Өзін - өзі басқарудағы реформалар және оны жетілдіру жолдары


Ө зін - өзі басқарудағы реформалар және оны жетілдіру жолдары
Кіріспе
І . Жергілікті өзін -өзі басқарудың ғылыми негізі.
1. 1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негіздері 4
1. 2 ҚР -дағы аймақтық және жергілікті басқарудың ерекшеліктері 8
1. 3 Орталықсыздандыру теориясынан іске көшу Қазақстан жағдайында 14
ІІ . Жергілікті өзін -өзі басқаруға талдау және оның шетелдік тәжірибесі.
2. 1 Шет елдердегі жергілікті өзін - өзі басқарудың тәжірибесі 19
2. 2 Қазақстандағы жергілікті өзін - өзі басқару және оның даму жолдары 25
2. 3 ҚР әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың саяси өзара іс-қимылдарын жетілдіру 29
ІІІ . Қазақстандағы әкімшілік реформалау аясында, жергілікті өзін -өзі басқару жүйесін қалыптастыру және жаңарту
3. 1 Қазақстандағы жергілікті деңгейдегі әкімшілік реформалау жағдайындағы өкілетті және атқарушы органдардың өзара іс - қимылы 40
3. 2 Қазіргі Қазақстандағы жергілікті өзін - өзі басқару жолдары және азаматтық дамуды жетілдіру 47
Қорытынды 56
Қолданылған әдебиеттер 59
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, демократиялық, қоғам құруға бел байлаған күннен бастап, жаңа мемлекеттік кұрыльшның түрлерін енгізу міндеті күн тәртібінде тұрды. Халықтық биліктің, азаматтық қоғамның алғашқы баспалдағы болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің соңғы Конституциядан орын алудың өзі осының айғағы.
Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі Қазақртан үшін, қазақ, халқы үшін мүлдем жана, жат құбылыс деп айтуға болмайды. Атам заманнан бері әр ауыл, әрбір аймақ езінің ішкі мәселесін өздері шешкен, оған хан да, сұлтан да араласпаған. Белгілі бір қауымның (ата, ру) ішкі жұмысын былай қойғанда, ауыл арасьндағы, ата-ру арасындағы кикілжіңдер, талас-тартыстар ауыл ақсақалдарынан артылса ара биге жүгінумен, соның билігімен аяқталған. Орталық, мемлекетгік билік болып табылатын - Хан билігі жергілікті мәселелерді шешуге ешқашан араласпайтын. Ханның жұмысы - елдің саяси бағьыты, көрші елдермеи қарым-қатынас, соғыс пен бітім жасау, мемлекеттік алым-салық, қысқасы, ұлттық өмірдің негізгі бағытын белгілеу болып табылады.
Ұлтымыздың өзін-өзі басқару дәстүрінің тағы бір көрінісі - асар болып табылады, Жалғыз-жарым жанның қолынан келе бермейтін (жора-жолдастарының көмегімен де жүзеге асуы екіталай) көптеген адамдардың бір мезгілде, жұмыла жұмыс жасауын талап ететін кезеңде асар жасалынады. Әсіресе үй салғанда сол үйдің төбесін жабуға келгенде асарға шақырып, қауымның көмегіне сүйенеді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80 жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай -ақ Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама қайшылығын үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей берекет пайдалануына мүмкіндік береді, мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырады. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Кеңестік жүйенің күйреуі алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру, талондық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады.
Демократияның аяқталатын жері болмаса да, басталу нүктесінің болуын ешкім жоққа пшғармайды. Бұл - халық билігіне деген сенім және демократиялық жүйенің негізгі принциптерін түсініп білу. Екіншіден, Демократия - абстракты ұғым, буалдыр бір елес емес, нақты тетігі бар, бірімен-бірі тығыз байланыста болатын жүйелер бірлігі. Демократияны - халық билігі дейміз. Демек оның бірінші баспалдағы, бастауы - жергілікті өзін-өзі басқару болып табылатынын дәделдеп жату артық болар. Өздерінің өмір сүріп отырған жерлерінде өздерін билей алмаған халық калайша мемлекетті билемек?
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің түрі де, тетіктері де әр түрлі. Әр ел өздерінің тарихи, экономикалық идеологиялық ерекшеліктеріне сай бұл мәселені түрліше шешеді. Дегенмен барлығына бірдсй негізгі принциптер де бар. Олар, біріншіден, жергілікті жердің ішкі ісіне мемлекетггің араласа алмауы, екіншіден, жергілікті жердің басшыларын сол территорияның тұрғындарының сайлап қоятындығы.
Өмірдің барлық, саласына бақылау қойып, алақандарында ұстаған билік орындары жергілікті жердің мәселесін шешуді де халыққа бергісі келмеді. Жергілікті өкілді орган - мәслихат (бұрынғы - Кеңес депутаттары) - халық, билігі ретінде қалғанымен, шын мәніндегі билік тұткқасы ауылдарда - совхоз директорларында болса, аудандарда - аудандық партия комитеттерінің қолында болды.
І . Жергілікті өзін -өзі басқарудың ғылыми негіздері
1. 1 Қазақстандағы жергілікті өзін -өзі басқарудың теориялық
негіздері
Республика экономикасын басқару жүйесінің әдістемелік негіздерінің бірі болып- осы тұжырымдамасы берілген, өзін-өзі басқаруға көшудің теориялық алғы шарттарының жүйесі саналады. Құрылымы бойынша ол он бес бөлімнен тұрады, оларды стратегиялық мақсаттар, меншікке қатынас, қаржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық саясат, микродеңгейде жоспарлау, ғылыми техникалық прогресті басқару, инвестициялар, табиғатты пайдалану және басқалары кіреді. Жергілікті ресурстарды пайдалануда аймақтардың құқығын кеңейту негізінде және осы арқылы халықтың өмір сүру сапасы қамтамасыз ете отырып, көздеген мақсаттарға жетуге рұқсат етілген. Тұжырымдаманың теориялық қана емес, сондай-ақ тәжрибелік мәні бар.
Тұжырымдамада анықталғандай Республиканың өзін-өзі басқару қағидасына өтудің басты мақсаты ретінде экономикалық дамуды жеделдету. және аймақтардың ресурстарды қолданудағы құқықтарын дамыту болып табылады. Сондай-ақ тұжырымдамада басқарудың стратегиялық мақсаты, халықтың өмірлік деңгейін қамтамасыз етуді анықтаған. Аталмыш тұжырымдаманы нақтылы іске асыру басқару саласында өзекті мәселе екенін басшылыққа ала отырып, елімізде екі заң жобалары ұсынылды: біріншісі- "Қазақстан республикасындағы жергілікті Мемлекеттік басқару туралы", екіншісі- "Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару туралы". Бұл құжаттар көптен күткен, әлеуметтік-экономикалық басқаруды одан әрі қарай жетілдіретін әдістемелік негіздердің бірі деп ұғынғаны дұрыс. Бірінші заң Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзретін, қызметтің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихат депутаттарының құқықтық
жағдайын белгіледі. Заңда бірқатар анықтамалар берген. Мысалы: жергілікті мемлекеттік басқару -жергілікті өкілді және атқарушы органдар осы заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленген құзірет шегінде тиімті аймақта мемлекеттік саясатты жүргізу және оны дамыту мақсатында жүзеге асырылатын әрі тиісті аймақтағы істің жай күйіне жауапты қызмет. Сонымен бірге өзін-өзі қаржыландыру мәселесі де қарастырылған. Заңның үшінші бабында деп жазылған: жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін: жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік құрайды.
Басқару тұрғысынан алғанда маслихаттардың құзыреттері орынды
көрсетілген. Оған дәлел: заңда жазылғандай мәслихаттардың құзыретіне
тиісті аймақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуын
бақылануы.
Ұғыну барысында екі заңның айырмашылығын білу өте кажет. Біріншісі, Заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы болса, екіншісі, жергілікті өзін-өзі . басқару туралы. Соңғысы, жергілікті басқару органдарына емін-еркін бостандық беру негізі. Әрине заңдылық шеңберінде.
Қазақстан Республикасы "Жергілікті өзін-өзі басқару" заңында мынадай анықтама берілген: "Жергілікті өзін -өзі басқару деп - Қазақстан Республикасының коститутциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселеелрді шешу жөнінде аймақтық құрылымдар халық қызметін дербес тұрғыда жүзеге асыратын халық билігін жүзеге асырудың нысаны ұғынылады". Заңның ұтымды жағдайларының бірі өзін-өзі басқарудағы өзекті мәселеелрдің жергілікті қаржыландыру туралы. Жергілікті қауымдастықтың кірістері келесідей: жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттан; жергілікті қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және оларға тиесілі мүлікті жалға тапсырудан алынған жергілікті қауымдастық кірістерінен; жергілікті халықтың өз еркімен салык төлеуі нәтижесінде алынған кірістердің; заңды және жеке тұлғалардың ерікті қайырылымдық қорларынан; заңмен тиым салынбаған өзге де көздерден, экономикасы мемлекеттік реттеудің субьектісі болып табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде аса маңызды өзіндік қаржы несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджет қалыптасуы, салық және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінің негізін қүрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл қағидалар тек саяси әлеуметтік мәнге ие болып кана қоймай, Қазақстандағы менеджметтің ұйымдастырушылық бастамасына да тікелей қатысты.
Басқару обьектілерінде жүргізіліп жатқан терең де сапалы өзгерістер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп соғады. Әрдайым даму мен жетілу үстінде болатын басқару обьектісін бұрынгы қалыптағы әдіске салуға болмайды. Керісінше, әдістер өзгертіліп отырған экономикалық міндеттерге сәйкестендірілуі тиіс. Ол бір жағынан нарыққа өтпелі кезеңде аймақты басқару субьектісі ретінде, екінші жағынан нақтылы елдегі әлеуметтік экономикалық процестер әсерінен біріккен жергілікті қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерінен дамиды. Бұрынғы орын алған мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарының бірқатар кемшіліктері болған. Олардың қатары төмендегідей:
- Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуы, қолда бар өндірістік, экономикалық және интелектуалдық әлеуеттің тиімді пайдалануынқамтамасыз етпеді;
- Нарықтық қатынастарды ендіру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнімді ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуді, кәсіпкерлік пенбәсекені жетілдіруді мүмкін етпеді;
- Басқару органдарының әдістері мен нысандары ескіше болды;
- Салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметі басым болып, кәсіпорындар әрекетіне себепсіз араласу мен олардың шектеу орын алды;
- Елеулі кемшілік болып қабылданған басқарушылық орын алмауы табылды;
Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелері мемлекеттік билік пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын қайта құрудың обьективтілігі қажеттілігін тудырады.
Қазіргі кезедегі мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен қызметі 1999 жылғы 13 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзіретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы Президент жарлығына сәйкес жүргізіледі. Аталған құжат мемлекеттік басқару жүйесіне елеулі өзгеріс әкелген 1997 жылдың 4 наурызында жарық көрген, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесін реформалаудың кезекті шаралары атты Президент жарлығының жалғасы болып табылады. 1999 жылғы жарлыққа сәйкес мемлекеттік органдар құрылымы келесідей:
- Қазақстан Республикасы экономика министрлігі;
- ҚР-ның көлік және коммуникация министрлігі;
- ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі
- ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігі;
- ҚР білім және ғылым министрлігі;
- ҚР табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігі;
- ҚР стратегия жөніндегі агенттігі;
- ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағынбизнесті қолдау жөніндегі агенттік;
Үкімет құрамына кірмейтін бірқатар басқа да комитеттер мен комиссиялар.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын әрі қарай жетілдіру экономика мен шаруашылық тетіктерін нақтылы мақсатты дамуымен тығыз байланысты. Басқару құрылымы әрі қарай жетілдірудегі негізгі талаптар болып мыналар табылады:
- ұйымдастырушылық құрылым басқарудың негізгі заңдылықтарына, дәл кезіндегі мақсаттарға сәйкес болуы керек;
- ұйымдастырушылық құрылымның жақсаруы, тетігінің өзгеруімен қатар іске асырылуы керек;
- Бұрын өзін өзі ақтаған басқарудың ұймдастыру және әдістерді жалғастырып пайдалану.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы серпіндікпен сипатталатын және обьектінің жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастырушылық мәселелері өтпелі кезеңнің әр сатысында зерттеліп отыруы қажет. Ол мәселелер мынандай топтарға жинақталады:
- Басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың , яғни басқарудың иерархиясының барлық сатысында оныңфункцияларын, құқықтарын және жауапкершілік қызметтерін анықтапайыру. Сонымен қатар негізгі топтағы кәсіпорындар, фирмалардыңшаруашылық дербестігін елеулі көтеру;
- Республикалық, аймақтық және бағдарламалық деңгейде жалпыміндеттерді шешуде басқару органдарының үйлестігі мен әрекеттестігі;
- Еңбекті ұйымдастырудың пайдалы нысандарын, шешім қабылдаудыңәдістерін және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, басқаруаппаратының жұмысын тиімді етіп құру.
Осы аталған мәселелер кешені аппаратты құруды жан жақты қамтиды. Осының өзі ұйымдастырушылық жүйелердің талдау обьетісі болып табылады.
1. 2 ҚР -дағы аймақтық және жергілікті басқарудың
ерекшеліктері .
Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдарының рөлі арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүниежүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынандай көптеген жағдайлар әсер етеді:
- Өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым рөл атқаруы;
- Аймақтардың өзара байланыстары едәуір ұлғаюы;
- Еңбек ресурстары жылжымалылығының күшейе түсуі;
- Аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделенетүсуі;
- Территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі менхалықаралык маңызының артуы үдейеді.
Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден , мемлекет пен аймақтар арасында басқару функцияларын қайта бөлу, қайта қарастыру; екіншіден, мемлекеттік территориялық басқарумен жергілікті өзін-өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді. Бұл жағдай Қазақстанға да тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік құру экономикалык дамыған аймақтарсыз, кеңеитілген әлеуметтік инфрақұрылымсыз мүмкін емес.
Оған көп себептердің бірі- рыноктік факторлардың аймақтық саралануы. Материалдық элементтер, ұйымдык құрылымдар, өндірістің әр түрлі реттеушілері аймақтарда бірдей емес, олар әр түрлі болады. Бұнымен қатар айта кететін бір фактор өндіріс күштерінің аймақтарда әр түрлі орналастырылуы мен дамуы. Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пйдалану жүйесін енгізуде жергілікті органдарының әрекеттілігін арттыру қажет. Республикалық және жергілікті бюджеттердің әрекеттестік тиімділігін қамтамасыз ету келесідей негізгі бағыттарда жүргізілуі керек:
- Аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамасыз ету, соның мүдделі пайдаланылуының бақылау тетіктерін әзірлеу;
- Жергілікті бюджсітерге орталықтандырылған қолдаудын, нысандарын жаңарту, аймақтардың ерекшіліктерін ескере отырып білімге, денсаулық сақтауға, тұрғындарды әлеуметтік қорғауға мүдделі субвенцияларды бөлуді тәжірибеге енгізу;
- Экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен дағдарысқа ұшыраған шағын жәнек орта қалалар, алыстағы селолық аудандардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден, және т. б режимдерден жеңілдіктер енгізу қажет.
Ал ендігі кезекте жергілікті биліктік түрлерін талдайтын болсақ онда жергілікті әкімшілік - территориялық бөліктерде биліктің екі екі түрі қатар жүзеге асуы мүмкін . Бұлар : жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін -өзі басқару. Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды. (Мысалы, ауылдың әкімін аудан әкімі тағайындаса, аудан әкімін тағайындау облыс әкімінің қолында)
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды.
Жергілікті өзін - өзі басқару дегеніміз сол тұрғындардың қалауымен сайланып қойылатын органдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Осы жерде «жергілікті өзін -өзі басқару туралы Европпа Хартиясынан » үзінді келтіре отырып, жоғарыдағы мағананы толықтыра түсейік.
1. Жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай отырып, заң шеңберінің көлемінде мемлекеттік істердің негізгі бөлігін жүзеге асыруды және сол істерді басқарудың нақты мүмкіншілігі мен құқығына ие болуды - жаргілікті өзін - өзі басқару деп түсінеміз.
2. Бұл құқықты жалпыға бірдей, еркін, жасырын және тікелей дауыс беру арқылы сайланған мүшелері бар кеңестер мен жиналыстар жүзеге аырылады . Кеңестер мен жиналыстар олардың алдында есеп беріп отыратын атқарушы органдарды пайдалана алады . Бұл ереже азаматтардың кеңеске тікелей шығуына, референдум жасауына және сол сияқты азаматтардың заңда белгіленген басқа да құқықтарын жүзеге асыруына бөгет бола алмайды.
Европалық жүйе бойынша жергілікті мемлекетті басқару мен жергілікті өзін - өзі басқару аралас жүреді, екеуі бірге отырып, бір жүйені береді. Басқарудың екі түрінің араласуының да түрі нұсқасы бар. Әсіресе жергілікті мемлекеттік басқаруға өзін - өзі басқару жүйесіне байланысты әр түрлі міндет қойылады.
Бірінші - әкімшіліктің жергілікті өзін -өзі басқаруды «қамқорлыққа алуы »
Бұл жағдайда жергілікті өзін -өзі басқару органының шешімі жергілікті мемлекеттік басқару органнының рұқсатын алмайынша күшіне ене алмайды. Қысқасы, сол шешімді жергілікті әкімшілік қолдауы не бекітуі шарт. Оны қолдаудын бас тартудың да екі түрлі жолы бар . Біріншісі - әкімшілік орындары өзін - өзі басқару органнының шешімін заңсыз деп табады, екіншісі - шешімді қажетсіз деп кейін қайтарады . Демек оның «қажетсіз » не «қажеті» екенін халық емес, әкімнің білетін болғаны . Өркениеті елдердің көпшілігінде дәл осындай әкім тарапынан жасалатын «қамқорлық » баяғыда ақ келмеске кеткен.
Екіншісі - әкімшілік тұрғысынан жергілікті өзін -өзі бсқару жүйесін қадағалау .
Бұл - бүгіндері көптеген мемлекеттерде кездесетін, европалық жүйенің ең көп тараған түрі . Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының шешімін мемлекеттің өкілі (әкім) тек сол елдің заңына сәйкестігі тұрғысынан ғана бақылай алады . Әдетте шешімді тексеруге қарсылық болмаса, өзін -өзі басқару органдарының шешімі ол шешімді сот тәртәбімен ғана тоқтата алады. Өз кезегінде жергілікті өзін -өзі басқару да сот арқылы өздерінің шешімдерін қорғап шыға алады. Шешім қабылдауды неғұрлым адамдарға жақындату олардың барлық үдерісте оны орындағанға дейін олар өздері қатысады. Жергілікті өзін-өзі басқару үшін қажетті өкілеттілік және тиісті материалдық-қаржы негізі болған жағдайда аумақтық деңгейде өкімет пен халық мүддесінің өзіндік тепе -теңдігі болады. Әрине, жергілікті өзін-өзі басқару тек белгілі бір аумақта және шектелген өкілеттік шеңберінде жұмыс істейді және ешқашан мемлекеттік басқарудың орнын баса алмайды. Мемлекет көлеміндегі стратегиялық міндеттер жоғары үкіметтік деңгейде анықталады, ал тек аумақ үшін тән тактикалық проблемаларды жергілікті атқарушы өкімет шешеді.
Барлық мемлекеттік басқару жүйесі жұмысының тиімді болуы көбіне жергілікті өзін-өзі басқарудың айқын жолға қойылған қызметіне байланысты, ол адамдарға олардың өмірлік маңызды проблемаларын шешумен жақын тұрады. Бізде озат немесе кейде баспасөз беттерінде оқығанда «өркениетті» елдердің тәжірибесіне сілтеме жасауға дағдыланған, өзіміз олардың бәрінен артта қалғандай және өз еліміздің беделін жұрт алдында кемітеміз.
Біздің елде жергілікті өзін-өзі басқару дәстүрі әрқашанда болған, ол жергілікті түрде тиімді жұмыс істеді деп айтуға болады, өйткені халықтың мүддесін ескеріп отырды, тапқыр адамдардың бастамасын қолдады, кедей және бейшара жол шетінде қалдырылмады, олардың әрқайсысына әліне қарап жұмыстапты.
Ең алдында, жергілікті өзін-өзі басқару Концепциясын, жергілікті атқару өкіметімен тиімді жұмыс істеу және өзара әрекетінің принциптерін жасап, олардың өкілеттіктері мен басымдылықтарын нақтылап көрсету қажет. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қоғамдық өмірдегі орнын, мемлекеттік жүйеден ерекшелігін және басқа ғылымдармен байланысты көрсету мақсатында төмендегі схеманы ұсынамыз .
Ал жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады;
- аумақты дамыту жоспарларын, экономикасын жергілікті атқарушы органдардың және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті басшыларын қызметке тағайындау бюджетті әзірлеу және қызметтен босату, жергілікті қамтамасыз ету
- Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу.
- Комуналдық меншікті басқару
1995 жылы қабылданған Қазақстан конституциясында жергілікті өзін -өзі басқару жүйесіне қатысты бап бар және сол баптың төрт пункті осы мәселенің негізгі бағытын белгілейді.
1 . Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрған халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін -өзі басқару танылады.
2. Жергілікті өзін -өзі басқару тұрғын халық тікелей сайлау жолмен, сондай ақ халық топтары жинақты тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті өзін -өзі басқару органдары арқылы жүзеге асады .
3 . Жергілікті өзін -өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді
4 . Жергілікті өзін -өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.
Мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен шығармашылық іскерлігі есептеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz