Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру жайлы



1. Кіріспе
А. Қазақстандағы қызыл кітапқа енген жануарлар
2. Негізгі бөлім
А. Жалман
В. Алтай арқары
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру

Орындаған: Советбаев Ә. А
Тексерген: Тугамбаева С. М

Семей 2015

Жоспар:
Кіріспе
А. Қазақстандағы қызыл кітапқа енген жануарлар
Негізгі бөлім
А. Жалман
В. Алтай арқары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 -- 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 -- 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде "Қызыл кітап" қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Жалман (лат. Selevinia betpakdalaensis) - кемірушілер отрядына жататын кішкентай тышқан.
Жалман - селевиния, бұл кішкентай аңның латынша селевиния деген аты Қазақстан табиғатын қажымай зерттеуші Виктор Алексеевич Селевиннің құрметіне берілген. Жалман денесі 97 мм-ден аспайтын кішкентай кеміргіш. Құйрығы денесінен қысқа, түп жағы жуан, бірақ қысқа жүндермен жабылған және сақина тәрізді майда қабыршақтармен қапталған. Артқы аяқтары алдыңғыларына қарағанда сәл ұзын. Жалманның өзіне тән ерекшелігі - үлкен әрі қозғалмалы құлақ қалқанын желпуіш тәрізді жинай алатыны. Соған байланысты оны кейде Қалқанқұлақ деп те атайды. Ересек аңдардың салмағы 20-22 г, ал буаздарының салмағы - 27 г-ға дейін жетеді. Таралу аймағына Бетпақдала, Сарысу өзенінің көптеген аудандары, солтүстік шығыс Балқаш өңірінің біраз аудандары, Алакөл және Зайсан ойпаттары кіреді. Жалмандардың мекендейтін ортасы - қалың ағаш пен бұталар өскен жерлер, жалманға әсіресе ұнайтын жерлер - бұталы өсімдік баялыш өсетін жерлер. Бірақ жалманның мекендеу ортасы әртүрлі болатыны анықталып отыр. Ол ешқандай өсімдік өспеген борпылдақ сортаңдарда да, Аягөз қаласы мен Тарбағатай тауының етегіндегі ашық учаскелерде кездеседі.
Жалман тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстігі мен шығысында, Алакөл және Зайсан ойпаттарында қиыршықтасты, баялыш пен сораң өскен саз топырақты жерлерде, теріскен, қараған, сексеуіл арасында мекендейді. Дене тұрқы 75 - 95 мм, құйрығының ұзындығы 58 - 77 мм, салмағы 21 - 24 г. Сыртқы пішіні қарақасқа ұқсас. Түгі қалың, арқа жүні ақшыл сарғыш. Ін қазбайды, басқа кемірушілердің тастап кеткен інін пайдаланады. Секіріп жүреді, өсімдікке жақсы өрмелейді және бұталарда жақсы өрмелейді. Мамыр айының аяғынан бастап, жылына 1 рет 4 - 8-ден ұрпақ береді. Жалмандар сәуірден қыркүйекке дейін белсенді тіршілік етеді. Ауа температурасы +3°С төмен болатын күз, көктем мезгілдерінде және қыста ұйқыға кетеді. Негізінен ұсақ жәндіктермен (әсіресе шегірткемен), кейде өсімдікпен де қоректенеді. Су ішпейді (қорегінің құрамындағы ылғал жеткілікті болады). Жалман табиғатта өте сирек кездеседі. Оны алғаш тауып, сипаттаған В.А. Селевин (1938). Қазір Жалманның тек 40-тай дарабасы белгілі.

Жалманның биологиясы жөнді толық зерттелмеген, санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сондықтан Қазақстанның және бұрынғы КСРО-ның Қызыл кітаптарында (1978) бұл аңды аулауға тыйым салынғаны хабарланып, қорғаудың неғұрлым тиімді шараларын жүргізу үшін оның биологиясын зерттеу қажет деген ұсыныс жасалған.
Алтай арқары Алтай-Саян өмір сүрген оқшауланған жерлерде бөлінген шағын кеңістікте тау жүйесі, (1). ХІХ ғасырдың соңында. тек Оңтүстік-Шығыс Алтайда vstre- chalsya. Қазіргі уақытта уақыты, бақылаулар Г. Sobanskogo сәйкес, бойынша Алтайдың қиыр оңтүстік-шығысында тұрады сағ. Жотасының оңтүстік КЕҢЕС Saylyugem. Жотасының солтүстік баурайында Chikhacheva. Оңтүстік Алтай, сондай-ақ Оңтүстік Shapshalskogo жотасының. Алтайдың Мүмкін, өте аз тау қой жыныстарын Talduair сақталған. Тыва, арқар орын жоталары Танну-Ола және Saylyugem (1). XP тау ЖЖҚ мекендейтін. Chikhacheva және Talduairu арқылы melkotravnye шөп далалар болып табылады; альпілік cobresia, Шөпті шалғынды-cobresia тундралық, бұталы тундра және жартасты-қиыршықтасты тундра. Бұл мекен ету орталары жер үш топ болып табылады: тау дала, альпілік және тау тундрасы.
Алтай арқары (лат. Ovis ammon ammon) - жұптұяқтылар отряды, қуысмүйізділер тұқымдасының бір түрі. 19 ғ-дың басында батыс және оңт. Алтай тауларында кең таралған. 19 ғ-дың 70-жылдарында бұл тауларда ол жойылып кетті. Қазақстанда қазіргі кезде А. а. Күршім жотасында, Қалмашық өзенінің жоғарғы ағынындағы биік тау беткейлерінде және Бұқтырма су қоймасының солт.-шығыс жағындағы тауларда тіршілік етеді.

Негізінен теңіз деңгейінен 800 - 3000 м биіктіктегі тау шалғындарында мекендейді. Жазда таудың альпі және субальпі белдеулерін мекендесе, күз түсе тау етектеріне қарай қоныс аударады. Қошқарының шоқтығының биіктігі 125 см-ге, мүйізінің ұзындығы 129 см-ге дейін жетеді. Алтай арқары дәнді дақылдармен, шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. 3 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан - қарашада күйлеп, сәуір - мамыр айларында төлдейді. Әдетте жалқы қозықа туады. Алтай арқары - өте бағалы аң. Саны азайып, таралу аймағы қысқарып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына еңгізілген.

Қорытынды
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды.
Жалман - селевиния, бұл кішкентай аңның латынша селевиния деген аты Қазақстан табиғатын қажымай зерттеуші Виктор Алексеевич Селевиннің құрметіне берілген. Жалман денесі 97 мм-ден аспайтын кішкентай кеміргіш. Құйрығы денесінен қысқа, түп жағы жуан, бірақ қысқа жүндермен жабылған және сақина тәрізді майда қабыршақтармен қапталған.
Алтай арқары (лат. Ovis ammon ammon) - жұптұяқтылар отряды, қуысмүйізділер тұқымдасының бір түрі. 19 ғ-дың басында батыс және оңт. Алтай тауларында кең таралған. 19 ғ-дың 70-жылдарында бұл тауларда ол жойылып кетті.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Республикадағы аңшы шаруашылығын дамыту

Орындаған: Советбаев Ә
Тексерген:Тугамбаева. С. М

Семей 2015
Аңшы -- аң аулауды кәсіп еткен адам. Оны құсбегі, бапкер деп те атайды. Қазақ аңшылыққа: "Бүркітші үстіңді бүтіндейді, қыбыңды қандырады, қақпаншы қарныңды тойғызады, тұзақшы аш қалдырмайды..." деп тіршіліктің бір тұтқасы ретінде қараған. Кейде аңға көңіл көтеру үшін де шығады. Ит жүгіртіп, құс салу серілік салтанат деп саналған. Қазақ ішіндегі А-лар қолданған құралы, істеген амалына қарай былайша жіктеледі:
Саятшы -- аңға қан сонарда шығады. Қыран бүркіт, ұшқыр тазы, түзу мылтық пайдаланады. Бұзау тіс қамшы, сойыл да ұстайды.
Мерген -- садақпен, мылтықпен аң атады. Аю, қасқыр, бұғы, марал, арқар, елік, таутеке, қарақұйрық т.б. аң алады.
Қақпаншы -- аңды қақпанмен аулайды. Түлкі, қасқыр, суыр секілді аңдардың ініне, жүретін жолына қақпан құрады.
Моршы -- түлкі, күзен секілді аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды.
ҚазАқпарат - Қазақстанда аңшылар мен аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестігі құрылмақ.Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствоның атап өтуінше, бүгін ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ҚР Заңына енгізілген аңшылық шаруашылықтарын дамыту мәселелерін реттейтін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жөніндегі кеңес өткізді. Оған республиканың барлық облыстарының аңшылары, аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық испекцияларының басшылары қатысты.
Қазіргі кезде республика аумағында 100 мыңнан астам аңшы, 650-ге жуық аңшылық шаруашылық, қоғамдық қорлар, аңшылық дүкендер және аң аулау мен шетелдік туристердің саятшылығын ұйымдастыратын ұйымдар тіркелген.
Айта кетерлігі, 2011 жылы аңшылық ісін пайдаланушылармен аңшылық шаруашылықтарын дамытуды қаржыландыруға 1415,3 млн. теңге бөлінді.
Аңшы куәлігін беру
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасында ескі үлгідегі аңшы билетін Қазақстан Республикасының аңшы куәлігіне ауыстыру, сондай- ақ жаңадан кірген аңшыларға аңшы куәлігін беру жүргізіледі.

Жаңадан кірген аңшылар аңшы куәлігін алу үшін Аңшылар мен балық аулаушылардың Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі жүргізетін аңшылық минимум бағдарламасы бойынша дайындық курсынан өтуі және Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасында сауалнама-өтініш толтыруы керек.

Және өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) өтініш берушінің өзі көрсеткен тұрғылықты жері бойынша тұратынын (тіркелгенін) растайтын құжат (тұрғылықты жерінен анықтама немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі);
3) Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігінің көшірмесі (СТН);
4) көлемі 3х4 түрлі- түсті үш фотосурет;
5) аңшылық минимум бойынша курсты бітіргені туралы құжаттың көшірмесі.

Аумақтық басқарма 10 күн ішінде сауалнама- өтнішті қарайды және өтініш берушіге оның аңшылық минимумы бойынша емтиханға жіберілуі (не жіберуден дәлелді бас тарту туралы), емтиханның күні мен оның өткізілетін жері туралы хабарлайды. Аңшылық минимум бойынша емтихан жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, жабайы жануарлардың биологиясы, аңшылық қаруды және басқа аулау құралдарын, аң аулайтын иттер мен қыран құстарды ұстау мен пайдалану саласындағы заңнама мәселелерін қамтитын уәкілетті орган бекіткен тестілік тапсырмалар бойынша тестілеу әдісімен жүргізіледі.
Аңшылық минимум бойынша емтихан қабылдауды тұрақты жұмыс істейтін емтихан алу комиссиясы жүзеге асырады.
Емтихан тапсырушы бір сағат ішінде 25 тест сұрақтарының 20- сына дұрыс жауап берген жағдайда емтихан нәтижесі оң деп есептеледі. Бес қатеден асқан жағдайда емтихан тапсырылмаған болып есептеледі және өтініш беруші емтиханды қайтадан тапсыруға жіберіледі. Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған жағдайда, өтініш берушіге аңшы куәлігін алуға бір жылдан кейін ғана өтініш беру мүмкіндігі беріледі.
Аңшы куәлігін беру емтихан тапсырғаннан кейін 10 күннен кешіктірмей жүргізіледі. Емтихан комиссиясының хаттамасы аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады. Аңшы куәлігі 10 жыл мерзімге беріледі және жыл сайын 31 наурызға дейін облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасында (10% ТЕК (МРП) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлегеннен кейін) міндетті түрде тіркелуге тиіс. Тіркелгені туралы белгісі жоқ аңшы куәлігі жарамсыз деп танылады.
Аңшы облыс аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге көшкен кезде облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасынан есептен шығуы керек және 30 күн ішінде жаңа тұрғылықты жері бойынша аумақтық басқармаға есепке тұруы қажет.
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы Аң аулау ережесіне сәйкес рұқсат берілген олжалау құралдарының түрлерін (атыс қаруынан басқа), иттер мен қыран құстарды қолданып аң аулауға аңшы куәлігі бар жасы он төртке толған жеке тұлғалардың, аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулауға аңшылық атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаты және аңшы куәлігі бар жасы он сегізге толған жеке тұлғалардың құқығы бар екендігін ескертеді.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ортадағы өзгерістерге және анттропогендік факторларға аңдардың бейімделуі.

Орындаған: Советбаев Ә
Тексерген:Тугамбаева. С. М

Семей 2015
Жануарлар (лат. Animalia) -- тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі - өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған.Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы - 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 - 1,5 млрд. жыл бұрынжасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді.Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәршығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар - ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
Жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттілігі; белгілі бір экологиялық жағдайға бейімділігі. Бағдарланудың бірнеше түрі бар: 1) оптикалық - көптеген жәндіктердің полярланған жарық немесе ультракүлгін сәуле арқылы бағдарлануы; 2) химиялық - кейбір жануарлардың қорегін, жұбын иіс арқылы дәл табуы (мысалы, жібек көбелегінің аталығы 10 км жерден аналығын иіс арқылы сезеді); 3) акустикалық - жыртқыш жануарлардың өз қорегін есту арқылы ұстауы (мысалы, жапалақ кеміргіштерді 15 - 20 м-ден сыбдыры арқылы біледі); 4) терморецепция - жылу арқылы бағдарлану (мысалы, айдаhарлар мен қалқантұмсықты жыланның тұмсығында жылуды сезетін шұңқыры болады). Көптеген төменгі сатыдағы омыртқасыздар (мысалы, планария), жәндіктер (шыбын, қоңыз, термиттер), сондай-ақ, құстар және кейбір суда тіршілік ететін сүтқоректілер Жердің магниттік өрісі, ал балықтар бүйір сызығы арқылы бағдарланады. Жануарлардың бағдарлану ерекшелігін, оны атқаратын органдардың құрылысын зерттеп танудың ғылым үшін маңызы зор.
Бір түрге, кейде әр түрге жататын жануарлардың өзара бірін-бірі ажырату және түрлі сезімін білдіру үшін шығаратын дыбыстары. Бұл көптеген жәндіктерге, балықтарға, құйрықсыз қосмекенділерге (құрбақа, бақа), кейбір бауырымен жорғалаушыларға (жармасқылар, хамелеондар, қолтырауындар) және барлық құстар мен сүтқоректілерге тән. Жануарлардың дыбыс диапазоны 20 Гц - 20 кГц аралығында және ол тек дыбыс аппараты арқылы ғана пайда болатын дыбыс (шаянтәрізділерде, жәндіктерде) емес, балықтың торсылдағымен, жүзу қанатымен, құстың құйрық қауырсынымен, қанатымен, тұмсығымен (қарабауыр бұлдырық, дегелек), аяғындағы не қанатындағы арнайы аппараттарымен (түзу қанатты жәндіктер) шығаратын дыбыстары да болады. Жануарлардың сайрау, қорқу, айбат шегу, ашыққан, сескенген, жұптасу кезінде шығаратын әртүрлі дыбыстары болады. Кейбір жануарлар дауысын ғалымдар шаруашылыққа зиян келтіретін құстарға, жәндіктерге, т.б. кейбір хайуанаттарға қарсы пайдаланып, бау-бақшаны, егістікті қорғайды. Мысалы, Қазақстан орнитологтары қараторғайдың шығаратын дыбыстарын жазып алып, акустикалық әдіспен жүзім бағының зиянкестеріне қарсы қолдануда.
Жануарлардың жүзуі - жануарлардың суда тіршілік етуге бейімделуінің бір түрі. Бұл шартты және шартсыз рефлекстер салдарынан да қалыптасады. Жануарлар жүзуге әртүрлі жағдайда бейімделген. Кейбір түрі тіршілігінің көп уақытын (су жануарлары, қосмекенділер) суда жүзіп өткізсе, құрлық жануарлары жолындағы кедергіден, судан өткенде не суға кенет түсіп кеткенде жүзеді. Жануарлардың суда жүзіп тіршілік етуге бейімделуі активті және пассивті болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру
Аңдар биологиясы жайлы мәлімет
Қарақұйрықтылар отрядының морфофизиялық мінездемесі
Аңдар биологиясы
Барсакелмес қорығы
Биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің экологиялық жағдайы
Маралдың биологиясы мен экологиясын зерттеу тәсілдері
Сүтқоректілерді қорғау
Экологиялық туризмнің негізгі міндеті – табиғатты сырттай бақылау
Пәндер