Балалар поэзиясы мен драматургиясы



1. ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ
2.ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫ
3.БАЛАЛАР ДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ДАМУ БАСПАЛДАҚТАРЫ
4.БАЛАЛАР ДРАМАТУРГИЯСЫНДАҒЫ ТАҚЫРЫПТАР МЕН ОБРАЗДАР
ЖҮЙЕСІ
5. БАЛАЛАР ДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақ балалар поэзиясының антологиясы - қазақ ақындарының 1983 ж. «Жалын» баспасынан орыс тілінде жарық көрген өлеңдер жинағы. Құрастырушылары М. Әлімбаев пен Қ. Баянбаев. Кітап С. Қирабаевтың «Қазақтың балалар поэзиясы» деген көлемді мақаласымен ашылған. Абай балаларға арнап өлең жазбағанымен, жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша кеңіл бөлген. Ол «атаның баласы болма, адамның баласы бол» дейді. Ақынның табиғат лирикасы балалардың әсемдікке деген талғамын оятады, айнала қоршаған ортаны тануға жол ашады. Антологияға Абайдың: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Әсемпаз болма әрнеге...», «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы...», «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...» өлеңдері енгізілген. Кітап көлемі 24,6 бет, 10 мың дана болып басылған.
Қазақ балалар фольклоры, балалар фольклоры – халық фольклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған Қазақ балалар фольклорыы балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарм. қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логик. жүйелілігімен, муз. әуенімен, өнегелі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады.
Қазақ балалар фольклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай – үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын және балалардың өздері орындайтын шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры, маусымдық жырлар, мәпелеу жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш шығармалар жатса, соңғысы қаламақ, санамақ, сұрамақ, тақпақ балалар өлеңдерін қамтиды. Сонымен қатар, Қазақ балалар фольклорын ірі-ірі төрт арнаға жіктеп қарастыруға болады.
1.Ахметов Ш. «Қазақ балалар әдебиеті» Алматы «Ғылым» 1974ж,
221-2276.
2.Бердібаев Р. «Сарқылмас қазына» Алматы «Мектеп» 1983ж.
145-2016.
3.Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы мектеп.
1991ж. 3-376.
4.Арзамасцева И.Н., Николаева С.А. Детская литература. – М.:Академия, 2002.-472 с.
5.Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. – Алматы, 1965., Қирабаев С. Өнер өрісі. Мақалалар мен зерттеулер. –Алматы:Жазушы, 1971.-272 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласыныңШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті

СӨЖ
Тақырыбы: Балалар поэзиясы мен драматургиясы.

Орындыған: Мамбетбаева Шырайлым
Топ: ҚЯР - 309
Тексерген: Сабырбаева Р.Қ.

Семей 2015
Жоспар:
1. ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ
2.ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫ
3.БАЛАЛАР ДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ДАМУ БАСПАЛДАҚТАРЫ
4.БАЛАЛАР ДРАМАТУРГИЯСЫНДАҒЫ ТАҚЫРЫПТАР МЕН ОБРАЗДАР
ЖҮЙЕСІ
5. БАЛАЛАР ДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақ балалар поэзиясының антологиясы - қазақ ақындарының 1983 ж. Жалын баспасынан орыс тілінде жарық көрген өлеңдер жинағы. Құрастырушылары М. Әлімбаев пен Қ. Баянбаев. Кітап С. Қирабаевтың Қазақтың балалар поэзиясы деген көлемді мақаласымен ашылған. Абай балаларға арнап өлең жазбағанымен, жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша кеңіл бөлген. Ол атаның баласы болма, адамның баласы бол дейді. Ақынның табиғат лирикасы балалардың әсемдікке деген талғамын оятады, айнала қоршаған ортаны тануға жол ашады. Антологияға Абайдың: Жасымда ғылым бар деп ескермедім..., Әсемпаз болма әрнеге..., Жазғытұры қалмайды қыстың сызы..., Ақ киімді, денелі, ақ сақалды... өлеңдері енгізілген. Кітап көлемі 24,6 бет, 10 мың дана болып басылған.
Қазақ балалар фольклоры, балалар фольклоры - халық фольклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған Қазақ балалар фольклорыы балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарм. қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логик. жүйелілігімен, муз. әуенімен, өнегелі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады.
Қазақ балалар фольклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай - үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын және балалардың өздері орындайтын шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры, маусымдық жырлар, мәпелеу жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш шығармалар жатса, соңғысы қаламақ, санамақ, сұрамақ, тақпақ балалар өлеңдерін қамтиды. Сонымен қатар, Қазақ балалар фольклорын ірі-ірі төрт арнаға жіктеп қарастыруға болады. Олар:
* 1) әлпештеу поэзиясы. Әлпештеу поэзиясына жататын жырларды шығарушылар да, орындаушылар да - ересектер. Ол жырлар сәбидің шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап оны бағып-қағуға арналған түрлі салт-дәстүрлерді сүйемелдейді, ата-ананың, қалың жұртшылықтың сәбиге деген сүйіспеншілігін, арман-тілегін, халықтық идеалды жыр тілімен өрнектейді. Бөбектің денінің сау, ауру-сырқаудан аман, ширақ болып өсуімен қатар, ең бастысы, оның рухани жетілуіне қызмет етеді. Бұлардың өзі мазмұны мен атқаратын қызметіне қарай бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жыры, уату-алдарқату жыры деп іштей төрт түрге жіктеледі;
* 2) жеткіншектер жыры. Бұл топқа балалардың өздері шығарып, өздері айтатын және ересектер фольклорынан ауысып, балалардың орындауына көшкен жырлар жатады. Ол әлпештеу жырларынан кімдер орындайтындығымен ғана ерекшеленбейді, поэтик. құрылымымен де, атқаратын қызметімен де, тақырыптық, мазмұндық жүйесімен де ажыратылады. Бұл топқа балалар мен ересектердің орындауында қатар өмір сүріп келе жатқан наурыз жыры, жарапазан, маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдер, тақпақ, сұрамақ, қызықтама, өтірік өлең, мазақтама сияқты өлең-жырларды топтастыруға болады;
* 3) ойындық фольклор. Мұның қатарына балалар ойыны кезіндегі ойынға шақыруға ойынды бастауға, оны жүргізуге қызмет ететін өлеңдер (қаламақ, санамақ, мен өлең ойындарды (тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы) қосуға болады. Жалпы, балалар фольклорына тән шығармалардың барлығында ойындық белгілер болатыны сөзсіз, бірақ ойындарға арналған балалар фольклорына жататын туындыларда, бұл сипат ерекше басым көрінеді, оларда ойынға тән драматизм мен қимыл-әрекет, динамизм күшті. Ойынға шақыру өлеңдері, қаламақ, санамақ, ойын ішіндегі өлеңдер тікелей балалар ойындарымен бірге өмір сүрсе, халық арасында кең тараған жұмбақ, жаңылтпаштар, тәжікелесулер сөз арқылы ойналады;
* 4) балалар тіршілігінде қара сөзбен айтылатын балалардың прозалық фольклоры. Балалар күнделікті өмірде ересектер аузында айтылатын магиялық фольклордан бастап, аңыз-әңгімелерге дейін үйреніп, жаттап, соларға еліктеп айтып жүреді. Солардың ішінде әсіресе, ертегілердің алдыңғы орында тұратыны белгілі. Бірақ сәби, жеткіншек жасындағы балалар ертегілердің барлығын игере бермейді. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан балалардың прозалық фольклорының қатарына оқиғасы жеңіл, шағын да тартымды, тілі жатық тізбекті ертегілерді, себептік мифтерді, үрейлі әңгімелерді, кейбір батырлық аңыздарды жатқызуға болады.
БАЛАЛАР ДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ДАМУ БАСПАЛДАҚТАРЫ.Балалар әлемі -- өзіндік ерекшеліктері мол, күрделі де қызықты әлем. Сол әлемге еркін еніп, небір нәзік сыр-сипаттарды сезімталдықпен танып, зерделілікпен зейін салу, зергерлікпен бейнелеу -- қаламгерлер қауымы үшін үлкен сын. Одан өту үшін Балалар жазушысы болып туу керек. Өйткені, балалардың ойлауында, дүниені тануы мен араласуында өзгеше сипат бар. Соны түсіну, әрі балғындар риза болатындай бейнелеу -- шеберлік. Тегінде өмір, орта атты үлкен ұяда неше алуан нәрсе болуы мүмкін. Әдебиет соларды қалай көрсетеді, нені көрсетеді, дәуір, замана сырын қалай бейнелейді деген мәселенің әрқашанда күн тәртібінен түспеуі де сол себептен. Көзі жаңа ашылған қайнардың қай арнаға бет алуы -- ағысты мөлдір өзенге ұласуы, немесе су аяғы құрдымға кетуі табиғаттың ықпалына байланысты. Оң-солын танып үлгермеген, өмірдің ұзақ жолына түсіп, жан-жағына аң-таң болып қарайлап келе жатқан бала үшін де әдебиеттің рухани-эмоциональдық әсері сол секілді ерекше. Қалыптасқан іргелі дәстүрдің тарихи-тәжірибесінен тамыр алған әдебиеттің, реализм, романтизм әдебиетінің уақыт сырының нақты да тірі куәсіндей образдары балалар үшін шындықтың өзіндей нанымды, әрі ерліктің, патриоттық пен адамгершіліктің жан сүйсінер жайсаң өнегесіндей. Өмірдің өзінен алынған өнеге қашан да өрендерді өрге бастаса керек. Балалар үшін әдебиет тек қана рухани азық -- базарлық болып қана қоймай, рухани тәрбиеші де болса, қадірі арта түспек. Осы ыңғайда орыс әдебнетінің, шетелдердің прогресшіл бағыттағы озық, ойлы әдебиетінің де игі ықпалы болғанын атап айту жөн. Мәселен, Аркадий Гайдардың Мектеп, Тимур және оның командасы, Николай Носовтың Көңілді семья, Витя Малеев мектепте және үйде секілді шығармаларының әсері төл әдебиетіміздегі мектеп өмірін өзек еткен әңгіме, повестерден аңғарылса, Жюль Верннің Капитан Гранттың балалары, Он бес жасар капитан, Даниэль Дефоның Робинзон Крузо, Марк Твеннің Том Сойердің таңғажайып істері, Гекльбери Финнің басынан кешкендері, Чарльз Диккенстің Оливер Твистің басынан кешкендері тәрізді кітаптары әдебиетімізде қызықты хикаялар (приключение), фантастика жанрларының тууына өзіндік себін тигізбеді деу қиын. Бұл, арқылы әрине, аталған шығармалардың айна қатесіз екінші бір нұсқасы, солардың сыңарындай туындылар дүниеге келді деуден аулақпыз. Мәселе түйіні -- көркемдік дәстүрлердің әр ұлт әдебиетінде тармақтала жалғасын табуында.
Соңғы жылдардағы қазақ балалар әдебиетіндегі жанрлық-көркемдік жаңалықтар дегенде де ең алдымен сол қызықты хикаялар (приключение), балалар фантастикасы жанрларының дүниеге келуін айтамыз. Мәселен, жас фантаст Рысбек Баймахановтың Шайтанқұмда жоғалған бала атты кітабындағы осы аттас фантастикалық әңгімесінде туған жердегі құмда келе жатқан баланы аяқ астынан құм жұтып қояды. Әрине, құмға ертегідегідей жан бітіп кеткен жоқ. Бірақ сол бала аяқ басқан тұста құмның тұңғиық тартатын қасиеті бар. Мұның бәрін автор балғын оқырманын сескендіру үшін әңгімелемейді, қайта жаратылыстың осындай жұмбақ, құпия сырын ашуға ынталандырып, батылдыққа баулу үшін суреттейді. Мамандығы физик, жас ғалым-фантаст Рысбек Баймаханов ғылым жұмбағын, дәлірек айтсақ, ғылыми гипотезаны өзіндік ой, позиция айту үшін ұтымды пайдалана білген.
Бұл ыңғайда фантастика саласындағы ізденістер Абдулхамид Мархабаевтың Арал әуендері, Төлеш Сүлейменовтың Күн сынығы кітаптарынан да аңғарылады.
Соңғы жылдары балалар әдебиеті саласына қызықты хикаялар жанрының қанат жая бастауы -- қуанарлық жай. Қызықты да күтпеген оқиғалар, тосын шешімдер, шиеленіскен түйіндер жас оқырманды әрқашан қызықтырып, олардың тапқырлыққа, батылдыққа, жігерлілікке баулитыны, қиялын қанаттандыратыны белгілі. Шым-шытырық сюжеттік желілер, соған орай ашыла түсетін күрделі характерлер тағдырлары мен табиғаты балалар ойын шынықтыра түсуге қалай да өзіндік себін тигізбек. Тек шиеленіскен сюжеттік желілер жасау өмір, характер күрделілігін танытудан гөрі автордың өз қиялына өзі тым елігіп кетіп, қолдан тудырғаи құйтырқысы болмасын деңіз. Ал, белгілі бір ұнамды ой айтуға бағытталған шұрайлы шығарма баланың басын қатырмайды, қайта оның көзқарасы қалыптасуына әсер етіп, арман-қиялына, қимыл-әрекетіне түрткі болады. Осы түрғыдан қарағанда Сайлаубай Жұбатыровтың Алыстағы аралдар кітабына енген кітап аттас повесі -- көңілден шыққап сәтті барлау. Оқушы балалардың алыстағы аралға бет алуы, қиындықтан мойымай, қажырлылық, тапқырлық көрсетуі көңілге біршама жылы әсер қалдырады. Рас, Жюль Верннің Он бес жасар капитанын еске салатын ұқсастықтар да бар. Екі шығарманың да орталық кейіпкерлері -- балалар, екеуінде де теңіздегі дауыл, балалардың батылдықтары суреттеледі. Он бес жасар капитанда шым-шытырық оқиғалардың тууына себепкер әлеуметтік жағдайлар, қоғамдық-саяси қайшылықтар болса, Алыстағы аралдарда қызықты оқиғалар балалардың құштарлығына, құмарлығына ғана байланысты өрбиді. Бұл арада біз Сайлаубайды атақты жазушының шы-ғармасын мысалға келтіре отырып, өмір айдынының тереңіне бойламай, бетінде қалқып жүрсін деуден мүлдем аулақпыз. Біздің назар аударып отырғанымыз -- әдебиетіміздегі творчестволық-рухани байланыстар. Сайлаубай бүгінгі балалардың қиял-құштарлығын жақсы сезініп, кейіпкерлердің іс-әрекетін жүйелеуде де, оқиғаларды өруде де ысылғандық танытқан. Жюль Верн шығармасындағы теңіз, жалпы табиғат -- әлеуметтік теңсіздік, қайшылықтар әлемі ретінде көрінсе, Алыстағы аралдарда теңіз, дауыл т.б балалардың батылдығы мен байыптылығын сынайтын, әрі шыңдайтын романтикалык, әсерлі әлем ретінде көрінеді.
Отты өткел де -- шиыршық атқан оқиғаларға толы, детективтік сипаты бар туынды. Алтыншы кластың оқушысы Көбен деген баланың құм ішінде кездейсоқ алтын алқа тауып алғанын алыстағы қалада жатып естіген студент-тер -- Жақан мен Марленнің және ғалым атын жамылған алаяқтар -- Әлиакпар, Мамай, Төрттағанның қиырдағы құмға келуі -- әр түрлі талап пен тілектің соңына түскендіктен. Тарихшы студенттер ғылымда бұрын-соңды жаңалық ашудан дәмелі болса, ғалым атын жамылған алаяқтар Құлан-шөл Элдорадосынан қисапсыз қазына тауып, пайдаға шаш етектен батып калмаққа алып ұшқан.
Құмның шекеден өтіп шөкелеткен ыстығына, танауды тығындаған сұртүнек боранына шыдай алмаған, әрі межелі жерге жақындаған сайын қазынаны өзгеден гөрі көбірек қарпып қалсам деген қарақшылардың шын сиқы бірте-бірте сын сәттерде ашылады. Бұл повесте ең бастысы -- табиғаты, тағдыры, түсінігі әр қилы адамдар бар, олардың өзара қарым-қатынасы, қақтығысы, жарық дүние үшін күресі, жапа шексе де тұяқ серіппей жан бергісі келмейтін жандардың жігерлі рухы бар. Томырық Төрттаған, әккі Әлиакпар, обыр, зәндемі Мамай, берекесіз шал Шәкіман, зейінді бала Көбен, ер көңілді жас жігіт Жақан, кайсар Марлен секілді мінез ерекшеліктері, бітімі әрқилы характерлерді Сайлаубай жап-жақсы таныта алған.
Жас жазушы уақыт, кеңістік сырын да жақсы сезініп, нақты бейнелей біледі. Шамадан тыс шалқу да, әл-дәрмені жетпей әр тұстан бір қалқу да жоқ дерлік. Кейіпкерлерінің сөздерін, іс-қимылдарын шашау шығармай түйіндей білу де -- Сайлаубайдың қаламы айтарлықтай төселіп қалғап талантты жазушы екенін танытады.
Қияндағы құмға қазына іздеп келіп, қиындыққа шыдамай жүзіне ызбар жинап, қырық пышақ болған жандардың күн қақтаған қызыл құмда қан жоса болған сәттері неден туды, тамыры неде деген сұрауға автор өзі ишаралап жауап береді. Тарихтың, жалпы табиғаттың құпия қатерлі жұмбақтарының шешілмеу себебі неде деген сұрауға жауапты да табамыз, Көбеннің шөлден сілесі қатып, діңкесі құрыған сәтте қарақшылар соншама таласқан шынжыр баулы қымбат дүниені бар күшінің жеткенінше алысқа құлаштап лақтырғандағы ойы -- Сары айдаһар (құмды айтып отыр), біз сені сөйлете алмадық -- сенің қымбат құпияң өзіңде қалды. Қайта сен бірлігі жоқ бізді жұтып қоя жаздадың. Демек, сені мойынсұндыруға біз әлі де дайын емес екенбіз. Сен енді өз мекеніңде ең ержүрек, ең-ең таза ойлы адамдарды күтіп тып-тыныш жата бер. Бұл -- кейіпкерлер қатыскан бірді-екілі оқиғадан соң автордың ырқымен төтеннен төнген түйіні деуден гөрі шөлде өткен біраз күнде қасындағы серіктерімен бірге талай азап-тауқыметті бастан кешкен баланың көзі жеткен, өзі тапқан шындығына көп жақын. Бұған илануға болады.
Жас жазушы кейіпкерлерінің көңіл-күйін, бітімін де, объектіге алған жердің де келбетін, табиғат мінезін жақсы біледі, әрі нақты, тартымды суреттейді. Сәлден соң шілденің қысқа түні қылаңытып, көкжиектен таң саз бергендей болды. Жұлдыздардың нұры тайып, қара барқыт аспанға бозамық кілегей перде тұтылды.
Өліараға ауған тозыңқы жартыкеш ай туып келеді екен. Мыс бақырдай балқып көтерілген айды көріп, Көбен тіктеліп отырды. Шөлде туған ай суреті әдеміден гөрі біртүрлі қорқынышты еді. Дәл осыны Көбен бұрын да талай байқаған... Бірақ та осындай қол созым жерден бақырайып, жалқындап туған, сынық табақтай, сүйкімсіз бір кесек дүниені осынша жақыннан көрмеген сияқты еді... Өлі киттердің жондарындай дөңкиген құм шағылдардың арқаларына қаймақшып, қызғылтым суық бояу жағылды. Осы бір көрініс шөл суретін тіпті кұлазытып жіберді. Шөлдегі айлы түннің көрінісі көзбен көріп, қолға ұстарлықтай айқын көрінбей ме? Талай көрген таныс сурет сырын Сайлаубай әдемі жеткізген. Бір қарағанда теңеулер көп сияқты. Бірақ осының бәрі бірі-біріне мінгесіп, шатасып жатқан жоқ. Немесе, біріне-бірі үйлеспей, қитар көздер секілді атысып-шабыспайды да. Баланың көзқарасына сәйкес нақты, ширақ, бейнелі. Сұсты пейзажға сескене қараған Кебеннің көңіл күйін автор тап басып, дәл таныған. Демек, бұл арада автордың интуициясы мен интеллектісі тұтасып, біріне-бірі қуат берген деп айтуға толық негіз бар. Егер тек қана интуиция тізгін алып кетсе, пейзаж шамадан тыс тәмпіштеліп, кейіпкердің көңіл күйі, келбеті көлегейленіп қалар еді.
Балалар қызыға оқитын осындай шығармада апырай, осы шын ба, өтірік пе деген күмән тудыратын немесе себеп-салдары белгісіз сәттер де кездеседі. Біріншіден, қияндағы құмда Көбеннің алтын дүниені тапқандығынан шалғандағы қала студенттерінің, алаяқтардың құлақтануы, екіншіден зіңгіттей жігіттердің қаладағы санаулы тарихшы-археологтарды білмей, тонын айналдырған алаяқтардың соңынан ілесіп жүре беруі, үшіншіден мектеп директорының жалған ғалымдардың куәліктерін көзімен көрмей-ақ жәрдемдесуі. Міне, осының бәрі шығармадағы оқиғалардың болуы мүмкін бе, жоқ па деген сауал тудырады.
Мамай өзі ертіп жүрген қыз Зейнеге мылтық кезеп, зілдене зекиді? Неге? Бұған да жауап табу қиын.
Бірақ қалай дегенмен де туындының қызыға оқылатыны анық. Сайлаубай Жұбатыров -- нені жазу керектігін, калай жазу қажеттігін білетін, әрі республикамыздағы балалар әдебиетінің тарихында қызықты хикаялар саласында алғаш қалам тартқан жазушы.
Нұржан Мұраталиевтың Жасыл көлдің құпия тұрғыны атты көлемді шығармасы да шытырман оқиғаға құрылған. Жасыл көлден таңғажайып, бұрын беймәлім мақұлық көрген қалалық мектептің жетінші класының оқушысы Еркін өзінің кластастары -- Дарын мен Сәтке көрген-білгенін, қатты қорыққанын айтады. Ол мақұлықтың сипаты мынадай: Судың шетінде тостағандай көзі аларып, аузы үңірейген мақұлық маған тесіле қарап жатыр. Түсі қап-кара. Күжірейген арқасы да судан бір шығып көрініп калды. Және де қолымен судың жағасындағы шөптен ұстай түрғандай көрінді. Оны бұрын-соңды ешкімге көрінбеген беймәлім деп ойлаған балалардың күтпеген жерден пайда болған жұмбақты шешу жолындағы батыл әрекеттері, іскерліктері оқиғалар үстінде көріне береді. Әрқайсысының табиғаты да танылады. Айталық, Сәт қиялшыл болса, Дарын сөзге де, іске де мығым, шымыр, ширақ, ал Еркін сәл жайбасарлау болғанымен байыпты, үшеуі де адал.
Құпия сырын ешкімге білдірмей өздері ашуға бекем бел байлаған балалардың Жасыл көлге барып, қараңғы түннің қалың құшағында ну қамыстың ішінде баспалап, жұмбак мақұлықты іздейтін сәттері, жолбарыс даусын естіп, өздері бетпе-бет ұшырасып көрмеген тағы да әлдеқандай белгісіз аңдарға душар болып жүрексінуі, сонда да алған бетінен қайтпай операцияны жалғастыруы балғын оқырмандар қызығарлықтай шиеленістіре, әрі нақты, нанымды суреттелген. Екінші кітабын шығарып отырған жас жазушы сондай ширыққан сәттердегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын дәл бейнелейді. Артық кетпей, кем түспей, оқиға ағынынан ауытқымай байыпты суреттеуі, характерлерді даралап, солар арқылы өз философиясын аңғарта білуі Нұржанның мүмкіндігін, ізденгіштігін көрсететіндей.
Аталған шығармадағы Дарын, Сәт пен Еркіннің табандылығы, тәртіптілігі, мұқияттылығы олардың тұрғыластарына өнеге болатыны анық. Құпия жөнінде ешкімге тіс жармай, өз дегенін іске асыруға бет алған балалардың Жасыл көлді картаға түсіруі -- кез келген үлкеннің де қолынан келе бермейтін шаруа. Жер бедерін анықтау, көлдің ауданын өлшеу, тура жүруге келмейтін тұстарда компасты пайдалану, жұмбақ түбіне жету үшін теңіз өміріне қатысты анықтамалар мен кітаптарды зейін қоя оқып, зердеге тоқу, өздеріне шабуыл жасаған маскалы белгісіз балалармен шайқасу, оларды жеңіп шығу үшін үнемі дене шынықтырумен айналысу - балалар үшін кәдімгідей сын. Және бұл жайлар қарадүрсін, қарабайыр қиыстырылып отырған жоқ, балалар табиғатына - образ логикасына сай. Шығарма соңында жұмбақ мақұлықтың не екені, белгісіз шабуылшы шпиондардың кім екені айқындалғанда, айтып отырғаны рас па екен деген күдік сейіліп, Нұржанның оқиғаларды қиыннан қиыстыра білгендігіне, жалаң оқиғаларды қуалап кетпей, кейіпкерлер психологиясындағы тартысты да қалт жібермей қадағалап отыруына сүйсінесіз.
Алғашында аннотациядағы шытырман оқиғалы дегенді оқып, өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп кетпес пе екен деп дүдәмалданған едік. Бірақ кәдімгідей көлемді шығарманы ары қарай не болар екен деп қызыға бас алмай оқып шыққан соң автордың жасандылықтан бойын аулақ салатынына куә болдық. Туындыдағы оқиғалар сірә да бұлай болмаған шығар деген ойдан гөрі болуы әбден мүмкін деген тоқтамға ден қойғызады. Автор өз шығармасының сюжеті тартымды болуы үшін, балаларды қызықтыру үшін сондай болуы мүмкін оқиғаларды жинақтаған ғой дейсіз. Мұндай оқиғалы туындылар бүгінгі әдебиетімізде, оның ішінде балалар әдебиетінде жиілеп дүниеге келе бастады ғой. Бұл ретте Жасыл көлдің құпия тұрғыны повесін тап мұндай үлкен көлемде, тарау-тарау оқиғалары бірімен-бірі сабақтасып, шиеленісіп жатқан соны сипатты, проблемалық туынды, бүгінгі балалар әдебиетіндегі өзіндік ізденіс деп ашық айту жөн. Ізденіс болатын себебі -- шиеленіскен сюжетті балалардың іс-әрекетінен табиғи өріп шығарып, бүгінгі заманның күрделі де көкейкесті мәселелерінің бірі -- табиғат қорғау жайында өз пікірін білдіруі. Әрі шығарма таза балалар ұғымына лайық, оқиға сабақтау тәсілі де соларға бейімделген.
Іс-әрекеттер балалар бойына сырттан күштеп таңылмайды, қайта характерлердің логикасына сай туындап, шығарманың негізгі идеясын айқындауға атсалысады.
Жалпы әлгінде айтылған болуы мүмкін дегеніміз, түбін қуалай келгенде, шарттылық қой. Шарттылық дегенді терең ұғынбай, қисынсыз жайлардың қиюын келтіретіп тәсіл ретінде малдану -- жалпы қазіргі әдебиетімізде бой көрсетіп қалатыны бар. Әсілі, шарттылық дегеніңіз өмір шындығынан алшақтап бұра тартпай, жақындауға ұмтылса, сопы өз тарапынан толықтырып жатса ғана немесе көңіл ұйырлықтай түсіндіріп жатса ғана қадірлі, ал, қой, мынауың өмірде сірә де бола қоймас деген кесектей күдік тудырып, өмір шындығынан шығандап шалғай жатса содырлы. Нұржан Мұраталиев шығармасына осы аталған екі сипаттың алғашқысы тән.
Ал, жаңа айтып кеткеніміздей проблема дегеннен шығады, Нұржан өз повесінде сонымен не айтпақ болды? Шығарма логикасы қайда жетелейді? Балаларды неше түрлі сын сәттерге душар етіп, талай-талай талқыға салу арқылы жас, балғын оқырманды батыл, табанды, тәртіпті, инабатты болыңдар дегісі келе ме? Мұның бәрі шығармада, әрине, бар. Бірақ шығарманың негізгі логикасынан аңғарылатын мәселе -- табиғатты қорғау мәселесі. Бұған дәлел бола алатын бір ғана сәтті мысалға келтірейік. Көл жағасында Дарынға кездескен маскалының айтқаны: Шыққан тегіміз дегенім -- табиғат анамыз. Біз одан алыстап кеттік. Сондықтан табиғат біздің анамыз болғысы келмейді. Сырларын да бізден жасырады. Әр түрлі қауіпті аурулардан да қорғамайды. Қайта ол адамдарға ашулы. Өйткені, адамдар оны балаларын -- өздерінің бауырларын аяусыз қырып жоюда. Көптеген жан-жануарлар тіпті жер бетінен құрып кетті. Мыңдаған пайдалы өсімдіктер солып барады. Табиғат анасын қорғауда бір қасық қан төкпесе де қорғансыз жануарлардың қанын судай ағызатын адамдар... депті ол. Жайшылықта жасандылау көрінетін бұл сөздердің дәл сол сәтте дұрыс айтылғанына бірте-бірте көзіңіз жетеді. Өйткені, әлгі маскалы табиғатты қорғау қоғамына мүше, жоғары класс оқушыларының бірі екен. Көлдегі құпия құбыжық та солардың ісі екен.
Рас, табиғатты қорғау туралы талай туындыларда айтылған. Ш. Айтматовтың Ақ кемесінде және осы шығарма бойынша түсірілген фильмде де Бұғы ананың жануарларды адамдардың бауырлары дейтіні бар. Жаңағы маскалы да солай дейді. Алайда Нұржанның шығармасында мәселе басқа қырынан қойылып, балалар ұғымына лайық трактовка жасалған.
Осы орайда Ирина Токмакованың СССР-дің қазіргі балалар жазушыларының шығармаларында балалар өмірінің бейнеленуі туралы атты мақаласында Балаларда жан-жануарларға деген жаңашырлық, қамқорлық сезімі айқын көріне бастады. Олар табиғатты сақтау және қорғау қажеттігін, өздерінің табиғатпен байланыстылығын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуде деген пікірін құптауға болады. Расында да бұл сипат Одақтық балалар әдебиетіне, оның ішінде қазақ балалар әдебиетіне де тән. Бұл қазіргі әдеби процесте интеллектуальдық ізденістердің бел алғандығының, балалар үшін қызықты немесе күлкілі жайлар болса жеткілікті деген ойдан жазушыларымыздың ада-күде арылып, заманымыздың толғақты мәселелеріне ыңғайына карай балалардың да назарып аударып, бейнелеп отырғандығының айғағы.
Аталып отырған шығармадағы кемшілік -- осы кітаптағы Сәт деген баланың фамилиясына, шешесіне байланысты желі. Туындыны оқи бастағанда, фамилиясы қызық екен деп таңдана қарағанбыз. Шығарма соңында фамилия неліктен бұлайша аталған оны анықтауға кімдердің жәрдем жасағаны, себепкер болғаны әңгімеленеді. Бірақ, біздінше, осы желінің басы артық, батыл қысқартып тастау керек еді. Өйткені, шығарманың негізгі оқиға өзегіне, айтар ойының арқауына қатысы шамалы, бүйректен сирақ шығарып тұр.
Сондай-ақ осындай қызықты хикаяларға толы кітапты оқып отырғанда, табиғаттың тамаша көріністері, балалардың батыл әрекеттері бейнеленген суреттер, иллюстрациялар болмағаны-ай деп еріксіз қынжыласыз. Ондай суреттер бала қиялын қанағаттандырумен бірге олардың кітап сырына бойлай түсуіне, оқуға деген ықыласын арттыруға да өз себін тигізер еді...
Балалар өмірі, мектеп өмірі - балалар әдебиетінің қашаннан бергі негізгі арқауы. Мектеп -- балалардың өмірге, қоғамға деген көзқарасына елеулі ықпал жасайтын жылы әлеуметтік ұя. Ендеше оқушылар өмірінің балалар әдебиетінің айнымас арқауы болуы заңды да. Мысалы, Төлеубек Жарқынбайұлының Мен қалай түзелдім повесі қияңқы оқушының мінез-құлқы өзгелермен қарым-қатынасы нәтижесінде қалай өзгергенін, бұл ретте мектептің, мүғалімдердің де игі әсері болғанын тартымды әңгімелеген. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған Қабыш Жәркеновтің Тентек атты жинағына енген Ойланайын, Кемеңгер, Киізді қақпан, Жәкеңнің бір күні, Өкпеші, Алтыншашқан, Неге соғысады секілді көптеген әңгімелері мектеп оқушыларының өмірінен алынған.
Балғындарға әлденеше кітап арнаған Қ. Жәркенов балалар психологиясын жақсы біледі және шынайы бейнелейді. Соңғы жылдары мектеп оқушыларының өмірі жайында жиі жазған және жақсы жазған да осы Қабыш Жәркенов. Мысалға оның Ойланайын деген шығармасына лайық. Аты Жуасбай болғанымен заты тынышсыз бала сабаққа мәз емес екенін өзі де іштей мойындайды. Бірде зоология сабағында өзімен өзі әлек болып отырған Жуасбай Қабылбековтен мұғалім сүт қоректілерге жататындар қайсылар? деп сұрайды. Алғаш бұзау, лақ, қозы, бота, құлын деп бөгелместен шұбыртқан Жуасбай тағы не деген сұраққа былай деп жауап береді:
- Жас бала, кішкене жас бала және торғай.
Класс ду күліп жіберді. Мен оған жасығам жоқ, өйткені айтып тұрғандарының сүтпен қоректенетіні ып-ырас, не күлкісі бар? Балалар кызық өзі.
-Өзің сүт қоректілерге жатпайсың ба? - деді мұғалім мысқылмен езу тартып.
-Бір кезде сүт қоректілерге жататынмын, қазір олай емес, ет, нан қоректілерге жатуым мүмкін, оның үстіне қо-
ңыр сиыр суалып барады, шайға да жететін емес деп тәтем
сүтпен қоректендіргенді қойған, -- дедім адалымды айтып. Бұндайда шындықты айтпасқа бола ма.Бір қарағанда күлкілі жәйт. Алайда осындай күлкілі жайтқа душар болғаны Жуасбайдың кебін кимеуге әңгімені оқыған балалардың қай-қайсысы да күш салады емес пе!? Балауса оқырмандар үшін жалаң дидактикадан гөрі осылайша нанымды, қызықты суреттелген ситуация әлдеқайда әсерлі.
Келтірілген мысалда баланың бір күнгі, дерлік айтқанда, бір сәттегі көңіл күйі, ой өресі анық көрінген. Ол әлемді мынадай жағдайлар неге болады, жаратылыстың қүбылыстарының сыры неде, т.т. бас қатырып жатпайды, күнделікті сабағын жақсы оқуға, үлкендердің айтқанын орындауға ұмтылады. Бүгінгі жалпы балалар әдебиеті болсын, әлемдік балалар әдебиетін болсын осындай екі түрлі принципке орай туындылардың керкемдік жазылу мәнері түрліше. Айталық Алан Маршаллдың Мастера современной литературы сериясы бойынша шыққан кітабына енген кей әңгімелері таза балаларга арналған болып келсе, Уильям Сароянның Сағатына алпыс миль кітабына топтастырылған әңгімелерінде бас қатыратын тұстар бар. Немесе Максим Горькийдің Кісі есігінде шығармасы балаларды өмірдің әлеуметтік сырын өзінше толғанып барып, түйсінуге-түсінуге жетелесе, Лев Толстойдың балаларға арналған шығармалары мейлінше қарапайым, бүкшігесіне дейін түсінікті.
Мұны айтып отырған себебіміз- балалардың басын қатырмайтын Қ. Жәркенов сияқты авторларға қарапайым, жеңіл жазады деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбділда Тәжібаев шығармашылығы
Драмалық монологтың көркем әдебиеттегі рөлі
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Қазақ драматургиясы туралы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
Бейімбет Майлин туралы
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі жайлы
Ғұмырын ғылымға арнаған ғалым
Қазақ кеңес балалар әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызы
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
Пәндер