Шет тілдеріне оқытудың инновациялық әдістері жайлы



1. Шетел тілін оқытуда үздік технологияны қолдану
2. Шетел тілін оқытуда компьютерлік технологияны қолдану
3. Шет тілдеріне оқытудың инновациялық әдістері.
4. Пайдаланған әдебиеттер
Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады. «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» түсініктемеде: «Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген.
Жаңаша технологиялардың бірі — ол педагогикалық — әдістемелік үрдісіне К.Ф.Шаталовтың әдісі деп енген тірек сызба белгілерін сабақта қолдану оқытушылырдың көпшілігінен қолдау тауып, оқыту үрдісіне кеңінен алады.
М.Монтессоридің өздігінен даму технологиясы алдыңғы мақсаты — баланы (біздің жағдайда — студенттерді) жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, студент санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.
Өткен ғасырдың 30-жылдары Американ, ал 60-жылдары білім беру мен оқытудың саралық (дифференциясының) үрдісі кезінен етек алды. Бұл үрдіс бүгінгі таңда Қазақстанның оқу ордаларына да келіп жетті.Студенттердің бейімділігін, қызығуын, үлгерімін саралап оқыту қазіргі оқу ордаларының даму бағытына айналып отыр. Германияда топқа бөлу ЖОТ (Ж) жоғарғы, орташа (0, төменгі) топтарға сәйкес әр түрлі бағдарлар жасайды.
Саралап оқытудың басты бағытының бірі – толықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен студенььерге қосымша, педагогикалық күш жүктеу.
Саралай оқыту 2 кезеңнен тұрады:
1. Дайындық кезең.
2. Негізгі кезең.
Дайындық кезеңінің басты міндеттерінің бірі – шәкірттер ішінен талапты, дарындыларды тану, олардың қабілеттерін де есептеу, білімге құштарлығын қанағаттандыруға белсенділігін арттыру.Негізгі кезең студентті ынталандырылған тақырыптағы қажеттілерін тереңдете оқытуға назар аудару.
Сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған оқыту технологияларының бірі — М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы болып саналады.
1. Азимов Э.Г., Вильшинецкая Е.Н Материялы Интернета на уроке английского языка // Иностранные языки в школе. -2001. — №1.
2. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз: ТарМУ, 2003.
3. Көшкімбетова С.А., Кенжебаев Т.К. Мектептің оқу тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру жолдары. — Тараз университеті, 2004.
4. Карпова А.С. Интернет в подготовке будущих учителей иностранного языка // Иностранные языки в школе.- 2002. — №4.
5. Кузьмичева Т.Н. Технические средства в обучений английскому языку. — М. «Просвещение», 2001.
6. Howatt A.P.R. Programmed learning and the language teacher. — London, 1999.
Кадырова Г. М. Шетел тілін оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың артықшылықтары [Текст] / Г. М. Кадырова, А. Е. Туребаева, Г. Егизбайкызы // Молодой ученый. — 2015. — №8.1. — С. 37-39.
7. Қазақстан Республикасының Президентінің 2011жыл 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы.
8. Қазақстан мектебі 2002жыл №3 және№10
9. Ағылшын тілі мектепте 2010жыл №1 және 2009жыл №1
10. Хабаршы 2009 жыл №1

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемілекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Шет тілдеріне оқытудың инновациялық әдістері.

.

Орындаған:Иманбаева М.Е.
Тобы:Қ-317с
Тексерген: Мұқанова Қ.Қ

Семей 2015

Жоспар
1. Шетел тілін оқытуда үздік технологияны қолдану
2. Шетел тілін оқытуда компьютерлік технологияны қолдану
3. Шет тілдеріне оқытудың инновациялық әдістері.
4. Пайдаланған әдебиеттер

Шетел тілін оқытуда үздік технологияны қолдану

Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады. ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына түсініктемеде: Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады делінген.
Жаңаша технологиялардың бірі -- ол педагогикалық -- әдістемелік үрдісіне К.Ф.Шаталовтың әдісі деп енген тірек сызба белгілерін сабақта қолдану оқытушылырдың көпшілігінен қолдау тауып, оқыту үрдісіне кеңінен алады.
М.Монтессоридің өздігінен даму технологиясы алдыңғы мақсаты -- баланы (біздің жағдайда -- студенттерді) жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, студент санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.
Өткен ғасырдың 30-жылдары Американ, ал 60-жылдары білім беру мен оқытудың саралық (дифференциясының) үрдісі кезінен етек алды. Бұл үрдіс бүгінгі таңда Қазақстанның оқу ордаларына да келіп жетті. Студенттердің бейімділігін, қызығуын, үлгерімін саралап оқыту қазіргі оқу ордаларының даму бағытына айналып отыр. Германияда топқа бөлу ЖОТ (Ж) жоғарғы, орташа (0, төменгі) топтарға сәйкес әр түрлі бағдарлар жасайды.
Саралап оқытудың басты бағытының бірі - толықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен студенььерге қосымша, педагогикалық күш жүктеу.
Саралай оқыту 2 кезеңнен тұрады:
1. Дайындық кезең.
2. Негізгі кезең.
Дайындық кезеңінің басты міндеттерінің бірі - шәкірттер ішінен талапты, дарындыларды тану, олардың қабілеттерін де есептеу, білімге құштарлығын қанағаттандыруға белсенділігін арттыру.Негізгі кезең студентті ынталандырылған тақырыптағы қажеттілерін тереңдете оқытуға назар аудару.
Сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған оқыту технологияларының бірі -- М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы болып саналады.
Шетел тілдерді оқыту барысында модульдік технологияны қолданудың кең мүмкіндігі туады. Тіптен, тұтастай пәнді осы технология бойынша жүргізуге болады. Модульдік оқыту технологиясымен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес, балаларды оқыту ғана емес тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогті қарым-қатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі мен мұғалімнің жұмысына кейбір өзгерістер туғызады. Біріншіден, оқушы таным процесінің объектісіне емес, субъектісіне, мұғалім: білім мен ақпараттың көзіне емес, оқудың ұйымдастырушысының, яғни дирижерына айналады. Екіншіден, мұғалім сабаққа алдын ала зерттеу жасап, уақыттың көпшілігін сабақты даярлауға жұмсайды да, сабақ барысында тек бақылаушы, үйлестіруші функциясын атқарады.
Оқып үйреніп отырған тілдегі ұлы адамдардың шығармаларымен танысу, білім алушылардың бойында сол тілге деген қызығушылығын молайта түседі. Ал, сол шығармалармен танысу барысында ұйымдастырылатын жұмыс түрлері мұғалімнің жеке шығармашылық ізденістерімен ұштасып жатса, алар нәтиже мол болмақ.. Мысал ретінде неміс тілі сабағында немістің ұлы ақыны Г.Гейненің "Fichtenbaum" өлеңімен жүргізілген жұмыс түрлеріне тоқталмақпыз.
1. Шырша мен пальмаға қатысты неміс тілінде баламалар табу Тақырып тақтаға жазылған соң, өлеңнің арқауы болған шырша мен пальмаға қатысты баламаларды жиыстырамыз (суреттері тақтаға кішілеу етіп салынып, айналдыра ассосациалар жазылады)- ассосациялық әдіс. Бұл кезеңде өлеңге қатысссыз шырша мен пальма жайлы білім алушының өз ұғымы пайдаланылады.
Das Morgenland
Ein Fichtenbaum steht einsam
Im Norden auf kahler Hoeh.
Ihn schlaefert; mit weisser Decke
Umhuellen ihn Eis und Schnee.
Er traeumt von einer Palme,
Die, fern im Morgenland,
Einsam und schweigend trauert
Auf brennender Felsenwand.
Heinrich Heine
2.Өзіндік диктант
Бұл тапсырмада оқушылар тақтада екі топқа (А,В) бөлініп жазылған парақтағы ілулі өлеңді бір-біріне дауыстап оқып, диктант түрінде жазады. Мысалы; бір оқушы тақтаға жүгіріп барып өлең жолын оқып алып (А бөлігін), келіп көршісіне оқи отырып өзі де жазады. Қаншалықты қажет болса, соншалықты тақтаға жүгіріп барып, оқып келеді де, көршісіне айта отырып жазады. Тыныс белгілер мен бас әріппін жазылатын жерлерді айтуға болады. Өлеңнің екінші бөлігін көрші оқушы тақтаға барып жүріп дауыстап оқып келе отырып жазады. Бұл тапсырманы екеу аралық жұмыс ретінде жүргіземіз (жұптық әдіс). Өлең жазылып болған соң, кітапты ашып, бірге қателерді тексереміз.
3.Өлеңді талдау
Бұл тапсырмада оқушылар сұраққа жауап бере отырып, өлеңге талдау жасайды, яғни; автордың не айтқысы келгенін ашады, өлеңнің астарында жатқан оқиғаны түсінуге қол жеткізеді. Сұрақтар легі мыналар:
-Өлеңде шырша мен пальмаға қандай сөздер мен сөз тіркестері арқылы мінездеме берілген?;
-- Eкеуіне ортақ баламалар қайсы?;
-- Екеуінің айырмашылығын қандай сөздер білдіріп тұр?;
-- Бұл екеуі қандай қарым-қатынаста?;
-- Екеуі бірге бола ала ма?
4.Өлеңді үнтаспадан тыңдау. Бұл тапсырмада оқушылар үнтаспадан өлеңді тыңдап, айтылу ерекшеліктерін меңгереміз.
5.Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушылар жай дауыспен өлеңді мәнерлеп оқуға үйренеді. Дайындары топ алдында өлеңді мәнерлеп оқиды.
6.Өлең құрастыру. Бұл шығармашылық тапсырмада Гейненің өлеңінің құрылымын басшылыққа ала отырып, осы сарында өлең құрастыру керек. Бұл тапсырма оқушының сөздерді қолдану аясын кеңейте отырып, оларды шығармашылық деңгейге көтереді.
7. Диалог құрастыру.
Бұл тапсырмада оқушылар пальма мен шырша арасындағы диалогты құрастырады.
Үй тапсырмасы ретінде пальма (қыз), шырша (жігіт) арасындағы махаббат хикаясын жазып келуге тапсыруға болады.
Осы жолмен неміс ақындарының басқа да өлеңдерін талдауға болады.

Шетел тілін оқытуда компьютерлік технологияны қолдану

Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды [1, 96].
Оқытудағы аса жаңа ақпараттық технологиялар алдыңғы қатарлы университеттер мен институттардың ғылыми және білім беру потенциалын белсендірек пайдалануға қашықтан оқыту курстарын құруға ең үздік оқытушыларды тартуға, үйренушілер аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Оқытудың басқа құралдарымен салыстырғанда дидактикалық артықшылықтары болып табылады: полифункционалдылық, интерактивтілік, диалогтық өзара әрекеттестік, жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарының мүмкін режимдерінің алуандығы. Оқыту құралы ретінде компьютер барлық артықшылықтарлы іске асыруға қабілетті. Сонымен бірге оқыту процесінде компьютерді пайдалану техникалық құрылғыларға қойылатын талаптармен реттелген, және белгілі бір қағидаларға сәйкес келуге тиіс. Компьютерлік лингводидактикада пайдаланудың келесі қағидалары релевантты болып табылады:
· келісімділік;
· қажеттілік;
· ақпараттылық;
· сенімділік;
Келісімділік қағидасы:
Оқыту мазмұнына, мақсаттары мен кезеңдеріне, пайдаланушылардың жастық ерекшеліктеріне, сондай-ақ қолданылатын оқыту әдістемесіне байланысты пайдалану жағдайларын нақты анықтауды ұйғарады.
Қажеттілік қағидасы:
Егер қандай да бір параметр бойынша оқу процесінің тиімділігін арттыруға, атап айтқанда: материалды меңгеру жылдамдығын жеделдетуге, сөйлеу қызметін белсендіруге, көбірек ұтымды тәсілмен оқу мақсатына жетуге, оқытушының немесе оқушының жұмысын жеңілдетуге, оқу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Ақпараттылық қағидасы:
ДК пайдаланушыға аса қысқа уақыт ішінде көп ақпарат алуға мүмкіндік беретіндіктен, оқу процесін анықтамалық -- ақпараттық қамтамасыз ету құралы ретінде компьютердің артықшылықтарын ашады. Оның үстіне, компьютер шет тілін оқытудың ақпараттық - сөйлеу сипатына бәрінен көбірек сәйкес келеді.
Сенімділік қағидасы:
Оқыту үшін әрбір компьютерлік бағдарламасын тәжірибелік тексеруді жүргізу қажеттілігіне, сондай-ақ дидактиканы қолданумен сабаққа ұйымдастырушылық дайындық кезеңінің барын көрсетеді [3, 112].
Компьютер шет тілдері оқытушыларына бірнеше көмек көрсете алады.
Жаңа жағдайларда оқытушы дәстүрлі оқу құралдарын ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілдеріне оқытудың инновациялық әдістері
Шетел тілдеріне оқытудың құралдары
Вербалды қарым - қатынас
ЭТИМОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Әдістің оқыту жағдайына байланысты еместігі
Шет тілін оқытуға арналған түпнұсқалық материалдардың рөлі
Оқушыларды ағылшын тілі сабағында оқыту процесіндегі коммуникативті сөйлеу қабілеттерін дамытудың мәні
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
Ағылшын тілі сабағында практикалық грамматиканы үйретуде ойын түрлерін ұйымдастырудың мазмұны мен әдістері
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативті сөйлеуге үйрету
Пәндер