Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу
Орындаған:Махметов. Н. М
Тексерген: Муратбаев Д. М.
Семей 2015
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1Тыныс алу жүйесі
2. 2Негізгі тыныс алу шулары
2. 3Амфорикалық шулар
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Аускультация (Auscultatio) - организмдегі алыстан естілмейтін дыбыстық көріністерді естуге негізделген науқасты зерттеудің обьективті әдісі. Аускультацияны зерттеу әдісі 1819 ж Лаэннек болды. Ол “ Тікелей тыңдау және өкпе мен жүрек аурулары ” атты трактат шығады. Өкпені тыңдағанда оның ауруына сәйкес өзгерген дыбысты, шуды естіп, дертін анықтауға болады. Жүрек соғуын тыңдап, оның өзгеруіне қарай жүрек қақпақшаларының ақауын табуға болады. Барлық ішкі мүшелерді Аускультация әдісі арқылы тыңдап, аурудың түрін анықтауға мүмкіндік туған. Әрбір мүшені арнаулы аспаптар - стетоскоп, фонендоскоп арқылы тыңдауға болады
Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды тұрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.
Тыныс алу жүйесі деп организмді оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл газдың денеден бөлінуін және организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет қуаттың (энергаяның) бөлінуін қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады. Адам мен омыртқалы жануарларда ол сыртқы тыныс мүшелершен, газдардың қанмен тасымалдануын қамтамасыз ететін тетіктерден, ұлпалық тынысты қамтамасыз ететін органеллалардан, осы жүйе жұмысын реттейтін және ондағы ықпалдастықты (интеграция) қалыптастыратын механизмнен құралады. Тыныс аппараты деп организмнің тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады.
Адам мен жоғары сатыда дамығын омыртқалыларда тыныс алу процесі бірнеше кезеңде атқарылады:
1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағы ауа алмасуы, немесе сыртқы тыныс;
2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасын-дағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу;
3) газдардың қанмен тасымалдануы;
4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүше торшалары арасындағы газ алмасу - ішкі тыныс;
5) торшалардың оттегін пайдаланып, көмір қышқыл газды бөлуі, немесе торшалар митохондрияларындағы биологиялық тотығу.
Тыныс алу мүшелерінің аускультативті белгілерін негізгі шу мен жанама шуларға бөлеміз.
Негізгі тыныс алу шулары.
Негізгі тыныс шулары пациент тыныштықта мұрынмен дем алғанда естіледі (ауыз жабық) , жанама - ауызбен терең дем алғанда. Бірінші тыныс типін, сосын жанама тыныс шуларын анықтайды.
Сау адамда екі негізгі тыныс шуы естіледі, (тыныстың 2 типі ) : везикулярлы ( альвеолярлы ) тыныс, бронхиальды, ларинготрахеальды тыныс.
Везикулярлы тыныстың даму орны альвеолалар. Ол тыныс алғанда альвеолдардың қабырғаларының тез ашылуынан пайда болады. Альвеолдардың қабырғалары керіліп, тербеледі және везикулярлы тыныс деп аталатын шуды береді.
Везикулярлы тыныс жұмсақ үрлемелі шумен сипатталады, ол дем алғанда “Ф” дыбыс береді. Везикулярлы тыныс дем алудың өн бойында және дем шығарудың алғашқы бөлігінде естіледі. Дем алу дем шығаруға қарағанда ұзақтау және интенсивті . Графикалық түрде дем шығару дем алудың 1∕ 3- 1∕4 бөлігін құрайды . Дем шығару қысқа, өйткені дем шығарғанда альвеола қабырғалары тез жабылып, кернеу мен тербеліс өніп, оның дыбыс белгілері төмендейді.
Везикулярлы тыныс кеуде клеткасының беткейіне жақын орналасқан өкпе ұлпасы бар жерде, эталон 2 қабырға аралықта бұғана ортаңғы сызықпен, аксиллярлы облыс, жауырынның төменгі бұрыштарында жақсы естіледі.
Везикулярлы тыныстың өзгерістері:
Везикулярлы тыныс патологиялық, кейде бірқатар физиологиялық жағдайларда өзгеруі мүмкін, сонымен бірге өзгерістер сандық немесе сапалық болуы мүмкін.
Сандық өзгерістер ( әлсізденуі) физиологиялық жағдайда кездеседі.
Тері асты клетчатканың ісігінде, кеуде қабырғасының семіру қалыңдауы кезінде
Мускулатураның күшті дамуынан, өкпенің патологиясынсыз әлсіреген адамдарда, ауырсыну кезінде - мысалы, қабырға сынғанда, ауырған кезде науқас беткей дем алғанда диафрагманың жоғары көтерілуінен - асцит, метеоризм.
Везикулярлы тыныстың патологиялық өзгерістері кездеседі.
Көмей, трахея, ірі бронхтардың шырышты қабатының ісінумен, қуыстың бөгде денемен бітеліп қалуында, ісікпен қосылғанда, үлкейген лимфа түйіндерімен бітелгенде және т. б. Ауа өткізу жолдары тарылғанда аз керіледі, ал аз керілгенде альвеола қабырғасының күші төмендейді.
Өкпе эмфиземасында - альвеола қабырғасының эластикалық кішірейгенде және де өкпенің бүкіл беткейінде естіледі.
Өкпенің қабынуында : аурудың бастапқы және соңғы кезеңдерінде . Әлсіреу альвеола қабырғасының экссудатпен толуынан эластикалық қасиетінің жоғалуынан пайда болады және альвеолалардың қабырғасын зақымдалуын қабыну процесіндегі нәтижесінде.
Плевра қуысына сұйықтықтың жиналуы ( плеврит, гидроторокста) және ауаның жиналуы тіпті жоғалып кетуі мумкін.
Плевра жапырақшаларының қалыңдауы мен қысқаруында ( Плеврит нәтижесінде ) Плевра жапырақшалары қалыңдағанда дыбыс өткізбейді.
Қабырғаның сынуы нәтижесінде бір жағының тыныстық жылжымалылығының рефлекторлы төмендеуі, құрғақ плевритпен қабырғааралық невралгияда ауырсыну сезімі.
Әлсіз везикулярлы тыныс кейде “ аускультативті сферада ” Қалыпты өкпе ұлпаларымен бірге тығыздалған аймақтарды тыңдағанда байқалуы мүмкін. Тығыздалға\н ұлпалар везикулярлы тыныс түзуге қатыспайды
Везикулярлы тыныстың физиологиялық жағдайларда күшеюі.
Бір жақта патологиялық процесс дамып, өкпе немесе оның бір бөлігі істен шықса, сау жері істен шыққан өкпенің қызметін өзіне алады (викарлы немесе компенсаторлы күшею)
Везикулярлы тыныстың сапалық өзгерістері қатты везикулярлы тыныс және ұзақ дем шығарумен сипатталатын тыныс түрінде көрінуі мүмкін . Қатты везикулярлы тыныс жұмсақ везикулярлы тыныстан біртекті еместігімен ажыратылады. Қатты везикулярлы тыныс бронхиттерде кездеседі. Бронхтардағы қабыну процестері шырышты қабаттардың ісінуіне әкеліп, ал ол біртекті емес бронх қуысының тарылуына әкеледі. Дем алғандағы ауа бірқатар тарылған жерлерден өтеді, ол стенотикалық шу туғызады. Бұл кезде бронхтардың тарылуы шамалы ғана - пайда болатын шулар интенсивтілігі төмен . Бірақ қалыпты везикулярлы тыныспен қабаттасып, оларға қаттылық береді. Қатты везикулярлы тыныс - везикулярлы тыныстың сапалық, күшейген везикулярлы тыныс - сандық өзгерістеріне жатады. Егер бүкіл дем шығару кезінде тыныс шуын естісек, бұл жағдайда везикулярлы тыныс күшейген дем шығарумен жүреді.
Ұзарған дем шығарумен жүретін везикулярлық тыныс, қатты везикулярлы тыныс сияқты бронхиттерде кездеседі. Дем шығарудың ұзаруы альвеолдардың қабысуының қиындауына негізделген. Ол альвеолдардан қуысы тарылған ұсақ бронхтарға ауаның шығуына кедергі болады.
Егер ұзарған дем шығару ылғи өкпе ұшында естілетін болса, онда осы белгі тән туберкулездік процесстің дамуын көрсетеді ұзарған дем шығарумен везикулярлы тыныс бүкіл өкпеде естілсе ол бронхиальды астманың белгісі болып табылады.
Саккадирленген ( үзілісті ) тыныс - бұл кезде тыныс шуы дем алғанда біркелкі емес, үзілісті тыныс алумен сипатталады, тыныс шығару біркелкі .
Саккадирленген тынысты физиологиялық жағдайда тыныс, бұлшықетінің біркелкі жиырылмауынан жылыған кезде байқауға болады. Саккадирленген тыныстың шектеулі аймақта пайда болуы, әсіресе өкпе ұшында естілуі бронхтардың шырышты қабатының ісінуінен немесе бронхтарды тарылтатын, майда бронхтарда шырыштың болуынан ауаның альвеолаға өтуінің қиындығын көрсетеді. Туберкулез кезінде болуы мумкін.
Бронхиальды тыныс көмей, трахеяда дыбыс саңылауы арқылы ауа өткенде пайда болады. Бронхиальды тыныстың түзілу орны дыбыс саңылауы. Ауа дем алу кезінде жіңішке дыбыс саңылауы арқылы өтіп, шу тудыратын діріл шақырады. Дем шығару фазасында ауа трахеядан кеңірек көмейге шыққанда діріл туғызып, шу шақырады . Дем шығару кезіндегі дыбыстар күштірек, ұзағырақ, қатаңдау.
Ауа қозғалысының көмей арқылы қозғалысында пайда болады шулар бронхиальды бұтақ арқылы таралады, бірақ кеуде клеткасына өтпейді . Бұл тыныс пайда болу орнына байланысты ларинго - трахеальды деп аталады. Бронхиальды тынысты дем шығарған да “Х” әрпін айтқызу арқылы шығаруға болады. Бронхиальды тыныс кезінде дем шығару ұзақ, қатты. Бронхиальды тыныстың эталоны физиологиялық жағдайларда көмей, трахея үстінен, кеуде клеткасына трахеяның бифуркациясының проекциясы орындарынан ( мойындырық ойығы) , төстің денесінің алдынан, 3-4 кеуде омыртқаларының жауырынаралық, аймағында, 7- мойын омыртқасының өсіндісінің деңгейінде естіледі. Кеуде клеткасының басқа аймақтарында өкпе ұлпасы тығыз орналасқандықтан, кеуде клеткасы мен бронхтардың аймағында бронхиальды тыныс тұйықталады және естілмейді.
Тек қана бронхиальды тынысқа тән өте маңызды феноменге назар аудару керек ( отандық әдебиетте бұл ерекшелік айтылмаған ) Бұл аускультативті үңгір дыбыссыз үзіліс дем алу мен дем шығару фазасы арасында дыбыс болмайтын қысқа кезең.
Егер бронхиальды тыныс қалыпты везикулярлы тыныс естілетін жерлерде естілсе, онда бронхиальды тыныс патологиялық болып саналады.
Бронхиальды тыныстың мындай түрлері бар:
Амфоралық тыныс бос тамырға ауа үрлеген кездегі дыбысты еске түсіреді. Amphora ауызы тар тамырға ұқсайды . Амфоралық тыныс өкпеде диаметрі 5-6 см кем емес, қабырғасы тегіс, ірі бронхпен байланысқан, кеуде клеткасына жақын орналасқан куыс болганда пайда болады. Дем шығару дем алудан ұзақ, бірақ жай бронхиальды тыныстан тыныш.
Тыныш бронхиальды тынысты компрессионды ателектаз аймағынан естіледі . Ірі бронхтарға өкпенің тығыздалған бөлігіне жақын орналасады.
Металлдық бронхиальды тыныс - қатты дыбыспен және өте жоғары тембрмен сипатталады. Металлды ұрғандағы дыбысты еске түсіреді. Металлдық бронхиальды тынысты плевралық қуыстағы ауа сыртқы ортамен байланысқанда, ауаға толық жазық қабырғалы куыс бронхпен байланысқанда естуге болады.
Стенотикалық тыныс бронхиальды тыныстың күшеюімен сипатталады, араның дауысына ұқсайды. Трахея немесе ірі бронхтың тарылуында байқалады немесе физиологиялық бронхиальды тыныс естілетін аймактарда естіледі.
Бронховезикулярлы тыныс немесе аралас тыныс ұзақ дем шығаратын везикулярлы тыныспен бронхиальды тыныстың арасындағы дыбысты қамтиды. Бұл кезде бір тыныс актісі біркелкі. Әдетте дем алу везикулярлы, ал дем шығару бронхиальды.
Аралас тыныс алу сау адамдарда кейде оң өкпе ұшында соымен қатар өкпенің қалыпты ұлпасымен бірге тығыз ошақтар орналасқан аймактарда естіледі. Оның ошактары терен немесе беткей орналасуы мүмкін, егер терен орналасса везикулярлы тыныс басым, ал беткей орналасса бронхиальды тыныс басым болады.
Жанама тыныс шулары (амфорикалық)
Сырылдар:
1. Құрғақ
2. Ылғалды
3. Крепитация
4. Плевраның үйкеліс шуы
Жанама тыныс шулары қалыпты жағдайда естілмейді. Оларды ауызбен терең дем алғанда естуге болады.
Қазіргі кезде Халықаралық ассоциацияның пайымдауынша барлық жанама тыныс шуларын үзілісті, үзіліссіз, ұзартылған түрлерге бөлген. Үзілісті шулар ылғалды шуларға жатады(crackles-сықыр) . Олар қатаң ( ірі көпіршікті) және нәзік( майда көпіршікті) , пайда болу фазасына қарай ерте және кеш болып бөлінеді.
Сырылдар (rhonchi) тыныс алу жолдарында патологиялық секреттердің болуынан пайда болады. Құрғақ сырылдар (rhonchi sicci) трахеобронхиальді ағашта тұтқыр қақырық жиналып қалады, ол ауа өткенде дірілдеп сырыл тудырады. Олар дем алу мен дем шығару кезінде естіледі, оның қаттылығы, тембрі мен биіктігі зақымдалған бронхтардың диаметріне және ондағы ауа қозғалысына байланысты. Дауыс феномендерінің суммациясына байланысты құрғақ сырылдарды биік, дисканты және төмен түрлерге бөледі. Қабыну процесстерінің таралуына байланысты локальді немесе таралған болуы мүмкін.
Ылғады сырылдар (rhonchi humidi) бронх қуыстарында сұйық заттардың жиналуынан болады( қақырық, транссудат, қан, аспирациялық сұйықтық), жиірек аьвеолярлық( пневмония, өкпе ісігі ) . Ылғалды сырылдар дем алу және дем шығару кезінде естіледі; бронхтардың калибріне байланысты ылғал сырылдар майда, орт аша, ірікөпіршікті болып бөлінеді.
В. П. Образцовтың шәкірті фтизиатр, профессор Г. Р. Рубенштейннің айтуы бойынша ылғал сырылды анықтау үшін пациентті миутына 25рет дем алдырып үйрету керек деген. Дәрігер белгі бергенде науқас дем алмай күшті, бірақ дыбыс шығармай жөтелу керек және жөтелден кейін тез дем алу керек.
Бұл ережелерді сақтамаса үлкен белгіні жіберіп аламыз:туберкулезбен ауыратын науқастың жартысынан көбінде сырылдар жөтелден кейін ғана естіледі.
Саны бойынша ылғал сырылдар бірегей, шамалы ғана немесе өте үлкен мөлшерде ( негізгі тыныс жолдарын жауып тастайды) естілуі мүмкін.
Қаттылығы бойынша ылғал сырылдар дыбысты және дыбыссыз деп бөлуге болады.
Асқынбаған бронхиттерде естілетін ылғал сырылдар әдетте дыбыссыз болып келеді.
Бұл жағдай сырыл пайда болатын бронхтар өзгермеген ұлпалармен жақын орналасқан. Олар ауалығына байланысты дыбысты нашар өткізеді. Егер бронх тығыздалған ұлпаға жақын орналасса сырылдар дыбысты, қатты болады. Тығыз ұлпа дыбысты жақсы өткізетін болғандықтан сырылдар анық естіледі, тіпті құлақпен тыңдауға болатын сияқты болады. Дыбыссыз ылғал сырылдар сол жақ жүрек жетіспеушілігі кезінде естіледі.
Крепитация(crepitatio-сықыр) -тыныс алу кезінде альвеолаларда пайда болады. Физикалық жағдайда оның пайда болуы альвеола ішінде аз мөлшерле сұйықтықтың болуы( пневмонияның ерте сіңу кезеңі, қкпе ісігінің дамуы, альвеолалардың бітелуі жоқ кезде ) . Дем шығару фазасында альвеола қабырғасының бүрісуі болады, жоғарғы фазада дем алғанда альвеолалардың көп саны бірдей уақытта әртүрлі дыбыс шығарып, ісінуі жүреді. Ол үйкелісті немесе құлақ артындағы шаш түбін үйкегендей әсер береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz