Жерсілкінісі кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері



1. Жер сілкінісі кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері
2. Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс.әрекеттері
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі бар: жер слкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты табиғи апаттар жиі болып жатады. Жер сілкінісі кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Жеңіл үйіндінің астында қалғандарды тез арада босатып, балалардың, ауруларды, қарттардың қауіпсіздігіне назар аударылады. Ғимаратқа кірер алдында баспалдақтың, қабырғаның қауіпінің бар-жоқтығына назар аударылады. Адамдарды құтқарудың ең қиыны жанып жатқан мекемелерден қауіпсіздік шараларын сақтай отырып алып шығу.
Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: Сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.
Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан құтқаруы ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.
Халықты құтқарудың негізгі әдістері мыналар:
• қорғаныс ғимараттарына жасыру;
• халықты таратып қоныстандыру және көшіру;
• жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын пайдалану;
• дер кезінде хабарландыруды ұйымдастыру;
• азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық зақымданудан қорғау;
• радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;
• өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;
• зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыспен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

СӨЖ №3
Тақырыбы: Жерсілкінісі кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері

Орындаған: Бликс Айгерім
Тобы: БЖ-215
Тексерген: Бакирова Л. С.

Семей-2015

Жоспар:

1. Жер сілкінісі кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері
2. Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекеттері

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері - орасан зор. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі бар: жер слкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты табиғи апаттар жиі болып жатады. Жер сілкінісі кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Жеңіл үйіндінің астында қалғандарды тез арада босатып, балалардың, ауруларды, қарттардың қауіпсіздігіне назар аударылады. Ғимаратқа кірер алдында баспалдақтың, қабырғаның қауіпінің бар-жоқтығына назар аударылады. Адамдарды құтқарудың ең қиыны жанып жатқан мекемелерден қауіпсіздік шараларын сақтай отырып алып шығу.
Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: Сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.
Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан құтқаруы ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.
Халықты құтқарудың негізгі әдістері мыналар:
* қорғаныс ғимараттарына жасыру;
* халықты таратып қоныстандыру және көшіру;
* жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын пайдалану;
* дер кезінде хабарландыруды ұйымдастыру;
* азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық зақымданудан қорғау;
* радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;
* өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;
* зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыспен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау.
Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе әуе шабуылынан, сол сияқты қауіпті жағдайдан қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.
Жер сілкінуіне дейін: Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған сценариіңіз апат болған жағдайда көмекке келеді.
Алдын-ала дайын болыңыз:
* Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;
Үш күнге жететін тамақ пен су;
Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
Жылы киім мен аяқ киім.

Алғашқы жер сілкінісі кезінде :

Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және
басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;
Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол
жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.

Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):
Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
Лифтіні пайдаланбаңыз.

Егер көшеде болсыңыз:
Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.

Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз

Есте болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:
Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
Сынған терезелердің құлауы;
Үзілген электр желілері;
Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
Өрт;
Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.
Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.

Жер сілкінісен кейін:
Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;
Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
Радиоқабылдағышты қосыңыз;
Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;
Ашық отты пайдаланбаңыз;
Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз.

Назар аударыңыздар!
Радио үнемі қосулы тұрсын!
Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!

Жер сілкінісіне қарсы қалай әзірленуге болады:
- Жер сілкінісі кезінде сіз ғимараттан шыққыңыз келсе, уақыттын аз екендігін ескеріп, алдын ала қысқа жолды таңданыз 15-20 секунд;
- 3-ші және одан жоғарғы қабаттардан кетудін қажеті шамалы, ең жақсысы дүмпудін күтуге болатын салыстырмалы қауіпсіз орында қалу. Бұл есік ойығы, ішкі қабырғалар арасындағы бұрыш, каркас бағанасының, үстелдің, партаның астында отыру. Ең қауіпті орындар - сыртқы қабырғалардын шыныланған ойықтары, бұрыштағы бөлме, лифт, сатынын баспалдағы, балкон.
- Шкафты, сөрені, суырмаларды қабырғаға, еденге мықтап бекітіңіз. Кереуетті терезенің жанына қойманыз. Сөрелерді кереуеттің, есіктің, плитаның астына қоймаңыз. Жиһазды бөлмеден шығатын жерді жаппайтындай етіп орналастырыңыз.
- Дәлізді, өтетін жерді, баспалдақ торларын, есік ойығын жиһазбен және мүлікпен жаппаңыз.
- Пәтерден үйге кіреберістен электрді, газды және суды ажыратуды үйреніңіз.
- Үйде консервленген тағам мен суды, құм салынған шелекті, қолшамын, өрт сөндіргішті (автомобильдік), алғашқы медициналық жәрдем қобдишасын ұстаңыз. Алғашқы медициналық жәрдемді қабылдау тәсілін үйреніңіз. Қауіпті заттарды (улы химикат, жылдам тұтанатын сұйық) олар сынбайтын және шашылмайтын сенімді жерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерсілкінісіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері
Азаматтық қорғаныстың жалпы сипаттамасы
Сейсмикалық аудандастыру
Цунами туралы жалпы мәліметтер
ЖАҢА ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР
Қауіпті антропогендік және табиғи аймақтарды бағалау
XX-XXI ғасырдың суда, әуеде, жер бетінде болған ірі зілзалалары
Жер сілкінісі, сипаттамасы, қорғану шаралары
Табиғи зілзалалар
Жер сілкінісі - геологиялық құбылыс
Пәндер