Буылтық құрттар типі



1. Құрылысы. Барлық буылтық құрттардың ортақ белгілері: денесі созылыңқы ұзын гомономдық метамериялы болады, денесі бірінен соң бірі қайталап отыратын дұрыс біркелкі сақиналардан тұрады. Олар бір – біріне өте ұқсас болады, сондықтан гомономды метамерия деп атайды. Денесінің тұрқы мекен еткен ортасына қарай өзгеріп отырады, 0,5 мм ден 3 мм дейін, жиірек 10-150 мм аралығында кездеседі. Буылтық құрттардың денесі бас бөлімі (простомизм), келесі сақиналардан (метамерлер) және артқы бөлімінен (пигидизм) тұрады. олардың сақиналары бір – бірінен перде арқылы бөлініп жатады. Дене сигменттерін сыртынан тығыз жамылғы немее кутикула жауып тұрады. Кутикуланың астыңғы жағында бір қабатты эпителий жатады, қозғалғанда жеңілдік жасау үшін және жауларын қорқыту үшін. Оның терісінде әртүрлі шырындар шығарып тұратын тері бездері көп болады. көпшілік түрлерінің терісінде әртүрлі түс беретін пигменттері бар, ол теңізде тіршілік ететін көпқылтанды құрттарда және әртүрлі сүліктерде бұл пигменттер өте әсерлі және ашық болып келеді. Су түбінде немесе топырақта тіршілік ететін түрлерінде пигменттер болмайды.
2. Нерв жүйесі. Орталық нерв жүйесі бас (ганглиясы) ми жұтқыншақ маңындағы нерв сақинасы мен мидан шыққан нерв тізбегінен құралады. Құрсақ тізбегінің нерв түйіндері, әрбір буылтыққа бір түйіннен жіберіп жалғасады. Түйіндер бір – бірімен көлденең коммисуралар арқылы тұрады. Нәтижесінде әрбір құрсақ тізбегінің ганглиясы буылтықтың мүшелерін қоздырғыш әрекетті жеткізіп отырады. Бас ганглиясы бүкіл ішкі мүшелерді нервпен қамтамасыз етеді. Олар негізінде дененің алдыңғы бөлімінде жинақталған. Сезім мүшелері қармалағыштардың ішіндегі нерв клеткаларының ұшымен қабылданады. Тамақ іздеп оны табуда ауыз айналасында орналасқан сезгіш химиялық тітіркендіргіштер зор роль атқарады.
Жарық сезгіш клеткалар бүкіл дененің үстінде орналасқан. Көпшілік теңізде тіршілік ететін көп қылтанды буылтық құрттарда және көпшілік сүліктерде құрылысы әртүрлі көздері болады. Көпшілік көп қылтанды

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Буылтық құрттар типі
1. Құрылысы. Барлық буылтық құрттардың ортақ белгілері: денесі
созылыңқы ұзын гомономдық метамериялы болады, денесі бірінен соң бірі
қайталап отыратын дұрыс біркелкі сақиналардан тұрады. Олар бір – біріне өте
ұқсас болады, сондықтан гомономды метамерия деп атайды. Денесінің тұрқы
мекен еткен ортасына қарай өзгеріп отырады, 0,5 мм ден 3 мм дейін, жиірек
10-150 мм аралығында кездеседі. Буылтық құрттардың денесі бас бөлімі
(простомизм), келесі сақиналардан (метамерлер) және артқы бөлімінен
(пигидизм) тұрады. олардың сақиналары бір – бірінен перде арқылы бөлініп
жатады. Дене сигменттерін сыртынан тығыз жамылғы немее кутикула жауып
тұрады. Кутикуланың астыңғы жағында бір қабатты эпителий жатады,
қозғалғанда жеңілдік жасау үшін және жауларын қорқыту үшін. Оның терісінде
әртүрлі шырындар шығарып тұратын тері бездері көп болады. көпшілік
түрлерінің терісінде әртүрлі түс беретін пигменттері бар, ол теңізде
тіршілік ететін көпқылтанды құрттарда және әртүрлі сүліктерде бұл
пигменттер өте әсерлі және ашық болып келеді. Су түбінде немесе топырақта
тіршілік ететін түрлерінде пигменттер болмайды.
2. Нерв жүйесі. Орталық нерв жүйесі бас (ганглиясы) ми жұтқыншақ
маңындағы нерв сақинасы мен мидан шыққан нерв тізбегінен құралады. Құрсақ
тізбегінің нерв түйіндері, әрбір буылтыққа бір түйіннен жіберіп жалғасады.
Түйіндер бір – бірімен көлденең коммисуралар арқылы тұрады. Нәтижесінде
әрбір құрсақ тізбегінің ганглиясы буылтықтың мүшелерін қоздырғыш әрекетті
жеткізіп отырады. Бас ганглиясы бүкіл ішкі мүшелерді нервпен қамтамасыз
етеді. Олар негізінде дененің алдыңғы бөлімінде жинақталған. Сезім мүшелері
қармалағыштардың ішіндегі нерв клеткаларының ұшымен қабылданады. Тамақ
іздеп оны табуда ауыз айналасында орналасқан сезгіш химиялық
тітіркендіргіштер зор роль атқарады.
Жарық сезгіш клеткалар бүкіл дененің үстінде орналасқан. Көпшілік
теңізде тіршілік ететін көп қылтанды буылтық құрттарда және көпшілік
сүліктерде құрылысы әртүрлі көздері болады. Көпшілік көп қылтанды буылтық
құрттарда тепе – теңдік мүшесі болады. Жануарлар дүниесінде нерв жүйесінің
күрделеніп дамуы, оның ішінде ішек қуыстылармен салыстырғанда, нерв
жүйесінің қызметі артып, олардың барлық мүшелерінің бірыңғай бірігіп жұмыс
істеуіне толық мүмкіншілік туғызса, екінші жағынан жаңа бір қонысты игеруде
де, мінез – қылықтарының жетілінуіне де әсерін тигізеді.
3. Қозғалу жүйесі. Тері -ет қапшығының құрылысы, жалпақ және жұмыр
құрттармен салыстырғанда күрделі болады және құрылысы жөнінен өздеріне тән
белгілері болады. Эпидермистің астында жақсы жетілген бұлшық еттер
орналасады. Бұлшық еттердің бұлардан басқа да топтары кездеседі. Буылтық
құрттардың көпшілігінің буылтықтарының әрқайсысында бір жұп, қылтанмен
жабылған дене өсіндісі болады. Бұл қозғалу мүшесі – параподиялары.
Параподиялары қатты органикалық заттардан хитиннан түзіледі. Әрбір
параподия екі тармақтан тұрады: арқа жағынжағы тармақ және құрсақ жанындағы
тармақ деп атайды. Арқа жағындағы тармағында сорайып тұрған буда буда
мөлдір қатты ткандары болады. Сөйтіп буылтық құрттарда ең бірінші рет
қозғалуына мүмкіндік беретін ерекше дене өсіндісі пайда болады. Денесінің
бунақтарға жіктелуі құртардың икемділігін арттырады, тамақ іздеу кезінде
судың түбіне немесе топыраққа тереңірек кіруге, жауларынан қорғануға толық
мүмкіншілік туғңызады. Сонымен қатар, параподиялар қозғалу, жүзі қызметін
атқарумен қатар сезу мүшелірінің қызметін де атқарады.
Дене қуысы. Буылтық құрттар үшін екінші қайтара пайда болған дене
қуысы тән сипат. ол тері – ет қапшығын астарлап жататын перитонеалдық
эпителиден тұрады. Дене қуысы (целам) дене сұйықтығы және ішкі мүшелері
орналасқан. Целам тек қана сүліктерде болмайды, ал қалған буылтық
құрттардың бәрінде де бар. Алғашқы дене қуысының бластоцельден
морфологиялық айырмашылығы, целам дене сұйықтығын қоршап тұрған тканьдар
мен мүшелерден бөліп тұратын жұқа эпителимен астарланған. Буылтық
құрттардың екінші ерекшелігі әрбір дене буылтықтарындағы қуыстар бір –
бірінен перделермен бөлінген және екінші қайтара пайда болған дене қуысы
көптеген зәр шығару тесіктері арқылы сыртқы ортаға ашылады. Целам бұлшық
еттер жүйесінің жақсы дамуына байланысты тірек қызметін гидравликалық
қаңқа қызметін атқарады. Целам және сол сияқты бірнеше реттегі дененің
қуысы қор заттарын тасымалдайды.
Қан айналу жүйесі. Ең бірінші рет жануарлар дүниесінде қан айналу
жүйесі буылтық құрттарда пайда болады. Оларда жақсы дамыған қан айналу
жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады.
Қан айналу жүйесі тұйық. Арқа қан тамырлары жиылған кезде қан алға
басқа қарай, сақина тәрізді қан тамырлары арқыыл құрсақ тамырына, ал құрсақ
қан тамырының бойымен артқа қарай жүреді. Қан плазмасында қанға қызыл түс
беретін гемоглабин болса, қан қызыл болады. Кейбір құрттардың қанында жасыл
пигмент хлорокурин болғандықтан қаны жасыл түсті болады. Қан айналу жүйесі
ең ұсақ капиллярлар қан тамырлары арқылы қоректік заттарды, оттегімен,
денеге тасиды және зат алмасу кезінде қорытылмаған заттарды сыртқа шығару
қызметтерін атқарады.
Тыныс алу жүйесі. Буылтық құрттардың көпшілігі қан жүретін капиллярға
бар терісі арқылы тыныс алады. Ал теңізде тіршілік ететін кейбір
түрлерінде желбезектері де болады. Желбезегінде суда еріген оттегі мен
қандағы көмірқышқыл газы алмасатын өте ұсақ тамырдары болады. Кейбір
түрлерінің арнайы тыныс алу мүшелері болмайды, мұндай жағдайда тыныс алу
тері арқылы орындалады.
Зәр шығару жүйесі. Негізгі зәр шығару жүйесі метанефридиялар
құрылысты. Метанефрияданың протонфридиядан айырмашылығы тұйық болмай ашық
болып келуінде метанифридиялардың әрбір дене сақинасынан жұп түтіктердің
бір ұшы дененің қуысына ашылады да, екінші ұшы сыртқа ашылады.
Метанефридиялар жай қарағанда протонефридияға тіпті ұқсамайды, бірақ шығу
тесігіне қарағанда бұл зәр шығару мүшелері өзара байланысты. сондықтан
метанефридия протонфридиядан шыққан.
Ас қорыту жүйесі. Тіршілік ерекшеліктеріне және тамақтың тез
қорытылуына байланысты буылтық құрттарда ас қорыту жүйесі басқа
құрттардікіне қарағанда әлде қайда жақсы жетілген. соған сәйкес ас қорыту
жүйелері, атқаратын қызметіне қарай жеке бөлімдерге жіктелген. Олар: ауыз
қуысы, жұтқыншақ, өңеш, етті қарын, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі.
Тамақтың тез жиырылуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буылтық құрттар, олардың тіршіліктік бейімделуі және сан алуандылығы
Жалпақ құрттар типі
“Зоология” курсының кіріспесі
Оқушыларының құрттар жайлы білімдерін практикалық тұрғыда қарастыру
Құрттар типіне жалпы сипаттама
Дененің сегменттелуі
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Ішек құрттар немесе гельминттер
Моллюскалар типi
Ересек құрттың дене ұзындығы
Пәндер