамаларды осы дипломдық
жұмысымызда назарларыңызға ұсынамыз.
Ең алдымен дүниетаным туралы энциклопедиялық сөздік,
педагогикалық, психологиялық сөздіктерде берілген педагогика саласында
жазылған ғылыми еңбектердегі анықтамаларға тоқтала кетейік. Соның ішінде
дүниетанымдық көзқарас деген не? Ол жайында энциклопедиялық сөздіктегі
анықтамада мынадай тұжырымдама берілген: Дүниетанымдық көзқарас – оқушының
әділ де шынайы қоғамға көзқарасын жинақтап қорыту жүйесі және сол қоғамда
оның алатын орны, өз-өзіне және адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-
қатынасына көзқарасы, сонымен қатар өздерінің сенімін, (идеалын) тілегін,
білім принципін, әрекетін, осы көзқараспен келістіру, пара-пар қарау.
Жаратылыс тану ғылымы негізінде тарихи-социалдық, техникалық, философиялық
білім негізінде белгілі бір идеологиямен қоса қалыптасады. Оның қолдаушысы
шындыққа көлеңкелей қарайтын – жеке адам, белгілі бір топ. Дүниетанымдық
көзқарастың өзін-өзі ұстауына әсерін тигізе отырып, өмірлік алға
ұмтылысына, қызығушылығына, еңбекте және тұрмыста практикалық үлкен мәні
бар. Өзінің мазмұнына және бағытына қарай ғылыми немесе ғылыми емес
материалистік және идеалистік көзқарас болып бөлінеді.
Ал, Педагогикалық көзқарас сөздігінде төмендегідей анықтама
берілген:
Дүниеге көзқарас – адамдар, жеке адам іс-әрекетіне терең әсер ететін
әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары
мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар
жүйесі. Дүниетанымдық көзқарастың өзі тұтасынан алғанда қоғамның көп қырлы
материалдық өмірі, қоғамдық болмыс болып табылады.
Психологиялық сөздіктен анықтама:
Дүниетаным – бұл адамның объективті дүниеге және оның сол дүниеде алатын
орнына, оның қоршаған болмысына және адамның өз-өзіне деген қатынасына
көзқарастар жүйесі.
Қазақтың атақты психолог ғалымы, психология ғылымының докторы,
педагогика ғылымының докторы Қ.Б.Жарықбаев Педагогикалық ойлардың
антологиясы сынды еңбегінде дүниетаным мен сенімді, мотивтер мен
қажеттерді, бейімділік пен қызығуларды, мұрат пен талғамды жеке тұлғаның
өмірлік бағытын көрсететін бөліктер екендігін атап өтеді. Ол дүниетанымға
адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі деген анықтама
береді.
Осындай анықтама, тұжырымдамалардан дүниетаным мен жеке тұлға дамуының
өзара тығыз байланысы анық көрінеді. Оқушыны жеке тұлға дәрежесіне қарай
дамыту – орта білім беретін мектептің ең маңызды міндеті. Орта мектептерде
оқыту-тәрбиелеу кезеңіндегі оқушылардың жинаған, нақты көре білу қабілеті
арқылы анықталған тәжірибесі – олардың кейінгі кезеңдерде беки түсетін,
толығатын, кеңейтетін дүниетанымының көзі.

I-.ші тарауда Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде
оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудың теориялық негіздері
қамтылған.
1.1. Дүниетаным, дүниетанымдық көзқарас ұғымының мәні.
Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар
орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар
жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан
негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен
қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам
санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке
тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық
таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.

Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол
өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым,
эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси,
адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.
Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің
негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін
және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе
жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және
тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.
Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік
және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты
тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.
Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара
қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған
ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен
нәтижелеріне қызмет етеді.
Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын
бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын

ғылыми тұрғыда тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының
және ақиқатты өзгертудің күшті құралы болып табылады.

Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса, онда ол
объективті дүниені соншалықты дұрыс және терең бейнелейді, ол шын және
жалған, ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.
Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады. Ғылыми дүниетаным
дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар
мен негіздеулерге, табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын,
себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді. Ғылыми дүниетаным алдын ала
көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және
оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді.
Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі
ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде
ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу
нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және
жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы
жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа
қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан
көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.
Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымын
оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист,
белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін.
Оқушылардың дүниетанымын психологиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің оның
санасында бейнеленуінің жалпы жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылыми
түсініктер, өлшем, баға жүйесі ретінде, сонымен бірге психикалық іс-әрекет
- өзінің тәрбиесінде және дүниеге деген өзінің қатынасын реттеу үшін
дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді пайдалануға бағытталған – іс-әрекет
пен қабылдаудың таным операциясы жүйесі ретінде қарастыру қажет.
Тұтас психикалық білім ретінде дүниетаным – күрделі де көп аспектілі
құрылым. Оның өзегі – теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді
білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамыған қабілеттілігімен үйлесімді

көзқарастар мен сенімдер. Көзқарастар – адамның қол жеткізген идеялары,
білімдері, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдаулары. Олар
табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет
пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады.
Ресейлік жалпы педагогика кітабының авторы А.В.Титовтың тұжырымы бойынша
дүниетаным – құндылық жүйесінде көрініс тапқан жалпы табиғат туралы, қоғам
туралы, адам туралы, жеке адам мұраты, әлеуметтік топ, қоғам туралы
түсінік.
Дүниетанымның негізіне қоршаған ортаны түсіну, яғни қоршаған әлем туралы
білімдер жиынтығы жатады. Бұл білім тек қазіргі кезеңге ғана лайықты

емес, сонымен қатар өткенге де келешекке де қатысы бар білім. Ол адамның
жалпы рухани байлығымен тығыз ұштасып жатыр. Осындай білім негізінде
адамдардың барлық іс-әрекет өрісінде салт-дәстүрлер туындаған, қалыптасқан
және дамыған.
Казіргі жас өспірімдерді олардың 30-40-жылдардағы кұрдастарымен
салыстырғанда жастардың жалпы мәдени деңгейінің, интеллектілік мүдделерінің
кеңдігі мен жан-жақтылығын аңғармау мүмкін емес. Бұқаралық ақпарат
құралдары, компьютер, ұялы телефон, көпшілікке арналған ғылыми
басылымдардың арқасында жас өспірімдер ғылым мен техниканың ең жаңа
жетістіктерін біліп отырады. Жүргізілген психологиялық зерттеу оқу үлгірімі
тәуір жас өспірімдердің ғылым, техника, мәдениет пен спорттың ең жаңа
жетістіктері туралы хабардарлығы мұғалімдерден кем түспейтінін, ал кейде
ұстаздарынан асып түсетінін көрсетеді. Бұлай болмауы да мүмкін емес: ғилими-
техникалық революция заманында әрбір келесі ұрпақ өзінен бұрынғыдан
білімдірек болуы тиіс. Жас өспірімдердің бос уақытын өткізуі де аға
ұрпақтардан гөрі мазмұндырақ. Жас өспірімдердің көпшілігі ғылымға, елдің
саяси өміріне, халықаралық қатынастарға, спортқа, өнерге өте зор ынта
кояды. Олардың сүйікті істері –компьютер арқылы әртүрлі мәліметтер
жинақтау, кітап оқу, кинофильмдер мен телевизия хабарларын көру, спортпен
шұғылдану, туризм жане т.б. көптеген жайлар. Физикалық-математикалық,
химиялық жане басқа олимпиадаларға қатысушылардың барған сайын көбеюі
жастарда ғылымға деген ынтаның белсенді, творчестволық сипатта екендігін
көрсетеді. Жас өспірімдер ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін айрықша
маңызы бар әлеуметтік проблемаларға (қоғамтануға, философияға) ден кояды.
Жас өспірім шақ – дүниетанымның қалыптасуындағы негізгі кезең. Әлбетте,
дүниеге көзқарастың негіздері анағұрлым ерте, балалық кезден қаланады.
Мұның өзі белгілі бір адамгершілік әдеттерді, нұскауларды, жағымды,
жағымсыз жайларды іс жүзінде меңгеруден басталады, бұлар кейіннен ұғынылып,
мінез-кұлықтың белгілі бір нормалары мен принциптеріне айналады. Алайда
адам дамуының біршама жоғары сатысында ғана онда бұл принциптерді белгілі
бір тұтас жүйеге жинақтау кажеттігі келіп шығады; ол оған айналасындағы
дүниені түсініп қана қоймай, оны бағалауға, оған деген өз қатынасын
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дүниетанымдық ізденістер айналадағы
дүниенің қайсыбір жағын немесе өзінің мінез-құлқын болсын біршама асыра
бағалаумен қатар жүреді.
Дүниетаным қалыптасуының бірінші көрсеткіші –дүниенің неғұрлым жалпы
принциптеріне, табиғат пен адам болмысының әмбебап заңдарын танып білуге
деген ынтаның өсуі.
Дүниеге көзқарасты қалыптастыру танымдық белсенділікте байқалады.

1.2Дүниетанымды қалыптастырудың негізгі бөліктері, критерилері,
көрсеткіштері және қалыптасудың деңгейлері.

И.В.Харламов айтқандай әр адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ
күрделі интеллектуалдық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар,

болса өз кезегінде оның рухани мәдениетінің, оның Мен деген сезімінің
мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарының, ар-ожданының негізін құрайды.

Педагогика ғылымы оқушы тәрбиесінің мазмұнына енетін ғылыми
дүниетанымды қалыптастыру мәселесін шешіуде оның құрамды бөліктерін
ажыратып қарайды. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт
негізгі бөлігі көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім жүйесі; дүниетаным;
сенім; адам мұраты.
Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі.
Білім арқылы табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын
зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетанымы
дамуының үлкен тірегі. Міне осының нәтижесінде білім әр адамның
көзқарасына, сеніміне айналады.Сол білім мен ойлар сенімге айналады, ол
адамның өзін және әлемді қайта өзгертетін материалдық күшке еніп, әлем мен
адамның өзін құрады.

Егер білім дүниетаным жүйесінің басым мазмұндық компоненттері болып
саналса, онда сенім білімге және шынайы ақиқатқа деген эмоционалдық-
психологиялық қарым-қатынас және адамгершілік маңыздылыққа ие болады.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру
туралы байымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр
түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы, материалистер мұндай
проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің
өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.
Дүниетанымның маңызды рөлі психологиялық, әлеуметтік-психологиялық және
эмоциональдық кездері болып табылады және олар адамның мінез-құлқы мен
көңіл күйін анықтайды, соңында іс-әрекетке дайындайды. Тек сенім білім
арқылы өсетін жеке тұлға белсенділігінің негізгі көзі болып табылады.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-
мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді
жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның
сезімін оятады.
Сенім терең тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке
адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр
түрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп
отыру.
Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім
сияқты объективті дүниенің субъективті көрінісі, адамдардың ұжымды жеке

тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір білетін немесе
түсінетін емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім.
Қазіргі уақытта сенім дүниетанымның өзегі бастапқы, элементарлық
кереге көзі болып табылады деген ережені терең негіздеу деп санауға
болады.

Адам сенім жүйесі – оның дүниетаным көрінісі. Сезім – сенімнің үйлесімді
қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының,
сұлулыққа эстетикалық сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметтік оптимизм мен
мақсаттылық сияқты интеллектуалды сезімдермен байланысты. Қажымас ерік-
жігер – дүниетанымның маңызды элементі. Сенім адамды іс-әрекетке
итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектеліп қана қоймай,
тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетаным элементі
ретінде теориялық ойлау дегеніміз – адамның білімдерді, болмыстың
құбылыстарын шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінше
жетілдіру, ерік-жігерді сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілеті. Сенім
мен идеал адамның өмірлік мақсаттары ретінде дүниетанымның ең маңызды
құрамды бөлігі болып табылады. Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған
жағдайда дүниетанымға айналады.
Барлық жоғарыда айтылған ой-пікірлерді келесі схемада байқауға болады
Дүниетанымның жалпы психологиялық білім сияқты күрделі және көп
аспектілі құрылымы бар. Оның негізі – көзқарас және сенім болып табылады.
Дүниетаным бірнеше маңызды қоғамдық міндеттерді (функция) атқарады.
1.Ағартушылық міндеті: ғылыми дүниетаным – табиғат әлемін және қоғамды
адамға түсіндіріп беруден тұрады; ағартушылық санасын қалыптастырады;
ғылыми әдістермен қаруландырады; философиялық принциптердің бір тұтастығы
мен табиғат құбылыстарын және болмысты танып білудің әдісінен тұрады;
адамның рухани құндылыққа бейімделуін артады.
2.Тәрбиелік міндеті: дүниетанымның тәрбиелік міндеті қабылданған
көзқарас пен сенім оқушыдан өзінің бойында белгілі бір, жігерлі де
қайратты сананың және болмыстың эстетикалық жағына көңіл қойып қарауымен
жүзеге асырылады.
3.Дамытушылық міндеті: дүниетанудың дамытушылық міндеті - дүниетаным
мазмұнын түсінуде, ұғынуда оқушының ішкі жан дүниесінің рухани дамуымен
қоса ойлау қабілетінің белсенді түрде әрекеттенуімен шектеледі.
4.Ұйымдастырушылық міндеті: дүниетанымның ұйымдастырушылық міндеті, ол
оқушылардың практикалық іс-әрекеті кезінде негізгі позиция болып табылады.
5.Болжамдық міндеті: ғылыми дүниетанымның болжамдық міндеті – қоғамдық
даму заңдылықтарын үйренуге жүгінуде ғылыми дүние танымның болжамдық
міндетінің даму бағытын ғылыми-теоретикалық және практикалық тұрғыда
түсінуде көрінеді және қазіргі кезеңде болашақты құру жайлы ой-пікірін
ұсынуда көрінеді.
Ғылыми дүниетану оқушылардың бойында бірегей педагогикалық процессте,
сананың дамуына, сезіміне, ерік-жігеріне және өзін-өзі ұстауына әсер ете
отырып, біртұтас жеке психологиялық білім тұрғысында қалыптасады.
Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші
және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов).
Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі қызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар
мен құбылыстарды қабылдау тәсіліне оның адам санасында бейнеленуіне
байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер
сыну арқылы өтеді.
Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті
арқылы оның санасы менкөзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып
келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол
адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардың іс-
әрекеттері мен қызықтарын анықтайды.
Дүниетанымның бағалау қызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның
өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз
дүниетанымы болды.

Ғылыми білім құрылымында екі деңгей бар: эмпирикалық және теориялық.
Олар объективті болмысты көлемдірек, тереңірек және толығырақ суреттеуі
бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманның
талабына сай білімдердің құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар
мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген
білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа
түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.

1.3 Педагогикалық теория негізіндегі оқушылардың дүниетанымдық
көзқарасын қалыптастыру.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал
жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп
отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары,
оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және
тиімді әсер етпейтіні белгілі.
Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік
сияқты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек
ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-әрекетпен
салыстыруы керек.
Дүниетанымның қалыптасуы педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде
әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды
талап етеді. Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай заңдары мен
категорияларын игерулері қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы;
қозғалыс – материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші,
сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті
байланыс – болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі
мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың үздіксіздігі мен
үздіктігі; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс – мәнділіктің көрінісі
ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика – таным негізі, ақиқат өлшемі.
Кез келген аналитикалық-жүйелік іс-әрекеттің нәтижесінде (түсінікте,
идеалдарда, теорияларда) білім де, іс-әрекет әдіс-тәсілдері де бар. Бұл
танымның әр түрлі жақтары, бірақ бұл процесте ең басты орында білім тұрады.
Осының барлығы оқушы бойында білім мен білікке қоса ойлау мен әрекет ете
алуды дамытуды талап етеді. Ғылыми білім құрылымында екі деңгей бар:
эмпирикалық және теориялық. Олар объективті болмысты көлемдірек, тереңірек
және толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген
білімдерден емес, заманның талабына сай білімдердің құрылымын қамтитын,
әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын
жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады,
басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес
жалғасады.
Оқыту – оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі,
шығармашылық қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық
көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі. Оқыту, адамның іс-
әрекетін белгілі бір білімдерді, бірлік пен дағдыларды меңгерудің саналы
мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретінде жүзеге асады. Түсініктерді,
ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды.
Оларды оқушының өзі, мұғалімнің басшылығымен,

көмегімен қалыптастыруы қажет. Білім түсініктердің пайда болуы, заңдарды
жете түсіну – оқушының ойлау мен іс-әрекетінің белсенді процесі
(М.Н.Скаткин).
Оқу оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі олардың бойында теориялық
сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің
психологиялық мазмұны іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру
болып табылады.
Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет оқушыларды әлеуметтік, жан-
жақты ақпаратпен, саяси қарым-қатынас тәжірибесімен қаруландырады. Ол
оқушының ішкі жан-дүниесіне, жеке тұлғаның белсенді жасампаздық
қажеттілігін дамытады.
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным
идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-
құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы тұтас педагогикалық процесте қалыптасады.
Дәл осы жерде ғылыми білімдерді меңгеру жүйесі мен оларды тәжірибеде
пайдалану, бұрынғы кездегі мәдени мұралармен, қазіргі ғылым негіздерімен
оқушыларды қаруландыру құралы болса, дүниетанымдық білімдерді терең сенімге
айналдыру оқушылардың іс-әрекет және мінез-құлық принциптеріне айналады,
қоғамдық бағыттарын анықтайды, іс-әрекетке дайындығын және өмірлік
ұстанымын қалыптастырады.
Дүниетанымдық білімін оқушылар дене ақыл-ой күшінің дамуына, білім
деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский
Әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің
жинақталған көзқарасы болуы керек... Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың
тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс,--деп жазды.
Маңызды педагогикалық мәселелердің бірі болып оқушылардың дүниетанымын
қалыптастыруға байланысты оқушылардың сенімдері мен өзіндік көзқарасының
заңдылықтарын ашу.
Ғалымдардың көзқарасы бойынша табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдерді
меңгеру – ғылыми дүниетанымды қалыптастыру негізінің маңызды шарты болып
табылады. Бірақта табиғат пен қоғам дамуының заңдылығын білу жеткіліксіз.
Саналы көзқарас, сенім ойдың болмауы адамда формальды түрде деректерді
меңгеруге және дүниетанымдық сипатты жалпылауға әкеп соғады.
Педагогтар мен психологтардың зерттеулері бойынша білім оқушылардың іс-
әрекетінің басты нәтижесі, олардың бойында теориялық сана мен.ойлауды
қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны – іс-
әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру.
И.Я.Лернер танымдық тапсырмалардың рөлін зерттей келе, оқушылардың
өздігінен жетістіктерге жету жолындағы бағдары және білімді пайдалануы
сезінуге жол ашады, яғни білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның
қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып
тұрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет
дейді (түсінік, баға, өлшем). Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі,
олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді.
Бірақта танымдық тапсырмалардың рөлі ғылыми сенімділіктерді қалыптастыру
жолында да өз маңызын жоймайды. Танымдық тапсырмаларды бір мезетте
қалыптастыру диагностикасы мен сенімнің тәсілі болып қызмет етеді.
Психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай келе, тұлғаның
дүниетаным ұйытқысын құру, ғылыми сенімді қалыптастыру құбылыстарының
мәселесін мынандай етіп бөлуге мәжбүр етеді:
- объективті мазмұны, маңызды қасиеті бар сыртқы дүние туралы дүниетаным
білімі болуы және оны меңгеру;
- олардың мағынасы мен құндылығын түсіну;
- олардың талаптарынан шығатын міндеттерге, шынайылыққа сенімділік;

- индивидтің қажеттілігі мен қызығушылығын есепке ала отырып,
меңгерілген білімді негіздеу;
- құбылыстар мен әлеуметтік фактілерді бағалау және ғылыми
талдаудың тәсілдерін меңгеру, білім берудің біліктілігін жаңғырту,
адамдардың іс-әрекетін, өмір құбылыстарын, әлеуметтік, саяси, экономикалық
және басқа да құбылыс фактілерін талдау және бағалау;
- өмірде осы білімдер арқылы басшылық жасай білу ұмтылу;
- белсенді іс-әрекетке субъект ретінде дайындық (шешім қабылдау, іс-
әрекет жоспарын жасау және негіздеу, бағалау, қабылданған шешімнің
дұрыстығын дәлелдеу.
Түрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойындар тағы басқа халықтың рухани
сезімін, адамгершілікті қасиетін, мінез-құлқын ғана қалыптастырып қоймай,
дүниетанымын кеңейтіп, түрлі білімдер негізінен мағлұмат береді. Бізге
келіп жеткен салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың өзінен қазақ халқының асқан
даналығы мен ғажап зердесі табиғатқа деген адамгершілікті көзқарасы
аңғарылады.
Бірсыпыра ғалымдарымыздың (Ғұзылхан А., Қалиев С., Оразаев М., Смаилов
М., Сағындықов Е., Табылдиев Ә. т.б.) еңбектеріне сүйеніп, қазақ

халқының танымдық мұрасының соншалықты молдығын қысқаша айтып кеткен жөн.
Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таң
қалдырғандай. Айталық; ең көне ескерткіш тас бетіне салынған сурет –
пиктограммалар. Тіршілік үшін тылсым табиғатпен тіл табысқан көне замандағы
бар білімі, таным түйсігі, зердесі, ақыл-парасаты, белгі-бейнелер түрінде
тас бетіне таңбаланған.
Киіз үй – қазақ халқының сан ғасырлық ақыл-ойының, өмірлік
тәжірибесінің табиғатты түсіне білуінің, шеберлік пен даналық
суреткерлігінің құдіретті туындысы. Ол - сәулет өнерінің әлемдік озық
үлгісінің бірі. Күрделі геометриялық беттердің біртұтастығы құрамы, олар
аспан санына негізделген. Белдеуі – зодиактік шеңбер. Шаңырақ – көк
күмбезінің кішірейтілген бейнесі. Түндік әлемінің төрт бағытын нұсқайды.
Уықтар саны дұрыс анықталғанда шаңырақтан түскен күн сәулесінің жүрген
жолынан бие сауым, сүт пісірім, ет асым, жүн тұсау бойы, Шілдір
бойы, арқан бойы көтерілді деген уақыт өлшемдері анықталған. Қорыта
келгенде киіз өнер туындысы ғана емес халықтың астрономиялық,
метеорологиялық математикалық, физикалық, экономикалық т.б. өмірлік
білімінің айқын көрсеткіші. Шаруашылық есебін жүргізу үшін қарапайым
есептің білімдер негізін білу қажеттілігіне сай бес саусақты пайдаланудың
әдістерін меңгерген. Саусақ буындарының жылдың төрт мезгілін, жыл
мезгіліндегі күннің ұзақтығын, бала тәрбиесінде тіл ашу, дүниені құраушы
тектерді анықтау тағы сол сияқты ұғымдар түсіндіріледі. Бес саусақ
негізінде құрылған білімдерді игеру негізінде әлемдегі бірлікті тану жүзеге
асады.
Халық ауыз әдебиетінің түрлі жанрлары терең білім мен ғылымның айғағы. Сөз
кездейсоқ айтыла салмай, халықтың дүниетанымын көрсететіндей белгілі бір
философиялық ойға құрылатындығы көрінеді.
Табиғаттағы заңдылықтың басы ұлы үйлесім (гармония), оның негізгі
шарттарының бірі танас (симметрия). Осылардың бәрі қазақ халқының
әрбір
нақыл сөзінде, ой тұжырымында, іс-әрекетінде зерделеп түсінуге болатындай
көрініс тапқан. Олай болса халқымыздың дүниетанымы табиғат біртұтастығынан
шыққан ғылыми білімдерден нәр алады.

II-ші тарауда Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде
оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға байланысты жүргізілетін
педагогикалық тәжірибе жұмыстарына тоқталдық.
2.1 Дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуының педагогикалық шарттары.
Орта білім беретін мектепте оқыту оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың
маңызды құралдарының бірі. Олай болса оқыту процесінде дүниетанымдық
көзқарасты қалыптастыру - бірнеше психологиялық-педагогикалық шарттарды
шешуді талап етеді.
Бірінші этапта оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда орта
білім беретін мектептің жұмыс жүйесіндегі барлық оқу пәндерінің орнын, пән
аралық байланысты анықтап көрсету қажет. Сондай-ақ, сабақтан тыс және
өздігінен жұмыс жүргізу кезінде мұғалімнің демеуімен оқушылардың бойында
оқу материалдарын терең және орнықты түрде қабылдау негізінде философиялық,
саяси-әлеуметтік және құлықтылық ойларын атап көрсету де осы бірінші этапта
қамтылады.
Екінші этапта мұғалім логикалық және шынайы қарым-қатынаста қиындайтын
атап көрсетілген ойларды түсініп, оны бірнеше сатыға бөледі, олар барлық
пәндерді оқыту барысында белгілі бір жүйеде орын-орнына
орналастырылады. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, олардың жеке
басының тәжірибесі, белгілі бір пән және бір-бірмен шектес пәндер
төңірегіндегі түсініктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниені дүниеге көзқарас арқылы танимыз
Дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Алты жасар балалардың дүниетанымын дамытудың психологиялық-педагогикалық проблемалары
Тәрбие процесі кезінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
География пәнінде өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың азаматтылықтарын қалыптастыру мүмкіндігі
Өзіндік жұмыстың маңызы
ПЕДАГОГИКА (сыртқы бөлім студенттеріне арналған қысқаша лекциялар курсы)
Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Пәндер