Ж.Аймаутов - әдебиет сыншысы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
 Ж.Аймауытовтың еңбектері
 Ж. Аймауытов. әдебиет сыншысы
 Ж. Аймауытовтың сыни тұрғыдан жазған мақалалары
 Ж.Аймауытовтың саяси тақырыптағы мақалалары
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді.
1. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том. — Алматы: Ғылым, 1999. -110-290 бет
2. “Абай” журналы, 1918, № 2
3. Тұрысбек Р. Жүсіпбек //Зерттеу//.- Алматы: Санат, 1997
4. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. — Алматы: Ана тілі, 1993.
ӘЛИЯ ЖАҚЫПОВА
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ізденушісі

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Ж.Аймаутов - әдебиет сыншысы

ОРЫНДАҒАН: Маратова Н
Тобы: Фи-201
ТЕКСЕРГЕН: Курмамбаева Қ.

Семей-2015ж
ЖОСПАР:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Ж.Аймауытовтың еңбектері
Ж. Аймауытов- әдебиет сыншысы
Ж. Аймауытовтың сыни тұрғыдан жазған мақалалары
Ж.Аймауытовтың саяси тақырыптағы мақалалары
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Жүсіпбек Аймауытов (1889 -- 1931) -- қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы Қызыл ту, қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.1911 -- 1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде Абай журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), Қазақ тілі газетінің редакторы.Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922 -- 1924), Ташкентте шығатын Ақ жол газетінің бөлім меңгерушісі (1924 -- 1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926 -- 1929) қызметтерін атқарады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, Интернационалды, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; Қартқожа, Күнекейдің жазығы, Шернияз, Ел қорғаны, Мансапқорлар пьесалары, Комплексті оқыту жолдары, Жан жүйесі, Өнер таңдау, Мағжанның ақындығы туралы еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп Абай журналын шығарды. Осы журналда Екеу деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, Абайдың өмірі және қызметі (1918, № 2), Абайдан кейінгі ақындар (Абай, 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының рухани-мәдени келбетінің заман құбылыстарына сай қалыптасуына жаңаша мүмкіндік пайда болды. Ғасыр басындағы қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік сипатында орын алған оқиғалар ұлтымыздың рухани болмысын бұрынғыдан биік сатыға көтеріп, соны өзгерістердің өмірге енуіне жол ашты. Өз ұлтының бітім-болмысын жетік білетін қазақ зиялылары заман құбылыстарын қалам ұшына іліктіріп, шығармаларына арқау еткенде қоғамның беталысын шынайы бейнелеуге тырысты. Яғни, саяси-қоғамдық дамудың шарықтау шегіне жетіп тұрған кезеңде өмір сүріп отырғандықтан, Алаш ардақтыларының шығармашылық еңбегін туған халқының азаттық жолындағы ұлттық мүдделерімен ұштастыра білгені маңызды болып табылғаны даусыз еді. Кемел біліммен толысып, шұрайлы тілге нәр берген, қазақтың ертеңі қалай боларына сол арқылы ой жүгірткен үлкен әдеби толқын осы тұста қалыптасты.ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында кеңестік дәуір әдебиеті өкілдерімен сөз өнерінің кеңістігіне қатар келген сондай сом тұлғалардың ортасынан ойып тұрып орын алған алаш зиялыларының бірі Жүсіпбек Аймауытұлы. Қазақ баспасөзінде өрнегі бөлек көсемсөзімен де көш бастаған қаламгердің ұлт әдебиетін қалыптастырудағы өлшеусіз еңбегі тіптен ерекше. Қазақтың ендігі бағыты қалай болмағы, әлеуметтік тұрмыстық хал-жағдайының қандай күйде тұрғаны туралы да өзі негізін салған басылымдарда барынша толғады. Олардың дені Абай, Жаңа әдебиет, Жас қазақ журналдарында, Қазақ, Сарыарқа, Ақжол, Қазақ тілі, Еңбекші қазақ тағы да басқа басылымдарында жарық көрді. Алайда, оның осыншалықты құндылығы мол мұрасын дер кезінде танып білуге отаршылдық пиғылдағы кеңестік идеологияның қатаң режимі үлкен бөгет болып келді. Соның салдарынан Ж.Аймауытұлының заман шындығына білдірген көзқарасы мен ұлттық мүдде ұстанымындағы пікірлері қаламгердің халқымен қауышуына ұзақ уақыт бойына мүмкіндік бермей келгені белгілі. Тек кеңестік империя күйреген 1990 жылдардан бері ғана Алаш арыстарының қатарында Жүсіпбек Аймауытұлының есімі мен түрлі әдеби жанрдағы мол мұрасы ұлтымыздың руханият өрісін кеңейте түскені бәрімізге айқын. Соның нәтижесінде барып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі ретінде оның сыншылық қырын зерделеуге тәуелсіздік жемісін тере бастаған бертінгі кезеңде ғана жол ашылды.Ж. Аймауытұлының терең талдауларға бай сыншылық еңбегі өткен ХХ- ғасыр басындағы ел өміріндегі өзгерістердің көлеңкелі тұстарын тереңірек білуге, еркін, азат ойлы Алаш мақсатын айқындаған дүниелерін жақынырақ тануға мүмкіндік берер еңбек болып табылады. Ж. Аймауытов -- әдебиет сыншысы ретінде ХХ ғасырдың басында айқын танылған қаламгерлердің көрнекті өкілі.
Саяси құбылыстар туралы Ж. Аймауытұлы Сарыарқа газетінде жариялаған Мемлекет құрылысы деген мақаласында көптеген мәліметтерді тілге тиек етеді. Патшаның пәрменінен халық құтылды; Қандай қолайлы тұрмыс жасаса да, ерік өзінде. Бірақ, ұлан-байтақ жерде шашылып жатқан жүз миллион халық қалай жиылып, қалай кеңеспек? Міне, соның үшін мынадай тәртіп болуы керек: һәр гүбірниа, һәр облостан халық екі-үш кісі өкіл сайлауы керек; бұл өкілдері көпке сенімді, пікірі, ойы жұртпен үйлесетін һәм басқа жұрттың өкілдерімен тізелесіп, халыққа жайлы, ұнамды мемлекет негізін жасайтын кісілер болу керек. Сондай өкілдердің бас қосып кеңесетін жиылысын "учередительное собрание, дейді.
Қазақтың өз алдына дербес жұрт болып мойындалар кезі туғандығына үміт артып, ел келешегіне қатысты өзекті ойларды баспасөз бетінде батыл көтере білген Жүсіпбекті бұл жолы саяси сарабдал сыншы тұрғысынан танимыз. Ұлан-байтақ жерде шашылып жатқан жүз миллион халықтың қамы үшін сайлау ісінің қажеттілігі жөнінде, құрылтай жиылысы, саяси партиялардың алар маңызы турасында қазақтың да білуі тиістігін Мемлекет құрылысына арқау етеді. Сайланатын өкілдер саяси іс жүзінде қай партияның адамы екені білініп, халық һәр партияның программасына (тұтынған жолына) таныс болуы керек. Саяси партиялар: социал-революционерлер, социал-демократ һәм кадет партиясы. Кімнің программасы жәйлі, әділ болса, соған халық дауыс беруі керек. Сайлау біткен соң өкілдер Петроградқа жиылып, учередительное собраниені ашып, халықтың қалауынша жаңадан мемлекеттің негізін құрмақ. Заман беталысындағы өзгешелікті терең түйсінген жас Жүсіпбектің әкімшілік биліктің саяси, хұқықтық жағын өте жақсы білетін жан болғанына осы тұжырымдар дәлел. Сібір автономистерінің Томда өткен съезінен қайтып келе жатқан Ә.Бөкейхан Семей қаласына аялдап, 1917 жылдың 12-13 қазан күндері жергілікті жұртшылықпен кездесу өткізеді, сөз сөйлейді. Әлиханның Семейге келуі деген С.Торайғырұлының көлемді мақаласында мынадай жолдар бар: ... Жұрт қадір кісісін көргенде мұндай сүйсінбес. Ғалихан жұртқа аман-сәлем қылып, отырған соң, қара халық атынан Шанжы Мұсатаев келгеніне құтты болсын айтты. Онан соң комитет атынан Ахметжан Қозыбағаров сөйледі. Онан соң учительдер атынан Мәннен Тұрғанбаев айтты...Оқушылар атынан Аймауытов сөйледі: Қараңғыда қан жылап, қаңғыған күнде басыңды Алаш жолында құрбан болған ағамыз, асқар беліміз! Сізді көргендегі жүректің қуанышын тіл айтып жеткізерлік емес. Өміріңді жіберген жолың - біз, інілеріңе жағып қойған шамшырақ. Жасасын, сүйреген Алашың! Жаса, сабазым! .
Ұлт көсемімен кездесудің қаншалықты мәнді болғаны жігері мықты жастың осынау тебіреніске толы сөздерінен көрініп тұр. Саяси-қоғамдық ортада болып жатқан оқиғалардан қалыс қалмай, қайта көшбастаушылардың қимылына құптау білдіруі жас Жүсіпбектің енді қалыптаса бастаған көсемсөзшінің еңбегі екені бірден байқалады.
Сонымен қатар ел қамы үшін еселі еңбек сіңірген Сарыарқа газетіндегі, Абай журналындағы мақалаларын екшеп талдайтын болсақ, Ж. Аймауытұлының қоғамдық-саяси көзқарасын, әлеуметтік дүниетаным деңгейінің жоғарылығын аңдауға болады. Оның әдебиетті, ғылымды жан-тәнімен сүйетін жоғары талғам иесі болғандығын дер кезінде үн қатқан мақалаларынан көреміз. Қандай тақырыпқа қалам тартса да ұлт бостандығын аңсаған асқақ рух айқын сезіледі. Жас Жүсіпбек қазақтың дербес ел болуын көксеп, Алаш жұртының болашағы үшін жан аямай күрескен Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы сияқты қайраткерлердің ісін ілгерілетуге салмақты үлес қосты. Алаш қозғалысы мен Алашорданың басылымдарында өз қолтаңбасын қалыптастыра жүріп, Ж. Аймауытұлы ұлт әдебиеті мен мәдениеті үшін де терең талдауларға барды. Сонымен қатар, Алаш қайраткерлері ізін салған біртұтас ұлт автономиясын құру идеясын зор сеніммен құптады. Бұл тұрғыдан алғанда, ол біріншіден, Алаш қозғалысының белсенді жақтаушыларының бірі яки, Алашорда идеологиясының жалпы бұқараға әсерін тудыруы үшін тұғыры берік тәуекелге барған қажырлы қаламгер болды.
Ж. Аймауытұлы қоғамдық істерге белсене араласып, ұлттық әдебиетті жаңа деңгейге көтеруден қалыспай жүріп, өзін педагогтық қырынан танытып үлгергені де тарихи деректер арқылы мойындалып отырған жайы бар. Соның бірі -- өзі негізі қалаған Абай журналының 1918 жылғы №1 санында шыққан Тәрбие мақаласы. Бұл мақала өзінің әйгілі еңбектерінің бірі -- Тәрбиеге жетекшінің беташары іспетті.
Адамды бұзатын да, түзейтін де тәрбие деп едік. Енді сол бұзу, түзеу дегеніміз не? Қандай бет болса түзелуге болады. Не нәрсе әсер береді?,- дейді автор адам болмысының қоғамдағы орны тұрғысын арыдан тануға меңзеп.- Сол туралы жазбақпыз.
Адам баласын жақсы тәрбиелеу керек дейміз. Жақсы тәрбиенің мақсаты не болмақ? Әр нәрсенің бір көздеген мақсаты болу керек. Мақсатсыз іс қылуға болмайды. Жолаушы жолға шыққан-да бір мақсатты ойлап шығады; шығып алған соң ойланбайды. Сол сықылды тәрбиенің мақсаты болуға тиіс. Мұндай тұжырым жасау Жүсіпбек үшін жылдар бойғы тәжірибе мен тынымсыз ізденістің нәтижесінде келгендігі мақаламен танысу барысында бірден байқалады. Және де адам тәрбиесіне әрдайым зор ынтамен, жауапкершілікпен қарау керектігін ұғынықты жеткізуге тырысады. Оның өзін әр дәуірде айтылған (тәрбие туралы) түйіндердің, көзқарастардың түп мәніне зер салып, оның қоғамға тигізер оң-теріс ықпалын екшеуге ұмтылады.
Тәрбиенің мақсаты -- денені күшейтіп, ұлтшыл қылу болса, бұның жақсы жағы да, жаман жағы да болу керек, -- дейді автор аталмыш мақаласында.- Жақсы жағы: бір халықтың ұлтшыл адамдары көбейсе, ұлты үшін жанын салып, сол ұлтты көркейтуге тырыспақ. Адамның өз басының көркеюімен ұлты көркеймейді, ұлты көркейсе, өзі көркейеді. Бір ұлт бақытты болса, ол бақыт сол ұлттың ішіндегі адамдарына да ортақ. Бір адамның бақыты бір ұлтты бақытты қылуға жетпейді. Ұлтын, Отанын көркейту, қандас-діндес, тілдес бауырларынын, қамын жеу -- бұл жақсы жұмыс. Ал енді жаман жағы мынау: ұлтшыл адам бір жұрттың ғана қамын ойлайды; бұл қамын ойлау жолында басқа жұрттармен айтысады, тартысады, жұлысады. Өз қылығы дұрыс, қисық болсын, үстіне шығарып, басқаны жеңуге жаһат қылады. Біреуді жеңуге ұмтылған кісі қызуламақ; қызу кісі өз қатесін көрмейді, көргісі келмейді. Қатесін көрмеген кісі бірбеткей, ақыл көзінің ауданы тар кісі болу керек. Ақыл көзінің ауданы тар кісі адамшылыққа пайда келтіре алмайды. Адамшылыққа пайда келтіре алмаған кісі ахлағы әлсіз, жабайы кәдімгі кісі болмақ.
Ұлт зиялысының адам болмысын тану арқылы бір ұлттың шеңберінде қалып қоюдың жақсылыққа апармайтындығын, жалпы адамзат биігіне ұмтылу керектігін жіліктей талдағаны бүгінгі күннің де өзекті мәселесіне айналып отырғаны белгілі. Қысқасы, адам тәрбиесіне мән беру кезінде тек қана біржақтылықпен шектелуге болмайтындығын Ж.Аймауытұлының осы Тәрбиесінен айқын көреміз.
Бір тақырып аясымен ғана шектелмей, ұлт жаратылысына, бұқара тұрмысына, Алаштың болашағына байланысты батыл пікірін білдіруді перзенттік парызы санаған Жүсіпбектің дүниетанымындағы Еуропаның өзі басқаша. Европаны еліктей бермей өз бетіміздің, жұрттығымыздың белгісін көрсеткеннен не кемдік табылады? Таза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Адам бойында кездесетін қабілет ерекшеліктері
Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық- саяси өмірі
Б.Кенжебаев-әдебиет сыншысы. М.Қаратаев-әдебиет сыншысы.Тоқырау жылдарындағы әдеби сын. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтардың игерілуі
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
ПСИХОЛОГИЗМНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілінің тағдыры
Бала жанының бағбаны
М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары
Пәндер