Ауыспалы жайылымдардың тиімділігі


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы : Ауыспалы жайылымдардың тиімділігі

Орындаған: Даулетова Е. Д

Тобы: АГ-313

Курс: III

Тексерген: Сагандыков С. Н

Семей - 2015 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Шөлейт жерлер жағдайындағы ауыспалы жайылым
  • Шөл жағдайындағы ауыспалы жайылым
  • Таулы жердің ауыспалы жайылымы
  • Далалық жəне құрғақ далалық аймақтарда ауыспалы жайылымдар
  1. Қорытынды
  2. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Табиғи мал азықтары агрегацияға ұшырап жайылым мен шабындықтар тақыр болып қалмас үшін жайылымда белгілі бір ауыспалы жайылым және шабындық жүйесін пайдаланады.

Ауыспалы жайылым , яғни жайылымды алмастырып пайдалану дегеніміз- жер отының мол болуын қамтамасыз ететін ғылыми шараның бір түрі.

Қазақ халқы ертеден-ақ мал жайылымын жиі-жиі ауыстырып отырған. Қазір бұл ғылыми негізде іске асырылады. Жайылым бірнеше өріске бөлініп, алмастырылып пайдаланылады. Әр жайылымның түріне қарай оның айналымы белгіленіп, жайылымды күту шаралары көрсетіледі. Ауыспалы жайылым мал азығы саласында үлкен маңызға ие. Себебі жайылымды бөліп пайдалану арқылы, оның кейбір бөлігіне малды жыл сайын кешірек жаятын болсақ, сонда ғана келесі жылы өсімдік бітік өсіп, жердің оты тез көтеріледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Қазақстанның әртүрлі табиғи аймақтары мен жайылым типтері үшін ауыспалы шабындық және жайылымдық схемалар жасалған.

Бұл схемаларды жасау жайылымның типіне және онда шаруашылыққа шөптердің өсуіне байланысты.

Жайылымды ауыстырып пайдалану үшін әрбір шаруашылыққа нормадан тыс артық жер бөлінеді:

далалық аймақта 10-15%,

шөлейтті аймақта 20-25%,

шөлді аймақта 30-35%.

Ауыспалы жайылымды қай уақытта, қанша мерзім пайдалану керектігі арнаулы графикте көрсетіледі, оны зоотехниктер дайындайды.

И. В. Лариннің (1954) және А. П. Федоссивтің (1964) мәлімметтері бойынша, Қазақстанда жайылымдық кезеңде құрғақ далалы аймақта 1-2 және орманды далалы аймақта 2-3 шаруашылықтың (жайылымдық құндылығы) бар балауса шөп өсуі мүмкін. Жайылымның территориясын ұйымдастыру басқа элемменттерді орналастырумен қатар жүргізіледі. Оларға қойылатын негізгі талаптар жазғы лагерьдің ауыспалы жайылым танаптарымен (өрістермен) суару көздерімен және лагер маңындағы ауыспалы егістермен ең қысқа жолмен байланысты болуын қамтамассыз етуге саяды. Мал айдайтын жолмен табынның асықпай қозғалуын қамтамассыз ету үшін оның бұрылыстары, 180º-қа жақын доғал бұрышты баулуға тиіс.

Шөлейт жерлер жағдайындағы ауыспалы жайылым.

Қарағанды, Семей облыстарының шоқылы аумағында немесе шоқырлар арасындағы ойпандардың өрісін ұштастырғанда және далалық учаскелерде, сондай-ақ ішінара пішен шабуды көктемнен күзге дейін ұзақ тиімді пайдалану қажет. Жайылымды игеру жазғы кезеңінің 3-3, 5 айын пайдаланумен ғана шектелетін жерлерде өздігінен ұрықтану үшін мерзімін біраз созыңқырай отырып, әрқилы мекендейтін жердің учаскелерін пайдалануды өзара кезектестірудің өзі жеткілікті.

Пішен шауып алу немесе мал басының жайылу мүмкіндігіне қарамастан жайылымдарды жөндеу қамын ұмытпаған жөн, әйтпесе олар мал мен пішен үшін пайдалы жайылым азығын бірте-бірте кемітетін болады. Оларды пайдалану мерзімін күзге ауыстыру арқылы осындай жөндеуді іске асыру керек. Бірқатар астықтұқымдас-түрлі шөп жусан өсетін жайылымдарда (түрлі шөп және астықтұқымдастар бөліктері есесінен) малды жусан және жеткілікті пайдаланылмаған қурап қалған астықтұқымдастар есесінен жаю үшін көктемде жаюға немесе оларға күздікүні қайтадан келуге болады. Осыған ұқсас жусан-раңтәріздестер өсетін жайылымдарды да пайдалануға болады, мұнда раңтәріздестер көктемде жегізу жазда кеш немесе күзге қарай жақсы жетілген жусанды жегізуге кедергі келтірмейді.

Далалық және жартылай шөл жайылымдарда ауыспалы жайылым енгізу жайылып жүрген мал үшін табиғи жайылым конвейермен қамтамасыз етілуі ескеріле отырып жүргізілуге тиіс. Жердің ұсақ шоқылы, әрқилы баурайлардың, шоқылар аралығындағы алаптар мен ойпандардың боулы шағын аумақта әрқилы жайылымдар жасауға болатынын байқатады, оларды түрлі мерзімде пайдалана отырып ұластыруға болады, өсйтіп көктемнен бастап күзге дейін үздіксіз жайылым конвейері жасалады. Алайда мұндай жайылымдарды қалыпты жөндеу және жеткілікті мөлшерде астықтұқымдастардың болуы үшін екі-үш жылдан кейін бірқатар учаскелерде өрістің өзге маусымына ауысу қажет. Бұл запас жайылымдардың болуын немесе өзге маусымның жайылымдарын пайдалануды талап етеді. Мысалы, далалық және шалғындық шөптерді тегіс далалық жерде маусым айының орнына қыркүйек айында пайдалану боз шөп-бетеге өсетін жайылымдар сиымдылығын 48%-ке, ал бидайық, арпабас жайылымдарында пайдалану мерзімдерінің өзгеруіне байланысты оларды 1, 5-2 есе арттыру қажет. Оның үстіне әртүрлі өсімдіктердің өсіп жетілуін ескере отырып, әр маусымның бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөлігінің учаскелерін кезекпен пайдаланған жөн.

Өсімдіктерді сирек өсетін шөлейт және шөл аймақтар жағдайында сирек кездесетін су көздері жайылатын мал санын, сол сияқты өрістер радиусын анықтайды.

Шөлейт аймақта жайылымдарды жылдар бойынша (шөп арасында астықтұқымдастар басым болғанда былай пайдаланған неғұрлым тиімді) .

1 жыл
көктемнен бастап екі дүркін жегізу
1 жыл: 2 жыл
көктемнен бастап екі дүркін жегізу: шілденің екінші жартысыныда - тамызда шөбін бір дүркін жегізу
1 жыл: 3 жыл
көктемнен бастап екі дүркін жегізу: шөбін екі-үш дүркін жегізу (бұл шамамен маусымның екінші онкүндігінен басталады
1 жыл: 4 жыл
көктемнен бастап екі дүркін жегізу: қазанда шөбін бір дүркін жегізу
1 жыл: 5 жыл
көктемнен бастап екі дүркін жегізу: маусымның екінші жартысында - шілденің бірінші жартысында шөбін бір дүркін жегізу

Жайылым шөбін жегізу мерзімдерін осылайша кезектестіргенде екінші және төртінші жылдарда өсімдіктің басым бөлігі ұрықтандырғаннан кейін жүргізіледі, мұның өзі шөптің қалыпты күйде қайта шығуына мүмкіндік береді.

Жайылымды қарқынды пайдаланғанда оның өнімі төмендеп кетуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін оны үш-төрт жылда бір рет тынықтырады немесе күзде бір рет мал жаяды.

Осының нәтижесінде Бегучев пен Гайдуковтың ұсынған схемасы бойынша 4 жылдық айналым қолданылады.

1 жыл
көктемнен бастап шөбін үш дүркін жегізу
1 жыл: 2 жыл
көктемнен бастап шөбін үш дүркін жегізу: тынықтыру немесе шөбін бір дүркін кешеуілдетіп жегізу
1 жыл: 3 жыл
көктемнен бастап шөбін үш дүркін жегізу: мамырда жайылымға шығарудан бастап шөбін екі дүркін жегізу
1 жыл: 4 жыл
көктемнен бастап шөбін үш дүркін жегізу: - қайтадан шөбін үш дүркін жегізу

Жайылымды тынықтыру үшін өсімдіктің қара күзде мал жаю нәтижесінде тұқыртылуы угловодтың қоры жинақталуына, тамыр жүйесінің өздігінен ұрықтануына және жайылым өніміне бірдей әсер ететін шөлейт жерлерде атқарылған жұмыстар арқылы анықталады.

1 жыл
екі дүркін жазғы өріс
1 жыл: 2 жыл
екі дүркін жазғы өріс: екі дүркін жазғы өріс
1 жыл: 3 жыл
екі дүркін жазғы өріс: көктемгі және бір дүркін жазғы өріс
1 жыл: 4 жыл
екі дүркін жазғы өріс: жазғы өріс
1 жыл: 5 жыл
екі дүркін жазғы өріс: күзгі өріс

Астықтұқымдас жусан өсетін қуаң даланың көктемнің аяғы, жазғы және ерте күзгі жайылымдар үшін мынадай ауыспалы жайылым схемасы қолайлы:

Батыс Қазақстанның Волга-Жайық өзендері аралығындағы шөбін тұқырта жегізілген құмды топырақ жайылымдарында мынадай төрт жылдық ауыспалы жайылымдар ұсынылады:

1 жыл
шөбін екі дүркін жегізу (көктемгі-күзгі
1 жыл: 2 жыл
шөбін екі дүркін жегізу (көктемгі-күзгі: шөбін екі дүркін жегізу (көктемгі-жазғы)
1 жыл: 3 жыл
шөбін екі дүркін жегізу (көктемгі-күзгі: тынықтыру
1 жыл: 4 жыл
шөбін екі дүркін жегізу (көктемгі-күзгі: өніп өсу аяғында шөбін бір дүркін жегізу

Шөл жағдайындағы ауыспалы жайылым . Тарихи шөл жазықтық жерлердегі жайылымдарды көктемгі-күзгі өріс ретінде пайдалану. Жайылымдарды пайдаланудың мынадай схемасын қолдану: көктемде - құм алдындағы жусан-раңтәріздестер мен астықтұқымдас түрлі шөп өсетін тау бөктеріндегі учаскелер; жазда - тау мен ұсақ шоқылардың астықтұқымдастары өсетін жайылымдары; күзде - жазықтықтағы жусандар; қыста құмды жердегі бұталар мен түрлі шөптер.

Қазіргі уақытта жайылымды пайдаланудың мұндай схемасы аздап сақталып қалады. Көбінесе шөл жайылымдардың шөбін 1-2 маусым емес, 3-4 маусым бойы жегізеді, ал мұның өзі сол жердің топырағының анағұрлым құнарсыздануына әкеліп соқтырады.

Жайылымды осы күйден шығару үшін ауыспалы жайылымның неғұрлым қарапайым 2 схемасын орындай қажет.

Бірінші - өсімдік қауымының басым айырықша басым түрлері әлі де болса өсіп көбею қабілеттілігін жоғалтпаған, тозған құнарсызданған жерлер үшін үш маусымды төрт жылдық ауыспалы жайылым схемасын енгізгенде танаптардың былайша кезектестірілгені жөн:

көктем
Күз
тынығу
жаз
көктем: жаз
Күз: Көктем
тынығу: күз
жаз: тынығу
көктем: тынығу
Күз: Жаз
тынығу: көктем
жаз: күз
көктем: күз
Күз: Тынығу
тынығу: жаз
жаз: көктем
көктем:
Күз:
тынығу:
жаз:

Кезектестірудің көрсетілген жүйесінде тынығу үшін шын мәнінде нақтылы учаскеге қатарынан екі жыл беріледі. Осы шаралардың нәтижесінде өнімді бірыңғай толық жегізген кезде тозған жайылымдар негізгі өсімдіктерді бірте-бірте қалпына келтіре отырып алады және болашақта неғұрлым тиімді келетін ауыспалы жайылымның үш жылдық схемасы бойынша пайдаланылады.

Екіншісі - негізгі өсімдікті сақтап қалған жайылымдар үшін:

көктем
Күз
жаз
көктем: жаз
Күз: Көктем
жаз: күз
көктем: күз
Күз: Жаз
жаз: көктем

Жайылымдарды схема бойынша пайдаланғанда міндетті шартпен кезектестіру жүйелігін сақтау: “жаз” одан кейін “күз”, яғни егер танап үстіміздегі жылғы жазда пайдаланылған болса, келесі жылы мал міндетті түрде күзде жайылуға тиіс. Көрсетілген жүйелілікті сақтағанда жазда пайдаланудың кейбір ұнамсыз сәттері, қойды өсімдіктің жетілуінің жылдық циклды аяқталғаннан кейін жаю арқылы қажет (ересек қойға 0, 3-0, 5 га есебінен) . Жайылымның қой қора маңындағы учаскесі жылдың барлық кезеңінде шөбін жегізуге тиіс. Өсімдікті жыл сайын қыста пайдалану жайылым күйін нашарлатпайды, өйткені солтүстік және шөлейт жерлер жағдайында өсімдіктің көктемде өсіп шығуына мүмкіндік береді.

Оңтүстік шөл жерлерде қысқы учаске неғұрлым көлемді болуға тиіс, өйткені мұнда мал қыс бойы жайылады. Жыл сайын шөбін толық жегізу немесе жайылымдардың қой қора маңындағы учаскелерін пайдалану коэффициенті 0, 4-0, 3-тен аспауға тиіс. Жыл сайынғы қой санының осындай шамалы болуы жайылымдардың қой қора маңындағы учаскелерінің ұзақ жыл бойы өнімділігін қамтамасыз етеді.

Таулы жердің ауыспалы жайылымы. Тянь-Шань және Алтай аймақтарында өсімдіктер әрқилы мерзімде жетіледі. Таулы жайылымдарда мал әдетте 100 күнге жуық болады.

Тау бөктерінде және таудың орта шенінде үш учаскенің шөбін екі дүркін жегізген жөн: бірінші, малдың әр учаскеде 2-3 күн бойы неғұрлым бірыңғай болуы, екінші, 7-8 күн бойына негізгі шөпті жегізу. Ал таудан кері қайтарда бұл учаскелердің әрқайсысының шөбі 5-6 күн бойы бір дүркін жегізіледі. Жайылым айналымы бойына жыл сайын алмасып отыратын учаскеде мал қайтып ораларда 3-4 күн жайылады.

Шөбі шамадан тыс пайдаланылған таулы жайылымдарда бес жылдық ауыспалы жайылымда пайдаланған тиімді, мұнда бес учаскенің үшеуі жыл сайын өріс ретінде пайдаланылады, ал бір учаске тынықтырылатын болады.

Далалық жəне құрғақ далалық аймақтарда ауыспалы жайылымдар.

Осы аймақтардағы жерлердің өте көп жыртылып кетуіне байланысты көпшілік жайылым учаскелерінің тозығы біткен жəне жем-шөп өнімділігін азайтқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы жайылымдардың тиімділігі туралы
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың теориялық, жалпы әдістемелік негіздері
Жайылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастырылуы
Мал жаю әдістері
ЖЕРДІҢ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАСЫ
Шабындықтың және жайылымның өнімділігі мен шөптесін сапасын анықтау
Табиғи жайылымдар, ауыспалы жайылымдар
Шабындық және жайылымдарды жақсартудың негізгі шаралары
Мәдени жайылымға күтім жасау
Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz