Орта мектептегі паскаль тілі программасын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, ТЕХНИКА ЖӘНЕ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

Математикалық модельдеу және

компьютерлік технологиялар кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орта мектептегі Паскаль тілі программасын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

Кіріспе

1 Орта мектепте Паскаль тілі программасын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

1. 1 Паскаль тілі программасының негізгі ұғымдар

1. 2 Сызықтық құрылымды алгоритмдерді программалау

1. 3 Тармақталу алгоритмдерді программалау

1. 4 Циклдік құрылымды алгоритмдерді программалау

1. 5 Бір және екі өлшемді жиымдар

1. 6 Графикалық объектілерді программалау

1. 7 Процедуралар және функциялар

1. 8 Символдық шамалармен жұмыс істеу

2 Орта мектепте Паскаль тілі программасын оқытудың әдістемелік үлгілері

2. 1 Деңгейлеп оқыту

2. 2 Жаттығуларды шешу жолдары

2. 3 Сабақ жоспары

2. 4 Тест тапсырмаларын ұсыну

2. 5 Орта мектепте Паскаль тілі программасын оқытуда интелект- картаны қолдану

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қосымша а

қосымша ә

қосымша б

қосымша в

қосымша г

қосымша ғ

қосымша Д

қосымша Е

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып алынған.

Біздің негізгі мақсатымыз - мектеп курсындағы жаңа бағдарлама бойынша 2005-2006 оқу жылында ғана Информатика пәніне енгізілген 9-сынып оқулығындағы Паскаль тілі программасының оқытудың әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталамыз және көкейтесті бірнеше мәселелерді қарастырып, шешу жолдарын ұсынамыз. Ойымыз дәлелді болу үшін жоғарғы оқу орнының материалдарымен салыстырып, айырмашылықтарына баса назар аударып, ондағы қолданатын тәсілдерді мектеп деңгейінде қарастырамыз.

Күнтізбелік жоспар бойынша 9-сыныпта Паскаль тілін оқытуға (алгоритмдерді қоса есептегенде) бар-жоғы 24-26 сағат ғана бөлінген.

Жобаның өзектілігі: Сондықтан оқушылардың материалды толық меңгеруге- сағаттардың аздығы, игеретін материалдардың тығыздығы өте үлкен әсер етіп отыр.

Практикалық маңызы: Қосымша мұғалімдерге арналған әдістемелік оқулық, ал оқушыларға арналған есептер мен жаттығулар жинағы бар, бірақ есептер деңгейлерге бөлінбеген, шығару жолдары көрсетілмеген. Осы себептен біз осы жұмыста есептерді 3 деңгейге бөліп қарастырдық және әрбір тараудан кейін тест тапсырмасын беріп отырмыз. Сондай-ақ біз жаңа материалдарды түсіндіргенге интелект картаны ұсынып отырмыз.

1 Орта мектептегі Паскаль тілі программасын

оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

1. 1 Паскаль тілі программасының негізгі ұғымдар

Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. Бұл тілде программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі-алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі-объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді.

Паскаль тілін 1970 жылы Швейцария ғалымы Н. Вирт программалау әдістерін оқыту мақсатында арнайы жасаған .

Қазіргі кезде Паскаль тілі қолданбалы программалар жасау үшін және жүйелі программалау ретінде де кеңінен қолданылады. Сонымен бірге көптеген мини және макрокомпьютерлерді қамтамасыз ету осы тілде жазылған. Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және тағы басқа) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық прграммалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу. Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымның концепсиясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізінде жатқан фундаментальды түсініктер қатарына кіруі [18] .

Қазіргі заманда адам көп есепті компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез-келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді. Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады. «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі Әл-Хорезми атының латынша жазылу -algoritmi қалпынан шыққан [4] .

Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритмен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Оның көптеген анықтамасы бар. Соның бірі: алгоритм-берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек [3] .

Алгоритмнің жеке қадамдардан құрыла алатын қасиеті дискреттігі деп аталады. Алгоритмнің әр ұйғарымы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуға тиіс, яғни олар бір мағынада түсініліп, қайталанатын алғашқы деректер бойынша бірыңғай нәтижелерге әкелуге тиіс. Алгоритмнің бұл қасиеті анықтығы деп аталады [4] .

Алгоритмдерді компьютерде орындау үшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өңделуі тиіс. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:

  1. табиғи тілдегі жазылуы;
  2. белгілі бір түйінді сөздер-терминдер (псевдокодтар-жалған кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады.
  3. Графиктік жолмен (блок-схема арқылы) жазу;
  4. Программалау тілдеріндегі жазылуы.

Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Ал алгоритмді екінші көрсетілген жолмен жазу, қарапайым алгоритмдік тіл деп аталып, қолданылып жүр. Мұны олардың ағылшын тіліне негізделіп жасалған программалау

тілдеріне жақындығымен түсіндіруге болады.

Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен оны программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мелекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өңдеу жұмысында қолданылады [3] .

Кесте 1 Алгоритм блок-схемаларының арнайы белгілері

Іс-әрекеттің аталуы
Блок пішімі
Атқаратын жұмысы
Іс-әрекеттің аталуы:

Процесс

Таңдау

Модификация

Құжат

Енгізу, шығару

Бастау, аяқтау

Қосалқы программа

Түсініктеме

Блок пішімі:
Атқаратын жұмысы:

Математикалық өрнектерді есептеу

Есеп шығару жолын таңдау

Цикл (қайталау) басы

Нәтижені шығару, қағазға басу

Мәліметтерді енгізу, (шығару)

Алгоритмдердің басталуы, аяқталуы

Қосалқы программаларға кіру және шығу

Схеманы, формулаларды түсіндіру

Алгоритмдік тіл команда және шамалардан тұрады. Командының өзі жай (меншіктеу, арг, нәтиже, көмекші алгоритм) және құрама (серия, тармақталу, таңдау, қайталау, параметрлі қайталау) деп екіге бөлінеді, ал шамалар тұрақты сандар (натурал, бүтін, нақты) және айнымалы (литерлік, графикалық-геометриялық фигуралар және сызықтар) болып екәге бөлінеді [17] . Мысалы: Фибоначчи сандардың қосындысын есептеу алгоритмін қарастырайық.

Алг нат Фибоначчи ( нат к)

Басы егер к <=2

Онда мән :=1

әйтпесе мән := Фибоначчи

(к-1) + Фибоначчи (к-2)

болды

соңы

Алг Фибоначчи-цикл( нат к , натz )

Арг к

Рез , z

Басы нат х, у; бүт і

X:=1; z:=1

Егер k>2

Онда і үшін 3-ден к-ға дейін

Цб y:=x x:=z z:=x+y

цс

болды

соңы [14] .

Тапсырма қойылымы, алгоритм, бағдарлама тексті, нәтиже (ықшамдалған түрі) . Атаулар (идентификаторлар) :

Дұрысы Дұрыс емес

№135, А 325 ав (цифрдан басталған)

data6 mas a 121 (ашық аралық бар)

Alpha_1 bb# 1 (арнайы символдар бар) [19] .

Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады [3] .

Латын алфавитінің 26 әрпі (ағылшынша A-Z) .

10 араб цифрлары: 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9.

Операциялар таңбалары: +, -, *, /, >, <, <>, <=, >=. :, =.

Ажырату белгілері: ‘ () [] {} (**) : .

Арнайы белгілері: ^ # $ @ % ! & [2] .

Паскаль программалау тілінің артықшылығы кең көлемде берілгендердің әртүрлі типтерімен жұмыс істей алу мүмкіндігінде. Типтердің ішінде есеп шығаруда көп қолданылатыны-бүтін типті сан [10] .

Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады [3] .

Паскальда бүтін типті деректерге нәтижесі де бүтін сан болатын негізгі операциялар анықталған:

DIV -Бүтін қылып бөлу;

MOD- бөлшектің қалдығы;

SHR - берілген биттер санына оңға жылжу;

SHL- берілген биттер санына солға жылжу;

TRUNC(X) - нақты Х шамасының бүтін бөлігін қайтарады;

ROUND(X) - нақты Х шамасының бүтін мәнге дейін дөңгелектейді [18] .

X n - ді дәрежеге шығару амалын белгілейтін арнайы белгі болмағанмен, программалауда төмендегідей жазып көрсетуге болады:

X n =exp(n*ln(x) )

Кесте 2 Стандартты функциялар

Математикадағы жазылуы
Паскаль тілінде жазылуы
Атқаратын қызметі
Функция типі
Математикадағы жазылуы:

׀х׀

Arctgx

Cosx

Sinx

e x

[x]

lnx

π

x 2

Паскаль тілінде жазылуы:

Abs(x)

Arctan(x)

Cos(x)

Sin(x)

Exp(x)

Frac(x)

Int(x)

Ln(x)

Pi

Sqr(x)

Sqrt(x)

Атқаратын қызметі:

Аргументтің абсолюттік шамасы

Аргументтің арктангенсі

Аргументтің косинусы

Аргументтің синусы

Е-нің х дәрежесі

Х санының бөлшек бөлігі

Х санының бүтін бөлігі

Х санының натурал логарифмі

Π- дің мәні pi=3. 14159265

Х-тің квадраты

Х-тің квадрат түбірі

Функция типі:

Х-тің типіндей

Нақты

Нақты

Нақты

Нақты

Нақты

Нақты (бүтін)

Нақты

Нақты

Х-тің типіндей

Нақты

Логикалық шамалар TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған) мәндерінің бірін ғана қабылдайды. Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады: and - (ЖӘНЕ), or -(НЕМЕСЕ) .

Мысалы: Логикалық өрнектердің мәндерін анықта : Y = (A and B) or C при A=TRUE, B=FALSE, C=TRUE.

program name; { Программаның аты }

uses CRT; { Модульды іске қосу }

var a, b, c, y:boolean; { а, в, с логикалық типті айнымалылар }

BEGIN

clrscr; { экранды тазалау }

a:=true; b:=false; c:=true; { а-ақиқат, в-жалған, с-ақиқат }

y:=(a and b) or c; { а және в немесе с }

writeln('y=', y) ; { у-ті шығару }

readln; { мәліметтерді оқу }

END. [12] .

1. 2 Сызықтық құрылымды алгоритмдерді программалау

Сызықтық алгоритмдерді программалауға ерекше көңіл бөлу керек.

V=pi*R 2 H цилиндрдің көлемінің формуласы, конустың көлемі 1/3 цилиндрдің көлеміндей V=pi*R 2 *H/3, pi=3. 14159263. Осыған программа құру керек.

Program VOL; { Кез келген атты жазуға болады }

Const pi=3. 14159263; { Тұрақтыны хабарлап тұр }

Var

V1, V2:Real; { цилиндрдің және конустың көлемдері. Real-нақты сан екенін көрсетеді }

R, h:Integer; { R, h-бүтін сан }

Begin

Write(‘Радиус пен биіктікті енгіз:’) ;

Readln(R, h) ; { R, h-мәндерді енгізу }

V1:=pi*Sqr(R) *h; { цилиндрдің көлемінің формуласы }

V2:=V1/3; { конустың көлемінің формуласы }

Writeln(‘цилиндрдің көлемі’, V1) ;

Writeln(‘ конустың көлемі’, V2) ;

End. [8] .

Стандарт функцияларды қолданып, өрнектің мәнін есептеңдер:

Program S_pr;

USES CRT;

VAR a, b:Integer; y:real;

Begin

clrscr;

writeln (' 2 санды енгіз') ;

Readln(a, b) ;

y:=sqrt(sqr(a) -abs(b) ) ;

writeln('y=', y:2:3) ;

readln;

END. [1] .

Арифметикалық операцияларды және санның типтерін ажырата білу программаны құруда маңызы зор. Төмендегіде келтірілген мысал оған дәлел болады:

Дұрыс дұрыс емес

1) Var 1) Var

a, b: integer; a, b: integer;

r: integer; r: integer;

s: integer; r:= a/b; {бөлуге болмайды}

r:=adivb; s:=a*b;

2) Var 2) Var

a: integer; b, c: real a: integer; b, c: real

c:=a+b a:=b+c {сол жағында едәуір кең тип тұруы керек}

1. 3 Тармақталу алгоритмдерді программалау

Тармақталу операторларының үш түрі бар (қосымшадан қараңыз) .

Тармақталу алгоритмдерді программалауда блок-схемаларды қолдану міндетті деп есептейміз. Себебі программа құрғанда блок-схемалар көп көмегін тигізеді. Мысалы, ах 2 +вх+с=0 квадрат теңдеуін шешу программасын блок-схеманының көмегімен құрып көрейік. Бұл есепті шешу үшін математикалық білім керек және 8-сыныптағы Алгебра пәнінде қарастырған материалды еске түсіріп, оның маңыздылығын сезінуге баулау тәрбиелеу оқытудың бір көрінісі.

Сызба 1 Квадрат теңдеуін шешу блок-схемасы

Program Kvadrat tendey;

Var a, b, c, D: integer;

X, X 1 , X 2 : real;

Begin

Writeln (‘a, b, c-engiz’) ; {нақты айнымалыларды шығару}

Begin

Writeln (‘a, b, c-engiz’) ;

Readln (a, b, c) ;

D:=sqr(b) -4*a*c; {Формуланы жазу }

Writeln(‘D=’, D) ;

If D>0 then

Begin

X1:= (-b-sqrt(D) ) /2*a;

X2:= (-b+sqrt(D) ) /2*a;

Writeln (‘X1=’, X1:5:2, ‘X2=’, X2:5:2) ;

End else

If D<0 then

Begin

Writeln (‘Теңдеудің бір түбірі бар’) ;

X:= -b/2*a;

Writeln (‘X=’, X:5:2) ; {5 орынды санды 2 орынға дөңгелектеу}

End else

Writeln (‘Теңдеудің түбірі жоқ’) ;

Readln;

End.

Есепті таңдау case операторын қолданып шешу тиімді әдістердің бірі болып табылады. Себебі мүмкін болатын жағдай екеу емес, одан да көп бола береді. Мысалы, жыл мезгілдерін анықтайтын программа құрайық .

program Мезгіл; { Кез келген атты жазуға болады }

uses CRT;

var m:Integer; { m- бүтін типті екенін көрсетеді }

BEGIN

clrscr;

writeln('Айдың аттарын енгіз:') ;

readln(m) ;

case m of

1, 2, 12: writeln('Қыс') ;

3, 4, 5: writeln('Көктем') ;

6, 7, 8: writeln('Жаз') ;

9, 10, 11: writeln('Күз') ;

end;

readln;

END. [7] .

Мынандай бір қызықты есепті енгізіп отырмыз:

Қазақша жыл қайыру алгоритміне программа құрып көрейік. Ол үшін ең алдымен төмендегідей белгілеулерді енгіземіз: Мк=13+(к-1) *12, мұндағы к=1, 2, 3, . . . , Мк-мүшел сандар. Қазақ жыл қайыру күнтізбесі бойынша мүшел есебін дұрыс және тез шешу үшін мүшел жылдарының кестелік рет санын және жыл жануарлары аттарын жатқа білу шарт.

Г- қазіргі (григориандық) жыл саны, М- мүшел саны.

1- қадам: А=Г+9 2- қадам: А=12* n+к, к=0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11

3- қадам: Мүшел бойынша қай жыл екенін анықтау.

Ескерту: Егер қалдық к=0 болса, онда к= «доңыз жылы» деп аталады.

Мүшел алгоритмнің Паскаль тіліндегі программасы:

PROGRAM GYL;

VAR А, G, к: integer;

BEGIN

Write (‘G жылды енгіз’) ; { Туған жылды енгізу }

read(G) ; А: =G+9; { оған 9 санын қосамыз }

k:=Amod12; case k of { шыққан нәтижені 12-ге бөлу }

0:write (A’= «доңыз жылы»’) ; { 0-жыл- доңыз жылы }

1:write (A’= «тышқан жылы»’) ; { 1-жыл- тышқан жылы }

2:write (A’= «сиыр жылы»’) ; { 2-жыл- сиыр жылы }

3: write (A’= «барыс жылы»’) ; { 3-жыл-, барыс жылы }

4^ write (A’= «қоян жылы»’) ; { 4-жыл- қоян жылы }

5: write (A’= «ұлу жылы»’) ; { 5-жыл- ұлу жылы }

6: write (A’= «жылан жылы»’) ; { 6-жыл- жылан жылы }

7: write (A’= «жылқы жылы»’) ; { 7-жыл- жылқы жылы }

8: write (A’= «қой жылы»’) ; { 8-жыл- қой жылы }

9: write (A’= «мешін жылы»’) ; { 9-жыл- мешін жылы }

10: write (A’= «тауық жылы»’) ; { 10-жыл- тауық жылы }

11: write (A’= «ит жылы»’) ; end; { 11-жыл- ит жылы }

end.

1. 4 Циклдік құрылымды алгоритмдерді программалау

Көп жағдайда аргументтердің әртүрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Лсындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер - қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша құрылады.

Циклдік операторлардың үш түрі бар (қосымшадағы материалдан қараңыз) . Параметрлі қайталау командасының жазылу форматы:

FOR P:= NV TO KV DO A немесе

FOR P:= NV DOWNTO KV DO А, мұндағы Р-циклдік парметрі, NV- цикл параметрінің алғашқы мәні, KV- цикл параметрінің соңғы мәні, А- қарапайым немесе құрама оператор.

Бір есепті циклдік оператордың қайсысымен де шығаруға болады.

Мысалы, есептеңдер: у=х 2 , мұндағы х=2, 4, 6, 8, 10.

1) Цикл -әзір (While) үлгісімен құрылған программасы:

Program cikl1;

Var X, Y:Integer; { x, y - бүтін типті екенін көрсетеді }

Begin

X:=2; { алғашқы 2 мәнін меншіктейміз }

While x<=10 Do { 10-ға дейіні }

Begin

Y:=Sqr(X) ; { х-тің квадрат түбірі }

Writeln(‘X=’, X:3, ‘Y=’, Y:5) ;

X:=X+2; { циклдің қадамы 2-ге тең }

End;

End.

2) Цикл - Repeat үлгісімен құрылған программасы:

Program cikl3;

Var x, y:Integer; { x, y - бүтін типті екенін көрсетеді }

Begin

X:=2; { алғашқы 2 мәнін меншіктейміз }

Repeat { шартты соңынан тексереді }

Y:=Sqr(x) ; { х-тің квадрат түбірі }

Writeln(x:3, y:5) ;

X:=x+2; { циклдің қадамы 2-ге тең }

Until x>10; { 10-нан артық }

End.

For - параметрлі қайталау оператордың жазылу түрлерін төмендегі кестеден көріп, дұрысын ажырата білуіміз керек:

Оператордың жазылуы
Нәтижесі
Оператордың жазылуы:

For k:=-1 to 6 Do Write (x, ‘, ’)

For k:=3 to 3 Do Write (x, ‘, ’)

For k:=1 to 9 Do Write (x, ‘, ’)

For k:=-1 to -6 Do Write (x, ‘, ’)

For k:=10 downto 6 Do Write (x, ‘, ’)

For k:=0 downto -1 Do Write (x, ‘, ’)

For k:=1 downto 16 Do Write (x, ‘, ’)

Нәтижесі:

-1, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6

3

1, 2, . . . , 9

цикл орындалмайды

10, 9, 8, 7, 6

0, -1

цикл орындалмайды

1. 5 Бір және екіөлшемді жиымдар

Жиымдар - бір атаумен белгіленген бір типті шамалардың нөмірленген тізімі. Жиымның элементтері сәйкес тібектелген ұяшықтарға орналастырылады, жиым өзінің атауымен және индексімен белгіленеді. Жиымды құрайтын әрбір мән оның элементі деп аталады.

Программада жиымға атау беріледі, ол арқылы жиымның элементін пайдалануға болады. Жиымның элементтерін құрайтын айнымалылар индексті айнымалылар деп аталады. «Жиым элементтері» болатын индекстер константа (тұрақты), айнымалы немесе өрнек түрінде берілу мүмкін.

Жиымға төмендегі қасиеттер тән:

1) Жиымның әр компоненті айқын түрде белгілене алады және оған тікелейқатынас бар;

2) Жиымның компоненттерінің саны онысипаттаған кездеанықталады және одан кейін өзгермейді.

Егер жиымның әрбір элементіне реттік нөмір бекітілген болса, онда жиым сызықтық деп аталады. Жалпы жиым элементінің индекстерінің саны жиымның өлшемін анықтайды. Осыған байланысты бірөлшемді (сызықтық), екіөлшемді, үшөлшемді және т. с. с. болып бөлінеді.

Мысал. Жиым элементтерінің қосындысын есептейтін программа.

Алдымен 10 нақты сан енгізіліп, олар жиым элементтері ретінде сақталады, сонан кейін енгізілген сандардың қосындысы есептеліп нәтиже ретінде шығарылады.

Programm PRIMER;

Var

M: Array[1. . 10] of real; {жиымды сипаттау }

I: integer; { For операторының параметрі}

S: real; { элементтер қосындысы}

Begin

For i:=1 to 10 do { Жиымды толтыру}

Begin

Write(‘Жиымның ’, I, ‘-элементін енгізіңдер:’) ;

Readln(m[i] ) ;

End;

S:=0; {Қосынды санауышын тазалау}

For i:=1 to 10 do s:=s+m[i] ; {Қосынды есептеу}

Write(‘Жиым элементтерінің қосындысы=’, s) ;

Readln;

End.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалау тілінде программа құру
Паскаль тілінің операторлары
Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары
Информация, информатика
ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
Визуалды тілдерде графиканы программалау. Нұсқаулық
АЛГОРИТМНІҢ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІНДЕГІ РОЛІ
Ақпараттық оқыту ортасы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz