Тамақтану гигиенасы туралы ақпарат


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО №3

Тақырыбы: Тамақтану гигиенасы. Балалардаың тамақтану рационын құру. Қазақ халқының ұлттық тағамдары және пайдасы.

Орындаған: Алмисаева М .

Топ: П-409

Тексерген: Кунанбаева Н. С.

Семей 201

Жоспар:

  1. Тамақтанудың физиологиялық нормалары
  2. Балансты тамақтану
  3. Тамақтану тәртібі
  4. Қазақ халқының ұлттық тағамдары және пайдасы.

Тамақтанудың физиологиялық нормалары дегеніміз - организмнің энергия шығынын толық жабатын, қажетті тағамдық заттармен қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нормалар. Тамақтанудың физиологиялық нормалары тұрғындардың белгілі бір топтарында негізгі тағамдық заттардың және энергия қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыратын орташа белгіленген шама болып табылады. Тамақтанудың физиологиялық нормалары тұрғындар мен медициналық қызметкерлерге нақты тамақтануды бағалаудың критерилері есебінде, ұтымды тамақтану сұрақтары ретінде және де тағам өндірістері мен ауыл шаруашылығының дамуын жоспарлау үшін маңызды ғылыми алғы шарттар ретінде қажет.

Балансты тамақтану дегеніміз - организмде максимальді пайдалы биологиялық қозғалыстарды тудыратын биологиялық белсенді заттармен және оптимальді тамақтық сәйкестілікпен қамтамасыздандырылған тамақтану. Баланстанған тамақтануда негізгі және биологиялық белсенді заттардың оптимальді мөлшерлік қарым-қатынасы қарастырылады: белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және витаминдердің. Осымен қатар организмде синтезделетін немесе синтезделмейтін, ауыстырылмайтын эссенйиальді заттарға (8-10 ауыстырылмайтын аминқышқылдары, 3-5 полиқанықпаған май қышқылдары, барлық витаминдер, көптеген минералдық элементтер), және кейбір жоғары биологиялық белсенді табиғи физиологиялық кешендер - фосфатидтер, липопротеидтер, белокты-лецитиналы кешендер және адамның тамағында болатын көптеген басқа да қосылыстарға аса көңіл аудару керек. Сондықтан қазіргі уақытта биологиялық белсенді және тағамдық заттарды баланстау маңызды, яғни тамақтануды баланстаудың ерекшелігі қазіргі жағдайда тағамдық заттардың қажетті нормаларын емес олардың құндылығымен қарым-қатынасын анықтау. Балансты тамақтану формуласын анықтаудың бұл жолы организмге сәйкес қажетті тағамдық заттардың балансын қамтамасыз етіп, биологиялық жағынан тағамдық рационды толықтырып отырады.

Әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы. Жеке адамдардың денсаулығынан қоғамның денсаулығы қалыптасады. Денсаулық адамның негізгі көрсеткіші болып саналады.

Салауатты өмір салтын сақтау қағидалары

  • Дұрыс тамақтану;
  • Уақытымен ұйықтау;
  • Белсенді жұмыс пен демалыс;
  • Зиянды қылықтардан аулақ болу;

Адамға организм бір рет қана беріледі. Адам денесін еш нәрсемен алмастыруға болмайды. Көптеген аурулар - дұрыс емес тамақтанудың нәтижесі.

Сондай-ақ тамақты бірқалыпты қорыту үшін тамақтық температуралық режимінің маңызы зор. Ыстық тамақтық температура 50- 60 С аспауы тиіс, ал суық тамақтық температурасы, әдетте, 10оС төмен болмауы керек.

Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Адам 70 жыл өмірінде 70 тонна су ішеді, 17 тонна көмірсулар, 3 тонна нәруыздар, 2 тонна майлар, 2-3 центнер тұздар, 38 килограмм фосфор, 8 килограмм магнийді пайдаланады. Дені сау ересек адамның тамағында 30 %-дай май болуы тиіс. Олай болса, адам күніне 80-100 г май жейді. Жалпы ер адамның денесінің 61 %, әйел адамның 50 % судан тұрады.

Тамақтану тәртібі дегеніміз - тамақ қабылдаудың белгілі бір тәртібі: уақыты, тамақ қабылдау жиілігі, интервал ұзақтығы, тамақтанудың кезектілігі, күні бойғы тамақ қабылдау, рационның бөлінуі (құндылығы, сапалық құрамы, салмағы және көлемі), тамақ ішкен кезде адамның өзін-өзі ұстауы.

Алдыменен, тамақты белгіленген уақытта қабылдау керек. Осы ережені сақтағанда тамақ қабылдау уақыты тітіркендіргіш ретінде адам тамақты көрмей және қабылдамай тамақ қабылдау мен қорытуы үшін организмнің белгілі бір секреторлық қызметі шартты рефлекс тудырады. Бұл жағдайда қабылданған тамақ тәбетті жоғарлататын, тамақтың қорытылуы мен сіңімділігін қамтамасыз ететін жеткілікті сөлі бар асқазанға түседі.

Тамақ қабылдау интервалдары тағам орталығының тежелуін түсіру үшін жеткілікті және аштық сезім тудырмас үшін қысқа болу керек. Интервал міндетті болу керек: таңертеңгі ас пен түскі ас арасында 4-6 сағат, түскі ас пен кешкі ас арасында 5-7 сағат, кешкі ас пен таңертеңгі ас арасында 8-10 сағат. Жеңіл астар арасында аштық секрецияны болдырмас үшін 2-3 сағат. Тамақ қабылдау тәртібі сақталса асқорыту мүшелерінің қызметінің ритмі жақсарады, ал сақталмаған кезде бұл ритм және асқорыту процесі өзгереді.

Тамақ ішкен кезде асықпау және уақытын созбау керек.

Тамақ қабылдаудың оптимальді ұзақтығы дәл анықталмаған, таңертеңгі асты ішу орташа 20-30 минут, түскі асты ішу орташа 40-50 минут, кешкі ас - 20-25 минут. Түскі астан кейін дем алу ұсынылады.

Дені сау адамға мақсатты түрде күніне 4 реттік тамақтану болып табылады, минимальді 3 реттік, одан төмендегенде өзін-өзі жалпы сезінуі нашарлайды. Тәулігіне 3 реттік тамақтану таңертеңгі, түскі, кешкі астардан тұрады, ал 4 реттік тамақтануда сәскелік ас қосылады. Тамақтың құндылығын мына тәртіппен бөлген ұсынылады: 3 реттік тамақтануда таңертеңгі ас тәуліктік рационның орташа 30%-ін, түскі ас орташа 45-50%-ін және кешкі ас- 20-25%-ін алады, ал 4 реттік тамақтануда таңертеңгі ас - 25-30%, түскі ас - 40-45%, сәскелік ас - 10-15%, кешкі ас - 15-20%. 4 реттік тамақтану кезінде организмнің асқорыту мүшелеріне аса күш түсірілмей энергия қоры және пластикалық материалдар алады.

Түскі ас организмнің негізгі энергия шығынын жабуы керек. Түскі ас құрамына: салқын тісбасарлар, І-ші және ІІ-ші тағамдар және тәтті тағамдар кіруі керек. І-ші (ыстық) сұйық тамақта күшті сок айдағыш экстракттар болады. ІІ-ші тамақ тағамдық заттардың негізгі бөлімін құрайды. Түскі асты асқорыту сөлінің негізгі көлемі шығарылғанда секрецияны төмендету үшін тәтті тағамдармен (кисель, компот) аяқтау керек. Қант асқорыту секрециясын тежейді, ал тәтті дәм жағымды қанағат сезімін тудырады.

Кешкі ас түнгі тыныш күйде организмнің қажеттіліктерімен қамтамасыз ету үшін арналған. Таңертеңгі және түскі аста ет, балық тағамдарын қабылдап, кешкі ас жеңіл сіңімді - сүтті-өсімдікті, асқазанда тұрып қалатындай майлы емес болуы керек. Кешкі асты жатар алдында 1, 5-2 сағат бұрын ішу керек, бұл уақытта тамақтың негізгі бөлімі асқазаннан ішекке өтіп үлгереді, ішектік асқорыту орталық жүйке жүйесін төмен деңгейде қоздырып, ұйқыны жақсартады. Кешкі астың 5-8% құндылығын жеңіл тағамдарға қалдырып, ұйықтар алдында айран ішуге болады.

Қазақ сүт тағамдарына айран, сүт, құрт, ірімшік, май тағы басқаларды жатқызған. Бұлардың біз атауларын біле бергенмен, олардың адам өміріне тигізер пайдасын біле бермейміз. Мәселен, айран гипертония, гастрит ауруларына ем. Ал құрт өкпе ауруына, суық тиіп ауырғанда көмектесетін бірден-бір тағам. Түркияда сүт тағамдарын дайындайтын фирмалардың дайын өнімдерін ішуге қарсы. Себебі аптасына 3 реттен көп фирмалық сүт тағамдарын пайдаланған адамның басында ми ісіктерінің 3 есе өсу қаупі бар. Қазақстандық ғалымдар қымыз бен шұбаттың емдік қасиеті бар екенін және бұл сусындардың өкпе ауруларына, әсіресе, туберкулезге қарсы қолданылатыны ерте кезден-ақ белгілі болғанын, оның құрамында А, В1, В12, Д, Е, С витаминдері бар қымыз адамның бойындағы туберкулез, гастрит, холецистит, энтерит пен энтероколиттің асқынған түрлеріне, жүрек қантамырлары, жүйке және асқорыту жүйелеріне, қан айналымы, тоқішек пен асқазандағы жараға ем екенін анықтағаны белгілі.

Ұлт денсаулығы өз алдына. 1. Инвестиция тарту - қымыз, шұбат өндірісі - таусылмайтын табыстың қайнар көзі. Бұл салаға инвестиция салу тиімді, өйткені экспорттық әлеуеті жоғары.

2. Ірі өндіріс - жер-жердегі шағын кәсіпорындардың орнына ірі өндіріс орындарын ашу қажет. Бастапқыда ішкі нарықты қамтитын бес-алты зауыт ашып көрсе де болар еді. Олар аяғынан тік тұрып кеткен соң, сыртқы нарыққа жылжытуға әрекет жасау.

3. Жеңілдік - ұлттық тағам өндірушілерге жеңілдіктер беру: айталық, ең кемі үш жылға дейін қосымша құн салығынан босату; несиені аз пайызбен беру;

4. Патент - ең дұрысы, қатардағы өнертапқыштардың қолындағы патенттерді мемлекет өзі сатып алып, өндірісті өзі ашуы қажет. Сонда патент сыртқа сатылып кетпейді. Әйтпесе біздің өнертапқыштар күнкөріс қамымен идеяларын сыртқа сатуға мәжбүр.

5. Тәрбие - ұлттық тағамдар мерекесін өткізіп тұру.

Қазақ халқының ұлттық тағамдары және пайдасы.

Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Жыныстық жетілу кезеңіінде
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Ми қыртысындағы ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыстар. Балаларды ұйықтатуда қойылатын гигиеналық талаптар
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Педагогика мәдени гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу
Жүйке жүйеге және денсаулыққа зиян келтіретін факторлары
Асханадағы кондитер өнімдерін дайындау
Денсаулық - зор байлық. Жұмысқа қабілеттіліктің сатылары
«Қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық талаптар»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz