Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері



I.Кіріспе
1. Көкөніс және бақша дақылдары
II.Негізгі бөлім
1. Қызылша зиянкестері
2. Сәбіз, қияр, пияз және тағы басқа көкеністер зиянкестері
3. Орамжапырақ зиянекстері
4. Қауын зиянкестері

III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Зиянкестер– адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл шаруашылығы зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, қырыққабатты – қырыққабат ақ көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты – ұсақ шыбындар, қызылшаны – қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты – колорадо қоңызы зақымдайды.[1]
Көкөніс дақылдары – көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр-жемісті өсімдіктер, баданалар) алу үшін өсірілетін өсімдіктер. Олардың 80 тұқымдасының 600-ден астам түрі бар. Жемісұрықтылар (қызанақ, қияр, бұрыш), жапырақтылар (капуста, салат), бадана (пияз және сарымсақ), тамыр-жемісті өсімдіктер (сәбіз, қызылша, ақжелкен) Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарында өсіріледі.
Қазақстанда өсіру үшін мынадай сорттар ұсынылады:
1)жазғы – Суйслеппер (алқызыл столовка), Ажар, Мельба, Ақ алма;
2) күздік – Ренет Бурхартда (жаз лимоны), Титовка;
3) қысқы – Апорт, Жетісу ренеті, Алтын арай, Сары Бельфлер, Пепин Черненко, Теміртас, Кандиль-синап, Ақ розмарин.Алмалардың піскенін екі белгісі бойынша анықтайды: ең алдымен бұл жемістердің сорттарына байланысты түсі мен дәмінің сипатына қарай; екіншіден – сау алмалардың үзіле бастауына қарай. Сақтау үшін алмалардың барлық сорттары жарай бермейтінін ескеру керек. Тек күзгі және қысқы сорттар ғана жақсы сақталады.
1. Справочник по защите леса от вредителей и болезней, М., 1980.
2. Пособие по агрохимическому обслуживанию хозяйств Казахстана, А.-А., 1977
3. Қазақ Энциклопедиясы, 4 том 3 бөлім
4. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
5. Зоология, 6-7, (1986),87 б, 7-2481
6. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
7. «Оңтүстік рабат» газеті: Лашын БАЛАБЕКОВ,«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ ОҚО филиалының карантин саласы бойынша агрономы

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемілекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері

Орындаған:Мейрамова Мадина

Тексерген
:Мұхамеджанова Орынгүл

Семей 2015ж

Жоспар

I.Кіріспе

1. Көкөніс және бақша дақылдары

II.Негізгі бөлім

1. Қызылша зиянкестері

2. Сәбіз, қияр, пияз және тағы басқа көкеністер зиянкестері

3. Орамжапырақ зиянекстері

4. Қауын зиянкестері

III.Қорытынды

IV.Пайдаланған әдебиеттер

Зиянкестер– адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын
таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер
адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам
мен жануарлар зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы
жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл
шаруашылығы зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі
аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр
құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, қырыққабатты – қырыққабат ақ
көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты – ұсақ шыбындар, қызылшаны –
қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты – колорадо қоңызы
зақымдайды.[1]
Көкөніс дақылдары – көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр-
жемісті өсімдіктер, баданалар) алу үшін өсірілетін өсімдіктер. Олардың 80
тұқымдасының 600-ден астам түрі бар. Жемісұрықтылар (қызанақ, қияр, бұрыш),
жапырақтылар (капуста, салат), бадана (пияз және сарымсақ), тамыр-жемісті
өсімдіктер (сәбіз, қызылша, ақжелкен) Қазақстанның суармалы егіншілікпен
айналысатын аудандарында өсіріледі.

Қазақстанда өсіру үшін мынадай сорттар ұсынылады:

1)жазғы – Суйслеппер (алқызыл столовка),  Ажар,  Мельба, Ақ алма;

2) күздік – Ренет Бурхартда (жаз лимоны), Титовка;

3) қысқы – Апорт, Жетісу ренеті, Алтын арай, Сары Бельфлер, Пепин Черненко,
Теміртас, Кандиль-синап, Ақ розмарин.Алмалардың піскенін екі белгісі
бойынша анықтайды: ең алдымен бұл жемістердің сорттарына байланысты түсі
мен дәмінің сипатына қарай; екіншіден – сау алмалардың үзіле бастауына
қарай. Сақтау үшін алмалардың барлық сорттары жарай бермейтінін ескеру
керек. Тек күзгі және қысқы сорттар ғана жақсы сақталады.

Көкеніс зиянкестері және қорғау шаралары

Көкөніс түрлік құрамы сан алуан.Көкөніс дақылдарының бейімделген
зиянкестеріне қатты қанаттылар,қабыршақ қанаттылар,тең қанаттылар,қабыршақ
қанаттылар ,қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады.Жабық жерде
көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді.
Қатты қанаттылар отрядына жататын көп қоректі зянды жәндіктер Әртүрлі
өсімдіктермен қоректенетін қоңыздардың ең қауіпті және көп тараған түлері
Coleoptera – отряды, Poliphaga – отряд тармағы, Elateridae – шыртылдақ
қоңыздар, Tenebrionidae – қараденелілер, Scarabalidae – тақта мұртты
қоңыздар тұқымдастарына жатады. Шыртылдақ қоңыздар. Ұзындығы 5 – 15 мм.
Алдыңғы кеудесі қозғалғанда шырылдаған дыбыс шығарады. 2-4 апта өмір
сүреді. Қоңыздың зияндылығы жоқ. Жұмыртқасын топыраққа салат. Бір қоңыздың
салатын жұмыртқасынын мөлшері 30 -500 дана. Дернәсілдері қыстайды. Дернәсіл
13 бөліктен тұрады. Сыртқы қатты қабығы болғандықтан және пішініне қарап
оларды сымға ұқсатады. Басы, үш жұп аяқтары жақсы дамыған, түсі сары қоңыр.
Дернәсіл 3-4 жыл өмір сүреді. Егістіктерде ошақ-ошақ болып кездеседі. Ауыл
шаруашылығы өсімдіктерінің қсіп келе жатқан тұқымымен, олардың тамырларымен
қоректенеді. Топырақ құрғап кеткенде өсімдіктердің етті бөліктеріне кіріп
алып қоректенеді. Қараденелілер. Баяу жүретін, тустері қара, ірілі –кішілі
қоңыздар. Көп түрлері қанаттары бірігіп кеткендіктен ұша алмайды.
Дернәсілдерінің алдыңғы жұп аяқтары үлкен, бастары доға тәрізді.
Дернәсілдері жылдам өсіп жетіледі. Құмның шабан қоңызы зиянды, олар отамалы
өсімдіктердің өскіндері мен көкөніс өсімдіктерінің көшеттерін зақымдайды.
Батыстық мамыр қоңызы, жетісулық мәрмәр қоңыз,маусым қоңызы отамалы,
көкөніс және жеміс-жидек өсімдіктерінің негізгі зиянкестері.
Күресу шаралары . Күзде терең сүдігер жырту,тыңайтқыш салу, жазда
отамалы өсімдіктердің қатар аралықтарын бірнеше рет өңдеу, арамшөптермен
күресу,үстеп қоректендіру арқылы барлық көп қоректі қатты қанаттылардың
санын азайтуға болады. Дернәсілдердің саны 1 м2 5-10 дана болғанда отамалы
өсімдіктерді отырғызуға болмайды. Олардың орнына аз зақымдалатын бұршақ
тұұымдастарды, қарақұмықты өсіреді. Қара денелі қоңыздардың саны 1м2 2-3
дана және одан жоғары болғанда инсектицидттермен улайды.
Қабыршақ қанаттылар отрядына жататын көп қоректі зиянды жәндіктер.
Түн көбелектер. Көбелектер орташа мөршерлі, жайылған қанаттары – 20 – 45
мм. Толық денелі. Көп түрлерінің түстері сұрғылт қоңыр. Алдыңғы
қанаттарында өздеріне тән суреттері бар. Суреттердің пішіндеріне қарап үкі
көбелектердің түрлерін анықтауға болады. Көбелектер негізінен ымырт түсе
және түнде ұшады. Құрттары ұзынша жолақтары бар сұрғылт қоңыр немесе жасыл
түсті болады. Үш жұп кеуде аяқтарынан басқа 3-5 жұп құрсақ аяқтары болады.
Тіршілік етулеріне, тамақтану жолдарына байланысты кеміргіш және жапырақ
кеміргіш көбелектер болып бөлінеді. Кеміргіш көбелектер топырақтың жоғарғы
қабатында жасырын өмір сүреді. Олар қоректеніп топырақ денгейінде күздік,
жаздық астық дақылдары, жүгері, қызылша, картоп, мақта, темекі, көкөніс,
бақша т.б. дақылдарының мөлшерін кеміріп зақымдайды. Түн көбелектердің
жұлдыз құртттары соңғы жастарында топырақ астында қыстайды.
Жұлдызқұрттарынын 6 жастық кезені болады. Көктемде олар қуыршақтанады.
Ересек жәндіктері жұмыртқалары сабақтың негізне, төменгі жапырағына,
топырак бетіндегі өсімдік қалдықтарына салады. Жылына 3-4 рет ұрпақ береді.
Жұлдызқұрттар топырақ денгейіндегі сабақтарды, тұқымын, жас өскінін
кеміреді, тамыр жемістерде, түйнектерде кеміріп, қуыс жасайды. Жерүстілік
түнгі көбелектер өсімдіктердің жапырағымен, сабақтарымен, генеративті
мүшелерімен қореқтенеді. Көбінесе көкеніс зақымдайды.
Күресу шаралары: үшін өсімдіктерді төмен шабу қажет (10 см жоғары
емес).Жұлдызқұрттар қыстайтын көкеніс өсімдік қалдықтарын, арамшөптерді
танаптан танаптан шығарып жояды. Маусымды колонизация әдісімен трихограмма
(Тrichogrammatidae-тұқымдасы) көбелек құрттарының ішкі паразитін есебімен
60-80 мың дара га2 мезгіл қолдану тиімді болады.

Көкөніс және бақшада дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан
алуан.Олардың аса қауіптілеріне мынадай көп қоректі зиянкестер
жатады:шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың дернәсілдері,бұзаубас,кеміргіш
көбелектердің жұлдызқұрттары ,шырыштар (ұлулар).Көкөніс дақылдарының
бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар,қабыршақ қанаттылар,тең
қанаттылар ,қабыршақ қанаттылар ,қос қанаттылар мен трипслердің түрлері
жатады.Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше
түрлері зиян келтіреді.
ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ

Қант қызылшасындакөптеген фитофагтар қоректенеді. Дегенмен айтарлықтай
өнімнің төмендеуіне тек қана 30-ға жуық көп қоректі және арнайы зиянкес
түрлері әсер етуі мүмкін. Қызылша тұқымына айтарлықтай зиян келтіретін,
өсімдіктердің вирус аруларын таратушы шаншып-сорғыш жәндіктер болып
табылады.

Қызылша бүргесі: оңтүстік ( Chaetocnema breviuscula Fald.),кәдімгі
немесе қарақұмық(Сhaetocnema concinna Marsch.) (Coleopteraотряды,
chrysomelidae тұқымдасы). Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты,
қымыздықты, шпинатты, т.б дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің
ұзындығы – 1,4-2,3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың
үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене
пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа болып келген.
Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы – 1,5-
2,2 мм. Қоңыздар топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының
астында қыстайды. Егістіктен орман алқаптарына, арамшөпті жерлерге ұшуы
мүмкін. Қоңыздар тұқымжарнақ және нағыз жапырақпен қоректенеді. Жас
өскіндер күшті зақымданған кезде жойылып кетуі мүмкін. Күресу шараларын
ұйымдастыру барысында міндетті түрде мына мәселені ескерген жөн: көктемнің
бұлтты күндерінде бүргелер нашар қоректенеді және айтарлықтай зиян келтіре
қоймайды, ал ауа райының ыстық, құрғақ күндерінде зияндылығы бірнеше есеге
көбейеді. 1-1,5 ай қосымша қоректену жалғасқаннан кейін аналықтары
жұмыртқаларын терендігі 3-6 см топырақ астына салады. Эмбрионалдық даму 10-
14 күнге жалғасады. Дернәсілдер 30-80 күн шамасындай қарашірікпен,
қызылшаның ұсақ қабықшаларымен қоректенеді, сонан соң топырақ қабатының 10-
15 см терендігінде қуыршақтанады. Қоныздардың жаңа ұрпағы шілде айының соңы
мен тамыз айының басында пайда болады. Олар аса қауіпті зиян келтірмей
арамшөп және қызылша жапырақтарымен 1-2 апта қоректенеді де, кейін қыстауға
кетеді. Жылына 1 ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Жақсы дайындалған жерге кеш егілген егіс бүргелерден
аз шығынға ұшырайды. Вегетация кезеңінде қызылша бүргесі қоректеніп,
дамитын арамшөптерді міндетті түрде жою қажет (әсіресе алабұталар мен
қарақұмықтар тұқымдасы ). Көктеу кзеңінде- 3 жұп жапырақ болған жағдайда 8-
12 қоңыз табылса, онда инсектицидпен өңдеу қажет болады.

Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі (Bothynoderes punctiventris
Germ.),жолақты (Chromoderus fasciatus Mull.), ақшыл ( Chromoderus declivis
Ol.),шығыс (Bothynoderes foveicollis Gebl.) және (Тanymecus Palliates F.)
((Curculionidae –тұқымдасы, Coleoptera- отряды). Соңғы екеуі Қазақстанда
көп тараған.

Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және
түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ
дөнесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы – 10-15 мм. Жолақты қызылша
бізтұмсығы түсі қара, денесін сұр қара қабыршақтар және түктер жапқан.
Қанаттың үстінде көмескі бұлдыр қара дақтары бар. Дене тұрқы -7-11 мм.
Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі қара , ақ дерлік түктермен жабылған.
Бүйірінде иректі жіңішке сызығы бар. Дене тұрқы – 9-10 мм. Ақшыл қызылша
бізтұмсығының денесі түгелімен сұрқабыршақтармен жабылған . дене тұрқы – 7-
10 мм.

Бізтұмсық дернәсілі – денесінің түсі ақ, басы қоңыр, аяғы жоқ. Кәдімгі
қызылша бізтұмсығының денесітұрқы – 27-30 мм, ал қалғандарінікі- 20-25 мм.

Қоңыздар топырақта қыстайды, ал егер күз суық жаңбырлы болса, онда
дернәсілдері мен қауашақтар да қыстауға кетуі мүмкін. Алайда Солтүстік
Қазақстанның ауа райы жағдайына байланысты, дернәсілдер мен қауашақтар
қыс мезгілінде өліп қалады. Көктемде топырақ қабаты 8-10 0С қызған кезде
қоңыздар пайда болады . Бұл уақытта қоңыздар топырақ бетінде жорғалайды.
Темперетура 20-25 0 С қызған жағдайда ұша бастайды. Қызылша бізтұмсығы
арамшөптердің алабұталар тұқымдасымен қоректенеді де, кейін қант
қызылшасының өскініне ауысады . Есейген дараларында қосымша қоректену 35-
40 күнге созылады. Аналықтары жұмыртқаларын өсімді ктамырының маңайына,
тереңдігі 3-10 см топыраққа салады. 7-11 күннен соң дернәсілдер туады,
кейін олар ұсақ қабықшаларды және қызылшаның орталық тамырын тереңдетіп
жеп, тамырдың кемтарлығын тудырады, ал күшти залалданған кезде өсімдіктің
жойылуына әкеледі. Сұр қызылша бзтұмсығының дернәсілі арамшөптерде дамуына
байланысты, қызылша өсімдігін зақымдайды. Дернәсілдер 45-90 күннің ішінде
төрт жас шағын өткізеді және топырақта қуыршақтанады. 15-20 күннен кейін
жаңа қоңыз пайда болады да, сонан соң ол топырақта қыстауға қалады. Жолақты
қызылша бізтұмсығының қоңызы жұмыртқаны қызылшаны тамырының мойнына
салады., ал дернәсілі тамыржемістің ішіне еніп, камерелар мен жолдар
жасайды да, тамыр мойнының ісінуін тудырады. Мұдай зақымдалу өсімдіктің
жойылуына әкелу мүмкін.

Күресу шаралары. Ауыспалы егіс қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен
қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық
тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиян
кестердің санының азаюына және өсімдіктің өсву тұрақтылығын реттеуге
мүмкіндік туғызады. Топырақты қатараралық қопсытса, жыртқыш жәндіктердің
әрекетің күшейтеді. Арамшөптермен міндетті түрде күресу керек.

Қызылша сауытты қоңызы – Cassida nebulosa L. (Curculionidae –тұқымдасы,
Coleoptera– отряды). Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе
көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз
жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады. Қоңыздардың
денесінің түсі қоңыр сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы – 6-
7 мм. Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және
қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралу. Қанаттың
үстінде түзу қатары нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта
бөлімі жуын болып келген. Дернәсілі сары жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде
айтарлықтай ірі тісшелі өсіенділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәуір
ұзын болып келген.

Күресу шаралары.Алабұталылар тұқымдасына жататын арамшөптерді жою
қажет. Қолмен отау кезінде арамшөптерді егістікпен алып тастау керек .
сауытты қоңыздар мен олардың дернәсілдеріне қарсы инсектицидті тізіиі
бойынша пайдаланған жөн.

Қызылша қандаласы – poeciloscytus cognatus Fieb. (Hemipteraотряды,
Miridae – тұқымдасы.) қант қызылшасын, жогңышқаны, сояны, асбұрщақты,
күнбағысты, көкнәрді және т.б. өсімдіктерді зақымдайды.

Бунақденелілердің дене тұрқы – 3-5 мм, сары қоңыр түсті. Арқаның
алдынғы жағында екі қара дағы бар. Қанаты мөлдір, ал үстіңгі ортасында сына
тәрізді қара қара дақ орналасқан. Дернәсілдері үлкен дараларына ұқсас,
жасыл, қылшықтармен жабылған, сауытында екі қара дақ орналасқан .

Мәдени өсімдіктердің және арамшөптердің( көкпек, қызыл-құйрық, жусан,
т.б.) сабағына, жапырақ кесіндісіне салынған жұмыртқалар қыстайды. Ұрықтың
дамуы күзде басталады, ал қыс мезгілінде тоқтатылады да, келесі жылдың
көктемінде қайтадан басталады. Ерте көктемде сәуір айының екінші жартысында
– мамыр айының басында дернәсілдер туа бастайды. Қандаланың дернәсілі бір
айдың төңірегінде дамиды, осы уақытта 5 жас өтеді де, ересек жәндікке
айналады. Ересек жәндік 3 км-дей аралықты игере алады. Аймақтың
жағдайларына байланысты зиянкес 3-4 ұрпақ беріп дамиды. Қандала өсімдіктің
шырының сорып, жапырақтың солуын және түр өзгеруін тудырады.

Күресу шаралары. Арамшөптерді құртуе, ауыспалы егісті қатаң сақтау,
зиянкестерге қарсы инсектицид қолдану керек.

Қызылша бітесі – Aphis fabae Scop. (Hemipteraотряды,Aphididae
тұқымдасы). Қызылшаны, күнбағысты, асқабақты, бұршақ және алқа
тұқымдастарын зақымдайды, сонымен қатар арамшөптермен қоректенуі керек.
Есейген дараның денесің балауыз қабаты жапқан. Дене тұрқы – 1,5-3 мм, ал
түсі жасыл реңді қара. Жамбасы мен сирағы ақ түсті. Қызылша қандаласы
таралатын түрге жатады. Жұмыртқалары шәңшіктің бұтақшасының жоғарғы басында
қыстайды. Ерте көктемде температура 8-90С жеткенде негізгі өсімдіктерде
дамитын аналық орналастырушы туады. 2-4 ұрпақтан кейін бітелер мекенінде
қанатты даралар пайда бола бастайды, кейін олар мәдени өсімдіктерге,
сонымен қатар қызылшаға ұшып қонады. Бітемен залалданған жапырақтар
пішінің өзгертеді, сондықтан қызылша тамыржемісінің салмағы мен қанаттылығы
төмендейді, ал тұқымдықта тұқымның шашылуы және оның сапасының төмендеуі
байқалады. Сонымен қатар олар қауіпті вирустық арулардың таратушысы болып
табылады. Күзде бітелер негізгі азықтық өсімдігіне қайтып келеді және қос
жынысты ұрпақ береді. Ұрықтанған аналықтар қыстауға жылтыраған қара
жұмыртқалар салады. Бітелер тіршілік аралығында 14-ке жуық ұрпақ береді.

Күресу шаралары.. Ауыспалы егіс қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен
қолайлы мерзімде себу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы мәлімет
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Бақша, көкеніс дақылдары зиянкестері
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы ақпарат
Картоп және көкеніс зиянкестері
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы мәлімет
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы
Пәндер