Өскемен қаласындағы жер үсті суларының ластауына экологиялық баға беру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕ

Экология кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖЕР ҮСТІ СУЛАРЫНЫҢ ЛАСТАУЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒА БЕРУ

МАЗМҰНЫ.

КІРІСПЕ

1. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 6

1. 1 Табиғи жағдайлардың қысқаша сипаттамасы . . . 6

1. 2 Су объектілерінің сапалық және сандық көрсеткіштері . . . 8

1. 3 Негізгі су қақпаларының жер асты сулары сапасының

сипатамасы . . . 10

2. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАБИҒИ СУЛАРЫНЫҢ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ . . . 13

2. 1 Жер беті суларының ластануы . . . 13

2. 2 Топырақ суларының ластануы . . . 18

2. 3 Жер асты суларының ластануы . . . 20

3. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ АҒЫНДЫ СУЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ . . . 26

3. 1 Қала канализациясына лақтырылатын өнеркәсіптік ағынды сулар . . . 26

3. 2 Жекелеген кәсіпорындардың өнеркәсіптік ағынды суларының

сипаттамасы . . . 29

4. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 34

4. 1 Тазарту қондырғыларының сипатталуы . . . 34

4. 2 Тазалау қондырғыларының қазіргі кездегі негізгі сипаттмалары . . . 37

4. 3 Сол жақ жағалау тазалау қондырғыларының мәселелері . . . 38

4. 4 Тазалау қондырғылары аудандарының орналасулары . . . 42

5. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ СУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ . . . 47

5. 1 Табиғи сулардың фондық концентрацияларын анықтау әдістері . . . 47

5. 2 Су объектілерінің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша негізгі бағыттары . . . 50

5. 3 Су объектілерін экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған

шаралар . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ.

Жұмыстың өзектілігі. Соңғы жылдары қоршаған ортаға деген жасанды ықпал жасау өсті. Өндірістік қызмет нәтижесінде барлық мүмкін болатын қалдықтар жиынтығы түзіледі олар қоршаған ортаның жағдайына кері әсерін тигізеді және оның ажырамас бөлігі ретіндегі адамға да әсерін тигізеді.

Су - маңызды табиғи ресурс. Ол өмірдің негізін құраушы зат алмасу процесстерінде басты роль атақарады. Үлкен маңызды орынды су - өнеркәсіп саласы мен ауыл шаруашлығы саласында алады. Жалпыға белгілісі, оның адамның тұрмыстық қажеттіліктері үшін, өсімдікутер мен жануарлар үшін де қажетті екендігі. Барлық тірі организмдер үшін ол өмір сүру ортасы болып табылмақ. Қалалардың өсуі мен өнеркәсіптің қарқынды дамуы, пайдалы жерлердің кең ауқымда пайдаланылуы, мәдени-тұрмыстық жағдайлардың жақсартылуы мен басқа да бірқатар факторлар, күннен -күнге сумен қамтамасыз етілу мәселесін күрделендіріп отыр. Суға деген қажеттілік өте зор және жылдан - жылға өсіп отыр. Жыл сайынғы су шығыны жер бетіндегі, барлық сумен қамтылу түрлері бойынша 3300-3500 км 3 құрайды. Мұндағы сумен қамтылудың 70 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі. Қазіргі кезде су ресурстарын тиімді пайдаланудың мынадай бағыттары анықталынуда: шикі сулар ресурстарын кеңінен өндіру және толық тиімді етіп пайдалану, су көздерін ластауды болдырмайтын, оған тыйым салатын жаңа технологиялық процесстерді жасау, таза сумен қамтылуды азайту, шикі суды пайдаланушы түсті металлургия өнеркәсібінде, оның мөлшерін көп шығындамайтын жаңа технологиялық процесстерді жасап шығару, су көздеріне келіп түсетін ағынды суларды тазартудың осы заманғы технологияларға сай келетін жаңа, тиімді әдістерін қолдану, енгізу, неғұрлым ластанған ағынды сулардың бөліктерінде локалды тазалау тәсілдерін қолдану.

Өндірістік қызмет нәтижесінде барлық мүмкін болатын қалдықтар жиынтығы түзіледі, олар қоршаған ортаның жағдайына кері әсерін тигізеді және оның ажырамас бөлігі ретіндегі адамға да әсерін тигізеді.

Өскемен қаласының су ресурстары өнеркәсіптік кәсіпорындардың токсіндік компоненттерімен ластануы бойынша интенсивті күш түсіруші жағдайды бастан кешіруде. Бұл мекемелер өзен желілері шоғырланған зонада орналасқан Осында жылуэнергетика саласының ірі кәсіпорындары да орналасқан.

Мұндай орналасу мынаған ықпал етеді яғни барлық газ тектес сұйық және қатты қалдықтары бар ластаушы заттар мүлтіксіз өзен желілеріне келіп түсуде. Осының нәтижесінде сулардың ластану мәселесі өте маңызды болды.

Ғылыми зерттеу объектіс: Өскемен қаласының су объектілері болып табылады, ал зерттеу көзі: Өскемен қаласындағы су объектілерінің ластану жолдарын анықтау.

Жұмыстың мақсат: Өскемен қаласы аумағының су объектілерінің экологиялық жағдайын қарастыру, талдау жасау және оны ластанудан сақтандыру шараларын қарастыру. Міндеттері: 1 Өскемен қаласының су объектілерінің осы заманғы жағдайын, табиғи сулардың ластау көздерін анықтау, ағын сулардың жіктелуі мен сипаттамасын, тазарту құрылғыларының жалпы сипаттамасын беру.

2. Өскемен қаласының 2002-2005 жылдар аралығындағы су объектілерімен танысу және оның экологиялық жағдайына баға беру.

3. Өскемен қаласындағы су объектілерінің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша негізгі жолдарын ұсыну және қоршаған ортаны ластау арқылы оған келтірілген экономикалық шығынды есептеу.

4. Өскемен қаласының су объектілерін жақсарту үшін ластандырушы көздерден сақтандыру шараларын жасау.

Осы жұмыстағы зерттеу әдістері: салыстыру, статистикалық, аналитикалық-зертханалық әдістері.

Ғылыми жаналық: Өскемен қаласының осы заманғы су объектілерінің жағдайына сипаттама берілген, ағынды сулар олардың жіктелуі тұрғысынан бейнеленген, тазалау қондырғыларының жұмысына талдау жасалған, осыған байланысты қаланың су объектілерінің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша бірқатар шаралар ұсынылған.

Су объектілерін қорғаудың негізгі шарала ретінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда ағынсу ( тұйық) жүйелерді еңгізу, сондай-ақ қаланың авто жанар-жағар май станцияларында локалдық тазарту қондырғыларын еңгізу ұсынылды.

Жұмыстың практикалық маңызы. Осы берілген ғылыми зерттеу жұмысының мәліметтерін Шығыс Қазақстан аумағының су электр станциясы орталығының іс-әрекеттерінде, өнеркәсіп орындарында және табиғатты қорғау мекемелерінде пайдалануға болады.

Алғысымды білдіремін: маған дипломдық жұмысымды жобалау үшін қажетті материалдарды қамтамасыз еткен « Өскемен Водоканал » МҚК және ШҚО ҚОҚТБ ұйымдары басшыларына және менің жетекшіме Т. К. Нургалиевке зор алғысымды білдіремін.

1. ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Табиғи жағдайлардың қысқаша сипаттамасы

Өскемен қаласы дала зонасында, құрғақ типті-бетегелі жазықтар мен жартылай шөлейт зонасының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Облыс территориясында дала зонасының негізгі дала зонасын бөліп көрсетуге болады: әртүрлі шөпті-дәнді, нағыз(типтік) және құрғақ(оңтүстік) .

Металлгендік қатысы тұрғысынан алсақ, облысқа Алтай кені белдеуі енеді, ол мынаны білдіреді, яғни полиметалдық және сирек кездесетін кендердің бай минералды-шикізаттық қорларының болуымен түсіндіріледі.

Басты өзен ретінде трансшекаралық Ертіс өзені болып табылады, ол - Қытай, Ресей және Қазақстан секілді үш мемлекеттің территориясынан ағып өтеді. Оның ірі салалары болып - Бұқтырма, Үлбі, Уба, Күршім өзендері табылады.

Өскемен қаласының метеостанциясы қаланың солтүстік-батыс шетінде, ашық жерде орналасқан. Оған таяу жерде Ертіс өзені ағып өтеді, мұнда ол өзінің су кеңістігін кеңейтіп, бірнеше салаларға бөлінеді. Метеостанцияның орналасу аймағы төменгі температурамен, тынышжел режимімен және әсіресе жылдың суық мерзімінде жиі қайталанатын тұмандармен сипатталады.

Метеостанцияның орналасу орнымен қала орталығы арасындағы температуралардың айырмашылығы 10 0 С- қа жетеді. Үлкен айырмашылық, сондай-ақ жел жылдамдығында да білінеді. Егер метеостанция орналасқан аэропорт ауданында, жылдамдығы 8-10 м/с жел байқалса, датчик бойынша, ШҚГМО шатырындағы орнатылған датчик бойынша 18-20 м/с, ал жекелеген аудандарда(ЖМК, Аблакетка, Пристань) желдің күші 23-25 м/с-қа жетеді. [7] Өскемен қаласы метеостанциясының бақылауларының мәліметтеріне сүйеніп, Өскемен қаласының климаты туралы мынаны айтуға болады.

Қаланың климаты шұғыл континентальды, орташа жылдық ауа температурасы - 2, 7 0 С. Аса суық қаңтар айының орташа айлық ауа температурасы -16, 3 0 С. аса жылы шілде айының орташа айлық температурасы +20, 5 0 С.

Өскемен қаласы үшін жауын -шашынның орташа жылдық қосындысы - 487 мм. Жауын-шашынның мезгіл бойынша бөлінуі бірқалыпты емес, жауын-шашынның көп мөлшері жылдың жылы уақытында түседі. Көп мөлшердегі орташа айлық жауын-шашын мөлшері 60 мм-ге тең ай - шілде айы болып саналады. Жауын-шашынның ең аз түсетін айлары қаңтар және ақпан - 25 мм-ден. Жауын-шашынды күндердің ең көп күні қараша айына келеді, ал ең аз жауын-шашын күндері байқалған ай-қыркүйек айы.

Желдің орташа жылдық жылдамдығы - 2, 3 м/с, күшті жылдамдықты желдер өтпелі кезеңдерде -яғни сәуірден маусым айларында және қазан-қараша айлары бойында байқалады

Бір жылдағы 10 м/с-тан жоғары жылдамдықтағы жел соққан күндердің орташа саны - 86, 6; 15 м/с-тан жоғарылары-18, 9; 20 м/с-тан жоғарылары - 3, 9. Өскемен қаласында тіркелген ең жоғарғы жел жылдамдығы-37 м/с.

Өскемен қаласында шығыс және оңтүстік - шығыс бағыттық желдер жиі байқалады. Көрініс жылдың жылы уақытында өзгереді, мұнда батыс және солтүстік-батыс бағыттық желдері бар жағдайлар саны көбейеді. Өскемен қаласындағы аязды емес кезеңнің орташа ұзақтығы -12. 11; қар жамылғысының бұзылуы - 03. 04. Тұрақты қар жамылғысының жату ұзақтығы - 142 күн. [9]

1. 2 Су объектілерінің сапалық және сандық көрсеткіштері

Ертіс өзені ағын сулардың төменгі бөлігінде, төменде орналасқан Шүлбі ГЭС-інің су деңгейінен еркін ағып жатыр. ШҚ Гидрометеорология және мониторингі орталығының мәліметтері бойынша Ертіс өзенінің орташа көп жылғы есептік ағын көлемі, тазарту құрылыстарынан шығушы ағысындағы 17, 5 млрд. м 3 /жылына. Осы учаскедегі Ертіс өзенінің ең кіші орташа айлық шығыны 162 м 3 /с, судың орташа көлемі - 1, 31 м/с, ал орташа тереңдігі - 1, 7 м, арнасының ені - 250 м.

Ертіс өзенінің жоғарғы ағысындағы ластану деңгейі одан жоғары орналасушы су пайдаланушыларынан келіп түсуші өнеркәсіптік және тұрмыстық ағынды суларға байланысты, яғни олар өздерінің ағынды суларын тікелей су объектілеріне - Ертіс және Үлбі өзендеріне ағызады. Мұнда Ертіс өзенінің құрамы мен суының сапасына аса маңызды әсерін тигізетін, түсті металлургия кәсіпорындарының ағынды суларын ағызуы болмақ. [14]

Су сапасының критерийлері 1. 1 кестеде көрсетілген

Кесте 1. 1 Су сапасының критерийлері.

Сапа класы
Су сапасының сипаттамасы
Мөлшері
Сапа класы: 2
Су сапасының сипаттамасы: Таза
Мөлшері: 0, 3-1, 0
Сапа класы: 3
Су сапасының сипаттамасы: Біркелкі ластанған
Мөлшері: 1, 0-2, 5
Сапа класы: 4
Су сапасының сипаттамасы: Ластанған
Мөлшері: 2, 5-4, 0

2002-2004 жылдары судағы заттардың орташа концентрациясы 1. 2, 1. 3, 1. 4 кестелерінде келтірілген.

Экология басқармасының ұсынған фактілік материалдарының негізінде, сондай-ақ ШҚ ГМО -ның 1998ж. -дан 2003 ж. -ға дейінгі экологиялық бюллетеньдерінде жарияланған мәліметтері негізінде, сол және оң жақ жағлаулардың гидробиологиялық құрамы туралы келесі мәліметтер алынды. Сынамаларда көптеген ксерофильді түрлер бақыланған, оң жақ жағалаудың жармасындағы биогеоценоз кедей. Хирономид пен олигохеттердің жұмыртқалары бірінің орнын бірі басуда. Мұны былай түсіндіруге болады, яғни жарма қаланың шаруашылық-тұрмыстық ағыныды суларын ағызуынан кейін орналасқан, сондай-ақ ТМК -ның ағын суларынан және Үлбі, Ертіс өзендерінің құйылыстарынан төмен орналасқан, сондықтан транзиттік ластануға ұшырайды. Ертіс арқылы салынған көпір құрылысынан кейін және тазалау құрылғыларының сол жақ жағалауға ауыстыруы нәтижесінде, биогеоценоздар сипаттамасы күрт өзгерді, гидрохимиялық тәртіптің өзгеруіне жауап ретінде. Сол жақ жағалаулар сныамаларында құрамында азоты бар заттардың концентрациясы көбейді, О 2 құрамы төмендеді және БПК мәні өсті. Зообентос сынамаларында су тазалығының индикаторлары түрлері жойылды. Оң жақ жағалаудан алынған сынамаларда балықтар қауымының құрамында алмасу өткізілді, түрлік түрленулердің өсуі байқалуда, ол осы нүктедегі су сапасының жақсарғандығын байқатады. Зерттеулердің жоғарыда келтірілген мәліметтері сол жақ жағалаулар жармаларының су объектісіне(Ертіс өзені) кері әсерін көрсетеді және оның құрамына да кері әсерін тигізгендігін анық көрсеткендей.

Объективті түрде айтатын болсақ, ағынды сулардың кеңістіктегі су көздеріне зиянды әсерінің мәселесін анағұрлым кеңірек қарастыру қажет, яғни тек қана сол жақ жағалау тазалау құрылыстары объектілері шеңберінде ғана емес, сондай-ақ жеке алғандағы өнеркәсіптік кәсіпорын негізінде қарастыру қажет.

Сондай-ақ, ТМК -ның тазалау құрылыстарының іске қосылу конструкциясын оқып үйрену қажет, себебі оң жақ жағалауда сол жақ жағалаумен салыстырғанда құрамындағы металл заттары бойынша құрамы айырмашылығы он есе өсті. [6]

1. 3 Негізгі су қақпаларының жер асты сулары сапасының сипаттамасы

Өскемен қаласы аллювиальды бассейнінің су сапасының жағдайы көптеген табиғи(геологиялық құрылысы, гидрогеологиялық және климаттық жағдайлар, кеңістіктік жарма, дренаждылық, белсенді су алмасулары) және техногендік(су қақпалары, қалдықтарды жинаушылар, кәсіпорындардың өнеркәсіптік аумақтары, қала құрылысы, жер бетінің бұзылуы, су жұтушы құрылыстарыдың болуы) секілді факторлардың күрделі өзара әрекеттесуімен анықталады.

Табиғи жағдайларда аллювиалды горизонттың жер асты сулары гидрокарбонатты-сульфатты, кальцийлі-магнийлі. Қаттылығы төмен, рН-7, 0-8, 0. Металлдардың болуы ПРК-дан төмен.

Шаруашылық-тұрмыстық және тұтыну мақсаттары үшін жер асты сулары, орталықтандырылған сумен қамту жүйесі арқылы пайдаланылады, олар көп этажды құрылыстардың барлық ауданын қамтыған. Оларға жалғасқан аудандар жеке құрылыстары да орталықтандырылған түрдегі сумен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса бір уақытта жеке құдықтар, скважиналар қолданылады, Бұлар Ескі Согра, Мирный поселкелеріне, Ленин даңғылынан шеткері аудандар мен құрылыс материалдары және кен емес материалдар комбинаттары аудандары тұрғындарына тән. Бау-бақша учаскелері суғару мақсаты үшін орталықтандырылған беттік суларды, ал тұтыну және тұрмыстық мақсаттарға жер асты суларды пайдаланады. [10]

«Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығы мен территориясын комплексті геоэкологиялық зерттеулерді өткізу» тақырыбы бойынша 2004 жылы «ЭКОСЕРВИС С»ЖШС компаниясы орындаған ғылыми-зерттеу жұмысының есебіне сәйкес «Қаланың сумен қамтамасыз етілуінің шарттары» схемасы көрсетілген. Берілген схемадан белгілі, қаланың көпшілік бөлігінде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілу жүзеге асырылады. Келтірілген «Өскемен қаласының негізгі су қақпаларының жер асты суларының сапасының сипаттамасы»кестесінен көргеніміз, солтүстік өнеркісіптік зона ағысы бойымен өрлегенде одан жоғарырақ орналасқан(Жаңа Согра, Солтүстік-Атаманский, Пионер, Лесозавод, Элеваторный, Аблакетка) су бөліктерінде өндірілген суды қанағаттанарлық сапада деп қабылдаған жөн(ондағы заттар шектік-рұқсатталған мөлшерден аспайды, ал құрамындағы заттар қоспасы 3-тен аспайды, ол рұқсатталған және ластанудың қалыпты дәрежесіне сәйкес келеді) . Суды ластаушы өнеркәсіптік зоналарда(Алтайский геолог, ІІІ мөлтекауданда, және Октябрь ауданында) жекелеген заттардың болуы шектік шамадан асып түсуде, және олардың қсопаларынынң қосындысы тұрақты түрде 10-12-ге жетіп отыр, бұл өз кезегінде қалыпты және ластанудың жоғарғы дәрежесіне жеткендігін көрсетеді.

2004 ж. 25 бақылау нүктелерінде өткізілген Өскемен қ. Жерасты суларын зерттеу қорытындылары бойынша, осы нүктелерде 12, 5-105 Бк/л радон қоспасы анықталған.

Араластырудың жоғарғы деңгейінен асыра араластыру фактілері мына су объектілерінде, яғни Элеватор(105 Бк/л) және Пионер(65, 0 Бк/л) су қақпаларында байқалса, Элеватор су қақапасының су жүретін жүйелерінде (74, 6 Бк/л), ал Красина кентінің скважинасында (103, 5 Бк/л-ге дейін) кездескен.

Араластыру деңгейіне жақын радонның шамасы Октябрь су қақапсында байқалған, онда 2004 жылы ең көп мөлшері 56, 0 Бк/л құраса, ал концентрацияның ауытқуы су өткізу желісінде 25, 5-тен 59, 5 Бк/л-ге жетті.

2004 ж. Красинадағы Пионер су қақапасындағы ІІ -ші көтерілудегі сыйымдылықта өткізілген бақылаулар, радон концентрациясының ең көп мөлшерін 65, 0 Бк/л анықтады. [20]

2 ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТАБИҒИ СУЛАРЫНЫҢ ЛАСТАНУНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒА БЕРУ

2. 1 Жер беті суларының ластануы

Ертіс өзенінің беткі суларының орташа ластану заттарының концентрациясы 2003 ж. мына шамаларды құрады: өлшенген заттар 2, 3-6, 5 мг/л, Рн 7, 9-8, 15, көмірқышқыл газы 5, 0-7, 6 мг/л, аммоний азоты мөлшері 0, 15-1, 12 ШРМ, нитрит азоты 0, 03-3, 57 ШРМ, мырыш 0, 2-2, 5 ШРМ, мұнай өнімдері 1, 3 ШРМ, мврганец 0, 3-1, 1 мг/л, натрий-калий 11, 3-18, 3 мг/л, гидрокарбонаттар 94, 1-107 мг/л, қаттылық мөлшері 1, 70-1, 83 мг-экв/л.

Келесі заттардың мөлшері су беті құрамында ШРМ-ден аспайды: нитрат азоты, (3+) темір, никелдің, қорғасын, кобальттың, кадмийдің, сынаптың, стронцийдің, мышьяктың, кальцийдің, магнийдің, сульфаттардың, хлоридтердің, цианидтердің, роданидтердің, жалпы хромның.

Есептік кезеңдегі зиянды заттардың максималды концентрациясы мынаны құрады: өлшенген затта 3, 6 мг/л, Рн 8, 6, көмірқышқыл газы 15, 0 мг/л, амоний азоты мөлшері 8, 3 ШРМ, нитрит азоты 9, 2 ШРМ, жалпы темір мөлшері 8, 2 ШРМ, (2+) темір 10, 0 ШРМ, (3+) темір 1, 6 ШРМ, мыс мөлшері 6, 0 ШРМ, мырыш 9, 9 ШРМ, мұнайөнімдері 4, 6 ШРМ, марганец 3, 7 ШРМ, НАТРИЙ+КАЛИЙ 28, 5 МГ/Л, гидрокарбонаттар 140 мг/л, қаттылық 2, 50 мг-экв/л.

Берілген учаскедегі оттектік режим қалыпта. БПК 5 үш ағыста нормадан асып түсті:

- Өскемен қ. ГЭС-інен 0, 8 км төменгі плотина ағысында - акі жағдайда және 3, 01 мгО 2 /л(08. 07. 2003 ж алынған) және 3, 80 мгО 2 /л(11. 12. 2003 ж. алынған)

- аспалы көпірден 0, 35 км төмен, сол жақ жағалау ағысында - бес жағдайда да 3, 01-3, 99 мгО 2 /л-ден өзгермеген;

-аспалы көпірден 0, 35 км төмен, оң жақ жағалау ағысында - бір жағдайда нормадан асып кетті және мынаны құрады 3, 30 мгО 2 /л(14. 02. 2003 ж. алынған) ;

Беткі сулар 2002 жылғы сияқты, 2003 жылы да сапасы бойынша 3 классқа жатады, және де қалыпты-ластанған суларға жатқызылды(ластану деңгейі 2003 ж. 1, 14 құраса, 2002 жылы 1, 44 болған еді) . [12]

Атмосфералық сулар, жауын және қар сулары - континентальды су көздері мен артезиан суларының, топырақ суларының негізгі толығу көзі болып табылады. Жауын және қар суларының құрамы маңызды ауытқуларға ұшырайды, және олардың мөлшері ауадағы қоспалардың мөлшеріне байланысты. Өнеркәсіптік орталықтарға жақын маңда атмосфералық сулар кәсіпорындардың газды шығаруларының құрамындағы заттармен толығады. Әсіресе жауын және қар суының құрамында сульфаттар иондары, хлоридтер, сульфиттер көп.

Тұрғылықты жерлерге, олардың территориясына түсетін атмосфералық сулар күл-қоқыстарды, шаңда, мұнайөнімдерін шайып кетеді. Ластану дәрежесі бойынша жауын-шашын ағынды суларының алғашқы тобына тұрмыстық ағын сулары сәйкестендірілген. Олардағы ластаушы заттар мөлшері жауынға шекті құрғақшылықтың ұзақтығына байланысты.

Өнеркәсіп кәсіпорындары территорияларынан ағызылушы атмосфералық сулар, өзімен бірге, сол өндіріске тән ластаушыларды алып кетеді, сондықтан да зауыттар территорияларында ауыр металлдармен жұмыс жасағанда, шашып жууды және технологиялық ағын суларын ескеруші комплексті қонддырғыларды ескерген жөн, сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтарды жою, оның ішінде ауыр металлдары бар қалдықтарды да жойған дұрыс. [28]

Қаланың ағынды суларына шаруашылық - тұрмыстық сулар мен кәсіпорындардың ағынды сулары келіп түседі, олар қала шетінде орналасқан. Шаруашылық-тұрмыстық суларға пәтерлерден, ауруханалардан, мектептерден, қонақүйлерден және адамдардың болатын басқа жерлдерінен келіп түсетін сулар жатады. Әр адамнан тәулігіне қала канализациясына орташа есеппен мына мөлшерде ластаулар келіп түседі екен (граммен алғанда) :

Өлшенген заттар 65

Түске боялған сұйықтық БПК5 35

Түске боялған сұйықтық БПК20 40

Амоний тұздарының азоты 8

Фосфаттар 1, 7

Хлоридтер 9

Көркейтілген елді мекендерде су бөлудің нормасы тәулігіне 400 литрге жуық. Иә, су бөлудің нормасы жоғары болса, ағын сулар аз концентрленген.

Өнеркәсіптік ағын сулар. Өндіріс саласының барлық түрлерінің арасында су пайдаланушылар арасында белсенділері болып - қара металлургия, химия өндірісі, орман хөимиясы, мұнай өнімдерін өңдеу өнеркәсібі белгілі.

Таза суды ала отырып, өнеркәсіп кәсіпорыны оны лас суға айналдырады. Ағын сулардың құрамы мен ластанудың концентрациясы өндірістің түріне байланысты. Мысалға, қорғасын-мырыш комбинатының ағын сулары үшін қорғасын мен мырыш бойынша рұқсатталған-шектік құрамынан асып түсуі тән болса, автопарктер үшін мұнай өнімдерінің жоғарғы құрамда болуы тән және т. с. с. Ағын сулардың жалпы сипаттамасын беру мүмкін емес. Жалпы ластаушы көрсеткіштерден басқа, өнеркәсіп ағын сулары токсиндік заттарды құрайды, олар су көздеріне түскен болса, ондағы барлық тірі ағзаларды құртып жіберуі ықтимал. Жаңа өнім шығарушы өнеркәсіп және өндірістің дамуы мынаған әкеледі, яғни ағын суларға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсері беймәлім заттардың келіп түсулері. Бұған қоса, осындай заттар анағұрлым токсиндік болып табылатындығы. [25]

Өнеркәсіптік ластанулардың арасынан су көздеріне түсуші, токсиндік және токсиндік емес түрлері бар. Токсиндік емес заттар белгілі бір жағдайларда гидробионттардың қырылуына әкеліп соғады. Мысалға, целлюлоза-қағаз комбинатының ағын суларында талшық бар, ол өзіне қатысты зиянды емес, бірақ балықтар мен гидробионттардың сүзу аппараттарына түссе, олардың жойылуына әкеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су – өмір көзі
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ
Ертіс алабындағы өзен
Ауаның ластануын талдау әдістері
Ластанған топырақтың мониторингі
Шығыс -Қазақстан облысы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жұмысы туралы есеп
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту»
Топырақтың ластануы
Су шаруашылығы
ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz