Вирустардың нәсілдік қасиеттері,олпрдың өзгергіштігі



I.Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Вирустардың нәсілдік қасиеттері.
2.Мутация түрлері.
3.Гендік инженерия.
4. Вирустарды лабораториялық жағдайда өсірі ерекшеліктері.
III.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Вирустардың молекуларлық биология, генетика, гендік инженерия ғылымдары үшін маңызы өте зор. Себебі көрсетілген ғылымдардағы зерттеулерде вирустарды негізгі модель етіп қолдануға болады. Нуклеин кышқылының нәсілдік функциясы — нәсілдік кодты шешу және клеткадағы макромолекулалардың құралуын зерттеу тек вирустардың көмегімен шешілді.
Нәсілдік инженерияда вирустарды қолданудың теория және практика үшін де маңызы зор. Себебі нәсілдік қасиеттер зертханалық жағдайда зерттеген кезде нуклеин кышкылының фрагменттерін ферменттер арқылы кез келгең жерінен кесіп, керекті генді ғана алып, оны басқа организмнің нәсілдік нұсқасына еңгізуге болады.
Мысалы: кұтырық вирусының генін алып, сол микробының клеткасына енгізсе, ондай микроб вирустың белогын шығарады. Осының арқасында қауіпсіз вакцина алуға болады. Мұндай вакциналарды гендік инженерия арқылы алынған вакцина деп атайды.
Вирусология ғылымының өсіп-жетілуі жаңа вирустар ашуға әсер етті, олардың саны өсті. Осыған байланысты вирус сақтайтын музейлер салына бастады. Мұндай музейлер бізде де, шет елдерде де бар.
Москвадағы вирусология институтыпда 1965 жылы вирусология коллекциясы, 1959 жылы АҚШ-та Вашингтонда вируетар коллекциясы ашылды. Чехияда, Прагада — эпидемиология, микробиология институтында, Жапонияда, Англияда, Швейцарияда вирустардың халыкаралық каталогі бар.
Қазіргі кезде вирусология жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы вирусология вирустардың табиғатын, шығу тегін, физикалық құрылымын, химиялық құрамын, өсіп-жетілуін, нәсілдік қасиеттерін зерттейді және вирустардың клеткалармен өзара байланыстарын, вирусқа қарсы иммунитетті, вирус ауруларын зертханалық тәсілдер арқылы зерітеумен айналысады.
Мутация (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланыстымутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар. Бұл тосыннан, кейде сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін .Генетикалық кодты анықтайтын жүйедегі бір азоттық негіздің орнын басқа біреу алмастырса немесе бір немесе одан да көп негіздер генге енгенде немесе геннен жоғалғанда гендік мутация пайда болады. Мутациялардың көбі зиянсыз; оларды үнемі қалыпты доминанттық ген жауып тұрады.
1.Мырзабекова Ш.Б «Ветеринариялық вирусология».А.2004ж.
2. Мырзабекова Ш.Б «Жалпы вирусология».А.1994ж.
3.Сюрин В.Н, Фомина Н.В «Малдардың вирустық аурулары»
4.Интернет желісі.
5.Бахитоват Р.А «Микробиология,вирусология пәнінен дәрістер жинағы».А.2014ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Вирустардың нәсілдік қасиеттері,олпрдың өзгергіштігі.Мутация түрлері.Гендік инженерия.Вирустарлы лабораториялық жағдайда өсіру ерекшліктеі,торша өсінділерін алу және олардың классификациясы.

Тексерген:Омарбеков Е.О
Орындаған: Рысбекова Ж.Ж

Семей 2015ж
Жоспар:
I.Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Вирустардың нәсілдік қасиеттері.
2.Мутация түрлері.
3.Гендік инженерия.
4. Вирустарды лабораториялық жағдайда өсірі ерекшеліктері.
III.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вирустардың молекуларлық биология, генетика, гендік инженерия ғылымдары үшін маңызы өте зор. Себебі көрсетілген ғылымдардағы зерттеулерде вирустарды негізгі модель етіп қолдануға болады. Нуклеин кышқылының нәсілдік функциясы -- нәсілдік кодты шешу және клеткадағы макромолекулалардың құралуын зерттеу тек вирустардың көмегімен шешілді.
Нәсілдік инженерияда вирустарды қолданудың теория және практика үшін де маңызы зор. Себебі нәсілдік қасиеттер зертханалық жағдайда зерттеген кезде нуклеин кышкылының фрагменттерін ферменттер арқылы кез келгең жерінен кесіп, керекті генді ғана алып, оны басқа организмнің нәсілдік нұсқасына еңгізуге болады.
Мысалы: кұтырық вирусының генін алып, сол микробының клеткасына енгізсе, ондай микроб вирустың белогын шығарады. Осының арқасында қауіпсіз вакцина алуға болады. Мұндай вакциналарды гендік инженерия арқылы алынған вакцина деп атайды.
Вирусология ғылымының өсіп-жетілуі жаңа вирустар ашуға әсер етті, олардың саны өсті. Осыған байланысты вирус сақтайтын музейлер салына бастады. Мұндай музейлер бізде де, шет елдерде де бар.
Москвадағы вирусология институтыпда 1965 жылы вирусология коллекциясы, 1959 жылы АҚШ-та Вашингтонда вируетар коллекциясы ашылды. Чехияда, Прагада -- эпидемиология, микробиология институтында, Жапонияда, Англияда, Швейцарияда вирустардың халыкаралық каталогі бар.
Қазіргі кезде вирусология жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы вирусология вирустардың табиғатын, шығу тегін, физикалық құрылымын, химиялық құрамын, өсіп-жетілуін, нәсілдік қасиеттерін зерттейді және вирустардың клеткалармен өзара байланыстарын, вирусқа қарсы иммунитетті, вирус ауруларын зертханалық тәсілдер арқылы зерітеумен айналысады.
Мутация (латын тілінде mutatіo - өзгеру) - табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 - 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланыстымутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар. Бұл тосыннан, кейде сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін .Генетикалық кодты анықтайтын жүйедегі бір азоттық негіздің орнын басқа біреу алмастырса немесе бір немесе одан да көп негіздер генге енгенде немесе геннен жоғалғанда гендік мутация пайда болады. Мутациялардың көбі зиянсыз; оларды үнемі қалыпты доминанттық ген жауып тұрады.
Кейбір мутациялар айтарлықтай салдар туғызады; мысалы, ата-анасының екеуінен де тұқым қуалақшылықпен берілген белгілі бір мутация Орақ-жасушалы анемияныңпайда болуына әкеп соғады. Ұрпаққа жыныстық жасушаларда пайда болған мутациялар ғана беріледі. Әдетте, бұндай мутациялар ағзаға қауіпті. Мутация ағза үшін тиімді өзгерістерге әкеп соғатын сирек кездесетін жағдайларда осы гені бар дербес ағзалардың саны мутацияға ұшыраған ген популяцияда қалпына келмейінше арта береді. Бұндай пайдалы мутациялар эволюцияның материалы болып табылады.
Геномдық мутация - клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі. Оның бірнеше түрі бар: 1) полиплоидия - хромосома жиынтығының бірнеше еселеніп өсуі; 2)анеуплоидия - хромосома жиынтығының еселенбей өсуі; 3) гаплоидия - диплоидты (екі еселенген) хромосома жиынтығының кемуі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Хромосомалық мутация

Хромосомалық мутация түрлері: делеция, дупликация, транслокация
Хромосомалық мутация - микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымындағы өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына, қосарланып кетуіне немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына байланысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Гендік мутация

ДНҚ молекуласының ултрафиолет сәуленің әсерінен өзгеріске ұшырауы
Гендік немесе нүктелік мутация деп ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруін айтады. Ол молекулалық деңгейде өтеді, микроскоп арқылы көрінбейді. Мутация нәтижесінде ағза биохимиялық, физиологиялық, морфологиялық өзгерістерге ұшырайды. Организмдегі бұл өзгерістер бірден немесе біраз уақыттан кейін біртіндеп байқала бастайды. Полиплоидты мутанттардың клеткалары мен органдарының көлемі ұлғайып, хромосома жиынтығы жұп болса, оның ұрпақ беру қабілеті сақталады, ал тақ болса бұл қабілеті сақталмайды. Гендік мутация кезінде ағза үлкен өзгеріске ұшырайды. Кейде бір геннің өзгеруінен ағзаның бірнеше белгі-қасиеттері өзгереді. Гендік мутация доминантты ,жартылай доминантты және рецессивті болады. Хромосомалық және гендік мутациялардың себебі көпке дейін белгісіз болып келді. Бұл өзгерістер ағзаға әр түрлі физикалық, химиялық факторлар - мутагендердің әсер етуінен пайда болады. Мысалы, радий сәулелерінің саңырауқұлақта тұқым қуалайтын өзгеріс тудыратындығын 1925 ж. орыс ғалымдары Г.А. Надсон мен Г.С. Филлипов ашты. 1927 ж. АҚШ ғалымы Г.Меллер жасанды мутацияның рентген сәулелерінің әсерінен болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. АҚШ генетигі С.Райт (1889 - 1988), орыс ғалымы С.С. Четвериков ,ағылшын биологі Дж. Холдейн (1892 - 1964) қазіргі популяциялық генетиканың негізін салып, мутацияның эволюциялық мәнін ашты. Мутация көпшілік жағдайда ағза үшін зиянды болып келеді. Түрлі тұқым қуалайтын аурулар мен кемістіктерді тудырып, кейде тіпті өлімге душар етеді. Сонымен қатар кейбір мутациялар ағзаға пайдалы өзгерістер де алып келеді. Мысалы, гендік мутация (табиғи және қолдан сұрыптауға қажетті негізгі материал береді) өсімдіктер, жануарлар және микроазғаларды сұрыптау жолымен жаңа түрін алғанда кейбір қасиеттерін жақсартады.
Гендік инженерия , генетикалық инженерия -- генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ, тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу; молек. биологияның бір саласы. Гендік инженерия әр түрлі организмдер геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ құрастырумен қатар, ол рекомбинатты молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп, жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етеді. Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 ж. американ биохимигі Т. Берг іске асырды. Ол маймылдың онноген вирусы SV-40-тың толық геномын, бактериофаг -- L геномының бір бөлігін және Е. Colі бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы рекомбинантты ДНҚ алды. 1973 -- 74 ж. Америка биохимиктері С. Коэн, Г. Бойер, т.б. түрлі ағзалардан бөліп алынған генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Бұл тәжірибе басқа организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Жануарлар клеткаларымен жүргізілген тәжірибелерде бір клетканың ядросын екіншісімен алмастыруға, екі немесе бірнеше эмбриондарды қосып біріктіруге, оларды бірнеше бөлікке бөлшектеуге болатыны анықталды. Мыс., генотиптері әр түрлі тіндердің клеткаларын біріктіру арқылы тышқанның аллофенді особьтары алынды. Гендік инженерия-ның теориялық негізіне генетикалық кодтың әмбебаптылығы жатады. Бір ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мутация түрлері. Гендік инженерия
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері туралы ақпарат
Генетика және мутация
Вирустардың нәсілдік қасиеттері. Мутация түрлері. Гендік инженерия
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігімутация түрлері гендік инженерия туралы ақпарат
Вирустардың нәсілдік қасиеттері,олардың өзгергіштігі.Мутация түрлері.Гендік инженерия
Вирустар туралы
Вирустар және мутация
Вирустардың нәсілдік қасиеттері,олардың өзгергіштігі
Пәндер