Орта ғасырлардағы түркі ескерткіштеріне араб тілінің ықпалы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім
I.тарау.Ясауи «Хикметтері» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Қолжазба мәтінінің фонетикалық жүйесі фонологиялық
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Ясауи «Хикметтері» тілінің лексикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3Ясауи «Хикметтері» тілінің морфологиялық сипаттамасы ... ... ... ... 14
1.4 Хикметтердің өлең құрлысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

II тарау. «Жамиат.тауарих» тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.1 Қадырғали би еңбегігің аты туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2 «Жамиат. тауарихтың» тілінің зертелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.3 Шежіре тілінің лексикасы мен фразеологиясы ... ... ... ... ... ... ... ..25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Орта ғасырлардағы араб әлемінде қоғамдық ойдың философия, діни көзқарас, медицина, тарихнама, шешендік өнер сияқты көптеген түрлері дамыды. Бұлардың барлығы жалпы адамзат мәдени қорына қосылған қымбат қазына болып табылатын тарихи ескерткіштер өз көрінісін тапты. Осыған қарай отырып түркі халықтарының тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VIII) дәуірінен кейінгі орта ғасырлық кезеңде, оның ішінде Х-ХII ғасырларда қараханидтер династиясы кезінде Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі халықтардың ана тілі мен әдебиеті өркендеді. Бұл кезде қыпшақ, оғыз, қарлұқ және ұйғыр халықтарының түрлері негізінде араб графикасындағы түркі жазу қалыптасты және осы жазу үлгісімен тарихи ескерткіштер дүниеге келді.
Осы ескерткіштердің қатарына Құтадұғу білік (XI.ғ) 13 мың жолдан тұратын дидактикалық дастан, авторы Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқаридың “Диван Луғатит-түрк” атты еңбегі(ХІ.ғ ) және орта ғасырдағы атақты түркі жазба ескерткіштерінің бірі Қожа Ахмет Ясауидің «Хикметтері» (“Парасаттылық немесе даналық”) атты өлеңдер жинағы және Қадырғали би Қасымұлының «Жами ат-тауарих» (Жылнамалар жинағы) деп аталатын шежіресі т.б. ескерткіштер дүниеге келді.
Жалпы алғанда біз Ясауи «Хикметтері» мен «Жами ат-тауарих»атты түркі ескерткіштеріне жеке-жеке тарау ретінде тоқталып, олардың әртүрлі ұстанымдары мен көзқарастары ашық көрсетіледі. Мысалы, Ясауидің түркі халықтарының рухани-мәдени өміріндегі рөлі мен қызметі қалдырған поэтикалық дүниесін және Ясауидің есімінің де, хикметтерінің де сан ғасырлық ұмытылмай сақталып келуі және XII ғасырдан бұрын пайда болған суфизм ағымының жергілікті бұқара арасында қолданылуы осылардың барлығын түсіндірумен бірге, Қадырғали би Қасымұлының қаламынан туған «Жами ат-тауарих» атты еңбекпен салыстыра қарастыра отырып, орта ғасырдағы тарихи ескерткіштерге араб тілінің қаншалықты әсер еткенін, ондағы тілдік грамматикалық байланыстардың қалай болғанын осы, екі ескерткіш тілінің зерттелуіне қарай отырып түсіне аламыз. Мәселен, Ясауи «Хикметтері» мен Қадырғали бидің «Жами ат-тауарихтың» да тілінде араб, парсы сөздері молынан кездесетінін байқаймыз.
Мұнда Ясауи «Хикметтерінде» араб, парсы сөздері 46-48 пайызын құраса, ал Қадығали Жалайырдың «Жами ат-тауарихында» араб сөздері 28 пайызын, ал парсы сөздері 13 пайызын құрайтындығын ғалым Р.Сыздықова атап кетеді.(1)Осыған қарай отырып, араб тілінің орта ғасырдағы түркі ескерткіштеріне үлкен әсер еткенін байқаймыз.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Орта ғасырдағы түркі ескерткіштеріндегі араб тілінің ықпалын көрсету, мұнда осы мақсатпен, орта ғасырлардағы түркі ескерткіштерінің ірі тулғаларының бірі, Ясауи «Хикметтері»мен Қадырғали би Қасымұлының «Жами ат-тауарих» (Жылнамалар жинағы) шежіресіндегі араб тілінің ықпалы көрсетілді.
Мұнда: 1.Қолжазба мәтініндегі фонетикалық жүйесі,фонологиялық заңдылықтары.
2. Ескерткіш тіліндегі араб сөздерінің грамматикалық байланыстары көрсетілді.
Мәселенің деректі қоры. Еліміз тарихында орта ғасырлық кезең мәдениет дамуында ерекше кезең болып табылады. Әбу насыр әл-фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Қадырғали би Қасымұлы сияқты даланың жұлдыздары қайталанбас тарихи ескерткіштер жасап, шығыстың ғана емес, дүниежүзілік тарихта ғылымды дамытушы ұлы ғұламалар ретінде орын алды. Сондай-ақ ірі тұлғалардың ішінде Қожа Ахмет Ясауи мен Қадырғали би Қасымұлының еңбегі зор.
Осы жұмыс барысында, Рәбиға Сыздықованың Ясауи «хикметтерінің»тілі мен Қадырғали би Қасымұлының «Жами ат-тауарих»(Жылнамалар жинағы)негізгі дерек көздері болып табылады.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Біздің талдап отырған Ясауи «Хикметтрі» мен Қадырғали Қасымұлының шежіресі үлкен тілдік ескерткіш болып табылады. Сондықтан оның тарихи шығарма ретіндегі мазмұнын, сипатын, құрлысын сөз етумен қатар, тіліне де қатты назар аударып, жазба ескерткіш ретіндегі маңызы зор болып келеді.
Қадырғали Қасымұлының шығармасының тілі тұралы тұңғыш сөз айтқан адам – оны жарыққа шығарушы Қазан университетінің профессоры И. Н. Березин. Оның айтуынша, Борис Годунов патшалық еткен тұста жазылған түркі шежіресінің табылуы –үлкен жаңалық.
И. Н. Березиннен кейін, 1850 жылдардың бас кезінде Қадырғалидың «Тауарихымен» өте жақын танысып, шежіренің өзімен қатар тілі жөнде пікір айтқан ғалым –Шоқан Уәлиханов. И. Н. Березиннің Н. Ф. Костылецкий арқылы сұраған сұрақтарына қайтарған жауабында Шоқан жалайыр тарихшының шежіресінен сөз етеді.
Ал, сонымен қатар орта ғасырлардағы (ХІ-ХVІ ғ.) түркі жазба ескерткіштерінің тілін зерттеудің бір ұшы сол кезеңдегі, яғни ескі (көне емес) түркі әдеби тілінің сипаты, бір-бірінен айырым белгілері және қазіргі түркі тілдеріне қатысты деген проблемаларға барып тіреледі.Өйткені белгілі бір ескерткіштің немесе жеке бір қаламгердің тілінің зерттеу- жалаң археографиялық немесе фактографиялық ізденістер емес, бұлардағы іздеп отырған обьектілеріміздің бар-жоғын , сипатын көрсетуде бегілі мақсат көзделген .
Жұмыстың құрлымы: Бұл бітіру жұмысында біз орта ғасырда ғасырда жазылған ескерткіштердің мазмұнына қарай отырып, олардың құрастырылуы, сөздердің орналастырылуы, олардың берген мағыналарына қарай отырып түсіндіру әдісін талдаймыз.
Бұл жұмыстың негізгі бөлімі екіге бөлінген: бірінші бөлімінде Ясауи «Хикметтері», мұнда біз хикметтің құрлысына және онда пайдаланылған араб сөздерінің грамматикалық байланыстарын қарастырдық. Екінші бөлімінде Қадырғали би Қасымұлының «Жами ат-тауарих» тіліне жан-жақтылы талдау
Қолданылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі

1. Рәбиға Сыздықова Ясауи «Хикметтерінің» тілі . Алматы. «Сөздік-Словарь». 2004.
2. Бұл- 1980 жылдарға дейінгі мәлімет, одан бері талай өзгерістер болған болу керек.
3. Щербак А.М. Грамматика староузбекского языка. М.-Л. 1962.Стр.64.
4. Идрис Шах. Суфизм. –М., 1994. С.11.
5. Лыкошин Н.С. Диван-и машраб. Жизнеописание популярнейшего представителями стицизма в Туркестанском крае. Перевод и примечания. Самарканд,1995.
6. Нәжіп Ә. Терең тамырлар – журнал. «Жалын», 1972.№4, 154-бет.
7. Құрышжанов Ә.,Айдаров Ғ., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы, 1971, 30-бет
8. И. Н. Березин ., Библиотека.., 169-170-б.
9. И. Н. Березин жариялаған көшірмеде тоғызыншы «Иадкархан дастаны» берілген беттер жоғалып кеткен.
10. Тәжікова К. Х. Ислам: дүниетаным, идеология, саясат. А.,1989
11. Щербак А. М. Грамматика староузбекского языка. М.-Л. 1962
12.Сыздықова Р. Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. «Қазақ университеті». Алматы. 1991
13.Ахметов Р. Сопылық поэзиядағы фольклорлық элементтер. ҚР ҒА – ның хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, 1992
14.Бердібаев Р. Ахмет Ясауи және оның дәуірі. // «Егемен Қазақстан». 20 қазан, 1990
15.Дәуітов С. Хазірет Сұлтан Қожа Ахмет Йасауи.-ҚР ҰҒА-ның Хабарлары . Тіл,әдебиет сериясы.1995
16.Есембаев Т. Қожа Ахмет Ясауи поэзиясын зерттеудің кейбір қағидалары.-Ясауи тағлымы.Түркістан,1996
17.Жармұхамедов М. Ясауидің «Диуани хикметі» және қазақ поэзиясы.//Оңтүстік Қазақстан.1990
18.Жұбатова Б. Қожа Ахмет Ясауи және араб тілі.-Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің хабаршысы. Шығыстау сериясы.
19.Көпрүлү М.Ф. Қожа Ахмет Ясауи. Танымы мен тағлымы.Шымкент,1999
20.Құрышжанов Ә.,Айдаров Ғ., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы, 1971
21.Мелиоранский П.М..Араб-филолог о турецком языке.
22.Тәжібаев К. Ислам: дүниетаным, идеология, саясат.Алматы,1989
23.Тенишев Э.Р. к истории узбекского языка.-Сб. акад. Гордиевскому М.1953
24.Щербак А.М. Грамматика староузбекского языка.М.-Л.,Изд.АН КССР,1962
25.Щербак А.М. Грамматический очерк языка тюрских текстов Х-ХIII вв.из Восточного Туркестана.М.-Л., 1961
26.Ысқақова А. Қазіргі қазақ тілі.Морфология.А.,1974
27.Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
I.тарау.Ясауи
Хикметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .6
1.1 Қолжазба мәтінінің фонетикалық жүйесі фонологиялық
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Ясауи Хикметтері тілінің лексикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3Ясауи Хикметтері тілінің морфологиялық сипаттамасы ... ... ... ... 14
1.4 Хикметтердің өлең құрлысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
II тарау. Жамиат-тауарих
тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.1 Қадырғали би еңбегігің аты туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2 Жамиат- тауарихтың тілінің зертелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.3 Шежіре тілінің лексикасы мен фразеологиясы ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..36

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Орта ғасырлардағы араб әлемінде қоғамдық ойдың
философия, діни көзқарас, медицина, тарихнама, шешендік өнер сияқты
көптеген түрлері дамыды. Бұлардың барлығы жалпы адамзат мәдени қорына
қосылған қымбат қазына болып табылатын тарихи ескерткіштер өз көрінісін
тапты. Осыған қарай отырып түркі халықтарының тіршілігі мен мәдениетінің
көне (V-VIII) дәуірінен кейінгі орта ғасырлық кезеңде, оның ішінде Х-ХII
ғасырларда қараханидтер династиясы кезінде Орта Азия мен Қазақстан
жеріндегі халықтардың ана тілі мен әдебиеті өркендеді. Бұл кезде қыпшақ,
оғыз, қарлұқ және ұйғыр халықтарының түрлері негізінде араб графикасындағы
түркі жазу қалыптасты және осы жазу үлгісімен тарихи ескерткіштер дүниеге
келді.
Осы ескерткіштердің қатарына Құтадұғу білік (XI.ғ) 13 мың жолдан
тұратын дидактикалық дастан, авторы Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқаридың
“Диван Луғатит-түрк” атты еңбегі(ХІ.ғ ) және орта ғасырдағы атақты түркі
жазба ескерткіштерінің бірі Қожа Ахмет Ясауидің Хикметтері (“Парасаттылық
немесе даналық”) атты өлеңдер жинағы және Қадырғали би Қасымұлының Жами ат-
тауарих (Жылнамалар жинағы) деп аталатын шежіресі т.б. ескерткіштер
дүниеге келді.
Жалпы алғанда біз Ясауи Хикметтері мен Жами ат-тауарихатты
түркі ескерткіштеріне жеке-жеке тарау ретінде тоқталып, олардың әртүрлі
ұстанымдары мен көзқарастары ашық көрсетіледі. Мысалы, Ясауидің түркі
халықтарының рухани-мәдени өміріндегі рөлі мен қызметі қалдырған поэтикалық
дүниесін және Ясауидің есімінің де, хикметтерінің де сан ғасырлық ұмытылмай
сақталып келуі және XII ғасырдан бұрын пайда болған суфизм ағымының
жергілікті бұқара арасында қолданылуы осылардың барлығын түсіндірумен
бірге, Қадырғали би Қасымұлының қаламынан туған Жами ат-тауарих атты
еңбекпен салыстыра қарастыра отырып, орта ғасырдағы тарихи ескерткіштерге
араб тілінің қаншалықты әсер еткенін, ондағы тілдік грамматикалық
байланыстардың қалай болғанын осы, екі ескерткіш тілінің зерттелуіне қарай
отырып түсіне аламыз. Мәселен, Ясауи Хикметтері мен Қадырғали бидің Жами
ат-тауарихтың да тілінде араб, парсы сөздері молынан кездесетінін
байқаймыз.
Мұнда Ясауи Хикметтерінде араб, парсы сөздері 46-48 пайызын
құраса, ал Қадығали Жалайырдың Жами ат-тауарихында араб сөздері 28
пайызын, ал парсы сөздері 13 пайызын құрайтындығын ғалым Р.Сыздықова атап
кетеді.(1)Осыған қарай отырып, араб тілінің орта ғасырдағы түркі
ескерткіштеріне үлкен әсер еткенін байқаймыз.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Орта ғасырдағы түркі
ескерткіштеріндегі араб тілінің ықпалын көрсету, мұнда осы мақсатпен, орта
ғасырлардағы түркі ескерткіштерінің ірі тулғаларының бірі, Ясауи
Хикметтерімен Қадырғали би Қасымұлының Жами ат-тауарих (Жылнамалар
жинағы) шежіресіндегі араб тілінің ықпалы көрсетілді.
Мұнда: 1.Қолжазба мәтініндегі фонетикалық жүйесі,фонологиялық
заңдылықтары.
2. Ескерткіш тіліндегі араб сөздерінің грамматикалық байланыстары
көрсетілді.
Мәселенің деректі қоры. Еліміз тарихында орта ғасырлық кезең мәдениет
дамуында ерекше кезең болып табылады. Әбу насыр әл-фараби, Қожа Ахмет
Ясауи, Қадырғали би Қасымұлы сияқты даланың жұлдыздары қайталанбас тарихи
ескерткіштер жасап, шығыстың ғана емес, дүниежүзілік тарихта ғылымды
дамытушы ұлы ғұламалар ретінде орын алды. Сондай-ақ ірі тұлғалардың ішінде
Қожа Ахмет Ясауи мен Қадырғали би Қасымұлының еңбегі зор.
Осы жұмыс барысында, Рәбиға Сыздықованың Ясауи хикметтерініңтілі
мен Қадырғали би Қасымұлының Жами ат-тауарих(Жылнамалар жинағы)негізгі
дерек көздері болып табылады.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Біздің талдап отырған Ясауи Хикметтрі
мен Қадырғали Қасымұлының шежіресі үлкен тілдік ескерткіш болып табылады.
Сондықтан оның тарихи шығарма ретіндегі мазмұнын, сипатын, құрлысын сөз
етумен қатар, тіліне де қатты назар аударып, жазба ескерткіш ретіндегі
маңызы зор болып келеді.
Қадырғали Қасымұлының шығармасының тілі тұралы тұңғыш сөз айтқан
адам – оны жарыққа шығарушы Қазан университетінің профессоры И. Н.
Березин. Оның айтуынша, Борис Годунов патшалық еткен тұста жазылған түркі
шежіресінің табылуы –үлкен жаңалық.
И. Н. Березиннен кейін, 1850 жылдардың бас кезінде Қадырғалидың
Тауарихымен өте жақын танысып, шежіренің өзімен қатар тілі жөнде пікір
айтқан ғалым –Шоқан Уәлиханов. И. Н. Березиннің Н. Ф. Костылецкий арқылы
сұраған сұрақтарына қайтарған жауабында Шоқан жалайыр тарихшының
шежіресінен сөз етеді.
Ал, сонымен қатар орта ғасырлардағы (ХІ-ХVІ ғ.) түркі жазба
ескерткіштерінің тілін зерттеудің бір ұшы сол кезеңдегі, яғни ескі (көне
емес) түркі әдеби тілінің сипаты, бір-бірінен айырым белгілері және қазіргі
түркі тілдеріне қатысты деген проблемаларға барып тіреледі.Өйткені белгілі
бір ескерткіштің немесе жеке бір қаламгердің тілінің зерттеу- жалаң
археографиялық немесе фактографиялық ізденістер емес, бұлардағы іздеп
отырған обьектілеріміздің бар-жоғын , сипатын көрсетуде бегілі мақсат
көзделген .
Жұмыстың құрлымы: Бұл бітіру жұмысында біз орта ғасырда ғасырда жазылған
ескерткіштердің мазмұнына қарай отырып, олардың құрастырылуы, сөздердің
орналастырылуы, олардың берген мағыналарына қарай отырып түсіндіру әдісін
талдаймыз.
Бұл жұмыстың негізгі бөлімі екіге бөлінген: бірінші бөлімінде Ясауи
Хикметтері, мұнда біз хикметтің құрлысына және онда пайдаланылған араб
сөздерінің грамматикалық байланыстарын қарастырдық. Екінші бөлімінде
Қадырғали би Қасымұлының Жами ат-тауарих тіліне жан-жақтылы талдау

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І.Тарау Ясауи хикметтерінің тілі

І.І Қолжазба мәтінінің фонетикалық жүйесі, фонологиялық заңдылықтыры

Ерте орта ғасырлардағы (ХІІғ) түркі жазба ескерткіштерінің бірі атақты
Қожа Ахмет Ясауидың Хикмет (Парасаттылық немесе Даналық) атты өлеңдер
жинағы. Ясауи кейінгі ғасырларда “Хазрет сұлтан Арафин”, ал қазақтар
арасында “Әзірет сұлтан” деп атаған. Соңғы он жылдықтарда қазақ
мәдениетінде ХІІ ғасырдың жазба ескерткіші Ясауи
“Хикметтеріне” айрықша назар аудара бастады. Бұл қолжазба негізінен ХҮІІ
ғасырларда хатқа түскен. Бұл қолжазба ХІХ ғасырдың соңғы кезінде Самарқан
қаласынан табылды. Кейін бұл
қолжазбаны Санкт –Петербургке әкелді. Бұл қолжазба ХІХ – ХХ ғасырларда,
Қазан қаласында жарық көрді. Зерттеу барысында жалпы түркологияға жазба
әдеби тіл теориясына түркі әдеби тілдікті оның ішінде араб тілінің түркі
ескерткіштеріндегі ықпалын анығырақ түсіндіру көзделеді.
Ясауи Хикметтерінің бұл күнде бізге
жеткен қолжазбаларының барлығы дерлік соңғы
кезеңдердің көпшілігі ХІХ
ғасыр жазбалары екендігі мәлім. Ясауидың өз қолтаңбасы түскен, тіпті оның
мүриттері (шәкірттері) қалдырған қолжазба
жоқ екендігі белгілі. Ең әріде жазылып бізге жеткендер деп
табылғандардың біреуі Вафик – Паша кітапаханасынан алынып, Стамбул
кітапханасында сақталғ. Ол шамамен Һижраның 1105 жылдары яғни 169394
жылдары хатқа түскен. Екінші қолжазба шығыс танушы, түрколок, академик Карл
Германович Залеманың (1849-1916) ХІХ ғасырдың соңында Самарқанда табылған
қолжазбасы. Бұл қолжазба Санкт – Петербургте КСРО ғылыми Академиясының
шығыстану институтындағы Азия мұражайында В286 деген нөмермен сақтаулы.(2)
Қолжазбаның басында бірнеше беті жоқ.(жоғалған немесе жыртылып қалған, не
түсіп қалған болуы мүмкін), өйткені, бір парақ қағаздың екі бетіне
жазғанда көшіруші (жазған адам) келесі беттің санын қазіргі біздер сяқты
санмен көрсетпеген. Екінші беті жазылған парақтың ең астына, көбіне сол
жағына келесі бетте жазылуға тисті сөзді, не оның алдындағы буынын жазып
көрсеткен. Қолжазба бетінің осындай белгілеріне қарағанда оның өн бойында
бірнеше парақтың жоқ екендігіне немесе бірер бет орынсыз қосылып кеткендігі
байқалады.
Жалпы Ясауи қолжазбаларының бізге жеткендерінің басым көпшілігі соңғы
кезеңдерде ХІХ ғасырдың ішінде дүниеге келгендері бар. Бұларда да өзге
адамдардың туындыларының қосылып кетуі, мәтіннің
ішінара жаңғыртылуы , сияқтылар орын алған. Мысалы: 23б беттің соңында
“білдім” деген сөз көрсетілген. Ал, кейінгі біздердің 24а деп көрсеткен
бетіміздің бірінші сөзі “тайсам” деген сөз және оның үстіне бұл бет
солғындау сиямен, мүмкін тіпті басқа қолмен жазылғаны байқалады.
Араб жазуымен көшіріліп, сақаталып келген ертедегі Түркі жазба
ескерткіштерден зерттеуші мамандардың әр дайым көрсетіп келгендей, араб
әліппесі түркі тілдерінің фонетикалық жүйесін анық, дәл бере алмайды.(3)
Өйткені, араб жазбасында тек үш дауысты дыбыстың таңбасы болса, Түркі
тіліндегі дауысты дыбыстардың саны бұданда көп екендігі,
түркі тіліндегі К мен Г, П мен Б дыбыстыры араб
жазуымен келген. Қолжазбалар мен басылымдарда
көбінесе бір таңба мен ( , )
берілетіндігі де мәлім. Бізге жеткен қолжазбаладың бір қатары, әсіресе
олардың ертеректе көшірілгендері харакаттар
мен қысаң дауыстыларды білдіретін және әріп астына қойылатын белгілермен
жазылған. Біз зерттеу нысаны етіп алған ХҮІІ ғасырдың соңғы кезінде
жазылған Самарқан қолжазбасында харакаттар мен хатқа түскен және олардың
таңбалануы бір шама жүйелі түрде келген (бұл – көшірушінің сауатылығы мен
ұқыптылғын көрсетеді). Харакаттар Түркі
сөздеріндегі ашық, қысаң
даустыларды тануға көмегін тигізеді. Мысалы, Араб тілінде”И” әрпі таңба
асты сызығы – Кесрамен келсе, ол “ы”не ”і”және ”и”дыбыстарын белгілейді.
Ал, сөз басындағы е дыбысы()болып
таңбаланыды. Түркі сөздеріндегі ү, ұ дыбыстары дауыссыз дыбыс
әріпі үстіне қойылған дамма мен келеді. Ал, “ө, о”дыбстарын жазуда
көшіруші көбінесе “ ”таңбасының үстіне дамма қойған. Сондықтан қол деген
сөз үш әріппен ( قول ), құл деген сөз екі әріппен ( قل ) келіп отырған.
Әрине, бұл емле тәртібі барлық жерде қатаң сакталып отырмаған.
Сөйтіп, қолжазба мәтінінің қыпшақ, оғыз тілдеріне негізделгенін
ескеріп, харакаттардың көмегіне сүйеніп, біз қарастырып отырған қолжазба
бойынша,Ясауи хикметтері тілінде 9 дауысты дыбыс, 20 дауыссыз дыбыс бар
деп түйеміз.
Олар :
Дауысты дыбыстар:А, Ә,Е, О, Ө, Ұ, Ү, Ы, Й

Дауыссыз дыбыстар: Б,П, Д,Т,С,У, ШІ, Ж, З, Р, Қ, К, Ғ, Г, Л, М, Н, Ң,
У, Й
Қалғаны د ث ز ص ض ظ ط ع ف
таңбалары әріптері араб, парсы сөздерінеде жазылған.
Біз бұл ескерткіш тіліне фонологиялық талдаулар жасай отырып,
ескерткіштің тілінде үндесу заңы Сингарманизм қалай көрінгеніне назар
саламыз.
ХҮІІ. Ғасырда көшірілген хикметтер мәтініндегі сөздердің ішінде
айтарлықтай орын алған 44-45 пайызы араб, парсы сөздерінің арабша, парсыша
жазылғаны. Сол себепті де қолжазба араб, парсы сөздерінің бірде – бірі
“қазақы” варианты кездеспейтінін айтуға болады. Демек,
Ясауи хикметерінің тілі арқылы, оның тіпті, бертінге
ХҮІІ–ХХ ғасырладағы хатқа түскен нұсқалары бойынша да араб, парсы
тілдерінің түркі тілдерінде, әсіресе қазақ тілінде, фонетикалық–Графикалық
жағына игерілуі эволюциясын зерттеу мүмкін емес. Бірақ, діни әдебиет оның
ішінен ауызша да жазбаша да дамыған сопылық ілімі арқыл Түркі тілдеріне,
оның ішінде қазақтың жалыпы халықтық бүгінгі тіліне енген шет телдері
лексикалық мол қазынаны танып-біліп, түгелдей аламыз.

I.2. Ясауи Хикметтері тілінің лексикасы

Ортағасырлық түркі мұрасының бірі – Ясауи Хикметтерінің лексикалық
қазынасына келсек, Ясауи тілнің негізіне оғыз, қыпшақ тобында сөйлеген.
хикметтердің сөздік қазынасы үш қабаттан тұрады: басым қабаты түркі
сөздері, қалғандары араб пен парсы сөздері. Түркілік қабаты аса күрделі,
ол өз ішінен және де ажыратылады. Парсы қабатының орын алу себептерімен
қолдану ерекшеліктерін көрсетуде, араб сөздерінің қолданыс уәждерін
анықтауда, сопылық ілімге (суфизмге), қатысты терминдік сөздер жиі
кездеседі.
Ескерткіштердің көрсетілген генетикалық қабаттарын, жеке – жеке
сөз етпес бұрын олардың статистикалық сипаттарына назар аударсақ, хикметтер
бөлігінің басымырақ бөлігі – түркі сөздері шамамен 57– 60 пайыздай, ал
араб және парсы сөздері 40 – 43 пайыздай болып келеді. Мұны шамалап шығу
үшін қолжазбадағы №2 - деп өзіміз нөмірлеген хикметте барлығы 232 сөз
қолданса олаpдың 155 түркі сөзі, ал 82 араб, парсы сөздері. 4№ -
хикіметте барлығы қолданған сөз 299, оның 159 түркі сөзі, 140 араб, парсы
сөздері. Және №61–хикметтегі барлық сөз 282 болса, 183 түркілік, ал, 99
араб-парсылық бірліктер (единицалар яғни сөздер) №47 - хикметте қолданған
204 сөздің – ара салмағы 181 түркі, ал 123 араб, парсы болған. Сөйтіп
қолжазба жинақтың бас – аяғы демей, кез – келген тұсынан алынған
хикіметтің барлығы 1017 сөз қолданған болса, оның 573 түркі, ал 444
араб пен парсы бірліктері болып келеді. Демек лексиканың жартысына жуығы
(44,8%) араб пен парсы сөздерінен құралғандығы айқындалды.
Осыған қарай отырып Ясауи мұрасы лексикасының араб сөздері дені
құрайды. Олар ислам дініне қатысты және діни үғымдарға қатыссыз болып екіге
бөлінеді. Ясауидің бір мұраты – ислам дінінің бір сектасы сопылықты
(суфизмді) насихаттау болғандықтан, мұнда аят, хадис, ақырет, маһшар,
тариғат, сират, заһит сияқты сөздер жиі қолданған. Ясауидың айтпақшы болған
ойын қалың бұқараға түсінікті болу үшін араб сөздері көбінесе аударылып
берілсе керек еді. Бірақ, учмах, йазуық, тамуық деген діни мазмұнды түркі
варианттары кездескенімен, хикметтерде олардың арабша, парсыша Хұда,
Алла, Гунаһ, Энаннат сияқты сөздері жиы кездеседі. Демек, хикметтер
халықтың ауыз екі сөйлеу тіліне ғана емес, өз заманындағы әдеби тіл
нормасына сай шығарылған туынды екенін танытты.
Ясауи тіліндегі арабизмдер мен парсизмдердің мазмұнына, тақырыбына
қарай отырып, дініи және діни емес сөздер деп бөлінеді. Ол әрине түсінікті,
хикметтердің негізгі тақырыбы ислам діні болғандықтан, осы діннің бірден
бір құралы құранның тілі-араб тілінің белгілі рөл атқартыны даусыз. Аят -
құранның өлең жолдары. хадис –құранда айтылатын аңыз әңгіме. Ахират–
ақырет, дууа – дұға, зікір, маһшар, хиамет күні, деген діни терминдерден
бастап шарият, тарихат, марипат, хахиқат, сияқты сопылықілімді игеру
сатыларын атайтын сөздерге ислам дініне қатысты айтылатын көбі, терминдік
мәніндегі бірліктер жүздеп саналады. Олар тек сан
жағына ған емес, қолданылу жиілігі жағынан да көзге түседі.
Араб және парсы тілінде лексикалық мағыналыры

бірнешеу болып келетін сөздердің
бірқатары (тіпті көбі деуге болады) Хикметтер мәтінде негізінен бір ғана
тар мағынада жұмсалған, яғни олардың сопылық іліміндегі терминдік мағанасы
алынған. Мысалы, біздің қолжазбамыздағы және сопылық поэтикалық мектептің
өзге үлгілеріндегі ашық сөз тек қана жаратқанға (Аллаға) ғашықтықдеген
мағынада жұмсалған, мұнда ашик сөзінің жалпы біреуді сүю, жақсы көру
мағынасы жоқ, сондықтан Хикметтерден ашик, жар сияқты тіркестерді
кездестірмейміз. Сол сияқты араб тілінде хақ сөзінің 2-3 лексикалық
мағынасы бар екен:

а) жаратушы; ә) шындық, түзулік; б) үшін шылауы. Ясауи бұл
сөздің 1,2- мағынасын алған.
Парсыладың бәндә сөзі Хикметтерде көбінесе Құдайдың құлы
мағынасында келеді. Оның жалпы адам баласы, пенде, қызметші,деген
мағыналары сирек кездеседі.
Бұл тарауда араб пен парсы сөздерінің терминдік статусы өзге
сөздермен тіркесу қабілеттері, ішінара қолданылу жиілігі сөз болады.
Сондықтан сопылық әдебиетте кездесетін кейбір араб пен парсы сөздерінің
діни терминдік ұғымын түсіндіріп беруді де жөн көрдік.
Ясауи тіліндегі діни емес мәндегі арабизмдердің дені зат есімдер
болып келеді және олардың көбі абстракт (дерексіз ұғым атаулары: әдәб
(әдеп), афат (апат), уафа (опа), шират (рақат), умр (өмір), жаза (ихлас,
ләхза (сәт) т.б.
Бүгінгі қазақ тіліндегі көптеген абстракт ұғым атаулары бұлардың көне
түркілік варианттарын ығыстырған араб пен парсы сөздері екендігі
әлдеқашаннан айтылып келеді. Ал, мұның уәжін қалай түсіндіруге болады?
Біздің байқауымызша, рухани күштің бірегейі – діннің, ислам дінінің, сол
дінге қызымет еткен оқу-ағарту ісі, жазба дүниелер сияқты құралдардың рөлі
айрықша болған. Абстракт ұғым атаулылар ежелгі түркі тілдерінде де аз
болмаған болар, бірақ олар күнделікті өмірде жиі қолданылмайтын сөздер
болғандықтан, қоғамның рухани дүниесіне ислам діні мен ғылым – білім бойлап
енген кезеңдерден бастап орнын соларды әкелген тілдерге біртіндеп бере
бастаған болар.
Арабизмдердің бірқатары, парсы сөздері сияқты, көмекші етістіктерімен
келіп, құрама (қүрделі) қимыл атауларын жасайды: ахир бол- байан қыл-,
уасил бол-,ғазаб қыл-(ашулан-), ихсан қыл- (сыйға тарт-, тарту ет-
),матәм қыл-(жоқта-, жыла-), фәһм қыл-(ұғын, пайымда-) т.б . Ғазаб,
фәһм, матәм сияқты бірқатар араб сөздері жеке қолданылмайды, олар тек
күрделі етістік құрайды. Хикметтер мәтінінде мұндай арабизмдер сан
жағынан жеке қолданылатындарына қарағанда көбірек деуге болады. Мұның да
себебін іздеу керек болар. Біздіңше, араб пен парсы зат есімдеріне түркі
тілдерінің көмекші және бірқатар бол-, бер- сияқты мағыналы етістіктерді
тіркеп, қимыл атауларын жасау орта ғасырлардағы түркі жазба тілінде норма
болғанға ұқсайды.
Арабизмдердің ішінде сын есім мағыналы сөздер көп кездеседі: уали
(әулие), абид (діндар), ғайиб (көрінбейтін, жасырын), ашық (ғашық болған),
заиф (науқас, дімкәс),кәмил (ақылды), мубарак (бақытты)т.б.

Араб, парсы тілдерінен келген деректі зат атаулары ескерткіш тілінде
өте аз. Олар: асәл (бал), қафас (құс ұстайтын тор), шараб, қадах (қадақ)
сияқты бес-он сөз ғана.
Хикметтер мәтінінде орын алған арабизмдердің белгілі бір бөлігі
қазақ тіліне еніп, лексикалық кірме қабатты құрайтын сөздер екенін білеміз:
әлем (аләм),мәубе (тәубә), тағзым (та зим), тәкаппар(тәкаббур – бұл сөз
араб тілінде менмендік, көкіректік мағынасынан ауытқып, қазақша қарама-
қарсы жақсы қасиеттің ұғымын беріп кеткен), тақат (тақат), тасаттық беру
(тасаддук,сыр (сирр) т.б. Бұлар ислам дініне қатысты ұғым атаулары.
Фонетикалық бітімі жағынан түп – төркіні танғысыз болып өзгерген
арабизмдер мен парсизмдердің бұлайша тұлғалануының жүйесін көрсету ғылым
үшін, яғни қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын таныту - өз алдына үлкен
жұмыс. Араб пен парсы сөздерінің қазіргі қазақ тіліне жазба әдебиет арқылы
да, ауызша сөйлеу тәжірбиесі арқылы да келгенін дәлелдеуде де Ясауи мен ол
құрған сопылық мектептің мұралары – таптырмас материал. Өйткені Ясауидің
хикметтері мен өзге де сопылардың поэтикалық дүниелері көпшілік халық
арасына ауызша да тарағаны мәлім.
Жалпы Хикметтер мәтінде ислам дініне қатысты сөздер көп кездеседі.
Ислам дінінде Алланың 99 аты бар деп айтылады. Ясауи Хикметтерінде
сол 99 атының ең жиі кездесетіндерінің бірі – халық көзі, ол – жаратушы,
Құдай мағынасындағы термин, арабша толық синонимі – Аллаһ. Ясауи тілінде
сан жағынан Алла, Құдай, Хақ синонимдерінің ішінде хақ варианты жиірек
қолданылған. Бұл сөздің қатысуымен хақ йолы, хақ йады,хақ дәргаһі, хақ
құллуғы, хақны тап, хаұ илһәмі сияқты тіркестер жасалып, олар сопылық
ілімінің терминдік бірліктеріне айналған. хақдын ешітіб айды мұны Ахмід
дана (29б,12); хақ йады білә бәндә мудам болғәні биһрақ(28б,5); өзіні білді
ерсә, хақны білді (8а,6); анды соңра хақ болған салды дусталар (92а,11); Іч-
у ташым хақ нурығә молды дустлар (92б,13)
Мұндай тіркестердің ішінде Алланың бір аты – хақ Мустафа. Мустафа
сөзінің мағанасы таңдаулы, жеке – дара озып шыққан адам, бұл сөз
көбінесе хақ терминімен тіркесте келеді: хақ Мустафа көрсеттіләр мәңә
жамал (93а,5)Хақ сөзімен келетін әнә әл – хақ тіркесінің мағынасы айырқша:
бұл – мен хапын, Құдаймен (хақпен) бірліктемін деген фраза. Хақ (Алла,
Құдай, жаратқан) – шексіз дүниенің иесі. Мен – хақпын дегені хақпен
табыстым деген мағынада айтылған. Бұл сөзді айтушы, Ясауиден бұрын өткен
мистик сопыладың ең мықтысы – Мінсур ал – Халладж, ол бұл фразаны Құдайды
– шындықты (Хақты) тану жолында соған сіңіп, қосылып кеткендей болған.
Экстаз кезінде айтқан (астамашылық білдіріп емес), - сол үшін, яғни өзін
Құдаймен тең санап, Бағдаттағы дін иелері (ортодаксалдық исламды
жақтаушылар) кешірмей, оны дарға асқан. Ясауи бұл тіркес – терминді бір –
екі жерде келтіреді: Мансор йың (л) ығ, әнә әл – хақ деб ғауға қылсам (23а,
11)
Біздің байқауымызша, Алла синонимі көбінесе символдық мәнде
қолданыдады. Мысалы: Алланың тағы бір символдық атауы –һу(а), Ол дегенді
білдіреді. Ишк қәләмі зауқы та амна айтып білмәс һу һу зікірін айтып тойар
дауыстылар(20а, 6); һу һу дебан хақ йадыны етіб йығлаб;(85 б,3) һу дегәндә
сүйәкләрің чақмақ чақсун (22 б,1-2)
Ясауи Хикметтерінің поэзия тақырыбындағы лейтметиві хақты таңдау да
аталған мына төрт жиі қолданылған.
1. Шариғат – суфизмнің бірінші асуы, сатысы, бірінші асудан өту
ережелерінің жинағы. Сопылық ілімді арнайы зеріттеушілердің
анықтауынша, бұл асуда: иман келтіру, Хақ тағаланың барлығына (бар
екендігіне), бірлігіне (жалғыз екендігіне) шек келтірмеу, намаз
оқу, ораза тұту, зекет беру, қажылық қылу, ғылым – білім үйрену,
жамандық жасамау.
2. Келесі сатының аталуы – тариқат, бұл сөз араб тіліндегі тарих
жол дегеннен туындаған, тарихат – сопылық жолы. Тарихат – басты
саты, мұндағы негізгі мақсаттар: Тәубе, пірге қол беру, хақтан
қорқу, насихат тыңдау, әділ болу.(4)
3. Танымның екінші сатысын игеріп болған соң, дәруіштер үшінші саты
марифатқа көшеді. Марифаттағы мақамдар: дәруштікті (орыс ғылымында
дервщизм) қабылдау, танымға жету, ақиретке дайындалу. (5)
4. Соңғы , төртінші саты – хақиқат, бұл араб сөзінің мағынасы
шындық, соңғы сатының мақамы: таза болу, бұйрғанға қанағат қылу,
сопылық сырды сақтау.
Ясауи мен оның ізбасарларының поэзиясы тақырыбының лейтмотиві хақты
тануда аталған осы төр сатыны өтудің қажеттігі, жолдары беретін нәтижесі
дегендерді айтуға болғандықтан, бұл атаулар көрсетілген мағынада жиі
қолданылған: Шариатсыз тариқатка өтіп болмас (21а,4) ; тариқатыны базарда
сауда қылған хақиқат дәриясын гәуһар алған марифат мата ыны ічгә салған
(38 а, 1-3).
Хикметтер – діни ағымның өлең түрінде ұсынған кодексі, насихаттаушы,
түсіндіруші ережелер жинағы деуге болады. Сондықтан Ясауи: Мәні
хикмәтләрім ашықны (ң) жаны(6 а,7), дейді, яғни адамның жанына Аллаға
деген ғашықтықты ұялатын құрал дегенді айтады. Бұл хикметтің сөздері
түсінікті, оқуға (және ауызша айтуға) жеңіл аннотация іспетті өлең
шумақтыры болып келеді. Мұнда хикмат сөзінің өз мәні (ң) хикммәтләрім
деген тіркесті 23 (жирма үш) рет қолданған, ал екі – үш жерде оны мәні (ң)
айыған сөзүм; Ясауи сөзі деген варианттармен алмастырғаны байқалады. Бас
сопы (суфи) Ясауи өз хикметтерін (дәрдігә дәрмән) деттіге дәрмен, ал
мәға дастан, талибін ң ризқы, сөзләргә сүлтан (сөз асылы), ол қанды – у
әсәл (ол – балшекер), ишқинның сәнәсіз, өйткені құданнің сөзден шыққан
бухикмәтті чин айды Ахмәди мискин бу сөзні деп таныстырады. Сондықтан,
бұндағы хикмәт термині жалпы даналық сөз дегенді емес, тек Аллаға
ғашықтарға айтылатын сөз деген ұғымда жұмсалады.
Араб сөздерінің қолданысына қатысты және бір жағдайға көңіл аудару
қажет сияқты. Бірқатар түркітанушылар Ясауи өзінің шығармаларын жергілікті
көшпелі тайпалар негізінен қыпшақ және оғыз тілдерінде сөйлеген. Бұл
пікірді жоққа шығармағанымен, бірер тұсына күмән келтіруге болады: Құранның
алғашқы Тефсирлері (аударма түсіндірмелері) сияқты жергілікті түркі
халықтарына мейлінше түсінікті өз сөздерімен шығарылған болар еді. Ал
алғашқы түркіше тефсирлердің тілінде діни ұғымдардың өзі түркіше болып
келгенін зерттеушілер көрсетеді.(6) Діни мазмұнды ийе –изи (Құдай),тамуғ (
тамық),базуқ (жазық), белгі, учмах (жұмақ) сөздерінің көне түркі тілдерінде
осы мәндес араб сөздерін алмастыра алатындықтан көне дәуір жазба
ескерткіштерінің тілін зерттеген қазақ ғалымдары да айтады.(7)
Сондықтан Ясауи хикметтері белгілі бір әдеби тілден гөрі, халықтың
сөйлеу тіліне жақын жазылған деген тұжырыммен үзілді – кесілді келісуге
болмайтын сияқты. Хикметтерде түркіше баламасы бар сөздердің арабша,
парсыша адакваттары ғана емес, мұнда халық тіліне (дәлірек айтсақ,
күнделікті сөйлеу тіліне енбеген, енетін қажеттігі де жоқ, мүлде бейтаныс
араб, парсы сөздер де жеткілікті. Демек, орта ғасырда (ХІІ ғасырдан
бастап)түрікше ұсынылған шығармаларда, оның ішінде ислам дінінің бір ағымын
танытатын сопылық әдебиеттер тілінде оның лексикалық сипатын көрсететін
белгілі бір – діни және діни емес мазмүндағы араб пен парсы сөздері
қолданылған деп тұжырымдауға болды. Бұл молынан қолдану жиілігі (активтігі)
жағынан да көрінеді.
Хикметтер тілінің лексикалық сипатын тануда әсіресе көзге түсетін
құбылыс – лексикалық параллельдердің (қатарлардың, варианттардың, тіпті
фонетикалық дублеттердің) жиі кездесетіндігі. Бұл қатарларды түзетін
бірліктер: түркі мен араб, түркі мен парсы, араб пен парсы, араб пен араб,
парсы мен парсы сөздері болып келеді. Бұлардың ішінде біздің қолжазбамызда
көбірек кездесетіндері – түркі мен араб және парсы сөздерінің жарыспа
қатарлары. Мысалы: чолләрбийабанлар; учмақ жәннат; бағбустан, йаманбәд,
құл бәндә;айақ ізі хақ – и пай; сөз кәләм.Араб пен парсы параллельдері
де аз емес: дустйар, дунйа аләм т. т.
Ескерткіш тілінде мұндай лексикалық адекваттардың орын алу уәждері әр
алуан: көненің қалдығы мен Ясауидің өзінің және оның мұрасының хатқа түсу
кезеңіндегі дәуір элементтерінің қатарласа қолданылуы. Мысалы: ай- айт-,
елкқол, қамүғбарча, біт-йаз-. Ал, йаууқ йақын, кечә күндүз түн күн,
дозах ічдәдазах ічіндә терминдері А.Қ.Боровков түркі тілдері
диалектілерінің жарыспасы деп табады. Олардың бірқатарын біз Ясауи тіліне
қарлүқ – ұйғыр поэтикалық дәстүрінің ықпалы болар деп топшылаймыз.
Самарқан қолжазбасы бойынша ескерткіш тілінің лексикалық құрамы
жөнінде мынадай ерекшеліктерге назар аударуға болады.
1. Яасауи хикметтері J-тілдік қыпшақ және оғыз тобына жататын тайпалар
тілінің негізінде дүниеге келген. Бірақ қыпшақ пен оғыз тілдік
бірліктердің арасы теп – тең емес.
2. Яасауи тілінің сөздік құрамының жартысына жуығын (44-45 пайызын)
араб пен парсы сөздері құрайды. Оның уәжін (себебін) ескерткіштің
тақырыбынан іздеу керек: ислам дініне қатысты туындыда сол діннің
өз тілі - араб элементтерінің мейлінше мол кездесуі түсінікті,
діни ұғымдарды, діни жорамалдар, сол дінді ұстанушы, үйретуші,
уағыздаушы адамдарды айтатын сөздерді қолданбасқа хикмет айтушының
әдісі жоқ.
3. Араб, парсы лексикалық бірліктердің басымы түркі көмекші сөздерімен
тіркесіп, қимыл атауын (етістіктерді) жасайтынын да орта
ғасырлардан бері келе жатқан түркі жазба ескерткіштерін, оның
ішінде поэзиялық та, прозалық та шығармалардың тілдің – стильдік
белгілерінің бірі деуге болды. Ясауи тілінде жеке қолданылмайтын,
Құранды етістік тіркесінде ғана келетін арабизмдер мен фарсизмдер
сан жағынан едәуір.

1.3 Ясауи Хикметтері тілінің морфологиялық сипаттамасы

Жоғарда айтылған ескерткіш тілінің морфологиялық құрылысын
ерекшеліктерді анықтау тұрғысынан емес, белгілі бір тілдің немесе жеке
бір жазба дүниенің морфологиясын
түркологияда қалыптасқан дәстүрлі үлгімен (тәртіппен) сипаттаймыз. Бұл
сипаттама, бір жағынан, ескерткіш тілінің морфологиялық құрлысының толық
суретін көрсететін амал (принцип)
болса, екінші жағынан, туыс тілдерді бір – бірінен ажырататын ең даусыз
белгілерді айқын көрсетеді.
Талдау барысында қазіргі немесе ерте кезеңдердегі қазақ тілінде бұл
тұл тұлға–тәсілдердің бар–жоғы қоса көрсетіп отырды, бұл әрекет
Ясауи Хикметтерінің тілін қайткенде де бір
тілге жақындату мақсатында
емес, ескерткіш тілінің негізі қыпшақ - оғыздық деген танымымыздың
қаншалықты дұрыс – бұрыстығын айқындау үшін жүргізілді, өйткені қазіргі
қыпшақ тілдерінің бірі – қазақ тілі арқылы Хикмет тілінің морфологиялық
құрылысындағы жеке тұлға – тәсілдердің қыпшақ-оғыздық (қазіргі қазақ
тілінің өзінде көптеген оғыздық лексикалық – морфологиялық элементтердің
орын алатындығы белгілі) сипатын тануға жұмыстың осы тарауындағы жеке- жеке
талдаулар көрсетіледі

сөз таптары
Сөз жасам немесе туынды зат есімдер

Хикметтер жинағының біз талдап отырған нұсқасында (қолжазбасында)
зат есім тудыратын аффикстер аса көп емес, олар есім түбірлерден де,
етістік негіздерінен де заттық мағынадағы сөздер жасайды.
-Лық -лік -лүқ - лүк жұрнағы дерексіз (абстракт) ұғым атауын
жасайды. Ол төл (түркі) сөздерден де, араб пен парсы сөздерінен де жаңа сөз
тудырады. Мискинлік (31а, 13) “кедейлік, жоқшылық”, асанлық (43 б, 7)
“жеңілдік”, ихласлық(53 а, 2) “ықыластық”, мәнмәндік (56 б, 1) “ менмендік,
көкіректік”.” Хикметтер” тіліндегі дерексіз ұғымдардың басым көпшілігі
рухани дүниеге, оның ішінде діни танымдарға қатысты болғадықтан, сөз
тудырушы жұрнақ арабизмдер мен фарсизмдерге жалғанған болып келеді:
мухаббат лығ(48 б,4) , суфилығ(65 б, 5) , уммәтллік(60 б, 4), бәндәлік (92
а, 13), ишанлік (33 а, 10) ғариблік (77 б, 11), шауқлық(27 б, 9) ,

Зат есімнің жекеше, көпше тұлғалары.

Ясауи хикметтер тілінде: Араб тілінің ”бұрыс көптік” (ломаное
множество) деп аталатын тұлғада келген сөздері аса көп емес, екі - үш
жерде кездеседі, мысалы: жекеше шайх түрінде келетін сөздің машайих деген
көпше түрі, сондай – ақ, халайиқ (жекеше халық), мәләймк (жекеше
мәләк) тұлғалары бар. Бұл сөздер хикметтер мәтінде (29а,6) халық, (27б,5)
халайиқ кездеседі.

Сан есім

Бүгінгі таңда біз зерттеп отырған Ясауи хикіметтер тілінің мәнінде
сан есімдерді де қолданған. Мұнда негізінен біз тек есептік сан есімдер
ғана орын алған, сан есімнің түрлері кемде – кем, бір екі жерде ғана
Арабша, Парсыша реттік сан есімдер тұлғасы кездеседі.
Мысалы: дафтари сани (77а, 5 ;27а, 5 )”екінші дәптер” деп тіркестерінде
кездеседі.

Үстеулер мен шылаулар
Ескеркіш мәтінінде үстеулердің мынандай топтары қолданылған: мезгіл,
мекен, қимыл сыны, мөлшер шек үстеулері.
Араб пен парсы тілдерінен алынған үстеулер де бар, олар: дәйим
әрдайым, мәхкәм “бекем,берік”, бишәк “шексіз”, ахир “ақырында, ақыры”,һәр
ләхзада “қас қағымда”, һәмиша” әрдайым”.
Ал енді шылауларға келсек, aраб тілінде шылау, сөздер өте аз
ұшырайды. Мәселен: Бөгде араб тілдік әм (м) а шылауы “бірақ” деген мағынада
келеді.
Кірме уа шылауы сирек қолданылған (оның қысқарған у вариантының қос
қосарланған) сөздер қатарын жасауда жиі кездесетіндігін жоғарыда көрсеттік,
у дәнекер элемент ретінде тек араб, парсы сөздерін ғана емес, түркі
сөздерін де қосады: мал у пұл. Жиі қолданылған шылаулардың бірі араб
тілінің йа ни сөзі (бұл шылау қазіргі түркі тілдерінде, оының ішінде қазақ
тілінде де ақты қолданыста).

Етістік

туынды етістіктері

Ясауи хикметтерінің Самарқанд қолжазбасында туынды етістік
тұлғалары морфологиялық және синтаксистік амалдармен жасалған болып келеді.
Жұрнақтармен жасалған туынды етістіктер әдеттегідей есім түбірлі және
етістік түбірлі деп бөлінеді.
Зат есім, сын есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар ескерткіш тілінде
едәуір кездеседі. Олар.
-ла -лә: сөзлә (сөзләсә - 8 а, 3), ізләп йүрәр (19 б, 4), йығламай
дүр (12 б, 2) . мәтінде жиі кездесетін аңла-, бағла-, ішлә-, йұзлә-, мыңла-
, чаңла- сияқты көптеген етістіктер түркі тілдерінің зат есімдерінен
жасалған туынды етістіктер. Бұл жұрнақ - ең бір өнімді элемент. Ол тек
түркі түбірлері емес, араб, парсы сөздерінен де етістік тудырады: хошла -
(87 б, 7), “құпта-”,азила – (104а, 4 ) “құрметте-“. Бірақ бөгде тіл
түбірлерінен ла аффиксімен жасалған етістіктер аса көп емес, олардың
орнына кейде араб, парсы сөздерінің көмекші етістікпен тіркесуі арқылы
жасалған күрделі етістіктер жиірек келеді: зари қылурмән (6 б, 8) -
зарламән емес, тәмам қылдым (12 а, 12) - тамамдадым емес, байан әйләб
(77а, 2) - баяндап емес, талаб қылыб (85 б, 13) талабтаныб емес, қабул
қылдым (92 а, 13) - қабулдадым емес.

Жалпы алғанда, Cамарқан қолжазбасындағы хикметтер тілінде күрделі
етістіктердің екінші тобы басым және бір ерекшелігі бұлардағы негізгі
ұғымды беретін есім компонет араб пен парсы сөздері болып келеді: сухбат
құр - (35 б, 12) , дұкән құр – (11б, 3) “салтанат құр-“, зар йығла – (16 а,
11) , хайран қал –(37 а, 3), чарх ұр – (55 б, 4) “дөңгеленген”, чәнғәл ұр
–(17 а, 6) “ мақтан” т.т. Әрине, мұндай тіркестердің негізгі сөзі түркілік
болып келетіні де аз емес: құлақ қой – (17 а, 13), бойұн сұн – (14 б,4),
сөз қат – (51 а, 7). бұлардың кейбіреулерінің көмекші етістіктері ауысып,
параллельдер түзіп те тұрады: рахм әйлә-(9 а, 11) рахм ет-(10 б, 1), йад
әйлә - (10 б, 4), йад қыл - (45 б, 3), қабул ет - (7a,13) қабу қыл- (14
а,8) , құлақ сал-(17 б, 5) құлақ тұт- (16 б, 4) құлақ қой - (17 а, 13)
.Сірә, мұндай қатарлардың пайда болуында азды көпті уәжлілік бары
байқалады. Мысалы, әйлә - көмекшісі көбінесе рахм, бүшпан, ғафу, қаппар
сияқты арабизмдермен тіркес құрайды, олардың қыл, ет көпшілерімен келуі
кемде - кем. Соған қарағанда бөгде тілдік күрделі етістіктердің
“консервілеру” процесі орта ғасырда - ақ басталғаны байқалады. Ал “тірі”
процесс те бұл кезінде мықты орын алған. Араб пен парсы сөздерін негізгі
компонет етіп, күрделі етістік жасау орта ғасырлардағы түркі жазба тілінің
ең бір өнімді амалы ретінде нормаға айналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жазу тарихы
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері
Ескі қазақ жазба үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер ( ХV-ХVІІ ғғ )
Ескі қазақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасам
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Ескі қыпшақ тілі
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі
Пәндер