Медициналық психологияның қалыптасу тарихы жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Медициналық психологияның қалыптасу тарихы
Орындаған: Сәкенова А. Ж.
Топ: ПХ-315.
Тексерген: Абдуллина Г. К.
Семей - 2015ж.
Жоспары:
- Медициналық психология туралы түсінік
- Медициналық психологияның қалыптасу тарихы
- Қазіргі медициналық психологияның дамуы
Медициналық психология жалпы психологияның саласы болып табылады. Бұл сала науқас адамның психологиясын, дәрігердің психологиясын және олардың қарым-қатынасын зерттейді. Медициналық психология психологиялық білім болап қалып, оның перспективаларын мен жетістіктерін жалпы психологияның дамуы мен қалпынан айырып қарауға болмайды.
Медициналық -психологиялық көзқарастардың пайда болу ғылымға дейінгі дәүірге байланысты. Гиппократ, ежелгі Элладаның ұлы дәрігір мен ойшылы, темпераменттің ерекшеліктері негізінде адамдардың жекедаралықтары алғаш сипаттаған. Гиппократтың аңтыа шынайы медико-психологиялық бағыттың этико-деонтологиялық негәзә болып табылады. Онтоғызыншы ғасырда организмге психикалық әсерледі зерттеуде француз ғалымдары өз үлесін қосқан, олар Бернгейм и Шарко, орыс дәрәгерлері - хурург Н. И. Пирогов, терапевт М. Я. Мудров, Г. А. Захарьин, В. А. Манассеин, С. П. Боткин және психиатрлар И. М. Балинский, С. С. Корсаков және т. б.
Медициналық психология тарихы медициналық ғылымның, бірінші орында психиатрияның, психологиялық зерттеулердің және ми туралы ілімдердің жинақталуымен тығыз байланысты. XIX ғасырда медициналық психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуына негіз болған бірнеше еңбектер жарияланды. 1818 жылы танымал дәрігер және анатом Рейл «Жан ауруларын емдеуде психикалық методтар» атты зерттеуін жариялады. Бұл еңбектің медициналық психологиядағы негізгі мәні - психотерапия методтарын қолдану. «Медицина және тәрбиелеу» мәселесіне арналған жұмыстар да Рейлге жатады. 1834 жылы танымал невролог Фридрейч «Дәрігерлік және соттық психология әдебиеттеріне жүйелі нұсқау» еңбегін жариялады. Дәрігерлік психологияға арналған бөлімінде психология, психопатология, психиатрия және психотерапия мәселеріне арналған 3469 жұмыс тізімі бар. Медициналық психологияның дамуына медицинадағы идеалистік және материалистік бағыттардың күресі негіз салды. Бірінші бағыттың өкілдері «психик», ал екіншілері «соматиктер» деген атау алды. Психиктер мен соматиктер күресі медицинаның жалғыз негізі жаратылыстануды мойындаумен соматиктер жеңді. Бірақ ең алғаш рет бұл механистикалық материализмнің жеңісі болды. «Соматиктерге» қарағанда «психиктер» науқастың психикасына әсер етеді деген оймен терапия түрлерін ойлап тауып, оларды қолданды. Мұндай әсерлерге механотерапия жатады: керуетке байлап қойып, бетіне ағаштан жасалған маска кигізіп айналдыру немесе кенеттен ауруды биік жерден бассейнге лақтыру. Мұндай қатал процедуралар науқастың күйін одан сайын нашар етті. Осы екі бағыт қателеріне нақты нүкте қойған Грисингер. Ол психиатрияны медициналық ғылыммен бір ағымға қоюды ұсынып, психика органы ретінде миды физиологиялық түсінуге жақындады. Нормаға сәйкес, соматикалық және психикалық аурумен ауыратын адамдардың психикасына деген қызығушылық XIX ғасырда үздіксіз артады. Осы ғасырдың ортасында Лодзенің «Медициналық психология», 70-жылдары Тукенің «Психологиялық медицина» атты кітаптары жарық көреді. Бірақ бұл кітаптар медициналық психология емес, психиатрияның дамуына арналған авторлардың очерктерінен тұрады. XX ғасырда медициналық психология пәнін дұрыс көрсететін монографиялар жарияланады. 1908 жылы Пенсильвания университетінің профессоры Витмер «Психологиялық клиника» атты журналды шығара бастады.
Гипнозға байланысты көп материал жиналып, неврология, физиология, психология дамуында қызықты және құнды мәліметтер адам нейрофизиологиясы мен медициналық психологияны түсінуде көмек көрсетті. Осы қатынасқа үлкен қызығушылық невроз және медициналық психологияға арналған Джанет жұмыстары, бейсаналы мәселесіне арналған Принс жұмыстары тудырады. Бұл жұмыстар неврозбен ауыратын адамдардың гипноз кезіндегі күйлерде алынған үлкен эксперименталды материалдарға сүйенеді. Джанет, сонымен қатар сананың екіленуі мен деперсонализация күйлерін анықтады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Брейер мен Фрейд жқмыстарына сүйенген арнайы бағыт дами бастады. Фрейд осы бағыттың басшысы және психоанализ ілімінің негізін салушы болды. Бұл ілім невроздар, невротикалық бастамалардың психологиялық анализі мен олардың психотерапиясына қатысты, содан соң сау адамды зерттеу жолдарына көше бастады. Фрейд идеясы көптеген ізін басушыларды жинады және капиталистік елдерде кең таралды. Бірақ психоанализ критикаға бой алдырды. Осындай жұмыстардың бірі Блондельге жатады. Философиялық диалектика материализмі мен жоғарғы нерв қызметінің дамуы арқасында психология мен медицинаның дамуы психоанализ қателерін тереңдей ашу мен оның ғылыми еместігін дәлелдеді. Фрейд ізін қуушылар арасында оның көзқарасымен келіспей кеткен оқышаларының бірі - Адлер. Ол Фрейдтің сексуалды теориясына қарсы болды. Фрейд оқушысы Юнг психоанализ айналасында «аналитикалық психология» негізін салды. Психоанализді жақтаушылар теоретикалық критика мен практикалық тәжірибе қысымымен өз позицияларын өзгертті. Сексуалды инстинкт пен бейсаналық теория рөлін анықтайтын фрейдтік түсініктен алыстаған неофрейдизм пайда болды. Бірақ олар антифрейдисттер позициясын ұстаған жоқ, себебі Фрейд түсінігі мен терминологиясын сақтап қалды. XX ғасырдың 20 жылдары ірі психиатр Кречмердің медико-психологиялық мәні бар «Медициналық психология» атты еңбегін жарыққа шығарды. Кречмер психиатрияда және медициналық психологияда конституционалды-биологиялық бағытты ұстанды. Материалистік медициналық психология дамуы. Жаратылыстану бағыты нейрофизиологияда табысты дамыды. Развитие естествознания сопровождалось значительными успехами в нейрофизиологии. Крупнейший физиолог второй поло¬вины XIX ғасырдың ірі физиологы И. М. Сеченов психикалық құбылыстарды рефлекторлық теория көзқарасымен түсіндіріп, отандық нейрофизиология негізін салушы қатарымен, материалистік психологияның да негізін салушы болып табылады. Аса танымал нейрофизиолог, невропатолог, психолог және психиатр В. М. Бехтерев И. М. Сеченовтің ілімдеріне сүйеніп, «объективті психологты» құрады. Рефлекторлы теория психикалық құбылыстардың патологиясы мен нормаға сай құбылыстарды түсінудің нақты негізі болды. И. П. Павловтың жоғарғы нерв қызметі туралы ілімі осы этапта маңызды болып табылды. Павлов еңбектері тек қана жоғарғы нерв қызметтерінің заңдылығын емес, сонымен қатар ми, оның морфологиясы, биохимиясы, электрофизиологиясын біріктіруге негіз болды. Ол медициналық психологияның ғылыми базасы ретінде көрініс тапты. Медициналық психологияның маңызды сәті ретінде клиникалық психоневрологиялық мекеме жаңында психологиялық эксперименталды лабораторияның ашылуы қарастырылады. Ресейдегі ең алғашқы эксперименталды-психологиялық лабораторияның психиатрия кафедрасында В. М. Бехтерев, С. С. Корсаков, Н. А. Бернштейнмен, невропатология кафедрасында Г. И. Россолимомен ашылды. Кеңестік заман кезіндегі медициналық психологияға А. П. Нечаев, П. П. Блонский, Л. С. Выготский еңбектері үлкен рөл атқарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz