Геодезия және картографияның дамуы тарихы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: «Геодезия және картографияның дамуы тарихы»

Тексерген : Сейтказина Г. С.

Орындаған: Юсупова Д. Е.

Тобы: ГК-308

Семей 2015 ж.

Мазмұны.

  1. Геодезияның дамуы. Ежелгі замандағы дамуы.
  2. Орта замандағы дамуы.
  3. Ресей Империясының қарамағында дамуы.
  4. Картография.
  5. Картография ғылымының даму тарихы.
  1. Геодезияның дамуы. Ежелгі замандағы дамуы.

Геодезия (грек. ge - жер және daі - бөлемін) - Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын. Жер туралы ғылымдардың бір саласы. Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады.

Геодезияның дамуы. Адам баласының барлык тіршілігі жермен байланысты екені бәрімізге аян. Сол себепті жерді зерттеуге арналған ғылымдардың бірнеше түрлі тараулары бар. Грек тілінде жерді «геоид» дейді, осыған байланысты жерге арналған ғылымдардың көпшілігі осы буынмен басталады: геодезия, геология, геофизика, геоботаника, геомеханика және т. б.

Бүл ғылымдардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және өлшеу мәселесі коғамның даму тарихымен тікелей ұштасып жатады. Қоғам тарихының әр дәуірінде жермен шұғылдану дәрежесі де әр түрлі сатыда болып келді. Адам коғамының даму дәрежесінің өзі сол жер байлығын пайдалана білу тәсіліне тәуелді. Сол себептен жер өлшеу әдістерінің дәрежесі адам қоғамының даму тарихын көрсететін бір айқын дерек болып табылады. Осы айтылғандарға мысал ретінде геодезия мен маркшейдерия ғылымдарының әрбір тарихи кезендерде қандай орын алып келгендігіне қысқаша токталамыз. Жер өлшеу әдістері мен ірі құрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде бірнеше жерлерде бар. Мысалы, біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелері мен каналдарда геодезиялық өлшеулер қолданылған. Ежелгі Мысыр (Мысыр) елінде орасан зор құрылыстар салынған. Ал Мысыр патшаларының өздері тірі кездерінде салғызған пирамидаларының ішіндегі ең үлкені-Хеопс пирамидасының төрт қырының әрқайсысы 230, 13 метрден де, ал бір-бірінен айырмашылығы 2 см-ден аспайды. Мысыр пирамидалары «Әлемнің жеті кереметінің» бірі болып саналады. Мүндай қүрылыстар салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз жүргізілуі мүмкін емес. Біздің заманымыздан IV ғасыр бұрын өмір сүрген фек математигі Евдем «Жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер метрия ғылымын ойлап шығарды», - деп жазды. Жер өлшеу өнерін египеттіктерден үйренген гректер, оны алғашқы кезде «геометрия» деп атады. Геометрия заңдары жер өлшеуде әрдайым қолданылады, барлық ғылымдарға ұстаздық еткен ұлы ғалым-Аристотель өлшеу ғылымын геометриядан бөліп айту үшін оны «геодезия» деп атаған. III ғасырда өмір сүрген фек ғалымы Эратофен градустықөлшеулердің көмегімен жер радиусін аныктаған. Бүдан кейін геодезия Үндістанда, Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Дүние жүзінде осы күнге дейін сақталып қалған ірі құрылыстар қатарында жататындар: Үндістанда-Чанрагута, Қытайда-Ұлы қорған (қабырға), Жапонияда-Тодайдзи, Индонезияда-Боробудудр, Арабияда-Құдыс, Мединә, Бағдат. Кейінгі Ақсақ темір заманынан бастап салынған тамаша қүрылыстар қатарына жататындар: Шахи-Зинда, Тадж-Махал, Қожа-Ахмед Яссауи мавзолейі, Ұлықбек обсерваториясы, т. б.

  1. Орта замандағы дамуы.

Айтылған құрылыстар сол дәуірде жоғарғы дәрежелі мәдениеттің болғанын дәлелдейді. Жоғарғы мәдениеттің қалыптасуына жер өлшеу ғылымы да өзіндік рөл атқара отырып, сол мәдениеттің арқасында өзі де дамып жетілді. Араб мәдениетінің дамыған кезінде Аристотельден кейінгі жүзінде білім мен мәдениеттің «екінші ұстазы» атанған данышпан, энциклопедист, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 ж. ж. ) геодезия ғылымы, геодезиялық оптикалық аспаптар жөнінде өзінің «Ғылымдардың тізбегі» атты еңбегінде былай деген: «Геодезия ғылымы арқылы адамзат алые орналасқан, көз жетпейтін заттардың мөлшерін, шамасын бір затпен екінші заттың арақашықтығын, биіктігін, тендігін, (мысалы: ағаштың, үйдің биіктігін. өзеннің терендігін) анықтауға болады. Кейде қателеспес үшін өлшеулерде әртүрлі оптикалық аспаптар қолданылады» деген. Ал «Алмагеске түсініктеме» атты кітабының «Сфералық астрономия» деген тарауында, астрономия мен география мәселелерін математикалық жолмен шешудің жеңіл эдістерін ұсынады. Мысалы, Айдың радиусін, жер бетінің ендігі мен бойлығы, Ай мен Жердің ара қашықтығын, Айдың паралаксін өлшеулер жайлы Орта Азия мен Шығыстың ұлы ғалымы Абу Райхан Бируни (973-1050 ж. ж. ) үлкен мұра қалдырды. Г. Галилей жасаған көру дүрбісінің (1609 ж) көмегімен жүргізілген геодезиялық өлшеулердің дәлдігі жоғары болды. XVII ғасырда И. Ньютон ашкан бүкіл әлемдік тартылыс заңының көмегімен жердің шар емес, айналу осінің бағыты бойынша сығылған эллипсоида екенін дәлелдейді. Ресейдегі геодезиялык жұмыстар XVIII ғасырда, I Петрдің дэуірінде жүзеге асырылды. 1973 жылы Ресейде Географиялық департамент құрылып, 1758-1765 жылдары орыстың ұлы ғалымы М. В Ломоносов оның жетекшісі болды. Сол кездері геодезистерді дайындайтын оқу орындары ашылып, геодезиялық аспаптар шығарыла бастады. Осы кезде Ресейде теңізде жүзудің, әскери істің және сауданың кең дамуы геодезиялық өлшеулер жүргізіп, карта жасауды талап етті. Осы мақсатпен аз зерттелген аудандарды түсіру үшін арнайы экспедициялар жіберілді. Сол экспедициялардың бірі Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, Қырғыз және Қытай шекараларында топографиялық түсірістер жүргізді.

  1. Ресей Империясының қарамағында дамуы.

Экспедиция карта жасаган атақты ғалым Ш. Уәлиханов Омбыдағы Кадет корпусын бітіріп, жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Шоқан Уэлиханов 1950-52 ж. ж. Омбы қаласындағы әскери оқу орнының студенті бола жүре, Сырымбет тауы мен оның төңірегінің, Көкшетау және Қосмұрын аймақтарының схемалық карталарын, ол 1856 ж. бастап әскери-ғылыми экспедиция қүрамында жүріп, Қазақстан, Ыстық көл, Орталық Тянь-Шянь аймақтарында топографиялык түсірістер жүргізген, сөйтіп, Орталық Азияның картасын, сондай-ақ Қашкариядан Ташкентке дейінгі жердің маршруттық картасын жасаған. Ш. Уәлихановтың география және топография саласындагы елеулі еңбектері жайлы оның 5 томдык шығармалар жинағының 3 - томынан толық мағүлмат алуға болады. XIX гасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жүмыстардың жоғарғы дәрежеде жүргізілуіне коп еңбек сіңірген орыс астрономы және геодезист, Ленинградтагы Пулков обсерваториясының негізін қалаушы В. Я. Струве болды. Геодезиялық қызметтің қарқындап дамуына Кеңес өкіметі кең жол ашты. Геодезиялық ғылыми жұмыстарды жүргізуге арналған геодезиялық орталық ғылыми-зерттеу институттар мен мамандар даярлайтын көптеген оқу орындары ашылды. 1925 жылдан бастап бұрынгы Кеңестер Одагында мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды. Ал қазіргі кезде топографиялық-геодезиялық жүмыстардың және картографияның бүдан әрі дамуына ғарыштық техника үлкен әсер етуде. Келешекте шаруашылыгымыздың қажеттерін жан-жақты қамтамасыз ету, ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асырылмайтынына көз жетіп отыр. Жер пішінінің жаңа өлшемдерін анықтауда, бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің теориясын жасауда және практикага ендіруде Ф. Н. Красовский бастаган орыс галымдары зор еңбек етті. Геодезия мен картография саласының дамуына М. С. Молоденский, А. А. Изотов, А. С. Чеботорев, Н. А. Урмаев, т. б. қосқан еңбектері айтарлықтай.

  1. Картография.

Картография - географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым.

The Tabula Rogeriana, Мұхаммед ал-Ыдырыс Роджер II-ге арнап жасаған, 1154 жыл

Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға - аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.

Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары;

Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;

картографиялық деректер тану (картографиялық деректерді саралау және оларға қатысы бар ғылыми-ақпарат теориясының мәселелері) ;

карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;

карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.

Картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде. комитеның жалпы теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен шұғылданады. Картография теориясының негізгі әдістемесі - картатану. Математикалық Картография картаның математикалық негіздерін зерттейді. Ол картографиялық проекция теориясын әзірлейді, картографиялық тор құрудың әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді. Картаны басып шығару - картаны, атласты, т. б. картографиялық өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту, картаны полиграфиялық безендіруден тұратын техникалық пән. Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы - салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы картографиялық өндірістің дамуын, көне картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді. Картографиялық топонимика - географиялық атаулардың мағыналық мәнін зерттейтін пән. К. салаларын нысанға қарап та жіктейді.

Мысалы, Жер бетін (құрлықтар мен мұхиттарды), планеталық және астрон. картографиялау. Тақырыбына байланысты К. мынадай түрлерге ажыратылады: жалпыгеографиял және топографиялық, тақырыптық (табиғат, халық, шаруашылық, т. б. ), арнайы. Әдісіне қарай жердегі, аэроғарыштағы және су астын картографиялау; масштабына қарай - ірі масштабты, орта масштабты және ұсақ масштабты деп ажыратады.

Картография -бейне белгі моделі, обьектілерді, табиғат құбылыстарын кеңістікке таралу заңдылықтары бойынша зерттеп картаға түсіру. Картографияның өзіндік танымдық обьектілері, олар: материалдық заттар мен құбылыстарының өзара орналасу тәртібінің барлығы; бұл тәртібтің уақытша өзгеруі.

Картографияның танымдылық құралы (пәні) картаға график тілімен түсіру-нақтылы жағдайды бейне белгі моделі бойынша. Картография -карта көмегімен кеңістік пен уақытты тоқтатып, жаңартуға, әр дәуірдің ерекшеліктерін, техниканың даму дәрежесін, қоғамды көрсете алады.

  1. Картография ғылымының даму тарихы.

Алғашқы қоғам адамдарынан бастап қазіргі картографиялық өндіріске дейін географиялық картаның даму жолы өте ұзақ болды. Карталарды жетілдіру процестері одан әрі де жалғасуда.

Картография тарихы мен география ғылымдары арасында тығыз байланыс бар. География тарихы мен карторафия өзара байланысты. Сондықтан оларды жеке қарау немесе екеуінің шекарасын анықтау өте қиын. Географияның басты мақсаты Жерді графикалық түрде көрсету.

Өмір сүріп отырған кеңістіктегі қарапайым картографиялық суреттер (бейнеленулер) алғашқы қауымда жазудан бұрын пайда болған. Мұндай тұжырымға негіз болып жазуды білмеген алғашқы қауымда өмір сүрген халықтардың картографиялық суреттері мысал бола алады (Солтүстік Америкадағы эскимостар, Мұхиттық аралдардағы микронезиялықтар, т. б. ) . Суреттер ағашқа, ағаш қабығына, т. б. қолда бар заттарға салынған. Олар адамдардың жалпы еңбегінде, көшетін жолдары, демалыс орындарын, балық аулау, т. б. іс жүзінде керек сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жасалған.

Картография және географияның ғылыми деректері Ежелгі Грекиядан басталады. Бұған Александр Македонскийдін, (Ескендірдің, б. з. б. IV) жарлығының ықпалы мол болды. Ескендірдің кезінде кең аумақты отарлау мен сауда кеңінен жүрді, ірі географиялық ашылымдар болды. Ежелгі Грекиядағы географиялық ой-өрістің және астрономияның дамуы нәтижесінде Жер шар тәріздес деген ғылыми ұғымы қалыптаса бастады. Мұнда Аристотельдің еңбегі зор болды. Жердің шар тәріздес екендігін алғаш рет дәл өлшеп көрсеткен астроном және географ Эратосфен болды (б. з. б. III ғасыр) . Эратосфен өзінің "География" кітабында сол кезде белгілі болған Жер бетінің бейнесін картаға түсірді. Эратосфен алғаш рет "географиялық бойлық", "географиялық ендік" ұғымдарын енгізіп, оны іс жүзінде пайдаланды.

Ежелгі дүниенің ғылыми картографиясы өзінің кемелденген шегіне грек астрономы, географы және картографы Клавдий Птолемейдің (б. з. І-ІІ ғ. ) тұсында жетті. Ол өзінің “География” еңбегінде сол кезде белгілі болған карта проекцияларының барлығын, оның ішінде конустық және псевдоконустық проекцияларды тыңғылықты баяндап берді. 8000 жуық географиялық объектілердің координаталарын картада көрсетті.

Ежелгі Римде картографияның ерекшелік сипаты тек іс жүзінде пайдалануға болатын бұқара қауымның сұранысын қанағаттандырды. Ол кездегі Рим империясының экономикалық және саяси өмірі шалғайда жатқан провинциялар мен оларға көрші жатқан елдер арасындағы көлік байланысы болды. Сондықтан жол жүргенде пайдалануға болатын жол карталары жиі қолданылды.

Рим империясы құлағаннан кейін оны Европада феодаолизм алмастырды. Сонымен жаңа тарихи ортағасырлық дәуір басталды. Ол V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін созылды. Бұл кезеңдегі негізгі картографиялық өнімдер түріне монастырлық карталар жатты. Олар монастырларда жасалып, құдайға сыйынуға арналған иллюстрациялардан тұрды. Авторлар географиялық шындықты дұрыс көрсетуге талпынбады. Оның негізгі мақсаты дүние туралы түсінікті картада дін арқылы көрсету болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геодезия және картографияның даму тарихы
Топография және геодезия ғылымы
Карта - географиялық заңдылықтарды анықтау құралы
Картографиялық проекциялар және олардың түрлері
Геодезия және оның міндеттері
Картаграфиялық генерализация
Топография мен геодезияның даму тарихы
Карта туралы жалпы тусінік
Қазақстан картографиясын дамытудың перспективасы
Арабтар құрастырған Каспий теңізінің картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz