Ой сыртқы дүниенің ең жоғарғы формасы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I тарау

Ой сыртқы дүниенің ең жоғарғы формасы

  1. Оқушылардың логикалық ойларын дамыту жолдары . . . 6
  2. Тіл дамыту мен ой дамытудың диалектикалық байланысы . . . 8
  3. Тілдік жаттығулар - ой дамытудың негізі . . . 12

II тарау

  1. Ақыл - ой әрекетін басқару . . . 16
  2. Ойлау тәсілдері . . . 19
  3. Ойлау формалары . . . 35
  4. Ұғыммен жұмыс . . . 48

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылғн әдебиеттер . . . 61

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушының жан-жақты дамуының қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Кез келген қоғам қашан да дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Бүгінгі қоғам барған сайын күрделене түсуде. Сол қоғамға сай өзгеше қабілет-қасиетке ие жаңа ақыл иесі қандай болмақ? Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы білімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез бейімделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттігін қажет етеді. міне, сондықтан халыққа білім беру саласындағы басты мақсат: ақыл-ойы жетілген, жасампаздықпен еңбек етуге қабілетті, өз тағдырын өзі шеше алатын, өз бетінше білімін толықтырып, өздігінен кәсіби шеберлігін арттыру мүмкіндігі бар жеке тұлға тәрбиелеу.

Мектепте балаға білім беру мәселесі теориялық ғылымдар жетістігіне сүйенгенде ғана нәтиже болмақ . сондықтан дамыта оқыту әдістеме негіздері: лингвистика, педагогика, логика және психология болып табылады. Өкінішке орай мектептер білім беру жүйесі күні бүгінге дейін теориялық білімдердің соңғы нәтижелеріне негіздей жүргізу өз деңгейінде емес. Әсіресе, қазақ тілін оқыту әдістемесі психология мен логикадан оқшау қалды десек қателеспейміз. Олай дейтініміз, тіл материалдарын меңгертуде психологиялық тұрғыдан зерттеу жоқтың қасы. Ғалымдардың «Психология әдістеме ғылымынсыз-ақ өмір сүріп, дами береді, ал әдістеме ғылымы психологиясыз күнелте алмайды және дами да алмайды. Толыққанды ғылыми пән болу үшін әдістеме ғылымы психологиялық негізде құрылуы тиіс» 1 , - деген тұжырымын ескере бермейміз.

Ана тілін оқыту әдістемесі тіл білімі мен психологияның теориялық қағидаларының соңғы жетістіктеріне табиғи байланысы негізінде, атап айтқанда, оқушыларды неге үйретуіміз, қалай оқытамыз деген екі күрделі мәселені шешеді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында белгіленген орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі: « . . . білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету» үшін тілдік фактілерді жалаң емес, қатысымдық тұрғыдан меңгеру қажет. 2 Бұл оқушылардың ана тілінде жатық, таза сөйлеуіне, өз ойын жүйелі, анық жеткізуге әсер етеді.

1 Беляев Б. В. Новое в психологии обучения иностранном языком. М., 1969, стр. 143

2 Қазақстан Республикасының 2005 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы //Қазақстан жоғары мектебі-2004. №1

Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілін таным процестерін дамыту арқылы

оқытып, оқушылардың шығармашылық ойларын қалыптастыру - бүгінгі өмір талабына

сай азамат тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі. Себебі оқыту процесінде ойлау процесін дамыту жолдары оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырды, ақыл-есінің дамуына жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында оқушының таным процестерін дамыту мемлекет тарапынан білім беру мекемелеріне қосылған талаптардың іске асуына игі әсерін тигізеді. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында оқушының шығармашылық ойлау әрекетін дамытудың тиімді тұстарын айқындап, ұтымды әдіс-тәсілдерді іріктеудің маңызы зор. Мұның барлығы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Диплом жұмысының мақсаты:

Қазақ тілі сабақтары барысында оқушының таным процесін, атап айтқанда, шығармашылық ойын дамытудың жүйесін белгілеу, тіл дамыту мен ой дамытудың диалектикалық байланысын, ойлау тәсілдерін, ойлау формаларын қалыптастырудың тиімді әдістерін ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • қазақ тілі сабақтарында оқушының ойлау процесін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;
  • қазақ тілі сабақтарында баланың логикалық ойлауын қалыптастырудың ұтымды жолдарын айқындау;
  • сабақ барысында ойлау процесін дамытатын әдәс-тәсілдерді белгілеу және олардың қазақ тілін оқытудағы ұтымдылығын көрсету;
  • қазақ тілі сабақ барысында оқушының логикалық ойлауын дамытатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Диплом жазуда орта мектепте қазақ тілін оқыту әдәстемесі, оқыту процесінде логикалық ойларын дамыту жайлы, ғылыми-әдістемелік, философиялық, логикалық, педагогикалық және психологиялық әдебиеттер; оқулықтар және оқу құралдары, дамыта оқыту технологиялары жайында еңбектер негізге алынды.

Зерттеу әдістері . Диплом жазуда баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту және эксперимент әдәстері қолданылды. Оқу үрдісінде ана тілі сабақтарында оқушының шығармашылық ойлауын дамыту мәселесіне арналған еңбектер салыстырылып талдау әдісі арқылы зерделеніп, бір жүйеге түсірілді.

Диплом жұмысының жаңалығы:

- қазақ тілі сабақтарында оқушылардың логикалық ойын дамытудың ғылыми-әдістемелік негізі айқындалды;

- қазақ тілі сабақтарында балалардың логикалық ойлауды дамытатын әдістемесі ұсынылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілі сабақтарында ойлау процесін дамытуына игі ықпал етеді. Зерттеу жұмысына мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.

Зерттеу базалары ретінде Шымкент қаласындағы Т. Тәжібаев атындағы № 47 тарихи-гуманитарлық гимназиасы, А. Байтұрсынов атындағы № 50 орта мектебі және Қ. Сыпатаев атындағы № 7 техникалық-лицей мектептері алынды.

Диплом жұмысының талқылануы . Диплом жұмысының нәтижелері 2007 жылғы Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ студенттерінің ғылыми-әдістемелік конференциясында талқыланды.

Диплом жұмысының құрылымы.

Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ой - сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы.

Оқушылардың логикалық ойларын дамыту жолдары.

Бүгінгі білім беру жүйесі оқыту процесінің екі аспектісін қарастырады. Оқытудың мазмұнды аспектісі - оқушыларға терең білім беру мақсатын көздейді. Оқытудың формальды аспектісі - оқушылардың білімді игеру дағдыларын қалыптастыру, соның негізінде өз бетінше соны білімді игеру мен оқу матзмұнын түсіну әдіс - тәсілдерін жаңарту мәселелерін қарастыртады. Мұғалімдер қауымы оқушыларға терең білім беруге талаптанады. Алайда, “ Көп білген кеменгер емес, білімін жарата білген кемеңгер” демекші, өмірде пайдаға аспаған білімнің құны көк тиын екені белгілі. Сонымен бірге мектепте оқытылатын пәндердің мазмұны да заман талабына сай күрделену үстінде. Бала қысқа мерзімде көптеген білім көлемін меңгеруі тиіс. Сондықтан оқушылардың таным процестерін, оның ішінде ақыл - ойын дамыту, олардың бойында логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру және тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру мәселесі күні бүгінде мектеп ұстаздары алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі.

Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселесі- аса күрделі жұмыстардың бірі. Олай дейтініміз, оқушылардың дұрыс ойлауын қалыптастыру, олардың ақыл-ой әрекетіндегі, қателікті байқап, жіберілген сол ағаттықтың неліктен болғандығын түсіндіріп, ойлау жүйесіндегі тізбектілікті, ойлау операцияларын дұрыс қалыптастыру үшін ұстазға логика мен психологиядан қажетті теориялық біліммен қарулану қажет. Сол себепті оқыту практикасында бұл бір бөлек дидактикалық мәселені құрайды. Әлемдік педагогикалық практикада бұл мәселені шешудің кейбір тенденциялары пайда болды. Солардың бірі- оқытуы процесінде формальды аспектіге назар аудару.

Әлемдік психология-педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын дамыту мәселесін А. Н. Леонтьев, С. П. Рубинштейн. М. Л. Гуров, Е. Н. Қабанова-Меллер, Г. С. Костюк, М. В. Занков, т. б. танымал ғалымдар теориялық тұрғыда өз көзқарастарын білдірген. Осы мәселелерге арналған ғылыми зерттеулерде “ойлау ”, “логикалық ойлау ” сияқты ұғымдар қатар айтылады. Десек те, бұл екі ұғымның бір-бірінің орнына қолдана беретіні байқалады.

Барлық танымдық процестердің арасында ой ең күрделі процесс болып есептеледі. Біз тікелей біле алмайтын зат пен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана танып білеміз. Адамның ой әрекеті, әсіресе абстрактілі ұғымдар жиынтығы болып табылатын тіл заңдылықтарды бір-бірімен байланыстыра отырып түсінуде жақсы көрінеді. Сонда ойлау, логикалық ойлау дегеніміз не ?

А. А. Стипановтың пікірінше: “Ойлау - адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын, олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде, сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс”, 1 -десе, Қ. Б. Жарықбаев: “Ойлау дегеніміз-сыртқы дүние мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі ”, 2 -дейді. Ал Т. Тажібаев: “Ойлау деп ақиқат дүниені өзара барлық байланыс, қатнастармен сәулелендіретін психикалық процесті айтамыз, ”-десе, А. А. Леонтьев логикалық ойлау ұғымына былайша анықтама береді: “Логикалық ойлау дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ұғымдарды, ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі, ” -дейді.

Міне, осылайша, ойлау мен логикалық ойлау сияқты ұғымдарға берілген анықтамалармен таныстық. Ендігі мақсат оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жолдарын айқындау.

Бұл мәселе бойынша көптеген ғалым әдіскерлердің ( В. Н. Решетников, Н. Н. Поспелов, В. Ф. Паламорчук, А. Ф. Обухова, И. А. Гибш, А. В. Ершов, А. З. Редько, В. Н. Руденко, Л. Н. Венгер, Н. Айғабылов, Ж. Сейтахметова т. б. ) пікірлеріне сүйене отырып оқушының логикалық ойлауды дамыту жүйесі белгіленді. Олар:

  1. Ойлау формаларын қалыптастыру:
  • ұғым;
  • пікір;
  • ой қорытындылары.
  1. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру:
  • Талдау;
  • Жинақтау;
  • Салыстыру;
  • Классификациялау;
  • Жалпылау;
  • Нақтылау, т. б.
  1. Ойлау белсенділігі мен өзбеттілігін дамыту:
  • әр түрлі болжам, пікір айта білу;
  • мәселені шешудің тәсілдерін ұсыну.

1. Степанов. А. А., т. б. Жалпы психология. А., 1980, 219-бет

2. Жарықбаев. Қ. Б. Психология. А., 1993, 144-бет.

Тіл дамытумен ой дамытудың диалектикалық байланысы.

Қоғамның ойлы да дарынды адамдарға деген зәрулігін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына жас жеткіншекті ақыл-парасатты, соның негізінде кездескен қиыншылықтан тез жол табуға қабілетті тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.

М. Жұмабаев: “Адам ойлау арқасында ғана заңдардың, көріністердің аралығындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған себептерді табады . Келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Қысқасы, ойлай білетін адам -шын мағанасымен адам.

Ойлау осындай қымбат көрініс болса, әрине, оны өркендету керек. Әсіресе, тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, хұкімді теріс жасауға, қате ой шығаруға үйреніп кетеді. Мұндай болса тар ойлы, соқыр, сенгіш, ырымшыл адам болып шығады ”, -деп, ойлау процесінің адам өміріндегі атқаратын ролін жоғары бағалай отырып, балаға білім - ғылымға жетектей отырып, ақыл -ой тәрбиесін беруді талап етеді. Ол жастарды парасаттылыққа баулуға жалаң уағыздап қана қоймай, ойлауды өркендетудің жолдарын да көрсетеді. Атап айтқанда:

1. Баланың жанында дұрыс әсерленулер һәм ашық суреттеулердің көп болуына иждаһат қылу керек. Әсерленулер, суреттеулер аз болып және дұрыс һәм ашық болмаса, баланың ұғым, хұкім жасауы һәм ой шығаруы қате болады. Ойдың өзінің терең болуы үшін әсерлену һәм суреттенулердің көп һәм ашық болуы керек. Қаншада дегенмен адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір пікірді ұқтырмақшы болсақ, жалаң пікірді айтудың қасиеті жоқ. . Бала пікірді суреттеулердің өзінен шығарып алсын.

2. Бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды, харфтерді бөлу, өсімдіктерді, жануарларды топ-топқа бөлу сықылды.

3. көріністердің, ойлардың араларындағы байламды олардың қайсысының себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже- заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады, 1 - деп, жас жеткіншектерге ақыл -ой тәрбиесін берудің тиімді жолдарын көрсетеді.

А. Байтурсынов: “Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқутуын жақсы білетін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуге

1 Жұмабаев М. Педагогика. А., 1993, 70-71-беттер.

керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар арқылы қалай кіреті жолын білерге керек ”, 1 -деп, ұстазға жас жеткіншекті дене тәрбиесімен бірге интеллектуалдық жақтан да тәрбиелеудің әдіс -тәсілдерін меңгеруді талап етеді.

Балалардың таным процестерін дамытуда мектепте жүргізілетін “ Қазақ тілі ” мен “ Қазақ әдебиеті ” пәндерінің үлесі мол.

Тіл материалдарын небір тиімді әдістермен меңгертуге талпынғанмен, егер бала қабылданатын материалдарды ой елегінен өткізіп, өзіндік ой қорытындысын жасай алмаса, оның бойында тіл ұшқырлығы, ой мен іс әрекеттегі жүйелілік, қиял мен сезімнің ұшқырлығы ерік - жігердің күштілігі сияқты қабілет- қасиеттерді дамыту мүмкін емес.

Баланы жастайынан ақыл -ой өнеріне қалай баулу керек ? Оның жолдары, әдіс - тәсілдері, мазмұны қандай? Қазіргі педагогикалық өзекті мәселелердің бірі осы.

Ойлау - адам таным процестерінің ішіндегі ең күрделі процестің бірі екенін айтқан болатынбыз. Ойлау процесі қалай жүзеге асады? Орыстың ұлы психологі Л. С. Выготскийдің айтуынша, адам сырттай сөйлеудің әсерінен қалыптасқан іштей сөйлеу арқылы ойлау прцесі жүзеге асатынын айтқан болатын. 2 Дәлірек айтқанда, сырттай сөйлеу эгоцентрлік сөйлеуге, бұл іштей сөйлеуге, ал ойлау осы іштей сөйлеудің нәтижесінде өрбиді.

Ойлау мен тілдің органикалық байланысы арқасында ойлау арқылы адамдар өздері тікелей қабылдай алмайтын, көзге ілігер формасы жоқ, ал тіптен сезімдік қабылдауға көнбейтін құбылыстар арасындағы байланыстарды аша алады. 3

Дүниедегі заттар мен құбылыстар, сонымен бірге, тіл біліміндегі заңдылықтар еш уақытта жеке дара кездеспейді. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады, алайда осы байланыс, қарым-қатынастың барлығы бірдей адам санасында сәулелене бермейді. Егер адамның қабылдауы тіл заңдылықтарын жеке-жеке ғана қабылдайтын болса, ойлауда кісі олардың арасындағы қатынас, байланыстарды танып білу қажет. Ақиқат дүниені объективті түрде дұрыс сәулелендіретін ой ғана дұрыс болып шығады. Ондай ойды диалектикалық ой деп атайды.

Ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып, адам бір нәрсені білгісі, сырын ашып, түсінгісі келеді. Мұндай қажеттілік көбінесе адам

1 Байтұрсынов А. Тіл тағлымы . А., 1992, 433-бет.

2 Выготский А. С. Собрание соч. в 6-томах. М., 1982, с. 105

3 Мұқанов М. М. К вопросу генезиса внутренной речи всвязи с трактовкой механизмов мышления и обучения . - В кн. Интеллект и речь. А., 1972, с. 43

бір жаңа заңдылықтармен, түсініксіз жайттармен кездескенде туады.

Ойлаудың басталуына жол ашатын не дегенде? “Сұрақ ” деп жауап беруге болады.

Өйткені, ол ақыл-ойды белгісіз мәселені шешуге бағыттайды. Детерминді, яғни, адамның белгісізді білгісі келу қажеттілінен туатын ой процесі пайда болады.

Ойлау құбылыстар мен заңдылықтар арасындағы тікелей қабылдауға бола қоймайтын байланыстарды, тәуелділіктерді ашуға бағытталғандықтан, оларды талмай іздегенде, яғни адам белсене істеген ақыл-ой әрекетінде аңғарылады. Шешілуі тиіс міндет әрқашанда сөзбен, сұрақпен беріледі. Сондықтан адам әрқашан өзінің нені білмейтінін, нені тауып, ашып анықтауға тиісті екенін біледі. Осындай саналы міндет ойлауға ақыл-ойға қонымды, айқын мақсатқа бағдарлы сипат береді.

Ойлау мен сөйлеу әр түрлі генетикалық тамырларда дамып жетілуіне қарамастан (П. П. Блонский бұл пікірге қарсы шығады), 1 бұл екі күрделі процесс бірлікте болатынын көптеген ғалымдар мойындайды. Л. С. Выготскийдің сөзімен айтқанда, “ в известном пункте обе пересекаются, после чего мышление становится речевым, а речь - интеллектуальной ’’. 2

Сөз бен ойлаудың жалпыламалық сипатқа ие болуы Л. С. Выготскийдің айтқан бұл екі процестің қиысу нүктесі болып табылады. Яғни, ойлау мен сөйлеу бірлікте дамып отырады. Бұл бірлік тілсіз сөйлеу мүмкін емес екндігінен, ойдың дамуынан тілдің шын мәнінде әсерінен де көрінеді. 3 Мұндай әсер, біріншіден, адамдар қарым- қатынас ( сөз, сөйлеу ) барысында ойлау әрекетінің нәтижесі ( түсінік, пікір, ой қорытындысы ) бұл индевиттің басынан екіншісіне көшеді. Ал бұл өз тарапынан ақыл -ой актісінің барысында қоршаған ортадағы шындықты дұрыс тануға алғышарт жасайды. Екіншіден, адам өзінің субьективті пікірін тіл арқылы обьективтендіруге қабілетті болады. Үшіншіден, ең бастысы адам қоғамдық ортамен өзара қатынасқа түсу нәтижесінде сырттай сөйлеу біртіндеп іштей сөйлеудің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Іштей сөйлеу ойдың дамуына ықпал етеді. Сондықтан сөйлеу мен ойлауды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Сөйлеу, сөз біздің саналық болмысымыздың формасы қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Өзара қарым-қатнас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жанжақты таниды. Демек, сөйлеу адамдардың өзіндік сана сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Олай болса, баланың тілі мәдениетінің қалыптасу нәтижесінде ойлауының дамуына мектепте

1 Блонский П. П. Психологтческие произведения. М., 1964, стр. 500

2 Выготский А. С. Собрание соч. в 6-томах. М., 1982, с. 105

3 Бұл да сонда.

жүргізілетін қазақ тілі пәнінің маңызы ерекше.

Олай дейтініміз, М. Жүмабаевтың пікірінше, “бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры,

тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай”. 1

Бүгінгі мектептің негізгі мақсаты- баланы жалпы дамыту. Ал жалпы дамыту деп байқампаздығын, ойлауын және практикалық іс-әрекетті меңгеруін айтамыз. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің дамуы енеді. Демек, қазіргі мектептегі оқу процесі барысында балаға ақыл- ой тәрбиесін беру - басты мақсат. Бұл міндетті іс жүзіне асыруда ана тілінің және тілдік жаттығулардың орны қандай болмақ деген сұрақтың туындайтыны ақиқат. Тіл дамыту мен ой дамыту арасында теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені, бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізү құралы. Яағни ойлау процесі тілдік материалынсыз дамуы мүмкін емес. “ойдың дамуы адамның нақтылы іс- әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білумен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты ”. 2

Мектепке қазақ тілі материалдарын терең меңгерген сайын оқушыларға ұғымдық ойлау формасы біртіндеп қалыптаса бастайды. Міне, сөздік қордың баюы, грамматикалық формаларды меңгеру - тілді дамытудың алғы шарты. Дамыған тіл өз кезегінде ойдың дамып, жетілуіне игі ықпалын тигізетіндігін психолог Н. И. Жинкиннің: «Речь - это канал развития интеллекта чем раньше усвоен язык, тем легче и полнее будет усваиваться знания», деп жазған пікірінен байқауға болады. Жинақталған білім мен фактілер, яғни информация - ойлау материалы. Демек ойдың дамуы сөйлеу мәдениетін меңгерумен де, сөз өнеріне жетілумен де тығыз байланысты.

Оқушының жаңа тілдік материалдарды талапқа сай меңгеруі өте маңызды. Бұл ойлау мен сөйлеудің байланысын қамтамасыз етуге игі ықпал етеді. Мысалы, оқушысы лашын, ителгі, бүркіт, күйкентай, қырғи, ақсұнқар, қаршыға сияқты жыртқыш құстардың атын білгенімен, бірақ бұл құстарды еш уақытта көрмеген және олардың қасиет-белгілерін білмейді. Табиғат жайында құрған әңгімелерінде құс атауларын ешбір қатесіз атағанымен, оқушы санасында бұл ұғымдардың мазмұны болып табылатын белгі-қасиеттер

1 Жұмабаев М. Педагогика. А., 1993, 72-73 беттер

2 Жұмабаев М. Педагогика. А., 1993

бейнеленбеген. Тіл атағанымен, ақыл-ой үнсіз. Егер сөз бен пікір оқушы санасында ешбір

мағынасыз қабылданған болса онда еңбегіміздің еш кеткені. Бос сөзді мылжыңдар тәрбиелегеніміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері
Сана, рух және тіл философиясы
Заттардың табиғаты туралы
Антика мәдениетіндегі философия
Онтология
Философия пәні және оның қоғамдық міндеттері
Философиядағы сана мәселесі
Сана мен бейсана
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz