Ғимарат арасындағы өрттің таралуын шектеу шаралары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Өрт кезінде құрылымдардың температурасын төмендету әдісімен оларды оттан қорғау. Ғимарат арасындағы өрттің таралуын шектеу. Ғимаратты түтіннің таралуынан қорғау. Әртүрлі өндіріс орындарына қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары

Орындаған: Октябрятова М.

Топ: БЖ-215

Тексерген: Бейсебаев Ш. Т.

Семей қаласы

2015-2016 оқу жылы

Жоспар:

1. Өрт кезінде құрылымдардың температурасын төмендету әдісімен оларды оттан қорғау.

2. Ғимарат арасындағы өрттің таралуын шектеу. Ғимаратты түтіннің таралуынан қорғау.

3. Әртүрлі өндіріс орындарына қойылатын өрт қауіпсіздік талаптары

Өрт кезінде құрылымдардың температурасын төмендету әдісімен оларды оттан қорғау.

Оттан қорғау құралдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары

506. Технологиялық жабдықты құрастырылымның отқа төзімділік шектерінің артуынан қорғау, жанғыш беттер бойынша жалынның таралуын шектеу үшін, ойықтарды, электр сымдарын қорғау үшін, мынадай оттан қорғау құралдары қолданылуға тиіс: сылақ, қаптау, майлау, лактар, кепкен бояулар. Оттан қорғау құралдарын таңдай мынадай есеппен жүргізілуі керек: 1) құрастырылымның, жабдықтың немесе коммуникациялардың типі, орналасуы, отқа төзімділігіне немесе өрт қауіптілігіне қойылатын талаптар; 2) жабынды төсеу, пайдалану және ауыстыру технологиясының қажетті мерзімі; 3) қолданылатын жағдайлардағы жабынның пайдалану сипаттамалары (механикалық әсер, діріл мүмкіндігі) ; 4) температуралық-ылғалдылық режимі, агрессивті орта әсері; 5) жабын есебінен құрастырылымға түсетін жүктеменің артуы; 6) эстетикалық талаптар; 7) техника-экономикалық негіздеме.

507. Оттан қорғау құралдарына арналған техникалық құжаттамада олардың қолданылу саласын, өрт қауіптілігін, бетті дайындау тәсілін, топырақтың түрлері мен маркалары, қорғалатын бетке төсеу тәсілі, кептіру шарттары, осы құралдардың оттан қорғау тиімділігі, қолайсыз климаттық әсерлерден қорғау тәсілі, оттан қорғау жабындарын пайдалану шарттары мен мерзімі, сондай-ақ оттан қорғау жұмыстарын жүргізген кездегі қауіпсіздік шараларын сипаттайтын техникалық көрсеткіштері туралы ақпарат болуға тиіс.

508. Оттан қорғау құралдарын оттан қорғау қабатына сәндік түр берілуін немесе оның қолайсыз климаттық әсерге орнықтылығын қамтамасыз ететін қосымша жабындары болатын материалдардан қолдануға рұқсат етіледі. Бұндай жағдайда, оттан қорғау тиімділігі осы қабат ескеріліп көрсетілуі керек.

509. Оттан қорғау құралдарын қолдану саласы және оттан қорғау тиімділігін бағалау әдістері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық стандарттар және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталуға тиіс.

Түтінге қарсы қорғау жүйесі:
1) өрт кезінде түтіндеумен күресу үшін ғимараттар мен имараттарды көлемдік-жоспарлау орындауды;
2) өрт кезінде түтіндеумен күресу үшін ғимараттар мен имараттарды құрастырылымдық орындауды;
3) қорғалатын үй-жайларда, тамбур-шлюздерде және саты торларында ауаның артық қысымын жасау үшін ағынды түтінге қарсы желдетуді;
4) жану және термикалық бөлшектену өнімдерін жою үшін механикалық және табиғи сору түтінге қарсы желдету құрылғылары мен құралдарын қолданып, қорғау тәсілдерін қарастыруға тиіс.
25. Ғимараттар мен құрылымдарды түтіннен қорғау жүйелері осы Техникалық регламенттің, мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
26. Ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда ғимараттардың, имараттардың, құрылыстардың отқа төзімділігінің талап етілетін дәрежесіне және олардың құрастырылымдық өрт қауіпсіздігі класына сәйкес келетін отқа төзімділік шектерімен және өрт қауіпсіздігі кластарымен негізгі құрылыс құрастырылымдары қолданылуға тиіс.
27. Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың қажет етілетін отқа төзімділік дәрежесі және олардың құрастырылымдық өрт қауіпсіздігі класы осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді.
28. Құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділігі және өрт қауіпсіздігі класы олардың құрастырылымдық орындалуы, тиісті құрылыс материалдарын қолдану, сондай-ақ оттан қорғау құралдарын пайдалану есебінен қамтамасыз етілуге тиіс.
29. Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесіне байланысты таңдалатын құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділігінің талап етілетін шектері осы Техникалық регламентінің 5-қосымшасының 1-кестесінде берілген.
30. Өрттің өрт ошағы шегінен тыс таралуын шектеу мынадай тәсілдермен:
1) өртке қарсы бөгеттер салу;
2) өрт бөліктерін және секцияларын салу, сондай-ақ ғимараттардың, имараттар мен құрылыстардың қабаттарын шектеу;
3) өрт кезінде қондырғылар мен кәріздерді апаттық ажырату және қайта қосу құрылғыларын қолдану;
4) өрт кезінде сұйықтықтардың төгілуі мен ағуының алдын алатын немесе шектейтін құралдарды қолдану;
5) жабдық ішіне отты бөгейтін құрылғыларды қолдану;
6) өрт сөндіру қондырғыларын қолдану тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.
31. Қалаларды, елді мекендерді және шаруашылық объектілерін ұялы өрт техникасы сапта тұруға тиісті өртке қарсы қызмет бөлімшелері қорғауға тиіс.
32. Ғимараттарды, құрылымдарды және құрылымдарды жобалау, кеңейту, қайта құрастыру, оларды салудың технологиялық процесін өзгерту кезінде осы Техникалық регламенттің, сондай-ақ "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің, "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылымдарды автоматты өрт сөндіру жүйелерімен және автоматты өрт сигналымен жабдықтау жөніндегі талаптар, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды көшіруді басқару" техникалық регламентінің, Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілетін санитарлық нормалар мен ережелердің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптары сақталуға тиіс.
33. Өрт сөндіруді автоматты қондырғылар үй-жайда (ғимаратта) :
1) өрттің қауіпті факторларының сыни мәндері туындағанға дейін;
2) құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділігі шектері пайда
болғанға дейін;
3) қорғалатын мүлікке ең үлкен жол берілетін зиян тигенге дейін;
4) технологиялық қондырғыларды бұзу қаупі туындағанға дейін өртті жоюды қамтамасыз етуге тиіс.
34. Автоматты өрт сөндіру қондырғысының типі, өрт сөндіретін құралдың түрі және оны өрт ошағына беру тәсілі жанғыш материалдың, ғимаратты немесе құрылымды көлемдік-жоспарлық орындау түріне және қоршаған орта параметрлеріне байланысты анықталады.
35. Өртті анықтау (өрт сигнализациясы қондырғылары мен жүйелері), өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды көшіруді басқару жүйелері нақты объект жағдайларында адамдарды қауіпсіз (жол берілетін өрт қаупін ескеріп) көшіруді ұйымдастыру мақсатында өрт туралы хабарлау жүйелерін қосуға қажетті уақыт ішінде өртті автоматты анықтауды қамтамасыз етуге тиіс.
36. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін қызмет көрсетуші қызметкерлердің өртті жою қажеттігі жағдайларына сүйеніп алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуға тиіс.
Ғимараттардағы, құрылымдардағы және құрылыстардағы алғашқы өрт сөндіру құралдарының номенклатурасы, саны мен орындары жанғыш материалдың, ғимаратты немесе құрылымды көлемдік-жоспарлық орындау түріне және қоршаған орта параметрлері мен қызмет көрсететін қызметкерлердің орналасқан орындарына байланысты анықталады.
37. Ықтимал өрттерді жою үшін жеке меншік түріне қарамастан ұйым аумағында, ғимараттарында, құрылымдары мен құрылыстарында өртке қарсы сумен жабдықтау көздері болуға тиіс.
38. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздері ретінде табиғи және жасанды су қоймаларын, сондай-ақ ішкі және сыртқы су құбырын (соның ішінде ауыз су, шаруашылық-ауызсу, шаруашылық және өртке қарсы) пайдалану керек.
39. Табиғи су қоймаларын, жасанды су қоймаларын және өртке қарсы су құбырын пайдалану қажеттігі, сондай-ақ олардың параметрлері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.

Ғимарат арасындағы өрттің таралуын шектеу. Ғимаратты түтіннің таралуынан қорғау. Қалалық және ауылдық елді-мекендер аумағында ғимараттар мен құрылымдар арасында өртке қарсы аралыққа қойылатын талаптар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрттің қауіпті факторлары
Өрт қауіпсіздігі негіздері. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары.Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу. Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
Өрт қауіпсіздігі негіздері жайлы
Кәсіпорында өрт қауіпсіздігін ұйымдасытру
Өртке қарсы қабырғалар
Қ. И. Сaтпaев aтындaғы ҚaзҰТЗУ-дың Бaс оқу корпусындaғы өрт жaрылысқa қaуіпті бөлмелерді бaғaлaу
«Құрылыс нысанындарындағы өрт қауіпсіздігі»
Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік іс-әрекеті
Өртті сөндіруді басқару
Жоғарғы температура қолданылған төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz