Вирустық аурулар жайлы ақпарат



1.Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.
2.Вакцина дайындау принциптері.
3.Адьюванттар, иммуномодуляторлар.
4.Құтырық ауруларының диагностикасы және алдын алу.
5.Аусыл ауруларының диагностикасы және алдын алу.
6.Шмалленберг ауруларының диагностикасы және алдын алу.
7.Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың жалпы қағидаларына сай вирустың инфекциялардың профилактикасы да енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундау тәсілдерінен тұрады.
Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі - адам организімінде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.
Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустық АГ- ді енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады. Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады. Оған адамдарға ауру жұғу қаупі төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан аспайды).
Вирустың инфекциялардан қорғану үшін пассивті иммундау – ол қорғанысы жоқ адамдардың организімінде вирустарды бейтараптау және вирустық инфекцияның дамуын тоқтату үшін антивирустық антиденелерді (поликлональды, моноклональді) енгізу. Вирустық инфекциялар кезінде антиденелер вирустың жасушаға енуін тоқтатады, табиғи киллердің антидене тәуелді жасушалық цитотоксиндылығын күшейтеді, өздігінше немесе комплементтің қатысуымен вирусты бейтараптайды. Сондықтан организмге енгізілген вирусспецификалық антиденелер инфицирленбеген жасушаларды ғана қорғау үшін тиімді, яғни олар тек қана жасушалардан тыс немесе жасуша беткейінде орналасқан вирустарға әсер ете алады. Сондықтан, вирустардың жасушаішілік репродукциялануына және олардың бір жасушадан басқаларына таралуына антидене кедергі жасай алмайтындығына байланысты, инфекция ошағы толық жойылмайды.
1.Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. – Алматы.2009 жыл.
2.Мырзабекова Ш.Қ.,Ветеринарлық вирусология. Алматы – 2004 ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу.

Орындаған:Төлеш Т.Қ.
Тексерген:Омарбеков Е.О.

Семей қаласы - 2015 жыл
Жоспар:
1.Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.
2.Вакцина дайындау принциптері.
3.Адьюванттар, иммуномодуляторлар.
4.Құтырық ауруларының диагностикасы және алдын алу.
5.Аусыл ауруларының диагностикасы және алдын алу.
6.Шмалленберг ауруларының диагностикасы және алдын алу.
7.Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу.

Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың жалпы қағидаларына сай вирустың инфекциялардың профилактикасы да енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундау тәсілдерінен тұрады.
Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі - адам организімінде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.
Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустық АГ- ді енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады. Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады. Оған адамдарға ауру жұғу қаупі төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан аспайды).
Вирустың инфекциялардан қорғану үшін пассивті иммундау - ол қорғанысы жоқ адамдардың организімінде вирустарды бейтараптау және вирустық инфекцияның дамуын тоқтату үшін антивирустық антиденелерді (поликлональды, моноклональді) енгізу. Вирустық инфекциялар кезінде антиденелер вирустың жасушаға енуін тоқтатады, табиғи киллердің антидене тәуелді жасушалық цитотоксиндылығын күшейтеді, өздігінше немесе комплементтің қатысуымен вирусты бейтараптайды. Сондықтан организмге енгізілген вирусспецификалық антиденелер инфицирленбеген жасушаларды ғана қорғау үшін тиімді, яғни олар тек қана жасушалардан тыс немесе жасуша беткейінде орналасқан вирустарға әсер ете алады. Сондықтан, вирустардың жасушаішілік репродукциялануына және олардың бір жасушадан басқаларына таралуына антидене кедергі жасай алмайтындығына байланысты, инфекция ошағы толық жойылмайды. АД-дің пиноцитоз жолымен қалыпты жасушалар мен қатар вирус жұққан жасушаларға ену қабілеттілігі бар. Бірақ, жасуша вакуоліне түскен вирус-бейтараптаушы АД вирустық АГ-мен кездесе алмайды, және де онымен байланыса алмайды, өйткені олар плазматикалық мембранамен оқшауланған. Осыған байланысты бұл антиденелер лизосомалдық ферменттердің әсерінен пиноцитоздық вакуольдерде бұзылысқа ұшырайды. АД-ді адамдар мен жануарлар қан сарысуы (плазмасы), нақты вирусқа жоғары титрі бар қалыпты донорлық иммуноглобулин, иммундалған донорлардан алынған спецификалық имундыглобулин құрамында немесе моноклональды түрінде енгізуге болады.АД- мен иммундаудың басты жетістігі сол- бірден иммунитеттік жағдай жасауға мүмкіндік береді, ол 1-6 аптаға созылады.Адамдардан алынған кейбір АД-дің (IgG) организмнен жартылай бөлініп шығу кезеңі 30 күндей, сондықтан 3 ай бойы пассивті қорғанысты қамтамасыз ете алады. АД уыттылығы жоқ табиғи өнім, агрегирленбейді және иесінің тіндерімен реакцияға түспейді. Вакциналар мен АД- ді қатар енгізу бірден пайда болатын және ұзаққа созылатын иммунитет қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мысалы, осындай тәсіл кенелі энцефалиттің профилактикасы үшін пайдаланылады. Пассивті антиденлерді әдетте көктамыр ішіне немесе бұлшықетке енгізу әдісі қолданылады. Пассивті иммундауды қайталап жүргізу иммунитетті күшейтпейді және жиі асқынулар болуы ықтимал.
Қалыпты иммундыглобулиндер- адамның қан сарысуынан бөлініп алынған, тазартылған және этил спиртімен өңдеу тәсілімен концентрацияланған иммунды белсенділігі бар ақуыздық фракциялар болып табылады. Иммундыглобулиндер сериясын дайындау үшін 1000- нан кем емес дені сау иммунизацияланбаған донорлардың плазмасын пайдаланады. Ақуыздардың концентрациясы 9,5- нан 10,5%-ға дейін болады. Препараттың құрамында консерванттар және антибиотиктер, адам иммундытапшылық вирустарына (АИВ-1, АИВ-2), гепатит С вирусына, гепатит В- нің беткейлік АГ-не қарсы АД-лер болмауы керек. Адамның қалыпты иммундыглобулиндерінің әсер етуші факторы- белсенділік қабілеттілігі бар полиспецификалық иммундыглобулиндер болып табылады. АД-ің максимальды концентрациясы қанда 24-48 сағаттан кейін байқалады,олардың организмнен жартылай бөлініп шығу мерзімі - 3-4 апта. Препарат организмнің резистенттілігін жоғарылатып, бейспецификалық белсенділік әсерін тигізеді
Адамның қалыпты иммундыглобулиндерін біріншілік және екіншілік иммунды тапшылық пайда болатын инфекцияларды; салмағы аз, мезгілінен ерте туылған нәрестелерде өте ауыр өтетін бактериялық және вирустық инфекцияларды; цитостатиктер мен иммундыдепрессанттар қолданған кезде емдеу және профилактикалық мақсатта пайдаланады. Қалыпты иммундыглобулиндерді енгізу белсенді иммундаудың тиімділігін төменднтуі мүмкін. Сондықтан иммундыглобулиндер енгізгеннен кейін ең болмағанда 30 күн бойы вирусқа қарсы қолданылатын парентеральдық тірі вакциналарды пайдаланбаған жөн. Адам иммундыглобулиндеріне сезімталдығы жоғары, әсіресе Ig А тапшылығы бар, науқастарға иммундыглобулин енгізуге болмайды. Дайын АД-лерді(иммундыглобулиндерді) енгізгеннен кейін жанама реакциялар байқалуы мүмкін: бас ауруы, лоқсу, бас айналуы, құсу, ішінің ауруы, артериялық гипо- немесе гипертензия, тахикардия, цианоз, демікпе, кеудесінде қысылу немесе ауырсыну аллергиялық реакциялар.
2. Ең алғаш 1796 жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.
Вирустық вакциналар көп компонентті және көп сатылы технологиялы болғандықтан GMP негізгі принциптерін сақтай алатын мекемелер ғана өндіре алады. Вакциналар өндірісіне қажетті қондырғылармен жабдықталған арнайы технологиялық бағыт қажет. Вакциналар өндірісі ағымындағы әр сатысының ұнемді өлшемдері мен реттелуін қосатын автоматтандырылған бақылау мен технологиялық процесі реттелуі маңызды. Вакцина алуының барлық сатыларында стерильдігі мұқият сақталуы тиісті. Басқа микрофлорамен ластануы сырттай (ауа, қондырғылар, қызметкерлер) және іштей дамуына (вакциналық штамды дақылдандыруына арналған қоректік орталарды дайындауына стандартты субстрат қолдану; вирустарды дақылдандыруына қажетті мамандырылған шаруашылықтарда бапталатын дені сау жануарлар мен құстардан алынған жануарлар текті тіндер мен клеткаларды, тауық эмбрионың қолдану) тосқауыл қойылады.
Вакциналар өндірісінде технологияны мұқият сақтау, стандартты әдістемелер, шикі заттар мен реактивтер қолдануы аса маңызды. Өндірісте қолданатын химиялық заттар халықаралық немесе ұлттық фармакопея талаптарына жауап беру және кіру бақылаудан өтуі керек. БДСҰ талаптарына сәйкес вакциналардың барлық өндіру сатысында пенициллин және басқа бета-лактамды антибиотиктер қолдануына тиым салынған. Басқа антибиотиктер қолдануына шектеулі рұқсат берілгенімен ақырғы өнімде олардың саны өте аз болуға тиісті. Вакциналар дайындау үрдісіне олардың сапасына зиянды мұқтаж келтірмейтін және егілетін организмге кері әсерін көрсетпейтін ерітушілер, тұрақтандырушылар және консерванттар қолданылады. Тасымалдау және сақтауда салқындық тізбек талаптары орындалуы тиісті, яғни вакцинаны өндіретін мекемеден бастап вакцина қабылдайтынға дейінгі жолда медициналық иммунды биологиялық препараттар сақталуы және тасымалдануында тұрақты тиімді температуралық режим тәртібі мұқият сақталынады.Сапасыз вакцина өндірісі, сақталу және тасымалдану талаптары бұзылған жағдайда, адамға вакцинаны егу техникасын бұзғанда, аллергия егілетін адамда вакцина егуден кейінгі асқынулар тудырады.
Тірі, инактивацияланған, суббірліктік вакциналық препараттар өндірісі технологиясында алдымен ферментация жолымен микроорганизмдер биомассасын жинақтап алады, оның көлемі өндірістік масштабта вакцина дайындауға қажетті микробты антигендер көлемі жеткілікті болуға тиісті.
ДНҚ-вакциналар өндірісіне иммуноген-протеин синтезін кодтайтын масштабты ДНҚ амплификациясы қажет.
Жасанды, пептидті вакциналар өндіруіне субстрат ретінде жеткілікті көлемде әртүрлі аминқышқылдар және олардың туындылары керек. Гендік-инженерлік вакциналар рекомбинантты ДНҚ технология негізінде дайындалынады. Модификацияланған микроорганизмдердің биомассасы ферментациялық технологиямен жинақталынады.
Тірі және инактивацияланған вакциналар өндірісінде алдымен егу материалы және дақылдандыру ортасы дайындалынады. Вакциналық штамның биомассасы биореакторларда тереңдік ферментация әдісімен (бактериялар, ашытқылар) немесе беткейлік әдіспен тығыз қоректік орталар бетінде (мицеллалы саңырауқұлақтар). Басқа микрофлора, фагтар ластануын шектеу үшін процестер қатал асептикалық жағдайда өткізіледі. Тірі вакцина дайындалуында аттенуацияланған штамның биомассасын концентрациялайды, бірлік көлемде микроорганизмдер санын стандарттайды, тұрақтандырушы қоректік ортада лиофилизациясы атқарылады да ампула немесе флакондарға ұлестіреді. Лиофилизацияланған тірі вакциналардың сақталу мерзімі 4-80 С 1-2 жыл.
Инактивацияланған вакциналарды өндеуде микроорганизмдерді концентрациялайды, бірлік көлемде микроорганизмдер санын стандарттайды, инактивациялайды. Әрі қарай лиофилизация, ампула немесе флакондарға ұлестіреді, сақтайды.
3.Иммундық жүйенің ісіне әсер ететін заттарды иммуномодуляторлар деп атайды. Олар экзогендік және эндогендік болып бөлінеді.
Экзогендік иммуномодуляторлардың қатарына иммундық жұйені белесендіруші, немесе тежеуші әсер ететін химиялық табиғаты және шығу тегі әр түрлі бөгде заттар жатады. Экзогендік иммуномодуляторларға әртүрлі адъюванттар, химиялық заттар, немесе синтетикалық жолмен алынған химиялық, физикалық әсер етушілер (радиация, климаттық факторлар) жатады.
Эндогендік иммуномодуляторларға ағзаның өзі, оның иммундыкомпетентті жасушалары және тағы басқаларымен өндіріліп шығарылып, иммундыжауапты жасушаларды белесен-діріп, олардың өсуін және атқаратын ісін үдететін көлемді топты олигопептидтер жатады.
Эндогендік иммуномодуляторларға - реттеуші пептидтер, (интерлейкиндер, интерферондар, миелопептидтер,тимустың пептидтері - тактивин, тимозин, тимопоэтин, хемокиндер) жатады. Иммуномодуляторладың иммундық жүйеге екі түрлі әсер тигізуі мүмкін - белсендіру, не супрессиялау. Ол әсер спецификалық, немесе бейспецификалық болып иммундық жүйенің жеке бөліктерін белсендіруге, не тежеуге бағытталады.
Адьюванттар( көмекші, ықпал етуші) - иммуногенезді (иммунитетің даму процесіне) әдеттен тыс сергітетін заттар (ланолин, сапонин, минералдық май, алюминий гидрототығы).
Иммунды белсендіру қасиет адъюванттарда (сорбенттар, полимерлер, полисаха-ридтер, ЛПС, БЦЖ - дан алынған қосынды -Фрейнд адъюванты) және басқа бактериялық (продигиозан, сальмазан,мурамилдипептид) заттарда; көптеген химиялық қосындыларда (левамизобетал, циклоспорин, циметеидин), сонымен қатар иммундыцитокиндерде (интерлейкиндер, интерферондар, тимустың пептидтері, миелопептидтар т.б.) болады.
Иммунды супрессия әсері - цитостатистіктерде, пуриннің антагонистерінде (6-меркаптопурин), амин қышқылдарында, ферменттерде және де кортикостероидтарда, антилимфоцитарлық сарысуда, иммунды жауапты жасушалардың рецепторларына қарсы моноклоналды антиденелерде, сәулендірілуде (рентген сәулесі, гамма-сәулелену т.б.) болады.
Иммундымодуляторлар әр түрлі шығу тегі бар біріншілік және екіншілік иммунды тапшылықтарда, қатерлі ісік ауруларында, орган мен тін ауыстырғанда, иммундыпатологиялық және аллергиялық ауруларды емдегенде және жұқпалы аурулардың алдын алғанда, емдегенде кең колданылады.Сол үшін иммундымодуляторлық әсері бар неше түрлі препараттар жасалған. Оларға интерферон препараттары (альфа,бета,гамма), лейкоферин, рекомибинанттық реаферон, виферон жатады. Интерлейкиндердің негізінде гендіқ инженерия әдісімен алынған интерлейкин-1, бета лейкин, ИЛ-2, -3, -6 т.б. жатады. Сол әдіспен айырша безден алынған пептидтердің негізінде такативин, тимозин,титулин, тимопоэтин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфекциялық және жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар
Вирусты гепатит туралы жалпы мәлімет
Медициналық қалдықтарды басқару
Тыныс жолдары арқылы тарайтын ауру қоздырғыштарының биологиясын (грипп, қызылша)
Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитарилық талаптар
Вирусологиялық зертхана персоналдары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері жайлы
Бауыр цирозы
Молекулярлық биология мен медициналық генетика
Иммунитеттің әлсіреу себептері
Пәндер