Түйе бонитировкасы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Түйе бонитировкасы
Тексерген: Қорабаев Ж. З
Орындаған: Тулеубаева А.
Семей - 2015
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. Түйелердің сапасын бағалау жүйесі
2. Бонитировка кезінде дене мүшелерін өлшеу әдістері
- Қортынды
Пайдаланылған әдбиеттер тізімі
Кіріспе
Түйе ертеректе қолға үйретілген үй жануарларының бірі болып есептеледі. Миллиондаған жылдар бұрын, геологиялық дәуірдің үшінші кезеңінде, Америка континентінде түйенің ежелгі тектері кеңінен таралған. Ең ежелгі түйе тұқымдасының (Ргоіуіориз) қаңқасы туралы Вортман жазған. Қазіргі түйелердің бұл ежелгі тегі қоян мөлшеріндей ғана болған екен. Үшінші ғасырда ауа райының өзгеруіне байланысты жануарлар да өзгере бастады. Ылғалды тропикалық ормандардың орнында құрғақ жазық жерлер, шөпті алаңдар және қатқыл жер қыртыстары пайда болды. Осыларға байланысты жануарлардың аяқ құрылыстары өзгере бастады. Ргоіуіор төрт башпайы болса да, алғашқы екі башпайының дамымағандығынан ол тек қана үшінші және төртінші башпайларымен ғана жер басып жүрді. Бас сүйеінің формасы бойынша бұл жануар қазіргі ламаға ұқсас болды. Келесі эволюциялық кезеңде түйе тұқымдасының өкілі РоеЬюІһег алғашқыдан ірірек, мөлшері қошқардай болды. 3 және 4 башпайларының ұшында азырақ тұяқтар пайда бола бастады.
Түйелердің сапасын бағалау
Түйелердің сыртқы түрқын зертгей келе, олардың өніділік және тұқымдық қасиеттеріне баға бергенде қазіргі кезге дейін субъективтік көзқарас ықпалының болатындығын айта кеткен жөн. Осы жағдайды болдырмай, ең әділ баға беру үшін бонитер - маман түйені жақсы білетін, соңдай-ақ оның күтіп-бағу және азықтануы жағдайымен түбегейлі таныс және бағалау саласында бірталай тәжірибе жинақтауы қажет.
Сапа бағалаудың түрлері мынандай: көз мөлшерімен бағалау (жазбаша және ұпаймен баға беру) ; дене мүшелерін өлшеу; индексін анықтау; графикалық әдіс; суретке түсіру.
Көз мөлшерімен бағалау экстерьерге баға берудің негізгі түрі болып келеді. Тәжірибелі маман осы әдіспен малдың конституциялық ерекшеліктерін және оның денсаулығын тез арада анықтайды. Сонымен қатар малдың өнімділігі мен тұқымдық қасиеттері жөнінен де қажетті мағлұматтар табуға мүмкіндік алады.
Көз мөлшерімен бағалауды екі әдіспен жүргізеді: малды түбегейлі қарап, оның жетістіктері мен кемшіліктерін жазу; негізгі дене мүшелерін ұпай санымен бағалап, содан кейін оларды жинақтау арқылы малдың жалпы бағасын анықтау.
Бағалау жүмысы түйелердің асыл түқымдық қасиетінің қүндылығьш анықтау және оңы болашақ пайдалану мақсаты үшін жүргізіледі.
Түйе шаруашылықтарында мал сапасын бағалауды ұйым-дастыру мен оны өткізу жауапкершілігі мал маманына жүктеледі. Осы жүмысқа мал дәрігерлері де қатыстырылады. Малдың сапасын бағалау алдында төмендегідей даярлық жұмыстары жүргізілуі тиіс;
• малдың сапасын анықтау (бонитировка) мерзімі белгіленеді;
• мал аттары мен нөмірлері тексеріледі, 6-7 айлық боталарға ыстық, не болмаса суық әдіспен тұрақты нөмір салынады, ата-тегі туралы мәліметтері жазбалармен салыстырылады, анық көрінбейтін немесе жоғалған нөмірлері қалпына келтіріледі.
• 3-4 сауын айында 2 күн қатарынан жүргізілген бақылау сауынының негізінде інгендердің сүт өнімділігі есепке алынады;
• жүндестігі жөніндегі деректер нақтыланады;
• осы көрсетілген мәліметтер ашылған бағалау карточ-каларына толтырылады, ал қалған дерекгер түйенің сапасын қыркүйек-қараша айларында анықтаған кезде толтырылады;
• әр топқа бөлінген түйелерді шоғырландыру үшін 3-4 секциядан тұратын қаша салынуы қажет. Ондағы станок саны шаруашылықтағы түйелер санына байланысты болады. 1-ші станокке 1-3 тонналық таразы қойылып, қалған станок-тардың едендері қалың тақтайдан, не болмаса бетон төсеніштер төселуі қажет. Бүның бәрі түйе денесінің дұрыс өлшенуі үшін қажет;
• түйенің сапасын бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізілуі қажет: малдың түрі және тегі, дене өлшемі және салмағы; тұлғасы (экстерьер) ; жүн өнімділігі; бейімділік қасиеті; ұрпағының сапасы. Әр көрсеткіш (белгі) 10 ұпайлық шкаламен есептелінеді;
• бірінші бағалау және түйелерді топтарға сұрыптау олардың 2, 5 жасында жүргізіледі. Бүл кезде оларды (құнаншаларды) түрі және тегі, дене өлшемі, салмағы, тұлғасы, бейімділік қасиеті және жүн өнімділігі бойынша бағалайды;
• екінші, яғни соңғы бағалау барлық көрсеткішті анықтау арқылы түйелердін 5, 5 жасында жүргізіледі;
• сақа түйелерді бағалау жүмыстары ұрпағының сапасы туралы деректердің жиналғанына байланысты толықтырылып және пысыкталынып тұрады.
Жас түйе төлдері (6. . айлық жөне 1, 5 жасар кездерінде) бағалауға жатпайды /Х) олардың ата-енелерінің төл сапасын анықтауға және жас төлдердің болашақта қандай бағытта пайдалану мақсатында түр-тұлға, қондылығына қарай көз мөлшерімен 10 ұпайлық шкала бойынша жалпы баға беріледі.
Жалғыз жөне қос өркешті түйелерден алынған будандар асыл түқымды малға жатпайды, сол себепті оларға бағалау жүмысы жүргізілмейді. Сол сияқты бағалау жұмысы ауру және қоңы өте нашар түйелергеде жүргізілмейді.
Түйенің тұқымға және шаруашылыққа жарамдылығын бес өлшем арқылы ажыратады.
Дене мүшелерін өлшеу үшін түйені төрт аяғы тең басылатын тегіс жерге орналатылған қошаға (раскол) кіргізеді. Өлшеу кезіңде түйе төрт аяғын тең басып, тік тұруы керек, алдыңғы екі аяғы бір-біріне параллель болуы шарт
Өлшемдерді дененің келесі нүктелері бойынша алады:
а) Биіктік (өлшеу таяғымен) - қос өркешті түйенің биіктігі екі өркештің арасындағы жайпақ нүктеден тігінен жерге дейін, ал бір өркешті түйенікі - шоқтығының жоғары нүкгесіне дейін өлшенеді.
б) ұзындық (өлшеу таяғымен) - тоқпан жілік пен жауырынның тоғысқан жерінің алдыңғы шетінен жамбас сүйегінің соңғы шетіне дейін өлшенеді.
в) Кеуденің жерден биіктігін төс сүйектің ортасынан жерге дейін өлшейді.
г) Кеуде орамын (жіп тәрізді өлшеуішпен) қос өркешті түйенің алдыңғы өркешінің артқы жағынан төсінің ортасынан өткеру арқылы өлшейді, ал аруана түйелер - шоқтығының ортасы мен төс сүйегінің ортасынан өткеру арқылы өлшенеді.
д) Жіліншік орамын (жіп тәрізді өлшеуішпен) тірсекті үш бөлгенде жоғары бөлімнің ең жіңішке түсынан өлшеу керек.
Тірілей салмакты таразыға тарту арқылы 1 кг ара-лығындағы дәлдікпең, немесе біз ұсынған түйенің сапасын анықтау нұсқауындағы қосымща кесте бойынша анықтауға болады.
Дене мүшелерін өлшеу өдісі объективті деп есептелгеңмен, ол да малдың экстерьері туралы толық мағлұмат бере алмайды, сол себепті оны көз мөлшерімен бағалаған кезде қосымша пайдаланған жөн.
Индексті эдіс.
Индекс деп екі және одан да көп өдшемдердің өзара пайызбен белгіленген қатынастары.
Мысалға, кеуде орамьшың биіктігіне қатынасы мығым-дылық индексін көрсетеді. Біз дене өлшемдерін өлшеген кезде бір қөрсеткішке дерек алсақ, ал иңдекс екі, не болмаса одаң да көп қөрсеткіштердің арадық қатынастарын көрсетеді. Ұсынылып отырғаң индекстердің саны оннан астам. Индекстер мал топтарын салыстыра бағалағанда қодданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz